Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 15:12, реферат
Сайып келгенде, осы қағидалардың барлығы да келісім жасаудың еркіндігіне, азаматтардың және заңды тұлғалардың өз мүдделеріне қатысты шараларды анықтауына негізделеді. Азаматтық құқықтың ең жетекші бөлімдерінің бірі бола тұра, тек әлеуметтік - экономикалық салада ғана емес, сондай-ақ құқықтық қатынастардың бірқатарында авторлық құқықтың кеңінен көрініс беруі – оның аса күрделілігімен қатар, ауқымының кеңдігін де айғақтаса керек.
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары
Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі
Авторлық құқықты қорғау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Біздің елімізде
шығармашылық жұмыстармен
Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын шығару және пайдалану саласында соңғы үш жыл ішінде біздің қоғамымыздың құқықтық өмірінде елеулі өзгерістер болды. 1996 жылы 10 маусымда ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның қабылдануымен, авторлық құқықтарды қорғаудың өзіндік әлемдік эталоны болып табылатын, әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Берн Конвенциясының талаптарына толықтай сәйкес келетін, авторларының құқықтарын қорғаудың өте жоғарғы сапасын көздейтін нормалардың жүйесі ретінде авторлық құқықтың қазақстандық жүйесінің қалыптасуы аяқталды. Себебі, жоғарғы құндылық болып табылған адам, оның құқықтары мен бостандықтарына қатысты мемлекет саясатының өзгеруіне байланысты, «мықты» заңды қабылдау туралы сұрақ бұрыннан қойылған болатын.
Авторлық
құқық – санаткерлік меншік
саласында ғылым , әдебиет және өнер туындыларын
(авторлық құқық ),қоиылымдарды, орындаушылықты
, фонаграммаларды , эфирлік және кабельдік
хабар тарату ұйымдарының хабарларын
(сабақтас құқық ) жасауға және пайдалануға
байланысты туындайтын қатынастарды реттейді
. Осы Заңның мақсаты үшін төменде көрсетілген
терминдердің мынадай мәні бар .Автор
– шығармашылық еңбегімен туынды жасаған
жеке тұлға.Авторлық құқық — автордың
мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары.Дыбыс
бейнежазу туындысы — тиісті техникалық
құрылғылардың көмегімен көріп және естіп
қабылдауға арналып жасалған , өзара байланысты
кадрлар серияларынан құралатын туынды.Деректер
базасы — деректер (мақалдар,есептер,фактілер
және сол сияқтылар) жиынтығы , ол деректер
материалдардың ірітелуі немесе орналасуы
жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесі
болып табылады .Қайта шығару – туындының
немесе фанаграманың бір немесе одан көп
данасын кез-келген материалдық нысанда,соның
ішінде үнжазба және бейнежазба нысанында
дайындау.Жазу – дыбыстарды және бейнелерді
көп рет қабылдауға , қайта шығаруға немесе
хабарлауға мүмкіндік беретін белгілі
бір материалдық нысанда техникалық құралдардың
көмегімен жазу.Дыбыс бейне-жазу туындыларын
дайындаушы — осындай туындының бастамасы
және жауапкершілігін соның ішінде материалдық
жауапкершілікті мойына алған заңды жеке
тұлға.Санаткерлік меншік – шығармашылық
қызметтің обьектендірілген нәтижесіне
ие меншік.Айрықша құқық – автордың немесе
сабақтас құқықтар иесінің туындысы ,
орындаушылықты , фанаграмманы хабарды
осы Заңмен белгіленген мерзім ішінде
өз қалауы бойынша кез-келген әдіспен
пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы
.Орындау- туындыны фанаграманы көрсету
, рөльді , әнді, биді орындап, техникалық
құралдардың көмегімен көрсету .Орындаушы
– актер ,әнші , музыкашы, биші немесе рол
ойнайтын ән салатын,оқитын,мәнерлеп оқитын
, музыкалық аспапта оинайтын немесе әдебиет
пен өнер туындыларын қандайда бір басқа
жолмен орындайтын өзге адам сондай-ақ
спектакльді қоюшы-режисер.Контрафактілік
даналар — туындының немесе фанаграмманың
дайындалған немесе таратылған жағдайда
авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуына
әкеп соғатын даналары.Айрықша емес құқық
— авторлық құқық пен сабақтас құқықтар
иесімен бірге бұған автордың тиісті рұқсатын
алған басқа адамның осы Заңда белгіленген
жағдайлардан басқа ретте туындыны пайдалана
алатын құқығы.
Авторлық немесе Сабақтас құқықтар иесі
— мүліктік құқық берілген жағдайдағы
автор немесе орындаушы.Туындыны жариялау
— автордың келісімімен жариялау , көпшілік
алдында орынддау , эфирге беру арқылы
туындыны жалпы көпшілікке алғаш рет жеткізетін
іс- әрекетті жүзеге асыру.Жариялау —
туындыны авторының,фанаграмма жасаушысының
келісімімен туындының,фанаграмманың
даналарын көпшіліктің қажеттілігін қанағаттандыру
үшін айналысқа шығару.Эфирге беру – туындыны,
фанаграмманы , орындаушылықты , қойылымды
, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату,
радио немесе теледидар арқылы көпшілікке
тарату.Туындының данасы – туындының
кез-келген материалдық нысанда дайындалған
көшірмесі.ҚР авторлық құық және сабақтас
құықтар туралы Азаматтық кодекстің 3-бабында
: ҚР авторлық құқық және сабақтас құқықтар
туралы заңдары ҚР АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІНЕН
, осы заң және соларға сәйкес шығарылатын
басқа да нармативтік актілерден тұрады.
Авторлық құқықты қолдану аясы:
1)Авторларының немесе олардың құқық мұрагерлерінің
азаматтығына қарамастан , Қазақстан Республикасының
аумағында жарияланған не жарияланбаған
, бірақ қандайда болмасын обьекивті нысандағы
туындыларға:2)Жарияланған не жарияланбаған
, бірақ Қазақстан Республикасынан тыс
жерлердегі қандайда болсын обьективті
нысандағы туындыларға қолданылады және
Қазақстан Республикасының азаматтары
авторлар және олардың құқық мұрагерлері
деп танылады.3)Жарияланған не жарияланбаған
, бірақ ҚР тыс жерлерде қандайда болсын
обьективті нысандағы туындыларға қолданылады
және ҚР халықаралық шарттарына сәйкес
басқа мемлекеттердің азаматтары авторлар
(олардың құық мұрагерлері )деп танылады.
4)Қазақстан Республикасы аумағында туынды
халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын
болған жағдайда туындының авторы авторлық
құқықты алуға негіз болған іс-әрекет
немесе мән-жай орын алған мемлекеттің
заңы бойынша анықталады. Авторлық құқықтың
обьектісі 1) Авторлық құқық мақсатына,
мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу
әдісі мен нысанасына қарамастан, шығармашылық
еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым,
әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
2) Авторлық құқық белгілі бір обьективті
түрге ие болған
3) заңның осы бабының бірінші тармағында
аталған белгілері бар және дербес қолдануға
болатын туынды бөлігі авторлық құқық
обьектісі болып табылады.
4) Авторлық құқық идеалардың, тұжырымдамалардың,
принциптердің, әдістердің, жүйелердің,процестердің,
жаңалықтардың, фактілердің өздеріне
қолданылмайды.
5) Туындыға деген авторлық құқық туынды
жасалған материалдық обьектіні меншіктеу
құқығымен байланысты емес.Материалдық
обьектіні меншіктеу құқығының немесе
материалдық обьектіні иелену құқығының
өзгеге берілуі, осы Заңның 18-бабында көзделген
реттерін қоспағанда, сол обьектіде көрсетілген
туындыға қандай да болмасын авторлық
құқықтың ауысуына өздігінен әкеліп соға
алмайды.
Ғылым, әдебиет және өнер шығармасына
авторлық құқық оның жасалу дерегіне қарай
туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы
және жүзеге асуы үшін туындыны тіркеу,
өзге де арнайы рәсімдеу немесе әлде бір
шарттылықтың орындалуы талап етілмейді.
Айрықша авторлық құқықтардың иесі өзінің
құқықтарын хабарлау үшін авторлық құқық
қорғау белгісін пайдалануға құқылы, ол
белгі туындының әр данасына қойылады
және мынадай үш элементтен тұрады:1.Қоршауға
алынған латынша «С» әрпі : 2. Айрықша авторлық
құқықтар иесінің есімін атауы;3.Туындының
алғаш жарияланған жылы;
Туындыға авторлық құқықтың немесе қандай
да бір айрықша құқықтың иесі жарияланған
немесе жарияланбаған туындығыа авторлығын,
туындының жариялану фактісі мен мерзімін
немесе автордың туындыға құқығына қатысты
жасалған шарттарды куәландыру үшін авторлық
құқығы қорғалатын мерзім ішінде кез келген
уақытта оны ресми тізімдемелерге тіркей
алады. Тіркеуді белгіленген нормативтік
– құқықтық актілерге сәйкес уәкілдік
берілген орган жүзеге асырады.
Авторлық құқық обьектілері болып табылатын
туындылар:Әдеби туындылар;
Драмалық және музыкалық- драмалық туындылар;
Сценарий туындылар;
Хореография және пантомима туындылар;
Мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық
туындылар; Дыбыс, бейне жазу туындылар;
Мүсіндеме, кескіндеме, бейнелеу туындылар;
Қолданбалы өнер туындылар;Сәулет, қала
құрылысы және бау–саябақ өнері туындылар;Суретке
түсіру туындылар;
Карталар, жоспарлар, нобайлар, безендірулерге
және географияға, топография мен басқа
ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;ЭЕМ-ге
арналған бағдарламалар; өзге де туындылар.
Авторлық құқық
обьектілері болып табылмайтын
туындылар:
1. Ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері,
заң әкімшілік, сот сипатындағы және дипломатиялық
өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми
аудармалары;
2. Мемлекеттік нышандар мен белгілер (жалаулар,
елтаңбалар, ордендер, ақша белгілері
және өзг де мемлекеттік нышандар мен
белгілер);
3. Халық шығармашылығы туындылары;
4.Оқиғалар мен фактілер
туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар;
Туындыны жеке мақсатта автордың келісімінсіз
және авторлық сыйақы төлемей көшірмелеу:
1.Заңды түрде жарияланған туындыны автордың
келісімінсіз және авторлық сыйақы төлемей
жеке тұлғаның тек өз мақсаты үшін, осы
заңның 26 бабында көзделген реттерді қоспағанда,
жалғыз дана етіп көшірмелеуіне жол беріледі.
2.Осы баптың 1 тармағының ережесі:1.Үйлер
мен солар сияқты ғимараттар түріндегі
сәулет өнері туындыларын көшірмелеуге;
2.Деректер базаларын
немесе олардың елеулі бөліктерін көшірмелеуге;
3.Осы заңның 24 бабында көзделгендерден
басқа реттерді қоспағанда ЭЕМ –ге арналған
бағдарламаларды көшірмелеуге;
4.Кітаптарды және нота
мәтіндерін репродакциялауға қолданылмайды;
Туындыны автордың келісімінсіз және
авторлық сыйақы төлемей пайдалану.
Автордың келісімінсіз және авторлық
сыйақы төлемей, бірақ туындысы пайдаланылатын
автордың есімін және қай деректен алынғаны
міндетті түрде көрсетіле отырып, шығарманы
пайдалануға мынадай жағдайларда жол
беріледі:
1. Заңды түрде жарияланған туындылардан
түп нұсқа күйінде және аударма түрінде
ғылыми, зерттеу, пікірталас, сынау және
ақпараттық мақсатта, баспасөзге шолу
ретінде газеттер мен журналдар мақалаларынан
алынған үзінілерін қоса алғанда, дәйек
сөз алу мақсатына сай көлемде дәйек сөз
алу;
2. Заңды түрде жарияланған туындыларды
және олардан алынған үзінділерін оқыту
сипатындағы басылымдарда, радио және
телехабарларда, дыбыс-бейне жазуларда
алға қойған мақсатқа сай көлемде пайдалану;
3.Ағымдағы экономикалық,
саяси, әлеуметтік және діни мәселелер
бойынша газеттерде немесе журналдарда
заңды түрде жарияланған мақалаларды
немесе эфирге берілген осындай сипаттағы
туындыларды жұртшылық назарына жеткізу
үшін газеттерге көшіріп басу, эфирлерге
тарату немесе кабель бойынша хабарлау;
4. Көпшілік алдында сөйленген саяси сөздерді,
үндеулерді, баяндамаларды және басқа
осы сияқты туындыларды ақпараттық мақсатқа
сай көлемде жұртшылық назарына жеткізу
үшін газеттерге көшіріп басу, эфирлерге
тарату немесе кабель бойынша хабарлау.
Бұл орайда автордың мұндай туындыларды
жинақтарда жариялау құқығы сақталады;
5. Ағымдағы оқиғалар
барысында көрінген немесе
6. Заңды түрде жарияланған туындыларды
бедерлі-нүкте жазуымен немесе зағип адамдарға
арналған басқа да арнайы тәсілдермен,
осылайша көшірмелеу үшін арнайы жасалған
туындыларды қоспағанда, пайда таппай
көшірмелеу;
Тең авторлар:
1. Екі немесе
одан да көп адамның (тең
авторлардың) бірлескен
Егер туындының бір бөлігін осы туындының
басқа бөліктеріне қарамастан пайдалану
мүмкін болса, бұл бөлігі дербес мәні бар
туынды деп танылады.
Егер тең авторлар арасындағы келісімді
өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы
туындының дербес мәні бар өзі жасаған
бөлігін өз қалауы бойынша пайдалануға
құқылы.
2. Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы
тең авторларға ортақ. Тең авторлардың
өзара қатынастары олардың арасында жасалған
келісім арқылы белгіленуі мумкін. Егер
тең авторлардың туындысы бөлінбейтін
біртұтас дүние болса, тең авторлардың
бір де бірінің туыныны пайдалануға жеткілікті
негіздері болмайынша тыйым салуға құқығы
жоқ.
Жинақтар мен басқа да құрама туындыларды
құрастырушылардың авторлық құқығы:
1. Жинақтар мен басқа да құрама туындылардың
авторына шығармашылық еңбек нәтижесі
болып табылатын материалдарды іріктеуді
және орналастыруды жүзеге асырғандығы
үшін авторлық құқық беріледі.
Құрастырушының өзі туындыға енгізілген
әрбір туынды авторларының құқықтарын
сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады.
Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе,
құрама туындыға енгізілген туындылардың
авторлары өз туындыларын құрама туындыға
қарамастан пайдалана беруге құқылы. Құрастырушының
авторлық құқығы басқа адамдардың сол
материалдарды басқа құрама туындылар
жасау үшін дербес іріктеуіне және орналастыруына
кедергі жасамайды. 2. Энциклопедияларды,
энциклопедиялық сөздіктерді, мерзімді
және шығуы жалғаса беретін ғылыми еңбектер
жинақтарын, газеттерді, журналдарды және
басқа да мерзімді басылымдарды жарыққа
шығаратын баспагерге мұндай басылымдарды
тұтас пайдалануға айрықша құқық беріледі.
Баспагер мұндай басылымдарды кез-келгн
жағдайда пайдаланса да өзінің атауын
көрсетуге немесе оны көрсетуді талап
етуге құқылы.
Мұндай басылымдарға енгізілген туындылардың
авторлары жалпы басылымға қарамастан
өз туындыларын пайдалануға айрықша құқықтарын
сақтап қалады.
Авторлық құқықтарды
қорғау:1.құқықтарды тану;2. құқық бұзылғанға
дейінгі жағдайды қалпына келтіру;3.құқықты
бұзатын немесе оның бұзылуына қауіп төндіретін
әрекеттері тыю;4.айырылып қалған пайданы
қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;5.құқық
бұзушы авторлық құқық бұзу салдарынан
тапқан табысты өндіріп алу;6.Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгіленген,
жалақының жиырмадан елу мыңға дейінгі
ең төменгі мөлшері, ал ЭЕМ-ге арналған
бағдарламаның немесе деректер базасы
авторларының құқығын бұзған кезде жалақының
бес жүзден елу мыңға дейінгі ең төмен
мөлшерісомасында өтем төлеу арқылы жүзеге
асырылады. Зиянның орнын толтырудың немесе
табысты өндіріп алудың орнына өтемақы
мөлшерін сот белгілейді.
7. олардың құқықтарын қорғауға байланысты
заң актілерінде көзделген өзге де шаралар
қолдану арқылы жүзеге асырады.Осы тармақтың
4,5,6 тармақшаларында авторлық құқық иелерін
таңдауыны қарай қолданылады.
Іс қаралғанға дейін судья туындылары
мен фонограммалардың контрафактілік
деп жорамалданған даналары жауапкердің
дайындауына, көшірмелеуіне, сатуына,
пайдалануына тыйым салу туралы жеке-дара
ұйғарым шығаруға құқылы. Судья туындылары
мен фонограммалардың контрафактілік
деп жорамалданған даналарын, сондай-ақ
дайындау мен көшірмелеуге пайдаланатын
материалдар мен жабдықтарды пайдалануға
тыйым салу және алып қою туралы ұйғарым
шығаруға да құқылы.
Сот туындының немесе фонограммалардың
контрафактілік даналарын, сондай-ақ көшірмелеуге
пайдаланатын материалдар мен жабдықтарды
тәркілеу ұйғарым шығаруға құқылы.Туындылардың
немесе фонограммалардың контрафактілік
даналары оның талп етуі бойынша авторлвқ
құқықтың иесіне берілуі мүмкін не соттың
шешімі бойынша жойылуы тиіс.Олардың көшірмелеуге
пайдаланылған матариалдар мен жабдықтар
соттың шешімі бойынша жойылуға не мемлекет
кірісіне берілуі тиіс.Туындыны авторлық
сыйақысын төлеп, автордың келісімінсіз
жеке мақсатта көшірмелеу:1. Туынды автордың,
орындаушының және фонограмма жасаушының
икелісімінсіз, бірақ оларға сыйақы төлеп,
дыбыс-бейне жазу туындысы немесе туындының
дыбыстық жазбасын жеке мақсатта көшірмелеуге
жол беріледі.2. Осы баптың 1-армағында
аталған көшірмелеу үшін пайдаланатын
жабдықтарды (дыбыс және бейне магнитофондарды,
өзге де жабдықтарды ) және материалдық
жеткізгіштерді (дыбыс және бейнетаспалар
мен кассеттер, шағын дискілер,өзге де
материалдық жеткізгіштер) дайындаушылар
немесе импорттаушылар төлейді.3. Бұл сыйақыны
жинау мен бөлуді авторлардың, фонограмма
жасаушылардың және орындаушылардың мүліктік
құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын
ұйымдардың біреуі осы ұйымдар арасындағы
келісімге сәйкес жүзеге асырады.4. Егер
бұл келісімде өзгеше көзделмесе, аталған
сыйақы мынадай шамада бөлінеді: авторларға-
қырық процент, орындаушыларға отыз процент,
фонограмма жасаушыларға отыз – процент.
5. Сыйақының мөлшері және оны төлеудің
шарттары бір жағынан аталған дайындаушылар
мен импорттаушылар және, екінші жағынан
авторлардың, фонограмма жасаушылардың
және орындаушылардың мүліктік құқықтарын
ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар арасындағы
келісімде белгіленеді, ал тарптар мұндай
келісімге келе алмаған жағдайда — Қазақстан
Республикасының уәкәлдік берілген органы
белгілейді.6. Осы баптың 2-тармағында аталған,
экспортқа шығаруға болатын жабдықтар
мен материалдық жеткізгіштер, сондай-ақ
үй жағдайында пайдалануға арналмаған
сыйақы төленбейді.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Қ.Р-ның «Конститутциясы» 1995-жылы 30-тамызда қабылданған.
2. Қ.Р-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңы 2-ші басылымы – А: 2004 ж.
3.«Авторды қорғау руханиятты қолдау» Оразалиев С.Ш. А – 2000.
4.Авторлық құқық және
сабақтас құқықтар
5.Қ.Р-ның «Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы