Франчайзингтің қалыптасу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 12:25, курсовая работа

Краткое описание

Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) - айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы кешендi басқа тұлғаға өтемдi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет. Мұнда тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді тауармен‚ технологиялармен жабдықтауға‚ ақыл-кеңес беруге‚ т.б. міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс.

Содержание

1.ФРАНЧАЙЗИНГТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1. Франчайзингтің қалыптасу тарихы.......................................................1-4 бет
1.2.Франчайзингтің түрлері..........................................................................4-6 бет
2. ФРАНЧАЙЗИНГ ШАРТЫНЫҢ МӘНІ
2.1.Франчайзинг шартының нысаны және шарттың елеулі ережелері......................................................................................................7-11 бет
2.2. Франчайзинг шартының тараптары. Франчайзинг шартының мазмұны.......................................................................................................13-19бет
2.3. Франчайзинг шарты бойынша төлемдер..........................................19-22 бет
2.4.Франчайзинг шартын тоқтату............................................................22-24 бет
З.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФРАНЧАЙЗИНГ
3.1. Франчайзингтің Қазақстанда қалыптасуы және дамуы..................25-28 бет
3.2.Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың құқықтық реттелуі.......................................................................................................28-32 бет
3.3. Франчайзингтің Қазақстан экономикасын дамытуға қосар үлесі.............................................................................................................32-37 бет
Қорытынды..................................................................................................38-39бет
Сілтеме..............................................................................................................40бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................41бет
Қосымша......................................................................................................42-44бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

франчайзинг шарты.doc

— 369.50 Кб (Скачать документ)

Егер франчайзидің өз операцияларын жүргізетін орны болмаса, франчайзер оны мұндай жермен қамтамассыз етуі міндетті. Мысалы, АҚШ-тарының Федералды Сауда Комиссиясының №436 қаулысына сәйкес, франчайзер[8]:

  • Франчайзиді бөлшектеп сату нүктелерімен қамтамассыз етуі тиіс;
  • Франчайзидің жұмыс орнын ұсақ тауарларды сатуға қажетті автоматтармен, сөрелермен және өзге де жабдықтармен қамтамасыз етуі керек.

Франшиздік  шарттық кәсіпорынның орны тұтас  франчшиздік желіні толықтыру негізінде  бекітіледі.

Франчайзер  міндеттемелерінің ірі блогын оның фрачайзиге әр кез қолдау және көмек  көрсетіп отыруы жатады. Франчайзердің франчайзиге көрсететін көмегін шартты түрде екіге бөлуге болады: алғашқы және ағымдағы. Мысалы, Еуропалық Франчайзингтік Федерацияның Этикет кодексінде франчайзер франчайзиді алғашқы оқумен қамтамассыз ету және шарттың әрекет ету мерзімі ішінде оған техникалық немесе коммерциялық көмек көрсетіп отыруы міндетті. Негізінде франчайзидің бизнесін бастауға деген франчайзердің көмегі өз ішінде көп міндеттерді қамтиды: франчайзи қызметкерлерін дайындау, франшиздік «нүктенің» орналасу жерін анықтау; ол жерді жабдықтау, реестрлер мен тізімдерді жасау; франчайзиге қажетті оқу, нұсқау және әдістемелік құжаттарды беру; алғашқы сауда опрерацияларын жүргізуге көмектесу және т.б. Франчайзердің бұдан бұрын қолданылмаған, сенімнен өтпеген, жаңа әдістерді кәсіпкерлік қызметте қолдануға ешқандай құқығы жоқ екенін айта кеткен жөн. Алдымен ондай әдістерді ол өзі қолданып көруі тиіс.

Ағымдағы көмекке  шартта белгіленген франчайзидің сауда  рыногінде бәсекелестігін арттыратын тұрақты сауда, қызмет көрсету және өзге де операцияларға қатысты кешенді шаралары жатады.

Франчайзердің кең тараған міндеттер қатарына франшиздік өнімді (қызметті) жарнамалау мен өз франчайзиінің рыногіндегі тауар белгісін алға итермелеп, дамыту жатады. Жарнама өткізу франчайзердің немесе франчайзингтік желінің мақсатты бөлек жарнамалық шотындағы франчайзидің жарнамалық жарнасы мен франчайзердің өзінің пропорционалды жарнасы негізінде қаржыландырылады. Әдетте, франчайзер шарт мерзімі ішінде әрбір қаржылық жыл сайын франчайзиге жарнамаға және тауарлық белгіні ілгері бастырту мақсатында шығындар сметасын ұсынады.

Сонымен қатар, франчайзер франшиздік желі жұмыс жасап  жатқан рынокты ұдайы қадағалап  отыруға, тауарлық ағымдарды, тұтынушылар  сұранысын, мониторинг пен франчайзидің қызмет көрсету және тауарлық тестілеу опреацияларын қадағалау, франчайзиге бухгалтерлік есептеме жүргізуге көмектесу, толықтай франшиздік бизнестің және әрбір франчайзидің жеке  жағдайы туралы баға беру, франчайзидің сауданың сапалық және стандарттық шарттарын орындауына бақылау жүргізу жөніндегі міндеттерді өз мойнына алады.

Заң франчайзердің  барлық франчайзилеріне бірдей қатынаста болып, ешқандай дискриминацияға жол бермеуді талап етеді. Мұндай жағдайлар шын мәнінде орын алуы мүмкін. Мысалы, басқа франчайзилер тауарды франчайзердің өзінен алып жатқан ретте, франчайзер бір франчайзиге тауарды ол ұсынған жеткізушіден алуға талап етуі мүмкін. Аталған франчайзи франчайзер ұсынған тауар жеткізушіде тауар франчайзердің өзіне қарағанда сапа жағынан төмен деп санайды. Осы ретте ол фирмалық стандарт сапасына сәйкес келетін тауарды алуға құқығы бар. Франчайзидің сапалы тауар алуға бөгеті франчайзердің басқа франчайзилерге сататын тауар бағасына аталған франчайзидің жоғары баға төлеу жөніндегі талабының жасырылған түрі болуы мүмкін.

Франчайзингтің әдеттегі практикасында франчайзер өзінің франшиздік желісіндегі жаңа қатысушысына басқа франчайзилер жұмыс жасап жатқан стандартты шартты ұсынады. Желіге кіру негізінде франчайзи шарттың ережелерімен келіседі. Альтернатива- шарттан бас тарту болып табылады. Стандарттық шарттар негізінде екі жаққа да тиімді болуы керек, себебі франчайзерде әрбір франчайзимен салыстыруға мүмкін болатындай қарым-қатынастар орнайды. Соның негізінде франчайзер әрбір франчайзидің жұмысына объективті баға беруге мүмкіндік алады. Франчайзи өз кезегінде дәлелді түрде франчайзидің оған шартта қойылған стандартты ережелермен салыстырғанда, жұмыс істеуде қатал талаптар қоятынын тұжырымдай алады.

Франчайзинг түріне, франчайзиге ұсынатын құқықтар көлемі мен түріне және өзге де субъективтік және объективтік факторларға қарай, әрине, франчайзер міндеттері әр түрлі болады.

Франчайзидің  міндеттемелеріне келсек, олар өте  ауқымды. Әр елдің заңнамасында франчайзидің міндеттемелерінің шеңбері әртүрлі.

Мысалы, АҚШ-тарының Федералды Сауда Комиссиясының (англ. Federal Trade Commission, FTC)  №436 қаулысы бойынша франчайзи кез келген тұлғаға тауарды сата алады және қызметті көрсете алады, мына жағдайларда:

  1. Тауар белгіленген тауар белгісімен, қызмет көрсету белгісімен, фирмалық атауымен, жарнама немесе франчайзер-фирмасының өзге коммерциялық белгісімен; немесе
  2. Франчайзердің сапа стандартына сәйкес келсе; немесе
  3. Франчайзермен жеткізілсе; немесе
  4. Франчайзермен тікелей немесе жанама қатынастағы үшінші тұлғамен жеткізілсе.

Еуропалық Экономикалық Одаққа кіретін елдерде франчайзи міндеттері №4087 Реламентіне сәйкес өте кең. АҚШ-тарының Федералдық Сауда Комиссиясының №436 қаулысында аталған міндеттерден өзге, франчайзи міндеттеріне мыналар кіреді:

  • Франшизаны тек шартта көрсетілген орында ғана пайдалану;
  • Франшиза пәні болып табылатын тауарды ақырғы тұтынушыларға, өзге франчайзилерге сату;
  • Франшиза пәні болып табылатын тауарларды немесе қызмет көрсетуді сатуға барынша күш салу; тауардың минималды жиынтығын ұсыну, минималды айналымға жету,өзінің тапсырысын алдын ала жоспарлау, тауарлардың минималды қорын ұстау және кепілді және өзге де қызметтерді көрсету;
  • Франчайзердің ұсынған ноу-хау ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеу; бұл міндеттеме франчайзиге шарттың әрекет ету мерзімі аяқталған соң да артылуы мүмкін;
  • Франшизаны қолдану барысында алған тәжірибемен және мұндай тәжірибе қорытындысы болып табылатын ноу-хау ақпаратпен франчайзер мен өзге желі ішіндегі франчайзилермен бөлісу;
  • Интеллектуалдық меншік немесе патенттендірілген өндірістік меншік құқығының бұзылуы жөнінде франчайзерге хабар ету;
  • Франчайзердің берген лицензиясы негізіндегі ноу-хауды жұмыс бабынан өзге мақсатта пайдалануға болмайды; бұл міндет шарттың әрекет ету мерзімі аяқталса да қалуы мүмкін;
  • Франчайзи өзі де, өзінің қызметкерлерін де франчайзер ұйымдастырған оқу курстарына баруға бағыттау керек;
  • Франчайзер лицензия арқылы берген өндірістік және интеллектуалдық меншік құқығын, кәсіпкерлік әдістерді пайдалану керек;
  • Жабдықтар мен жұмыс орнының рәсімделуі жөніндегі франчайзердің шартта белгілеген стандартты ережелерін ұстануы тиіс;
  • Франчайзерге шартта көрсетілген жұмыс орнының , көлік құралдарының, сонымен қатар сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтерді және франчайзидің есептемесін тексеруге мүмкіндік беруге тиіс;
  • Франчайзердің рұқсатынсыз шартта көрсетілген<span class="dash0410_0431_0437_0430_0446_0020_0441_043f_0438_0441_043a_0430__Char" style=" font-family: 'Times New Roman', 'Arial'; font-size:

Информация о работе Франчайзингтің қалыптасу тарихы