Азаматтық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 14:38, реферат

Краткое описание

Азаматтық құқық – бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады.
ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық – құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді, өтйкені оның 1-ші бабы адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміздің ең жоғарғы құндылықтары ретінде жарияланған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтық құқық.doc

— 38.50 Кб (Скачать документ)

Азаматтық құқық

  
Азаматтық құқық – бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады.  
ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық – құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді, өтйкені оның 1-ші бабы адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміздің ең жоғарғы құндылықтары ретінде жарияланған.  
Республикадағы құқықтың барлық салалары жүйесінде азаматтық құқықтың маңызы, бірншіден, оның реттеу нысанасы болып табылатын қатынастардың шешуші рөліне, екіншіден, оның қолданылу аясының кеңдігіне, үшіншіден, оның жеке адамның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғаумен ажырамастай байланыстылығы.  
Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама  
Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.  
Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік деп түсінеді. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Әдетте мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болад. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.  
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.  
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.  
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.  
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).  
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.  
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс ор деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.  
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.  
Азаматтың құкықтың қағидаларына:  
 
• тараптардың теңдігі;  
• шарт еркіндігі және таңдау құкығы;  
• еркіндік;  
• меншікке қол сұкпаушылык;  
• біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;  
• азаматтык құкықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;  
• бұзылған құқыктарды калпына келтіруді қамтамасыз ету;  
• азаматтық-құқықтык қатынасқа катысушылардың құқықтарын сот арқылы корғау жатады.  
Аталған қағидаларды азаматтық құқыктың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.  
Азаматтық құқықтың жүйесі  
Азаматтык құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтық құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құкығы және міндеттемелік құкығы.  
Ерекше бөлімді, негізінен, нақты катынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатьш алу-сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құкык және өсиетнама.  
Азаматтық құқықтың қайнар көздері  
Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады:  
• Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын калыптастыру үшін жеке меншікке байланысты катынастарды, оның ішінде мүліктік катынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі катынастарды реттеу негізінде енгізілген  
6-бапта:  
1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады жене бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс.  
2. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.  
З.Жер мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.  
• Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтық-құқыктық катынастардың негіздері, азаматтық құқыктың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.  
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.  
Басқа да заң актілері. Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституцияльщ заң күші бар~және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттін және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.  
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі министрліктер, атқарушы органдар, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқыктьщ актілері жатады.  
Әдеттегі құқықтар. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген.  
Халықаралық шарттар (конвенциялар). Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық кұкықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға карағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халыкаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары колданылады.  
Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз — тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған қүқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.



Информация о работе Азаматтық құқық