Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2012 в 16:49, контрольная работа
Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін белгілі бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегеніміз азаматтар мен занды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Мәміле ұғымы, белгілері мен түрлері
2.2. Мәмілелер жарамды болу шарттары
2.3. Жарамсыз мәмілелер
3. Қорытынды.
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Сәрсен Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы: «Мәміле ұғымы мен түрлері»
Азаматтық құқық пәні бойынша
Орындаған: Е.Т. Рысжанова
Тексерген: З.Ч. Буканова
Өскемен, 2012 ж.
Мазмұны:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Мәміле ұғымы, белгілері мен түрлері
2.2. Мәмілелер жарамды болу шарттары
2.3. Жарамсыз мәмілелер
3. Қорытынды.
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін белгілі бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегеніміз азаматтар мен занды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.
Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері бар: біріншіден, мәміле адамдардың еркін білдіретінд ерікті әрекет. Оның еріктілігі азаматтық кұқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға мақсатты түрде бағытталатындығынан көрінеді. Бұндай мақсаты жоқ әрекет — қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы; екіншіден, мәміле, көп жағдайда, заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет; үшіншіден, мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет; төртіншіден, мәміле азаматттық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарлары азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.
2.1. Мәміле дегеніміз – азаматтық құқықтар мен міндеттердің белгіленуіне, өзгеруіне және тоқтатылуына бағытталған әрекет. Мәміленің, мейлінше көп тараған түрі – шарт (яғни екі жақты немесе көп жақты мәміле). Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәмілелер де болады (мысалы, өсиет). «Азаматтар мен заңды тұлғалардың, - делінген АК-тің 147 бабында, - азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады». Мәміле дегеніміз – заңды дерек, әрекет. Заңға сәйкес мәміле – азаматтық құқық субъектісінің заңды әрекет (заңға қайшы жасалатын азаматтық құқық бұзушылықтан ажыратқан абзал).
Мәміленің маңызды ерекшелігі мынада: оны жасаудың нәтижесінде азаматтық-құқықтық салдар пайда болады, құқықтар мен міндеттер және т.б. белгіленеді, өзгертіледі немесе тоқтатылады.
Мәміле дегеніміз –
ерік актісі. Онда азаматтық құқық
қатынастары қатысушыларының
Мәмілеге қатысушының ішкі еркін және байқалған сыртқы еркін ажырата білу керек. Егерде ерік сыртқы еркін білдірсе, ол басқа адамдардың қолы жететін нәрсе бола алмайды, яғни оның заңды салдары жоқ. Сонымен бірге ерік білдіру құбылысы мәмілеге қатысушылардың ішкі еркіне сәйкес келмесе, онда мәміле жасалмады деп танылады.
Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкін.
Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты мәміле деп есептеледі.
Екі жақты мәміле, мейлінше, көп тараған, екі жақты келіскен, қарсы ерік білдірудің нәтижесінде жүзеге асады
Көп жақты мәмілеге үш және одан да көп тараптар қатысады.
Консенсуальдық мәміле (латынның consensus – келісім, біркелкілік) оның тараптарынан келісімге қол жеткізген сәттен бастап жасалады деп есептеледі.
Нақты мәміле үшін тараптардың қол жеткізген жетістіктерінен басқа заттарды нақты түрде өткізу керек.
Мүлік үшін ақы төлейтін мәміледе ақшаны эквиваленттік қарсы қанағаттандыру, ынталандыруды ұсыну. Ал ақысыз мәміледе бір тараптардың белгілі әрекетіне екінші тараптың қарсы міндеттемесі болуы шарт емес.
2.2. Осы айтылғандардан мәмілелер белгіленгенде нысанда жасалса және заң талаптарына жауап берсе, ал мәміленің қатысушылары құқық қабілеті мен әрекет қабілетіне ие болса және олардың ішкі еріктеріне ықыластары сай келсе, онда мәмілелер жарамды деп табылады.
2.3. Жарамсыз мәмілелер мен жарамсыздықтың салдары.
Мәміленің нысанында, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Мәміле жарамсыздығының негіздемелері, сондай-ақ оны жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдардың тізбесі Азаматтық Кодексте не өзге де заң құжаттарында белгіленеді.
Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті.
Егер мәміле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталып, екі тарапта да жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәміле бойынша алғандарының немесе алуға тиісті болғандарының бәрі соттың шешімі немесе үкімі бойынша тәркіленуге тиіс. Мұндай мәмілені бір тарап орындаған ретте, екінші тараптан алғандарының бәрі және одан мәміле бойынша бірінші тарапқа тиесілінің бәрі тәркіленуге тиіс. Егер тараптардың ешқайсысы да орындауға кіріспеген болса, мәміледе орныдалуы көзделгеннің бәрі тәркіленуге тиіс.
Қылмыстық мақсатқа жету жөніндегі жымысқы ниет тараптардың бірінде ғана болған жағдайда оның мәміле бойынша алынғандарының бәрі екінші тарапқа қайтарылуы тиіс, ал соңғысының алғаны не оған мәміле бойынша тиесілісі тәркіленуге тиіс.
Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот жарамсыз мәміле бойынша алынған, не алынуға тиіс мүлікті тәркілеуге қатысты бөлігінде ішінара не толық қолданбауға құқылы.
Осы салдармен қоса, сот мәміленің жарамсыз болуын туғызған әрекеттерді жасауға кінәлі тараптан мәмілені жарамсыз деп тануға байланысты екінші тараптың залалын оның пайдасына өндіріп беруі мүмкін.
Жарамсыз мәміле заңдық салдарға әкеліп соқтырмайды, бұған мәміленің жарамсыздығына байланысты және ол жасалған кезден бастап жарамсыз мәмілелер кірмейді.
Мәмілені жарамсыз деп тани отырып, сот нақты мән-жайларды ескеру арқылы оның одан әрі орындалуына тыйым салумен шектелуге құқылы.
Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін мәміленің жарамсыздығы.
Мазмұны заң талаптарына
сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқықтық
тәртіп негіздерінде немесе адамгершілікке
көрінеу қайшы келетін мақсатпе
Заң талаптарын, заңды тұлғаның жарғысын не оның органдарының құзіретін бұзатын мәмілені қасақана жасасқан адамның, егер мұндай талап пайдакүнемдік себептермен немесе жауапкершіліктен жалтару ниетінен туындаса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
Егер мәмілеге қатысушылардың бірі оны міндеттемесін орындаудан немесе үшінші жақ не мемлекет алдындағы жауапкершіліктен жалтару ниетімен жасалған ретте, ал мәміленің басқа қатысушысы бұл ниет туралы білген болса немесе білуге тиіс болса, мүдделі жақ (мемлекет) мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
Мәмілелер жарамсыздығының негіздері.
Қажетті лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшінің мерзімі біткеннен кейін жасалған мәміле жарамсыз болады.
Теріс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп талаптарын бұзатын мәміле жарамсыз болады.
Он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады.
Он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының келісімінсіз жасаған мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
Есуастық немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле жарамсыз болады. Кейіннен әрекет қабілеттігі жоқ танылған азамат жасасқан мәміле, егер мәмілені жасасу кезінің өзінде-ақ бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойынша сот мәмілені жарамсыз деп тануы мүмкін.
Сот әрекет қабілеттігін шектеген адам жасасқан мәмілені сот оның қамқоршысының талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
Әрекет қабілеттілігі болмағанымен, мәміле жасаған кезде өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
Елеулі мәні бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмілені сот жаңылысу әсерімен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Мәміленің табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкіндігін айтарлықтай төмендететін мәнінің сапасына қатысты жаңылысудың елеулі мәні болады. Дәлелдердегі жаңылысу кейінге қалдыру немесе күшін жою шарты ретінде, мәміленің мазмұнына осындай дәлелді енгізген кезде ғана мәміле жарамсыздығының негізі бола алады.
Егер жаңылысу мәмілеге қатысушының өрескел бейқамдығының салдары болса, не оны кәсіпкерлік тәуекел билеген болса, сот нақты жағдайларды және мәмілеге қатысушы екінші жақтың мүдделерін ескере отырып, мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаптан бас тартуға құқылы.
Алдау, зорлық, қорқыту
ықпалымен жасалған мәмілені, сондай-ақ
басқа тарап пайдаланған
Бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған мәмілені сот жәбірленуші тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Жәбірленуші тарап шеккен залалды жәрдем беру тәртібімен өтеу теріс пиғылды өкілге жүктелуі мүмкін.
Заңды тұлғаның Азаматтық Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетін етіп жасаған, не оның органының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі, егер мәміледегі басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы білгені немесе күнілгері білуге тиіс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның мүлік иесінің қуынымы бойынша жарамсыз деп тануылуы мүмкін.
Мәмілелер жас балалардың немесе әрекет қабілеттілігі жоқ адамдардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының талабы бойынша, егер олар аталған адамдардың пайдасына жасалған болса, сот шешімімен жарамды деп танылуы мүмкін.
Жалған немесе қулықпен жасалған мәмілелер.
Заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін ғана жасалған жалған мәміле жарамсыз болады.
Егер мәміле екінші бір мәмілені (қулықпен) бүркемелеу мақсатымен жасалса, тараптар шын мәнінде ойлаған мәмілеге қатысты ережелер қолданылады.
Мәміленің бір бөлігі жарамсыздығының салдары.
Егер мәмілені оның жарамсыз бөлігін енгізбей-ақ жасауға болар еді деп ойлау мүмкін болса, мәміленің бір бөлігінің жарамсыздығы оның басқа бөліктерінің жарамсыз болуына әкеліп соқтырмайды.
Жарамсыз мәмілелер бойынша талап қою мерзімі.
Мәміленің жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талап қою мерзімі қорлық немесе қорқыту ықпалымен мәміле жасалып, сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап не талап қоюшы мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзге де мән-жайларды білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл болады.
Қорытынды
Сонымен, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады және мәміле дегеніміз ерік актісі. Мәміленің маңызды ерекшелігі мынада: оны жасаудың нәтижесінде азаматтық-құқықтық салдар пайда болады, құқықтар мен міндеттер және т.б. белгіленеді, өзгертіледі немесе тоқтатылады.
Мәміленің қатысушылары құқық қабілеті мен әрекет қабілетіне ие болса және олардың ішкі еріктеріне ықыластары сай келсе, онда мәмілелер жарамды деп табылады. Егер мәмілелер заңға қарсы жасалса, оған қатысушылардың жастары кәмілетке жетпесе, еріктері толық көрінбесе, мәміленің нысандары сақталмаса, онда мәміле жалған болады да, қулықпен жасалған салдары жарамсыз болады.