Қазақстан Республикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 05:38, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы − 140 ұлттың өкілдері тұратын, 40-тан астам діни бағыттағы ұйымдар шоғырланған көп ұлтты, көп дінді мемлекет. Қазақстандағы діни сенушілердің 95% мұсылмандар мен православтықтардан құралған. Республикада барлығы 4362 діни бірлестіктер, оның ішінде 2640 мұсылмандық, 296 православтық, 85 католиктік, 1264 протестанттық, 28 иудейлік, 44 дәстүрлі емес, 5 буддистік, тіркелген. Қазақстанның дінаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясаты дінаралық сұхбатты дамытуға, толеранттылықты нығайтуға және дін саласындағы заң талаптарын орындауға бағытталуымен сипатталады. Қазақстанда дінаралық келісім мен тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін барлық жағдайлар бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасы.doc

— 47.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы − 140 ұлттың өкілдері тұратын, 40-тан  астам діни бағыттағы ұйымдар  шоғырланған көп ұлтты, көп дінді  мемлекет. Қазақстандағы діни сенушілердің 95% мұсылмандар мен православтықтардан құралған. Республикада барлығы 4362 діни бірлестіктер, оның ішінде 2640 мұсылмандық, 296 православтық, 85 католиктік, 1264 протестанттық, 28 иудейлік, 44 дәстүрлі емес, 5 буддистік, тіркелген. Қазақстанның дінаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясаты дінаралық сұхбатты дамытуға, толеранттылықты нығайтуға және дін саласындағы заң талаптарын орындауға бағытталуымен сипатталады. Қазақстанда дінаралық келісім мен тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін барлық жағдайлар бар. Ұлтаралық және дінаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастың тұрақтылығын қолдау Қазақстанның 2010-2020 жылғы дағдарыстан кейінгі кезеңде дамуының бес негізгі бағыттарының бірі ретінде көрсетілді. Көп дінді Қазақстандағы қазіргі діни жағдай күрделі әрі үдемелі, үнемі сандық және сапалық өзгерістер болып жатады. Дәстүрлі діндер, ислам және христиандық, қазақстандық қоғамның қалыптасуында мәдениетті құраушы маңызды факторлардың бірі болды. Бүгінгі контексте олардың аса маңызды гуманистік бітімгерлік қарымы бар екенін және Қазақстандағы қоғам өміріне оң ықпал етіп отырғанын атап өткен жөн. Дәстүрлі діндер арасындағы қарым-қатынастың конструктивті сұхбат жүргізу аясында дамуы қазақстандық қоғамдағы дінаралық және ұлтаралық келісімге мүмкіндік туғызады, сондай-ақ оның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің маңызды факторы болып отыр. Дәстүрлі емес діни ұйымдар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдары кеңінен етек жая бастады және Қазақстандағы діни көпжақтылықтың жаңа факторына айналды. Қазақстан қоғамында дәстүрлі емес діндердің бой көрсетуі және қызметінің қауіпті тенденцияны байқатып отырғандығы объективті ғылыми зерттеулерді талап етеді. Демократиялық дискурсті айқындайтын діни плюрализм діни жағдайды қиындатады және келесі мәселелерді туындатады. Біріншіден, ол демократиялық кеңістіктегі дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ұйымдардың қарым-қатынасы. Қазақстан мұсылмандарының рухани басқармасы, Орыс православ шіркеуі мен дәстүрлі емес діни ұйымдар арасындағы сұхбат мүмкін бе? Бұл жерде әңгіме жай ғана формальды сұхбат жөнінде емес, консруктивті сұхбат жөнінде. Екіншіден, бір жағынан, діни сенім бостандығына кепілдік беретін, екінші жағынан, қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтуға және деструктивті тенденциялардың алдын алуға бағытталған салмақты мемлекеттік-конфессиялық саясат. Бұл мәселе, ең алдымен, құқықтық аспектілерді өзектендіреді. Қазақстанның діни кеңістігінде дәстүрлі емес діни ұйымдардың белсенді таралуына орай тартыс тудыратын факторлар да жоқ емес. Олардың белсенді таралуына әлеуметтік-экономикалық бағыттағы мәселелер, индивидтің өмірдегі рухани ізденістері ықпал етеді. 7 Оларды ескермеуге болмайды. Гуманитарлық зерттеу орталығының (ГЗО) мәліметі бойынша 4-ке жуық пайызды (%) құрайтын «дәстүрлі емес» діндерді ұстанушылар санының аздығына қарамастан (Косиченко А.Г.Курганская В.Д., Нысанбаев А.Н., Бегалиев Н.К. Взаимодействие религий в Республике Казахстан.- Алматы: Центр гуманитарных исследований, Издательство «Искандер», 2006. 46 б.), олар өзге діни ұйымдарға қарағанда айтарлықтай белсенділігімен ерекшеленеді. Қазақстандағы «дәстүрлі емес» діндердің ішінде соңғы онжылдықта кең таралған протестанттық бағыттағы діни ұйымдарды атап өткен жөн. Әлбетте, протестанттық деноминациялар Қазақстанда ХІХ ғасырдан бері шоғырлана бастаған, бірақ-та, республика тәуелсіздік алған кезде пайда болған протестанттық ұйымдар бар. Атап айтсақ, Жаңа апостолдық шіркеу, Иегова Куәгерлері және т.б. «Дәстүрлі емес» діндердің арасында аталмыш харизмалық ағымдар бой көрсетуде: «Агапе», «Новая жизнь», «Новое небо», «Илия», «Благая весть», т.б. ҚР ӘМ діндер ісі жөніндегі Комитеттің мәліметінде Қазақстандағы протестанттық деноминациялар мен харизмалық ағымдар, сонымен қатар, респуликадағы Бахаи қауымы, Церковь Объединения, Церковь Последнего Завета, Сайентология және т.б. «дәстүрлі емес» діни ұйымдар жаңа құрылымдар ретінде есепке алынған. Қазақстан аумағында «дәстүрлі емес» діни ұйымдардың таралуының келесі себептерін көрсетуге болады. Сенім мен сенімсіздік аралығында күмәнданушы «дін төңірегіндегі» тұрғындар санының едәуір көп болуы. Мұндай «дінсымақ» адамдар «дәстүрлі емес» діндердің миссионерлері үшін қолайлы жағдай тудырады. Екіншісі, бұқаралық діни сауатсыздық, негізгі діни білімнің жоқтығы. Бұл қазіргі діни жағдайда адамдардың бағыт-бағдарын бұрмалауға және оларды діни насихат жүргізуде ыңғайлы нысанаға алуға мүмкіндіктер тудырып береді. Үшіншісі, бұл «дәстүрлі емес» діни ұйымдардың догмалық, культтық, ұйымдастырушылық ерекшеліктері. Догмалық тұрғыда жаңа діни ағымдар жеңіл жол мен жауап іздеген бұқаралық тұтынушы қоғам адамының санасына негізделген тиімді догматтармен ерекшеленеді. Бұған дейін көрсеткендей, жаңа діни ағымдарды сипаттайтын діннің өз ішіндегі дедогматизация мен секуляризация үдерісі, діннің өзіне зайырлылықты енгізу тенденциясы қазіргі зайырлы қоғам адамының оларға деген қызығушылығын тудырып отыр. Культтік тұрғыда, діни қызметтің қазіргі адам талғамдарына жауап беретін, бір көзбен қарағанда, өзіндік демократтық пішіні айқындалады. Зерттеуші Г.Т.Телебаев көрсеткендей, «ислам мен православиеге қарағанда дәстүрлі емес діндер жас ұрпақтың өзгермелі талғамын ескеретін жаңашылдыққа неғұрлым ашық» (Телебаев Г.Т. Ценностные ориентации казахстанцев в религиозной сфере// Глобализация и диалог конфессий в странах Центральной Азии: Материалы международной научно-практической конференции - Алматы: Институт Философии и Политологии МОН РК, 2002.-277б.−Аударған мақала авторлары). Ұйымдастырушылық бағытта «дәстүрлі емес» діни ұйымдар өзінің көп ошақты әлеуметтік кеңістігімен, дүниетанымдық плюрализммен ерекшеленетін қазіргі қоғамның желілік құрылымына сәйкес. «Дәстүрлі емес» 8 діни ұйымдардың ұйымдастырушылық құрылымы, дәстүрлі діндерге қарағанда, бұл дүниедегі табыстар мен о дүниедегі жеңілдіктерге бағытталған нарықтық қатынастарға анағұрлым сәйкестелген. Қазақстандағы жаңа ағымдардың басым көпшілігі этикасы, социолог М.Вебердің пікірі бойынша, кәсіпкерлікке, қаржылық табысқа негізделген протестанттық бағыттағы ұйымдар болып отыр. Бұл идеялар Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың дамуы жағдайында адамдарды аса қызықтырады. Төртіншісі, жаңа діндерді ұстанушылар өз миссионерлік қызметін белсенді атқарады. Олар түрлі жағдайларға икемделіп, елдегі әртүрлі топтардың психологиялық ерекшеліктерін ескере әрекет ете алады. Олар жастарға, олардың ауыспалы талаптары мен талғамдарына баса назар аударыды. Алматы қ. «Қазақстан жастарына діни ұйымдардың ықпалы» атты тақырып бойынша ГЗО жүргізген зерттеулер «дәстүрлі емес» діндердің, соның ішінде жаңа протестанттық діни ұйымдар мүшелерінің басым көпшілігі жастардан құрылғанын анықтады. Бұл феномен былай түсіндіріледі: «Бұл жерде жастардың бойына тән жалпы қарсыластық қасиет, «басқалардан ерекше болуға талпыныс» ықпал етеді (респонденттердің жауаптары бойынша). Сонымен бірге, жас адамдар «дәстүрлі емес» діндер тарапынан жастарды өздеріне тарту үшін қазіргі психологиялық технологиялар қолданылатынын, діни ағымдардың уағыздаушыларының психологиялық дайындығы жоғары екендігін атап көрсетті» (Курганская В.Д., Дунаев В.Ю., Косиченко А.Г., Подопригора Р.А., Садовская Е.Ю., Чупрынина И.Ю. Влияние религиозных организаций на молодѐжь в Казахстане (Научно-исследовательский отчет). – Алматы: Центр гуманитарных исследований, 2003, с.30. – Аударған мақала авторлары). Қазақстанда жаңа діни ағымдардың таралуы аясында сипатталған діни плюрализм жағдайының болашақта дамуының қазақстандық қоғам үшін қандай салдары болмақ, Осы сұраққа орай қазақстандық зерттеушілерді екі топқа жіктеуге болады. Зерттеушілердің бірінші тобы, атап айтқанда А.И.Артемьев, Я.Ф.Трофимов, аталмыш діни плюрализм демократиялық қоғамның ажырағысыз белгісі болып отырған діни сенім бостандығының көрінісі деп есептейді. Демек, олар үшін постсоветтік кеңістіктегі ең либеральді заң деп танылған 1992 жылғы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңды» қатаңдату талабы «не істеп жатқандығын өздері де түсінбейтіндердің» құптауға келмес талпынысы» (Артемьев А.И. Содержание и сущность основных религиозеых конфессий и деноминаций как объект государственной политики в современном Казахстане// Нысанбаев А.Н., Хамидов А.А., Косиченко А.Г., Колчигин С.Ю., Бисембаев Ф.К., Сыроежкин К.Л., Артемьев А.И. Религия в политике и культуре современного Казахстана. – Астана: Ел Орда, 2004. c.159. − Аударған мақала авторлары). А.Г.Косиченко, В.Д.Курганская, А.Н.Нысанбаев, Г.Т.Телебаев және т.б. құралған зерттеушілердің екінші тобы өте сақ әрі байыпты пікірді ұстанады. Олар діни сенім бостандығы Қазақстан жерінде өздерін жария еткен діни ұйымдардың ешбір бақылаусыз қызмет жүргізуіне мүмкіндік беретін діни 9 саладағы жүгенсіздікке жол беру емес деп есептейді. Еліміздегі жаңа діндердің шетелдік миссионерлеріне айқарыла жол ашылуына, «дәстүрлі емес» діни ұйымдар санының көбеюіне барша мүмкіндіктерді тудырып отырған қазіргі жаһандану жағдайында мемлекетіміздің конфессионалдық қауіпсіздігі мәселесі туындайды. Қалыптасқан діни плюрализм жағдайына күмәндана қарамастан бұрын, алдымен «ҚР идеялық және өнегелілік ахуалы үшін олардың қызметінің және оның салдарының айқындалмағандығын...» көрсеткен жөн. (Косиченко А.Г. Курганская В.Д., Нысанбаев А.Н., Бегалиев Н.К. Взаимодействие религий в Республике Казахстан.- Алматы: Центр гуманитарных исследований, Издательство «Искандер», 2006, с.46. − Аударған мақала авторлары). Республикада бұл салада тәжірибе жоқ, сондықтан олардың ел ішіндегі де, шет елдердегі де қызметін терең әрі тұтастай зерттеу қажет. Аталған зерттеулер көрсеткендей, екінші мезет тіпті демократиялық деп танылған елдердің өзінде заңды түрде бекітілген конфессиялар теңдігі олардың іш жүзіндегі теңдігіне әр кезде толық сәйкес келе бермейтінін айқындайды. Олардың пікірі бойынша, қазақстандық қоғам үшін тарихи, мәдени, өмірлік маңыздылығына байланысты, бір жақтан, ислам мен православиені, екінші жақтан, «дәстүрлі емес» діндерді теңестіру мүмкін емес. Сондықтан, әр түрлі діни ұйымдарға, олардың қызметін және оның қазақстандық қоғамның рухани-өнегелілік ахуалына ықпалын жан-жақты зерттеу негізінде, дифференциалды тұрғыда қараған жөн. Қазіргі әлемге тән діндерді «деприватизациялау» үдерісі діндердің қызметін идеологиялық мазмұнмен толықтырып отырғанын ескеру қажет. Сондықтан, Қазақстандағы «дәстүрлі емес» діндердің таралуын діни плюрализмнің көрінісі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазақстандық қоғам өміріне және қазақстандықтардың санасына енгізілген жаңа идеологиялық ой, қағидат ретінде қарастырған жөн. Бұл жаңа қағидаттар рухани-өнегелілік үлгілерге қаншалықты сәйкес, олар адамның Құдайға рухани өрлеуіне қаншалықты ықпал етеді, демек, олар қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігін сақтауға немесе, керісінше, оны қиратуға, қаншалықты талпыныс жасайды деген мәселелерді зерттеу өте маңызды. Жобаны құрастырушылар конфессиялық саладағы айқынсыздық пен толқуларды бәсеңдететін тұтастай кешенді іс-шаралар қажет деп ойлайды.  
 
Источник: © Бухта Капшагай


Информация о работе Қазақстан Республикасы