Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 12:57, реферат
Рим құқығының кодификациясы. Гай, Папиниан, Ульпиан мен тағы басқалар Рим құқығына бағасыз мұра қалдырған. Тарихта көптеген заңдар, сенатусконсульттер, басқа деректер сақталған. Заңдарды алдымен заңгерлердің өздері жинай бастады. Сондай жинақтарға Кодекс деген атау берілген. Соdех деген латынша бірнеше жазылған тақтайды байлап жинағаны дейді. Ең бірінші кодекстерде Грегориан мен Гермогениан (295-300 ж.ж). Грегориан Адриан императорлардың конституцияларынан бастап 19 кітап шығарды. Ал, Гермогениан Адрианнан бастап Константин императорға дейін 120 конституцияларды жинап 69 жинақ қылып жазып қалдырған.
1. Рим құқығының кодификациясы. Гай, Папиниан, Ульпиан мен тағы басқалар Рим құқығына бағасыз мұра қалдырған. Тарихта көптеген заңдар, сенатусконсульттер, басқа деректер сақталған. Заңдарды алдымен заңгерлердің өздері жинай бастады. Сондай жинақтарға Кодекс деген атау берілген. Соdех деген латынша бірнеше жазылған тақтайды байлап жинағаны дейді. Ең бірінші кодекстерде Грегориан мен Гермогениан (295-300 ж.ж). Грегориан Адриан императорлардың конституцияларынан бастап 19 кітап шығарды. Ал, Гермогениан Адрианнан бастап Константин императорға дейін 120 конституцияларды жинап 69 жинақ қылып жазып қалдырған.
Бесінші ғасырда Византияның императоры Феодисий II императорлардың ішінде ең бірінші болып, заңгерлерге тапсырма беріп, 19 заң туралы кітап шығарған. Оларға Константиннен бастап сол Феодосий II дейінгі барлық конституциялар кірген. Осы кодексті Феодосий Батыс империясының императоры Валентиан ІІІ-ге жіберген. Сол кодекс V ғасыр тағы және бірнеше ғасыр Еуропада ең толық жинақ болған. Германия, Франция және басқа Еуропа мемлекеттері осы кодексті соттарда пайдаланған. V- VІІ ғасырларда Еуропада осы кодекске салыстырма түрде бірнеше жеке жинақтар шықты. Олар: Lex Romana Wisigoratorom, Lex Romana Burgundionum, Fragmentae Vaticana, Collatio legum Romanorum et Mosaisarum. Соңғысының бір қызығы бар. Бұл жинақта сол кездегі заңгерлер Рим заңдарын Мұса пайғамбардың заңдарымен салыстырған.
Ал, ең толық, кең тараған, осы заманға дейін сақталған кодекс тағы да Константинопольде (Ыстамбул) шыққан. 528 жылы Юстиниан деген өте ғылымды, тарихта аса белгілі Византияның императоры кодексті жинау үшін ерекше конституция шығарған. Сол императордың шешімі бойынша бірнеше заңгерлер, олардың ішінде Трибониан (император кеңесінің бастығы), Феофил мен Дорофей (академияның профессорлары) бес жыл бойы көп жұмыс жасап, осы Кодексті құрастырып, 534 жылы жинап бітірген. Кодекске Юстинианның есімі берілген (Codex Iustinianus). Бұл жинақ төрт бөлімге бөлінген. Біріншісін Институциялар (Institutiones) деген. Оның ішінде Гайдың институциялары мен тағы басқа оқулықтар жиналған. Оқырмандарға көмек үшін институцияларға (I) белгісін берген.
Екінші бөлімі Дигестер немесе Пандектер деп аталған (Digesta, Pаndecta) - D белгісімен тіркелді. Дигестердің ішінде баяғы Павел, Ульпиан, Папианин, Модестин, тағы басқа заңгерлердің шығармалары жинақталған.
Үшіншісі, сол жинақ сияқты Кодекс деп аталған. (Codex; С - белгісі). Бұл бұрынғы императорлар конституцияларының жинағы (Юстинианға дейін).
Ал, ең соңғысы, төртіншісі Новеллалар (Novellаe, N — белгісі) деп аталған. Бұған Юстинианның өз аузынан (қолынан) шыққан конституциялар кірген.
Сонымен, Юстинианның Кодексі ең толық және ең кең тараған Рим құқығы заңдарының жинағы болып шықты. Одан кейін орта ғасырларда осы жинақ Corpus juris сіvilis атымен өз өмірін бастады.
2. Легисакциялық үрдісте тараптар сот магистратына келіп дау затын құрайтын затты өздерімен бірге алып келген. Талапкер затты қолында ұстап тұрып жауапкерден зат менікі екенін мойындайсыңба деп сұраған, егер жауапкер үндемесе келіссе, талап мойындалған болып танылған. Іс осымен аяқталып талапкер өз затын алып кететін болған. Егер жауапкер дауласып келіспеген болса: әр тарап өзінің айтқанын дәлелдеуі қажет болған, әр қайсысы өз куәларын шақырып, олардан куә болуды өтінген. Осыдан кейін істің қаралуының екінші кезеңі басталған. Екінші кезеңде екі жақтын келісімі бойынша магистратпен тағайындалған судья дәлелдемелерді тексеріп іс бойынша шешім шығарған.
Формулярдық үрдіс – ол азаматтық үрдістің қарапайым түрі. Ол алдымен перегрин преторының тәжірибесінде пайда болған. Претор талапкер мен жауапкердің айтқандарын тыңдап шығып, формула құрастырып, оны жауапкер арқылы судьяға табыс еткен. Формулада претор судьядан талапты қанағаттандыруды немесе қанағаттандырмауды талап еткен.
Экстраординарлық үрдіс – ол азаматтық істерді қарап шешудің ерекше тәртібі. Экстраординарлық үрдісте сот қызметін әкімшілік органдар атқаратын болған. Рим мен Константинопольда – калалық полиция басшысы, ал провинцияларда – провинция басшысы. Экстраординарлық үрдісте апелляциялық шағым түсіруге рұқсат етілген. Экстраординарлық үрдісте сот шешімдері талаптың өтініші бойынша мемлекеттік билік органдарымен атқарылатын болған.
Талап ол классикалық рим құқығында сот үрдісін өткізу арқылы талап қойған тұлғаның пайдасына шешім шығаруға әкелдіретін құралы. Талап түрлері: заттық талап және жеке талап.
Интердикт (тиым салу) – қоғамдық тәртіпті немесе азаматтардың мүдделерін тоқтату туралы претордың үкімі.
Реституция – ол бастапқы жағдайларға шегеру туралы шығарылған пертордың үкімі. Ол істің мән жайлары алдын ала қаралып болғаннан кейін шығарылатын болған.
3.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Сәрсен Аманжолов атындағы
Шығыс
Қазақстан Мемлекеттік
Тақырыбы: «Римдағы құлдардың құқықтық жағдайы»
Рим құқығы пәні бойынша
Орындаған: Е.Т. Рысжанова
Тексерген: З.Ч. Буканова
Өскемен, 2012 ж.
Римдағы құлдардың құқықтық жағдайы.
Тарих бойынша Рим империя болып көп елдерді бастырып, соғысқа қатысқан әскерлерді тұтқынға алып, оларды құлдыққа айналдырған. Құл иелену Рим мемлекетінің экономикасының негізі болатын. Алдымен құлдар (servi) адамдардың арасында есептелген жоқ. Малмен бірге зат (res) сияқты саналған. Сондықтан құлдардың ешбір құқықтық жағдайы болмаған (Бұны баяғы Петелийдің заңы бекіткен). Одан әрі заттарды айтқанда аспаптардың арасында үш түрін айырған: Сөзсіз аспатттар, маңырауған аспаптар (мал), сөйлейтін аспаптар (құлдар). Құлды сатуға, айырбастауға, ұруға, өлтіруге де болатын.
Құлдар Рим мемлекетінің экономикалық негізі болатын. Нағыз ақсүйектер (патрицийлер, одан кейін плейбейдер де) ешбір жүмыс істеген жоқ. Күллі кәсіптер құлдардың міндеттерінде болатын. Әр ие құлдар осыған үндемей жүрген жоқ. Тарих бойынша Римда бірнеше құлдардың көтерілістері болған. Бара-бара римдықтар бірте-бірте құлдарға ерік беріп тұрған. Кейбір құқықтар құлдарға да берілетін болды. Алдымен, әрине, бұл коммерцияның құқықтары болатын. Бұған бір себеп болатын. Римдықтар өздері жұмыс істемей, өзінің шаруашылықтарын реттеуге, меңгеруге беретін. Реттеушілер немесе басқарушылар да ең сенімді құлдардан шығатын. Мәселен, Рим азаматы құлға басқару үшін жер немесе мал берсе сол жердегі малды peculiuium деп атаған. Peculium - pec (мал) сөзден шықты. Сонымен peculiuium малдық дейтін, бірақ бұл ұғым малдан жерге де таралған. Құл пекулийі емені ерушісі болса оған, әрине бірнеше сатып алу, сатып беру құқықтары керек еді. Сол үшін ондай құқықтар құлдарға да берілетін. Бірақ сатып aлғaн мүлігі құлдың иесіне тиетін. Осындай сатып алу, сатып беру келісімдерде құл иесіне пайда шығарса ол әрине иесінің мүлігіне қосылатын. Ал құл осындай келісімдермен зиян шығарса, оның жазасы құлдың мойнына ілінетін. Пекулийді Рим азаматы өзінің бағынышты ұлдарға беретін. Сонымен ең сенімді құлдар пекулий бойынша иесіне көп пайда жасаса, иесі сол құлды өзіне жақындатқан. Бара-бара сондай құлдарды иесі босатуға да болатын. Құлдарды бостандыққа жіберу тек бірнеше заңды тәсілдер бойынша болатын:
1) сот бойынша
2) өсиет бойынша
3) цензге (тізіміге) қосып
4) тағы басқа.
Заңды тәсілдер тағы бір неше заңға сәйкес емес тәсілдер осындай:
1) Иесі құлды бостандыққа шығару туралы өзінің жолдастарына тура айтса
2) Құлғa apналған хатпен жазса
3) Құлды өзінің дастарының біріне отырғызса
4) Тағы басқалар
Бостандыққа шыққан құлды Libertini делінген (Liberti бостандық деген сөзден).
Заң бойынша либерин ерікті азаматтармен бірге есептелген. Бірақ «құл» деген таңбасы өмір бойы либертини мойында тұрған.
Бұрынғы құлдың иесі patronum патрон делінген. Либертин өзінің патронына өмір бойы құрмет келтіруге міндеттелген. Бостандыққа шыққанда либертин ерекше ант беретін. Сол ант бойынша либертин патронға бөтен талап беруге болмайтын. Ешбір жаман сөз, жаман ой patronға тигізбейтін. Ал либеріин patronғa бір арамдық жасаса құқық бойынша сол либертинді құлдыққа айналдыратын мүмкіндік болған.
Әрине, бұрынғы құл
еріктерге азаматшаларға
Қолданылған әдебиеттер:
1) Рим жеке
құқығы – оқулық ред.
2) Рим құқығы – Омельченко О.А. Оқулық кітап М., 2001
3) Рим құқығы – Пухан И., Поленак-Акимовская. Оқулық кітап. Л., 2001
4) Рим жеке құқығы – Черниловский З.М. Оқулық кітап. М., 1998, 1999, 2001
5) Рим құқығының негізі – Скрипилев С.А. Оқулық. М., 2001
4. Агнаттық туысқандық Туысқан адамдардың құқықтық қатынастарын біз туысқандық дейміз. Қазіргі заманда туысқандықтың бір ғана түрі бар деп есептейміз. Ал ежелгі Римда туысқандықтың екі түрі болатын. Оларды агнаттық және когнаттық туысқандықтар деп атайды. Агнаттық туысқандық рим фамилиядағы құқықтық жағдайда шықты, сол жағдай бойынша фамилияның үйінің ішінде тұрған жұрт бәрі де агнат туысқандар деп есептеген. Туған балалары келіндерімен, күшік күйеулерімен бірге одан әрі басқа отбасынан келген осы үйде тұратын кісілер paterfamiliasқа агнаттар болып есептелген, ал осы үйден бір қыз тұрмысқа шықса, ол агнаттық туысқандықтан айырылатын, өйткені сол қыз өз әкесінің билігінен шығып, басқа үйдің иесінің қол астына баратын. Одан әрі кейбір ұлдарды басқа paterfamilias заң бойынша асырап алса, сондай ұлдар, туған әкесіне емес, асырап алған үй иесіне агнат туысы болып шығатын. Мұрагерлік құқық бойынша, қайтыс болған кісінің мүлігі, алдымен агнат туысқандар арасында таратылатын. Содан соң күйеуге шыққан қыздар және басқа біреу асырап алған ұлдар, күшік күйеулер өз әкесінің мұрасына тек қана екінші кезекпен қатынасатын.
Ал когнаттық туысқандық дегеніміз – бұл кәдімгі қан бойынша туысқандық болатын. Ежелгі рим фамилиясы агнат отбасы болатын, бірақ та бірте-бірте Paterfamilias билігінің күші әлсіреп қалып, ал үйдің мүшелерінің құқықтық жағдайының күші артқан.
Содан соң бірте-бірте агнаттық туысқандықтың орнына когнаттық туысқандық келген. Мүлік қатынастары мұрагерлік құқығы агнат туысқандық бойынша емес, алдымен когнаттық қан бойынша, туысқандықпен жүргізілді. Ендігі мәселе үйден шыққан Paterfamiliasтың ұлы асырап алған үйде тұрған ұлынан әкесінің мұрасына алдымен шығатын.
Рим азаматтарының құқығы, jus conubii – неке құқығы.
Ежелгі Римда заң бойынша, неке деген екі түрлі болатын, некенің ең бірінші түрі.
Cum manu mariti некесі болған. Ол қол астында деген ұғым. Бұны бағынышты неке деуге де болады. Cum manu неке жағдайы бойынша әйел еріне тұтасымен бағынышты болатын. Оларда үйдің ішінде де, сыртында да құқықтары болған жоқ. Ежелгі заманда римдықтар әйелдерді мал сияқты сатып алатын. Сондықтан олардың жағдайы түсінікті болатын. Бірте-бірте тарих бойынша әйелдердің құқықтық жағдайы түзеле бастады. Кейбір құқықтарға, әсіресе, jus kommersii бойынша сатып алуға, сатып беруге тұрмыстағы әйелдерге рұқсатталған. Бірақта сатып алатын, сатып беретін мүлігі аса қымбат болса, ондай мүлік келісімдері тек қана күйеуі арқылы бекітілетін. Бай болған рим азаматтары өзінің қыздарын да қымбат санайтын. Оларды әкелері еркелетіп, бірнеше мүліктің бөлігін беретін. Содан соң байлардың арасында қыздарды мал сияқты сатып алуға бірте-бірте ыңғайсыз болатын. Бай патрицилер некелікке сатып алатын тәсіл орнына салтанатты ырымды кіргізген. Сондай ырым римдықтардың әдет-ғұрпына кірген әдет бойынша, енді неке салтанатыны кейіннен шіркеуде оң айғақпен және бірнеше абыздармен өткізілетін, енді қызбен бірге paterfamiliasқа жасау берілетін. Бірақ осы жасау үйдің иесінің мүлігіне қосылатын. Күйеуге шыққан әйел күйеуімен айырылысса осы жасау үйдің иесінің, яғни, paterfamiliasта қалатын. Тұрмыста сол әйел бір нәрсе не зат сатып алса, сатып алған мүлігі үйдің қазынасында қалатын. Бірте-бірте римда да әйелдер өзінің құқығына ие болайық деп, ақырын күйеулердің құқықтарын тарта бастады. Тарта бастаған соң, ең біріншіден, некенің екінші түрін шығарды.
Некенің екінші түрі – sine manu некесі бұл қол астындағы емес деген ұғым. Ол бойынша, әйелдердің құқықтары, ер кісінің құқықтарындай болатын. Sine manu некеге шыққан әйелдер өзінің құқықтық жағдайын сақтап persona sui juris болып қалатын. Жасау мен бірге келген мүлігі өзінің қолында қалатын. Бұл мүлігіне ие болып, оны сатуға, ал қалған ақшаға өзіне керек нәрсе сатып алатын құқығы болатын. Күйеуі оған бірдеңе сыйласа, мал болса да, жер болса да, оның сыйлығы зайыбының мүлігіне қосылатын. Әйелдер де осы мүлікті күйеудің меңгеруіне беретін құқығы да болатын. Жоғарыда айтқандай cum manu неке жағдайы бойынша, күйеуі әйеліне сыйлық беруге болған жоқ. Сол әйел күйеуімен ажырасса sine manu құқығы бойынша, өзнің мүлігін өзіне қалдыратын. Sine manu бойынша бұрынғы күйеуі айырылған әйелінің мүлігіне өз еркімен өз мүлігінің бөлігін қосып беретін. Бұл некенің түрінде бір жеке жағдай болатын. Осындай некеде әйел күйеуімен бір жылдан аса тұрса сол әйел тағы да күйеуінің билігіне кіреді. Содан соң заң бойынша осы некені әйел бір жылға дейін тоспай, күйеуінен айырылысып, тағы қосылатын. Бұл жағдай әйелдерге өзнің құқығынан айырылмауы үшін берілген. Некенің екі түрі болса да, ең кең тараған неке жағдайы cum manu болған. Cum manu және sine manu неке түрлері заңды түрлері болатын одан басқа заңсыз құқық бойынша саналмайтын некенің тағы бір түрі Concubinatum болған заңсыз некесі. Concubina деген римдағы некесіз тұратын әйелді қалай айтсақ та, бұл әйелдер зайып деп аталмаған. Заң бойынша рим азаматына бір ғана әйелді жұбайы деп ұстауға болатын. Ал concubuka дегендері қанша болса да ұстауға болатын, тек қана ақшасы жетсе, өйткені оларды да асырауға міндет болатын. Осындай некелеу заңды неке болмаса, ердің және әйелдің ешбір өзара құқықтарда міндеттері де болған жоқ.