Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 22:26, реферат
Дәлелдеу құқығы дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі табылады. Н.С. Алексеев атап көрсеткеніндей, дәлелдеме теориясы «дәлелдеме тарихының мәселелерін, олардың теориялық негідерін, заңдық регламеттің даму сипаттамасың, шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялық проблемаларды және т.т. қамтиды». Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы дәлелдеме теориясының орнын белгілей келіп, Г.М. Миньковский былай деп жазды: «Дәлелдеме теориясы қылмыстық процесс ғылымының бір бөлігі болып табылады, ол бөлік анықтауда алдын ала тергеуде және сотта дәлелдеу процесін зерттеуге арналған. Кез келген ғылыми теория сияқты оның ішкі тұтастығы және тиісті ғылым щеңберінде сылыстырмалары түрде дербестігі бар.
Дәлелдеу құқығының пәні және тәсілі
Дәлелдеу құқығы дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі табылады. Н.С. Алексеев атап көрсеткеніндей, дәлелдеме теориясы «дәлелдеме тарихының мәселелерін, олардың теориялық негідерін, заңдық регламеттің даму сипаттамасың, шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялық проблемаларды және т.т. қамтиды». Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы дәлелдеме теориясының орнын белгілей келіп, Г.М. Миньковский былай деп жазды: «Дәлелдеме теориясы қылмыстық процесс ғылымының бір бөлігі болып табылады, ол бөлік анықтауда алдын ала тергеуде және сотта дәлелдеу процесін зерттеуге арналған. Кез келген ғылыми теория сияқты оның ішкі тұтастығы және тиісті ғылым щеңберінде сылыстырмалары түрде дербестігі бар. Алайда, дәлелдеу тұтас алғанда былай қылмыстық процесстен оқшау қала алмайтыны сияқты дәделдеу теориямы да қылмыстық процесс ғылымынан тысқары қала алмайтынын түсінікті. Олар бөлікпен тұтас сияқты өзара табиғи түрде байланысқан».
Сонымен, заң ғылымының саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу құқығы құрамдас элемент ретірде дәлелдеме теориясын да қамтиды. Дәлелдеме теориясы өз кезегінде дәлелдеу құқығыны ғылымы- теориялық базасы болып табылады.
Дәлелдеу теориясы мынадай мәселелерді талдайды:
- таным процессінің бүр түрі ретінде объективті шындықты дәлелдеу туралы;
- осы процессте танымның негізі және шындықтың өлшемі ретінде көрінетін қоғамдық тәжірибенің өзгеше нысандары туралы;
- қылмыстық істерді тергеу және талқылау кезінде таным объектісің ерекшелігі мен мазмұны туралы ;
- қылмыстық сот ісінжүргізуде дәлелдеме ұғымы олардың түрлері мен жіктелуі туралы;
- дәлелдемелерді пайдаланудың және оларды бағалаудың принциптерімен ережелері туралы;
- соттық зерттеудің обьективтілігіне кепілдіктер беру туралы.
Дәлелдеме теориясының
мазмұны дәлелдеу құқығының мазмұны
үшін шешуші болып табылады.П.С. Элькиннің
пікірі бойынша дәлелдеу құқығын
дәлелдемелерді жинақтаудың тексерудің және бағалаудың мақсаттын,мазмұнын,тәртібін,
Дәлелдеу
құқығының мәнін осылай түсіну
оның өзіне тән белгілерін
тұжырымдауға мүмкіндік береді.
- дәлелдеу құқығының тәсілдері мен құқықтық реттеу тақырыбы қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеу саласында қалыптасатын құқықтық қатынастардан тұрады;
- аталған құқықтық қатынастарды дәлелдеу құқығымен реттеу тәсілдері қылмыстық іс жүргізу тәсілдерін,ішінара дәлелдемелерді жинақтауға,тексеруге және бағалауға бағытталған тәсілдердің шеңберінен шықпайды,яғни дәлелдеу құқығының нормалары қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрамдас бөлігі болып табылады;
- дәлелдеме және дәлелдеу мәселелері бойынша дәлелдеу құқығының мақсаттары қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігімен сәйкес келеді және әрбір қылмыстық іс бойынша шындыққа қол жеткізуді және сот әділдігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді;
- қылмыстық іс жүргізу құқығына негізделген дәлелдеу құқығы алғашқысы сияқты құрылымдық тұрғыдан Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді, аталған бөлімдердің қарым-қатынасы да қылмыстық іс жүргізу құқығындағыдай болып келеді;
- дәлелдеу құқығын дамытудың кейбір деңгейге дейін дербес сипаты болады,мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде жаңа ережелерді қалыптастыру және қолда барды тереңдету процесіне дәлелдеу құқығының оң ықпал етуінің негізі болып табылады:
- дәлелдеу құқығы нормаларының құрлымы тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрлымына сәйкес келеді,сонымен бірге дәлелдеу құқығының жекелеген нормаларының құрудың ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу құқығы нормалардың құрудың ерекшелігін көрсетеді.
Сонымен, сот ісін жүргізуде дәлелдермен жұмыс істеу,әділ соттың ұзақ жылдық тәжірбиесі құқық қолдану қызметіне орын алған қайшылықты,сәйкессіздікті анықтады.Дәлелдеме және дәлелдеу проблемаларының жиынтығы осы осы проблемалардың теориялық және практикакалық аспектілерін дербес түрде жетілдіру қажеттігін өмірге әкелді.Әуел баста бөлек-бөлек зерттеулер түптеп келгенде тұтастық және жүйелікке тән дәлелдеу құқығына айналды.Біз осы тараудың құрлымын түсіндіру сипатында қарастырмақпыз,онда дәлелдеме ұғымы дәлелдеу құқығының сипаттамасынан және дәлелдеу теориясынан бұрын беріледі.
Дәлелдеме ұғымының екі жақты сипаты болады:
1) тектік сипаттағы философиалық ұғым;
2) түрлік сипаттағы
іс жүргізу құқықтық ұғымы.
Философия
көзқарасы тұрғысынан
Сонымен,
философиалық түсінік
а) дәлелдеме – шындықты анықтаудың процесі не әдісі
б) дәлелдеме – тану мен бағалаудың статистикалық объектісі
Қылмыстық іс жүргізу құқыгы үшін статистикалық объект деген дәлелдеме ұғымының екінші мағынасы тән? Қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіңдегі өзгеше қызмет түрі ретінде шындықты анықтау процесінің өзі « дәлелдеу » терминімен белгініледі, оның мақсаты туралы дербес тарауда айтылады.
«Дәлелдеме » ұғымының қылмыстық іс жүргізуініңь мәнін формальды қисынмен жұмыс істейтін дефенициядан ажырата отырып, А№И№ Трусов былай деп жазды: «Сол дәлелдеуде жалаң ойларымен ғана емес, ең әуелі фактілермен жұмыс істейді.»
Әрі қарай А.И. Трусов соттық
дәлелдемелердің мынадай
1) Соттық дәлелдемелермен
іс жүзіндегі деректерді
2) Жалпы кез
келген іс жүзіндегі деректер
соттық дәлелдемелер болып
3) Соттық дәлелдемелер
арқылы заңда көзделген
Р.С. Белкиннің пікірі бойынша жинақталған, зерттелген және бағаланған дәлелдемелер дәлелдеудің, яғни шындықты анықтаудың мақсатына қол жеткізудің құралы ретінде қызмет етеді.
Дәлелдеме- шындыққа көз жеткізудің құралы. Сонымен бірге дәлелдеме шындықты жасаудың құралы емес.
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесімен өзара байланысқа түскен кезде дәлелдеме- қылмыстық іс жүргізу қуқығының аса маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта аламыз. Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағыталған. Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға қуқықтық негіз жоқ.
Келтірілген түйінді жағдайлар қылмыстық процесте дәлелдеме ұғымын заңды түрде бекітүдің негізіне алынған болатын. Мәселен, ҚІЖК-нің 115- бабында былай деп жазылған: «Оның негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мәнжайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. »
Сонымен, дәлелдеменің
белгілері мыналар болып
- дәлелдемелердің ҚІЖК –не сәйкес жолымен алынуы;
- дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысы бар ісі жүзіндегі деректірдің болуы;
- дәлелдемелерді жинақтау және солардың негізінде қылмыстық жазаға жататын әрекеттің бар екендігін немесе болмағандығын анықтау;
- мұндай анықтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың ғана құқығына беру;
- Жасады деп айып тағылып отырған әрекетте адамның кінәлі екіндігін не кінәсіздігін анықтау.
Заң үшін маңызы бар іс жүзіндегі дерек көздерінің толық тізбесін белгілейді. Мұндай көздер қатарына сезектінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің жауптары; сарапшы қорытындысы ; заттай айғақтар; іс жүргізудің хаттамалары және өзгеде құжаттар жатады. Қылмыстық процесте дәлелдеу мен дәлелдемелермен қызметінің алатын орны ерекше. Өйткені тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту негіздерін анықтау осы аталған институттармен тікелей байланысты. Яғни, адамның қылмыс жасағандығын, кінәлілігін дәлелдеумен байланысты. Дәлелдемелер теориясы дегеніміз – бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі және ол келесі құбылыстар мен нормалар мен тығыз байланысты. Біріншіден, дәлелдемелердің ұғымы, түрлері және жіктелуі; Екіншіден, дәлелдеу субьектілері және олардың өкілеттіліктері; Үшіншіден, дәлелдеу қызметі және жекелеген элементтері; Төртіншіден, дәлелдеу әдіс-тәсілдері, тактикасы мен қолданылатын техникалық құралдар; Бесіншіден, дәлелдемелерді бағалау.
Дәлелдемелер теориясы дегеніміз – дәлелдеу мен дәлелдемелер институттарына қатысты теориялық ілімдердің, тұжырымдамалардың, доктриналардың, көзқарастардың жиынтығы.
Дәлелдемелер құқығы - бұл дәлелдемелер мен дәлелдеу элементтеріне қатысты арнайы қылмыстық іс жүргізушілік нормалардың жиынтығы. Ескерту: ол тек 115-131 б ғана емес (15-16 тарау) басқада ҚІЖК нормалары. . ҚІЖК 115-б. Дәлелдемелердің мынадай анықтамасы берілген – қылмыстық заңда көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын, оның кінәлілігін немесе кінәсіздігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін, маңызы бар өзгеде мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер.
Заңға сәйкес дәлелдемелердің келесі шектеулі түрлері бар:1) сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің көрсетулері; 2) сарапшының қорытындысы; 3) аттай айғақтар; 4) іс жүргізу хаттамалары және өзгеде құжаттар.
Дәлелдемелердің жіктелуі. Дәлелдемелер теориясына сай дәлелдемелер әртүрлі негізге сай жіктеледі:1) дәлелдеу көздерімен байланысы бойынша. Жеке және заттай дәлелдемелер болып бөлінеді. Жеке дәлелдемелер – адамдардан алынады (куәнің, сезіктінің көрсетулері).
2) алғашқы және туынды дәлелдемелер. Алғашқы дәлелдемелер – бірінші көзден алынған дәлелдемелер. Туынды – яғни, бұл алғашқы дәлелмелерге керісінше, туынды емес, басқа көздерден алынған дәлелдемелер.
3) Дәлелдемелердің сипаты бойынша: ақтаушы және айыптаушы дәлелдемелер.
4) Тікелей және жанама дәлелдемелер. Қылмыс жасағанын нақты меңзейтін дәлелдемелер тікелей деп аталады, ал жанама дегеніміз – болғанын көрсетеді, бірақ ол қылмыс жасағаны немесе жасамағаны белгісіз. Дәлелдеу пәні дегеніміз – қылмыстық іс бойынша анықталуы тиіс мән-жайлардың жиынтығы. ҚІЖК 17-б сәйкес оған келесі мән-жайлар жатады: 1) қылмыс оқиғасы және қылмыс құрамы (уақыты, орны, жағдайлар); 2) осы тыйым салған әрекетті кімнің жасағаны; 3) оның кінәлігі және кінәсінің нысандары; 4) қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын және жеңілдедетін мән-жайлар; 5) қылмыстың зардаптары (жәбірленушіге өтеп беру үшін, қалпына келтіру); 6) келтірілген ияны мен мөлшері; 7) қылмыстық әрекеттерін жоққа шығаратын мән-жайлар (аса қажеттілік, орынды тәуекел); 8) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкелетін мән-жайлар; 9) айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар.
Ал кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс бойынша ҚК 481-б. Көрсетілген мән-жайлар көрсетілу тиіс (нақты жаса, тәрбиелену жағдайы және өмір сүру жағдайлары, психо-физиологиялық және интеллектуалдық даму деңгейі, өз құрдастары мен ересектер ықпалы).