Азаматтық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 21:25, контрольная работа

Краткое описание

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар “азаматтық құқық қатынастар” деп аталады. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда, сатушы мен алушының арасында Азаматтық Кодексінде көрсетілген сату-сатып алу мәмілесін туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті. Ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге немесе затында сапа жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемісті болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға немесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті.

Содержание

Кіріспе…..............................................................................................................................................3
Заңды ұлғалар ұғымы, белгілері, органдары, филиалдары мен өкілдіктері.....................4
Заңды тұлғалардың түрлері...................................................................................................6
Заңды тұлғаларды тарату тәртібі..........................................................................................7
Тапсырма: кестені толтырыңыз............................................................................................9
Қорытынды.......................................................................................................................................12
Қолданылған әдебиет.......................................................................................................................13

Прикрепленные файлы: 1 файл

КР азаматтык кукык бакылау.doc

— 102.50 Кб (Скачать документ)

 

Жоспар

 

Кіріспе…..............................................................................................................................................3

  1. Заңды ұлғалар ұғымы, белгілері, органдары, филиалдары мен өкілдіктері.....................4
  2. Заңды тұлғалардың түрлері...................................................................................................6
  3. Заңды тұлғаларды тарату тәртібі..........................................................................................7
  4. Тапсырма: кестені толтырыңыз............................................................................................9

Қорытынды.......................................................................................................................................12

Қолданылған әдебиет.......................................................................................................................13

 

 

Кіріспе

 

Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі. Оны Римдік заңгерлер  Рим азаматтарының құқығы “  Цивильді құқық ” деп атаған. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың Римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Сондықтан да азаматтық құқықты “Цивилистік құқық” деп атаған. Ал бұл саладағы мамандарды “Цивилист” деп жүр. Азаматтық құқық ҚР құқық салаларының бірі болғандықтан, күнделікті тыныс тіршілікте сондай-ақ азаматтырының заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзіне оның әкімшілік аумақтың бөліністерімен тығыз байланысты. Азазматтық құқықтың реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де, сан қырлы. Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Құқықтың қандай салаға жататынын анықтау үшін, оның пәні мен әдістеме арқылы азаматтық құқық ҚР басқа құқық салалрынан айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады. ҚР азаматтық құқықтың пәні тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі. Өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес, жеке қатынастар мәнінен туындамайды.

Азаматтық құқық құқықтың бір саласы. Ол тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына  сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар “азаматтық құқық қатынастар” деп аталады. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда, сатушы мен алушының арасында Азаматтық Кодексінде көрсетілген сату-сатып алу мәмілесін туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті. Ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге немесе затында сапа жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемісті болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға немесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті.

Азаматтық құқықтық нормалармен реттеледі

Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері :

  1. жеке тұлға
  2. заңды тұлғалар
  3. мемлекет, ал мемлекет атынан - әкімшілік аумақтық бөліністер әрекет етеді.

     Құқық қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі құқықтар мен міндеттер құрайды. Сол қатынастар құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.

 

Заңды ұлғалар ұғымы, белгілері, органдары, филиалдары мен өкілдіктері

 

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау  мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап бере алатын, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болады.

Өз аты жазылған мөрі болады.

Заңды тұлғаның белгілері:

  1. ұйымдасқан бірлестігі;
  2. мүліктік оқшаулығы;
  3. дербес мүліктік жауапкершілігі;
  4. азаматтық  айналымға өз атынан қатынасу (заңгерлік дербестік).

 Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан  бірлігі оның өзіне тән, қасиетті  болғандықтан заңды тұлғаның  ішкі құрылымынан көрінеді. Сол  арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлға өз қызметтерін егер  заң құжаттарында өзгеше көзделмесе жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырылады.

Мүліктік оқшаулық – ол заңды  тұлғаның экономикалық  - құқықтық белгісі  болып табылады және оның мүлікке  затты құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр.  

  Азаматтардың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық қатынастарға содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығына дәлел болмайды. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болады. Оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Азаматтық кодекстің 35 бабының 1 тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорыннан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез келген қызмет түрлерін азаматтық міндетті де атқара алады. Оның бәрі де жарғы мен құрылтай құжаттарына енгізіледі әрі олар қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.

  Жалпы құқық қабілеттілігі принципі мен коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшеліктері болады:

  1. мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілігі заң құжаттарында қарастырылуы мүмкін. Мысалы: мұндай арнайы құқық қабілеттілігіне банкілер ие.
  2. коммерциялыұ ұйымдардың құқық қабілеттілігі құрылтай құжаттарда көрсетілетіндіктен ол құрылтайшылар арқылы қысқартылуы мүмкін.

 Коммерциялық ұйымның құқық  қабілеттілігіне болатын мұндай  шектеулердің құрылтай құжаттарына  туындауына маңызы зор. Азаматтық  Кодекстің  37 бабында айтылғандай заңды тұлға заң мен құрылтай шарттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып өзіне міндеттер алады. Заңды тұлға органы заңды тұлға ұсыныстарымен есептесіп оны жүзеге асырады және оның өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті заңды тұлға әрекеті болып табылады. Заңды тұлға 3-ші тұлғалардың алдында заңды тұлға органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра пайдаланып, қабылданған міндеттемелері бойынша жауап береді.

 Азаматтық Кодекстің 38 бабының  1 тармағына сәйкес заңды тұлғаны оны басқа заңды тұлға айыруға мүмкіндік береді. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға атауы заңды тұлға тіркелгеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Фирмалық атау коммерциялық ұйымның тіркелуімен бір мезгілге тіркелуге жатады және интеликтуалдық меншікке қатысты құқықтардың ерекше объектісі болып табылады. Заңды тұлға атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық құқық нысанын көрсетуді қамтиды. Азаматтық Кодекстің 39 бабында заңды тұлға тұрақты жұмыс істейтін органы тұған жер оның тұрған жері болып табылатын және заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен – жайы жазылып көрселетіндігі қарастырылады.

Филиал – заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі.

 Өкілдік – заңды тұлғаның  тұрған жерінен тыс орналасқан  және оның мүдделерін қорғау  мен өкілдігін жүзеге асыратын, оның атынан мәмілелер мен  өзге құқықтық әрекеттер жасайтын  оқшау бөлімшесі.

Филиалдар мен өкілдіктер заңды  тұлға болмайды. Бұларға өздерін  құрған заңды тұлға мүлкі беріледі және оның бекіткен ережелері негізінде  жұмыс істейді. Өзгеше нысандағы  заңды тұлға филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын заңды тұлға уәкілдік берген орган тағайындайды және оның сенім хаты негізінде жұмыс істейді.

Филиалдар мен өкілдіктер басшыларының мәмілері заңды тұлға атынан жасалады және ондай мәмілелерден туындаған  міндеттемелік жауапкершілікті  мүліктің бәрін өзіне еншілейтін заңды тұлға көтереді, бірақ егер филиал заңды тұлға міндетінің барлығын не бір бөлігін соның ішінде өкілдіктің де міндетін жүзеге асыратын болса, онда өкілдік өзін құрған заңды тұлға мүдделерін қорғауға тиісті және оның атынан мәмілелер, басқа да құқықтық әрекеттер жасай алады.

Заңды тұлға заң құжаттары мен  құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне мiндеттер қабылдайды. Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тәртiбi және олардың өкiлеттiгi заңдар мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.  

 

 

 

 

Заңды тұлғалардың түрлер

 

Заңды тұлғаның 2 түрі бар: 

  1. Коммерциялық ұйым;
  2. Коммерциялық емес ұйым.

Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета  заңды тұлғадағы оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар. Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз – ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Бұл жалпы ереже. Ал меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық Кодекстің  44 бабының 1 тармағының 2 бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз  билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.

Заңды тұлғаның дербес мүліктік жауапкершілігі заң Азаматтық Кодекстің тілерімен  тағайындалуы мүмкін.

 Коммерциялық ұйым болып  табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, Азаматтық Кодекстің ционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады. Коммерциялық емес ұйым заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, Азаматтық Кодекстің ционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық нысандағы заңды тұлғаның бірлестігі нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты  ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

Коммерциялық ұйым болып табылатын  заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк  қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын  заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында  және заң құжаттарында көзделген  өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.

Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк  қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады. Заңды тұлға

Азаматтық Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.

 

Заңды тұлғаларды тарату тәртібі

 

Азаматтық Кодекстің 40 бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше  құрылтайшы құрыуы мүмкін. Мүлікті  шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін  заңды тұлға меншік иесінің немесе ол уәкілдік бергенорганның келісімімен  басқа заңды тұлғаның құрылтайшылары бола алады.  Азаматтық Кодесктің 41 бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы немесе құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады.

 Коммерйиялық емес ұйымның  құжаттары:

  1. мекеме үшін – меншік иесі немесе меншік иелері бекіткен ереже және меншік иесінің заңды тұлға құру туралы шешімі.
  2. қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық нысанындағы өзге де ұйымдық құқық нысанындағы заңды тұлға бірлестігі үшін – құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарт.
  3. қоғамдық бірлестік үшін жарғы болып табылады. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама – қайшылық болған жағдайда:
  4. егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса – құрылтай шартының талаптарын қолдануға тиіс.
  5. егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның 3-ші тұлғалармен қатынасы үшін маңызды болса – жарғының талаптарын қолдануға тиіс.

 Бір адаммен құрылған коммерциялық  және коммерциялық емес ұйым  тек жарғы негізінде ғана жұмыс  істей алады. Барлық мұдделі адамдар жарғымен танысуға құқылы. Құрылтай шарт коммерциялық құпияны құрайды.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық Кодекстен басқа, Қаззақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 17 сәірде шығарған «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар жарлығымен және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы ережесімен реттеледі.

 Тұлға мемлекеттік тіркеуден  Әділет министрлігінде өткеннен  бастап, заңды тұлға болып саналады. Заңды тұлға қайта тіркеу негіздері  Азаматтық Кодекстің 42 бабында  көрсетілген:

  1. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері азайғанда.
  2. атауы өзгергенде.
  3. шаруашылық серіктестіктерінде және акционерлік қоғамдағы қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тіркеледі.

Информация о работе Азаматтық құқық