Азаматтық құқық субъектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 19:04, курсовая работа

Краткое описание

Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық- құқықтық қатынастар орнығады. Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер жасасып құқық субъектісінің тұлғасы деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде ғана құқықтық қатынастарға қатыса алады.
ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетгі — азаматтық құқық субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (иңдивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады. Мұнда әрбір адамның, мейлі ол ҚР азаматы болсын, мейлі басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын, азаматтық құқық субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъектісі деп танылады. Ал ұйым — бұл басқаша жағдай. Ол азаматтық құқықтың субъектісі болуы да, болмауы да мүмкін немесе азаматтық құқық субъектілігі болмауы да мүмкін.

Содержание

Кіріспе 3
1 Тарау Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар — азаматтық құқық субъектілері
1.1. Жеке тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі 5
1.2. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 20
1.3. Азаматарды хабар-ошарсыз кетті және өлді деп тану 24

2 Тарау Азаматтың кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңды тұлға құрмайтын құқық субъектілігі 28

Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

азамат. суб.DOC

— 205.50 Кб (Скачать документ)

Жүйкесінің  бұзылуына байланысты азаматты әрекетке қабілетсіз деп тануды Азаматтық іс жүргізу кодексіңде көзделген тәртіппен сот қана шеше алады және бұл азаматқа қамқоршылық белгілеу үшін негіз болады.

Соттың шешімімен жүйкесінің бұзылуына байланысты әрекетке қабжетсіз деп танылған азамат тұрмыстық ұсақ мәмілелерді қоса алғанда, дербес түрде мәмілелер жасай алмайды және өзінің әрекеттері үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқармайды. Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтың атынан оның қамқоршысы жасайды.

Әрекетке қабілетсіз азамат айыққанда немесе денсаулығы айтарлықтай оңалғанда, ол соттың шешімімен  әрекетке қабілетті деп танылады да, оған белгіленген қамқоршылық алынып тасталады.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот шектеуі мүмкін (АК-ньщ 27-бабы).

Спирт ішімдіктеріне  немесе есірткі заттарға салынған азаматтың әрекет қабілетгілігін шектеу үшін мұндай салынудың нәтижесінде отбасы мүшелерінің санына қарамастан, оның отбасы материалдық ауыр жағдайға тап болатыны шешуші рөл атқарады. Егер азаматтың отбасы болмай, тек өзін ғана материалдық ауыр жағдайға қоятын болса, онда бұл оның әрекет қабілеттілігін шектеулі деп тануға негіз бола алмайды. Азаматтың материалдық тіршілік деңгейінің айтарлықтай төмендеуін, сондай-ақ көрсетілген теріс әрекеттердің саларынан бұл деңгейді көтерудің мүмкін еместігін спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынатын азамат отбасының материалдық ауыр жағдайы деп түсіну керек.[9.38]

Сот арқылы әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматқа қорғаншылық белгіленеді. Мұндай азамат қорғаншының келісімімен ғана тұрмыстық ұсақ мәмілелерден басқа мәмілелерді жасауға, сондай-ақ жалақы, стипеңция, зейнетақы, өзге де кіріс түрлерін алуға және оларға билік етуге құқылы.

Азаматтың спирт  ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынуы тоқтатылған соң соттың шешімімен азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу және оған қамқоршылық белгілеу алынып тасталады.

Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану және мұндай шектеулерді алып тастау тәртібі Азаматгық іс жүргізу кодексі арқылы анықталады.

Қамкоршылық және қорғаншылық. Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдардың атынан олардың қамқоршылары мен қорғаншылары жасайтынын жоғарыда айтып өткенбіз. Олар тек кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамдар болуға тиіс.

Әрекетке қабілетсіз азаматтардың мүдделерін қорғайтын  қамқоршыларды, ал әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтардың мүдделерін қорғайтын — қорғаншыларды арнайы мемлекеттік қамқоршылық және қорғаншылық жасау оргаңдары тағайындайды.

Егер кәмелетке  толмағандардың ата-аналары (асырап алушылары) жоқ болса немесе олар кәмелетке  толмағандардың мүдделерін қорғау жөніндегі  өз міндеттерін атқара алмаса, кәмелетке  толмағандардың мүдделерін қорғау үшін қамқоршылар мен қорғаншылар тағайыңдалады. Қамқоршылар мен қорғаншыларды тағайындау тәртібін, олардың атқаратын қызметін, құқықтары мен міндеттерін отбасылық зандар белгілейді. [10.19]

1.2. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері

 

Құқық субъектілерін  дараландырмайынша, нақ қандай құқық субъектісінің мәміле жасайтынын, оның қандай субъективтік құқықтары мен міндеттері болатынын анықтамайынша, құқық субъектілерінің мәміле жасауы, нақты құқықтық қатынастарға қатысуы мүмкін емес. Азаматтық құқықта құқық субъектілері ретінде азаматтар мен заңды тұлғаларды дараландыру процесі өтетін белгілер түрліше болады. Азаматтар үшін мұндай белгілер олардың есімі мен тұрғылықты жері болып табылады.

Азаматтың есімі  — оны дараландырудың аса маңызды  құралы. Азамат өз есімімен құқықтарға ие болып, оларды жүзеге асырады (АК-ның 15-бабының 1-тармағы). Заң есім ретінде азаматтың фамилиясын, өз есімін, қаласа әкесінің атын қоса алғанда, оның толық есімін түсінеді. Белгіленген тәртіппен берілген және құжаттарда (туу туралы куәлікте, жеке куәлікте, төлқұжатта және т.с.с.) жазылған есімнің ғана зандық маңызы болады.

Заңдарда азаматтық  құқықтарды жасырын атпен иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын немесе бүркеншік (ойдан шығарылған) есімді пайдаланатын жағдайлар да көзделуі мүмкін. Мәселен, ауызша түрде жасалатын сатып алу-сату мәмілелерінің көпшілігі оларға қатысушылардың есімдерін анықтауды және жазуды қажет етпейді.

Заңдарда құқықтарды жасырын атпен немесе бүркеншік  есіммен жүзеге асырудың арнайы ережелері  көзделуі мүмкін. Мысалы, автордың туындыны өз атынан, бүркеншік атпен немесе жасырын атпен шығару құқығы бар (АК-ның 977-бабы, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 ж. 10 маусымдағы Заңның 15-бабының 1-тармағының 2-тармақшасы).[11.36]

Алғашында адам туылған соң отбасылық зандарда белгіленген тәртіппен оған есім қойылады. Азамат отбасылық зандарда белгіленген жалпы тәртіппен немесе кейбір жағдайлар үшін көзделген зандардағы тәртіппен өз есімін немесе оның құрамдас бөліктерін өзгертуге құқылы.

Жалпы ереже  бойынша азаматтың фамилиясын, атын, әкесінің атын ауыстыруға оның өтініші бойынша рұқсат ету тәртібімен ол 16 жасқа жеткенде жол беріледі. Есімді ауыстыруға дәлелді себептер болғанда ғана рүқсат етіледі.

Некелескенде  немесе ажырасқанда жұбайлардың  өздерінің және олардың балаларының, сондай-ақ асырап алған балаларының фамилиялары арнайы тәртіппен өзгертіледі.

Қазақ ұлтына жататын  азаматтар фамилияларының өзгертілуін  есімді ауыстырудан айыра білу керек. Бұл адамдар өздерінің қалауы бойынша қазақ тіліне жат қосымшалардан  арыла отырып, бірақ фамилиясы мен әкесінің атындағы түбірлерді сақтау арқылы өз фамилиясы мен әкесінің аты жазылуын өзгертуге құқылы. Азаматтық хал-ахуал актілеріне өзгерістер енгізбестен, төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру кезінде ішкі істер органдары фамилия мен әкесінің аты жазылуын өзгертуді оңайлатылған тәртіппен жүргізеді (Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақ ұлтына жататын адамдардың фамилиясы мен әкесінің аты жазылуына байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" 1996 ж. 2 сәуірдегі Жарлығы).[12.60]

Адам есімі  жазылуының өзгеруі секілді, есімінің ауысуы оның бұрынғы атымен, жасырын атымен немесе бүркеншік есімімен иеленген құқықтары мен міндеттерін тоқтатпайды және өзгертпейді. Азаматтың есімінің ауысуы немесе жазылуының өзгеруі оның борышқорлары мен несие беруішлерінің мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс болғандықтан, бұларға осындай өзгерістер дер кезінде хабарлануы тиіс.

Басқа адамдар  азаматтың есімін оның келісімімен  ғана пайдалана алады.

Азаматтың тұрғылықты жері. Азаматтың тұрғылықты жері оны  дараландырып тұратын келесі белгісі болып табылады. Азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекені оның тұрғылықты жері деп танылады (АК-ның 16-бабы). Тіркелімнің немесе тұрғылықты жерге мемлекеттік тіркелудің тек дәлелдемелік маңызы бар және олар өзімен-өзі зандық тұрғылықты жерді көрсетпейді. Азамат тұратын үй немесе пәтер, осы мекеннің ауданы емес, нақ елді мекен ғана тұрғылықты жер деп танылады. Үйдің немесе пәтердің мекен-жайы азаматтың тұрғылықты жерін тек нақтылай түседі.

14 жасқа жетпеген  және басқаның қамқорлығында болатын адамдардың тұрғылықты жерінің зандық ерекшеліктері бар. Мұндай адамдардың тұрғылықты жері тиісінше олардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері бойынша анықталады да, сондықтан қажетті тұрғылықты жері деп аталады.

Егер 14 жасқа  жетпеген адамның ата-аналары әр түрлі елді мекен-дерде тұратын  болса, ол іс жүзінде бірге тұратын  ата-анасының тұрғылықты жері кәмелетке  толмағанның тұрғылықты жері болып  есептеледі.[13.30]

"Тұрғылықты  жер" термині занда жоғарыда  көрсетілгеннен өзгеше мағынада да қолданылады. Жеке тұлғаларды резиденттерге және резидент еместерге бөлуде елді мекен емес, осы жеке тұлға тұрақты тұрып жатқан ел ескеріледі.

Қазақстан Республикасында  тұрғылықты жері бар, оның ішінде, уақытша  шетелде тұрып жатқан немесе Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлғалар резиденттер деп танылады, ал резидент ұғымына кірмейтін қалған жеке тұлғалардың барлығы резидент еместер болып саналады ("Валюталық реттеу туралы" 1996 ж. 24 желтоқсандағы Заңның 1—1-бабы). Азаматтарды резиденттерге және резидент еместерге бөлу жеке тұлғаның азаматтығына қатысты емес. Сонымен, Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан шетелдік азамат резидент болады, ал Қазақстан Республикасының басқа мемлекетте тұрақты тұратын азаматы — резидент емес деп танылады.

Жеке тұлғаларды резиденттерге және резидент еместерге  бөлудің олардың валюталық реттеу және салық салу саласындағы құқықтары  мен міндеттерін анықтау үшін айтарлықтай маңызы бар. Мысалы, "Валюталық  реттеу туралы" Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес резиденттер арасындағы операциялар бойынша барлық төлемдер мен аударымдар ҚР Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ салық және кеден заңдарында көзделген жағдайлардан басқа реттерде тек ҚР валютасымен жүргізілуі тиіс. Резиденттер мен резидент емес тұлғалар арасыңдағы операциялар бойынша төлемдер тараптардың келісімімен кез келген валюта арқылы — ұлттық және шетелдік валютамен жүзеге асырылады.[14.27]

Азаматтық хал-ахуал  актілері. Азаматтың өміріндегі, оның қоғамдағы құқықтық жағдайын, ең алдымен, азаматтық-құқықтық және отбасылық-құқықтық жағдайын айқындайтын және өзінің құқықтық маңызына қарай мемлекеттік тіркеуге жататын аса маңызды оқиғаларды азаматгық хал-ахуал актілері деп түсінеді. Өзінің құқықтық жаратылысы жөнінен азаматтық хал-ахуал актілері зандық фактілерге жатады.

"Неке және  отбасы туралы" Заң азаматтық  хал-ахуал актілерін заңдық тұрғыдан  ресімделген мән-жайлар ретінде  тұжырымдайды, олар адамды дараландырады,  адамның құқықтары мен міндеттерінің тууына себепші болады.

РФ Азаматтық  кодексінде баяндалған арнайы бапта  тіркелуге тиісті азаматтық хал-ахуал  актілерінің тізбесі берілген (47-бап). ҚР Азаматтық кодексінде мұндай бап  болмағанымен, азаматтық хал-ахуал  актілеріне "Неке және отбасы туралы" Заңның арнайы бөлімі арналған. Адамның тууы, өлуі, некеге тұруы, некені бұзуы, бала асырап алуы, некелікті (аналықты) белгілеуі, атын, әкесінің атын және фамилиясын ауыстыруы азаматтық хал-ахуал актілерін тіркеу органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс ("Неке және отбасы туралы" Заңның 163-бабы). "Неке және отбасы туралы" Заң азаматтык хал-ахуал актілері жазбаларын мемлекеттік тіркеу, өзгерту, жою және қалпына келтіру тәртібін айқындайды.

Азаматтық хал-ахуал  актілері жазбаларының негізінде азаматтарға берілетін арнайы құжаттар олардың азаматтық хал-ахуалының дәлелдемесі болып табылады.[15.31]

1.3. Азаматарды хабар-ошарсыз кетті және өлді деп тану

 

Қайда екені  белгісіз, оның үстіне, хабар-ошарсыз  кеткен адамды өлді деп есептеуге  айтарлықтай негіздер болса, онда азамат қатысатын құқықтық қатынастар әрі қарай дами алмайды. Хабар-ошарсыз кеткен адамдармен құқықтық қатынастары бар адамдардың мүдделері қорғалуы тиіс. Сондықтан азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және өлді деп жариялау институты АК-да баяңды етілген.

Егер азаматтың  тұрғылықты жерінде ол туралы бір  жыл бойы деректер болмаса, ол хабар-ошарсыз  кетті деп танылуы мүмкін (АК-ның 28-бабының 1-тармағы). Егер азаматтың  тұрғылықты жерінде ол туралы 3 жыл  бойы деректер болмаса, ал егер өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда 6 ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, ол өлді деп жариялануы мүмкін (АК-ның 31-бабының 1-тармағы).

Соғыс қимылдарына  байланысты хабар-ошарсыз жоғалып  кеткен әскери қызметшілерді және өзге адамдарды өлді деп жариялау үшін ерекше тәртіп белгіленген. Бұл адамдар соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялануы мүмкін (АК-ның 31-бабы). Екі жағдай үшін де оларды анықтаудың сот тәртібі көзделгеніне қарамастан, азаматты өлді деп жариялауды оның өлімі фактісін танудан айыра білу керек. Азаматтың белгілі бір уақытга және белгілі бір мән-жайларда өлуі фактісін анықтау тәртібін АК емес, АІЖК белгілейді. Азаматтың белгілі бір уақытга және белгілі бір мән-жайларда қайтыс болуының дәлелдемелері болатын кезде сот мұндай фактіні белгілейді, бірақ азаматтық хал-ахуал актілерін жазу органдары өлім оқиғасын тіркеуден бас тартады .[16.22]

Азаматты хабар-ошарсыз  кетті деп тану немесе оны өлді деп жариялау — бұл оның қатысуымен орындалатын құқықтық қатынастардағы күмәндылықты жоюдың зандық түрі, ол азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тануда оны тірідей табудың анықтығына немесе азаматты өлді деп жариялауда оның өлімінің шүбәсыздығына сүйенеді. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану да, сондай-ақ оны өлді деп жариялау да мүдделі адамдардың өтініштері негізінде азаматтық іс жүргізу зандарының ережелері бойынша сот арқылы жүзеге асырылады.

Адамды өлді деп жариялау оны алдын ала  хабар-ошарсыз кетті деп тануды талап етпейді. Адамды хабар-ошарсыз кетті деп танудың және өлді деп жариялаудың шарттары мен салдары түрліше болады.

Егер азаматтың  тұрғылықты жерінде ол туралы бір  жыл бойы деректер болмаса, ол хабар-ошарсыз  кетті деп танылуы мүмкін. Мұнда  тұрғылықты жерінде азаматтың болмау фактісінің өзі емес, оңда азамат туралы мәліметтердің болмауы маңызды.[17.19]

Азаматты хабар-ошарсыз  кетті деп тану бірқатар құқықтық салдарды туғызады. Бұлардың адамды өлді деп жариялаудың салдарынан айтарлықтай  айырмашылықтары бар, өйткені олар бұл адамның тірі табылуының анықтығына сүйенеді. Соттың хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкіне қамқоршылық тағайындауы - аса маңызды салдар. Бұл қамқоршылықтың әрекетке қабілетсіз адамдарға белгіленетін қамқоршылықтан айырмашылығы болғанымен, бұлар бір терминмен белгіленеді. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында оларға қамқоршылық белгіленеді. Мүлікке деген қамқоршылық оны хабар-ошарсыз кеткен адамның мүдделері үшін қамқоршьшыққа алудан тұрады. Соңдықтан мүлікті пайдалану жөніндегі қамқоршының мүмкіндіктері оның меншік иесінің мүмкіндіктерімен салыстырғанда шектеулі болады. Қамқоршы мүлікті күтіп ұстау және сақтау жөнінде қамқорлық жасауы тиіс және мүлікті жұмсауда оның әрекеттері шектеулі болады. Атап айтқанда, ол хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға міндетті жандарға осы мүлік есебінен қаражат бөлуді, сондай-ақ оның салықтар мен басқа да міндеттемелер бойынша берешектерін өтеуді қамтамасыз етуі тиіс. Іс жүзінде, хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкіне қамқоршылық жасау мекемесі мүлікті қамқоршының сенімгерлікпен басқаруына беру болып табылады. Сенімгер басқарушының құқықтары мен міндеттері АК-ның Ерекше бөлімінің тиісті тарауларында баяндалады.

Информация о работе Азаматтық құқық субъектілері