Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 13:10, реферат
Басқару тәртібіне қарсы кылмыстар тақырыбын қарастырар алдынды ең алдымен керекті мәліметтермен қаруланып алуымыз керек теп есептеймін.
Қазіргі кезде елімізде қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғауға, сот беделін көтеруге қатысты құқықтық форма қадамдары одан әрі жалғасуда. Бұрынғыдай емес қазір қылмыстардың түрі де өзгерген, галстук тағып, кабинетте отырып, компьютермен, ұялы байланысты пайдалану арқылы қылмыс жасайтындар саны өсті.
Кіріспе
1. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.
1.1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарың жалпы сипаттамасы.
1.2 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы.
2. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы.
2.1 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері.
2.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының мызғамастығына қол сұғатын қылмыстар.
2.3 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар.
2.4 Әскери кызметке шақыру тәртібіне қарсы қылмыс.
2.5 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қалмыстар.
2.6 Басқару тәртібін қамтамассың ететін жекелген ережелерге қол сұғатын қылмыстар.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.
Мазмұны.
Кіріспе
1. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.
1.1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарың
жалпы сипаттамасы.
1.2 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың
топталуы.
2. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың
құрамы.
2.1 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне
байланысты өкімет өкілдері.
2.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
шекарасының мызғамастығына қол сұғатын
қылмыстар.
2.3 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың
айналым тәртібіне қарсы қылмыстар.
2.4 Әскери кызметке шақыру тәртібіне қарсы
қылмыс.
2.5 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
рәміздеріне қарсы қалмыстар.
2.6 Басқару тәртібін қамтамассың ететін
жекелген ережелерге қол сұғатын қылмыстар.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Басқару тәртібіне қарсы кылмыстар тақырыбын
қарастырар алдынды ең алдымен керекті
мәліметтермен қаруланып алуымыз керек
теп есептеймін.
Қазіргі кезде елімізде қылмысқа қарсы
күресті күшейтуге, азаматтар мен мемлекет
мүддесін қорғауға, сот беделін көтеруге
қатысты құқықтық форма қадамдары одан
әрі жалғасуда. Бұрынғыдай емес қазір
қылмыстардың түрі де өзгерген, галстук
тағып, кабинетте отырып, компьютермен,
ұялы байланысты пайдалану арқылы қылмыс
жасайтындар саны өсті. Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылы 10
қыркүйекте құқық қорғау органдары өкілдерімен
болған алқалы жиында қылмыспен күресті
күшейтуге ерекше мән берді. Бас прокуратура
тарапынан да жергілікті буындарға талап
күшейді.
Осы басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
тақырыбын таңдаған мақсатым осы қылмыстарға
байланысты мемлекеттік органдарды басқару
әрекетіне байланысты өкімет өкілдері
мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар,
Қазақстан Республикасының шекарасының
мызғымастығына қол сұғатын қылмыстар,
Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың
айналым тәртібіне қарсы қылмастар, әскери
қызметке шақыру тәртібіне қарсы қалмыстар,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
рәміздеріне қарсы қалмыстар, басқару
тәртібін қомтамассыз ететін жепелеген
ережелерге қол суғатын қылмыстардын
мән-жайларын, түрлерін, топталуын және
құрамын толығымен ашуға бағытталған.
1. БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
1.1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарың
жалпы сипаттамасы
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар деп
мемлекеттік кәсіпорының, мекеменің, ұйымның
басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс
қызметін бұзтын қылмыстық занда көрсетілген
қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті
айтамыз.
Жаңа қылмыстық Кодексте осы тұрғыдағы
қылмыстардың қатарына жаңадан бірнеше
баптар қосылады.
Олар: жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші
лауазымды адамға қатысты қолданылатын
қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді
жария ету.
Қылмыстық кодектің 14-тарауындағы осы
қылмыстардың топтық объектісі басқару
тәртібі болып табылады.
Басқару тәртiбi мемлекеттiк ұйымдастыру,
мекемелердiң, кәсiпорындардың, шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердiң басқару саласындағы
дұрыс қызметiн қамтамасыз ететiн қоғамдык
қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Баскару тәртібiне қарсы қылмыстар мен
мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы
қылмыстардың топтық объектiсi сырттай
қарағанда бiр-бiріне ұқсас сияқты болғанымен,
бұл қылмыстар топтың объектiсi, субъектiсi
арқылы бiр-бiрiнен ажыратылады.
Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың
топтық объектiсi мемлекеттiк немесе мемлекеттiк
емес органдардың тек қана басқару саласындағы
дұрыс, бiрқалыпты қызметi, ал мемлекеттiк
қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың
топтық объектiсi мемлекеттiк аппараттың
тұтастай дұрыс, әрi бiрқалыпты қызметi
болып табылады.
Басқару тәртiбiне қарсы кылмыстардың
субъектiсi жай адамдар, лауазымды адамдар
болуы мүмкiн, ал мемлекеттік қызмет мүдделерiне
қарсы қылмыстардың субъектiсi мемлекеттiк
аппараттың лауазымды адамы немесе мемлекеттiк
қызметшiлер болады. Мiне осы көрсетiлген
белгiлер арқылы көрсетiлген қылмыстар
тобы бiр-бiрiнен оқшауланып бөлiнедi.
Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың
тiкелей объектiсi басқару саласындағы
қоғамдық қатынастардың нақты түрлерi
болады. Қосымша тiкелей объектiге — адамдардың
өмiрi, денсаулығы, ар-намысы, адамгершiлiгi,
қауіпсіздігі жатуы мүмкiн. Кейбiр қылмыс
құрамдарында (317, 323—325, 33i-баптар) қылмытстың
заты және қылмыстың жәбiрленушiсi (318—322,
327-баптар) көрсетiлген.
Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың
құрамы негiзiнен формальдық құрамға жатады.
Тек қана ҚК-тiң 322-бабының 2-тармағында,
331-бабының 2-тармағына көрсетiлген қылмыс
құрамдарының мiндеттi белгiсi — ауыр зардаптардың
орын алуы қажет.
Екi қылмыс құрамының (330, 331-баптар) мiндеттi
белгiсi ретiнде қылмыс iстелу орны көрсетiлген.
Субъективтiк жағынан басқару тәртiбiне
қарсы қылмыстар қасақаналықпен iстеледi.
Қылмыстық ниет және мақсат қайсыбiр қылмыс
құрамдарының (318, 320, 321, 322-баптар) қажеттi
белгiсi болып табылады.
Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған кез келген
адам. ҚК-тiн 326-бабында көрсетiлген қылмыс
субъектiсi арнаулы — әскери қызметтен
жалтарған адам, ал 331-баптың 2-тармағы
бойынша бiрнеше рет қылмыс жасаған адам
осы құрамның, субъектiсi болып табылады.
1.2 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың
топталуы.
Тiкелей объектiлерiне байланысты басқару
тәртiбiне қарсы кылмыстар мына төмендегiдей
түрлерге бөлiнедi:
Мемлекеттiк органдарды басқару әрекетiне
байланысты өкiмет өкiлдерi мен басқа адамдарға
қарсы қылмыстар: Қазақстан Республикасы
Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне
қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау.
Депутаттың ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне
қол сұғу және кызметiне кедергi жасау.
Өкiмет өкiлiн қорлау. Өкiмет өкiлiне қатысты
күш қолдану. Жауапты мемлекеттiк лауазымды
иеленушi лауазымды адамға қатысты қолданылатын
қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi
жария ету.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасының
мызғы-мастығына қол сұғатын қылмыстар:
Қазақстан Республикасының күзетiлетiн
мемлекеттiк шекарасынан әдейi заңсыз
өту.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
шекарасын құқыққа қарсы өзгерту.
Ресми құжаттар мен мемлекеттiк наградалардың
айналым тәртiбiне қарсы кылмыстар: ресми
құжаттарды және мемлекеттiк наградаларды
сатып алу немесе өткiзу. Құжаттарды мөртаңбаларды,
мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру. Жалған
құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды,
мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау,
дайындау немесе өткiзу.
Әскери қызметке шақырылу тәртiбiне қарсы
қылмыстар: әскери қызметтен жалтару.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
рәмiздерiне қарсы кылмыстар. Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк туын, Мемлекеттiк
елтаңбасын немесе Мемлекеттiк әнұранын
қорлау. Мемлекеттiк туды заңсыз көтеру.
Басқару тәртiбiң қамтамасыз ететiн жекелеген
ережелерге қол сұғатын қылмыстар: өзiнше
билiк ету. Жауапты мемлекеттiк лауазымды
атқаратын өкiмет өкiлiнiң немесе лауазым
адамының атағын өз бетiнше иелену. Қызыл
Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары
мен белгiлерiн заңсыз пайдалану. Байланыс
желiлерiн күзету ережелерiн бұзу. Жиналыстарды,
митингiлердi, пикеттердi, көше шерулерiн
және демонстрацияларды ұйымдастыру мен
өткiзу тәртiбiн бұзу. Төтенше жағдайлар
кезiнде тыйым салынған ереуiлге басшылық
жасау, кәсiпорынның, ұйымның жұмысына
кедергi келтiру. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң
мемлекеттік органдардың қызметiне заңсыз
араласуы. Заңсыз қоғамдық бiрлестiктер
құру немесе олардың қызметiне қатысу.
Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен
кәсiптiк одақтарьң жәрдем көрсету.
2. БАСҚАРУ ТӘРІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ
ҚҰРАМЫ
2.1 Мемлекеттiк органдарды басқару әрекетiне
байланысты
өкiмет өкiлдерi мен басқа адамдарға қарсы
қылмыстар
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу
және оның қызметiне кедергi жасау.
Қазақстан Республикасының Конституциясына
сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi
— мемлекеттiң бас шысы, мемлекеттiң iшкi
және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын
айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық
қатынастарда Қазакстанның атынан өкiлдiк
ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың
Президентi — халық пен мемлекеттiң билiк
бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының,
адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының
нысаны әрi кепiлi (40-баптың 1, 2-тармақтары).
Қазақстан Республикасының Президентiне,
оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң
тиiсуiне болмайды (46-бап, 1-тармақ). Республика
Президентi мен оның отбасын қамтамасыз
ету, оларға қызмет көрсету және қорғау
мемлекет есебiнен жүзеге асырылады (46-баптың
2-тармағы). Қазақстан Республикасының
Конституциясының жоғарыда көрсетiлген
нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының
жаңа Қылмыстық кодексiнде Республика
Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр касиетiне
қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасаушылық
үшiн жауаптылықты көздейтiн арнаулы бап
көрсетiлген.
Қылмыстың тiкелей объектiсi Қазақстан
Республикасы Президентiнiң басқару қызметіне
байланысты ар-ұжданы мен қадiр- касиетiн
корғау жөнiндегi қатынастар.
Қылмыстың жәбiрленушiсi - Республика Президентi,
оның жақын туыстары.
Қылмыстың объективтiк жағы Қазақстан
Республикасы Президентiн жария түрде
қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне
қол сұғу арқылы сипатталады.
Республика Президентiн жария түрде қорлау
деп басқа бiреудiң немесе көпшiлiктiң көзiнше
ел Президентiн әдепсiз сөздермен, шектен
шыққан арсыздығымен көзге түсетiн дене
қимылдарын жасау арқылы қоғамдық мiнез-құлықтарға
қайшы келетiн басқа да әрекеттер жасау
арқылы, ауызша немесе жазбаша түрде тiл
тигiзулер болып табылады.
Президенттiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне
қол сұғу деп ол туралы шындыққа сай келмейтiн
жалған сөздер тарату, плакаттар салу,
адамгершiлiгiн, қадiр-қасиетiн көрiнеу аяққа
басатың, оны жұртшылық алдында масқаралайтын,
беделiн түсiретiн жалған лақаптар айту,
тарату сияқты әрекетгердi айтамыз.
Қылмыс құрылысы жөнiнен формальдық құрамға
жатады және ол Президенттi жария түрде
қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне
қол сұғатын әрекет жасаған уақыттан бастап
аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен
және әртүрлi ниетпен жасалады. Қылмыстық
ниет iс-әрекеттi саралауға әсер етпейдi,
бiрақ жаза тағайындағанда еске алынады.
Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған адам.
Осы қылмыстың ауырлататын түрi — бұқаралық
ақпарат құралдарын пайдалана отырып
жасалған нақ сол әрекет үшiн жауаптылық
ҚК-тйң 318-бабының 2-тармағында көрсетiлген.
Бұқаралық ақпарат құралдарына - газет,
журнал, радио, телехабар және басқа да
көпшiлiкке арналған осындай құралдар
жатады.
Кылмыстык кодекстің 318бабының ескертуiне
сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң
жүргiзiп отырған саясаты туралы сын тұрғасында
айтылған жария сөздер осы бап бойынша
қылмыстық жауапқа тартуға әкеп соқпайды.
Депутаттың ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне
қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау.
Қылмыстың тiкелей объектiсi — Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң мемлекетгiк
заң шығару қызметiне байланысты ар-ұжданы
мен қадiр-қасиетiн қорғаут жөнiндегi қоғамдық
қатынастар. Қылмыстың жәбiрленушiсi Республика
Парламентiнiң депутаты.
Қылмыстың объективтiк жағы, субъектiсi
және субъективтiк жағы, ауырлататын және
аса ауырлататын түрлерi бойынша ҚК-тiң
318-бабындағы көрсетiлген құрамдағы белгiлермен
ұқсас. Айырмашылық қылмыстың жәбiрленушiсiнде
ғана. 318-бапта қылмыстан жәбiрленушi Республика
Президентi, ал 319-бапта Республика Парламентiнің
депутаттары. Депутаттың ар-ұжданы мен
қадiр-қасиетiне қол сұғу, қорлау оның депутаттың
мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны
атқаруға байланысты жүзеге асырылады.
Мұндай болмаған ретте iс-әрекет жеке адамға
қарсы қылмыс ретiнде саралануы мүмкiн.
Өкiмет өкiлiн қорлау.
Қылмыстың тiкелей объектiсi қызметтiк
мiндеттерiн атқарып жүрген немесе атқаруына
байланысты өкiмет өкiлiнiң заңды қызметi
болып табылады.
Қосымша тiкелей объект — олардың беделi
мен абыройы.
Қылмыс объективтік жағынан қылмыс бабындағы
мендеттерiн атқарып жүрген немесе оны
атқаруына байланысты өкiмет өкiлiн қорлау
әрекетi арқылы жүзеге асырылады.
Өкiмет өкiлiнiн беделiн, абыройын, адамгершiлiгiн
көпшiлiк алдында аяққа басатын, оларды
масқаралайтын әрекеттердi қорлау деймiз.
Оларға өкiмет өкiлi туралы ауызша немесе
жазбаша, көзiнше немесе сыртынан, болмаса
баспасөз құралдарын пайдаланып, оларды
масқаралайтын, даттайтын, абыройын аяққа
басатын әрекеттер жатады. Осы қылмыстың
жасалу себебi өкiмет өкiлiнiң өз қызметiн
жүзеге асыруына, атқаруына тiкелей байланысты.
Қылмыстың объективтiк жағының тағы бір
белгiсi өкiмет өкiлiн қорлау жария түрде
- копшiлiк алдында болуы қажет. Көпшiлiк
алдындағы қорлау деп өкiмет өкiлiн қорлауды
бөтен адамның көрiп, естiп тұруы немесе
бiр топ адамның осы әрекетке куә болуы.
Жазбаша қорлау деп баспасөз кұралы арқылы
көпшілiкке мәлiм болған жағдайларды айтамыз.
Қылмыс субъективтiк жағынан теқ қана
тiкелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Кiнәлi адам өкiмет өкiлiн оның қызмет бабындағы
мiндеттерiн орындауына байланысты көпшiлiк
алдында жария түрде қорлағанын сезедi
және соған саналы түрде жол бередi және
аталған адамлардың абыройын, беделiн
түсiрудi тiлейдi.
Қылмыстың субъектiсi - 16-ға толған, есi
дұрыс, кез келген азамат болады.
Өкiмет өкiлiне қатысты күш колдану.
Қылмыстық кодекстiң 32I-бабының 1-тармағында
өкiмет өкiлiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына
байланысты оған немесе оның жақындарына
қатысы өмiрi мен ден саулығы үшiн қауiпсiз
күш қолдану немесе күш болып қорқыту
үшiн жауаптылық белгiленген.
Кылмыстың тiкелей объсктiсi өкiмет өкiлдерiнiң
дұрыс басқару қызметi, ал қосымша тiкелей
объектiсi олардың өзiнiң және жақын туыстарының
өмiрi мен денсаулығы. Бұлар қылмыстың
жәбiрленушiсi болып табылады.
Қылмыс объективтiк жағынан мына әрекеттердi
iстеу аркылы көрiнiс табады:
а) өкiмет өкiлiнiң өзiне немесе оның жақын
туыстарына қатысты өмiрi мен денсаулы
үшiн қауiпсiз күш колдану;
б) осы көрсетiлген адамдарды күш қолданбақ
болып қорқыту;
в) аталған адамдарға қатысты өмiрi мен
денсаулығына қауiптi күш қолдану.
Өкiмет өкiлiнiң өз қызметтiк мiндеттерiн
орындауына байланысты оның өзiнiң немесе
жақындарының өмiрi мен денсаулығына қауiпсiз
күш қолдануға жәбiрленушiнің киiмiң жырту,
олардьт сабау, денесiне жеңiл жарақат
келтiру, бостандығын шектеу, өмiрiне немесе
денсаулығынақауап келтiрмейтiн жағдайда
жәбiрленушiнiң организмiне есеңгiрететiн
нәрселер егу сияқты ерекеттер жатады.
Қылмыс құрылысы жағынан формальдық-материалдық
құрамға жатады. Жәбiрленушiлерге күш қолданбақ
болып қорқыту - формальдық құрамға, ал
басқа әрекеттер материалдық құрамға
жатады.
Субъективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен
iстеледi.Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған
адам.
Жауапты мемлекеттiк лауазымды иеленушi
лауазымды адамға қатысты қолданылатын
қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi
жария ету.
Көрсетілген қылмыстың объективтiк және
субъективтiк белгiлерi жауапты мемлекеттiк
лауазымды иеленушi адамдарды мемлекеттiк
қорғау туралы заңда арнайьт көрсетiлген.
Қылмыстыiң негiзгi тiкелей объектiсi жауапты
мемлекеттiк лауазымды адамдардың бiрқалыпты,
дұрыс қызметi, ад қосымша тiкелей объектiсi
— көрсетiлген осы адамдардың немесе олардың
туыстарының қауiпсiздiгi болып табылады.
Осы адамдар қылмыстың жәбiрленушiлерi
болып табылады. Жақын туыстары — ата-аналары,
балалары, атасьт, әжесi, немерелерi, iнiлерi,
қарындастары, жиені, асырап алған балалары
асырап алған ата-аналары, келiнi, құдасы,
жақын досы және т.б. жатады.
Қылмыс объективтiк жағынан алғанда жоғарыда
аталған жебiрленушiлерге тiкелей байланысты
қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi
кез келген тәсiлмен жария ету жолымен
әрекет немесе әре кетсiздiк арқылы жүзеге
асырылады.
Қылмыс құрылысы жағынан формальдық және
ол заңда көрсетiлген iс-әрекььер қауiпсiздiк
шаралары туралы мәлiметтердi бөтен адамға
немесе адамдарға жария еткен уақыттан
бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтiк жағынан қасақана
(тiкелей немесе жанама) түрде iстеледi.
Қылмыстың субъектiсi арнаулы 16-ға толған,
осы мәлiметтер өзiне сенiп тапсырылған
немесе оның қызметтiк iс-әрекеттерiне
байланысты белгiлi болған адам (жеке күзетшiсi,
хатшысы, көлiк жүргiзушiсi дәрiгерi, үй күтушiсi
және т.б.).
Қылмыс құрамы материалдық. Ауыр зардаптарға
- жауапты лауазымды адамды немесе оның
жақын туыстарын өлтiруге оқталу, оларға
ауыр дене жарақатын келтiру, үй-мүлкiн
жою т.б. зардаптар жатады. Кiнәлiнің зардап
жөнiндегi кiнә нысаны абайсыздық арқылы
көрiнiс табады.
2.2 Республикасының мемлекеттік шекарасының
мытзғымастығынв қол сұғатын қылмастар
Қазақстан Республикасының күзетiлетiн
Мемлекеттiк шекарасынан әдейi заңсыз
өту.
Қылмыстын тiкелей объектiсi Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасының
қол сұғылмайтындығын реттейтiн қоғамдық
қатынастар.
Қылмыс объективтiк жағынан алғанда Қазақстан
Республикасыньщң күзетiлетiн Мемлекеттік
шекарасынан белгiленген құжатсыз және
тиiстi рұқсатсыз әдейi заңсыз өту арқылы
жүзеге асырылады. Қылмыс күзетiлетiн Мемлекеттік
шекарадан кез келген тәсiлмен жаяу, көлiкпен,
әуе кемесiмен, сумен жұзу арқыы Қазақстан
Республикасының аумағына немесе оған
шекаралас мемлекеттің аумағына заңсыз
— белгiленген құжатсыз және тиiстi рұқсатсыз
өткен уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс формальдық құрама жатады. Бұл
жерде айта кететiн нәрсе — күзетiлетiн
мемлекеiттiк шекарадан заңсыз өту ғана
қылмыс деп қарастырылады. Егер шекара
ТМД елдерi арасында күзетiлмейтiн болса,
онда одан өту қылмыс деп қарастырылмайды.
Мемлекеттiк шекарадан өту, Қазақстан
Республикасынан кету және оған келу тәртiптерi
Мемлекеттiк шекара туралы Заңмен және
халықаралық келiсiмдермен реттеледі.
Қылмыс субъективтiк жағынан алғанда тiкелей
қасақаналықпен iстеледi. Кiнәлi адам Қазақстан
Республикасының күзетiлетiн Мемдекеттiк
шекарасынан белгiленген құжатсыз және
тиiстi рұқсатсыз әдейi заңсыз өтетiнiн
сезедi және соны iстеудi тiлейдi.
Абайсызда не амалсыздан, аса қажетгiлiк
жағдайда мемлекеттiк шекарадан өту қылмыс
деп танылмайды (Мысалы әуе, су кемесiнiң
апатқа ұшырау қаупi туғанда, басқа елдiң
аумағына амалсыздан қонуы, күрделi ауа
райына байланысты адасып ше караны бұзу
т.б.)
Мемлекеттiк шекараны бұзудың ниетi мен
мақсаты iс-әрекеттi саралауға қатысы жоқ,
олар тек жаза тағайындағанда ескерiледi.
Қылмыстың субъектiсi — 16-ға толған, кез
келген адам.
ҚК-тің 330-бабының 2-тармағында осы кылмыстың
мынадай ауырлататын түрлерi: а) адамдар
тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) немесе ұйымдасқан топпен; в) не күш
қолданумен немесе оны қолданбақ болып
қорқытумен жасалған дел сол әрекетгер
үшiн жауаптылық белгiленген.
Күш қолдану ден жәбiрленушiге жеңiл, ауырлығы
орта дәрежедегi жарақат келтіруді айтамыз.
Одан зор жарақат келтiрген жағдайда қылмыс
жиынтығы бойынша сараланады. Күш қол
данбақ болып қорқытудың түсiнiгiне ҚК-тiң
321-бабында тоқталғанбыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасын құқыққа қарсы өзгерту.
Қылмыстың тiкелей объектiсi күзетiлетiнiне
немесе күзетiлмейтiнiне қарамастан Қазақстан
Республикасының шекарасына қол сұғылмайтындығы.
Қылмыстық заты - шеқаралық белгі.
Қылмыс объективтiк жағынан: Қазакстан
Республикасының Мемлекеттiк шекарасын
құқыққа қарсы өзгерту мақсатында шекаралық
белгiлерлi алып тастау, орнын ауыстыру
немесе жою арқылы сипатталады.
Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен
iстеледi. Кiнәлi шекаралық белгiлердi алып
тастайынын, орнын ауыстыратынын немесе
жоятынын сезедi және соны iстеуді тiлейдi.
Қылмыстын мақсаты - заңға қайшы түрде
Қазақстан Республокасының Мемлекеттiк
шекарасын өзгерту.
Қыллмыстың субъектiсi 16-ға толған, кез
калгеон адам.
1.1 Ресми кұжаттар мен мемлекеттiк наградалардың
айналым
тәртібіне қарсы қалмыстар
Ресми құжаттар және мемлекеттік наградаларды
сатып алу немесе өткiзу.
Бұл қыдмыстың негiзгi тiкелей объектiсi
ресмт құжаттар мен мемлекеттiк наградаларды
айналымға занды түрде шығу тәртiбiн қамтамасыз
ететiн басқару қызметi болып табылады.
Қылмыстың заты – ресми құжаттар және
мемлекеттiк наградалар.
Қылмыстық кодекстiн 323 - бабында көрсетiлген
қылмыстын затында кез келген құжаттар
емес, тек қана ресми құжттар жатады.
Осы қылмыстын затына ресми құжаттардың
және мемлекеттiк наградалардың түпнұсқасы
жатады.
Объктивтiк жағынан алғанда кылмыс ресми
құжаттарды немесе мемлекеттiк наградаларды
заңсыз алу немесе заңсыз өткізу арқылы
көрiнiс алады.
Қылмыс кұрамы формальдық. Занда көрсетiлген
әрекеттер ресми құжаттарды немесе мемлекеттiк
наградаларды алған немесе өткiзген уақыттан
бастап қылмыс аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен
iстеледi. Кiнәлi адам заңсыз көрсетiлген
заттарды алатынын немесе өткiзетiнiн сезедi
және соны тiлеп стейдi.
Қылмыстың субъектiсi 16 - ға толғаң, есi
дұрыс адам.
Құжаттарды, мортаңбаларды, мөрддеоді
ұрлау немесе бүлдіру.
Қылмыстың тікелей объектiсі ресми құжаттардың
айналым тәртiбiне қол сұғу.
Қылмыстың заты азаматтық төлқұжат, жеке
басының куәлiгi немесе жеке басының басқа
маңызды құжаттары.
Қылмыстың затына ресми құжаттармен қатар
мөртаңба, мөр де жатады.
Көрсетiлген қылмыс құрамы объективтік
жағынан мындай әрекеттерді жасау арқылы
жүзеге асырылады: а) ресми құжаттарды,
мөртанбаларды немесе мөрлерді ұрлау;
б) заттарды жою; в) оларды бүлдiру, немесе;
г) жасыру.
Көрсетілген заттарды ұрлау деп мемлекеттік
немесе мемлекеттік емес мекеме, кәсіпорын,
ұйымдардың игілігіндегі осындай заттарды
кез келген құқыққа карсы тәсілмен алу
болып табылады.
Көрсетілген заттарды бүлдіру деп оны
ішінара жарамсыз ету болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағының осы көрсетілген
әрекеттерінің бірі жасалған жағдайда
қылмыс аяқталған деп есептеледі. Қылмыс
формальдык кұрамға жатады.
Қылмыс субъективтік жағынан алғанда
тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады.
Есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам осы қылмыстың
субъектісі болып табылады.
Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді,
мөркағаздарды, мемлекеттік наградаларды
қолдан жасау, дайындау немесе өткізу.
Қылмыстық кодекстің 325-бабының 1-тармағында
құкықтар беретін немесе міндеттерден
босататын куәлікті немесе өзге де ресми
құжатты қолдан жасау, не мұндай құжатты
өткізу, сол сияқты қолдан жасалған мөртаңбаларды,
мөрлерді, мөркағаздарды, Қазақстан Республикасының
немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын
дайындау немесе өткізгені үшін жауаптылық
белгіленген.
Көрсетілген қылмыстың қоғамға қауіптілігі
қолдан куәліктер мен құжаттарды жасау,
өткізу, сондай-ақ қолдан жасалған мөртаңбаларды,
мөрлерді, мөркағаздарды, мемлекеттік
наградаларды дайындау арқылы мемлекеттік
немесе мемлекеттік емес ұйымдардың, кәсіпорындардың
немесе мекемелердің заң қорғайтын мүдделеріне
елеулі нұқсан келтіріледі.
Қылмыстың тікелей объектісі құжаттарды,
мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды,
мемлекеттік наградаларды жасау, дайындау,
өткізудің заңмен белгіленген тәртібі
болып табылады.
Қылмыстың затына — куәліктер, ресми құжаттар,
мөртанбалар, мөрқағаздар, мөрлер, мемлекеттік
наградалар жатады.
Құқықтар беретін немесе міндеттерден
босататын куәліктерге тиісінше мемлекеттік
немесе мемлекеттік емес орган беретін
құжаттар жатады.
Мөркағазға —баспа әріптері арқылы құжат
мәтініне ішінара сөздер жазылған, белгілі
бір нысанға сай келетін қағаз парағы
жатады.
Көрсетілген заттарды ұрлау деп мемлекеттік
немесе мемлекеттік емес мекеме, кәсіпорын,
ұйымдардың игілігіндегі осындай заттарды
кез келген құқыққа карсы тәсілмен алу
болып табылады.
Көрсетілген заттарды бүлдіру деп оны
ішінара жарамсыз ету болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағының осы көрсетілген
әрекеттерінің бірі жасалған жағдайда
қылмыс аяқталған деп есептеледі. Қылмыс
формальдык кұрамға жатады.
Қылмыс субъективтік жағынан алғанда
тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады.
Есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам осы қылмыстың
субъектісі болып табылады.
Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді,
мөркағаздарды, мемлекеттік наградаларды
қолдан жасау, дайындау немесе өткізу.
Қылмыстық кодекстің 325-бабының 1-тармағында
құкықтар беретін немесе міндеттерден
босататын куәлікті немесе өзге де ресми
құжатты қолдан жасау, не мұндай құжатты
өткізу, сол сияқты қолдан жасалған мөртаңбаларды,
мөрлерді, мөркағаздарды, Қазақстан Республикасының
немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын
дайындау немесе өткізгені үшін жауаптылық
белгіленген.
Көрсетілген қылмыстың қоғамға қауіптілігі
қолдан куәліктер мен құжаттарды жасау,
өткізу, сондай-ақ қолдан жасалған мөртаңбаларды,
мөрлерді, мөркағаздарды, мемлекеттік
наградаларды дайындау арқылы мемлекеттік
немесе мемлекеттік емес ұйымдардың, кәсіпорындардың
немесе мекемелердің заң қорғайтын мүдделеріне
елеулі нұқсан келтіріледі.
Қылмыстың тікелей объектісі құжаттарды,
мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды,
мемлекеттік наградаларды жасау, дайындау,
өткізудің заңмен белгіленген тәртібі
болып табылады.
Қылмыстың затына — куәліктер, ресми құжаттар,
мөртанбалар, мөрқағаздар, мөрлер, мемлекеттік
наградалар жатады.
Құқықтар беретін немесе міндеттерден
босататын куәліктерге тиісінше мемлекеттік
немесе мемлекеттік емес орган беретін
құжаттар жатады.
Мөркағазға — баспа әріптері арқылы құжат
мәтініне ішінара сөздер жазылған, белгілі
бір нысанға сай келетін қағаз парағы
жатады.
Көрсетілген қылмыстың объективтік жағы
мынадай үш түрлі балама әрекеттерден
тұрады: 1) қүқықтар беретін немесе міндеттемелерден
босататын куәлікті немесе өзге де ресми
кұжатты қолдан жасау; 2) осы көрсетілген
куәлікті немесе ресми құжатты өткізу;
3) қолдан жасалған мөртанбаларды, мөрлерді,
мөркағаздарды, Қазақстан Республикасының
мемесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын
дайындау немесе өткізу.
Қылмыс формальдык құрамға жатады және
құрамның объективтік жағында көрсетілген
балама әрекеттердің біреуі жүзеге асқан
уақыттан бастап қылмыс аякталған деп
танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей
қасақаналықпен жасалады. Жалған куәліктерді,
ресми құжаттарды, мөртанбаларды, мөрлерді,
мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды
қолдан жасаған, дайындаған немесе өткізген
адам өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті,
заңға қайшы екенін сезеді және соңы біле
тұра қылмыстық ниетін жүзеге асырады.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, кез
келген адам.
Қылмыстың заты — жалған құжат. Объективтік
жағынан қылмыс көрінеу жалған құжатты
пайдалану әрекеті арқылы көрініс табады.
Қылмыс формальдык құрамға жатады және
ол жалған құжатты тиісті органға немесе
лауазым адамына ұсынған уақыттан бастап
аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыс
тікелеи қасақаналықпен істеледі. Адам
көрінеу жалған құжатты пандаланғанын
сезеді, біледі жәме соны пайдаланып, өз
мақсатын жүлегс асырады.
Қылмыстың субъектісі жалпы — 16-ға толған
адам.
2.4 Әскери қызметке шақыру тәртібіне қарсы
қылмыс
Әскери қызметтен жалтару.
Қылмыстың тікелей объектісі — әскери
қызметке шақырылу тәртібі болып табылады.
Объективтік жағынан алғанда қылмыс әскери
қызметтен босату үшін занды негіздер
болмаған кезде осы қызметке шақырудан
жалтару арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей
қасақаналыкпен істеледі. Адам әскери
қызметке міндетті бола тұра занды негізсіз
әскери қызметке шақырылудан жалтарғанын
сезеді және соңы тілейді.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — Қазақстан
Республикасының әскери қызметті өтеуге
міндетті шакыру жасына толған, әскери
қызметке жарамды деп танылған, одан босатылуға
занды негізі жоқ азаматтары болып табылады.
2.5 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
рәміздеріне қарсы
қылмыстар
Қазакстан Республикасының Мемлекеттік
туын, Мемлекеттік елтаңбасын немесе Мемлекеттік
әнұранын қорлау.
Қылмыстың тікелей объектісі — Қазақстан
Республикасының басқару тәртібі, Мемлекеттік
рәміздерінің беделі.
Кылмыстың заты — Мемлекеттік ту, Мемлекеттік
елтаңба, Мемлекеттік әнұран.
Қылмыстың объективтік жағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік
елтаңбасын, Мемлекеттгк әнүлданын қорлау
арқылы сипатталады.
Қылмысты әрекеттер жария түрде жүзеге
асырылуы қажет.
Қылмыс формальдық құрамға жатады және
ол заңда көрсетілген заттарды қорлау
әрекеттерін жасаған уақыттан бастап
аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан алғанда
тікелей касаканалықпен істеледі. Кінәлі
адам мемлекеттік рәміздерді қорлайтынын
сезеді жөне соңы істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі 1б-ға толған адам.
Мемлекеттік туды заңсыз көтеру.
Объективтік жағынан алғанда қылмыс Қазақстан
Респуб-ликасының Мемлекеттік туын сауда
кемесінде заңсыз көтеру арқылы сипатталады.
Қылмыс құрамы формальдык, қылмыс Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік туын сауда
кемесінде заңсыз көтерген сәттен бастап
аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей
қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы, Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік туын сауда
кемесінде заңсыз көтеруге бұйрық берген
кеме капитаны.
2.6 Басқару тәртібін қамтамасыз ететін
жекелеген ережелерге
қол сұгатын қылмыстар
Өзінше билік ету.
Қылмыстың тікелей объектісі талас туғызатын
құқықты жүзеге асыру тәртібі.
Қосымша тікелей объект азаматтардың
немесе ұйымдардын құқықтары немесе занды
мүдделері болуы мүмкін.
Қылмыстың заты талас туғызатын нәрселер
болады. Елеулі түрде зиян шеккен азаматтар
немесе заңды тұлғалар жәбірленушілер
болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс адамның, талас
туғызатын нақты немесе жорамал қүқығын
заңда белгіленген тәртіптен тысқары
өз бетімен жүзеге асырып, жәбірленушіге
елеулі түрде зиян келтіру арқылы жасалады.
Өзінің нақты немесе болжамды талас туғызатын
құқығын белгіленген тәртіптен тыс өз
бетімен жүзеге асыру деп, өзіне тиесілі
құқықты занда белгіленген тәртіппен
емес, өз бетіншс жүзеге асыруы болып табылады.
Зардап — қылмыс құрамының міндетті белгісі
болып табылады. Зардап заң қорғайтын
мүдделерге елеулі зиян келтіру арқылы
көрініс табады.
Субъективтік жағынан алғанда қылмыс
тікелей немесе жанама қасақаналықпен
жүзеге асырылады.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.
Күш қолдану кез келген тәсілмен — өмірге
қауіпті немесе қауіпсіз түрде жүзеге
асырылуы мүмкін.
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын
өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның
атағын өз бетінше иелену.
Қылмыстың объектісі басқару тәртібін
қамтамасыз ететін жауапты өкімет өкілі
мен лауазымды адамның бірқалыпты қызметі,
ал қосымша тікелей объектісі басқару
органының беделі болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс әрекет күйінде
жауапты лауазым атқаратын өкімет өкілінің
немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше
иелену арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс құрамы формальдық, занда көрсетілген
іс-әрекет орын алған уақыттан бастап
аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей
қасақаналықпен, жауапты мемлекеттік
лауазым атқаратын өкімет өкілінің немесе
лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену
мақсатымен істеледі.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған адам.
Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары
мен белгілерін заңсыз пайдалану.
Қызыл Жарты ай імен Қызыл Крест ұйымдарына
зор міндеттер жүктелген. Осы ұйымның
жарғысына сәйкес Қызыл Жарты ай мен Қызыл
Крест ұйымдары бейбіт уақытта халықты
санитарлық қауіпсіздікті нығайтуға,
стихиялық апаттардан зардап шеккендерге
материалдық жәрдем көрсетуге, медициналык-санитарлық
көмек беруге жұмылдыруға бағытталған.
Объективтік жағынан қылмыс әрекет арқылы
— заңсыз эмблемаларды және айырым белгілерін
пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей
қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет
әртүрлі болуы мүмкін.
Қылмыс субъектісі 16-ға толған адам.
Байланыс желілеріп күзету ережелерін
бұзу.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда қалааралық
байланыстың кабель жүйелерінің күзету
ережелерің бұзу нәтижесінде кабель жүйелеріне
зақым келіп, байланыстың үзілуіне әкеліп
соғатын әрекеттер арқылы сипатталады.
Қылмыстық кодекстің 333-бабының диспозициясы
бланкеттік.
Қылмыстың зардабы — байланыстың үзілуі
түрінде көрсетілген, байланыстың үзілуі
едәуір уақытқа созылуы қажет және оны
қалпына келтіру үшін жөндеу жұмысы жүргізілуі
қажет.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналыкпен
немесе абайсыздықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.
Жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді,
көше шерулерін және демонстрацияларды
ұйымдастыру меи өткізу тәртібін бұзу.
Қылмыстың тікелей объектісі жиналыстарды,
митингілерді. пикеттерді, көше шерулерін,
демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудің
белгіленген тәртібі.
Объективтік жағынан талданып отырған
қылмыс құрамы әрекет немесе әрекетсіздік
арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қылмыс құрамы материалдық, заңда көрсетілген
зардап орын алса, ол аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей
қасақаналықпен істеледі, яғни кінәлі
адам занда белгіленген тәртіпті бұзғанын
сезеді және соңы жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстың субъектісі — жиналысты, митингіні,
пикетті, көше шеруін немесе демонстрацияны
ұйымдастырушы (арнаулы сүбъект).
Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған
ереуілге басшылық жасау, косіпорынның,
ұйымның жұмысына кедергі келтіру.
Қылмыстың объектісі болып белгіленген
төтепше жағдай туралы заңды бұзу және
ұйымдардың басқару қызметіне кедергі
жасау болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс әрекет күйінде
жасалады. Яғни төтенше заң тыйым салған
ереуілді басқару арқылы мекеме, кәсіпорын,
ұйым жұмысына кедергі келтіріледі.
Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей
қасақамалықпен жүзеге асырылады. Қылмыстың
субъектісі ереуілді басқарушылар ғана
болады.
Қоғамдык бірлестік мүшелерінің мемлекеттік
органдардың қызметіне заңсыз араласуы.
Қылмыстың, тікелей объектісі қоғамдык
бірлестік қызметін реттейтін қоғамдық
қатынастар.
Объективтік жағынан қылмыс әрекет арқылы
— қоғамдық бірлестік мүінелерінің мемлекеттік
органдардың занды қызметіне әртүрлі
кедергілер жасау, мемлекеттік органдарға
тиесілі қызметті өздеріне жатқызу, мемлекеттік
органның лауазымды адамының атқаратын
функциясын иеленіп әртүрлі әрекеттер
жасау жолымен жүзеге асырылады. Қылмыс
субъективтік жағынан қасақаналықпен
жүзеге асырылады.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, қоғамдық
бірлестік мүшелері.
Заңсыз қоғамдық бірлестіктер құру немесе-олардың
қызметіне қатысу.
Объективтік жағынан талданып отырылған
құрам белсенді әрекет күйінде: заңсыз
діни немесе қоғамдық бірлестіктер құру;
оларға басшылық жасау; шет мемлекет, шетел
азаматтары немесе халықаралық ұйымдар
қаржыландыратын діни партиялар, саяси
партиялар, кәсіподақтар құру және оларға
басшылық жасау арқылы жузеге асырылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей
қасақаналықпен жузеге асырылады.
Қылмыстың субъектісі арнаулы, заңсыз
қоғамдық бірлестіктер құрған немесе
оған басшылық жасаған 16-ға толған адам.
Шет мемлекеттердің саяси партиялары
мен кәсштік одақтарына жәрдем көрсету.
Қылмыстың тікелей объектісі шет мемлекеттердің
саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына
жәрдем көрсетудің заңды белгіленген
ережелерін бұзу болып табылады.
Қылмыс объективтік жағынан мынадай әрекеттер
арқылы жүзеге асырылады: басқа мемлекеттердің
саяси партияларын, кәсіподақтарын қаржыландыру,
оларға үй-жай, мүлік беру, өзге де жәрдем.
Қылмыстың объективтік жағының міндетті
белгісі, оның зардабы — азаматтар мен
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің,
не қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын
мүдделерінің елеулі түрде бұзылуы болып
табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей
қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам
шет мемлекеттердің саяси партиялары
мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсетуге
болмайтынын сезеді, біледі, бірақ солай
істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.
Нарық қатынастары табалырықтын аттап
меншік түрі өзгеріске ұшырасысымен заман
талабына сай заңдарымыз да жаңара бастады.
Қылмысқа қарсы күрес жүргізетін құқық
қорғау органдарының сапына жаңа құрылымдар
қосылды. Қанша жерден ұрпақ ауысып уақыт
озды дегеншімізбен қоғам мен мемлекет
мүддесіне қарсы жасалатын қылмыстардың
сырт пішіні өзгеріп, қулық, құйтырқысы
күрделенгенімен оның ішкі мен мазмұны
сол қүйінде қолып қойды. Осы қылмыстар
бір-бірімен тамыранып жатқан осынау қылмыстық
топтардың ортасынан ата, мансаптары дардай
облыс әкімдері мен базбір министрлердін
төбе көрсетіп қамды сыбайласып жемқорлық
жасаудың бірінші күні қаншалықты өрісін
кеңейтіп, бел алып отырғандығын әйгілесе
керек. Еліміздегі жағдайды былай қойғанда,
бір ғана оңтүстік Қазақстан облысында
отен жалдың бедерінде. Өз өкіметтіктерін
пайдаланып заң талаптарына қарама қаймы
әрепеттерге барып, әртүрлі алақолдылық
жасаған 264 лайазымды тұлғаның тәртіптік
жауапкершіліпке тартылып, 9 адамның қылмысы
үшін сотталуның өзі жоғарыдағы кейбір
ұлықтардан төленгі деңгейдегі шенеуні
ктердің де қалыс қала қоймай тындығын
окнық көрсетіп отыр.
Оның сыртында прокуратура органдарымен
жүргізілген қадағолау шаролады барысында
өздерінең өпімттіктерін пайдалана отырып
1548-і 321-і әкімшіліп, 181-і материалдықжауапкершіліктерге
тартысып, жазаланған.
Мамандардың пікіріне құлақ түрсек, мемлекеттік
органдар заң бұзушылық пен жасалатын
қылмыстық өзі сан түрлі.
Осы қылмыстарға қатысты қорытындалай
келгенде, алдына қойған мақсатқа жетіп,
осы қылмыстарға байланысты мән жайлардың
бәрін ашып көрсеттім деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер.
2. Негізгі.
2.1 А.Н. Анағыбаев. Қылмыстык құқық ерекше
бөлімі. Алматы жеті жарғы 2000 ж.
3. Қосымша.
3.1 Заң және заман журналы 2003 ж. қыркүйек-қазан.
3.2 Заңгер 2003 11 қараша.
3. Нормативтік құқықтық актілер.
3.1 Қазақстан Респбуликасының Қонститутциясы.
3.2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексі
Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс – жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Ел ішінде жүргізіліп жатқан кешенді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл ішінде кез келген құқықтың мемлекеттік алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып табылатын бірқатар заңдар: Конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-атқару кодексі және т.б. қабылданды.
Соңғы жылдары жүргізілген
реформалардың нәтижесінде
ҚР Президенті «Қазақстан – 2030» республика халқына Жолдауында «Біздің міндет - Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау», - деп айтқан болатын. Міне, осындай маңыз беріліп отырған басқару саласына қарсы қылмыстарға Қылмыстық кодексте арнайы тарау бөлінген (14-тарау). Біздің курстық жұмысымыз осы қылмыстарды жіктеуге, оларды бір-бірінен ажырата білуге арналған.