Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 10:13, реферат
«Адвокаттың кәсіби әдебі» ұғымы азаматтармен, мемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен, әртүрлі коммерциялық және қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ адвокатура органдарымен және әріптестіктерімен қарым қатынаста мораль мен адамгершілік мәселелерінің кең ауқымын қамтиды. Адвокаттың кәсіптік мінез-құлқы мәселесі адвокатура туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, адвокаттар алқасы Жарғысы және адвокаттардың кәсіптік әдеп Тәртіптері шеңберінде реттелмесе, онда адвокат адвокатурада қалыптасқан нормалар мен дәстүрлерді, егер олардың мазмұны заң талаптарына қайшы келмесе және мораль мен адамгершіліктің жалпы қабылданған принциптеріне сәйкес келсе, сақтауға міндетті.
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі.

Сонымен адвокаттық әдеп- бұл адвокатура туралы қолданыстағы заңнама, адвокаттар алқасы Жарғысы және адвокаттардың кәсіптік этика тәртіптері шеңберінде реттелетін және адвокаттың мінез-құлық нормасының туындаған практика. Оның мақсаты - жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен міндетін абыройлы қорғау.Адвокаттың әдеп нормаларын сақтауы - оның өз кәсіби міндеттері мен іс-әрекеттерін тиісті орындаудағы қажетті шарт.
Адвокат заң кмегін көрсету кезінде мынадай кәсіптік ережелерді сақтауға тиіс: 1) көп күш - жiгер не уақыт жұмсауды талап ететiн қажеттi әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс бiлдiру; 2) заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстау; 3) өз кәсiби мiнез-құлқын көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, iстi негiзсiз сөз бұйдаға салуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол бермеу; 4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiне адал болу және оның мүдделерiне қарсықандай да болмасын әрекет жасамау. Адвокат заң кмегін адал көрсетуге, моральдық тазалықтың үлгісі мен адами мінез-қлықтың сүйеніші болуға, өзінің кәсіптік машығын ұдайы жетілдіруге, құқықтық білімдер мен қолданыстағы заңнаманы белсенді насихаттауға тиіс.Ю.И. Стецовский «...адвокат болу үшін жадағай белгіленген шарттарға ғана сай болу жеткіліксіз» (білім, тәжірибе және т.б) деп санайды. Адвокат 181адамдардың тағдырына төрелік жасауға, адамдардың теріс қылықтары туралы пікір айту үшін өзі де адами тұрғыдан лайық болуы қажет», сондықтан да адвокат кіршіксіз тазалық пен жарасымды мінез-құлықтың иесі болуға тиіс.
Адвокаттар кәсіби әдебі тәртібінің талаптарын бұзғандығы үшін адвокаттар алқасының мшесі тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.Тәртіптік жазаны адвокаттар алқасының төралқасы теріс әрекетті анықтағаннан кейін, алайда ол жасаған күннен бастап, алты айдан кешіктірмей, адвокаттың ауырған немесе демалыста болған уақытын есептемей, тікелей қолданады. Жазалау шарасы: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, адвокаттар алқасынан шығару түрінде болуы мүмкін. Қатаң сөгіс, егер адвокаттар алқасының төралқасы басқа тәртіптік жаза шараларын жеткіліксіз деп ұйғарса, соңғы шара ретінде қолданылады. Тәртіптік жауапкершілік туралы істі төралқа төрағасы адвокатка байланысты келіп түскен шағым, арыз арқылы іс қозғайды
Информация о работе Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі