Мемлекет және құқық тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:01, реферат

Краткое описание

1946-1960 жылдары өнеркәсіп өндірісінде тыныштық шаруашылық кезең болды. Бүл жылдары өнеркәсіптің өркендеуі одақтың ішіндегі республикалардың теңдікте, тыныштықта біріге отырып кәсіпорындарында өнім өндіру болды. Қазақстан өнекәсібі 1940 жылға қарағанда 1950 жылдары өнімнің көлемі 232 пайызға, ал 1960 - 734 пайызға өсті. Қазақстанның индустриялдық дамуында, өндіріс көлемінің артуымен қатар өндіргіш күштерді ұйымдастыру формалары әртүрлі - жекелеген кәсіпорындар мен өнеркәсіп тораптарынан аймақтық-өнеркәсіптік кешендеріне (АӨК) дейін құрылған, 70-жылдар барынша жемісті болды. 70-80 жылдары Қазақстанда Павлодар-Екібастұз, Қаратау-Жамбыл,

Прикрепленные файлы: 1 файл

гражданское право.docx

— 39.85 Кб (Скачать документ)

1946-1960 жылдары өнеркәсіп өндірісінде тыныштық шаруашылық кезең болды. Бүл жылдары өнеркәсіптің өркендеуі одақтың ішіндегі республикалардың теңдікте, тыныштықта біріге отырып кәсіпорындарында өнім өндіру болды. Қазақстан өнекәсібі 1940 жылға қарағанда 1950 жылдары өнімнің көлемі 232 пайызға, ал 1960 - 734 пайызға өсті. Қазақстанның индустриялдық дамуында, өндіріс көлемінің артуымен қатар өндіргіш күштерді ұйымдастыру формалары әртүрлі - жекелеген кәсіпорындар мен өнеркәсіп тораптарынан аймақтық-өнеркәсіптік кешендеріне (АӨК) дейін құрылған, 70-жылдар барынша жемісті болды. 70-80 жылдары Қазақстанда Павлодар-Екібастұз, Қаратау-Жамбыл, Маңғышлақ АӨК-тері құрылып, дами бастады. АӨК-терді құру жекелеген оқшауланған кәсіпорындар құрылысына қарағанда әлдеқайда аса тиімді болды. Аймақтық кешендерде өнеркәсіп кәсіпорындарын топтау технологияның процестерді байланыстыру мен бірлестіру және шикізаттар мен қалдықтарды кешенді пайдалану мәселелерін шешуге, өндірістік қорларды тиімді пайдалануға, еңбек, қаржы қорларын үнемдеуге, шаруашылық айналымына материалдық шикізат және ауылшаруашылық қорларын барынша толық және тиімді тартуға мүмкіндік жасады. Осы жылдары Қазақстан өнеркәсібінде КСРО тарағанға дейін жалпы одақтың маңызы болған қуатты саясиаралық Екібастұз, Қарағанды және басқа да бассейіндері бар отын-энергетикалық кешендері қалыптасты (80-жылдары елдегі өндірілген көмірдің 20%-ын алып Екібастұз ГРЭС-і берген, одан Сібірдің орталығы мен Оралға энергия жеткізілген). Химия кешенінің Оңтүстік Қазақстандағы минералды тыңайтқыштардың ірі өндірісі пластмасс, химиялық тамақтар,шина мен басқа да бұйымдар өндірісі кірген. Машина жасау кешені ауыл шаруашылық техникасын, эксковаторлар, шахталар, рудниктер мен металлургиялық цехтар үшін жабдықтар шығаруға маманданды. Одақтың күйреуі қазіргі дербес республикалардың ең алдымен экономикасына қатты әсер етті. Оған дәлел болатын көптеген себептердің ішінде Қазақстанды атап айтатын болсақ, мысалға экономиканың шикізатты бағытталуы, өндеуші кәсіпорындардың жеткіліксіздігі. Респиблика өнеркәсібінің құрылымы шикізатты шағын көлемде өндеумен қатар өндіруші салалардың үлес салығының жоғарылығымен және өңдеуші, ғылымды қажет ететін, жоғарғы рентабельді салалардың баяу дамуымен өзгешеленеді. Нәтижесінде республикада олардың үлес салмағы өте төмен. Қазақстан өнімінің негізгі бөлігі ақырғы өңдеу үшін және одан дайын өндіріс құралдары мен тұтыну заттарын алу үшін сыртқа шығаруға мәжбүр болды. Жан басына шаққанда жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының өндірісі бойынша Қазақстан Одақтық көрсеткіштерден артта еді. Халық тұтынатын тауарлардың 44%-ға жуығы сыртан әкелінді. Респибликадан сыртқа шығарылатын тауарлар құрылымында 70%-ы шикізатқа, 12%-ы жартылай дайын өнімге тиеселі болған. Тіпті жоғары салалы түсті металдардың тек 3%-ы ғана дайын өнімге айналдырылып, ал 97%-ы кесек құйма түрінде республикадан тысқары шығарылған. Қазақстан өнеркәсібінің мұндай шикізаттық салаларға бағытталуы шикізатқа бағаның өте төмен болуы нәтижесінде республикада қарыздылық мәселесін тудырды

Алынған ресурс: http://www.izden.kz/referattar/kazakstan-tarihy/160 Ғылыми жұмыстар жинағы. © izden.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып. Қазақстан Ресей империясының құрамында  
 
Дәріс мазмұны: 

  1.  
    Қазақстан Ресейге қосылуы және оның мемлекеттік – құқықтық салдары.
  2.  
    ХІХ ғасырдың екінші жартысымен ХХ ғасырдың басындағы
  3.  
    Қазақстанның әкімшілік құрлысы және құқықтық жүйесі.

 
Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси – құқықтық мәселелері. Кіші жүздің ханы Әбілхайыр 1726ж. Ордабасыдағы бүкілқазақтық жиында қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып сайланды. Әбілхайыр хан Ресейге арқа сүйеп өз позициясын нығайтпақ болып Ресей патшасы Анна Иоановнаға жасырын хат жазды. Әбілхайырдың бұл әркетіне жоңғарлардың үздіксіз шабуылы да түрткі болды.  
 
1731ж. 19 ақпанда патша Анна Иоановна Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіргені туралы грамотаға қол қойды. Содан кейін қазақ даласына А.И. Тевкелев бастаған патшаның елшілігі шығып 1732ж. 10 қазанда Әбілхайыр хан және 27 сұлтан, батырлар Кіші жүздің Ресейге қосылуы туралы заңды актіге қол қойып, ант берді. Осы жылы 21 қарашада тағы да 30 рубасы ант берді. 
 
Қосылудың алғашқы жылдарында Кіші жүз бен Орта жүз Ресеймен протекторлық қарым- қатынаста болды. Бұл қарым –қатынас бойынша Қазақстан сыртқы саясаттан өзге мәселеде егемендігін сақтауы тиіс еді. Ресейдің қол астына кіруі протекторлық қатынастардың шегінен асып, Ресей тарапынан таза отаршылдық сипат алды. 
 
“Игельстром” реформасы деген атпен енген Орынбор генерал – губернаторы Игельстромның әрекеті Сырым Датұлы бастаған көтерілісті өз мақсаты тұрғысында пайдалану еді. Реформа бойынша билік рубасынан старшындарға өтті. Бірақ расправолар да шекаралық сот та қалыпты жұмыс істей алмады. Оған себеп ықпалы мықты сұлтандық топтың әсері болды. 
 
Сөйтіп, Екатерина ІІ патша қайта хан сайлауға келісім берді. Патша өкіметінің Кіші жүзде хандық билікті жою туралы алғашқы қадамы жүзеге аспады. 
 
Ол Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болған соң 1771ж. Абылай хан (1711-1781) болып сайланды. ХУШғ. 50ж. Абылайдың басшылығымен қазақ жерлері жоңғарлардан түгелдей азат етілді. Абылайдың әскерлері Қазақстанға басып кірген қытай басқыншыларының бетін қайтарды. Абылайдың басшылығымен Оңтүстік қазақстан жерлері Қоқан басқыншыларынан азат етілді. 
 
Абылай орталық хан билігін күшейтті. Рубасы сұлтандар мен билердің билігіне шек қойып, өзіне бағындырды. Бағынбаған сұлтандарды, билерді, старшындарды Абылайдың төлеңгіттері талқандап отырды. 1781ж.  
 
Өзінің билігін нығайту үшін Абылай хандықты ұлыстарға бөліп, ұлыстардың басына өз ұлдарын тағайындады. Абылай өз билігінде батырларға, ел ішіндегі беделді билер мен жырауларға арқа сүйеді. Төле би мен Қазыбек би Абылайға елдің бірлігін сақтауда көп жәрдемдесті. 
 
3) Кіші жүздегі ХУШғ. Соңындағы шаруашылық-саяси дағдарысқа, жайылым мәселелерінің күрделеніп кетуіне байланысты қазақтардың көптеген топтары Орал мен Жайық аралығының төменгі бойына көшіп барып 1801ж. Бөкей хандығын құрды. Оған император Павел І келісім берді. 1812ж. Бөкей сұлтан орданың ханы болды. Ол қайтыс болған соң (1815) уақытша регент Шығай болып, 1823ж. патша Жәңгірді хан етіп бекітті және ол соңғы хан болды. 
 
Бөкей хандығы патша өкіметінің әкімшілік бірлігі болып саналды. Хан ішкі мәселелерді Орынбор әкімшілігімен келісіп шешті. Ханның біршама ішкі дербестігі болды. Ол дербестік қаржы- салық, жер бөлу, рулық- территоиялық басқару, халықты шаруашылық жағынан орналастыру түрінде жүзеге асты. 
 
Ордадағы билік негізінен ханның қолында шоғырланды. Ханның жанында 12 биден тұратын хан кеңесі құрылды. Ханның арнаулы тапсырмаларын орындайтын 12 жасауылы болды. Жергілікті басшылық рубасы старшындар қолына өтті. Оларды хан және Орынбор әкімшілігі тағайындады. 
 
Сот билігі ханның, жергілікті билердің, хан депутаттарының қолына шоғырланды.  
 
Патша өкіметі Қазақстанды отарлауды тереңдете түсті. Үкімет алдымен Орта жүздегі хандық билікті жоюды көздеді. Орта жүзде Бөкей (1817) және Уәли хандар (1819) қайтыс болған соң жаңа хан сайлауға Патша өкіметі тұрығысынан жол берілмеді. Батыс Сібір губернаторы М.М. Сперанский “Сібір қырғыздары туралы Устав” атты құжат жасады. Осы Устав негізінде Орта жүзде хандық билік жойылды. Бұрын рулық билік бойынша бөлінетін территория әкімшілік-территориялық принциппен округтерге бөлінді. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Әр округте 15-20 болыстар, әр болыста 10-12 ауылдар, әр ауылда 50-70 үйлер болды. Округті аға сұлтан басқарды. Аға сұлтан сайланбалы қызмет болды. Оны 3 жылға тек сұлтандар сайлады. Ол патша өкіметінің шенеунігі болып саналды. Ауылдық старшындар қазақтар арасынан үш жылға сайланды. 
 
“Устав” бойынша қазақтардың сот ісіне, әдет-ғұрып құқығына өзгерістер енді. Билер сотының, адаттың билігі шектелді. Сот әкімшіліктен бөлінбеді. 1822ж. “Устав” отаршылдықты тереңдетіп, Орта жүзді одан әрі игеруге бағытталды. Хандық өкімет жойылды. Оның орнына территориялық принципке негізделген округтік, болыстық, ауылдық басқару енді. 
 
Орта жүзден соң патша үкіметі іле –шала кіші жүзде хандық билікті жоюға кірісті. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен “Орынбор қырғыздары туралы Уставын” жасады. Ол 1824ж. азиялық комитетте бекітілді. Кіші жүзде хан билігі жойылды. Кіші жүз үш бөлікке бөлінді: Шығыс, Орта және Батыс. Әр бөлікті сұлтандар басқарды және олар патша өкіметінің шенеунігі болды. Билеуші-сұлтандардың 100-200 адамнан тұратын әскері болды.  
 
1822-1824жж. “Уставтар” бойынша Орта және кіші жүзде хандық жойылып, басқару мен сот жүйесінің жаңа түрлері енді. Рулық құрылым орнына территориялық құрылым енді. Біртіндеп аға-сұлтандар мен болыстық сұлтандардың орнына қатардағы қазақтар сайлана бастады. 
 
Реформа бойынша байлар мен билердің рөлі арта түсті. Төлеңгіттер мен батырлардың саны азайып, олардың әлеуметтік рөлі төмендеуге бағыт алды. 
 
Патша өкіметінің қазақ жеріне тереңдеп еніп ондаған әскери бекіністер салуы, Орта және Кіші жүзде хандық билікті жойып, жаңа басқару жүйесін ендіруі, орыс әскерлерінің озбырлықтары қазақ халқының отарлыққа қарсы күреске шығуына себеп болды. Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-47жж. көтеріліс болды. Көтеріліске шыққан халық Кенесарыны 1841ж. хан көтерді. Мемлекет басшылығы Кенесары ханның қолына жинақталды. Батырлар, билер және ханның туыстары кірген кеңесші орган-хан кеңесі жұмыс істеді.  
 
Хандық ішінде темірдей тәртіп орнатылды. Салық төлемейтіндер мен тәртіп бұзушылар қатаң жазаға тартылды. 
 
Сот реформасын жасауда Кенесары бұрынғы қазақ хандарының үлгісіне сүйенді, қазақтың әдет – ғұрып құқығын одан әрі дамытты. Кенесары ру билерін жойды. Сот билігін өзі тағайындаған билер мен жасауылдарға берді. 
 
Салық жүйесінде жеке феодалдар жинайтын алымдарға тиым салынып, жалпыхандық салықтар өндірілді. Малдан зекет, астықтан ұшыр жиналды.Сонымен қатар, әр ауылдан бөлек салық алынды. Салық негізінен соғыстың қажеттіліктеріне жұмсалды. 
 
Кенесарының хандығы қазақтардың уақытша тәуелсіздігін қалпына келтірген соңғы тәуелсіз мемлекет болды.  

  1.  
    Қазақстанның отар ретіндегі құыққтық жағдайы
  2.  
    1867-1868 және 1886-1891 жылдардағы реформалар

 
ХІХғ. 60 жылдары Қазақстанның Ресейге қосыла бастағанына бір жарым ғасыр болған еді. Ресей империясы Қазақстанды ресми түрде отар деп есептеді. 
 
1867-1868жж. Реформалардан соң қазақ өкілдері губернаторлық, облыстық, уездік дәрежеде басшылық түгілі, қатардағы шенеуніктікке де жібермеді. Қазақтың жеткен билігі болыстық болды. Олар болыстыққа жету үшін қазақтар орыс өкілдеріне әбден жем болатын. 
 
2) 1867ж. 11 шілдеде “Жетісу және сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже”, 1868ж. 21 қазанда “Орынбор және батыс сібір генерал- губернаторларының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже” бекітілді.  
 
Қазақстан территориясы Орынбор, Батыс –Сібір, Түркістан атты үш генерал- губернаторлықтың құрамына кірді. Оларды патша өкіметі тағайындаған генерал – губернаторлар басқарды. Оларда екі облыстан барлығы алты облыс болды. Облысты әскери губернатор басқарды. Олардың қолында әскери және азаматтық билік толығымен шоғырланды.  
 
Әскери губернаторға бағынышты облыстық басқарманың қолында да билік болды. Өкімші бөлім облыстық әкімшіліктің шекарасын бөлумен, үкіметтің облысқа қатысты өкімдері мен заңдарының орындалуын, лауазымды адамдарды әкімшілік жазаға тартумен немесе оларды қылмысы және тәртіп бұзғаны үшін сотқа берумен және т.б. айналысты. Шаруашылық бөлімі тұрғындар арасында жер бөлу, қазақтардан алым-салық жинау істерін қадағалады. Сот бөлімі облыстық басқарманың сот палатасы ретіндегі азаматтық және қылмыстық істерді тыңдауын дайындады. 
 
Облыстар уезддерге бөлінді және оны әскери губернатордың ұсынуымен генерал – губернатор тағайындаған уезд бастығы басқарды. Уезд бастығы әскери, полициялық, азаматтық билікті қолына шоғырландырды. Уезд бастыңы әскери адам болды. Реформа бойынша басқарудың төменгі жүйесі болыстық және ауылдық жүйе болды. Болысты болыс, ауылды старшын басқарды. 
 
1886ж. 02 маусымда “Түркістан өлкесін басқару туралы ереже”, 1891ж. 25 наурызда “Ақмола, Семей, Жетісу және Орал облыстарын басқару туралы ереже” қабылданды. Батыс –Сібір генерал – губернаторлығы Дала генерал- губернаторлығына деп өзгеріп оған Сырдария облысынан басқа бес облыс түгелдей кірді. Сырдария облысы Түркістан генерал – губернаторлығына қарады. Жетісу облысы 1897ж. қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының құрамына кірді. Қазақстандағы отаршылдық әкімшілік органдары мен “қазақтардың өзін-өзі басқару” деп аталатын болыстық-старшындық жүйе 1917ж. дейін өмір сүрді. Бұл жүйенің мақсаты жергілікті халықты күшпен басқарып, кез келген өкіметке қарсы қозғалысты басып жаншу еді. 
 
 
№ 14 дәріс 
 
Тақырып: Кеңестік Қазақстандағы мемлекет және құқық. 
 
Дәріс мазмұны: 

  1.  
    Қазақстандағы Қазан төңкерісінің жеңісі және Кеңес үкіметінің орнауы.
  2.  
    Қазақстанның автономиялық және одақтас республика ретіндегі әкімшілік-саяси және құқықтық жағдайы
  3.  
    1950-1990 жылдардағы Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық даму

 
1930ж. ортасында бұрынғы КСРО  –да аса күрделі өзгерістер болды. Капитализмнен социализмге өтетін өтпелі кезең аяқталып, социалистік қоғамдық қатынастар жеңіске жетті деп есептелді. Бұндай үлкен қорытынды индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, мәдени революцияның шешуші жеңістерімен байланыстырылды. Мұндай түбегейлі өзгерістер КСРО Конституциясын өзгертуге негіз болды. 1936ж. 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Конституцияда Қазақстанға Одақтық республика мәртебесі берілді. Осылай ҚАКСР ҚКСР айналды. Бұл қазақстанның болашақ тәуелсіздігін қамтамасыз еткен мәнді құқықтық акті және саты болды. Осыған байланысты 1937ж. бүкіл қазақстандық кеңестердің төтенше Хсъезі ҚКСР Конституциясын бекітті. 
 
Ол 11 тараудан 125 баптан тұрды. І тарауда: ҚКСР жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті деп көрсетілді. Социалистік меншік не мемлекет меншігі не колхоздық кооперативтік меншік түрінде болды. Социалистік шаруашылықтың мемлекеттік жоспар бойынша дамып отыратындығы анықталды. ІІ тарауда “Мемлекеттік құрылыс” бекітілді. 13 бапта экономика, саясат, отан қорғау, өзара жәрдемдесуді жүзеге асыру мақсаты мен ҚазКСР басқа да одақтас республикалармен КСРО-ға бірігіп отыратындығы көрсетілді. Осыған сүйеніп ҚазКСРО КСРО конституциясының 40 бабында көрсетілген құқықтарды КСРО-ға оның атынан басқаратын жоғарғы өкімет органдары мен мемлекет басқару органдарына қамтамасыз етіп берді. КСР заңдары міндетті түрде орындалуға жатты. Қазақстанның азаматы КСРО азаматы болып есептелді. Ш тарау мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдарына арналды. ҚазКСР –да өкімет билігінің жоғарғы органы –ҚазКСР –ның жоғарғы кеңесі болды. Заң шығарушы орган –Жоғарғы Кеңес болды. Атқарушы және бұйырушы жоғарғы органы ҚазКСР-ының Халық Комиссарлар Кеңесі болды. Бұл орган респібликаның үкіметі болып табылды. УІІ тарау сот және прокуратураға арналды. Негізгі заң мемлекеттің ел таңбасын, туын және астанасын белгіледі. 1937ж. Конституция 40 ж. қызмет етті. Елдің экономикасы, мәдениеті мен саяси – құқықтық дамуына зор әсер етті. Бірақ тотаритарлық қоғамда оның адам құқықтарына қатысты нормалары аяқ асты етіліп, миллиондаған адамдар қуғын-сүргіннің құрбаны болды. 
 
1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы мемлекет пен құқыққа үлкен ықпал жасады. Мемлекеттік құрылыс, оның қызметі, құқықтық қатынастар соғыстың талабына сай қайта қаралды. Бәрі де майданға, жеңіске қызмет етті.1941ж. 30 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының, БК(б)П ОК-нің және Халкомкеңесінің шешімімен төтенше орган Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті құрылып, мемлекеттегі барлық билік түгелдей оның қолына берілді. Қазақстанда және басқа да республикаларда МҚК-нің тұрақты өкілі қызмет етті. Соғыс жағдайында орталықтанған директивалық басқару алдыңғы қатарға шығып, өкілді органдардың қызметі шегерілді. Жаңа мемлекеттік органдар құрылды. 1941ж. ұлттық құрамалар жөнінде республикалық комиссия, халкомкеңес жанында еңбекке жарамды адамдарды ауыл шаруашылығы жұмыстарына мобилизациялау туралы бөлім, эвакуацияланғандарды орналастыру бөлімі т.б. органдар құрылды. Соғыс барысында әскери қызметкерлердің отбасын орналастыру және қамтамасыз ету басқармасы қызмет етті. 1944ж. Кокшетау және талдықорған облыстары құрылды. Азаматтық құқық социалистік меншікті нығайтуға бағытталды. Мүлікті ұрлау, жоғалту, малды нашар қарағаны үшін жоғарғы жауапкершілік ендірілді. Кәсіпорындардың жоспарды орындауына, келісімдерді дер кезінде жүзеге асыруына ерекше көңіл бөлінді. Еңбек заңдарына өзгерістер енгізіліп, өкімет органдарына 16 мен 55 жасқа дейінгі азаматтарды міндетті еңбекке тартуға құқық берілді. Колхоздарда 12 жастан асқан жасөспірімдер еңбекке тартылды. Себепсіз еңбеккүн толтырмағаны үшін қылмыстық жауапқа тартуға дейін шаралар қолданды. Әскери оқудан бас тартқан азаматтар да жазаға тартылды. Қылмыстық істер одақтық заңдар бойынша қаралды. Әскери сот органдарының рөлі артты. 1942ж. әскери трибунал туралы ереже бекітілді. Қазақстанда соғыс жағдайы енгілімегендіктен мұндай жағдай әскерилендірілген мекемелерде қолданылды. 

  1.  
    Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік басқару
  2.  
    Кеңес дәуіріндегі Қазақстан территориясындағы кейбір өзгерістер
  3.  
    Қазақстандағы Кеңестік құқықтық жүйенің дамуы

 
Соғыстан кейінгі мемлекеттік  құрылыс пен басқару бейбіт жағдайға қайта бейімделді. 1946ж. 28 наурызда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президумының қаулысымен ҚазКСР-дің Халық Комиссарлар  Кеңесі ҚазКСР-інің Министрлер Кеңесі, ҚазКСР-нің Халық комисариаттары ҚазКСР-нің министрліктері болып өзгерді. Жаңадан өнеркәсіп және құрылыс материалдары министрлігі құрылды. Олардың өкілеттіліктері артты. 1946ж. ҚазКСР Ғылым Академиясы құрылды. 50 жылдары жергілікті кеңестердің, олардың атқару комитеттерінің қызметтері кеңейтілді. Олардың тұрғын үй салу, көгалдандыру, өнеркәсіп, құрылыс саласындағы жоспарлау, бақылау, басшылық ету құқықтары артты. 1956жылғы КОКП ХХ съезі Кеңес Одағының өміріндегі үлкен бетбұрыс болды. Сталиннің жеке басына табыну , социалистік заңдылықты аяққа басу, саяси қуғын-сүргін айыпталды. 30-50 жылдары жазықсыз атылған, қамалған азаматтардың бір тобы қайта ақталды. Одақтас республикалардың құқықтары артып, егемендігі біршама кеңейді. ҚазКСР Үкіметінің совхоздарды қайта құру, жою, жер бөлу, ауыл шаруашылығына қатысты құқықтары кеңейді. Одақтас республикалардың заң шығару құқығы кеңейтілді. Республикалар Одақтық мәселелерді шешуге көбірек қатысатын болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесінің жанынан одақтас республиканың өкілдері кірген экономикалық комиссия құрылды. 1958ж. ҚазКСР Ғылым академиясының философия және құқық институты құрылды. Құқық саласындағы зерттеулерге жағдай жасалды. 60 жылдардың ортасында халық шаруашылығын басқаруда өзгерістер болды. Бұл оқиғалар Кеңес Одағының партия мен мемлекет басшысы Н.С. Хрущевтің орнынан түсіп, билікке Л.И. Брежневтің келуімен байланысты. 1977ж. республикада 19 облыстық, 218 аудандық, 82 қалалық, 29 қала ішіндегі аудандық, 189 поселкелік, 2184 ауылдық, селолық кеңестер жұмыс істеді. Жергілікті Кеңестердің атқару комитеттерінің құрамына 20 мың адам кірді. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің, оның Президиумының жұмысы жүйелене түсті. Сессиялар тұрақты шақырылып, оларда мемлекеттік басқарудың маңызды мәселелері талқыланып, жаңа заңдар мен кодекстер қабылданды. 
 
1924ж. Түркістан республикасы тараған соң оның құрамындағы Сырдария және Жетісу облыстары ҚазАКСР құрамына енгізіліп қазақтың жерлері қайтарылды. Осы жылы қарақалпақ автономиялы облысы да қазақстанның құрамына кіріп, 1932 жылы Өзбек КСРінің құрамына өтті. Орынбор қаласы мен облысының біршама аудандары РКФСР құрамына берілді. ҚазКСР Конституциясы бойынша қазақстанның шекарасы тек оның Жоғарғы Кеңесінің келісімімен ғана өзгертілетін болды. 1955ж. 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қаулысымен Батыс қазақстан облысының Жәнібек ауданының жалпы көлемі 7049га РКФСР Астрахан облысының Владимир ауданына берілді. 1956ж. КСР –на Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық ауданы (Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы колхоздарының Бостандық ауданындағы жайылым көлемдерін қоспағанда) берілді. Голодностеп (Мырзашөл) каналының сол жағалауындағы 75 мың га жер ҚазКСР үкіметінің 1936-37жж. Өзбек КСР-не уақытша берілген 329 мың га жерлер Өзбек КСР-не берілді. Осылай барлығы 5 млн. Га астам жерлер Өзбек КСР-не берілді. 1971ж. майда Өзбек КСР-нің Сырдария облысының Жетісай , Киров және Мақтаарал аудандары сол кездегі шекарасымен Шымкент облысына қайта қосылды. Кеңес дәуірінде Қазақстанның территориясында осындай өзгерістер болды. Бұл өзгерістерді тәртіп бойынша алдымен ҚазқКСР Жоғарғы Кеңесі қабылдап, онан соң КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы бекітіп отырды. Сонда бұл өзгерістер құқықтық жағынан Қазақстанның өз еркімен бергені болып саналады. Дегенмен мұндай “өз еркімен” жасалған өзгерістердің негізінде Мәскеудегі орталық билік органдарының қысымы жатқаны белгілі.  
 
Соғыстан кейінгі жылдарда, әсіресе 50-70 жж. Қазақстандағы құқықтық жүйе дамыды. Еңбек құқығы негізінен одақтық заңдармен реттеле берді. Соғыс кезінде алынып тасталған еңбек демалыстары қалпына келтірілді. Артық жұмыстар тоқтатылды. Кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдарымен ұжымдық шарттары қалпына келді. Еңбекке қатысты тым қатаң тәртіптер, өндірістен өз бетімен кетіп қалғаны үшін қылмыстық жауаптылық жойылды. Еңбек дауларын қараудың жаңа ережесі қабылданды. 1959ж. қылмыстық және қылмыстық- процессуалдық кодекстер қабылданды. Бұл кодекстер Қазақстан тарихында тұңғыш рет қабылданды. 1971ж. ҚазКСР-нің Еңбекпен түзеу кодексі қабылданып, онда сотты болған адамдардың жазасын өтеу, оларға еңбекпен түзеу әдістерін қолдану, т.б. мәселелер шешімін тапты. 1963ж. республиканың азаматтық және азаматтық –процессуалдық кодекстері қабылданды. Бұл кодекстер социалистік заңдылықты, социалистік қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталды. Сот құрылысы, сот ісі, адвокатура және нотариатқа қатысты заңдар жетілдіріліп, кейбірі қайта қабылданды. ҚазКСР-нің әкімшілік жауапкершілік туралы заңдылығы онан әрі дамыды. Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайтуда көпшілік бұқараның роліне көңіл бөлінді. Осы тұрғыдағы жұмыстарды жандандыруда жолдастық соттардың, жергілікті кеңестердің жанындағы бақылау комиссияларының, жасөспірімдер жөніндегі комиссиялардың, жасөспірімдерді тәрбиелеу жөніндегі қоғамдық тәрбиелеушілердің маскүнемдікке қарсы комиссиялардың ролі артты. Жоғарғы Кеңес 1983ж. тұрғын үй кодексін қабылдады. Оның қабылдануы тұрғындардың үй-жай алу құқығын тереңдетті. 1976ж. ҚазКСР-нің жер қойнауы туралы кодексі қабылданды. Кодексте жер байлығы, тау-кенг өндірісі, оларды тиімді пайдаланудағы мемлекет, кәсіпорын мен мекемелердің міндеттері белгіленді. Жер қойнауының байлығы түгелдей мемлекет меншігі болды. Осыларға қарамастан социалистік құқықтың өзі компартияның заңдастырылған еркі болды. Мұның бәрі де халық бұқарасының іштей наразылығын тудырды. 
 
 
№ 15 дәріс 
 
Тақырып: Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік – құқықтық дамуы 
 
Дәріс мазмұны: 

Информация о работе Мемлекет және құқық тарихы