Мемлекеттік басқарудың нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 09:03, реферат

Краткое описание

Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды . Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенің білеміз.
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет. Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандары на тікелей әсер етеді .Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері,әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын , сипаты мен мәнін көрсетеді.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Мемлекеттiк басқару түсінігі
2.2 Мемлекеттік басқарудың нысаны
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

МОӨЖ 1 мем. қызмет.docx

— 20.27 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

 

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

    2.1. Мемлекеттiк басқару түсінігі

    2.2  Мемлекеттік басқарудың нысаны  

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жандануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты .Өйткені , мемлекетті басқару – бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық , ұйымдастырушылық қызметі . Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.

      Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды . Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенің білеміз.

     Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет. Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандары на тікелей әсер етеді .Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері,әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын , сипаты мен мәнін көрсетеді.

      2.1.Мемлекеттік басқару - мемлекеттік биліктің жұмыс істеп тұратын тетігі ретінде. Мемлекеттік басқарудағы жалпылық пен ерекшелік. Басқару адамдарды бірігіп қызмет етуге қалыптастыратын айрылмас белгісі ретінде. Мақсатқа бағытталған сипаттама және арнайы міндеттерді шешу басқарудың маңызды белгілерінің бірі. Мемлекеттік басқарудың нормативтік мақсаты. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген стратегиялық мақсат пен мемлекеттік басқарудың басымдылығы. Стратегиялық мақсат, міндеттердің және басқару қызметі мазмұнының тиісті мемлекеттік басқару салаларымен (түрлерімен) өзара байланыстары.

      Құқықтық реттеу – мемлекеттік басқарудың арнайы белгілері. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық мәні. Ұйымдастыру және басқару ұғымдарының өзара байланыстары. Мемлекеттік басқарудың заңды-билік сипаттамасы – мемлекеттік биліктің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұратын тетігі ретінде. Мемлекеттік басқарудың тетіктері: мазмұны және құрылымы. Мемлекеттік басқару тетіктерінің құқықтық жанамасы: нормативтік құқықтық негізі; басқарудағы құқықтық қатынас; тараптардың субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыратын актілер [1].

     2.2. Мемлекеттік басқарудың нысаны – атқарушы билік органының (лауазымды адамның) өзінің құзіреті шеңберінде жүзеге асырылған және белгілі бір салдарлар туғызатын қызметінің сыртқы көрінісі.

Мемлекеттік басқару нысандарының түрлері:    - құқықтық ;

                                                                                   - құқықтық емес;

Басқарудың құқықтық нысаны белгілі бір заңдық салдарлардың болуына әкеп соғады.

Басқарудың құқықтық нысаны былайша жіктеуге болады: – құқық  шығару, құқық қолдану, шарт жасасу. Нормативтік құқықтық актілерді  дайындау және қабылдау атқарушы билік  органдарының негізгі жұмысы, осы  актілерді қабылдау арқылы заңдардың  орындалуын қамтамасыз етеді. Нормативтік  актілерді дайындау, талқылау, қабылдау және жариялау тәртібі заңмен белгіленеді.Келісім  шартқа отыру басқару қызметін бірігіп  жүргізуді көздейді. Келісім шартқа отыру мемлекеттік басқару органдары қызметінің  көлденең деңгейдегі үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Құқықтық емес нысаны заңдық салдарлардың болуына әкеп соқтырмайды. Оларға ұйымдастырушылық жәнематериалдық-техникалық әрекеттер жатады.  Ұйымдастырушылық әрекеттерге – заңдар мен нормативтік актілердің мазмұнын түсіндіру, аттестация өткізу, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге нұсқаулар беру, басқару органдарының жұмысын қорытындылау, жиналыстар мен кеңестер өткізу жатады.

Материалдық-техникалық әрекеттерге  басқару органдары мен лауазымды  тұлғалардың жұмысын ақпарат  құралдарымен қамтамасыз ету, іс жүргізуді  жүзеге асыру(құжаттарды көбейту, оларды сақтау, хат алысу), есепке тіркеу жұмыстары, қажетті құжаттармен қамтамасыз ету жатады.

Мемлекеттік басқару әдісі  – бұл басқару субъектісінің  басқару объектісіне ықпал ету  тәсілі (амалы); Ол басқарудың алдына қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол  жеткізу үшін  басқарудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланылады.

Мемлекеттік басқару әдісінің белгілеріне мыналар жатады:

- мемлекеттік қызметтің  белгілі бір түрін  мақсатты  түрде танумен табиғи байланысты  болады;

- басқару қызметі субъектісінің  объектіге басқару ықпалын білдіреді:

- басқару субъектісінің  өз құқық өкілеттігін іске  асырудың құралы(амалы);

- тиісті объектіге арналған;

- алға қойылған басқару  мақсатына нақты жағдайларда  қол жеткізудің қолайлы тәсілі;

- белгілі бір мерзімдік  шеңберлері болады.

Биліктің кез-келген саласының, соның ішінде атқарушы биліктің де қызмет атқаруы басқару әдістерін  қолданумен байланысты болады. Басқару  әдістері әкімшілік құқық субъектілерінің  қызметін ұйымдастырудың, басқару процесінде пайда болатын нақты мәселелерді  шешудің, сондай-ақ басқару объектілеріне  ықпал етудің тәсілі болып табылады.

Атқарушы билік органдары  азаматтар мен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мүдделері мен қажеттіліктерін  жүзеге асыруда әкімшілік құқықтың 2 түрлі әдісін қолданады:

1 . субординация;

2.  координация;

Субординация – төменгі  сатыдағы қызметшілердің жоғарытұрған қызметшілерге қызмет бабында қатаң  бағынуын білдіреді.

Координация – орталық  атқарушы органдар, олардың қызметшілері және лауазымды тұлғалардың басқару  міндеттерін шешуде үйлесімділік пен  келісімділік арқылы шешуі.

Мемлекеттік басқару әдістерін  топтастыру.

Мемлекеттік басқару әдістері ықпал ету сипаты бойынша тікелей(тура) және жанама болып 2 топқа жіктеледі. Тікелей әдістерге – иландыру мен мәжбүрлеу жатады.

Иландыру дегеніміз –  басқару субъектісінің басқарылатын объектіге мақсатты бағытталған  ықпал ету процесі, соның нәтижесінде  басқару субъектісінің идеялары, құндылықтары мен нұсқаулары басқару  объектісінің ішкі идеяларына, жеке нұсқауларына айналады.

Мәжбүрлеу дегеніміз –  арнайы өкілетті субъектінің қоғамдық тәртіп пен қоғамдық  қауіпсіздікті  қамтамасыз ету мақсатында белгіленген  процессуалдық нысандарда қолданатын, әкімшілік құқықтың нормаларына  негізделген психикалық, физикалық, материалдық немесе ұйымдастырушылық  ықпал жасау құралдары [2].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

  1. www.google.kz

 

  1. Баянов Е.Б. Мемлекеттік қызмет. Оқу құралы. Алматы, 2005

 

 

 

 


Информация о работе Мемлекеттік басқарудың нысаны