Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2014 в 15:00, реферат
Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды.
КІРІСПЕ
І. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
1 Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері
2 Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы
ІІ. ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
1 Қазіргі Қазақстандағы Ислам дінінің жағдайы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ағамыз қазақ «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Бала шыр етіп жарық дүниеге келген күннен имандылықты бойына сіңіру, мектепте де жоғарғы оқу орындарында да мұны талассыз жүргізіп отыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бұл көкейкесті мәселелерді шешуге мемлекетіміз де, діни басқармамыз да, бүкіл мұсылмандар да атсалысып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару керек. Қазақстанды мекендейтін мұсылмандар 70% астам. Әрине, бұл үлкен күш. Бәріміз осы күшті бірітірсек, адамгершілік, әділеттілік, имандық жолын тез қалпына келтірер едік. Мемлекетімізде халықтар татулығы нығайып, нағыз азаматтық қоғам құру жеңілдер еді. Өйткені, құқықтық-демократиялық мемлекеттің қайнар көзі де осы исламда, ата-баба қағида-ережелерінде жатыр. Парламентіміз заңдарды құрастырып, бекітіп, қабылдап отырғанда бұларды көзінен таса қалдырмаулары тиіс. Барша өркениетті елдер өздерінің түп-тамырларына, өткеніне сүйенеді. Жапония да, АҚШ та, Қытай да, Ағылшындар да, Немістер де, Үнділер де дәл солай, қазіргі заңдары өткенінен нәр алған. Ал, біздердің заңымыз сырттан әкелінгендіктен, қаншама сұлу, әдемі көрінгенімен дінімізге, руханиятымызға сіңбейді. Сол үшін де заңдарымыз көпшілік көңілінен шықпай жүр. Оған бірер мысалдар келтіре кетейін:
— біріншіден, ата-бабаларымыз кез келген іс-әрекет, ой-ниетті адал-арамға, жақсы-жаманға, обал-сауапқа, дұрыс-бұрысқа бөлген. Бірін—жақсы, екіншісін—күнә дейді. Күнә нәрселер адам баласына зиян келтіреді. Сондықтан да ондай іс-әрекеттер қылмыс, жөнсіз жасалып, кез келген қоғам мүшесі ондай әрекеттерден аулақ жүрген;
— екіншіден, күнә жасаушылар болмауын қоғамның өзі қадағалап, бола қалған жағдайда оның шығу себебін анықтап, оның жайылып кетпеу жағы қарастырылады;
— үшіншіден, күнә жасаушы міндетті түрде жазасын тартуы, жасаған күнәсіна өкініш білдіруі, екінші рет істемеуге шешім қабылдауы және қылмыс пен күнәнің кешірілуі көзде тұтылады;
— төртіншіден, мұны жүзеге асырушы билер, ақсақалдар және билік басындағылар жақсы біліп қана қоймай, оларды жаман жолдан қайтарып, имандылыққа жетелеген;
— бесіншіден, кез келген қылмысты іс, дау-дамай жариялы түрде, халық алдында өткен. Сөйтіп, жазаның әділдігі өзгелер алдында анықталып, оның үстіне өзгелерге сабақ, үлгі (сот шешімдері) болған./15/ Өкінішке орай, осындайнағыз демократиялық принциптер құқық қорғау органдары қызметкерлерінде жеткіліксіз. Ал осы принциптерді мықты ұстанған мұсылман елдерінде түрмелер бос, қаңырап тұр. Айтылған кінараттар нәтижесінде республикамызда түрмелердің толы болуы, біздерде салауаттық пен имандылықтың жоқтығын көрсетеді. Елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар нәтижелі болуы—имандылық пен әділеттілкте жатыр. Ал, имандылық пен әділеттілік тек ислам діні мен ата-бабаларымыздың біздерге қасиеттеп қалдырған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінде жатыр. Мұны мықтап қолға алмасақ, бармақ тістеуге де шамамыз келмей қалары анық.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран Кәрім» өткен мен қазіргі уақыт сабақтастығын жүзеге асырды, онда көптеген халықтардың тарихы мен тағдыры тоғысты, терең тарихи тамырлары, уақыт пен кеңістік аясындағы әр түрлі халықтар тұрмысындағы ұқсастықтары ашылып, адам қоғамның пайда болуының алыс-жақын түп-тамырлары зерттелді: Құранның уақыт өтсе де, маңызы кемімейтін қасиеті де осында. Ислам діні көптеген халықтардың рухани табиғатына сай келді. 1500 жылғы ислам тарихы, Мұхаммед пайғамбардың өмірі, оған дейінгі пайғамбарлар тарихы осыған дәлел. Исламның терең тарихы бар Көне Қазақстан жеріне келуі мәдениеттің дамуына, қоғамымыздың өзіндік санасы мен руханилығы игі ықпал еткені баршаға аян.
Мұсылман мәдениетінің артықшылығы тең рухани салада ғана көрініс тапқан жоқ. Дін—наным-сенімге, этикаға, философияға және Қазақстандағы ғылым мен мәдениетті дамытуға зор ықпалын тигізді. Сонымен қатар қазақ жеріне ислам дінінің таралуын қазақ халқына тигізген оң әсерлерін қазақтың төл салт-дәстүрімен байланысуы, қазақ халқының отбасылық өмірінде ислам уағыздарының адамгершілікке толы қасиеттер мен тәлім-тәрбиенің ұқсастығының молдығын барынша ашып көрсеттім деген ойдамын.
Атамыз қазақ «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Бала шыр етіп , жарық дүниеге келген күннен имандылықта бойына сіңіру, мектепте де, жоғарғы оқу орындарында да мұны талассыз жүргізіп отыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін айтқым келеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ШҚО ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: ИСЛАМ ДІНІ
Орындаған: Өмірзақов Айдын
21 ОД
Тексерген: Сейткасимова С.Е.
СЕМЕЙ 2014 ЖЫЛ