ҚР президентінің жыл сайынғы жолдауындағы денсаулық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2015 в 15:59, творческая работа

Краткое описание

Қр президентінің жолдаулары. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа Мүмкіндіктері.

Содержание

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫ
 Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
2.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2008 жылғы ақпан
3. ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
4. ҚР президентіңің 2011 жылғы жолдауы
5. «Қазақстан-2050» стратегиясықалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Прикрепленные файлы: 1 файл

Презентация Microsoft Office PowerPoint.pptx

— 545.74 Кб (Скачать документ)

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚР   ПРЕЗИДЕНТІНІҢ   ЖЫЛ  САЙЫНҒЫ   ЖОЛДАУЫНДАҒЫ  ДЕНСАУЛЫҚ  

 

Орындаған:Тұрсынбекова.Ж.Ш

Тексерген:Орманова.А.М

Факультет:ЖМ

Тобы;12-026-01

    • 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫ
    •  Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА  ЖОЛДАУЫ

 

    • 2.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2008 жылғы ақпан

 

    • 3. ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

 

    • 4. ҚР президентіңің 2011 жылғы жолдауы

 

    • 5. «Қазақстан-2050» стратегиясы  
      қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

 

 

 

 

Жоспары:

Қр президентінің жолдаулары

    • Бүгінгі күні біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы заманғы Қазақстаназаматтарының талаптарына қазірше сай емес. Бұл — денсаулық сақтау саласының басты мәселесі. Қазіргі кезде қолымыздағы инфрақұрылым да, медициналық қызметтің сапасы да әрі қызмет көрсетуді ұйымдастыру деңгейі де көңілден шықпайды.
    • Бірінші. Үкімет денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет.
    • Биыл біз республикалық маңызы бар 9 денсаулық сақтау нысанының, жергілікті маңызы бар 112 нысанның құрылысын қолға алдық.
    • Екінші. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алудың арзанға түсетінін есепке ала отырып, басымдықты аурудың алдын алуға, яғни ең озық әдістерді енгізу арқылы алдын ала диагностика жүргізу, ауруды анықтау мен емдеу сияқты қолданыстағы бағдарламаларды қайта саралауға бағыттаған жөн.
    • Денсаулық сақтау саласындағы қаржы ресурстарын тиімді пайдалану үшін тиісті талдау жүргізіп, медициналық қызметтің нақты құнын бағалау керек.
    • Үшінші. Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктеріне бірлесе отырыпауруханалардың медициналық қызметкерлерінің, соның ішінде медицина қызметкерлерін қосымша даярлау мен қайта даяр­лау, оларды сертификаттау мен лицензиялау жолымен біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.

 

 

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2008 жылғы ақпан  

    • Сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарында гранттар мен “Болашақ” бағдарламасы бойынша медициналық мамандықтарға квота санын көбейту қажет.
    • Төртінші. Ерекше назар халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге аударылуы тиіс. Елге әкелінетін медициналық препараттардың сапасына қатаң бақылау орнатып, белсенді түрде отандық фармацевтикалық фабрикаларды құруға қажетті инвестиция тарту қажет.
    • Бесінші. “Дені сау ұлт” үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары. Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек. 
    • Әкімдер жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған және басқа спорт алаңдарын салу мен ескілерін жаңарту арқылы барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бой­ларын сергек ұстауына, сөйтіп, өмір жастарын ұзартуына жағдай жасауы қажет.
    • Министрліктер мен әкімдіктер саламатты өмір салтын кеңінен насихаттаужұмысын жандандыруы қажет. Бұл мемлекеттік маңызды мәселе, сондықтан Үкімет оған барынша ауқымды дәрежеде көңіл бөлуге тиіс.
    • Демографиялық ахуалды түбегейлі жақсарту жөніндегі кешенді шараларды белгілеу қажет. Бұл мәселеге таяу уақыттағы Ұлттық кеңестің мәжілісін арнау керек.
    • Дені сау ұлт – жалпыұлттық міндет. Оны жүзеге асыру мәселесіне отандық бизнес-қауымдастық белсенді қатысуға тиіс.

 

      • Денсаулық сақтау
    •  
    • Халық денсаулығы – ол Қазақ­стан­ның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі.
    •  
    • Бүгін біз медициналық қызметке нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру мен ақы төлеу жүйесін енгізуді дайын­даудамыз. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайларды жасадық.
    •  
    • Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады.
    •  
    • Білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорын­дар­дың қызмет мәселелері жөніндегі республиканың заңнамалық актілеріне түзетулер енгізуді жеделдету қажет.
    •  
    • Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкерші­лігі қағидаты – міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.
    •  

 

 

  
 
ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ  

 

    •  Денсаулық сақтау
    • Осы жылдар бойына біз қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту үшін қажет нәрсенің бәрін жасадық.
    • Денсаулық сақтауды қаржыландыру 2002 жылғы ІЖӨ-нің 1,9 пайызынан 2010 жылы 3,2 пайызына дейін ұлғайды
    • Бүгінде бүкіл ел көлемінде тұңғыш рет медицинаның ең бір күрделі бағыттары бойынша операциялар жасалуда.
    • Жетекші шетелдік клиникалармен байланысы бар 150 телемедицина орталықтары құрылды.
    • Осыдан жиырма жыл бұрын бізге ол тек арман ғана болатын.

 

 

ҚР президентіңің 2011 жылғы жолдауы

    • Жүргізілген жұмыс нәтижесі ретінде бала туудың 25 пайызға көбейгенін, адам өлімінің 11 пайызға төмендеп, халықтың табиғи өсімінің 1,7 есе артқанын атап өтуге болады.
    • 2013 жылы Біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу аяқталады.
    • Біз аурудың алдын алуға шындап кірісіп, бастапқы медициналық-санитарлық жәрдемнің сапасын арттыруымыз керек.
    • Халықаралық бағалаулар бойынша, негізгі науқастар түрлерімен ауыратын тұрғындардың 5 пайыздайы денсаулық сақтаудың барлық қызметтерінің 70 пайыздайын ғана пайдаланады.
    • Профилактикалық жұмыстарды сауатты ұйымдастырған жағдайда ерте сатыда-ақ аурулардың алдын алуға болады.
    • Сондықтан Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағдайын бақылаудың ұлттық бағдарламалары кешенін енгізу қажет.
    • Бірінші кезекте, олар балалар, жасөспірімдер, бала туу жасындағы әйелдер.
    • Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге айрықша назар аудару қажет.

 

    • Өткен жылы жаңа әлеуметтік жоба – мамандандырылған емдеу-диагностикалық екі «Денсаулық» пойызы жұмысын бастады.
    • Олар еліміздің ең шалғай түкпірлерінде ондаған мың адамдардың денсаулықтарын тексеріп, ем жасады.
    • Қазақстан үшін көліктік медицина өте көкейкесті, сондықтан біз оны дамытатын боламыз.
    • Биылғы жылы тағы бір пойыз жіберілетін болады.
    • Жұмылғыш медициналық кешендер-автоклиникалар санын 50 бірлікке дейін жеткізу қажет.
    • Оларды шығару Қазақстанда жүзеге асырылуға тиіс.
    • Үкіметке 2015 жылға дейін санитарлық авиация мұқтажы үшін кемінде 16 тікұшақ ұйымдастыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.
    • Сол сияқты жол бойындағы медициналық-құтқару пункттерін құру мәселесін жеделдете қарастыруды да тапсырамын. Оларды республикалық маңыздағы жолдардың апаттық қауіпті учаскелерінде орналастыру қажет.
    • Төтенше медициналық жәрдем қызметі көп салалы жұмылғыш және аэрожұмылғыш госпитальдармен жарақтандырылуы тиіс.
    • Бұл шаралардың біздің мыңдаған азаматтарымыздың өмірін құтқарып қалатынына сенімім мол.
    • Қылмыстық-атқару жүйесіндегі туберкулез бен ВИЧ аурулары және одан болатын өлім деңгейін төмендетуге мұқият назар аудару қажет.
    • Осы міндеттерді орындау нәтижесінде 2015 жылға қарай қазақстандықтардың өмір жасының күтілетін ұзақтығы 70 жасқа дейін, ал 2020 жылға қарай 72 жасқа дейін ұлғаятын болады.
    • Саламатты өмір салтын насихаттап, барлық жерде салынған спорт базаларын пайдалану керек.
    • 2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емханалар салынатын болады.

 

    • Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі
    • Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақмерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерініңматериалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз.
    • Негізгі басымдықтар:
    •  Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету.
    •  Аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету.
    •  Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою.  
    •  «Смарт-медицина», қашықтан профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу. Медицина қызметтерінің бұл жаңа түрлері біздікі сияқты аумағы үлкен, кең байтақ елде ерекше сұранысқа ие.  
    •  Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет. Барлық 16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызметтің барлық спектрімен қамту қажет деп ойлаймын. Оны ең төменгі өмір стандарттарына заңнамалық тұрғыданбекіту қажет. Бұл қадам ұлт денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды үлес болады. 
    •  Медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту. Медициналық жоғары оқу орындары жүйесі мамандандырылған орта деңгейдегі білім беру мекемелері желісі арқылы нығайтылуы тиіс.

 

 

  
«Қазақстан-2050» стратегиясы  
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты  

    • Күнделікті тәжірибе оқу процесімен барынша ықпалдастырылуы тиіс. 
    •  Медициналық жоғары оқу орындары жұмысының тәжірибелік ғылыми-зерттеушілік бөлігіне басты маңыз беру. Адамзаттың жаңа білімдері мен технологиялық жетістіктерін шоғырландыратын жоғары оқу орындары болуы тиіс. Мысал ретінде, ірі және тиімділігі жоғары медициналық орталықтар болып саналатын АҚШ-тағы университеттік госпитальдерді келтіруге болады. Бұл бағытта да мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту керек.
    •  Жеке медицинаның дамуына жағдай жасау. Барлық дамыған әлемде медициналық қызметтердің айтарлықтай бөлігін жеке сектор көрсетеді. Біз жеке ауруханалар мен емханаларға тезірек көшуге жағдай туғызуға тиіспіз.
    •  Заңнамалық деңгейде медициналық жоғары оқу орындары мен мекемелердің халықаралық аккредитациясын өткізуді бекіту.

 

    • Қазірге дейін ауылдағы медициналық қызметтердің сапасы жөнінде көп сын айтылады. Ал ауыл тұрғындары бізде бүкіл халықтың 43%-ын құрайды.
    • Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл жұмысты келесі жылы-ақ бастау керек.

 


Информация о работе ҚР президентінің жыл сайынғы жолдауындағы денсаулық