Халықаралық жеке құқықтық жүйесі мағынасы, қайнар көзі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 21:39, реферат

Краткое описание

Халықаралық жеке құқық – құқықтық нормалар ішіндегі өте күрделі кешен, яғни ол азаматтық құқықтық қарым-қатынастарды реттеп отыратын халықаралық сипаттағы ұғым. Халықаралық сипаттамағы қарым-қатынасушылар қатарына шетелдіктер, шетелдің заңды тұлғалары, шетел мемлекеттері т.б. кіреді. Олар бір немесе бірнеше мемлекет аумағымен байланыста. Казіргі уақытта азаматтық – құқықтық байланысқа мүліктік емес, сонымен қатар мүліктік емес қатынастар отбасылық, еңбектік, процессуалды құқықтық нормалардың реттелуі кіреді.

Содержание

1. КІРІСПЕ.
2. Халықаралық жеке құқықтық жүйесі мағынасы, қайнар көзі.
Халықаралық жеке құқықтың реттелуі әдістері және бірқалыпқа келуі.
Шетел азаматтарының азаматтық құқықтық ерекшелері.
3. ҚОРЫТЫНДЫ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word 2.doc

— 123.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

 

1. КІРІСПЕ.

2. Халықаралық жеке құқықтық жүйесі  мағынасы, қайнар көзі. 

  1. Халықаралық жеке құқықтың  реттелуі  әдістері  және  бірқалыпқа келуі. 
  2. Шетел азаматтарының азаматтық  құқықтық  ерекшелері.

3.  ҚОРЫТЫНДЫ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ. 

 

Халықаралық жеке  құқық – құқықтық нормалар ішіндегі өте күрделі кешен, яғни ол азаматтық құқықтық қарым-қатынастарды реттеп отыратын халықаралық сипаттағы ұғым. Халықаралық сипаттамағы қарым-қатынасушылар қатарына шетелдіктер,  шетелдің заңды тұлғалары, шетел мемлекеттері т.б. кіреді. Олар бір немесе бірнеше мемлекет аумағымен байланыста. Казіргі уақытта азаматтық – құқықтық байланысқа мүліктік емес, сонымен қатар мүліктік емес қатынастар отбасылық, еңбектік, процессуалды құқықтық нормалардың реттелуі кіреді. Халықаралық жеке құқықтың нормалары халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық бірлестіктердің байланысын реттеп отырады.

Казіргі уақытта халықаралық жеке құқықтың дамуына негізгі факторлар жерін тигізеді.

1.     Шаруашылық өмірдің халықаралық ұйымдасуы (сауданың дамуы, әлеуметтік – экономикалық бірлесу, бірлескен мекеме құру)

2.     Халықты соғыстық салдарынан шұғыл мекен жайларынан көшіру (яғни ол саяси және ұлттық себептерге байланысты) білім алуға, жұмысқа тұрғызу мақсатында

3.     Ғылыми – техникалық прогресс

Халықаралық жеке құқықтың негізгі тапсырмасы болып әртүрлі елдердің мекемелерімен шағын фирмалардың іскерлік байланыстарын реттеп отыру.

Халықаралық жеке құқықтың реттеліп отыруы азаматтық-құқықтық сипатта яғни ол халықаралық өмірде пайда болады. Бұл құқық саласы отбасылық, еңбек және процессуалды байланысты басқарып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халықаралық жеке құқықтық жүйесі  мағынасы, қайнар көзі.

 

Халықаралық жеке құқық – ғылыми тұрғыдан үш бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімінде жалпы теориялық сұрақтар, осы саланың арнайы сұрақтары зерттеледі, үшінші бөлімінде халықаралық азаматтық процесстің  сүрақтарынан турады. Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты бірінші рет халықаралық жеке құқықтық мәселелерін зерттеу және оны жүйесі түрде меңгеру игерілді.

Халықаралық жеке құқық ерекше сипаттағы байланыстарды реттеп отырады. Оның құрамына құқықтық қабілеттілік, заңды және шетел тұлғаларының әрекеттері, шетел азаматтарының мүлікке деген құқықтық қабілеті, (яғни ол Қазақстан Республикасы аумағында)  және Қазақстан Республикасының азаматтарына мүліктік құқықтары жатады. Сонымен азаматтарының интеллектуалды қабілетіне деген құқығын қорғау, Қазақстан азаматтарының шетелдегі құқығы қорғау, шетелдіктермен некеге отырудың ұйымдастырушылық – құқықтық формалары, еңбектік қатынастар олардың шетелде жүзеге асуы т.б. жатады.

Барлық осы қатынастарды үш топқа бөлуге болады:

1.     Құқықтық қатынасқа түсушілер болып шетелдің заңды тұлғалары немесе шетел азаматы жатады

2.     Қарым – қатынасқа түсуші объекті Қазақстан Республикасының аумағында немесе кез-келген шетел мемлекетінде.

3.     Реттеуші байланыстық негізі нақты заңды фактілер жатады.

Халақаралық жеке құқықтың негізін коллизионды нормалар құрайды. Бұл нормалар қолданыстағы заңдылықтарды көрсетеді. Бұл құқық саласына бұдан басқа материалды құқықтық нормалар кіреді.

Халықаралық жеке құқық әр мемлекетте әр түрлі шешімін тапқан.

Ø     Ағылшын авторларының жұмысында олар құқықты таңдау сұрағы болып есептелген.

Ø     Франция елінде ХЖҚ ең алдымен азаматтық норма ретінде саналған.

Ø     Германияда заңгерлік ХЖҚ-ны коллизионды құқықпен бірлестірген.

Ø     Қытай доктриналарының тұжыры* ХЖҚ азаматтық құқықтық байланысты реттейтін барлық жағдайларды жатқызған.

Ø     Польшалық авторлар ХЖҚ-ты халықаралық азаматтық процестігі сурақтардың қосылуымен түсіндірген.

Халықаралық жеке құқықтың жариялануы әр мемлекеттіңазаматтарының арасындағы құқықтық қатынастарды тудырған. Біріншіден “халықаралық» ұғымы бұл мемлекетаралық, екіншеден шетел элементерінің байланысың реттелуі болып табылады. Ертеректе ХЖҚ ұғымы совет авторларының көзқарасы бойынша бөлінген. Біреулері ХЖҚ-ты халықаралық құқықты кеңейтілген мағынада көрсетеді деп тұжырымдаған. (С.Б. Крышев, М.А. Плоткин, С.А. Голунский, М.С. Строгович, Л.Н. Галенская). Басқа авторлардың тұжырымы бойынша ХЖҚ – ұғымының  құрамына  азаматтық  құқық кіреді деп  есептеген.

Халықаралық  жеке құқық пен  халықаралық  құқықтық  бірнеше  айырмашылғы бар:

1.     Байланыстарды реттеудегі  мазмұнның  әртүрлігі.  Халықаралық  құқықта  бірінші  орында   мемлекеттердің  саяси қарым-қатынасындағы алса,  ал ХЖҚ-та  азаматтық жеке  құқықтық  байланыстар ерекше  орын алып  халықаралық  сипатқа  ие  болған. Бұларға  мүліктік  қатынастар  болмаса мүліктік  емес қатынастарды  жатқызуға  болады.

2.     Қарым-қатынас  субъектілері.  Халықаралық құқықта  баста субъекті  болып мемлекет жатады.  Ал ХЖҚ-та  бірінші  кезекте  заңды  немесе жеке тұлғалар,  сонымен қоса  субъекті  реітенде  мемлекетте қатыса алады.

3.     Қайнар көздемі. Халықаралық құқықтың  негізгі  реттеуші  көзі  болып  халықаралық  келісім шарт жатады.

4.     Құқықтың бұзулуына  байланыста  санкциялар  қолдану,  бәсекелестігі шешудің  түрлі   жолдарын қарастыру

Яғни, ҚР  тәуелсіз, суверенді мемлекет болғандықтан  ол халықаралық  құқықтық  толыққанды субъектісі бола  алады.  Қазіргі күні  ҚР халықаралық  өмірде белсенді. орын алып, басқа мемлекеттермен  өзара  байланыста.  ХЖҚ пен ХҚ тығыз  байланысты  болғандықтан ҚР ХЖҚ-тың субъектс  бола алады.

ХЖҚ оқу  пәні  болғандықтан  өз алдына  құқықтық білімдердің  негізгі  жүйелі  жиынтығы.

ХЖҚ-тың  оқу курсы  екі бөлімге бөлінеді: жалпы және  ерекше. Жалпы  бөлімі ХЖҚ-ң  қайнар  көздерін, жалпы  түсініктер, субъектілердің  құқықтық жағдайы,  коллизионды  нормалар қарастырылған.

Ерекше бөлімі  келесі  бөлімшелерден  құрылған:

1.     жеке меншік құқығы

2.     міндетті  құқық

3.     несиелік  және есепайыру  байланыстары

4.     заң  бұзулушылықтағы  міндеткерлік

5.     авторлық және  пайтенттік  құқық

6.     отбасылық құқық

7.     мұрагерлік құқық

8.     еңбек қатынастары

9.     халықаралық азаматтық құқық

Құқықтың қайнар  көзі   қатарылық оның  ішкі  формаларын қарастыру  қаралған.

ХЖҚ-тың  мазмұнында  оның  басты  қайнар көзіне ҚР-ң Конституциясы, халықаралық келісім шарт, ішкі  заңдылықтар,  салт-дәстүр т.б. жатады.  Әр мемлекетте ХЖҚ-тың  қайнар  көзі  бірдей  емес  әртүрлі  болып келеді.

ХЖҚ-тың ішкі  заңдылықтарының  қайнар  көзі  болып  ҚР-ң  Конституциясы   жатады.  Қаулының  негізгі   бөлімі осы  құқыққа  байланысты бөлімшесі «Азаматтық құқықтың» YII бөлімінде  көрсетілген.

ХЖҚ нормалары  сонымен қатар ҚР-ң «Неке және отбасы», «Еңбек  құқығы», «Шетелдік  инвестиция»,«Валютаның  реттелуі», заңдарында  мазмұндалған.

 

Халықаралық жеке құқықтың  реттелуі  әдістері  және  бірқалыпқа келуі. 

Шетелдік элементтердің  құқықтық  қарым-қатынастарында  әрқашан  бір сұрақ   туындайды: ол  мәселені  шұғыл  шешу, қай  заң  қолдануға  жатады.

ХЖҚ-та материалды-құқықтық және  коллизияны  әдіспен реттелуі  екі  аспектімен  қарастырылады.

1.     Коллизионды норма ішкі  материалдық  құқықтық  нормамен бірлесе жүріп,  азаматтық айналым  қатысушыларының  жүру  қалпын  үлгі  етеді.

2.     ХЖҚ – материалды  құқықтық  нормаларды   ажырамас  құрамдас  бөлігі  ретінде   қосыла отырып, ішкі   заңдылықтарға  халықаралық  келісімшарттар және  әдет-ғұрыптарға  негізделген.

Коллизионды  әдіспен реттелу өте қажетті  болып табылады. Көптеген  дамыған  елдерде  сфераны  кеңейту үшін материалды-құқықтық нормаларды бірқалыпқа  келтіру  жолын  қолдануда.  Осы әдісті  қолдана отырып  азаматтардың  қарым-қатынасының  реттелуі  көзделеді.

ХЖҚ-ң құрамына  шетелдік  элементтердің  жеке  құқықтық  байланысын  реттеп  отыратын  арнайы  нормалар кіреді.

Коллизионды норма  - бұл екі   элементтен  тұрады: көлем және  байланымнан. Осы  норманың  көлемі  азаматтық-құқықтық сипаттағы байланыстарды көрсетеді.

Байланым – бұл берілген  байланыс  түрін  қолданудағы   заң түрін  көрсету.

Коллизиондық нормаларды  айырудың  келесі түрлері  қабылданған:

1.     халықаралық  бірқалыптылыққа  жетуге  бағытталған ұлттық-құқықтық және  халықаралық  құқықтық нормалар

2.     коллизионды  нормалар диспозитивті,  императивті  және қатынасты  императивті  болып бөлінеді. Императивті  - бұл  қалысқалмаушылық, көрсетілген міндетерді  шешу,  жол бермеу. Диспозитивті -  халықаралық  келісім шарт  жасасудағы  екі жақтың  еркін көрсетеді

3.     Коллизионды  нормалар негізгі  және қосымша  болып келеді.  Бұндай  нормалардың  ерекшелігі  олар құқықтық  шарттық  байланысты  белгіленеді.

4.     Күрделі  және  жай   коллизионды  норма түрі  бірнеше  байланымдар  мен  көрініс  табады.

Екі жақты   коллизионды  байланыстар  бірнеше жылдар бойы  қорытылып,  оның  негізгі  түрлері  анықталған.

1.     заңды тұлғаның  жеке заңдары: а/ азаматтық заңы; б/ мекен – жайы заңы

2.     заңды тұлғалардың  жеке  заңдылықтары

3.     жеке мүліктерінің  заңдылығы

4.     зиян келген орынның заңдылығы

5.     тудың заңы

6.     еңбек қатынастарындағы  қолданылған заң

7.     таңдалған келісім жасаушы  адаммен

8.     некеге отыру  орнының заңы

9.     сатушы елінің  заңы

10. соттың заңы

Коллизионды  нормаларды  қолданудағы  ең күрделі  сұрақ  кері  қайтаруда. Кері жөнелету – бұл  келісімшарттық  байланыста көрініс  таба алады.  Ұлттық тәртіпті  сақтау -  сонымен  қоса  шетел  тұлғаларының   шаруашылық  әрекеттегі  байланыста көрініс  табуы  тиіс.  Ұлттық тәртіп  құқықтық қорғау,  әлеуметтік  қамсыздандыру  келісімшарттарындау  қолданады.

 

Шетел  азаматтарының азаматтық  құқықтық  ерекшелері. 

Халықаралық жеке құқықта  азаматтық құқықтық ереже  екі аспектіде  қарастырылады.

1.     мемлекеттің  шекарадан  тыс жерде  жүрген,  өз азаматтарының  қарым-қатынастары  қаралады

2.     мемлекеттің  аумағында  жүрген  шетел азаматтарымен,  азаматтығы жоқ адамдармен қарым-қатынасы  қарастырылады

Шетел  азаматтарымен  азаматтығы жоқ  адамдардың  құқықтық мәртебесі халықаралық құқық  пен нормалар және  жалпы аблданған  принциптерге  негіздеме қалыптасады.  Шетел азаматтарының   құқықтық мәртебесі ҚР Конституциясында 4 бөлімінің 12 ст.көрсетілген.

«Шетел және азаматтағы  жоқ азаматтар  ҚР-да  құқыққа, бостандыққа ерікті»

Шетел азаматтарының  құқықтық  ережелері ҚР Президентінің  қаулысы  бойынша «ҚР-ғы  шетел азаматтарының  құқықтық  ережелері» 19.06.1995 ж. Бұл Қаулады  ҚР-ғы  шетеле азаматтарының  құқықтары менолардың  міндеттері  анықталған.

ҚР-ғы шетел азаматтарының  құқықтық  ережелерінің  негізгі   қағидалары:

1.     ұлттық  тәртіп, шетел азаматы ҚР-да  құқыққа  бостандыққа  ие,  сонымен қоса  азаматтарының  Республикалық  келісімшартында көрсетілген  заңдарға, бекітілген  Конституцияға  міндеттеледі.

2.     заң алдындағы азаматтардың  теңдігі оның әлеуметтік-мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне,  бөліміне, дәстүрге қарым-қатынасына, тумысына тәуелсіз

3.     шетел азаматтарының  өз құқықтары мен  еркіндігін  қолдануы  ҚР  қызығушылығында

4.     шетел азаматтары  өз екріндігі  мен бостандығын  қолдана отырып ҚР-ң  заңдарына  бағынуға  ондағы көрсетілген  міндеттерге  бағынуға  және орындауға  құқылы.  Көрсетілген  міндеттерді  орындамау   шетел  азаматтарына  шара қолданып   жазалау  көрсетілген.

Барлық шетел  азаматтары  екі   категорияға  бөлінеді:

1.     тұрақты  тұрғындар

2.     уақытша тұрғындар

ҚР-да  тұрақты тұратын азаматтар  санатына  ішкі  істер бөлігі  берген тұрақты  тұруға  рұқсат қағазы бар адамдар жатады.

Уақытша тұратын  азаматтар  көрсетілген  мерзімде  ҚР-нан  кетуге міндетті.  Азаматтығы жоқ  тұлға ол  ҚР азаматы  саналмайтын,  басқа  мемлекеттің азаматтығы  туралы  дәлелі  жоқ тұлға.

Көп жақты  келісім шартта  адамның  құқықтары  көрсетілген оларға, азаматтық және  саяи құқығы,  экономикалық, әлеуметтік  және  мәдени  құқығы 1966 ж., басқындардың  құқықтық  ережесі 28.07.1951 ж, азаматтығы жоқ  адамдардың  құқықтық  ережесі  конвенция 28.09.1954 ж.

Ең басты  назар екіжақты  келісімшартқа  аударылады, онда өзара  екі жақты   міндеттер  көрсетілген. Оның құрамына  құқықтық көмек, өзара төлқұжатсыз жол жүруіне  байланысты  келісімдер  жатады.

Шетел азаматтарының  құқықтық  ережелері ішкі   заңдылықтармен, нормамен бекітіледі. Бұл дегеніміз ҚР-ғы  барлық шетел азаматтарына заңды  нормативтер қолданылады.  ҚР-ң  Азаматтық кодексінде 1 б. 13 ст. бойынша  барлық азаматар тең  осы кодекстің 14 ст. айтылған.

Шетел азаматтарының  құқыққа ие  болушылығы реторсий  түрінде  шектелген.

Құқықтық әдебиеттерде реторсий  бұл  ел аумағына   шетел азаматтарының  келуінің  реттелуі  болып табылады.

Информация о работе Халықаралық жеке құқықтық жүйесі мағынасы, қайнар көзі