Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 20:52, дипломная работа
Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Міндетті заттай орындауға ұйғарым шығару. Жәбірленушінің көбіне көп өз құқығын қалпына келтіруде көңілі көншімейтін сондақтан да ол құқығын бұзушыдан келген залалды сол күйінде қалпына келтіруді талап етеді. Егер сіздің сатып алған теледидарыңыз кепілдік мерзім ішінде істен шығып қалса, онда оны алған жерден ауыстырып беруді талап етесіз, сөйтіп міндетті заттай сол қалпына келтіруге мәжбүр етуге құқығыңыз бар.
Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің жаңа
Азаматтық
кодекс материалдық емес
Моральдық залалды өтеу. Моральдық залал деп азаматтардың материалдық игілігі болып саналмайтын және мүліктік емес құқығын бұзу арқылы оған дене немесе рухани залал келтіруді айтады. Оған мысал ретінде отбасындағы құпияны азаматтың еркінен тыс жария етуді немесе оның атын жамылып жарамсыз қылықтар жасауды және т.с.с. келтіруге болады. Азаматтың талабы бойынша сот құқық бұзушыға келтірген моральдық залалды ақшалай өтеуді міндеттей алады. Мұндай өтемнің көлемін сот қана анықтайды. Бұл бір жағынан алғанда оңай шаруа да емес, өйткені залалдың көлемін анықтауда белгілі бір қойылған шек жоқ. Ол үнемі ақшамен есептеуге келе бермейді.
Ар-намысты,
қадір қасиетті және іскерлік
беделді қорғау. Азамат пен
ұйым өзінің ар-анмысына, қадір
қасиетіне және іскерлік
Егер мұндай мағлұматтарды
кім таратқаны белгісіз болған
күннің өзінде жәбірленуші
Енді тағы
бір тәсіл-өзін өзі қорғауға
кетелік. Осы сөз тіркесінің
өзінен көрініп тұрғандай,
ТАРАУ 3 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШАРТЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ
Азаматтық құқық бұзушылық құрамын азаматтық-құқықтық жауапкершілік қолдануға қажетті жағдайлардың жиынтығы құрайды. Жалпы ережеге сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қажетті жағдайлары ретінде борышқордың кінәсі және құқыққа қарсы мінез танылады. Шығынды өтеу жауапкершілігіне тарту үшін шығынның бар болуы сонымен қатар борышқордың құқыққа қарсы мінезімен және келген шығынның арасында себепті байланыс болуы қажет. Шығынды өтеу негізінде азаматтық –құқық бұзушылықтың құрамы басқа элементтерін толығымен қамтиды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздеріне жататындар:
Нақты тұлғаға азаматтық
–құқықтық жауапкершіліктің
Құқыққа қарсы мінез.
Құқыққа қарсылық
құқық бұзушының өзінің іс-
Азаматтық заңдылық
нормаларымен азаматтық
Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен бірге іскерлік айналымдағы бақа нормативтік актілерден немесе міндеттеменің пайда болуымен туындайтын негіздерде құрылады. Сондықтан борышқордың құқыққа қарсы мінезінің белгісі ретінде міндеттеменің құрылуындағы кейбір негіздер болуы мүмкін. Әкімшілік актідегі туындаған міндеттемедегі құқыққа қарсы мінез болып, осы әкімшілік актімен борышқордың іс-әрекетінің сәйкес келмеуі жатады. Егер міндеттеме шарттан туындас, онда борышқордың шарт талабын бұзуы құқыққа қарсы мінез болып табылады. Егер бір жақты мәмілеге байланысты міндеттеме болса, борышқордың құқыққа қарсы мінезі ретінде бір жақты мәміленің талабын бұзуы танылады.
Құқыққа қарсы
мінез құқыққа қарсы іс-әрекет
немесе құқыққа қарсы
Азаматтық заңдылық негізіне сәйекс бір тараптың басқа бір тараптың есебінен мүлкін негізсіз сақтауға тікелей тиым салынады. Алайда осы ережеде негізсіз сақтау құқыққа қарсы болып табылады. Шартпен белгіленген сапаға сай келмейтін тауарды сатып алушыға берудегі сатушының әрекеті құқыққа қарсы саналады.
Егер тиісті жағдайларда тарапқа юридистикалық міндеттеме жүктеліп, бірақ ол орындалмаса, онда әрекетсіз құқыққа қарсы деп танылады.шартпен белгіленген тауарды мерзімінде жеткізбеген тасымалдаушының әрекетсіздігі құқыққа қарсы болып табылады. Міндеттеме тараптың қызметтік міндетінен де туындауы мүмкін. Мысалы, құтқару станциясының қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқару үшін барлық қажетті және мүмкін болатын шаралардың барлығымен қолдануы тиіс. Осы міндетті орындамау оның құқыққа қарсы мінезін көрсетеді. Жағады демалып жатқан азаматтардың әрекетсіздігі құқыққа қарсы сипат алмайды, оларға тек суға батушыны құтқару рухани міндеттеме жүктеледі. Белгілі бір міндеттемені орындаудағы іс әрекет заң шеңберімен шығуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 188 бабымен үшінші бөлігінде былай делінген: “Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне біріп, иелігінен шығарып, өзі меншік иесі болып қала отырыап, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік етуге құқылы”. Жоғалған мүлікті тауып алған тарап егесіне қайтару немесе жоғалтушы азаматқа қайтаруы тиіс.
Себепті байланыс.
Азаматтық кодекс талаптарында көзделгендей өтелуге тек қана борышқордың құқыққа қарсы мінезімен келтірілген шығындар жатады. Бұл борышқардың құқыққа қарсы мінезі және несие берушіге келтірілген шығынның арасындағы себепті байланысты көрсетеді. Көп жағдайларда міндеттеме бұзылған кездегі себепті байланыстың бар болуы немесе жоқ болуы қиындық туғызбайды. Ал кейбір жағдайларда себепті байланысты анықтау қиындықтар туғызуы мүмкін. Мысалы, шофер өз машинасын он үш жасар жасөспірімге дұрыс айдай білмегендігі себепті тиым салынған белгіге қарамастан өтіп кетіпті. Колхоздың төрағалық етуші қызмет бабын пайдаланып оқушыларды жүк машинасында өзінің ауласындағы жұмысқа жіберді. Жүргізуші жол ережесін бұзуы салдарынан бірнеше оқушы жарақат алды. Дәрігердің сілтеуімен медбике нәрестенің көзіне дәрі тамызғандықтан ол толығымен көру қабілетінен айырылды. Анықталғандай дәрігердің айтуымен медбике қателесіп кетіп басқа дәріні тамызған. Көрсетілген мысалдардан кімнің іс -әрекеті құқыққа қарсы нәтиже себеп болғандығын нақты анықтау қиын.
Осындай жағдайларда себепті байланыстың дамыған ғылыми теорияларын басшылыққа алуымыз керек. Теорияда және практикада себепті байланыс тікелей және жанама теориясын ұсынады. Бұл теория жалпы философиялық себепті оқытудағы екі негізгі жағдайда сүйенеді. Біріншіден , себептілік құбылыс арқылы обьективті байланысты көрсетеді және ол біздің санымыздан тыс өмір сүреді. Сонымен қатар құқық бұзушының зиянды нәтижені көре білуі себепті байланыс туралы сұрақты шешуге көмектеспейді. Шығынның болатынын алдын ала сезе білу субьективті сипатқа ие және себепті байланысты анықтамайды, ал тек қана құқық бұзушының кінәсі туралы сұрақты анықтауға көмектеседі. Екіншіден, себеп және салдар тек қана белгілі оқиғаларға қолдануда маңызы артады. Себеп және салдар ұқсас болғандықтан әрдайым орын ауыстырып отырады және біз оны материалдық өмірдің қарым қатынас тізбегімен байланыстырамыз. Жоғарыда көрсетілген мысалдар дәрігердің сілтемесінен іселген медбике әрекеті салдар туғызады және сонымен қатар нәресетенің көрі қабілетін жоғалтуға себеп болады. Егер қаралып жатқан іске тереңірек үңілсек, онда дәрігердің себепті әрекеті бөлім басқарушысының бұйрығынан туындайды. Сондықтан жауапкершілік туралы шешу кезінде болған оқиға жағдайларынан алысқа кету дұрыс емес. Тікелей себептің пайда болуымен шектелу қажет, яғни зиянның туындауына жақын қатынастар есепке алынады.
Тараптың құқыққа
қарсы мінезі зиянның себебі
болып тек қана ол осы
зиянмен тікелей байланысқан
Алайда бұл факторлардың қайсысы болсын юридистикалық жауапкершілік мағынасына ие бола алмайды және сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезінің және зиянының арасындағы байланыс жанама болып табылмайды. Ал басқалары -юридистикалық жауапкершілікке әсер етеді сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезімен және болған нәтиженің арасындағы байланысты көрсетеді. Жасөспірімдердің келтірген зияны үшін оларды ата –аналары жауап береді, себебі заң оларға юридистикалық маңыз бермейді және әрекет қабілеттсіз деп таниды. Ал ата-аналар құқыққа сыйымсыз мінезі үшін жауап береді. (тиісті қадағалау жасамағаны немесе тәрбиелемегені) және болған зиянның арасында юридистикалық жауапкершілікке тартуға жеткілікті тікелей себепті байланыс пайда болады. Керісінше балық аулаумен шұғылданатын колхоз мүшесінің броконьерлерге ауды сатуды және броконьерлер заңсыз балық аулау арқылы балық ресурстарына зиян келтірсе, броконьерлердің құқыққа қарсы іс-әрекетін көрсетеді және бұл жерде тек қана жанама себепті байланыс бар.
Сондықтан
тараптың құқыққа қарсы
мінезімен және зиян арасында
азаматтық-құқықтық
Әдебиеттерде сонымен қатар себепті байланысты басқа да теориялары кеңінен таралады. Қажетті шартта теориясына қатысты құқыққа қарсы нәтиженің себебі ретінде нәтиже болмауы мүмкін кез-келген жағдайлар болуы мүмкін. Бұл теорияның өкілдері субьективті белгілердің көмегімен себеп салдар байланысының тізбегін шектеуге тырысады. Қарастырып жатқан теорияның себебінің байланысындағы юридистикалық маңызы кінәға құқыққа қарсылыққа тәуелді. Егер қылмыстық құқықта қылмыстық жауапкершілікке тарту өзінің тәжірбиесінде бұл теория көпшілігінде теоретикалық маңызға ие.