Дәрістер жинағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 13:53, лекция

Краткое описание

Дәріс мақсаты: Бұл пәннің мазмұны нотариат туралы, нотариалдық әрекеттер мен оларды жүзеге асыру ережелері туралы, мұра туралы, оның пайда болу жолдары туралы, оны иелену, одан бас тарту жалпы жағдайлар сияқты қоғамның күрделі құбылыстарының мәнін ашудан тұрады. Сонымен қатар нотариалдық әрекеттердің жекелеген түрлері мен оларды жүзеге асыра алу ережелерін оқып-үрену де кіреді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (6).docx

— 33.12 Кб (Скачать документ)

. БӨЛІМ. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ 
 
 
2.1. Бөлім. Нотариат және мұрагерлік құқық жалпы бөлімі. 
 
 
Глоссарий (анықтама, сөздік) 
 
Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл құқық пен фактілерді куәландыруға және заңмен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық әрекеттерді жасау жолымен жеке және заңды тұлғалардың заңдық мүдделері мен құқықтарын қорғаудың заңмен бекітілген жүйесі. 
 
Нотариаттық тіркеулер – бұл нотариустың жасаған нотариаттық әрекеттеріне есеп журналы.  
 
Құжатты бағалы қағаздар – құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тікелей оқу мүмкіндігі болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткізуші) шығарылған қағаздар 
 
Вексель ( нем. – Wechel) – заңмен қатаң белгіленген нысаны бар қарызалушымен (вексельберушімен) несие берушіге (вексельұстаушыға) берілетін, соңғысына қарызалушыдан белгіленген мерзімге векселде көрсетілген ақша соммасын төлеуді талап ету құқығын беруші жазбаша борышқорлық міндеттеме 
 
жай вексель (соло-вексель) – қарызалушымен несиеберушінің атына берілетін міндеттеме. 
 
аударымды вексель (тратта) – бір тұлғаның (трассант аталатын несиеберушінің) басқаға трассат аталатын қарызалушыға, төлеушіге, белгілі бір ақша сомасын үшінші тұлғаға (ремитент аталатын ұсынушыға) төлеу жөнінде жазбаша бұйырығы. 
 
коммерциялық вексель – қарызалушымен тауарды кепілге қойып берілетін вексель. 
 
банктік вексель – берілетін мемлекеттің өзінің шетел тілшілеріне (шетел банкілері) берілетін траттасы. 
 
қазыналық вексельдер – мемлекетпен өз шығындарын жабу үшін шығарылатын вексельдері; капиталистік елдерде вексель несиеберушінің құралы және төлем құралы ретінде маңызды рөл ойнайды 
 
 
Тақырып 1. Нотариатты құру және ҚР оның қызметінің ұйымдастырушылық - құқықтық негізі  
 
Дәріс мақсаты: Бұл пәннің мазмұны нотариат туралы, нотариалдық әрекеттер мен оларды жүзеге асыру ережелері туралы, мұра туралы, оның пайда болу жолдары туралы, оны иелену, одан бас тарту жалпы жағдайлар сияқты қоғамның күрделі құбылыстарының мәнін ашудан тұрады. Сонымен қатар нотариалдық әрекеттердің жекелеген түрлері мен оларды жүзеге асыра алу ережелерін оқып-үрену де кіреді. 
 
Тақырыптың сұрақтары: 
 
1. Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары  
 
2. ҚР нотариатттық қызметті құқықтық реттеу 
 
3. Нотариаттық палатаның өкілеттілігі 
 
4. Нотариаттық палатаның жарғысы мен жеке нотариаттық архив 
 
 
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер) 
 
Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары 
 
Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл құқық пен фактілерді куәландыруға және заңмен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық әрекеттерді жасау жолымен жеке және заңды тұлғалардың заңдық мүдделері мен құқықтарын қорғаудың заңмен бекітілген жүйесі. «Нотариат» термині латын сөзі «notarius», аударғанда жазу, хатшы деген мағананы береді. Біріншіден, нотариат даусыз құқықтар мен фактілерді куәландыру, құжаттарды, олардан алынған көшірмелерді куәландыру, құжаттарға атқарушылық күш беру және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығы мен заңдық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында басқа да нотариаттық әрекеттер жасау жүктелген органдар жүйесін көрсетеді.  
 
Нотариат жүйесіне тек қана мемлекеттік нотариалдық конторалар мен жекеше нотариустар ғана емес, сонымен қатар нотариаттық әрекеттер жасау өкілеттілігі бар атқару билік органдарының лауазымды тұлғалары кіреді; Қазақстан Республикасының консулдық ұйымдарының лауазымды тұлғалары басқа мемлекеттердің аумағында нотариаттық әрекеттер жасай алады; жекелеген нотариаттық әрекеттер жасау құқығы дәрігерлік бөлімнің бас дәрігері мен оның орынбасарына, аурухананың кезекші дәрігеріне, сонымен қатар қарттар мен мүгедектер үйінің директорлары мен бас дәрігерлеріне, әскери бөлімдердің, мекемелері мен әскери-оқу орындарының командирлеріне де берілген. Егер тұрғылықты жерде нотариус болмаса, онда нотариаттық әрекетті атқару билік органдарының лауазымды тұлғалары жасай алады. Өзінің сипаты мен атқаратын функциясына байланысты нотариат мемелекеттік басқару органдарының қатарына жатады. Өйткені нотариаттық әрекеттер жасау тек белгілі бір билік өкілеттілігі бар органға жүктелген.  
 
Нотариаттық қызметті реттейтін және бақылайтын мемлекеттің өкілетті органы Қазақстан Республикасының әділет Министрлігі болып табылады.  
 
Екіншіден, бұл заң нормаларымен нотариаттық қызметті реттейтін заң саласы. Ең алдымен біздің елде нотариат қызметі нотариат туралы Негізгі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.  
 
Нотариат реформасы мен нотариат туралы заңның мәні бойынша қазіргі экономикалық кеңістікте екі нотариус жұмыс істейді: бірі мемлекеттік конторада, екіншісі жеке конторада. Олардың арасындағы айырмашылық, біріншісі нотариаттық әрекет жасаудан алған төлемді толығымен мемлекетке береді де одан кепілденген еңбек ақысын алады. Ал екіншісі жеке тәжірибемен айналысып, төлемдерді өзінде қалтырады. Тек заңмен қарастырылған салықтар мен өзге де төлемдерді төлейді. Бүгінгі күні нотариат – мемлекет функцияларының бірін орындайтын және белгілі бір шығынсыз әрекет ететін жалғыз көпшілік-құқықтық институт.  
 
Нотариаттың алдында тұрған басты мақсат ол азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқығы мен мүддесін қорғауды қамтамасыз ету. Мұндай міндет нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңынан туындайды. Ал осы мақсаттардың орындауын қамтамасыз ету үшіннотариаттық палата мен нотариустар заң талаптарын қатал орындауы керек, сонымен қатар біздің нотариат негізделген принциптердің орындалуын қамтамасыз етуі керек.  
 
Нотариаттың келесі міндеттерінің бірі превентивтік әділ сот. Заңдық бекітілген даусыз құқықтар сотқа жүгінуден қорғайды және жақтардың құқықтары мен қаражаттарын үнемедеумен қатар мемлекеттің сот жүйесіне кетіретін шығындарын да азайтады. Мысал ретінде туыстық қатынастардың болу фактісін бекіту арқылы нотариустардың соттардың үлесіндегі салмақты азайту мүмкіндігін жатқызуға болады. Бұл сұрақ мұрагерлік құқықты ресімдеу кезінде жиі туындайды және мұрагерлік құқықты ресімдеу кезінде мұрагерлердің мұраға қалдырушымен туыстық қатынастарын дәлелдейтін құжаттардың болмау жағдайымен жиі қатар жүреді. Қазір бұндай жағдайда нотариус жақтарды сотқа жіберуге міндетті, ал сот нотариус жасаған сұраныстарды қайталайды да соңында туыстық қатынастарды дәлелдей алатын куәларды шақырады.  
 
Нотариаттың құқықтық табиғатын анықтайтын белгілердің қатарына юрисдикциялық және құқық қорғау функциясын жатқызуға болады. Нотариус бұл жүйедегі басты әрекеттегі тұлға ретінде, тұтынушының даусыз құқығы мен заңдық фактілерін растап қана қоймай, сонымен қатар нотариус азаматтрадың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқығы мен мүддесінің бұзылуына жол бермеуі керек. Нотариус куәландырған келісімдер мен басқа да заңдық фактілердің айғақтығы нотариаттың әрекеттерді жүргізу прцедурасының қатаң реттелген ережесімен қамтамасыз етіледі. 
 
Нотариаттық қызметтің негізгі принциптерінің бірі заңдылық болып табылады. Бұл принцип Қазақстан Республикасындағы барлық құқық қорғау органдары қызметінің негізгі функционалдық принципі. Нотариалдық куәландыру мемлекет атынан жүзеге асырылады және нотариалдық куәландырылған құжат заңды деп танылады, сонымен қатар егер дау туындаған жағдайда сол құжаттың әрекет ету мерзімінде онда көрсетілген құқықтарға кепілдік беріледі және мүдделі тұлғалардың құқығын қорғауға көмектеседі. Әрине, елдегі әлеуметтік, экономикалық өмірдің түбегейлі өзгеруіне байланысты, жаңа меншік құқық қатынастарының қалыптасуына байланысты, азаматтар мен заңдық тұлғалардың заңдық мүддесі мен даусыз құқығын қорғаудың кепілі ретінде нотариусқа жиі баруға тура келеді. Бұрын біздің мемлекетте тек мемлекеттік нотариус болған кезде олардың алдына келесі міндеттер қойылған болатын: социалистік меншікті қорғау, азаматтардың, мемлекеттік мекемелердің, өнеркәсіптер мен ұйымдардың, басқа да кооперативтік және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, социалистік заң мен тәртіпті нығайту және т.б.  
 
Келесі маңызды принциптердің бірі нотариаттық әрекеттердің құпиялылығын сақтау. Бұл тек нотариус пен нотариаттық әрекеттер жасауға өкілетті басқа да тұлғалардың ғана емсе, сонымен қатар куәлардың, нотариустың көмекшісінің, юстицияның аумақтық органдары мен нотариалдық палата қызметкерлерінің де міндеттері. 
 
Нотариат қызметінің келесі функционалдық принциптерінің бірі ол диспозитивтік принцип. Бұл принцип бойынша нотариустар азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылға олардың құқығы мен заңдық мүддесін жүзеге асыруға комектесуі керек.  
 
Нотариаттық қызметте ұйымдастырушылық принциптерді бөліп топтастыруға болады, олар: нотариустар мен нотариаттық әрекеттер жасауға өкілетті басқа да лауазымды тұлғалардың тәуелсіздігі мен олардың тек заңға бағынуы; объективті шындық пен тиімділік принципі; мемлекеттік және жеке нотариустардың құқықтары мен міндеттерінің теңдік принципі; нотариаттық қызметте нотариаттық іс жүргізу принципінің сақталуы мен нотариус қызметінің аумақтық принципі міндетті болып саналады.  
 
Нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметін реттейтін нормалар заңның жеке саласын құрайды. Ол азаматтық, азаматтық іс жүргізу, отбасылық, тұрғын үй, халықаралық жеке құқық сияқты құқық салаларымен тығыз байланысты. Нотариаттың өкілеттігін құрайтын нотариаттық әрекеттер жасау кезінде тек қана нотариат туралы заң ғана емес, аталған құқық саласының көпшілігіне де жүгіну керек. Мысалы, заң немесе өсиет бойынша мұрагерлік құқық туралы куәлік берген кезде нотариус азаматтық, отбасылық, тұрғын үй және жер туралы заңдарды басшылыққа ала отырып, оларға түсініктеме береді. Сондықтан аралас құқықтық қатынастарды жақсы білу нотариус қызметімен айналысатын тұлғалар үшін басты талап болып табылады.  
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1. Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары  
 
2. ҚР нотариатттық қызметті құқықтық реттеу 
 
3. Нотариаттық палатаның өкілеттілігі 
 
4. Нотариаттық палатаның жарғысы мен жеке нотариаттық архив 
 
 
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме) 
 
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі 
 
 
Тақырып 2. Нотариустың қызметін бақылау. Әділет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыреті. 
 
Дәріс мақсаты: Нотариаттың қызметін бақылау,ҚР Әділет министрлігінің нотариатты реттеу саласындағы құзыреті, аумақтық әділет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыреті 
 
Тақырыптың сұрақтары: 

    1.  
      Нотариаттың қызметін бақылау
    2.  
      ҚР Әділет министрлігінің нотариатты реттеу саласындағы құзыреті

 
3. Аумақтық әділет  органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыреті 
 
 
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер) 
 
Нотариаттың қызметін бақылау 
 
Жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы және мемлекеттік нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады.  
 
Жеке практикамен айналысатын нотариустың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы мен нотариат палатасы жүзеге асырады. 
 
Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі мен аумақтық әділет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыреті «Нотариат туралы» Заңның 32-33 баптарында қарастырылған. 
 
Жасалған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және мемлекеттiк нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады.  
 
Жеке практикамен айналысатын нотариустың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң заңдылығын және iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы мен нотариат палатасы жүзеге асырады.  
 
Бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Республикалық нотариаттық палатамен бiрлесiп белгiлейдi.  
 
Әдiлет органы мен нотариаттық палатаның лауазымды адамдары нотариус қызметiн тексеру кезiнде мәлiм болған нотариаттық iс-әрекеттер жасау құпиясын сақтауға мiндеттi. Құпияны жария еткенi және нотариусқа келтiрген зияны үшiн бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.  
 
Нотариаттық қызметтi жүзеге асыруға кiрiскен жекеше нотариустың жұмысын тексеру ол нотариаттық iс-әрекеттi жүзеге асыра бастағаннан кейiн кем дегенде алты айдан кейiн және бiр жылдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi және одан кейiн әрi кеткенде жылына бiр рет жүргiзiледi.ҚР 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 32-бап өзгертілді  
 
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң нотариатты реттеу саласындағы құзыретi  
 
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi: 
 
1) аумақтық әдiлет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылықты, оны үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;  
 
2) нотариустардың Нотариаттық iс-әрекеттердi жасау тәртiбi туралы нұсқаулық әзiрлейдi және бекiтедi;  
 
3) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу арқылы нотариаттық iс жүргiзу жөнiнде нұсқаулық әзiрлейдi және бекiтедi;  
 
4) Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ереже әзiрлейдi және бекiтедi;  
 
5) Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы ереже әзiрлейдi және бекiтедi;  
 
6) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi әзiрлеп, бекiтедi;  
 
7) Жекеше нотариустарды есеп алып тiркеу тәртiбi туралы ереже әзiрлейдi және бекiтедi;  
 
7-1) әрбiр нотариаттық округ бойынша нотариустардың санын бекiтедi;  
 
8) нотариат мәселелерi бойынша әдiстемелiк, нұсқамалық және түсiндiрмелiк материалдар әзiрлейдi;  
 
9) нотариустардың қызметiн лицензиялайды;  
 
10) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтердi ведомстволық баспа басылымында жариялайды;  
 
11) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру және оның күшiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, сондай-ақ нотариустардың лицензияларын одан айыру туралы талаптарға бастамашылық етедi;  
 
12) нотариаттық iс-әрекеттердi, нотариаттық куәлiктер мен қаулыларды, мәмiлелердегi және нотариустар куәландыратын құжаттардағы куәландыру жазбаларын тiркеу тiзiлiмдерiнiң нысанын белгiлейдi;  
 
13) жеке практикамен айналысатын нотариустардың аттестациядан өту тәртiбiн бекiтедi;  
 
14) Республикалық нотариаттық палатаның келiсiмi бойынша нотариустардың қызметiн бақылау тәртiбiн бекiтедi;  
 
15) кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткiзу туралы ереженi бекiтедi;  
 
16) «Нотариат туралы» Заңға сәйкес өз құзыретi шегiнде нотариаттық қызметтi реттеудi жүзеге асырады.ҚР 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара) ; 11.06.03 ж. № 437-II 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 33-бап өзгертілді  
 
Бақылау сұрақтары:


Информация о работе Дәрістер жинағы