Мемлекеттік билік жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 19:01, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мем. бил3к жуйес3.docx

— 21.52 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік билік органдарының жүйесі Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды. 
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халык пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді (40-бап).Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тідді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата түрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.Қазақстан Республикасының Парламенті—Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан — Сенаттан және Мәжілістен тұрады. 
Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы — Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы — Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады (51-бап). Қазақстан Республикасының Үкіметі — атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, аткарушы органдардын жүйесін басқарады және олардын, қызметіне басшылық жасайды. Оны Казақстан Республикасының Президенті құрады.Сот билігін — сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстык және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді (75-бап).Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Занға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі сотіың қызметіне кандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судьяның қызметі депутаттык мандатпен, окытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылык кызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кенесінің құрамына кірумен сыйыспайды.Мемлекеттік биліктің бірынғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нак Президент билік тармақтарынын әркайсысының кызметіне белсене араласады.Президент деген ұғым конституциялық құқылык мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл кызмет сол үшін елемдік тәжірибеде тағайындалған (АҚШ, Франция).Президент кызметі түнғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылғы 16 қазанда Президент сайлауы туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халкының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н. Ә. Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант кабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінін қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылады Соңьшан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.Демек, Президент мемлекеттік биліктің шыңы. Қазақстан Республикасынын Президентін биліктің төртінші тармағы ретівде қарауымыздың мәні мынадд. Шын мөнінде Президент барлык билік тармақтарынан окдіау тұр. Себебі конституциялық тұжырымдарға сәйкес ол — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық катынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ен жоғарғы лауазымды тұлға. Атқарушы билікті тікелей жүзеге асырмаса да ол еліміздің билік құрамындағы ең ірі тұлға. Олай дейтініміз атқарушы билікті жүзеге асырушы Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты және ол өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін кызметтен босатуға хақылы. Сонымен бірге Конституциянын 40-бабының 3-тармағына сәйкес Республика Президенті мешіекетгік биліктің барлық тармағьшың келісіп жұмыс істеуін және екімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, ол—халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат кұкықтары мен бостандықтарынын нышаны әрі кепілі (40-баптың 2-тармағы). Бұл жорамалымыздың дұрыстығына Президенттің атқарушы өкілеттілігі айғақ.Президентке Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабында көрсетілген міңдеттерді орындауы үшін қажетті кең өкілеттіктер берілген.Президент атқарушы билік саласында:Парламенттің келісімімен Республика Премьер-министрін қызметке тағайындайды; оны кызметінен босатады; Премьер-министрдің ұсынуьшен Республика Үкіметінін кұрьтлымын белгілейді; оның мүшелеріы кызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады, кайта құрады; Үкімет мүшелерінін антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды мәселелер бойьшша отьфыстарында төрағалық етеді; Үкіметке Зан жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облысташ, республикалык маңызы бар қалалары мен астанасы әкімдерінің актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Республика Премьер-министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлык органдардың кызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудін бірьщғай жүйесін бекітеді; Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін токтатуға шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға қақылы. Премьер-министрді кызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Сонымен қатар Президент Үкіметгің орнынан түсуі туралы шешімді Үкіметтің өз мәлімдемесі бойынша да, сондай-ақ Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда да қабылдайды.Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутатгарының Қазакстан халкына беретін антьш қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады; Парламент Сенаты үсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол кояды, занды халыққа жария етеді не занды немесе оның жекелеген баптарьш қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Үлттық Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады;Парламент Сенатыныц келісімімен Республиканың Бас Прокурорын және Үлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайдьі, оларды қызметтен босатады. 
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқара отырьш, Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; жоғары әскери атақтар мен езге де атақтарды береді; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сыртган тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді; ішінара немесе жалпы жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды; Қауіпсіздік Кеңесін құрады. 
Президенттің басты міндеті — ел ішінде және халыкаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ету. Әңгіме бұл жағдайда Президент елді халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде, егеменді де тәуелсіз мемлекет ретінде танытады деген сөз. Президент бұл салада келіссөздер жүргізіп, Казақстан Республикасының халықаралық қатынастарына, бекіту грамоталарына қол қояды, елде тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялык, және өзге де өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырьш алу грамоталарын қабылдайды. 
Президент өкілеттіктерінін келесі топтамасын оған Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заң шығару өкілдіктерін құравды. Ол екі жолмен жүзеге асырылады: 1) Заң шыгару. Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Президентке оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. 2. Заң күші бар Жарлықтар шығару. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 2-тармағымен белгіленген. Заң шығару құкуғының берілуі Қазақстан Республикасы Президентінің норма белгілеушілік кызметінін басты нысандары емес.Сонымен қоса Президент Конституция мен зандар негізінде және оларды орындау үшін Республиканъщ бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.Қазақстан Республикасы Президентінің кандидаттығына мынадай катаң талаптар койылады: Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын, әлде бір діннің қызметкері емес, заңмен белгіленген ретте өтелмеген соттылығы жоқ және сайлау құқығы: мемлекеттік органға және жергілікті өзін-өзі басқару органына сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азамат қана сайлана алады. Бір адам қатарынан екі реттен артық Президент болып сайлана алмайды.Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тен және төте сайлау кұқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды Бұл сияқты мөліметтерді Қазакстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі конституциялык заң күші бар «Қазакстан Республикасындағы Сайлау туралы» Жарлығынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға өзгерістер мен толыктырулар енгізу туралы Заңынан алуға болады. Демек, Президентті сайлау жалпы сайлау сияқты Республиканың Орталык сайлау комиссиясының басшылығымен жүргізіліп, өткізіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есеіггелінеді. Егер кандидаттардың бірде бірі керсетілген дауыс санын ала алмаса, кдйтадан дауысқа салынады, оған кеп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көбісінің дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі (Конституцияның 41-бабының 5-тармағы).Президентке ешкімнін, тиісуіне болмайды, яғни оны қандай да бір жауапкершілік түріне тартуға, ұстауға, қамауға, тінтуге және т.с.с. болмайды. Республиканың Президенті өзінің міндеттерін аткару кезіндегі қылмыстық іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутатгарының кемінде үштен бірінін бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санынын көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады. Бүл мәселе бойынша түіжілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәміздердің сакталғаны туралы Конституциялық Кеңестін қорытындысы болған жағдавда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде терттен үшінін көшпілік дауысымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында кабылданады. Республика Президентіне мемлекетке опасыздык жасады деп тағылған айьштың қабылданбауы оның кай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған. Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына әкеліп соғады. Президент науқастығына байланысты өз міндеттерін жүзеге асыруға кабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы мен белгіленген конституциялық рәсімдердің сакталғаны туралы Конституциялық Кеңес корытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төртген үшінін көпшілігімен кабылданады. Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.Сенат әр облыстан, республикалык, маңызы бар каладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстьщ, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасьшың барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырыстарьшда сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттьщ жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзімше Республиканың Президенті тағайындайды. Сенат депутатгары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасынын, аумағында кемінде ұш жыл тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутаты бола алады.Сенаттың ерекше қарауына: Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқалар төрағаларын және Жоғарғы Соттын судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың антын қабылдау; Республика Президентінің Республиканың Бас Прокурорын және Үлттық Қауіпсіздік комитетінін Төрағасын тағайьшдауына келісім беру және Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабында көзделген басқа да мәселелер жатады.Мәжіліс— Парламенттің төменгі палатасы. Ол жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат Республиканын әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырьш құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумактык сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойышпа және біртұтас Жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде саиланады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізіңде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы бес жыл екілеттік мерзімге Мәжіліс депутаты бола алады.Парламент Палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан соң Сенатта өз кезегімен қарау арқылы: зандар қабылдайды; республикалық бюджетгі және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылаиды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабында көзделген басқа да өзгерістерді жүзеге асырады.Мәжілістің ерекше қарауына: заддардың жобаларын қарауға кабылдау және қарау; Республика Парламенті кабылдаған заңдарға Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылықтары бойынша ұсыныстар әзірлеу; және т.б. (Қазақстан Республикасы Конституциясьшың 56-бабы) жатады.Палаталардың бірлескен отырысында Парламент1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бои-ынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; Конституциялық заңдар кабылдайды, оларға өзгертулер мен толыктырулар енгізеді;2) Республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бакылау жөніндегі есеп комитетінін бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;3) Республика Президентінің қарсылығын туғызған зандар немесе заңның баптары бойышпа ол қарсьтлық жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын кабылданған шешімді қуаттайтын болса, Президент жеті күн ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, заң қабылданбады немесе Президент ұсьшған редакцияда қабылданды деп есептеледі;4) Президентке оның бастамасы бойынша әр палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хакылы;5) Президенттін. Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді;6) Премьер-Министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тындап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды, бағдарламаны кайтадан кабылдамаи тастау әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің даусымен жүзеге асырыла алады және бұл Үкіметке сенімсіздік кәрсетілгенін білдіреді. Ондай көпшілік дауыстың болмауы Үкімет бағдарламасының мақұлданғанын білдіреді; 7) Әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екюінің көпшілік даусымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша немесе Конституцияда белгіленген жағдайларда Үкіметке сенімсіздік білдіреді. Парламент бұдан басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады (Конституцияның 53-бабы).Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазакстан Республикасының Заңдары, Парламенттің Қаулылары, Сенат пен Мәжілістін, Қаулылары түрінде Заң актілерін қабылдайды. 
Зандар, аса маңызды қоғамдық қатынастарға реттейтш, мынадай мәселелер бойынша шығарылуы тиіс: 
1) жеке және занды түлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардын құқыктары мен бостандыктарына, жеке және заңды тұлғалардын міндеттері мен жауапкершілігіне;2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға; 3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;5) республикалык бюджетке; 6) сот қүрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне; 7) білім беруге, денсаулык сақтауға және әлеуметтік камсыздандыруға;8) көсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге; 9) айналадағы ортаны қорғауға; 10) Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілеуге катысты.Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі.Республиканың мұндай заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Парламент пен оның Палаталарының Заң актілері, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады, ал конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады. 
Қазақстан Республикасының Президенті мынадаи жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік әкіметтін басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады. Бірақ, Парламентті төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттілігінін.сонғы алты айында, сондайақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.Парламенттің ағымдағы қызметі тұрақты комитеттерде атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауы тиіс. Палаталардың бірлескен кызметіне катысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепетең негізде бірлескен комиссиялар құруға қақылы. Заңның Палата отырыстарында талкылануы окылым деп аталады. Заң жобасы Мәжілістің тұрақты комитетінде алдын ала қаралып, комитет ол бойынша қорытынды бергеннен кейін Мөжілістің жалпы отырысывда талқыланады. Әдетге, талқылау екі оқылымда өтеді. Конституцияға өзгерістер мен тольщтырулар енгізу және конституциялық заңдар қабылдау немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.Қаралған заң жобасы бойынша Сенаттың Президент сияқты қарсылық білдіру құқығы бар. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінін көшпілік дауысымен жобаны қаитадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында кайтадан енгізуге болмайды.


Информация о работе Мемлекеттік билік жүйесі