Қазақстан – 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 22:58, доклад

Краткое описание

Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүниежүзінің экономикасын туралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғарғы деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, салауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды. Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік. Толағай табыстарымен дүниежүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

kazakstan-2050-strategiasy-bir-halyk-bir-el-bir-tagdyr-521f347f08d56.doc

— 69.00 Кб (Скачать документ)

 

Қаракөл орта жалпы  білім беретін мектеп – балабақшасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: « Қазақстан – 2050» стратегиясы: 

                           бір халық – бір ел –  бір тағдыр.   

 

 

 

 

Сынып: 7

Сынып жетекшісі: Г.Қ.Рамазанова.

 

 

 

2013-2014 оқу жылы.

 

 

Тақырыбы: «Қазақстан – 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр.

Мақсаты: Оқушыларды Елбасының жаңа жолдауымен таныстырып, қойылатын талаптардың орындалуына атсалысу әр адамның борышы, жарқын болашаққа апарар тарихи құжат екендігін түсіндіру. Елжандылыққа, адамгершілікке, Отан сүйгіштікке тәриелеу.

Түрі: Дәстүрлі.

Әдісі: Баяндау, түсіндіру.

Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың суреті, Еліміздің рәміздерінің суреттері, нақыл сөздер,

                      тірек-сызбалар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру.

/Сабақтың тақырыбы аталып,негізгі мақсат айқындалады,Қазақстан Республикасының Әнұраны айтылады/

ІІ. Кіріспе.

Ел тарихының ХХІ ғасырдағы  аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүниежүзінің экономикасын туралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғарғы деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, салауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды. Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік. Толағай табыстарымен дүниежүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті. Дамуымыздың маңызды алғышарттарына айналған Қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды. Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды. Жасампаздық қуатымен дүниежүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды. Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды. Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық. Мен біздің алдағы барша жетістіктеріміз осындай жарқын болады деп сенемін. 

1 оқушы – Доскенова Жанар

 «Қазақстан – 2050»  Стратегиясы: бір халық – бір  ел – бір тағдыр».

Неге біз бұлай айта аламыз?

Өйткені, «бір халық» –  бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» – бұл  барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр» –  бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Бұл біздің ортақ келешегіміз  – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

Он сегіз жылдың ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарған жұмысы мен көтерген жүгі аз емес. Ол тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің берік те сенімді іргетасын қалай білді. Бейбітшілік пен тыныштықтың құндылығын әр қазақстандықтың жүрегіне ұялатты. Осының арқасында қазақ елі этностық жанжалдардан азат мемлекетке айналды. Бірлік – қашан да берекенің негізі. Бір отбасының балаларындай тату-тәтті ғұмыр кешкен қазақстандықтар сүттей ұйыған бірлігінің арқасында экономикалық және әлеуметтік-саяси табыстарға қол жеткізді

 

2 оқушы – Досанова  Гүлнұр

Татулық алдымен қазаққа  керек

Бұдан кейін ұлтаралық жарасым  мәселесі турасында сөз қозғаған Мемлекет басшысы татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде алдымен қазаққа керектігін, қоғамдық келісім ең алдымен қазақтың келісімі екендігін, мұны әр қазақ жадынан шығармауға тиістігін баса айтты. «Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» демейтін бе еді?! Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес», – деген Елбасы елді ынтымақ-бірлікке шақырды.

Мемлекеттік тіл – ұлтты  біріктіруші фактор

Елбасы әдеттегідей мемлекеттік  тіл мәселесін де қозғап, қазақ  тілі ұлтты біріктіруші басты фактор екендігін атап өтті.Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында бірде-бір этнос өз тілін жоғалтқан жоқ.

– Біз, тіпті, ең шағын этностық топтар – ассириялықтардың, рутулдардың, лактардың  және басқа да топтардың мәдениеттерін ұқыптылықпен сақтаймыз және оларды дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді жасаудамыз. Қазақ жері 100-ден астам этностарды біріктірді. Әрине, осы этностық әралуандықтың бәрі біртұтас ұлтқа айналуы үшін жақсы цемент қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақтар да тілінің қадірін білуге тиіс. Күн сайын 10-25-ке дейін жазба тілдер жойылып, этностық мәдениеттердің бүтіндей бір қатпарлары келмеске кететіні жөнінде дерек келтірген Елбасы эяк тілін мысалға келтірді. Бүгінде жойылып кеткен осынау тілді ең соңғы болып сөйлеген, 2008 жылғы қаңтарда дүниеден өткен Мэри Смит: «Сенің тіліңде сөйлейтін соңғы адам болу өкінішті. Мен сияқты жалғыз қалмау үшін өз бастауларыңа қайта оралып, өз тілдеріңді үйренулеріңді өтінемін» деген еді. Тілін білмейтін, білгісі де келмейтін азаматтарға ой саларлық-ақ сөз.

3 оқушы -  Багитжанов  Еркебұлан

Бірлік экономикалық табыстарға жетелейді

«Қазақстан – 2050» стратегиясында көзделген міндеттерге де назар  аударған Мемлекет басшысы ментальділік моделін, елдің болашақ бейнесін «Қазақстан-2050» жаңа саяси бағытының негізінде қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

– Бұл бейне шынайы, тартымды және рухтандырушы сипатта болуға тиіс. Жаһандық сын-қатерлер жағдайында біз  өзіміздің мәдени кодымызды –  тілді, салт-дәстүрді, құндылықтарды  сақтай отырып қана оған балама бола алатын жауап қайтара аламыз. Ұлт бірлігін нығайтуда интеллигенция қызметі айрықша маңызға ие. Тек интеллигенция ғана қоғамды топтастырудың рухани үдерісіне басшылық жасай алады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, бірліктің  негізі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруы болып саналады. Елде индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда, әлеуметтік жаңғырту жүргізіліп жатыр. Бұл – Қазақстан халқы бірлігінің ең берік, материалдық негізі. Бүгінде баршаға мәлім шындық мынау: бейбітшілік пен келісім саясаты тікелей экономикалық тиімділікке ие. Ішкі тұрақтылық инвесторлар сенімінің бекуіне, экономикалық ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеді.

 Мемлекет басшысы  екі онжылдық ішінде Қазақстанның жолы ұлттық табыстың өнегелі үлгісіне айналғанына тоқталды.

– Бұл – бүкіл қазақстандықтардың еңбексүйгіштігі мен топтасуының  нәтижесі! Бұл – ұлттың нағыз  пассионарлық бұлқынысы! Бұл – тек  күшті халықтарға ғана тән ұлы  қабілет. Біз осындай халыққа  айналдық және осы биіктікте қалуға тиіспіз! Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Біздің мерейтойлық сессиямыз – бүкіл қазақстандықтардың игілігі жолындағы жаңа жұмыстар үшін жақсы бастау. Алдымызда үлкен жоспарлар тұр. Оларды жүзеге асыру жаһандық өзгерістердің күрделі жағдайында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін барлық күш-жігермен нығайту қажет. Өйткені, біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз! – деп қорытындылады сөзін Елбасы.

ІІІ. «Кешеден келдік, бүгінге жеттік»

Стратегия – гректің «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Страт»  дегеніміз – мемлекеттің міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамассыз ететін жан-жақты жоспарлар  жиынтығы болып саналады. Жалпы, алдына қойған міндетті шешуді мақсат еткен ірі ауқымдық ұзақ мерзімді жоспарлауға қатысты қолданатын термин.

Стратегиялық жоспарлау  дегеніміз – басшы қабылданған  шешімдер мен әрекеттер жиынтығы, сол арқылы мемлекетті (ұйымды) өз мақсатына  жету үшін басшы арнайы стратегияны  іздейді.

Естеріңізде болса 1997 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» стратегиясы 7 бағыттан тұрды. 33 жылға жіктелген сол 7 міндеттің денін ел 15 жылда еңсерді. Президент айтты: «Стратегиямыз басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді.


 


 

 


 

 

 

 

 

  1. 14 мың км шекара шегенделді.
  2. Ел тыныш, жұрт аман.
  3. 1997 жылы 1,7 трлн тг болған ұлттық экономикалық көлемі 2011 жылы 28 трлн тг жетті. Жан басына шаққандағы Ішкі жалпы өнім 1500 АҚШ долларынан 12 мың долларға жетті. Сыртқы сауда 12 есе, өнеркәсіптегі өнім 20 есе өсті.
  4. 1997 жылы бері республика бойынша 942 мектеп, 758 аурухана салынған.
  5. Қазір мұнай-газ кешені күллі экономикалық локомативі болды. Елдің ішкі жалпы өніміндегі мұнай газдың үлесі 1997 жылы бар болғаны 3,7 пайыз, 2006 жылы ол көрсеткіш 14,7 пайыз, 2011 жылы 25,8 пайызға өскен.
  6. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистральдық көлік дәлізін, Өзеннен Түркімен мен шекараға дейін тартылған және «Қорғас – Жетіген» темір жолдары салынып, жөнделді.
  7. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жылдан жылға емес, күннен күнге артып келе жатқаны сіздерге аян.

Енді, біз «Қазақстан – 2030» стратегиясы іске асты, заманауй Қазақстан орнықты, деп айта аламыз, - деді Президент. Сондықтан, елдің басшысы  «Қазақстан – 2050» стратегиялық жоспарын ұсынды.

ІҮ. «Ел бақыты»  ой-пікір.

Әрбір адам өмір сүруге талпынғаннан бастап бақытты болуға ұмтылады. Бірақ  сол бақыттың бағасын білмей, кейде  қолымызға қонған бақ құсымызды  ұшырып алатынымыз тағы бар. Адамдар  арасында бақыттың алар орны әр түрлі, әрине ол әрбір адамның бақыт туралы түсінігіне байланысты.

Ал, сендердің бақыт  туралы түсініктерің қандай? Әлемнің  қай түкпірінде болмасын ел бақыты, ер бақыты, бала бақыты, ана бақыты ұғымдары бар. Біз бүгін «Ел бақыты»  ұғымына тоқталайық. «Ел бақыты» дегенді кім қалай түсінеді? /Оқушылар жауабы/

Жауап: «Ел бақыты» дегеніміз – ұлтын сүйер халқын демер, Отанын құрметтеп, ата-анасын ардақтап, елдің тірегі, халықтың жүрегі бола білетін, болашақтың діңгегін қолдарына ұстайтын патриот ұл-қыздары.

Ел бақытының белгілеріне не жатады?

  • Білімді ұрпақ.
  • Тәрбиелі ұл-қыздар.
  • Салт-сананы ұстанған ұрпақ.
  • Ата-ананы құрметтейтін саналы ұрпақ.
  • Отанын шын сүйетін патриот.

 

 

 

 

 


 



 

 


 

 

Ү. «Елдің қамы – Елбасының жолдауы»

Енді, 2012 жылы Ел – Президенті 2050 жылға дейін елде атқарылуы тиіс дүниелерді нақтылады.


 

 


 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Жіктеп аталған бұл  жетеудің астарында зіл-батпақ салмақ жатыр.

 

  1. Жаңа салық саясаты әлеуметтік бағыт алуы тиіс, - деді Президент. Мемлекет жұмсаған әрбір теңгенің қайтарымының пайдасы болуы тиіс.
  2. Кәсіпкерлік жаңа экономиканың қозғаушы күші.
  3. Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына т.б. атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алады.
  4. Қазақ халқы жаһандағы білімі жоғары ұлтқа айналуы тиіс.
  5. Мемлекетті нығайтып, Қазақстан өз демократиясын дамыту. Сотқа деген халық сенімін бекіту.
  6. Еуразиялық одақ құру.
  7. Біздің еліміздің әрбір азаматы, өзін – өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс.

ҮІ. Қорытынды.

Президент көп айтты, көпке арнап  айтты. Ақырын да айтты, батырып та айтты, 2025 жылы латын әрпіне толық көшеміз. Қазақтың тілі түбінде үстемдік етеді. Бұл жолдау алысқа меңзейді, 2050 жылды көздейді. Оған дейін талай-талай уақыт өтер, талай өзен ағып кетер. Қазір қазақ іргесін мықтады, есін жиды, етегін қымтады. Ендігі жол – өсу жолы. Бұл ХХІ ғасыр Қоңыр мінез қазақ баласы үшін алтын дәуір болар – ау.

Ынтымағы орнаған елдің  болашағы да берекелі болмақ.


Информация о работе Қазақстан – 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр