Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 23:05, доклад
Еңбек құқығының қайнар көздері бұл қай органның қандай мәселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік-құқықтық актілері. В.Н. Уваров атап өткендей, еңбек құқығы қайнар көзінің түсінігі тура мағынада еңбек құқығының нормаларына бастама беретін, еңбек туралы нормаларды туындататын және олардың мазмұны анықталатын қасиеттен тұрады. Сондықтан еңбек құқығының қайнар көздерін 2 құрамдас бөліктің: еңбек туралы құқықтық нормалардың материалдық мазмұнының және нысанының біртұтастығы ретінде сипаттауға
Еңбек құқығының қайнар көздері
бұл қай органның қандай мәселелерге
қатысты қабылдағанына
Еңбек құқығы қайнар көздерінің материалдық
мазмұны еңбек қатынастарымен байланысты.
Еңбек қатынастары барысында бірлескен
еңбек жүзеге асырылған кезде қызметкер
мен жұмыс берушінің экономикалық, саяси
және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың
мүдделері қарама-қайшы болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда оларды реттеудің, еңбек
қатынастары жүйесіндегі белгілі бір
құқықтық нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін
анықтаудың қажеттігі туады.
Еңбек қатынастары жүйесіндегі бұл нормаларды,
жүріс-тұрыс ережелерін мемлекеттің арнайы
органдары анықтайды. Яғни, еңбек құқығы
қайнар көздерінің түсінігі мемлекеттік
орандардың құқықты қалыптастыру, оған
заңдар, жарлықтар, қаулылар және өзге
де нормативтік-құқықтық актілер нысанын
беру жөніндегі тікелей қызметімен байланысты.
Бұл жерде біз еңбек құқығының қайнар
көздері түсінігінің формальді немесе
заңды мағынасын байқаймыз.
Сонымен, еңбек құқығының қайнар көздері
ретінде мемлекеттің құзіретті органдарының
еңбек және өзге де қоғамдық қатынастарды
реттеу аласындағы құқық шығарушы қызметтің
нәтижелерін тануға болады. Басқаша айтар
болсақ, еңбек құқығының қайнар көздері
– бұл жалданбалы қызметкерлердің еңбегін
пайдалану және ұйымдастыру жөніндегі
қатынастарды, еңбек нарығын реттейтін
нормативтік-құқықтық актілер.
Еңбек құқығының қайнар көздері осы саланың
нормаларынан тұрады және оларды осы нормаларды
қолдану актісімен шатастыруға болмайды.
Мысалы, ҚР «Еңбек туралы» заңы еңбек құқығының
жұмыстан босату туралы нормалардан тұратын
қайнар көзі , ал ұйым басшысының жұмыстан
босату туралы бұйрығы құқыққолдану актісі
болып табылады.
Қазіргі қазақстандық құқық
салаларының ішіндегі еңбек құқығы басты
орындардың бірінде, өйткені ол қоғамдық
еңбек қатынастарын реттейді.
Еңбек құқығының пәні деп, ұжымдық еңбекті
ұйымдастырудағы өндірістік қатынастарды
жою оған тығыз байланысты қарым-катынастарды
айтады.
Еңбек құқығының пәніне жататын коғамдық
карым-қатынастардың түрлері туралы қазіргі
қолданыста жүрген ғылыми басылымдардағы,
оқу кұралдарында пікірлер алуан түрлі,
өйткені нарықтық экономика жағдайында
өмірге прогрессивтік жаңа еңбек қатынастары
келеді. Бұл қоғамдык қарым-қатынастардың
пайда болуы олардың бір-бірімен байланысы
еңбекті ұйым-дастырудағы ерекшеліктеріне,
оның мазмұнына байланысты. Еңбек құқығы
адамның қоғамдық қызметінің негізгі
түрін – еңбекке қатысуын жанама түрде
білдіретін құқықтың маңызды саласы б.т
Еңбек құқығы пәнінің негізін еңбекті
қолдану жөніндегі жеке- дара қатыныстар
құрайды.Олар қызметкермен жұмыс берушінің
арасында қалыптасады және жұмысқа алу,
жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жалақы төлеу,
еңбек тәртібі және басқа бір қатар мәселелер
бойынша түрлі әлеуметтік байланыстарды
қамтиды..
Еңбек процесінің өмірдеболу фактісінің
өзі еңбек құқықтарымен байланысты және
еңбек құқығының қолданылу аясына енетін
қоғамдық қатынастарының тұтас кешенінің
пайда болуының обьективті түрде алып
келеді.
Еңбек құқығының пәні еңбекке қабілеттілікті
іске асыру, еңбекті ұйымдастырумен басқару
жөніндегі мемлекеттік және жеке ұйымдарда
азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде
қалыптасатын жеке-дара да,сондай-ақ ұжымдық
та қоғамдық қатынастарды құрайды.
Еңбек құқығының саланың пәніне енетін
жоғарыда аталған қатынастарды реттеудің
жолдарымен тәсілдерін сипаттайды.Құқықтық
реттеудің айрықшаланған пәні мен өзіне
тән әдісінің болуы еңбек құқығының құқық
жүйесіндегі орнын белгілеп береді.