Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 00:57, реферат
Азаматтық қоғамның жалпы мойындалған анықтамасы жоқ. Бірақ сіздерге төмендегі анықтаманы ұсынамыз: «Азаматтық қоғам қоғамдағы саяси емес қатынас, ол ерікті түрде қалыптаскан азаматтардың ассоциациясы және ұйымдарының өкрінісі, мемлекеттің оған тікелей араласуы заңмен қорғалады».
Қайсыбір авторлар мына анықтаманы дұрыс санайды: «Азаматтық қоғам – экономикалық жағынан тәуелсіз азаматтар қоғамы, олардың мемлекет және өкімет тарапынан қорғау тапқан жеке бостандықтары бар, қоғам мен мемлекеттің өміріне жігерлі түрде қатынасады, өздері құрған қоғамдық ұйымдар арқылы мемлекетке әсер етеді(партия, кәсіп одақ, кооператив, топтар, т.б.).
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Азаматтық қоғамның құрылуына дейінгі мемлекеттің тарихи кезеңі.
Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы.
Азаматтық қоғам
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі
Тақырыбы: « Азаматтық қоғам »
Жоспар
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Құқықтық мемлекеттің пайда болуы ұзақ процесс, ол азаматтық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты.
Азаматтық қоғам дегеніміз не?
Бұған жауап беруді «Азамат» деген түсініктің заңдылық маңызынан бастайық. Азамат дегеніміз – адам, ол белгілі мемлекетте тұрады, мемлекетпен өзара құқығы арқылы байланысты, мемлекеттің қорғауында болады.
Бірақ «азаматтық» тарихи түсінігінің мәні терең. Ежелгі гректер азамат деп – сол мемлекеттің ерікті адамдарын атаған(мысалы, Афины мемлекетінің ерікті тұрғыны). Сондықтан да «азамат» түсінігі ертеден-ақ жеке тұлғаның еркі, ары, лайықты түсінігімен байланыстырылған.
1889 жылғы
Ұлы француз революциясының
«Азаматтық» деген сөздің адамгершілік мәні бар, ол өз Отанына, оның қазіргісі мен болашағына деген жауапкершілік сезімді көрсетеді. Орыс ақыны Н.Некрасов: «Ақын болу өз еркін, бірақ азамат болуға міндеттісің» деп дұрыс айтқан.
Ерікті, жаупкершілігі бар адам мен азамат деген сөз «Азаматтық қоғам» терминіне байланысты.
Азаматтық қоғамның жалпы мойындалған анықтамасы жоқ. Бірақ сіздерге төмендегі анықтаманы ұсынамыз: «Азаматтық қоғам қоғамдағы саяси емес қатынас, ол ерікті түрде қалыптаскан азаматтардың ассоциациясы және ұйымдарының өкрінісі, мемлекеттің оған тікелей араласуы заңмен қорғалады».
Қайсыбір авторлар мына анықтаманы дұрыс санайды: «Азаматтық қоғам – экономикалық жағынан тәуелсіз азаматтар қоғамы, олардың мемлекет және өкімет тарапынан қорғау тапқан жеке бостандықтары бар, қоғам мен мемлекеттің өміріне жігерлі түрде қатынасады, өздері құрған қоғамдық ұйымдар арқылы мемлекетке әсер етеді(партия, кәсіп одақ, кооператив, топтар, т.б.).
1. Азаматтық қоғамның құрылуына
дейінгі мемлекеттің тарихи
Азаматтық қоғамның құрылуына дейін мемлекет ұзақ тарихи кезенді басынан өткізген.
Бірнеше ғасырлар бойы қоғамның талабына, қажетіне орай мемлекет қызмет атқарды, өз еркімен өз қызметін кеңейте түсті. Мемлекеттің өз органдарына күштеу аппараттары болды, сол арқылы азаматтардың еркін, бостандығын тұншықтырды, мемлекет қоғамнан жоғары тұрып, қолына заң, атқарушылық, сот билігі бар ұйымдарды өзіне бағындырды.
Мемлекеттердің мынадай формалары болады: шығыстық рақымсыз монархия, еуропалық шексіз монархия, ресейлік самодержавиелік монархия. Бұларда билікті бөлісу болмады:монархтың атынан заңдар шығарылды, ол атқарушы биліктің басшысы және ең жоғары сот болды. Монарх өз билігін күшейту, өзін халықтан қорғау үшін, атағын әлемге жариялау үшін қолынан келгеннің бәрін жасады: қарулы әскер ұстады, әсем үйлер салды, онда жүздеген адамдар қызмет атқарды, той-думандар өтіп тұрды. Өз билігін нығайту үшін қарапайым халықты жауыз етіп көрсетуге тырысты. Мұндай жауыздықтан төменгі тап өкілдері ғана емес, тақ айналасындағылар да зардап шекті.
Бұл жауыздықтарды қызметкер-шенеуліктер жүзеге асырды. Олар да өз қамы, өз өмірі үшін қарапайым халыққа салық салып, қанаумен айналысты.
Халық мұндай жауыздыққа қарсы тұра алмады. Қарсы тұрмауға әсер еткен билікке, мансапқа, дінге деген дәстүрлі сенім еді. Олар өмір сүріп отырған тәртіпті құдайдан, жаратушыдан деп түсінді. Оның әлеуметтік-экономикалық себептері болды: феодалдық табиғи шаруашылық үстем болып тұрғанда, ұсақ шаруалар қауымының бір-бірімен байланысы болмады. Жоғары топ та билік басындағылар тәуелді болды, олар да мемлекетке қарсы тұра алмады, бастарын иіп, жақсылық тілеумен шектелді. Халықтың төменгі жігінің жағдайы түбірінен нашарлаған мерзімдерде ғана стихиялық шерулер, көтерілістер болып тұрды. Жоғары тап өкілдері мемлекет билігі шектен шыққан жағдайларда ғана халық бұқарасын қолдап, астырдын әрекеттер жасай бастады.
Мемлекет пен азаматтар арасындағы жоғарыда аталған қатынастар құлдық және феодалдық қоғамдар тән. Қоғамдық қатынастың сипаты мынадай еді: құлдар зат есебінде саналды, шаруалар жер иеленгенімен, бас бостандығы болмады. Халықтың тағдыры билеуші топтың қолында болды. Сонымен, бұл тарихи кезеңде мемлекет халықты қылышпен биледі. Бостандық деген олардың түсіне де кірмеді, солай болуға тиіс деген түсіні қалыптасты.
Еуропада тауарлы-ақша қатынасының дамуы, нарықтың, қалалардың пайда болуы тарихқа жаңа қатынас әкелді. Шаруалар қауымнан шығып, қалаға, өнеркәсіп орындарына жинақтала бастады. Жеке меншік иелері – саудагерлер, қолқнершілер, жұмысшылар, банкирлер пайда бола бастады. Олардың біртіндеп саны артты. Тәуелсіз меншік иелері, қала тұрғындары, өздерінің бүкіл өмірінің кілтін өз қабілеттерінен, кәсібінен, жігерлерінен іздеді.
Сонымен, қалалар ескі дәстүрлі көзқарастарды қирату ортасына айналды, адамға, мемлекетке деген көзқарас өзгерді, адамда өмірге деген жаа сенім пайда болды.
Қалалардағы басқарудың жаңа жүйелері болашақ азаматтық қоғамның, мемлекет пен қоғам арасындағыбасқарудың үлгісіне(модуліне) айналды.
Адамдарға тән бұл жаңа түсінік Қайта өрлеу (Возрождение) дәуірінде өз көрінісін тапты.
Дегенмен Еуропада да, Америкада да азаматтық қоғамның пайда болуы үшін экономикалық, әлеуметтік-рухани дамуға жүздеген жылдар қажет болды. Мұндай өзгерістер пайда болған алғашқы мемлекеттер – Англия және Франция, Америка кеңістігінде – Америка Құрама Штаттары болды. Түбірлі әлеуметтік өзгерістердің пайда болуы нәтижесінде бұл елдерде азамат жағдайы тұбімен өзгерді, Олар демократиялық бостандық құқығына, мемлекеттің заң шығарушылық қызметіне тікелей өатынасу құқығына ие болды.
Жеке меншік иелерінің көбеюіне байланысты нарықтық қатынас жағдайында мүдделері ұқсас топтар, қауымдар саны артты. Сонын нәтижесінде қоғамдық ұйымдар өмірге келді, олар қоғам мүшелерінеің тілек-муддесін қорғайтын болды, мемлекеттің шексіз билігіне қарсы тұрды. Ондай ұйымдар – саяси парпиялар, кәсіподақтар, басқа да қоғамдық ұйымдар арқылы азаматтар мемлекетке күш көрсете бастады. Мемлекетке азаматтар құқығы мен бостандығын қорғау, олардың экономикалық мүддесін іке асыруға жағдай жасау талаптары койылды.
Сонымен
мемлекетпен азаматтар
Азаматтық қоғамға тән қатынастар:
Адам баласының түбірлі арманы – азаматтық қоғам құру. Бірақ ол өоғамның пайда болуынан қалыптасуына дейін сан ғасырлар қажет болыпты. Қалай болғанда да, азаматтық қоғам құру үшін құқықтық мемлекен орнауы қажет.
2. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы.
Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы – адам баласының, мемлекет пен құқықтың тарихындағы ерекше кезең. Қоғам, мемлекеттен әр уақытта бөлек болған, бірақ, ол әр уақытта азаматтық болмаған. Азаматтық қоғамның қалыптасуы бірнеше ғасырға созылған. Бұл процесс біздің елімізде де аяқталған жоқ, тіпті дүние жузінде. Азаматтық қоғамның шындығы(құқықтық мемлекет ретінде) идеалды қоғамның шын мәніндегі жетістік жағдайының сәйкестігімен белгіленеді.
Азаматтық қоғам кең мәнінде және «азаматтық қоғам» атауының өзі, азаматтық және азамат деген ойлар пайда болған кезде ғана қалыптасты. Бұл Ежелгі Греция мен Римде болды. Дегенмен, ол кезде азаматтық қоғам мен мемлекетті бөлу жургізілмеді. Аристотельдің ойынша: «мемлекет азаматтардың жиынтығы, азаматтық қоғам», яғни ол «азаматтық қоғам» және «мемлекет» атауын синонимдер ретінде пайдаланған. Мұндай түсінушілік, яғни мемлекет пен қоғамны бір тұтастықта қарауы XVIII ғ. дейін сақталды, яғни негізінен азаматтық қоғам қалыптаса бастаған кезге дейін, қазіргі түсініктегі оның қатаң(жіңішке) түсініктері.
3. Азаматтық қоғам
Азаматтық қоғам дегеніміз – имандылық, өнегелік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы, олардың көмегі арқылы жеке адамдар мен олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады.
Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады. Азаматтық қоғам болмаса, құқықтық мемлекетте болмайды.
'' Азаматтық қоғам'' ұғымын өткен замандардың ұлы ойшылдары Аристотель, Цицерон, Г.Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, К.Маркс және т.б. Тұжырымдаған болатын.
Азаматтық қоғамның негізгі идеясы адамның қоғамдағы басымдылық идеясы, адамның дербестік идеясы, өз әрекеттерін құқықты құрметтеп, ең алдымен өнеге мен имандылық қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асыруға қабілетті болу идеясы. Сонымен бірге, азаматтық қоғамның болмысына мемлекет араласпауы тиіс, ал оның араласуы тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана болуы мүмкін.
Егер де азаматтық қоғамның толық сипаттамасын жасауға талпынар болсақ, онда азаматтық қоғам дегеніміз – жеке адамға арнайы бағытталған, оның бойында құқықтық дәстүрлер мен заңдарға, жалпы ізгілік, имандылық, өнегелік идеяларына(мұраттарына) құрмет сенімін тудыратын, шығармашылық және кәсіпкерлік істер бостандығын қамтамасыз ететін, ондай істерде сәттілікке жетуге мүмкіндіктер жасайтын, адам мен азамат құқықтарын жүзеге асыруда мемлекет әрекеттерін шектеу мен қадағалаудың тетіктерін(миханизмдерін) табиғи түрде байланысты етіп жасайтын азат демократиялық құқықтық қоғам.
Азаматтық қоғам құрылымы ретінде мына жүйелерден тұрады:
а) әлеуметтік;
б) экономикалық;
в) саяси;
г) рухани-мәдени;
д) ақпараттық;
Бұдан да толығырақ алғанда азаматтық қоғамның құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:
Азаматтық қоғамның белгілері: