Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2015 в 20:38, реферат
Әлемде экономиканың жаһандану кезеңіне өтуі әр континенттің мемлекеттерін бір-бірімен тығыз байланыстырды. Бұл процестердің көпшілігі сыртқы экономикалық мәмілелерде көрініс тапқан. Халықаралық шаруашылық қызметін реттеу әр түрлі құқықтық құралдарды қолдануды қажет ететін түрлер мен нысандарда жүзеге асырылады. Соның ішіндегі нарықтық экономика жағдайында маңыздысы өзара қатынастары жеке құқықпен, яғни азаматтық құқық және халықаралық жеке құқықпен реттелетін жеке тұлғаның қызметі болып табылады. Сондықтан да жеке құқықтық мәміле халықаралық экономикалық қызметті реттейтін негізігі құқықтық нысан. Әдетте жалпы түрде оны халықаралық коммерциялық мәміле деп атайды.
Орналасқан жері
Интеграциялық комитеттің хатшылығы
Ресей Федерациясы, Мәскеу қ., 1-ші Басманный тұйық көше, 6-үй, 4-ғимарат
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Республика алаңы, 4.
Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы Шарт
1999 жылдың 26 ақпанында
Нақты Шарттың қатысушы - мемлекеттері, бұдан әрі Тараптар деп аталындар; Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасында 1996 жылы 29 наурызда жасалған экономикалық және гуманитарлық салаларда бірлесудің тереңдетілуі туралы Шартты, бұдан әрі 1996 жылғы 29 наурызда жасалған Шарт деп аталады, бұдан бұрын жасалған шартты жүзеге асыру келісімдерін басшылыққа алып, сонымен қатар бірлесудің басқару органдары қабылдаған шешімдерді де есепке ала отырып;
Тараптар арасында қол қойылған, еркін сауда туралы, сыртқы экономикалық қызметті бірыңғай реттеу тәртібі туралы, Кеден одағы туралы, ұлттық валюталардың өзара айырбасталуы мен бағанының тұрақтылығын өзара қамтамасыз ету туралы, екі рет салық салудың және табыс пен капитал салығын төлеуден қашудың алдын алу туралы келісімдерді ОРЫНДАП;
Қалыптасқан өндірістік және ғылыми- технологиялық байланыстарының, экономиканың өзара тәуелділігі және өзара толықтырылудың НӘТЖЕСІНДЕ;
Тығыз бірлесуге, қатысушы-мемлекеттердің экономикасының әлеуметтік прогрессті және халықтың жағдайын жақсарту мақсатында достасуына жаңа даму импульсін беруге БЕЛ БУЫП;
Бар болған кедергілер мен шектеулерді жою үшін, мемлекеттердің нарықтық қарым-қатынасының үйлесімді дамуы және шарушылық жүргізетін субъектілерге тепе тең жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау үшін келісілген әрекеттер қажет екенін мойындап:Мемлекеттер мен халықтарды байланыстыратын остық қарым-қатынастарды КУӘЛАНДЫРЫП,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Жарғысының, 1994 жылы 4 қыркүйекте жасалған Экономикалық одақ құру туралы Шарттың қағидаттарына, халықаралық құқықтың нормылары мен ұстанымдарына негізделіп олардың өркендеуін қамтамасыз етуге ниет білдіріп;
I Тарау. ҰҒЫМДАР ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕР 1 Бап
Нақты Шарттың мақсаттары үшін төменде берілген ұғымдар мен терминдердің мәндері: 1) Бірыңғай эконмикалық кеңістік – Тараптардың аумағынан тұратын кеңістік, ол жерде, нарықтық қағидаттарға және үйлескен құқықтық нормыларды қолдануға негізделген экономиканы реттеудің бір типтік механизмдері, бірыңғай инфрақұрылым бар және тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін жылжуын қамтамасыз ететін келісілген салықтық, ақшалай-несиелік, валюталық-қаржылық, сауда және кеден саясаты қолданылады ; 2) бірыңғай кеден аумағы – кеден одағы қатысушысы - мемлекеттердің кеден аумақтарынан тұратын аумақ, Тараптар оған қатысты қолдану үшін Ортақ кедендік тариф бекіткен, бірыңғай тарифсіз реттеу шаралары қолданылады, бірыңғайландырылған кеден ережелері қолданыста, кеден қызметтерінің бірлесіп басқаруы қамтамасыз етілген және ішкі кеден шекрарасында кедендік бақылау жасалмайды; 3) ортақ (ішкі) нарық – бірыңғай кеден аумағында экономикалық қарым-қатынастардың барлығы; 4) ортақ кедендік тариф – Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің аумағына үшінші елдерден әкелінетін тауарларға қолданылатын кедендік әкелім бажының бірегей ставкаларының келісілген тізімі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай Тауар номенклатурасы бойынша жүйелендірілген; 5) ішкі кедендік шекара – әр Тараптың кедендік аумағының шектері, сонымен бірге басқа Тараптың кедендік аумағының шектері болып табылады; 6) сыртқы кедендік шекара (сыртқы периметр) – Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағының шектері, осы мемлекеттердің аумағын бөлетін және Кеден одағына кірмеген мемлекеттердің аумағын бөлетін шекара;
Пайдаланылған әдебиеттер :
Информация о работе Еуразия экономикалық одақ құру туралы келісім-шарты