Азаматтық іс жүргізу құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 20:09, реферат

Краткое описание

Азаматтық іс жүргізу құқығы — азаматтық істерді сотта қараудың және шешудің тәртібін, сондай-ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай-ақ, олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін лгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды.Материалдық құқық — құқықтық нормаларды белгілейтін заңды түсінік, соның көмегімен мемлекет қоғамдық қатынастарға тікелей, тура құқықтық реттеумен ықпал етуді жүзеге асырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтық іс жүргізу құқығы.docx

— 49.65 Кб (Скачать документ)

4-бап. Азаматтық iс жүргiзу  заңының уақыт  
             жағынан қолданылуы      

1. Азаматтық сот iсiн жүргiзу iс жүргiзу әрекетiн орындау, iс  жүргiзу шешiмiн қабылдау кезiне  қарай күшiне енген азаматтық  iс жүргiзу заңдарына сәйкес  жүзеге асырылады.  
      2. Жаңа мiндеттер жүктейтiн, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшiн жоятын немесе оларды кемiтетiн, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтiн азаматтық iс жүргiзу заңының керi күшi болмайды.  
      3. Дәлелдемелердiң жарамдылығы оларды алған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес белгiленедi.

2-тарау.  Азаматтық сот iсiн жүргiзудiң  
мiндеттерi мен принциптерi      

5-бап. Азаматтық сот iсiн жүргiзудiң  мiндеттерi      

 Азаматтық сот iсiн жүргiзудiң  мiндеттерi азаматтардың, мемлекеттiң  және ұйымдардың бұзылған немесе  даулы құқықтарын, бостандықтарын  және заңмен қорғалатын мүдделерiн  қорғау, заңдылық пен құқық тәртiбiн  нығайту, құқық бұзушылықтың алдын  алу болып табылады.      

6-бап. Заңдылық      

1. Сот iстердi азаматтық сот  iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешу  кезiнде Қазақстан Республикасы  Конституциясының , осы Кодекстiң,  басқа да нормативтiк құқықтық  актiлердiң талаптарын дәлме-дәл  сақтауға мiндеттi.  
      2. Соттардың адам мен азаматтың Конституцияда баянды етiлген құқықтарына және бостандықтарына қысым жасайтын заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиiстi заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және Конституциялық Кеңеске осы актiнi конституциялық емес деп тану жөнiнде ұсыныс жасауға мiндеттi. Сот Конституциялық Кеңестiң шешiмiн алған соң iс бойынша iс жүргiзу қайта басталады.  
      3. Iстердi шешу кезiнде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актiлерiнiң күшiн жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кiнәлi судья заңда белгiленгендей жауапты болады.  
      4. Сот iстi шешу кезiнде мемлекеттiк немесе өзге органның актiсi заңға сәйкес келмейдi немесе ол өкiлеттiктi асыра пайдаланып шығарылған деп тапқан жағдайда одан артық заң күшi бар құқықтық актiлердi қолданады.  
      5. Даулы құқықтық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтiн құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негiздерi мен мағынасын негiзге ала отырып шешедi.  
      6. Егер заң актiлерiнде немесе дауласушы тараптардың келiсiмiнде тиiстi мәселелердi соттың шешуi көзделсе, сот бұл мәселелердi әдiлдiк пен парасаттылық өлшемдерiн негiзге ала отырып шешуге мiндеттi.      

7-бап. Сот төрелiгiн тек қана  соттың жүзеге асыруы      

1. Азаматтық iстер бойынша сот  төрелiгiн азаматтық iс жүргiзу  заңдарында белгiленген ережелер  бойынша тек қана сот жүзеге  асырады. Соттың билiктiк өкiлеттiлiгiн  кiмнiң де болса иеленуi заңда  көзделген жауаптылыққа әкелiп  соғады.  
      2. Төтенше, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттар шешiмiнiң заң күшi болмайды және орындалуға тиiстi емес.  
      3. Өз қарауына жатпайтын iс бойынша азаматтық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асырған, өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген азаматтық сот iсiн жүргiзу принциптерiн өзгеше түрде елеулi бұзған соттың шешiмдерi заңсыз болады және олардың күшi жойылуға тиiс.  
      4. Азаматтық iс бойынша сот шешiмдерiн осы Кодексте көзделген тәртiппен тек тиiстi соттар ғана тексерiп, қайта қарай алады.      

8-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары  мен заңды  
             мүдделерiн сотта қорғау      

1. Әрбiр адам бұзылған немесе  даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен  қорғалатын мүдделерiн қорғау  үшiн осы Кодексте белгiленген  тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы. Мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар  немесе азаматтар заңда көзделген  жағдайларда өзге адамдардың  немесе адамдардың белгiсiз бiр  тобының құқықтарын және заңмен  қорғалатын мүдделерiн қорғау  туралы сотқа арыз берiп жүгiнуге  құқылы.  
      2. Прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн талап қойып (арыз берiп) сотқа жүгiнуге құқылы.  
      3. Ешкiмге өзiнiң келiсiмiнсiз ол үшiн заңда белгiленген соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзiнен төменгi соттың жүргiзетiн iсiн тараптардың келiсiмiнсiз алып қоюға және оны өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдауға құқығы жоқ.  
      4. Егер заңға қайшы келсе немесе әлдекiмнiң құқығын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзса, сотқа жүгiну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.      

9-бап. Жеке адамның ар-намысы  мен қадiр-қасиетiн  
             құрметтеу      

1. Азаматтық iс бойынша iс  жүргiзу кезiнде азаматтық процеске  қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын  немесе қадiр-қасиетiн кемсiтетiн  шешiмдер мен iс-әрекеттерге тыйым  салынады.  
      2. Азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiнен адамға келтiрiлген моральдық зиян заңда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.      

10-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылық.  Хат жазысудың,  
              телефон арқылы сөйлесудiң, почта, телеграф және  
              өзге де хабарлардың құпиясы      

 Азаматтардың жеке өмiрi, жеке  және отбасылық құпиясы заңның  қорғауында болады. Әркiмнiң жеке  салымдар мен жинақтар, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта,  телеграф және өзге де хабарлар  құпиясына құқығы бар. Азаматтық  процесс барысында бұл құқықтарды  шектеуге заңда тiкелей белгiленген  жағдайлар мен тәртiп бойынша  ғана жол берiледi.      

11-бап. Меншiкке қол сұғылмаушылық       

1. Меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi өз мүлкiнен  айыруға болмайды.  
      2. Азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында адамдардың банктегi салымдарын және басқа мүлiктi пайдалануға тыйым салу, сондай-ақ оны алып қою осы Кодексте көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.      

12-бап. Судьялардың тәуелсiздiгi       

1. Судья сот төрелiгiн атқару  кезiнде тәуелсiз болады және  Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңға ғана бағынады.  
      2. Судьялар мен соттар азаматтық iстердi өздерiне сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда шешедi. Соттың сот төрелiгiн атқару жөнiндегi қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi.  
      3. Судьялар тәуелсiздiгiнiң кепiлдiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгiленген.      

13-бап. Барлық адамдардың заң  мен сот алдындағы теңдiгi      

1. Азаматтық iстер бойынша сот  төрелiгi заң мен сот алдындағы  теңдiк негiзiнде жүзеге асырылады.  
      2. Азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында:  
      азаматтардың ешқайсысына артықшылық берiлмейдi және олардың ешқайсысы шыққан тегi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi, дiнге көзқарасы, сенiмдерi, тұрғылықты жерi жөнiндегi себептермен немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша кемсiтiлмеуге тиiс;  
      заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берiлмейдi және олардың ешқайсысы да орналасқан жерiне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншiк нысанына және басқа да мән-жайлары себептi кемсiтiлмеуге тиiс.  
      3. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктен иммунитетi бар адамдарға қатысты азаматтық сот iсiн жүргiзу талаптары Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленедi.      

14-бап. Сот iсiн жүргiзу тiлi       

1. Азаматтық iстер бойынша сот  iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда сот  iсiн жүргiзуде мемлекеттiк тiлмен  орыс тiлi немесе басқа тiлдер  бiрдей қолданылады.  
      2. Сот iсiн жүргiзу тiлi сотқа талап арыз (арыз) берiлген тiлге қарай сот ұйғарымымен белгiленедi. Белгiлi бiр азаматтық iс бойынша iс жүргiзу бастапқы белгiленген сот iсiн жүргiзу тiлiнде жүзеге асырылады.  
      3. Iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмейтiн немесе жөндi бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға сотта ана тiлiнде немесе өздерi бiлетiн басқа тiлде мәлiмдеме жасау, түсiнiктер мен жауап беру, өтiнiш бiлдiру, шағым жасау, iс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу осы Кодексте белгiленген тәртiппен аудармашының қызметiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.  
      4. Азаматтық сот iсiн жүргiзуге қатысушы адамдарға басқа тiлде жазылған iстiң заң бойынша қажеттi iс материалдарының сот iсiн жүргiзу тiлiне сот тегiн аударып берудi қамтамасыз етедi. Сот процесiне қатысушы адамдарға сотта сөйленген сөздiң басқа тiлде айтылған бөлiгiн сот iсiн жүргiзу тiлiне тегiн аударып беру қамтамасыз етiледi.  
      5. Сот құжаттары iске қатысушы адамдарға олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн басқа тiлге аударылып берiледi.      

15-бап. Тараптардың айтысуы мен  тең құқықтылығы      

1. Азаматтық сот iсiн жүргiзу  тараптардың айтысуы мен тең  құқықтылығы негiзiнде жүзеге  асырылады. Тараптар бiрдей iс  жүргiзу құқықтарын пайдаланады  және бiрдей iс жүргiзу мiндеттерiн  көтередi.  
      2. Тараптар азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында өз айқындамасын таңдап алады, оны қорғау әдiсi мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсiз түрде таңдап алады. Сот iстiң нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда тараптың дәлелдi өтiнiшi бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртiппен қажеттi материалдарды алуға жәрдемдеседi.  
      3. Iстi қараушы сот объективтiлiктi және әдiлдiктi сақтай отырып, iстiң мән-жайын толық және объективтi зерттеуге тараптардың құқықтарын iске асыруы үшiн қажеттi жағдайлар жасайды, iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi, iс жүргiзу әрекеттерiн жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертедi және осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседi. Сот iс жүргiзу шешiмiн зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бiрдей негiзде қамтамасыз етiлген дәлелдемелерге ғана негiздейдi.  
      4. Сот тараптарға бiрдей және құрметпен қарайды.      

16-бап. Дәлелдемелердi iшкi сенiм  бойынша бағалау      

1. Судья iсте бар дәлелдемелердi  олардың жиынтығымен әдiл, жан-жақты  және толық қарауға негiзделген  өзiнiң iшкi сенiмi бойынша бағалайды,  бұл орайда ол заң мен ар-ұятты  басшылыққа алады.  
      2. Сот үшiн ешқандай дәлелдеменiң күнi бұрын белгiленген күшi болмайды.      

17-бап. Куәлiк жауап беру мiндетiнен  босату      

1. Ешкiм өзiне, жұбайына (зайыбына) және ауқымы заңмен айқындалған  жақын туыстарына қарсы куәлiк  беруге мiндеттi емес.  
      2. Дiни қызметшiлер тәубаға келiп, өздерiне сенiм бiлдiрген адамға қарсы куәлiк беруге мiндеттi емес.  
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда аталған адамдар жауаптар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшiн қандай да болсын жауапқа тартылмайды.      

18-бап. Бiлiктi заң көмегiн алуға  құқықты қамтамасыз ету      

1. Әр адамның азаматтық процесс  барысында осы Кодекстiң ережелерiне  сәйкес бiлiктi заң көмегiн алуға  құқығы бар.  
      2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi.      

19-бап. Сотта iстi қараудың жариялылығы       

1. Барлық соттар мен барлық  сот сатыларында сотта iстi қарау  ашық жүргiзiледi.  
      2. Мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар шешiмдердi хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмiрiнiң ашық айтпайтын сырлары туралы мәлiметтердi сақтауды қамтамасыз ету қажет екендiгiн не iстi ашық қарауға кедергi келтiретiн өзге де мән-жайларды негiзге алған iске қатысушы адамының өтiнiшiн сот қанағаттандырған кезде, сондай-ақ осы Кодекстiң 179-бабының алтыншы бөлiгiнде көзделген жағдайда заңға сәйкес iстердi қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.  
      3. Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысы ашық сот отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың келiсiмiмен ғана жария етiлуi мүмкiн. Бұлай болмаған жағдайда бұл адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабық сот отырысында жария етiлiп, зерттеледi. Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегiмен алынған жеке сипаттағы мәлiметтер бар хабарларды зерттеген кезде де қолданылады.  
      4. Соттың жабық отырысында iстi қарау кезiнде iске қатысушы адамдар, олардың өкiлдерi, ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар да қатысады.  
      5. Сот iстi соттың жабық отырысында қарау туралы дәлелдi ұйғарым шығарады.  
      6. Сот отырысының залына, егер iске қатыспайтын адамдар болса немесе куә болмаса, он алты жасқа толмаған азаматтар жiберiлмейдi.  
      7. Жабық сот отырысында iстi қарау азаматтық сот iсiн жүргiзудiң барлық ережелерi сақтала отырып жүргiзiледi.  
      8. Iске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта iстi қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта iстi қарау барысында киноға және суретке түсiру, бейнетаспаға жазу, тiкелей радио және телехабар жүргiзу соттың iске қатысушы адамдардың пiкiрiн ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкiн болады. Бұл iс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруiне бөгет жасамауға тиiс және оның уақытын сот шектеуi мүмкiн.      

20-бап. Сотта iстi қарау барысында  қауiпсiздiктi  
              қамтамасыз ету      

 Сотта iстi қарау соттың қалыпты  жұмысын және процеске қатысушылардың  қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн  жағдайда жүргiзiледi. Судьялар мен  сот отырысы залында отырған  азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз  ету мақсатында төрағалық етушi iстi қарау кезiнде қатысқысы келетiн  адамдарға тексеру жүргiзу, оның iшiнде олардың жеке басын куәландыратын  құжаттарды тексеру, жеке өздерiн  тексеру және олар алып келген  заттарды тексеру туралы өкiм  бере алады.      

21-бап. Сот актiлерiнiң мiндеттiлiгi       

1. Сот азаматтық iстер бойынша  сот актiлерiн шешiмдер, ұйғарымдар, қаулылар мен бұйрықтар нысанында  қабылдайды.  
      2. Заңды күшiне енген сот шешiмдерi, ұйғарымдары, қаулыларымен бұйрықтары, сондай-ақ соттар мен судьялардың заңды өкiмдерi, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен басқа да жолданыстары барлық мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, қоғамдық бiрлестiктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мүлтiксiз орындалуға тиiс. P09006S  
      3. Сот актiсiнiң мiндеттiлiгi iске қатыспаған мүдделi адамдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгiну мүмкiндiгiнен айырмайды.  
      4. Сот актiлерiн орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көрiнiсi заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.      

22-бап. Iс жүргiзу әрекеттерi мен  шешiмдерiне шағымдану  
              бостандығы      

1. Соттың әрекеттерi мен шешiмдерiне  осы кодексте белгiленген тәртiппен  шағым жасалуы мүмкiн.  
      2. Iске қатысушы адамдардың осы кодексте белгiленген тәртiппен шешiмдi жоғары тұрған сотқа қайта қаратуға құқығы бар.      

23-бап. Азаматтық сот iсiн жүргiзу  принциптерiнiң мәнi      

 Азаматтық сот iсiн жүргiзу принциптерiн бұзу оның сипаты мен маңыздылығына қарай, шығарылған сот актiлерiнiң күшiн жоюға әкеп соғады.


Информация о работе Азаматтық іс жүргізу құқығы