Мұсылман құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 22:25, реферат

Краткое описание

Мемлекеттің құқықтық жүйесінің пайда болуы мен даму тарихына барлық қоғамның рухани мәдениеті: дін, философия, мораль, бейнелеу мәдениеті, ғылым әсер етеді. Мұсылман құқығының қалыптасуында шешуші рөлді дін алды. Мұсылманға қажетті заңдар мен ережелер Мұхаммед пен оның жақтастарымен айтылып кеткен деп есептелінеді. Сондықтан, мемлекет жаңа заңдар шығармай, тек Алла жолын ғана ұстану керек.
Шығыстағы орта ғасырлық өркениеттің ең маңызды құбылысы – мұсылман құқығы (шариғат). Бұл құқықтық жүйе, ең алдымен Араб халифатында пайда болып, кейіннен әлемдік сипат алды. Оның даму тарихы араб мемлекетінің эволюциясымен, VІІ ғ.патриархалдық діни қоғамнан VІІІ-Х ғ.ғ. Омеяд және Аббасид династиясының ірі империясына дейінгі дамуымен тығыз байланысты. Араб халифаты құлағаннан кейін мұсылман құқығы өз маңыздылығын жоғалтпай, ислам дінін қабылдаған Азия және Африка елдеріндегі негізгі құқықтық ережеге айналды.

Содержание

Кіріспе 3

1. Мұсылман құқығы

1.1 Мұсылман құқығы түсінігі, міндеті, мақсаты.

1.2Мұсылман құқығы жүйесінің негізгі ерекшеліктері................................5

2. Мұсылман құқығының бастаулары...........................................9

2.1Құран.........................................................................................................15
2.2Сұнна............................................................................................................15
2.3Иджма........................................................................................................16
2.4Кияс ..........................................................................................................17
2.5Фирман, Канун..........................................................................................17

3. Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар

3.1 Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері 18
3.2 Меншік қатынастарын құқықтық реттеу ... 23
3.3 Қылмыс, жаза, сот ісі 27
3.4 Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығы 28

Қорытынды..........................................................................................................29

Қолданылған әдебиетте 33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мұсылман құқығы.docx

— 60.43 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

 

Кіріспе 3

 

1. Мұсылман құқығы

 

1.1 Мұсылман құқығы түсінігі, міндеті, мақсаты.

 

1.2Мұсылман құқығы жүйесінің негізгі ерекшеліктері................................5

 

2. Мұсылман құқығының бастаулары...........................................9

 

2.1Құран.........................................................................................................15

2.2Сұнна............................................................................................................15

2.3Иджма........................................................................................................16

2.4Кияс ..........................................................................................................17

2.5Фирман, Канун..........................................................................................17

 

3. Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар

 

3.1 Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері 18

3.2 Меншік қатынастарын құқықтық  реттеу ...  23

3.3 Қылмыс, жаза, сот ісі 27

3.4 Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығы 28

 

Қорытынды..........................................................................................................29

 

Қолданылған әдебиетте                                                                                      33

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Мемлекеттің құқықтық жүйесінің  пайда болуы мен даму тарихына барлық қоғамның рухани мәдениеті: дін, философия, мораль, бейнелеу мәдениеті, ғылым әсер етеді. Мұсылман құқығының  қалыптасуында шешуші рөлді дін  алды. Мұсылманға қажетті заңдар мен  ережелер Мұхаммед пен оның жақтастарымен  айтылып кеткен деп есептелінеді. Сондықтан, мемлекет жаңа заңдар шығармай, тек Алла жолын ғана ұстану керек.

Шығыстағы орта ғасырлық өркениеттің  ең маңызды құбылысы – мұсылман құқығы (шариғат). Бұл құқықтық жүйе, ең алдымен Араб халифатында пайда  болып, кейіннен әлемдік сипат алды. Оның даму  тарихы араб мемлекетінің эволюциясымен, VІІ ғ.патриархалдық  діни қоғамнан  VІІІ-Х ғ.ғ. Омеяд  және Аббасид  династиясының ірі  империясына дейінгі дамуымен тығыз  байланысты. Араб халифаты құлағаннан кейін мұсылман құқығы өз маңыздылығын жоғалтпай, ислам дінін қабылдаған Азия және Африка елдеріндегі негізгі  құқықтық ережеге айналды.

Мұсылман құқығы бойына Шығыстың құқықтық мәдениетін, оның ішінде исламға  дейінгі Аравия мен арабтар жаулар алған территориялардағы елдердің құқықтық ережелерін, салт-дәстүрлерін  сіңіріп алды. Омеяд тұсында көп  уақыт бойы сасанидтік Иран, Византия, сонымен қатар Римдік құқық қолданылады. Осының бәрі Шығыс және Батыс өркениетінің байланысын көрсете отырып, шариғатқа  біршама өзгерістер әкелді. Бірақ, шариғаттың өзіне тән ерекшелігін олар айқындаған жоқ. Шариғаттың қалыптасуындағы маңызды  рөлді Мұхаммедтің және алғашқы  төрт халифтің қызметі алады. Олардың  тұсында пайғамбардың іс-әрекеті  мен ой-пікірлерін талдау нәтижесінде  мұсылмандардың қасиетті кітаптары  – Құран мен Сұнна құрастырылды.

Мұсылман құқығының принциптері  бүгінгі саяси өмірде кеңінен  қолданылады. Кейде ислам қағидалары догмаға да айналып кетуі мүмкін. Мұсылман құқығы кеңінен тарап, тұрақтап қалған мұндай елдерге: Марокко, Тунис, Сирия, Мавритания, Иран, Пәкістан, Ирак т. б. жатады.

Қоғамдық өмірдегі жалғыз ғана реттеуші заң ретінде шариғатты  ұзақ мерзімге орнықтыруға бірнеше  себептер ықпал жасады. Шығыс елдеріндегі  әлеуметтік-экономикалық жағдайларға  көптеген ғасырлар бойы ислам діні жетекшілік етті және оның батыс діндерден  елеулі айырмашылығы болды. Феодализм  дәуірінен бері қарай ислам діні мындаған жылдар бойы қоғамдық қозғалысқа мұрындық бодды.

Айтарлықтай маңызды орын алатын жағдайдың бірі - мешіт ұзақ уақыт бойы діни орын ретінде қызмет етті. Онымен қатар шариғаттың тірегін  әрқашанда адатпен байланыстырған жөн, халықтың күнделікті тұтынатын ислам қағидалары діни құқық болып қалыптасқан.

Арабтар жаулап алу кезіңдегі  шариғат шарттары құқық ретінде  Египет, Сирия, Месопотамия, Кавказ бен  Орта Азия елдерінде қабылданған. Адат шариғаттың, шариғат адаттың сақталуына мүмкіндік туғызып отырған.

Бұл жағдай сапасы жағынан  алғанда шариғат қолданыстағы бірден бір заң ретінде мұсылмандардың қоғамдық өмірдегі құқына байсалды түрде  әсер етіп отырды. Ол тіпті капиталистік қарым-қатынас пен тәртіптің орнауына айтулы ықпал етті. Бірақ буржуазиялық қарым-қатынастардың дамуы шариғат  монополиясын бұзды.

Осы күндері мұсылман елдерінің  көпшілігінде мемлекеттік ақсүйектер ұйымдары құрылған, бірақ олар діни соттарды сақтайды. Шариғат сотының  сақталуы дін иелерінің саясатқа, халықтың азаматтық құқығына араласуына кең жол ашты. Бұндай жағдай қоғамдық-философиялык ойдың дамуына, өмірге материалистік  тұрғыдан қарауға кедергі жасады. Көзқарастары демократиялық тұрғыда  қалыптасқан адамдар да дін иелерінің  қудалауына түспес үшін өздерінің пікірлерін ислам діні қағидаларымен тиянақтап  отыруларына тура келді. Ислам мен  шариғат осы күнге дейін Азия мен Африка мемлекеттерінде өзінің үлкен ықпалын жүргізуі, кейбір жағдайларда  елдердің дамуына кері әсерін де тигізді.

1. Мұсылман құқығы.

1.1.Мұсылман құқығы жүйесінің негізгі ерекшеліктері

 

45 афро-азиаттық мемлекеттердің  құқықтық жүйесі (Мароккодан Индонезияға  дейін) мұсылман құқығы жүйесіне  жатады. Ең негізгі мұсылман мемлекеттері  болып 33 ел саналады( Иран, Ауғанстан,  Турция, шығыс араб елдері, оңтүстік  және оңтүстік шығыс Азия және  Африка мемлекеттері және т.б.). Мұнда  80%-тен астам тұрғындар  мұсылмандар болып саналады, ислам  конституцияда мемлекеттік  дін  ретінде жарияланған. 

Мұсылман құқығы – бұл  діни түрде көрсетілген және мұсылман діні – исламға негізделген ережелер жүйесі. Исламның шығуы оны өзінің пайғамбары Мұхамед арқылы Алланың  адамға тарихтың бір айқын кезінде  жеткізуінен шығады. Ол Омеяд кезінде  біраз уақыт сасанидтік Иран, Византия құқығы және сонымен қатар  кейде  рим құқығы қолданылып тұрды. Бұл  көздердің барлығы шариғаттың қалыптасуына аздаған сырттай және көзге түспейтіндей әсер етті, сонысымен шығыс және батыс мәдениетінің байланысын көрсетті. 

Бірақ ақыр аяғында дербес және өзіндік құқықтық жүйе ретіндегі  шариғаттың қайталанбастығын және өзіндік  бейнесін олар анықтамаған. Шариғаттың қалыптасуына Мұхамед пен оның төрт әділ халифтерінің қайраткерлігі ерекше маңызды рөл атқарды, пайғамбардың өсиет, пікірлері мен әрекеттерін  түсіндіру жолымен мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құран мен Сұнна  құрастырылды. Құқықтық реттеу жағын  ғана емес, әлеуметтік өмірдің барлық аумағын қамтиды. Алла құқығы адамға бір рет және мәңгілік берілген, бірақ діни жаңалықтар түсіндіру  мен мәлімдеулерді қажет етеді. Ислам – үш әлемдік діннің ішіндегі ең жасы, бірақ кеңінен тараған. Бұл  дін  мұсылман неге сенуі қажет; шар  немесе шариғат, яғни діндарларға олар не істеп, не істемеуі қажет деген  теологиядан тұрады.

Шариғат орыс тіліне аударғанда “қолдану жолы” дегенді білдіреді  және мұсылман құқығы деп аталатынды құрайды. Бұл құқық мұсылман өзі  міндеттемесін өзі сияқтыларға  және құдайға қатысты бөлмей қалай  ұстауы керектігін көрсетеді. Басқаша  айтқанда, шариғат адамның иелігіндегі  құқық емес, адамға жүктелген міндеттер  идеясына негізделген. Міндеттерін  орындамау күнә болып саналады, сондықтан  мұсылман құқығы ереже бойынша бекітілген жазаларға көп көңіл бөле қоймайды. Ол мұсылмандар арасындағы қарым-қатынасты  ғана реттейді. Исламда мемлекет діннің қызмет етушісі рөлін атқарады. Ислам  өз мәні бойынша иудаизм секілді  – заң діні болып табылады.

Мұсылман құқығының төрт бастауы бар:

1. Алланың соңғы елшісі  Мұхамедке айтқан ережелерінен  тұратын киелі кітап - Құран 

2.Мұхамедтің сөздері мен  істерін талдайтын дәстүрлі ережелер  жиынтығы - Сұнна. 

3. Құран ережелерін талдаған  ұлы мұсылман ғалымдарының пікірлері  – Иджма

4.Мұсылмандардың алғашқы  бастауларында көрсетілмеген өмірлік  құбылыстарын  сәйкесінше талдау  – Қияс.

Мұсылман құқығына тән: институттардың ежелден бері келуі, кездейсоқтық  және жүйенің жоқтығы. Ол мешіт құқығы, дін жолындағы қоғам құқығы. Салт-дәстүр мұсылман құқығына кірмейді және оның бастауы бола алмайды.

Құқықтық қызметте келісімдер жиі қолданылады, ол мұсылман құқығының  ережелеріне бірқатар өзгеріс әкелуі мүмкін, бірақ ол міндетті болып  есептелінбейді. Бұл жүйе оны талқылау болмаған кезде, б.з.д. Х ғ жойылып  кетті.

Мұсылман құқығының негізгі  мазмұны – дін адамының іс -әрекеті  мен ережелерді ұстанбаған кезде  қолданылатын жазалар түрінде болады. Алғашқы кезден-ақ ислам, тек діни салттарды ғана емес, сонымен қатар  әлеуметтік институттарды, меншік түрлерін, құқық ерекшеліктерін, философия, саяси  құрылыс, этика, мораль және әлеуметтік психология ерекшеліктерін де қарастырады, бірақ, бірінші орында рухани өмір болады.

Мұсылман құқығы (шариғат) – Құран және Сұнна негізінде  құрастырылған,  мемлекеттік, мұрагерлік, қылмыстық және  неке-отбасы құқығынан  тұратын діни жинақ. Сонымен, шариғат  – исламның діни –мистикалық ұғымдарымен  тығыз байланысты құқықтық ереже.

Ислам құқықтық ережені Алланың  заңдары мен тәртібінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Осыған сәйкес, бұйрықтар мен тиымдарға да ерекше қасиет беріледі.

Құқықтың Исламмен тығыз  байланысын мұсылманның шариғатта  көрсетілген 5 түрлі іс-әрекетінен көруге болады:

1.Міндетті

2.Кеңес беру

3. Рұқсат етілген

4.Кінә қойылады, бірақ  жаза қолданылмайды

5.Тиым салынған және  жаза қолдану. 

Шариғаттың негізгі бағыты - әр түрлі өмірлік жағдайды діни тұрғыдан бағалау. Сондықтан, шариғаттың негізгі ерекшелігі, ол тек мұсылмандарға  және мұсылмандар қарым-қатынасына ғана байланысты. Шариғат қағидасы үшке бөлінеді: ғибадат (діни салтқа байланысты міндет), муамалят (тек қана заңдық ережелер) және укубат (жазалау жүйесі).

Шариғат ережелері көптүрлі және қатал. Ол адамның қоғаммен, отбасымен  қарым-қатынасын, азаматтық қатынастары, мүліктік дауларды шешу ережелерін қамтиды. Шарғат ережелерін бұзғандарға қатал  жаза қолданылады.

Шариғаттың Европа елдеріндегі  құқықтық ережелерден үлкен айырмашылығы бар. Ол қоғамдық өмір мен мешітті  реттеп қана қоймайды, сонымен қатар  Азия мен Африка елдерінің басым  көпшілігінде орнап, Орталық Азия мен Кавказдың бір бөлігіне, Оңтүстік Шығыс Азия  елдерінің бір қатарына әсерін тигізген ережелер жүйесін құрайды. Бірақ, ислам мен шариғаттың бұлай кең таралуы, оның көп салаларын әр елде әртүрлі өзгеріске түсірді. Сонымен, исламда екі бағыттың, ортодоксальды бағыт – суннизммен қатар, оған қарсы бағыт шиизмнің пайда болуына байланысты шариғатта бөлініс пайда болады.

 

 

2. Мұсылман құқығының бастаулары.

Орта ғасырлардағы шығыс  үшін Араб халифатында пайда болып, ең қолайлы бағытта дамыған құқықтық жүйе - Мұсылман құқығы - Шариғат болып  табылады. Шариғат жолы Орта Азияда, Закавказьеде, Шығыс, Батыс және Солтүстік  Африкада, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс  Азияда қолданыла бастады. Яғни, халифат  жеткен жерге дейінгі аралықты қамтыды.

Мұсылман құқығы дін ретінде  феодалдық қатынастардың дамуына  және нығаюына мүмкіндік туғызды. Мыңдаған жылдар бойғы құқық түрінің тұрақтылығы  феодализм кезеңінде жаңа мазмұнмен  толығып, феодалдардың мүддесін қорғады. Бұл діни тәртіп бодды, ірілі-уақты  шарттарды қоғамдық өмірдің барлық жақтарында жүргізді.

Мұсылман құқығының әдебиеттегі  бағасы әртүрлі сипатта, кейде тіпті  қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қазіргі замандағы мұсылман құқығының  атқаратын маңызын көрсете отырып, француз ғалымы Давид Рене дүниежүзілік құқық жүйесіндегі мұсылман құқығының  орнын анықтап берді. Давид Рене мыналарды бөліп көрсетеді: романдық-германиялық  құқықтың отбасы, ортақ немесе роман-германиялық  отбасы, социалистік құқықтық отбасы жүйесі, діни жүйелер. Діни жүйелер  кезеңінде үшке белінеді: мұсылмандық, иудаизм және индуизм.

Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы, өзінің түбегейлі тұжырымдамасы  және теориялық қайнар көзі арқылы басқа құқықтық, отбасылардан өте  өзгешілігімен көзге түседі. Жеке құқық, отбасылық құқық, мұрагерлік құқық, мұсылмандық құқық нормаларымен қоғамдық қатынаста реттеледі.

Біз осы құқық жүйесінің  феодализм дәуіріндегі жағдайын, құрылу кезеңін әңгіме етеміз. Мұсылман құқық жүйесіндегі құқықтық діни этникалық нормалар, мазмұны жағынан  әртүрлі болғанымен, бір-бірімен  сабақтаса отырып, біртұтас біріккен кешен түзейді.

Мұсылман құқығы мен мемлекеттің  арақатынасының өзіндік ерекшелігі бар. Шариғаттың барлық нормалары Құран  мен суннадан тұрады. Олардың құдайдың құдіретінен тыс болуы және принципті  түрде  қолданылуы мүмкін емес. Алайда, мемлекет дін сенімінің негізі және діни міндеттердің орындалуы, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа нормалар енгізді. Соңғысы құқықтық норма болып қалыптасты.

Формальды құқықтың нұсқаларымен таныса отырып, оның мемлекетпен қатынасына көңіл бөлу керек. Мұсылман мемлекеттерінің  заң шығаратын формальды түпнұсқалары халифаттың алғашқы қалыптасу кезеңдерінде ғана қолданылған (ҮІІ-ҮІІІ ғғ.). Алайда бұл процесті тәмамдау мен мұсылман құқығының одан әрі дамуына тікелей  мемлекеттік пәрмен бола қойған жоқ. Мемлекет құқықтың дамуы процесіне  объективті түрде ықпал ете алмады. Мұсылман құқығының негізгі ерекшелігі - оның доктриналығы, құқықтанушы беделді  оқымыстылардың еңбектері. Санкцияландырылған норма арқылы мемлекет өзінің рөлін  жанамалай ғана орындап отырған. Бұл әрекет мұсылмандар құқығының  доктриналығымен және өнегелілігімен тұжырымдалған. Мұсылман құқығында көпшілік және жеке құқық нормалары әрқашан тәуелсіз болып келді. "Мұсылман ойының бағыты, -деп жазды Р. Шарль, -қатаң тәртіп пен нақтылық жағдайында ешқашан тәуелді болмау".

Информация о работе Мұсылман құқығы