Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 17:29, реферат

Краткое описание

Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау,ақша төлеу, және т,б, сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындаудан талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті.

Содержание

1.Міндеттемелер ұғымы және олардың пайда болу негіздері

2.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету

3.Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық

4.Міндеттемені тоқтату

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтык құқық.doc

— 72.50 Кб (Скачать документ)

 

Жетісу әлеуметтік гуманитарлық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау жұмысы

 

Пәні: Азаматтық құқық

Тақырыбы : Міндеттемелердің орындалуын

қамтамасыз ету

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: 301 топ оқушысы Қаби Ақжол

0201000

Мамандығы «Құқықтану»

Күндізгі бөлім

Тексерген:ЗП кафедрасының оқытушысы

К.О.Рахатова

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған қаласы

Жоспар

 

1.Міндеттемелер ұғымы және олардың  пайда болу негіздері

 

2.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз  ету

 

3.Міндеттеменің бұзылғандығы үшін  жауаптылық

 

4.Міндеттемені тоқтату

 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Міндеттемелер ұғымы  және олардың пайда болу негіздері

 

    Міндеттемеге сәйкес  бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау,ақша төлеу, және т,б, сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындаудан талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті.

    Міндеттемеде оның әр  тарабы – несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде Азаматтық кодекстің белгіленген ережелеріне сәйкес үлестә, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады ( Азаматтық кодекс 286-288-баптары). Борышқор жағынан міндеттемеге қатысушы адамдардың біріне несие беруші қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзімінің өтіп кетуі несие берушінің өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздігінен әсер етпейді. Егер міндеттемеге сәйкес тараптардың әр қайсысы басқа тараптың пайдасына міндет алса,бұл оның пайдасына жасауға міндетті басқа тараптың борышқоры және сонымен бірге талап қоюға құқығы бар оның несие берушісі болып есептеледі. Тараптар ( борышқор мен несие беруші ) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Үшінші жақ ретінде міндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелер немесе озгеде құқыққатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады, Міндеттеме үшінші жақ міндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде міндеттеме үшінші жақтар үшін міндеттеменің бір немесе екі тарапынада қатысты құқықтар туғызуы мүмкін. Міндеттемелер Азаматтық кодекстің 7-бабында көрсетілген шарттан, зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады.

      Міндеттеме –  міндеттеме шарттары мен заң  талаптарына сәйкес тиісінше  орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар  мен талаптар болмаған жағдайда  – іскерлік қызмет өрісіндегі  әдеттегі құқықтарға немесе қойылатын  өзге де талаптарға сәйкес  орындауға тиіс. Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға өзгертуге жол берілмейді. Егер міндеттеме шартында, заңдарда өзгеше белгіленбесе немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса, несие беруші міндеттемені бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы. Егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен озгеше туындамаса, борышқор міндеттемені орындау кезінде несие берушінің өзі немесе бұған ол уәкілдік берген адам орындауға қабылдайтын нәрсені талап етуге құқылы және мұндай талап жасалмауының зардабын тартуға тәуекел етеді. Егер заңдарда немесе шарттарда көзделсе, сол сияқты үшінші жақ тиісті шарт арқылы тараптардың бірімен байланысты болса, міндеттемені орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшінші жаққа өтуі мүмкін. Егер заңдардан, міндеттеме шарттарынан немесе оның мәнінен борышқордың міндеттемені жеке өзі орындау міндеті туындамаса, несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдауға міндетті. Несие берушінің борышқор мүлкінен аұы өндіріп алу салдарынан өзінің бұл мүлікке құқығынан ( иелену, пайдалану, кепілге салу құқығы және басқа құқықтары) айырылу қаупі төнген үшінші жақ несие берушінің талабын борышқордың келісімінсіз өз есебінен қанағаттандыра алады, Бұл ретте міндеттеме бойынша несие берушінің құқығы үшінші жаққа көшеді және  Азаматтық кодекстің талапқа көну туралы ережелері ( А,К 339-347-баптары ) қолданылады.

 

  2.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету

 

Міндеттемені орындау, заңдарда немесе шарттарда көзделген айып төлету, кепіл, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кпілпұл, кепілдік жарна және басқада әдістер арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін. Бағалы қағаздар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметті реттейтін заң актілерінде белгіленеді. Міндеттемені қамтамасыз ету туралы келісімнің жарамсыздығы бұл міндеттеменің (негізгі міндеттеменің) жарамсыздығына әкеліп соқтырмайды. Негізгі міндеттеменің жарамсыздығы оны қамтамасыз ететін міндеттемені жарамсыз етеді. Борышқор міндеттемесін орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу ( айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие беруші оған келтірілген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес. Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша жасалуға тиіс. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырмайды. Несие беруші тараптардың келісімінде айып төлеу туралы міндетті көзделген-көзделмегеніне қарамастан, заңдарда белгіленген айып төлеуді ( заңда айып төлеуді ) талап етуге құқылы.  Егер заңдарда тыйым салынбаса, тараптардың келісімімен заңды айып төлеу мөлешері көбейтілуі мүмкін. Айып төлеу мөлшері нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасында шыққандаіы процентпен белгіленеді. Егер төленуге тиісті айып (айыппұл, өсім) несие берушінің шеккен залалдарымен салыстырғанда тым қөп болса, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін және борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін ескере отырып, айып төлеу мөлшерін ( айыппұлды, өсімді ) азайтуға құқылы. Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор жауапқа таратылатын жағдай болған кезде міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады ( Азаматтық кодекстің 359-бабы ). Міндеттемеге сәйкес несие берушінің (кепіл ұстаушының ) борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан Азаматтық Кодексте белгіленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілердің алдында артықшылықпен қанағаттандыруға құқығы бар міндеттемені атқаруының осындай әдісі кепіл деп танылады. Кепіл ұстаушының кепілге салынған мүлік, кімнің пайдасына сақтандырылғанына қарамастан,моның жоғалғаны немесе бүлінгені үшін егер жоғалу немесе бүліну кепіл ұстаушыжауап беретін себептер болмаса, сақтандыру өтіміне сол бұрынғы негізде қанағаттандыруға құқығы бар. Кәсіпорындар, үйлер, ғимараттар, пәтерлер, жер учаскелеріне және басқа жылжымайтын мүлікке құқықтар (ипотека) кепілі қозғалмайтын мүлік ипотекасы туралы Қазақстан Республикасы Заңмен реттеледі. Ипотека туралы Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше ережелер белгіленбеген реттерде ипотекаға Азаматтық Кодекстегі кепіл туралы жалпы ережелер қолданылады. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, «өзен-теңізде» жүзетін кемелердің кепілі, (кемелер ипотекасы) Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерімен реттеледі. Азаматтық кодекстегі кепіл туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерінде өзге ережелер көзделмеген жағдайда кемелер ипотекасы қолданылады.

    Кепіл шартқа сәйкес  пайда болады. Кепіл заң құжаттарының  негізінде, егер заң құжаттарында  қандай мүлік және қандай міндеттеменің  орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілде жатқан деп танылатыны көзделсе, оларды көрсетілген міндеттемелердің пайда болуы кезінеде туындайды. Азаматтық Кодекстегі шартқа сәйкес пайда болатын кепіл туралы ережелері, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, тиісінше заң құжаттары негізінде пайда болған кепілге сәйкес қолданылады. Кез келген мүлік, оның ішінде айналымнан алынған заттарды (А.К 116 бабының 2-тармағы), кредитордың жеке басымен тығыз байланысты талаптарды, атап айтқанда алименнтер, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды және оларды басқа тұлғаға беру заңнамалықактілермен тыйым салынғанөзге де құқықтарды қоспағанда, заттар және мүліктік құқықтар( талаптар) кепіл мәні болуы мүмкін. Кепіл құқығы келешекте кепілге берушінің меншігіне немесе шаруашылық жүргізуіне түсетін мүлікке шарт бойынша қолданылуы мүмкін. Өндіріп алуға жол берілмейтін мүліктің жекелеген түрлерін, атап айтқанда, азаматтардың мүлкін кепілге қоюға заңнамалық актілермен тыйым салынуы немесе шектелуі мүмкін. Егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, кепіл талапты оның нақты қанағаттандырылатын кезіндегі көлемді сыйақыны (мүддені) қоса алғанда, орындау мерзімін өткізіп алу арқылы келтірілген шығындардың өтелуін, айып (айыппұл, өсім) салуды, кепілге салынған мүлікті ұстау жөнінідегі қажетті шығындарды, сондай-ақ өндіріп алу жөніндегі шығындарды өтеуді қамтамасыз етеді. Егер тараптар мұндай талаптарды кепіл арқылы қамтамасыз етумөлшері туралы уағдаласқан жағдайда кепіл болашақта пайда болатын тараптарға қатысты белгіленуі мүмкін. Ипотека – кепілге салынған мүлік салушының үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануда қалатын кепіл түрі. Кәсіпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлі үйдегі пәтерлер, көлік құралдары, ғарыш обьектілері ипотекасы осындай обьектілерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарда тәркелуге тиіс.

 

3.Міндеттеменің бұзылғандығы  үшін жауаптылық

 

Міндеттемені орындамау, не тиісті дәрежеде орындамау(мезгілінде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды орындамау, міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау) тиісінше орындамау оның бұзылуы деп түсініледі. Тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда борышқор бұл туралы несие берушіге дереу хабарлау керек. Мінднттемені бұзғандық үшін борышқорды жауапқа тарту несие берушінің талап етуі бойынша жүргізізледі. Міндеттемені бұзған борышқор несие берушіге оның бұзылуынан туындаған залалдын орнын толтырып беруге міндетті (АК 9-бабының 4-тармағы). Айып тқлеумен қамтамасыз етілген міндеттемедегі залалдын орнын толтыру АК 351-бабындағы көзделген ережелермен белгіленеді.Міндеттеменің бұзылуынан туындаған залалдын орнын толтырудан борышқорды босату жөніндегі тараптардың міндеттеме бұзылғанға дейін қабылдаған келісімі жарамсыз болады, алайда тараптар өзара келісім бойынша мүліктегі нақты келтірілген зиянды ғана өндіріп алуды көздеуі мүмкін. Егер заңдарда немесе шарттарда өзгеше көзделмесе, залалды анықтаған кезде, міндеттеме орындалуға тиғстғ жерде, борышқор несие берушінің талабын өз ықтиярымен қанағаттандырған күні, ал егер талап ерікті түрде қанағаттандырылмаса, талап арыз берілген күні қолданылған бағаны назарға ала келіп, залалдын орнын толтыру туралы талапты қанағаттандыра алады. Айырылып қалған пайданың мөлшерін анықтаған кезде оны алу үшін несие беруші алдын ала қолданылған шаралар және осы мақсатта жасалған дайындықтар ескеріледі. Егер мұның өзі міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершіліктен жалтару мақсатымен жасалғанын анықталса, несие беруші борышқордың, сондай-ақ оның мүлік иесінің кез келген іс әрекетін жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы. Егер міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісті дәрежеде орындалмағаны үшін айып төлеу белгіленсе, залалдар айып төлеумен жабылмаған бөлігінде өтеледі. Заңдарда немесе шарттарда залалдарды емес айып төлеуді өндіріп алуға жол берілетін залал толық сомада айып төлеуден тыс өндіріп алынуы мүмкін несие берушінің таңдауы боцынша айып, не шығын өндіріп алынуы мүмкін болатын жағдайлар көзделуі мүмкін. Міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісті дәрежеде орындалмағаны үшін жауаптылық белгіленген жағдайларда айып төлеу арқылы жабылмаған бөлігінде, не одан тыс, не оның орнына өтелуге жататын залал осындай шектелумен белгіленген шекке дейін өндіріп алынуы мүмкін. Міндеттеменің бұзылуына келтірілген моральдық нұқсан АК 350-бабында көзделген залалдардан тыс өтеледі. Ақша міндеттемесін орындамау салдарынан біреудің ақшасын заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзімі өткізіп жібергені, не оларды негізсіз алғаны немесе басқа адамның есебіне сақтағаны үшін тұрақсыздық айыпақы төленуге тиіс. Айыпақының мөлщері ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындаған күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қуыным жасалған немесе шешім шығарылған немесе іс жүзінде төленген күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негізге ала отырып, несие берушінің талабын қанағаттандыра алады. Басқаның ақшасын пайдаланғаны үшін айыпақы, егер заңдарда немесе шартта айыпақы сомаларын есептеудің өзге тәртібі белгіленбесе, бұл ақшаның сомасы несие берушіге төленген күнге дейін өндіріп алынады. Егер несие берушінің ақшасын заңсыз пайдаланудан оған келтірген залал АК 353-бабының 1- тармағының негізінде оған тиесілі айыпақының сомасынан асып кетсе, ол борышқордан осы сомадан асатын бөлікте өтеуге талап етуге құқылы. Міндеттеме тиісті дәрежеде орындалмаған жағдайда айып төлеу және залалдарды өтеу, егер заң құжатарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды міндетемені орындаудан босатпайды. Міндеттеме орындалмаған жағдайда залады өтеу және орындамағаны үшін айып төлеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордыміндеттемені заттай орындаудан босатады. Мерзімі өтіп кеткендіктен өзі үшін енді керегі болмай қалған міндеттеменің орындалуынан несие берушінің бас тартуы, сондай-ақ бас тарту төлемі ретінде белгіленген ақшалай соманы төлеу борышқорды міндеттемені заттац орындаудан босатады. Белгілі бір затты меншікке, шаруашылық жүргізуге жедел басқаруға немесе несие берушінң пайдалануына жеке беру міндеттемесін орындамаған жағдайдағ, бқл затқа үшініші жақтың артықшылық құқығы болмасағ несие беруші борышқордан алып қоюды және несие берушіге беруге талап етуге құқылы. Затты беру борышқорды залалдың орнын толтырудан босатпайды. Борышқор затты жасап, несие берушіге беру немесе оған белгілі бір жұмыс жасап беру немесе қызмет көрсету міндеттесін орындамаған жағдайда заңдардан, шарттан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамайтындықтан, несие беруші міндеттемені орындауды үшініш адамдарға ақылға қонымды бағаға ақылға қонымды мерзімде тапсыруға немесе оны өз күшімен  орындауға және шыққан қажетті шығындар  мен басқа залалдарды өтеуді борышқордан талап етуге құқылы. Заңдарға немесе міндеттеменің шарттарына сәйкес негізгі борышқор болып табылатын(субсидиялық жауапкершілік) басқа адамның жауапкершілігіне қосмша жауапты болатын адамға талап қосымша жауапты болатын адамға талап қойғанға дейін кепіл беруші талапты негізгі борышқорға қоюға тиіс. Егер негізгі борышқор несие берушінің талабын қанағаттандырудан бас тартса, не оны толық орындамаса немесе несие беруші одан қойылған талапқа ақылға қонымды мерзімде жауап алмаса, бұл талаптың орындалмаған бөлігі субсидиялық жауапкершілігі бар адамға қойылуы мүмкін. Егер талап негіз борышқорға қарсы қойыдған талапқа жатқызу арқылы қанағаттандыруы мүмкін болсағ несие несие беруші өзінің негізгі борышқорға қоятын талабын субсидиялық жауапкершілігі бар адамның қанағаттандыруын талап етуге құқылы емес. Субсидиялық жауапкершілігі бар адам оған несие беруші қойған талапты қанағаттандыруға дейін бұл туралы негізгі борышқорға ескертуге, ал егер мұндай адамның үстінінен талап арыз түссе, негізгі борышқорды іске қатыстыруға тиіс. Олай болмаған жағдайда негізгі борышқордың несие берушіге қарсы айтайн деген қарсылықтарын субсидиялық жауапкершілігі бар адам регресстік талабына қоюға құқылы. Міндеттеменің кейбір түрлері бойынща және қызметтің белгілі бір түрлеріне байланысты міндеттемелер бойынша заң құжаттары залады толық өтеу құқығын шектей алады. Егер міндеттемелердің осы түрі немесе осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мөлшері  заңдармен белгіленген болса, қосылу шарты бойынша немесе тұтынущы ретіндегі азамат несие беруші болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершілік мөлшерін шектеу жөніндегі келісім жарамсыз болады.

 

4.Міндеттемені тоқтату

 

Міндеттеме орындалса, талаптан бас тарту төлемі төленсе, борышты есепке жазқызылса, жаңғыртылса, борышты кешіру арқыылы борышқор мен несие беруші бір тқлға болса, орындауға мүмкіндік болса, заңды тұлға таратылса, толық немесе ішінара тоқтатылады. Міндеттемені тараптардың біреуінің талабы бойынша тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана жол беріледі. Заңдар мен шартта міндеттемені тоқтатудың басқа да негіздері көзделуі мүмкін. Міндеттеме тиісті дәрежеде орындалғанда тоқтатылады. Тараптардың келісімі бойынша міндеттеме орындалудан бас тарту төлемін беру (ақша төлеу, мүлік беру, және т.б.) арқылы тоқтатылуы мүмкін. Бас тарту төлемінің мөлшерін, мерзімдерін тәртібін тараптар белгілейді. Міндетеме мерзімі жеткен, не мерзімі көрсетілмеген немесе мерзімі талап ету кезімен белгіленген тоқтатылады. Есепке жатқызуға бір тараптың өтініші жеткілікті.

 Мына талаптар;

  1. егер тараптардың бірінің өтініші бойынша талапқа заңды заңды талап мерзімін қолдануға болса және ол мерзім өтіп кетсе;
  2. азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу;
  3. алимент өндіріп алу туралы;
  4. өмір бойы асырау туралы;

4-1) егер кредитордың талабы талап ету құқығын басқаға беру шартынан туындайтын болса, лицениядан айырлған не консервациялау немесе тарату процесінде тұрған банкке қойылатын талаптарды;

  1. заңдарда немесе шартта көзделген басқа да жағдайларды есепке жатқызуға жол берілмейді;

Талап өзгег өткен жағдайда борышқор жаға несие берушінің талабына қарсы өзінің бастапқы несие берушіге кері талабын есепке жатқызуға құқылы. Егер талап борышқор талап етуді беру туралы хабарды алған кездегі негізден туындаса және талап мерзімі оны алғанға дейін туса, не ол мерзім көрсетілмесе немесе талап ету кезімен белгіленбессе, ол есепке жатқызылады. Міндеттеме борышқор мен несие беруші бір тұлға болуы себепті тоқтатылады. Міндеттеме тарапттардың арасында болған бастапқы міндеттемені ауыстыру туралы келісіммен сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанасын немесе әдісін көздейтін басқа міндеттемеден (жаңғыртылуға байланысты) тоқтатылады. Азаматтың өмірі немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі және алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерге қатыстырылуға жол берілмейді. Жаңғыртылу, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, бастапқы міндеттемеге байланысты қосымша міндеттемелерді тоқтатады. Несие беруші борышқорды мойнына алған міндеттерден босатқанда, егер бұл несие берушінің мүлкіне қатысты басқа адамдардың құқықтарын бұзбайтын болса, мінднттеме тоқтатылады. Егер мүмкіндіктің болмауы борышқор жауап бермейтін жағдайлардан туындаса, орындауға мүмкіндік болмағандықтан міндеттеме тоқтатылады. Бұл ереженің күші ақшалай міндеттемелерге қолданылмайды. Тараптың өзі де екінші тарапта міндеттемені орындауға жауап бермейтін мән-жайдан тараптміндеттемені орындай алмайтын ретте, егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, бір тараптың екінші тараптан міндеттемені орындауға талап етуге құқығы жоқ. Бұл орайда әр бір міндеттемені орындағаны үшін қайтарып алуға құқылы. Борышқор несие берушінің әрекеттері кінәсінен міндеттемені орындауға мүмкіндік болмаған джағдайда несие берушінің одан міндеттеме бойынша атқарғанын талап етуге құқығы жоқ. Егер жергілікті өкілді және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдар құжат (жария құжат) шыгаруы салдарынан міндеттемені толық немесе ішінара тоқтатады. Осының салдарынан залал шеккен тараптар олардың орнын толық талап етуге міндетті. Міндеттеменің тоқтатылуына негіз болған жария құжат белгіленген тәртіп бойынша жарамсыз деп танылған жағдайда, егер тараптардың келісімімен немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамайтын болса және міндеттеменің орындалуына несие берушінің мүделігі жоғалмаса, міндеттеме қайтадан қалпына келтіріледі. Егер міндеттемені орындау борышқордың жеке өзінің қатысуынсыз жүргізілмейтін болса не міндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланыста болады, несие берушінің қайтыс болуымен міндеттеме тоқтатылады. Тараылған заңды тұлғаның міндеттемесін орындау заңдармен басқа заңды тұлғаға (азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келуі салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша) жүктелген жағдайлардан басқа реттерде, міндеттеме заңды тұлға (борышқор немесе несие беруші) таратылғанда тоқтатылады. Жергілікті өкілді орган немесе атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қызметін тоқтату немесе оларды қайта құру осы органдар орындамаған міндеттемелерді тоқтатуға әкеліп соқтырмайды. Егер тиісті органдардың қызметін қайта құру немесе оларды қайта құру туралы шешімде міндеттемені орындау жүктелетін өзге мемлекеттік орган айқындалмаған болса, көрсетілген міндеттемелерді орындау қарамағында бюджет қаражаты бар органға жүктеледі.

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі ( Жалпы және Ерекше бөлімдері) 2014 жыл

 

 

 

 



 


Информация о работе Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету