Конституциялық құқықтық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:13, реферат

Краткое описание

Жалпы құқық теориясында құқық нормасы ретінде мемлекеттен туындайтын және сол арқылы қорғалатын, заң құқығына қатынасушылардың қатынасын білдіретін және оларға міндеттер жүктейтін жалпыға міндетті және заңда айқындалған тәртіп ережесі түсіндіріледі. Басқаша айтқанда Конституциялық норма жалпы құқықтық нормалар жүйесінде маңызды роль атқаратын, негізгі қатынастарды реттеуге бағытталған, басқа құқықтық нормалардың дамуының бастамасы болатын ерекше құқықтық норманың бір түрі болып табылады. Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру ортақ заңдылықтарға бағынатын, қалыптасқан механизмі бар ерекше қызметтердің жемісі.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Конституциялық құқықтық нормалар ұғымы, олардың түрлері мен ерекшеліктері...........................................................................................................4
2.Конституциялық құқықтық норманы жүзеге асырудың мәні және ерекшеліктері...........................................................................................................8
Қорытынды............................................................................................................11
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................12

Прикрепленные файлы: 1 файл

Конституциялық құқық.docx

— 39.82 Кб (Скачать документ)

Өркениетті қоғамдар үшін маңызды болып табылатын азаматтық  қоғам мен құқықтық мемлекет идеяларын  өміріміздің шындығына айналдырудың бірден-бір заңдық негізі оның конституциялық қалыптарын жүзеге асыру болып табылады.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет талаптары Конституцияда  негізінен құқықтық идея және қағида ретінде көрініс табады. Оған Қазақстан  Республикасының 1995 жылғы 30-тамызында  қабылданған Конституциясының 1-бабының 1-тармағы нақты дәлел бола алады.

Конституцияда көрініс тапқан осындай құқықтық мұраттарды нақты жүзеге асыру тәжірибеде үлкен қиыншылықтар тудырады. Сондықтан да құқықтық тәжірибеде конституция мен конституциялық нормаларды жүзеге асыру маңызды роль атқарады.

Конституция мен конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыруда  тағы бір ерекше маңызды мәселенің  бірі, бұл нормалар қандай бастауларға  сүйеніп жүзеге асады деген мәселе болып табылады. Былайша айтқанда конституция және конституциялық нормалар қандай қағидаларды басшылыққа ала  отырып шынайы өмірге енеді. Конституция  мен конституциялық нормаларды жүзеге асырудың негізгі қағидалары ол нормалардың  өмірге енуінің бастапқы негіздерін айқындайтын талаптардың жиынтығы болып табылады. Конституция мен конституциялық нормаларды жүзеге асырудың мынандай қағидаларын бөліп көрсетуге болады:

-конституция мен конституциялық нормалардың басқа заң нормаларына қарағандағы басымдығы;

-конституция мен конституциялық нормалардың тікелей жүзеге асу қағидасы;

-конституция мен конституциялық нормаларды жүзеге асырудың ерекше механизмін басшылыққа алу;

-аталған нормалардың ағымдағы заңдар арқылы жүзеге асуындағы бірізділік қағидасы; 

-конституция және конституциялық нормаларды жүзеге асырушылардың ерекше мүмкіндіктерін баянды ету т.б.

Конституция және конституциялық нормаларды жүзеге асырушы субъектілердің де өзіндік ерекшеліктері бар. Конституция  және конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыратын субъектілер  негізінен  мемлекет тарапынан ерекше құзыретке  ие мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар болып табылады. Азамат конституцияда және басқа да конституциялық нормаларда көрініс тапқан құқықтар мен міндеттерді қолдануы, орындауы, пайдалануы мүмкін. Бұл тікелей конституция және конституциялық нормаларды жүзеге асыруға  жатпайтын болса да, азамат өзінің конституциялық құқықтарын қолдана немесе пайдалана отырып жанама түрде конституциялық нормаларды жүзеге асыруға қатыса алады деп санауға болады.

Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру теорияда, сонымен қатар күнделікті өмірде үлкен маңызға ие болып отырған  мәселенің бірі болып табылады. Конституция  және конституциялық нормаларды жүзеге асыру арқылы біз жалпы айтқанда қоғамды да белгілі дәрежеде дамытуға ықпал ете аламыз. Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру ортақ  заңдылықтарға бағынатын, қалыптасқан  механизмі бар ерекше қызметтердің жемісі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорыта келгенде конституциялық құқық нормалары ұғымы мен атқаратын қызметтерін, олардың ерекшеліктері мен түрлерін қарастырдым. Конституциялық-құқықтық нормалардың негізгі классификациясы нұсқаулардан тұратын сипаты бойынша, нұсқаулардың-айқындаушылық дәрежесі бойынша, құқықтық реттеу механизмі бойынша жіктелетіндігін қарастырып оларға сипаттама бердім.

Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру бірнеше  бағыттарды қамтитын ерекше механизмі  бар белгілі бір қызмет бағытын  құрайды.

 Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың мазмұны конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылардың белсенді құқыққа сай  әрекеттерінен тұрады. Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың мәні, оның алдына қойған мақсатына жету болып табылады.

Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың әлеуметтік- құқықтық сипатын тану барысында конституциялық мүдделердің орны ерекше болып табылады. конституциялық мүдделер негізінен конституциялық нормаларда көрініс тапқан әлеуметтік дамудың өлшемдері болып табылады.  Конституциялық мүдделерді терең талдау конституциялық құқықтық нормалардың әлеуметтік маңызын және бағытын айқындауға ықпал жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы Ғ.Сапарғалиев , Алматы 2004 ж.
  2. Концепция правовой политики Республики Казахстан. - Алматы: ДЕШКИС, - 2002. - 28 с

 

Интернет көздері

 

  1. http://kk.wikipedia.org/wiki/Конституциялық_құқықтық_нормалар
  2. http://www.ombudsman.kz/kz/publish/docs/doklad_spec/detail_2.php?ID=1339
  3. http://webcache.googleusercontent.com/search?q=cache:G8aLob4YgjEJ:aleksey-kz.moy.su/_ld/1/112_aSo.doc+&cd=6&hl=ru&ct=clnk&gl=ru

 

 


Информация о работе Конституциялық құқықтық