Қазақстан Республикасының Заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 21:04, реферат

Краткое описание

Осы Заң Қазақстан Республикасында өнiмдердiң, процестердiң, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiнiң құқықтық негіздерiн белгілейдi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Заңы.docx

— 19.67 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Заңы

 Техникалық реттеу  туралы 

Осы Заң Қазақстан Республикасында өнiмдердiң, процестердiң, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiнiң құқықтық негіздерiн белгілейдi.

  1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Негiзгі ұғымдар

   Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

       1) аккредиттеу  - уәкiлетті орган сол арқылы  заңды тұлғаның белгiленген талаптарға  сәйкестiгiн растау жөнiндегi нақты  жұмыстарды орындау құзыреттігін  ресми танитын рәсiм;

       2) аккредиттеу  аттестаты - сәйкестікті растау  және аккредиттеу саласында жұмыстар  жүргізу ережелерiне сәйкес берiлетiн,  сәйкестігін растау жөнiндегі  органның және (немесе) сынау, өлшеу,  салыстырып тексеру, калибрлеу  зертханаларының (орталықтарының) (бұдан  әрi зертханалар) сәйкестіктi растау  саласында нақты жұмыстарды орындауға құқығын куәландыратын құжат;

       3) аудит (сәйкестiкті растау саласындағы) - аккредиттелген сәйкестігін растау жөніндегi органдардың және/немесе сынау, өлшеу, тексеру, калибрлеу зертханаларының (орталықтарының) қызметіне жүргiзiлетін жүйелi, тәуелсiз құжатталған талдау, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң бастамасы бойынша жүргізiлетін сертификатталған өнiмнiң, оның өмiрлiк циклi процестерiнiң, сапа жүйелерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бақылау;

       4) өнiмнiң,  оның өмiрлiк циклi процестерiнің  қауiпсiздігі (бұдан әрi - қауiпсiздiк) - жеке адамдардың өмiрi мен  денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде жануарлардың өмiрi мен  денсаулығына, өсiмдiктерге, жеке және  заңды тұлғалардың мүлкiне зиян келтiрумен байланысты жол берiлмейтін қатердiң болмауы;

       5) техникалық  реттеу саласындағы нормативтік  құқықтық актілер талаптарын  сақтауға мемлекеттiк бақылау - техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптарының сақталуын тексеру жөніндегі уәкiлетті мемлекеттiк органдардың қызметi;

       6) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік топтамасы - өнiмнiң техникалық-экономикалық ақпарат объектілерiнің жiктеме топтарының кодтары мен атауларының жүйелi жинағын көрсететiн құжат;

       7) мемлекеттiк  стандарт - уәкiлеттi орган бекiткен  және тұтынушылардың көпшiлігі қол жеткiзе алатын стандарт;

       8) Қазақстан  Республикасының техникалық реттеу  саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерi мен стандарттарының мемлекеттiк қоры - мемлекеттiк органдардың құзыретi шегінде қалыптастырылатын техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлердiң, стандарттардың және өзге де нормативтiк құжаттардың арнайы қорларының жиынтығы;

       9) техникалық  реттеудiң мемлекеттiк жүйесi - өзiнiң  құзiретi, сондай-ақ техникалық реттеу  саласындағы нормативтiк құқықтық  актiлер, стандарттар және басқа  құжаттар шегiнде жұмыстарды жүзеге  асыратын мемлекеттiк органдардың,  жеке және заңды тұлғалар жиынтығы;

       10) сәйкестiк  туралы декларация - дайындаушы өзi айналымға шығаратын өнiмнiң белгiленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

       11) сәйкестіктi epiкті түрде растау - дайындаушының, сатушының бастамасы бойынша жүргізiлетін, өнiмнiң және процестердiң стандартқа, өзге де нормативтік құжатқа немесе тұтынушының арнайы талаптарына сәйкестігiн растау жүзеге асырылатын процедура;

       12) epiкті түрде сертификаттау - өнiмнiң және процестердiң стандарттар, нормативтiк құжаттар немесе тапсырыс берушi мәлiмдеген шарттар талаптарына сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың қатысуымен өнiмдер мен процестердiң сәйкестігiн растау нысаны;

       13) өнiмнiң  өмiрлiк циклi - өнiмдi жобалау, өндiру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткiзу, пайдаға асыру және жою процестерi;

       14) өтiнiш  берушi - сәйкестігін растау үшiн  өнiмдi, процестердi ұсынған жеке  немесе заңды тұлға, сондай-ақ сәйкестiктi растау саласында аккредиттелуге және аудитке тапсырыс берген заңды тұлғалар;

       15) мүдделi тараптар - қызметі әзiрленетiн техникалық  реттеу саласындағы нормативтік  құқықтық актiлердi қолдану саласымен  тiкелей байланысты жеке және  заңды тұлғалар, заңды және жеке тұлғалар бiрлестiктерi (одақтар, қоғамдастықтар), сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;

       16) сәйкестік  белгісi - өнiмнiң техникалық реттеу  саласындағы нормативтiк құқықтық  актiлер, стандарттар мен басқа  да құжаттар талаптарына сәйкестігін  растау рәсiмiнен өткенi туралы сатып алушыларды хабарлауға арналған белгi;

       17) өнiмдi бiрегейлендiру - өнiм сипаттамасын  оны анықтайтын белгілерге сол  арқылы теңестіру белгiленетiн  рәсiм;

       18) дайындаушы (орындаушы) - өнiмдi одан әрi аластату  немесе өндiрiстік мақсаттарда  өзi пайдалану үшін өндiретiн, сондай-ақ  ақылы және (немесе) ақысыз шарт  бойынша жұмыстарды орындайтын  немесе қызмет көрсететiн жеке  немесе заңды тұлғалар;

       19) бақылау  - тиiсті сынаулармен және өлшеулермен  қоса жүретін бақылаулар әрi тұжырымдар жасау жолымен жүзеге асырылатын сәйкестіктi растау нысаны;

       20) халықаралық  стандарт - стандарттау жөнiндегi халықаралық  ұйым қабылдаған және тұтынушылардың  көпшiлігі қол жеткен алатын стандарт;

       21) сәйкестiкті  мiндетті түрде растау - өнiмнiң  техникалық реттеу саласындағы  нормативтiк құқықтық актiлер  талаптарына сәйкестігін растау  сол арқылы жүзеге асырылатын  рәсiмдер;

       22) мiндетті түрде сертификаттау - сәйкестiктi растау жөнiндегi органның қатысуымен өнiмнiң және процестердiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына сәйкестігін растау нысаны;

       23) аккредиттеу  саласы - сәйкестiктi растау саласындағы  жұмыстарды жүзеге асыратын сәйкестікті  растау жөніндегi аккредиттелген  органдарға және (немесе) зертханаларға бекiтiлiп берiлген объектiлердің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер, стандарттар немесе шарттар талаптарына сәйкестігiн белгілеу жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн объектiлер тізбесi;

       24) сәйкестіктi растау жөнiндегi орган - сәйкестіктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау  үшiн белгіленген тәртiппен аккредиттелген  заңды тұлға;

       25) өнiм (қызмет көрсету) - процесс немесе қызмет нәтижесi;

       26) сәйкестiкті  растау - нәтижесi объектiнiң техникалық  реттеу саласындағы нормативтік  құқықтық актiлер, стандарттар  талаптарына немесе келiсiмдер  шарттарына сәйкестігін құжаттамалық  куәландыру (сәйкестік туралы декларация  немесе сәйкестік сертификаты  түрiнде) болып табылатын рәсiм;

       27) процесс  (жұмыс) - өнiмнiң өмiрлiк кезеңiнiң  процестерiн қоса қандай да  бiр тапсырылған нәтижеге жету  жөнiндегi өзара байланысты және  жүйелi iс-қимылдар жиынтығы;

       28) тәуекел  - азаматтардың өмiрiне немесе  денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекет  мүлкiне, жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкiне зиян келтiру ықтималдығы;

       29) техникалық  реттеудiң мемлекеттік жүйесiнің  тiзiлiмi (қағаз, электронды) - техникалық  реттеу саласындағы нормативтік  құқықтық актілер, стандарттар  және басқа құжаттарды, стандарттау жөнiндегi техникалық комиссияларды, сәйкестік сертификаттарын, сәйкестік туралы декларацияларды, сәйкестiктi растау жөнiндегі аккредиттелген орындарды, зертханаларды, сарапшы-аудиторларды есепке алу құжаты;

       30) өңiрлiк  стандарт - стандарттау жөнiндегі  өңiрлiк ұйым қабылдаған және  тұтынушылардың көпшiлігі қол жеткiзе алатын стандарт;

       31) стандарттау  жөнiндегi өңiрлiк ұйым - тек қана бiр өңiрдiң: географиялық, саяси немесе экономикалық стандарттау жөнiндегі тиiстi органдары үшiн қызметiне қатысуда ашық стандарттау жөнiндегі халықаралық ұйым;

       32) сертификаттау  - сәйкестіктi растау жөнiндегi аккредиттелген органдардың өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптарына, стандарттардың ережелерiне немесе келiсiмдердiң шарттарына сәйкестігін растау нысаны;

       33) сәйкестік сертификаты - өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерiне сәйкестігін куәландыратын құжат;

       34) стандарт - техникалық реттеу объектiсiне ережелердi, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгiлейтiн нормативтiк құжат;

       35) ұйым  стандарты - ұйым бекiткен стандарт;

       36) стандарттау  - нақты қолда бар және әлеуетті  мiндеттердi шешуге қатысты жалпылама  және көп мәрте пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнiмдер мен оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын талаптарды оңтайлы реттеу дәрежесiне жетуге бағытталған қызмет;

       37) сәйкестікті  растау сызбасы - объектiнiң техникалық  реттеу саласындағы нормативтік  құқықтық актiлер, стандарттар  немесе шарттар талаптарына сәйкестігiн  осы жұмысты жүргізудiң нақты  кезеңдерiн (сынаулар, өндірісті бағалау, сапа жүйесiн бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және т.б.) сипаттай отырып белгiлеу тәсiлдерi;

       38) техникалық  реттеу - санитарлық және фитосанитарлық  шараларды қоспағанда, сәйкестiкте  растау, аккредиттеу және белгіленген  талаптардың сақталуын мемлекеттік  бақылау жөнiндегi қызметті қоса  алғандағы өнiмге, процестерге  қойылатын мiндетті және ерiктi талаптарды белгiлеу, қолдану  және орындау саласындағы қарым-қатынастарды құқықтық және нормативтiк реттеу;

       39) техникалық  сарапшы - сәйкестігi расталатын объектiге қатысты қолданылатын арнаулы бiлiмi немесе тәжiрибесi бар адам;

       40) стандарттау  жөнiндегі техникалық комиссия - мүдделi мемлекеттiк органдар мен  өзге де ұйымдардың құрылымдық  бөлiмшелерi ретiнде олардың ұсыныстары  негізiнде бекiтiлген стандарттау  объектiлерi немесе қызмет бағыттары  бойынша техникалық реттеу саласындағы  нормативтiк құқықтық актілер  және басқа да нормативтiк құжаттарды әзiрлеу үшiн салаларда ерiктi негiзде экономика салаларында құрылатын консультативтік-кеңесу органы;

       41) уәкiлетті  орган - техникалық реттеу саласындағы  жұмыстарды заңға сәйкес басқаруға және стандарттау, сәйкестігін растау және аккредиттеу мәселелерi бойынша халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiруге уәкiлетті мемлекеттік орган;

       42) сәйкестiктi растау нысаны - нәтижелерi өнiмнiң  белгіленген техникалық реттеу  саласындағы нормативтік құқықтық  актілер немесе стандарттар немесе  шарттар талаптарына сәйкестігінiң  дәлелдемесi ретiнде қарастырылатын iс-қимылдардың белгiленген жиынтығы;

       43) сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитор  - уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен аттестаттаған маман.

 

        2-бап.  Осы Заңның қолдану саласы

 

       1. Техникалық  реттеу өнiмге, оның өмiрлiк  циклінің процестерiне, оның сәйкестiгiн  растауға қойылатын мiндетті және ерiкті талаптарды белгiлеу, қолдану және орындау және техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау саласында жүзеге асырылады.

       2. Техникалық  реттеудiң объектiлерi өнiм және  процестер, олардың сәйкестiгiн  растау, аккредиттеу және техникалық  реттеу саласындағы нормативтік  құқықтық актілердiң талаптарының  сақталуына мемлекеттік бақылау болып табылады.

       3. Мемлекеттiк  органдар, сондай-ақ заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын және техникалық реттеу объектiлерiне қатысты Қазақстан Республикасының Азаматтық заңдарына сәйкес пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеудiң субъектілерi болып табылады.


Информация о работе Қазақстан Республикасының Заңы