Конституциялық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 11:53, реферат

Краткое описание

Конституциялық құқық – құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жџйесінің саласы.
Конституциялық құқық – бұл ҚР конституциялық құрлыс негізін, адам мен азаматтың, мемлекеттік құрлыстың, мемлекеттік билік органдарының жџйесін, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару негізін реттейтін құқық нормаларының жиынтығын көрсететін ҚР жетекші құқық саласы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Конституциялық құқық.doc

— 66.00 Кб (Скачать документ)

Конституциялық құқық – құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін  және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық  нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық  жџйесінің саласы.

 

Конституциялық  құқық – бұл ҚР  конституциялық құрлыс негізін, адам мен азаматтың, мемлекеттік құрлыстың, мемлекеттік билік органдарының жџйесін, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару негізін реттейтін құқық нормаларының жиынтығын көрсететін ҚР жетекші құқық саласы.

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Конституцияның басқа нормативтік құқықтық актілерден мынадай ерекшеліктері бар:

1. Қоғамдық қатынастардың негізін қалайды. Себебі ҚР Конституциясы мемлекет пен қоғам өмірінің барлық сферасын қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғамдық өмірдің жеке жақтарын ғана қамтиды.

2. Құқықтың негізгі бастау болып табылады. ҚР Конституциясында бџкіл конституциялық заңның негізі болып табылатын құқықтық нормалар бекітілген. Яғни, Конституциялық құқық нормалары барлық нормативтік құқықтық актілердің қалыптасуы мен даму базасы.

3. Ең жоғарғы заңдылық кџші бар. ҚР қабылдаған заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер Конституциядан шығуы керек және оған қайшы келмеуі керек. Егер олар Конституцияға қайшы келетін болса қолданылмайды.

4. Оның ерекше тәртіппен қабылдануы. Себебі Конституцияны Республикалық Референдумда халық қабылдайды.

5. Тұрақтылығы.

Қылмыстық құқық

Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқықҚылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау Қылмыстық құқықтың міндетіне жатады. Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.[1]

Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың  ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.

Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы  бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық  жауаптылықтың негіздемесін, негізгі  ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.

Қылмыстық құқық субъектілері (қылмыстық-құқықтық қатынастарға қатысушылар) — мемлекет органдары және азаматтар. Мұнда  мемлекет белсенді рөл атқарады: ол қылмыстық-құқықтық санкцияларды белгілейді және қолданады. Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар қылмыс субъектісінің, сондай-ақ қажетті қорғаныс, аса қажетті жағдайда және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын басқа да жағдайларда әрекет ететін тұлғалар рөлін атқаруы мүмкін. ҚР Қылмыстық құқық-ында заңды тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды, ол қылмыстық-құқықтық қатынастарға тек жәбірленуші ретінде ғана қатысады. Қазақстанда Қылмыстық құқықтың бірден бір көзі — 1997 ж. қабылданған ҚР Қылмыстық кодексі. Қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, өзгертетін немесе оның күшін жоятын басқа заңдардың бәрі ҚР Қылмыстық кодексінің мәтініне енгізілуге тиіс. Сондай-ақ ҚР Конституциясы, ҚР Конституц. Кеңесінің (кей елдерде Конституциялық сот) шешімдері және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар (мысалы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықараралық пакт, 1966) да Қылмыстық құқық көздері болып табылады. Кейбір елдерде қылмыстық кодекспен қатар қылмыстық жауаптылықты белгілейтін өзге де заңдар Қылмыстық құқық көзі болып табылады. Ағылшын-саксон елдерінің Қылмыстық құқық жүйесінде соттың айрықша шешімдері де Қылмыстық құқық көздері деп танылады. Бірқатар мұсылман елдерінде шариат нормалары Қылмыстық құқықтың аса маңызды көзі болып саналады.

Қылмыстық құқық принциптері

Жаңа қылмыстық заңнамада өзінің қолданысын тауып, құқықты қолдану практикасында жүзеге асуға тиіс Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының принииптері.

Ең бірінші кезекте, бұл —  заңдылық принципі.

Қылмыстық құқықтың келесі принципі азаматтардың заң мен соттың алдындағы теңдік принципі болып табылады.

Қылмыстық, құқықтың барынша маңызды принципі кінәлі жауапкершілік принципі болып табылады.

Кінәлі жауапкершілік принципінен  жеке жауапкершілік принципі тікелей  пайда болады.

Қылмыстық құқықтың негіз салушы принциптерінің бірі сапасында әділеттілік припципі бөлініп шығады.

Конституциядан қылмыстық құқық. принциптерінің тағы біреуі тікелей  бөлініп шығады. Бұл — гуманизм принципі.

Гуманизм принципіне барынша тығыз жанасқанымен, бірақ онымен толық қамтылмайтыны қылмыстық жазалауды үнемдеу принципі.

Қылмыстық жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы  туралы қылмыстық құқық принципі жеке назар салуға тұрарлық.[2]

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. ↑ Қазақстан энциклопедиясы
  2. ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6

Құқық қорғау органдары

Заңдылықпен құқық тәртібін қорғаштау, адамның құқығы мен бостандығын қорғау, қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықтармен күресу негізгі (арнайы) міндеті болып табылатын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына: сот, гөрелік сот, конституциялық сот, прокуратура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, әділет, төрелік, кедендік бақылау, қаржы полициясы органдары және т.б. жатады.[1]

Құқық қорғау органдары – заңдылықты және құқық тәртібін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қылмысқа қарсы күрес міндеттерін атқаратын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына сот, төрелік сот, Конституциялық сот (Қазақстанда Конституц. кеңес), прокуратура, ішкі істер органдары, мемлекеттік қауіпсіздік (Қазақстанда өлттық қауіпсіздік), кедендік бақылау, әділет органдары жатады. Кең мағынада алғанда, Құқық қорғау органдары ұғымы бірқатар беймемл. институттарды да: адвокатураны, аралық сотты, т.б. қамтиды. Күшейтілген қылмыстық-құқықтық қорғау жүйесіне қауіпсіздік шаралары мен әлеум. шаралар да кіреді.[2]

Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Орысша-қазакша заңдық түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
  2. ↑ Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы

Информация о работе Конституциялық құқық