Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 18:50, реферат

Краткое описание

Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Содержание

1. Кіріспе
2. Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
3. Азаматтық құқық қатынастарының элементтері
4. Қорытынды
5. Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

азаматтык кук н.docx

— 24.97 Кб (Скачать документ)

        Әрбір  құқық  қатынасында  қатысушының  бірінің   субьективтіқұқығына  екіншісінің  заңдық     міндеттілігі  сәйкестендіріледі,   яғни  біреуінің  екіншісі  алдындаы  міндеттілік   аясы  айқындалады.    Мысалы,  үйді  сатып алу-  сату    шартына   сәйкес  сатушы  мен  сатып  алушы   үйді  алуға  құқылы   да,   сатушы  оны  беруге  міндетті.

       3.  Заңдылық  фактісінің   түсінігі.  Азаматтық    құқық  нормалары    өздігінен     азаматттық  құқық  қатынастарын  тудырмайды.   Қандай да болсын  нақтылы    азаматтық  құқық  қатынастары  белгілі   бір  жағдай  болғанда   ғана  пайда  болады.  Мұның  мазмұнының  өзгеруі  немесе  оның  қысқартылуы  да  белгілі  бір  жағдайға   байланысты.   Осындай  құқық  қатынастарының  пайда  болуына,   өзгеруіне  немесе  оның  қысқартылуына  себепкер  болатын  жағдайларды  заңдылық  фактілер  деп  атайды.   Мысалы,  баланың   тууы,  мәміленің  бүлінуі   т.б.  заңдылық  фактілер  болып  табылады.

           Азаматтық  кодексте  сатып алу-  сату,  жалдау,   мұра   қалдыру  және  тағысын  тағылардың  кезінде  пайда   болатын құқық    қатынастарын  тәртітейтін   баптардың   болуы  сол  жеке  тұлғалардың  арасында  нақтылы  құқық    қатынастарын  өздігінен  тудыра  алмайды.  Белгілі  бір  азамат  пен  дүкен  араларында   сатып  алу- сату  туралы  АК- баптарында   көрсетілген  қатынастар  пайда  болу үшін   сол   азамат  дүкенге  барып  бір  нәрсе  сатып  алуы  керек,  яғни  дүкенмен   сатып  алу –сату   мәмілелеріне  кірісуі   керек.

          Заңдылық  оқиғалар.   Кейбір   заңдылық фактілер   осы  фактілер  нәтижесінде   туатын  құқық  қатынастарына  қатысушы  тұлғалардың  өздерінің  қалауы  және  ниетінен  тыс  пайда  болады.    Мұндай  заңдылық  фактілерді  оқиға   деп  атайды. (АК –тің  7  бабы,  8- тармағы).  Адамның  қлуі,  белгілі  бір  мерзімнің  өтіп  кетуі  фактілері  -  осылардың  бәрі  де  оқиғалардың  қатарына  жатады.  

          Заңдылық  әрекеттер.  Заңдылық  салдар,  яғни  белгілі   бір   құқық  қатынастарын   тудыратын   тұлғалардың    әрекеттері  де  заңдылық   факті   болып  табылады ( АК  -тің  7-бабы,  7-тармақ).   Мысалы,     мәміле  жасау,  ерлі-зайыптылардың  айырылысуы,  біреуге   әдейілеп  зиян  келтіру  заң  әрекеттері   деп  маңыз  бермейді;   біздің  әркеттеріміздің  көбі  құқық  үшін  бейтарап  әрекеттер,  бұл  әрекеттер  заңдылық  қатынастарды  тудырмайды  да,  өзгертпейді  де.   Кісі  біреумен  әңгімелесіп   отырғанда,    кітап  оқып  отырғанда,   жазатын  мақласын  ойланып  отырғанда,    кәдуілгі  жағдайдағы         оның  қызметтері  құқық  шеңберінен  тыс  жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

     Азаматтық  құқықпен реттелетін қоғамдық  қатынастар негізінен мүліктік  қатынастар болып табылады. Материалдық  игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет  көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар  және басқа да мүліктермен) байланысы  бар қоғамдық қатынастар мүліктік  қатынастар деп аталады. Мұндай  қатынастар иемдену немесе мүліктің  тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне  ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына  байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар  тұрғысынан көрінсе, онда олар  азаматтық заңмен реттеледі. Бір  сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас  дегеніміз мүліктерді сатып алу, иемдену, басқа адамдарға беру  мен пайдалану жөніндегі қатынас  болып табылады.

     Дейтұрғанмен  бұдан азаматтық құқық мүліктік  қатынастардың бәрін бірдей реттей  береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзі әртүрлі  сипатта кездеседі. Сайып келгенде, мүліктік (имущественность) дегеніміз  заңды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық құқық  пәнінің мазмұны оны біріктіретін  әрі мән-мағынасын ашатын тұсты  бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық  қатынастарды бір-бірінен ажырататын  мүліктік қатынастардың мынадай  белгілері, атап айтқанда, белгілі  бір экономикалық құндылыққа  ие болуымен байланысты материалдық  объектілер жайында адамдардың  арасындағы қатынастар болғандықтан  оның ерік сипатында болатындығы  нарықта дербес тауар иеленуші  ретінде қимылдауы, қатысушылардың  өзара келісім және өзара шарт  жасауы. Міне, осы тәрізді белгілері  болады.

     Мүліктік құндылық  қатынастарға ең алдымен қатысушылардың  құн заңына сүйенетін мүліктік  қатынастарының теңдігіне негізделген  тауар-ақша қатынастары және өзге  де қатынастар жатады десек, нарықтық  экономика жағдайында тауар-ақша  қатынасы азаматтық құқықты реттеудің  негізгі өзегіне айналады.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

1. Алексеев С.С. Проблемы теории права. М. 1972 г.

2. Төлеуғалиев Ғ. І том. ҚР азаматтық құқығы. Алматы 2001 ж.

3.         Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 ж. 30 – тамыз.

4. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі. 2000 жылдың 1 сәуіріне дейінгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Алматы ІІ жеті жарғы.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы