Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 15:24, реферат
Осы жекелеген отбасы заңнамасындағы әр түрлі жағдайда екі мемлекеттің азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық сұрақтарды шешу үлкен маңызға ие болып табылады. Батыс мемлекеттерінде отбасы құқығы қатынастарындағы коллизиялық нормалар алуандылыққа ие болып табылады. Некелік құқық қабілеттілік, яғни некеге түру жасы, некеге тұруға кедергілердің болмауы — мұның барлығы түрлі мемлекеттерде ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке заңдарымен анықталады. Некені тоқтатқан кезде түрлі азаматтыққа ие ерлі-зайыптылар арасында бірқатар мемлекеттерде ер адамның азаматтық заңы қолданылады.
КІРІСПЕ
Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормалар қатарына “Балалар құқықтарын қорғау және халықаралық бала(қыз) асырап алу туралы” 1993 жылғы 29 мамырдағы халықаралық Конвенция, “Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация”, “Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды қорғау туралы” Халықаралық пакт, “Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек” туралы 1993 жылғы 1 қаңтардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған “Шет елден алимент өндіріп алу туралы” 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, “Балаларды қорғау және шет елдегі бала (кыз) асырап алу қатынастары жөніндегі қызметтестік туралы” 1993 жылғы Конвенция, “Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы” 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы “Азаматтық және саяси құқықтар туралы” пактінің факультативті протоколы, “Бала құқығы туралы” 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылғы “Балалар құқығы туралы” Конвенциясы, “Балаларды халықаралық ұрлау және азаматтық туралы” Конвенциялар жатады. Қазақстан осындай көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.
Біздің заңнаманың осы неке және отбасы қатынастарына байланысты қандай ережелерді қолданатындығына назар аударусақ. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтарға ие екендігін алға тартқан жөн. Бірқатар мемлекетгердің отбасы құқығына ер адамның басшылығы тән болып табылады. Көптеген мемлекеттерде осы күнге дейін отбасындағы әйел мен ер адамның теңсіз құқықтық жағдайлары орын алып келе жатыр.
Осы жекелеген отбасы заңнамасындағы әр түрлі жағдайда екі мемлекеттің азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық сұрақтарды шешу үлкен маңызға ие болып табылады. Батыс мемлекеттерінде отбасы құқығы қатынастарындағы коллизиялық нормалар алуандылыққа ие болып табылады. Некелік құқық қабілеттілік, яғни некеге түру жасы, некеге тұруға кедергілердің болмауы — мұның барлығы түрлі мемлекеттерде ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке заңдарымен анықталады. Некені тоқтатқан кезде түрлі азаматтыққа ие ерлі-зайыптылар арасында бірқатар мемлекеттерде ер адамның азаматтық заңы қолданылады.
Бір мемлекетте сол елдің заңының талаптарын сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, басқа мемлекеттерде танылмауы да мүмкін, бұны халықаралық жеке құқықта «ақсаңдаған неке» («хромающие браки») деп те атайды. Некедегі ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары бірқатар мемлекеттерде ер адамның жеке заңымен анықталады.
Отбасылық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқытық көмек.
Қазакстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке катынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың баска да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы катынастарын зертгейтін құкық саласы болып табалады.
Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке катынастарын реттейтін нормалар қатарына Балалар құкықтарын қорғау және халықаралық бала(қыз) асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы халықаралық Конвенция, Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құкықтарды қорғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық және кылмыстық істер бойынша кұқық-тықкатынастар және кұқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 кантардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоксанда ратификацияланған Шет елден алимент өндіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркұйектегі Конвенция, Балаларды қорғау және жет елдегі бала (қыз) асырап алу қатынастары жөніндегі кызметтестік туралы 1993 жылғы Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы пактінің факультативті протоколы, Бала құқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылш балалар құқығы туралы Конвенциясы, балаларды халықаралық ұрлау және азаматтық туралы Конвенциялар жатады. Казакстан осыңдай көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.
Отбасы — қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және корғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар кояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін занда көзделген шарттарды сақтау кажет. Отбасы құқығы бойынша неке — бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке катынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен, занда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одак.
Отбасы кұқығының материалдық-құкықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылықпен козге түседі, ал бұл өз кезегінде бұл саладағы шетел қатысуымен болған кұқықтық қатынастарда коллизиялардын пайда болуына алып келеді. Экономикалық кұрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы катынастарын реттеуге, сонымен қатар, ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр эсер етеді.
Отбасы және неке мәселесі коллизиялық сауалдардың ішіңдегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некелеріндегі жастарының айырмашылығы, яғни әрекет кабілеттігі, сонымен катар, некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.
Халықаралық жеке құқықта неке және отбасы катынастарына тоқталып, неке және отбасы қатынастарындағы коллизиялық сұрақтарға жауап беріп, некеге отыру, некені токтатудың ерекшеліктеріне назар аударамыз.
Неке — бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын шарт, осы ерлі зайыптылардың арасындағы катынас, олардың бір жағы шетелдің қатысуымен болады, осы ерекшеліктері зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.
Сонымен қатар, отбасындағы бала кұқықтары, оларды асырап алу мен корғаншылық, камқоршылық институттарының халықаралық жеке құқықтың деңгейінде ерекшеліктері бар.
Коллизиялық сұрактарды шешуден бұрын біздің заңнаманың осы неке және отбасы қатынастарына байланысты кандай ережелерді колданатыңдығына назар аудару қажет. Біріншіден, Казакстан Республикасының Конституциясына сәйкес ер адамдар мен әйелдердің тең құкықтарға ие екендігін алға тартқан жон. Отбасылық катынастар үшін ерлі-зайыптылардың отбасындағы сұрақтарды шешудегі тең құкықтық жағдайда болуы үлкен маңызға ие болып табылады және бұл отбасындағы бала тәрбиесіне де қатысты болып келеді. Біздің отбасы және неке құқығы саласындағы заңнама бала мен ананы жан-жакты қорғауға бағытталғандығын айту керек. Отбасылық қатынастарда тегіне, әлеуметтік, мұліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге козқарасына байланысты кез келген озге жағдаяттар бойынша кемсітушілікке жол берілмейді.
Бірқатар мемлекеттердің отбасы құқығына ер адамның басшылыгы тән болып табылады; көптеген мемлекеттерде осы кұнге дейін отбасындағы әйел мен ер адамның теңсіз құқықтық жағдайлары орын алып келе жатыр. Бұл мемлекеттердің отбасылық зандарында неке шарты деген түсінік бар, бұл жерде некеге тұрғанша неке шарты бекітіліп, ер адамның әйел адамның мүлкіне деген құқықтарын анықтайды.
Көптеген мемлекеттердің заңнамасы бір ғана некенің (моногамия) болуын бекітеді. Бірақ, қазіргі күнге дейін Азия мен Африканың көптеген мемлекеттерінде көп әйел алушылық (полигамия) танылады, некеге тұру кезінде қалындықка ақы төлеу және басқа да архаикалық әдет-ғұрыптар күні бүгінге дейін сақталуда. Бұнын барлығы отбасы құқығындағы әйелге катысты дискриминацияның болуын білдіреді. Бірқатар елдердің заңнамасы мен тәжірибесі нәсілдік кемсітушілікке жол береді; түрлі нәсіл мен дінге кезқарастары бөлек адамдарға некеге отыруға тыйым салынады.
Осы жекелеген отбасы заннамасындағы әр түрлі жагдайда екі мемлекеттін азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық сұрақтарды шешу үлкен манызға ие болып табылады. Батыс мемлекеттерінде отбасы кұқығы катынастарындағы коллизиялық нормалар алуандылықка ие болып табылады. Некелік құкық қабілеттілік, яғни некеге тұру жасы, некеге тұруға кедергілердің болмауы — мұның барлығы түрлі мемлекеттерде ерлі-зайыптылардың өздерінін жеке зандарымен анықталады. Некені токтатқан кезде түрлі азаматтықка ие ерлі-зайыптылар арасында біркатар мемлекеттерде ер адамның азаматтық заңы қолданылады.
Бір мемлекетте сол елдің заңының талаптарын сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, басқа мемлекеттерде танылмауы да мүмкін, бұны халықаралық жеке құқықта «ақсандаған неке» («хромающие браки») дел те атайды.
Некедегі ерлі-зайыптылардың мүліктік катынастары бірқатар мемлекеттерде ер адамның жеке заңымен анықталады.
Біркатар мемлекеттерде түрлі коллизиялық мәселелер шешіледі. Венгрияның халықаралық жеке құқық туралы Заңының 30-параграфына сәйкес некенің жарамдылығынын материалдық-құқықтық шарттары некеге тұрушылардың «ортақ жеке зандарымен» анықталады. Егер де бұл тұлғалардың жеке зандары түрліше болып келсе, онда некенін жарамдылығы сол екі тараптың да жеке зандарымен жарамды деп танылса (эзара түсіністік негізінде), жарамды болып баға беріледі.
Венгрияда некенің нысанына некеге отыру жерінің кұқығы қолданылады. ҚХР-да Қытай азаматы шетел азаматымен некеге тұратын болса, онда некеге отыру жер заны колданылады, ал некені тоқтату кезінде — некені токтату туралы мәселені шешетін орган — сот елінін құқығы колданылады (Кытай Азаматтық құқығынын жалпы ережелерінің 147-бабы).
Венгрия мен Румынияда некені токтату туралы сауалды шешу кезінде негізгі кағиданың бірі болып, ерлі-зайыптылардың зандары танылады.
Некеге отыру және некені бұзу мәселесіне тоқталсақ, некені занды түрде ресімдеу дегеніміз халықаралық жеке кұқықтағы отбасы жэне неке катынастары туралы заңнамалар мен Кдзакетанның заңнамаларына сэйкес азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенін ғана құкықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы зандарының негіздерінін бірі. Бұл мән-жайдың халықаралық жеке құқықтағы неке жэне неке катынастарын реттейтін заңнамаларда да ерекше маңызы бар. Ерлі-зайыптылардың зандық кұқықтары мен міндеттері неке АХАЖ-да тіркелген кейін ғана ерлі-зайыптыларды қорғау туралы міндеттеме алады, оларды ерлі-зайыптылар ретінде ресми таниды, сондай-ак бұл отбасыға камкорлық көрсетеді.
Халықаралық жеке құқықтағы отбасы жэне неке катынастарын реттейтін жалпыға танымал заннама талаптарын негізге ала отырып, отбасы-қоғамнын ең басты ұясы болғандықтан, мемлекет оған ерекше камқорлықпен карайтынын, қолда бар мүмкіндіктеріне карай кемектесетінін, кімде-кімнің болса зансыз араласуына тыйым сала отырып, корғайтынын, ол үшін некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет некеге, отбасына камқорлық жасау туралы өзіне міндеттеме кабылдайтынын білдік. Мұндай талаптар кездейсок емес, олар азаматтардың кемелденуінен сондай-ак қоғамның өнегелі отбасы — игілік негізі мүдделерінен туындайды. Сондықтан халықаралық жеке құқықтағы отбасы жэне неке қатынастарын реттейтін зандар бойынша отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сактау керек.
1. Казахстан Республикасында Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы. Қазіргі заман жагдайында, халықаралық қатынас пен әріптестіктің дамуы кезінде қазакстандық азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуі көптеп орын алып отыр. Мұндай некені бекіту, өз кезегінде балалар мен олардың ата-аналарының түрлі азаматтықта болу жағдайларын көбейтеді.
Қазақстан Республикасында қазакстандық азамат пен шетел азаматының некесі, сонымен катар шетелдіктердің де некесі бекітіле береді. Біздің заңнама, өз азаматтарымыздың баска шетел мемлекетінің азаматымен некелесуге тыйым салып, ол үшін рұқсат сұрауды талап етпейді.
Біздің азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуі, сонымен қатар шетел азаматтарының өздерінің арасында некелерін бекітуі Қазақстан Республикасының заңнамасына бағынады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл салада «некеге отыру жер заңы» немесе «Іех loci celebrationis* деген коллизиялық кағида қолданылады. Неке біздің заңнамада көзделген нысан бойынша жасалады, яғни азаматтық хал актілерін жазу органдарында, осы некені тіркеудің бекітілген ережелерін сақтай отырып тіркеледі. Қазақстан Республикасында некені діни жолмен бекіту қандай да бір құқықтық салдарға жетелемейді, бірақ бұны адамдар өз арасында тануы да мүмкін.
Қазақстан Республикасында некеге тұру туралы келісім некеге тұрушылардың оздерімен жасалуы тиіс болып табылады. Біркатар елдерде (Испания, Перу т.б.) некеге тұрушылар сенімхат беріп, екіл аркылы некеге тұруларына жол беріледі. Біздің заң мұндай окілдік етуге жол бермейді.
Шетеддіктердің де некеге түруларының материалдық шарттары олардың ұлттық заңнамасымен емес, біздің заңнама бойынша анықталады. Мәселен, казақстандық неке және отбасы заңнамасына сәйкес некеге отыру үшін екі жакты келісім, белгілі бір жаска толу және тағы баска талаптар қойылады.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 11-бабында «Егер тұлғалардың бірі басқа некеде тіркелген болса, онда ол жаңа некеге отыра алмайды» делінген, яғни егер шетелдіктің ез заңы коп әйел алушылыққа жол берсе, онда ол біздің республикамызда некеге отыра алмайды.
Информация о работе Отбасылық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқытық көмек