Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 16:11, курсовая работа
Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.
Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.
КІРІСПЕ .....3
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........6
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................6
1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары ....15
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.......................................................................................................................18
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..25
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..31
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі..................................................................................................................31
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................36
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..42
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................43
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................50
Дегенмен, мүндай жағдайлар өте сирек кездеседі және әркашан да дау туғызады. Бұған байланысты дауларды сот шешеді.
Шарттардың жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Шарттардың жарамды болу жағдайларына жататындар: мазмұны заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдіруінің сәйкестігі, нысанын сақтау. Шарт шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс; яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған шарт жарамсыз болып табылады.
Шарт ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілеттілігі болғандықтан шарт жасауға қабілетті деп саналады.
Шарттың жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіру бір бірімен сәйкес келуі керек. Олардың арасындағы сәйкессіздік шартты жарамсыз етіп көрсетеді.
Шарт оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер тугызады, сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі көрінеді. Мәселен, оған шартты нотариалдық куәландыру мен тіркеуді айтуға болады.
Сонымен, шарттың жарамдылығын қамтамасыз ету үшін оның еріктілігіне, субъектісіне, объектісіие нысанына қойылатын талаптар сақталуы тиіс.
Азаматтар мен заңды
тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген.
Азаматтық Кодексте, заң құжаттарында
немесе өз еркімен қабылданған
Шарт еркіндігі туралы норма 8- баптың азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережесіне негізделген.
Шарт еркіндігі Азаматтық Кодексте бекімін тапқан кәсіпкерлік кызмет еркіндігімен және түтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіндігі құқығымен үйлестікте болады.
380- баптың ережесі мүлде
жаңа, себебі жоспарлы-бөлу
Қазір шарт жасасуға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болады.
Міндетті түрде шарт жасасу туралы ережелер Азаматтық Кодекстің арнайы бабында жинақталган.
Сатып алу - сату шартын жасасу міндетті жекешелендіру туралы жарлықтың 14- бабының 6- тармағында және Мемлекеттік мүлікті сатып алу туралы Заңының 23-бабында бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті сатушы мен мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт жасасуға міндетті.
Шарт жасасу міндеті
еркімен қабылданған
306-баптың 1-тармағына сәйкес,
кепіл ұстаушыға оның
Шарт еркіндігі принципі тараптардың зандарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады.
Азаматтық Кодексінің Ерекше бөлімі баптарының басым көпшілігі заңнамада көзделген шарттарға арналған. Айта кететін бір жағдай 380 баптың екінші тармағында әңгіме заң актілері жайында емес, заңнама жайында сондықтан шарттың жаңа түрлерін Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулылары және ондай құқық берілген мемлекеттік органдар белгілей алады. Ондай шарттардың мысалы ретінде толлинг операцияларын жүргізу туралы шартты алуға болады.
Шарт еркіндігі азаматтық
Бұл арада шарттас серіктестің де осындай құқықтары болатынын ескеру керек. Сондықтан ерікті түрде және өзара қабылданған келісім ғана шынайы азаматтық - құқыктық шарт ретінде танылуы мүмкін. Шарт жасаса отырып, оған қатысушылар өздеріне қабыл алған шектеулерді шарттың еркіндігі принципімен шатастыруға болмайды. Өзіне - өзі қоятын мұндай шектеулер міндетті болып шығады және олардан біржақты бас тартуга болмайды. Шарттар орындалуға тиісті.
Шарт еркіндігінің заң жүзінде тыйым салу немесе құқықтық нормалардың императивтік ұйғарымы түріндегі тағы бір шекарасы болады.
Шарттың қатысушысын іріктеп алу немесе конкурстық тәртіппен шарттың жағдайларын анықтау жөніндегі заң талаптары да шарттың еркіндігіне ықпал етеді. Бұл тәртіп көп ретте тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе мемлекет мүдделері үшін орындаушыны іріктеуде қолданылады. Мұндай жағдайларда конкурстық шарттарға сәйкес оның жеңімпаздарымен шарт жасалады.
Шарттың объектілері болып азаматтық айналымда еркін жүретін, егер арнайы мемлекеттік органның рұқсаты бар болса айналымы шектелген объектілер бола алады.
Шарттың объектілерінің негізгілерінің бірі - мүлік.
Материалдық заттарда мүліктің немесе мүліктік игіліктің қасиеті -бұл оларға табиғаттан емес, қоғамдық қатынастардан берілген қоғамдық, заңдық қасиет. Құқықытық субъектінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыра алатын және азаматтық құқықты реттейтін қатынастар саласына тартылатын материалдық заттар мен өзге де құндылықтарды ғана мүлік деп түсіну керек. Табиғат ресурстары болып табылатын табиғат объектілері ғана, яғни адам әрекетінің объектілері болатындықтан , зандарда меншік объектілері ретінде танылатын себепті мүліктік игіліктерге жатады.
Шарттың объектілеріне қатысты мүліктің мынандай түрлерін атап көрсетуге болады:
Осы аталған мүліктік объектілермен қоса сыйға тарту шартының объектісі болып мүліктік құқықты екінші тарапқа беру, борышты кешіру табылады.
Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер адамның мақсатты іс-әрекетінің элементтері, олар өзінше материалдық игіліктер болып табылады. Олардың айырмашылықтары мынада: жұмыстар, жұмыс процесінің өзінен бөлінетін материалдық нәтиже береді. (мысалы, мердігерлік шарт негізінде жұмыс жүргізу нәтижесінде құрылыс жүргізіледі.)
Қызмет көреетудің қызмет көрсету жөніндегі іс-қимылдан басқа пайдалы нәтижесі болмайды. Мысалы; тасымалдау шарты бойынша жүкті тиісті жерге жеткізу.
Объектісі қызмет көрсету болып табылатын шарттың мына түрін де атап өтуге болады. Ол - өтемелі қызмет көрсету шарты. Бұл шарттың объектісі - қызмет көрсету нәтижесіндегі пайдалы әсер.
Қызмет көрсетуді мынандай топтарға бөлуге болады:
Айналымда еркін жүретін объектілер. Оны иеліктен шығару, белгіленген тәртіппен бір субъектіден екінші субъектіге тұрақты немесе уакытша пайдалануға ауысуы деп түсіндіріледі. Мүліктік объектілердің айналымы - бұл нарықтық экономиканың қажетті жағы ретіндегі тауарлардың экономикалық айналымының заңдылық нысаны.
Иеліктен еркін шығарылатын немесе әмбебап құқық мирасқорлық тәртібімен бір адамнан екінші адамға ауыса алатын мүліктер — азаматтық айналымда еркін жүретін объектілер деп аталады.
Азаматтық айналымы шектелген объектілер, біріншіден, айналымның белгілі бір мүшелеріне ғана тиесілі болады және екіншіден, оларды сатып алуға және иеліктен шығаруға құзыретті мемлекеттік органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) ғана жол жол беріледі. Оларға мыналар жатады: қару-жарақтар, оқ-дәрілер, құрамында радиоактивті заттар кездесетін өнімдер, аңшылық және спорттык ату қарулары тағы да басқалар. Сонымен қатар шарттьщ объектілерінде мүліктің жылжымайтын және жылжитын түрлері кездеседі. Жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көп жылдық желектер секілді және оларды мақсатына сай келмейтін шығын келтірместен , тұрған орнынан ауыстыру мүмкін болмайтын мүліктер жылжымайтын болып келеді. Кәсіпорын жылжымайтын мүлікке жатады. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері , ішкі суларда жүзетін кемелер , өзен-теңіз жүзу кемелері , ғарыштық объектілер жылжымайтын мүлікке теңестіріледі.
Жылжымайтын мүлікке қатысты барлық мәмілелер , соның ішінде шарттар жазбаша, кейде нотариалдық түрде жасалады. Мысалы, лизинг шарты, егер объектісіне арнайы құқықіық реттеу режимі қолданылса, онда ол тиісті органда тіркелуі тиіс және шарт жазбаша түрде жасалып, нотариатпен куәландырылады.
Мемлекеттік тіркеу дегеніміз — бұл тіркеулі органның жылжымайтын және оларға теңестірілген мүлікке құқық пен ауыртпалықтың есебін алу рәсімі . Мемлекеттік тіркеуді қажет ететін мүліктерге арнайы режим қолданылады.
Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар жылжымалы мүлік деп танылады.
Азаматтық құқықтық шарттың объектілеріне тоқтала отырып, міндетті түрде мына жағдайды ескерген жөн. Тек қана мүлікті жалдау шарттың ғана объектісі айналымнан алынып тасталған объект бола алады. Бұл жерде, осы шартта айналымда еркін жүретін және айналымы шектелген, тұтынылмайтын объектілердің де болатындыгын айта кеткен жөн.
Айналымнан алынып тасталған мүлік
дегеніміз мүліктердің
Мүлікті жалдау шартының айналымнан алыншып тасталған объектілері жөнінде Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 541-
бабының 2-тармағында былай делінген: «Егер Заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану кұқығы және басқа да заттық құқықтар мүлік жалдау объектісі болуы мүмкін.» ал, осы баптың 4-тармагында: «Заң актілерінде тұрғын үй — жайларды, жер учаскелерін, жер қойнауы учаскелерін және басқа да окшауланған табиғи объектілерді,соның ішінде , концессиялық келісімдер негізінде, сондай-ақ өзге де жағдайларда мүліктік жалдауға беру ерекшеліктері белгіленуі мүмкін» делінген.
Шарттың мүліктік объектілерінің бірі болып табылатын ақпаратқа мысал хелтіретін болсақ, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша бір тарап-лицензиар өзінің кешендік құқыгын, яғни Ноу-хау ашылмаған ақпаратты екінші тарапқа оның кәсіпкерлік қызметінде пайдалануға рұқсат етеді. Бұл жерде шарттың жасалуына ықпал етіп отырған объект - Ноу-хау, яғни ашылмаған ақпарат.
Сонымен қорыта келгенде, азаматтык - құқықтық шарт неге байланысты пайда болып жасалса, сол азаматтық - құқықтық шарттың объектісі болып табылады.
Азаматтық -құқықтық шарттың субъектісі болып кез келген азаматтық -құқық субъектілері қатысады. Атап айтқанда:
1. Заңды тұлғалар - шартқа олардың әрекет және құқық қабілеттіліктері бар болса ғана қатысады.
Занды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі ол мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады. Қандай түрге жататынына қарамастан заңды түлға міндетті түрде тіркелуге тиіс. Оларды тіркеу тәртібі Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережеде белгіленген.
Әділет органдары жүзеге асыратын мемлекеттік тіркеу субъектілерге занды тұлға мәртебесін беру әдісі болып табылады. Әділет органдары беретін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік субъектінің заңды тұлға кұқықтарын иеленуінің ресми дәлелі болады. Тіркеуден өтпеген заңды тұлғаның , оның филиалының немесе өкілдігінің қызмет жүргізуіне, соның ішінде шарт жасауға қатысуына тыйым салынады.
Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік саласындағы құқықтык қабілеттілігі белгілі бір қызмет түрін лицензиялау жүйесімен шектелуі мүмкін.
Кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін жүзеге асырудың міндетті шарты -лицензия, яғни құзыретті мемлекеттік органның арнайы рұқсатын алу- лицензиялауды қажет ететін әрекеттерді лицензиясыз жасау құқық бұзушылық болып табылады. Лицензия берілген мерзім аяқталса , лицензия мерзімінен бұрын қайтарып алынса , тұлғалардың кызметі доғарылса немесе жарамсыз деп танылса , мұндай занды түлғалар азаматтық — қүқықтық шарттың субъектісі бола алмайды.
Ұйымдардың, кәсіпорындардың жетекшілері жарғы негізінде шартқа сенімхатсыз қатыса алады. Ал, жетекшілердің орынбасарлары,
вице - президенттері, филиал жетекшілері тек ресми түрде бекітілген сенімхат негізінде әрекет етеді.
Кәсіпорынды жалдау шартының субьектілік құрамы тек занды түлғалардан тұрады.
Жеке тұлғалар әрекетке қабілетті болса шартқа өздері қатысады, ал әрекет қабілеттіліктері шектелген болса, шартқа олардың заңды өкілдері қатысады.
«Жеке тұлға» жалпы ұғымы
Қазақстан Республикасының