Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 16:21, доклад
Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдары соттардың осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретiне жатқызылған талап қою және өзге iстердi қарау мен шешу барысында сот төрелiгiн атқаруы кезiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық сот iсiн
жүргiзу туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық iстер бойынша сот iсiн жүргiзу тәртiбi конституциялық заңдармен,
Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 411 Заңы
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; "Егемен Қазақстан" газетi, 1999 жыл, 22 шiлде N 156-165
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "өтiнiм", "өтiнiмдерi", "өтiнiмiмен", "өтiнiмi", "өтiнiмде", "өтiнiмiн", "өтiнiмдi", "өтiнiмдерiн", "өтiнiмiмен", "өтiнiмнiң", "өтiнiмдердi", "Өтiнiм", "өтiнiммен", "өтiнiмiне", "өтiнiмге", "өтiнiмдер" деген сөздер тиiсiнше "өтiнiш", "өтiнiштерi", "өтiнiшiмен", "өтiнiшi", "өтiнiшiнде", "өтiнiшiн", "өтiнiштi", "өтiнiштерiн", "өтiнiшiмен", "өтiнiштiң", "өтiнiштердi", "Өтiнiш", "өтiнiшпен", "өтiнiшiне", "өтiнiшке", "өтiнiштер" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Қазақстан
Республикасының
Азаматтық iс жүргiзу
заңдары
1-бап. Азаматтық iс
жүргiзу заңдарымен
реттелетiн қатынастар
Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдары соттардың осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретiне жатқызылған талап қою және өзге iстердi қарау мен шешу барысында сот төрелiгiн атқаруы кезiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2-бап. Қазақстан Республикасының
азаматтық сот iсiн
жүргiзу туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының
2. Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк
қаулылары азаматтық iс жүргiзу құқығының
құрамдас бөлiгi болып табылады.
3. Азаматтық сот iсiн жүргiзу туралы заңдар азаматтық, отбасылық,
4. Егер азаматтық iстер бойынша iс жүргiзу
барысында әкiмшiлiк құқыққа сәйкес шешiлуге
тиiс мәселенi қарау қажет болса, ол осы
Кодекстiң 26-бабының ережелерiне сәйкес
азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешiледi.
3-бап. Азаматтық
сот iсiн жүргiзуде басым күшi бар
құқықтық нормаларды
қолдану
1. Қазақстан Республикасы
2. Осы Кодекстiң нормалары мен Қазақстан
Республикасы конституциялық заңының
арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық
заңның ережелерi қолданылады. Осы Кодекс
нормалары мен өзге заңдардың арасында
қайшылық болған жағдайда осы Кодекстiң
ережелерi қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық
шарттар осы Кодекстен басым болады және
халықаралық шартта оның қолданылуы үшiн
заң шығарылуы талап етiледi деп көрсетiлген
жағдайларды қоспағанда, олар тiкелей
қолданылады.
4-бап. Азаматтық iс
жүргiзу заңының уақыт
жағынан қолданылуы
1. Азаматтық сот iсiн жүргiзу iс жүргiзу
әрекетiн орындау, iс жүргiзу шешiмiн қабылдау
кезiне қарай күшiне енген азаматтық iс
жүргiзу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жаңа мiндеттер жүктейтiн, процеске қатысушыларда
бар құқықтардың күшiн жоятын немесе оларды
кемiтетiн, олардың пайдаланылуын қосымша
шарттармен шектейтiн азаматтық iс жүргiзу
заңының керi күшi болмайды.
3. Дәлелдемелердiң жарамдылығы оларды
алған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес
белгiленедi.
2-тарау. Азаматтық
сот iсiн жүргiзудiң
мiндеттерi мен принциптерi
5-бап. Азаматтық сот iсiн жүргiзудiң мiндеттерi
Азаматтық сот iсiн жүргiзудiң
мiндеттерi азаматтардың, мемлекеттiң
және ұйымдардың бұзылған
6-бап. Заңдылық
1. Сот iстердi азаматтық сот iсiн
жүргiзу тәртiбiмен шешу
2. Соттардың адам мен азаматтың Конституцияда
баянды етiлген құқықтарына және бостандықтарына
қысым жасайтын заңдар мен өзге де нормативтiк
құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ.
Егер сот қолданылуға тиiстi заң немесе
өзге де нормативтiк құқықтық акт адам
мен азаматтың Конституцияда баянды етiлген
құқықтары мен бостандықтарына қысым
жасайды деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi
тоқтата тұруға және Конституциялық Кеңеске
осы актiнi конституциялық емес деп тану
жөнiнде ұсыныс жасауға мiндеттi. Сот Конституциялық
Кеңестiң шешiмiн алған соң iс бойынша iс
жүргiзу қайта басталады.
3. Iстердi шешу кезiнде соттың заңды бұзуына
болмайды және ол заңсыз сот актiлерiнiң
күшiн жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына
кiнәлi судья заңда белгiленгендей жауапты
болады.
4. Сот iстi шешу кезiнде мемлекеттiк немесе
өзге органның актiсi заңға сәйкес келмейдi
немесе ол өкiлеттiктi асыра пайдаланып
шығарылған деп тапқан жағдайда одан артық
заң күшi бар құқықтық актiлердi қолданады.
5. Даулы құқықтық қатынастарды реттейтiн
құқық нормалары болмаған жағдайда сот
ұқсас қатынастарды реттейтiн құқық нормаларын
қолданады, ал мұндай нормалар болмаған
жағдайда дауды заңдардың жалпы негiздерi
мен мағынасын негiзге ала отырып шешедi.
6. Егер заң актiлерiнде немесе дауласушы
тараптардың келiсiмiнде тиiстi мәселелердi
соттың шешуi көзделсе, сот бұл мәселелердi
әдiлдiк пен парасаттылық өлшемдерiн негiзге
ала отырып шешуге мiндеттi.
7-бап. Сот төрелiгiн тек қана соттың жүзеге асыруы
1. Азаматтық iстер бойынша сот
төрелiгiн азаматтық iс жүргiзу
заңдарында белгiленген
2. Төтенше, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған
соттар шешiмiнiң заң күшi болмайды және
орындалуға тиiстi емес.
3. Өз қарауына жатпайтын iс бойынша азаматтық
сот iсiн жүргiзудi жүзеге асырған, өз өкiлеттiгiн
асыра пайдаланған немесе осы Кодексте
көзделген азаматтық сот iсiн жүргiзу принциптерiн
өзгеше түрде елеулi бұзған соттың шешiмдерi
заңсыз болады және олардың күшi жойылуға
тиiс.
4. Азаматтық iс бойынша сот шешiмдерiн
осы Кодексте көзделген тәртiппен тек
тиiстi соттар ғана тексерiп, қайта қарай
алады.
8-бап. Адамның
құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерiн сотта
қорғау
1. Әрбiр адам бұзылған немесе
даулы конституциялық
2. Прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi
жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың,
заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық
және мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн
талап қойып (арыз берiп) сотқа жүгiнуге
құқылы.
3. Ешкiмге өзiнiң келiсiмiнсiз ол үшiн заңда
белгiленген соттылығын өзгертуге болмайды.
Жоғары тұрған соттың өзiнен төменгi соттың
жүргiзетiн iсiн тараптардың келiсiмiнсiз
алып қоюға және оны өзiнiң iс жүргiзуiне
қабылдауға құқығы жоқ.
4. Егер заңға қайшы келсе немесе әлдекiмнiң
құқығын және заңмен қорғалатын мүдделерiн
бұзса, сотқа жүгiну құқығынан бас тарту
жарамсыз болады.
9-бап. Жеке адамның
ар-намысы мен қадiр-қасиетiн
құрметтеу
1. Азаматтық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтық
процеске қатысушы адамның ар-ожданын
қорлайтын немесе қадiр-қасиетiн кемсiтетiн
шешiмдер мен iс-әрекеттерге тыйым салынады.
2. Азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында
мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың
заңсыз әрекеттерiнен адамға келтiрiлген
моральдық зиян заңда белгiленген тәртiппен
өтелуге тиiс.
10-бап. Жеке өмiрге
қол сұғылмаушылық. Хат жазысудың,
телефон арқылы сөйлесудiң,
почта, телеграф және
өзге де хабарлардың
құпиясы
Азаматтардың жеке өмiрi, жеке
және отбасылық құпиясы заңның
қорғауында болады. Әркiмнiң жеке
салымдар мен жинақтар, хат жазысу,
телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф
және өзге де хабарлар
11-бап. Меншiкке қол сұғылмаушылық
1. Меншiкке заңмен кепiлдiк
2. Азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында адамдардың
банктегi салымдарын және басқа мүлiктi
пайдалануға тыйым салу, сондай-ақ оны
алып қою осы Кодексте көзделген жағдайлар
мен тәртiп бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
12-бап. Судьялардың тәуелсiздiгi
1. Судья сот төрелiгiн атқару кезiнде тәуелсiз болады
және Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Судьялар мен соттар азаматтық iстердi
өздерiне сырттан ықпал ету болмайтын
жағдайларда шешедi. Соттың сот төрелiгiн
атқару жөнiндегi қызметiне қандай да болсын
араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша
жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты iстер
бойынша судьялар есеп бермейдi.
3. Судьялар тәуелсiздiгiнiң кепiлдiгi Қазақстан
Республикасының Конституциясымен және заңмен белгiленген.
13-бап. Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдiгi
1. Азаматтық iстер бойынша сот
төрелiгi заң мен сот алдындағы
теңдiк негiзiнде жүзеге
2. Азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында:
азаматтардың ешқайсысына артықшылық берiлмейдi және олардың ешқайсысы шыққан
тегi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк
жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi, дiнге
көзқарасы, сенiмдерi, тұрғылықты жерi жөнiндегi
себептермен немесе өзге де кез келген
мән-жайлар бойынша кемсiтiлмеуге тиiс;
заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық
берiлмейдi және олардың ешқайсысы да орналасқан
жерiне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына,
меншiк нысанына және басқа да мән-жайлары
себептi кемсiтiлмеуге тиiс.
3. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктен
иммунитетi бар адамдарға қатысты азаматтық
сот iсiн жүргiзу талаптары Қазақстан Республикасының
Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда
және Қазақстан Республикасы бекiткен
халықаралық шарттарда белгiленедi.
14-бап. Сот iсiн жүргiзу тiлi
1. Азаматтық iстер бойынша сот iсi
мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал
қажет болған жағдайда сот iсiн
жүргiзуде мемлекеттiк тiлмен
2. Сот iсiн жүргiзу тiлi сотқа талап арыз
(арыз) берiлген тiлге қарай сот ұйғарымымен
белгiленедi. Белгiлi бiр азаматтық iс бойынша
iс жүргiзу бастапқы белгiленген сот iсiн
жүргiзу тiлiнде жүзеге асырылады.
3. Iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмейтiн немесе
жөндi бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға
сотта ана тiлiнде немесе өздерi бiлетiн
басқа тiлде мәлiмдеме жасау, түсiнiктер
мен жауап беру, өтiнiш бiлдiру, шағым жасау,
iс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу
осы Кодексте белгiленген тәртiппен аудармашының
қызметiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi
және қамтамасыз етiледi.
4. Азаматтық сот iсiн жүргiзуге қатысушы
адамдарға басқа тiлде жазылған iстiң заң
бойынша қажеттi iс материалдарының сот
iсiн жүргiзу тiлiне сот тегiн аударып берудi
қамтамасыз етедi. Сот процесiне қатысушы
адамдарға сотта сөйленген сөздiң басқа
тiлде айтылған бөлiгiн сот iсiн жүргiзу
тiлiне тегiн аударып беру қамтамасыз етiледi.
5. Сот құжаттары iске қатысушы адамдарға
олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн
басқа тiлге аударылып берiледi.
15-бап. Тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы
1. Азаматтық сот iсiн жүргiзу
тараптардың айтысуы мен тең
құқықтылығы негiзiнде жүзеге
асырылады. Тараптар бiрдей iс жүргiзу
құқықтарын пайдаланады және
бiрдей iс жүргiзу мiндеттерiн
2. Тараптар азаматтық сот iсiн жүргiзу
барысында өз айқындамасын таңдап алады,
оны қорғау әдiсi мен амалдарын дербес
және соттан, басқа органдар мен адамдардан
тәуелсiз түрде таңдап алады. Сот iстiң
нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз
бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған,
алайда тараптың дәлелдi өтiнiшi бойынша
оған осы Кодексте көзделген тәртiппен
қажеттi материалдарды алуға жәрдемдеседi.
3. Iстi қараушы сот объективтiлiктi және
әдiлдiктi сақтай отырып, iстiң мән-жайын
толық және объективтi зерттеуге тараптардың
құқықтарын iске асыруы үшiн қажеттi жағдайлар
жасайды, iске қатысушы адамдарға олардың
құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi,
iс жүргiзу әрекеттерiн жасаудың немесе
жасамаудың салдары туралы ескертедi және
осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың
өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседi.
Сот iс жүргiзу шешiмiн зерттеуге қатысу
тараптардың әрқайсысына бiрдей негiзде
қамтамасыз етiлген дәлелдемелерге ғана
негiздейдi.
4. Сот тараптарға бiрдей және құрметпен
қарайды.
16-бап. Дәлелдемелердi iшкi сенiм бойынша бағалау
1. Судья iсте бар дәлелдемелердi
олардың жиынтығымен әдiл, жан-жақты
және толық қарауға
2. Сот үшiн ешқандай дәлелдеменiң күнi
бұрын белгiленген күшi болмайды.
17-бап. Куәлiк жауап беру мiндетiнен босату
1. Ешкiм өзiне, жұбайына (зайыбына)
және ауқымы заңмен айқындалған жақын
туыстарына қарсы куәлiк беруге мiндеттi
емес.
2. Дiни қызметшiлер тәубаға келiп, өздерiне
сенiм бiлдiрген адамға қарсы куәлiк беруге мiндеттi
емес.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде
көзделген жағдайларда аталған адамдар
жауаптар беруден бас тартуға құқылы және
бұл үшiн қандай да болсын жауапқа тартылмайды.
18-бап. Бiлiктi заң көмегiн алуға құқықты қамтамасыз ету
1. Әр адамның азаматтық процесс
барысында осы Кодекстiң
2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегi
тегiн көрсетiледi.
19-бап. Сотта iстi қараудың жариялылығы
1. Барлық соттар мен барлық
сот сатыларында сотта iстi қарау ашық жүргiзiледi.
2. Мемлекеттiк құпиялар болып табылатын
мәлiметтерi бар шешiмдердi хабарлауды
қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын,
жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын
құпияларды, азаматтар өмiрiнiң ашық айтпайтын
сырлары туралы мәлiметтердi сақтауды
қамтамасыз ету қажет екендiгiн не iстi
ашық қарауға кедергi келтiретiн өзге де
мән-жайларды негiзге алған iске қатысушы
адамының өтiнiшiн сот қанағаттандырған
кезде, сондай-ақ осы Кодекстiң 179-бабының
алтыншы бөлiгiнде көзделген жағдайда
заңға сәйкес iстердi қарау жабық сот отырысында
жүзеге асырылады.
3. Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке
телеграф байланысы ашық сот отырысында
арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы
болған адамдардың келiсiмiмен ғана жария
етiлуi мүмкiн. Бұлай болмаған жағдайда
бұл адамдардың жеке хат алысуы мен жеке
телеграф байланысы жабық сот отырысында
жария етiлiп, зерттеледi. Аталған ережелер
фото және кино құжаттарын, дыбыс және
бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық
құралдардың көмегiмен алынған жеке сипаттағы
мәлiметтер бар хабарларды зерттеген кезде
де қолданылады.
4. Соттың жабық отырысында iстi қарау кезiнде
iске қатысушы адамдар, олардың өкiлдерi,
ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар,
мамандар, аудармашылар да қатысады.
5. Сот iстi соттың жабық отырысында қарау
туралы дәлелдi ұйғарым шығарады.
6. Сот отырысының залына, егер iске қатыспайтын
адамдар болса немесе куә болмаса, он алты
жасқа толмаған азаматтар жiберiлмейдi.
7. Жабық сот отырысында iстi қарау азаматтық
сот iсiн жүргiзудiң барлық ережелерi сақтала
отырып жүргiзiледi.
8. Iске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына
қатысушы азаматтардың сотта iстi қарау
барысын залда отырған орындарынан жазып
алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып
жазып алуға құқығы бар. Сотта iстi қарау
барысында киноға және суретке түсiру,
бейнетаспаға жазу, тiкелей радио және
телехабар жүргiзу соттың iске қатысушы
адамдардың пiкiрiн ескере отырып берген рұқсаты бойынша
ғана мүмкiн болады. Бұл iс-әрекет сот отырысының
қалыпты жүруiне бөгет жасамауға тиiс және
оның уақытын сот шектеуi мүмкiн.
20-бап. Сотта iстi қарау
барысында қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету
Сотта iстi қарау соттың қалыпты
жұмысын және процеске
21-бап. Сот актiлерiнiң мiндеттiлiгi
1. Сот азаматтық iстер бойынша сот актiлерiн шешiмдер,
ұйғарымдар, қаулылар мен бұйрықтар нысанында
қабылдайды.
2. Заңды күшiне енген сот шешiмдерi, ұйғарымдары,
қаулыларымен бұйрықтары, сондай-ақ соттар
мен судьялардың заңды өкiмдерi, талаптары,
тапсырмалары, шақырулары мен басқа да
жолданыстары барлық мемлекеттiк органдар,
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, қоғамдық
бiрлестiктер, басқа да заңды тұлғалар,
лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн
бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасының
бүкiл аумағында мүлтiксiз орындалуға тиiс.
3. Сот актiсiнiң мiндеттiлiгi iске қатыспаған
мүдделi адамдардың бұзылған немесе даулы
құқықтарын, бостандықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа
жүгiну мүмкiндiгiнен айырмайды.
4. Сот актiлерiн орындамау, сол сияқты
сотты сыйламаудың өзге де көрiнiсi заңда
көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
22-бап. Iс жүргiзу
әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдану
бостандығы
1. Соттың әрекеттерi мен шешiмдерiне
осы кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
2. Iске қатысушы адамдардың осы кодексте
белгiленген тәртiппен шешiмдi жоғары тұрған
сотқа қайта қаратуға құқығы бар.
23-бап. Азаматтық сот iсiн жүргiзу принциптерiнiң мәнi
Азаматтық сот iсiн жүргiзу принциптерiн бұзу оның сипаты мен маңыздылығына қарай, шығарылған сот актiлерiнiң күшiн жоюға әкеп соғады.
3-тарау. Ведомстволық
бағыныстылық және соттылық
24-бап. Азаматтық
iстердiң соттарға
бағыныстылығы
1. Егер бұзылған немесе даулы құқықтарды,
бостандықтарды және заңмен қорғалатын
мүдделердi қорғау осы Кодекске және басқа
да заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртiбiмен
жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы
iстердi соттар азаматтық сот iсiн жүргiзу
тәртiбiмен қарайды.
2. Соттар азаматтық (корпоративтiк дауларды
қоса алғанда), отбасылық, еңбек,
Корпоративтiк дауларға (бұдан әрi – корпоративтiк
даулар) коммерциялық ұйым, коммерциялық
ұйымдардың қауымдастығы (одағы), коммерциялық
ұйымдардың және (немесе) дара кәсiпкерлердiң
қауымдастығы (одағы), Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес өзiн-өзi реттейтiн ұйым
мәртебесi бар коммерциялық емес ұйым
және (немесе) оның акционерлерi (қатысушылары,
мүшелерi) олардың бiр тарабы болып табылатын:
1) заңды тұлғаның құрылуына, қайта ұйымдастырылуына
және таратылуына байланысты;
2) акционерлiк қоғамның акцияларын, шаруашылық
серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы
қатысу үлестерiн, кооператив мүшелерiнiң
жарналарын қамтитын мұраға қалдырылған
мүлiктi бөлуге немесе ерлi-зайыптылардың
ортақ мүлiктерiн бөлуге байланысты туындайтын
дауларды қоспағанда, акционерлiк қоғамдар
акцияларының, шаруашылық серiктестiктердiң
жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң,
кооператив мүшелерi жарналарының тиесiлiгiне,
олардың ауыртпалықтарын анықтауға және
олардан туындайтын құқықтарды iске асыруға
байланысты;
3) заңды тұлғаның құрылтайшыларының,
акционерлерiнiң, қатысушыларының, мүшелерiнiң
(бұдан әрi – заңды тұлғаға қатысушылар)
заңды тұлғаға келтiрiлген зиянды өтеу,
заңды тұлғаның жасасқан мәмiлелерiн жарамсыз
деп тану және (немесе) мұндай мәмiлелердiң
жарамсыздығы салдарын қолдану туралы
талаптары бойынша;
4) заңды тұлғаның басқару органдарының
құрамына кiретiн немесе кiрген адамдарды
тағайындауға немесе сайлауға, өкiлеттiктерiн
тоқтатуға, тоқтата тұруға және олардың
жауапкершiлiктерiне байланысты, сондай-ақ
олардың өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға,
тоқтатуға, тоқтата тұруға байланысты
осындай адамдар мен заңды тұлға арасындағы
азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын
даулар;
5) бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты;
6) акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға
құқықтарды ескере отырып, бағалы қағаздарды
ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн енгiзуге
байланысты туындайтын, сондай-ақ бағалы
қағаздарды орналастыруға және (немесе)
айналымға шығаруға байланысты даулар;
7) акциялар шығарудың мемлекеттiк тiркелуiн
заңсыз деп тануға байланысты;
8) заңды тұлғаға қатысушылардың жалпы
жиналысын шақыру туралы;
9) заңды тұлғаның басқару органдарының
шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне)
шағымдану туралы даулар жатады.
3. Мемлекеттiк орган немесе оның лауазымды
адамы қабылдаған актiге сотта дау айтылуы
мүмкiн.
4. Соттар осы Кодекстiң 25-29-тарауларында
тiзбеленген ерекше талап қойылған iс жүргiзу
iстерiн қарайды.
5. Соттар осы Кодекстiң 289-бабында тiзбеленген
ерекше iс жүргiзу iстерiн қарайды.
6. Егер халықаралық шартта, Қазақстан
Республикасының заңнамасында немесе
тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе,
соттар шетелдiк азаматтар, азаматтығы
жоқ адамдар, шетелдiк ұйымдар, шетелдiк
заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар,
сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын
iстердi де қарайды.
7. Заңмен соттардың құзыретiне жатқызылған
басқа да iстер соттарға ведомстволық
бағынысты болады.
Ескерту. 24-бап жаңа
редакцияда - ҚР 2011.01.11 № 385-IV (ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
25-бап. Дауларды аралық соттың шешуiне беру
Сотқа бағынысты мүлiктiк дау, оған заң актiлерiнде тыйым салынбаған кезде және осы Кодекстiң 170-бабының 4) тармақшасына және 192-бабына сәйкес, тараптардың келiсiмi бойынша аралық соттың қарауына берiлуi мүмкiн.
26-бап. Сотқа ведомстволық бағыныстылықтың басымдығы
1. Бiреулерi - сотқа, ал басқалары
сот емес органдарға
2. Нақты даудың кiмге бағыныстылығына
қатысты күмән немесе қолданыстағы заңдарда
қиғаштықтар болған жағдайда оны сот қарайды.
27-бап. Аудандық (қалалық)
соттың және оған теңестiрiлген
соттардың соттауына
жататын азаматтық iстер
"Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы" Қазақстан Республикасы
Конституциялық заңының 59-бабының 8-тармағында
және 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ
"Республикалық референдум туралы"
Қазақстан Республикасы Конституциялық
Заңының 13-бабының 5-тармағында көзделген
iстердi қоспағанда, азаматтық iстер аудандық
(қалалық) және оларға теңестiрiлген соттарда
қаралып, шешiледi.
Ескерту. 27-бап жаңа
редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
28-бап. Облыстық және
оларға теңестiрiлген соттардың
соттауына жататын
азаматтық iстер
Ескерту. 28-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
29-бап. Қазақстан
Республикасының Жоғарғы
соттауға жататын
азаматтық iстер
Ескерту. 29-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
30-бап. Азаматтық iстердiң
мамандандырылған соттарда
соттауға жатқызылуы
1. Мамандандырылған ауданаралық
экономикалық соттар тараптары
заңды тұлға құрмай
1-1. Мамандандырылған аудандық және соларға
теңестiрiлген әкiмшiлiк соттар әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға
уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың)
қаулыларына дауласу туралы iстердi қарайды.
1-2. Әскери соттар Қарулы Күштердiң, басқа
да әскерлер мен әскери құралымдардың
әскери қызметшiлерiнiң, әскери жиындардан
өтiп жүрген азаматтардың әскери басқарудың
лауазымды адамдары мен органдарының
әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануы
туралы азаматтық iстердi қарайды. Әскери
соттар, егер тараптардың бiрi әскери қызметшi,
әскери басқару органдары, әскери бөлiм
болып табылса, басқа да азаматтық iстердi
қарауға құқылы.
1-3. Кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi
мамандандырылған ауданаралық соттар
баланың тұрғылықты жерiн анықтау туралы
даулар; ата-ана құқықтарынан айыру (шектеу)
және оларды қалпына келтiру туралы; бала
асырап алу туралы; кәмелетке толмағандарды
арнаулы бiлiм беру ұйымдарына немесе ерекше
режимде ұстайтын ұйымдарға жiберу туралы;
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына
сәйкес кәмелетке толмағандарға қорғаншылық
пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын
даулар жөнiндегi азаматтық iстердi қарайды.
1-4. Мамандандырылған қаржылық сот Алматы
қаласының өңiрлiк қаржы орталығы лауазымды
адамдарының және органдарының iс-әрекеттерiне
(әрекетсiздiгiне) Алматы қаласының өңiрлiк
қаржы орталығы қатысушыларының шағымдануы
туралы азаматтық iстердi, егер тараптардың
бiрi Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының
қатысушысы болса, басқа да азаматтық
iстердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы
ұйымдарының және бас ұйым ретiнде банк
конгломератына кiретiн және қаржы ұйымдары
болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау
туралы азаматтық iстердi қарайды.
2. Азаматтық iстердiң басқа мамандандырылған
соттардың соттауына жатқызылуы осы Кодекспен
белгiленедi.
Ескерту. Егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық
бiрлiктiң аумағында кәмелетке толмағандардың
iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық
сот құрылмаса, оның соттауына жататын
iстердi аудандық (қалалық) сот қарауға
құқылы.
Ескерту. 30-бап жаңа
редакцияда - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен, өзгерiс
енгiзiлдi - ҚР 2003.07.02 N 451, 2005.12.30 N 111 (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.06.05 N 146, 2008.07.05 N 58-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 64-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 3-баптан қараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi), 2011.03.01 N 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
31-бап. Жауапкердiң тұрған жерi бойынша талап қою
Талап жауапкердiң тұрғылықты жерi бойынша сотта қойылады. Заңды тұлғаға талап заңды тұлға органының орналасқан жерi бойынша қойылады.
32-бап. Талап қоюшының
таңдауы бойынша соттың
соттауына жатқызу
1. Тұрғылықты жерi белгiсiз не
Қазақстан Республикасында
2. Заңды тұлғаға да талап оның мүлкi орналасқан
жер бойынша қойылуы мүмкiн.
3. Заңды тұлға филиалының немесе өкiлдiгiнiң
қызметiнен туындайтын талап та филиалдың
немесе өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша
қойылуы мүмкiн.
4. Алименттер өндiрiп алу туралы және әке
болуды анықтау туралы талаптарды талап
қоюшы өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша да
қоя алады.
5. Мертiгуден немесе денсаулығының өзге
де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының
қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы
талаптарды да талап қоюшы өзiнiң тұрғылықты
жерi бойынша немесе зиян келтiрiлген жер
бойынша қоя алады.
6. Орындалу орны көрсетiлген шарттардан
туындайтын талаптар да шарттың орындалатын
жерi бойынша қойылуы мүмкiн.
7. Некенi бұзу туралы талаптар талап қоюшының
кәмелетке толмаған балалары тұратын
немесе денсаулық жағдайы бойынша талап
қоюшының жауапкер тұратын жерге баруы
ол үшiн қиындық келтiретiн жағдайларда
да оның тұрғылықты жерi бойынша қойылуы
мүмкiн.
8. Жалақыны, зейнетақы және жәрдемақыны
өндiрiп алу туралы талаптар, сондай-ақ
заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз
тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз
қолданудан не әкiмшiлiк қамау түрiнде әкiмшiлiк
жазаны заңсыз қолданудан азаматқа келтiрiлген
зиянды өтеуге байланысты еңбек, зейнеткерлiк
және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтiру
туралы талаптар талап қоюшының тұратын
жерi бойынша қойылуы мүмкiн. Әкiмшiлiк жаза
қолдану туралы қаулыларға дау айту жөнiндегi
талаптар талап қоюшының тұрғылықты жерi
бойынша да қойылуы мүмкiн.
9. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
талаптар талап қоюшының тұрғылықты жерi
не шарттың жасалу немесе орындалу жерi
бойынша қойылуы мүмкiн.
10. Кемелердiң соқтығысуынан келтiрiлген
залалды өтеу туралы, сондай-ақ теңiзде
көмек көрсеткенi және құтқарғаны үшiн
сыйақы алу туралы талаптар жауапкер тұрған
немесе кеме тiркелген порттың орналасқан
жерi бойынша қойылуы мүмкiн.
11. Осы Кодекстiң 33-бабында белгiленген
iстiң соттылығын қоспағанда, талап қоюшы
осы бапқа сәйкес iс соттауына жататын
бiрнеше соттың арасынан бiреуiн таңдап
алады.
33-бап. Ерекше соттылық
1. Жер учаскелерiне, үйлерге, үй-жайларға,
ғимараттарға, жерге тығыз байланысты басқа объектiлерге
(жылжымайтын мүлiк) құқықтар туралы, мүлiктi
тыйым салудан босату туралы талаптар
осы объектiлер немесе тыйым салынған
мүлiк орналасқан жер бойынша қойылады.
2. Мұра қалдырушыға кредит берушiлердiң
мұраны мұрагерлердiң қабылдап алуына
дейiн қойылған талаптары мұраға қалдырылған
мүлiк немесе оның негiзгi бөлiгi орналасқан
жердегi соттың соттауына жатады.
3. Тасымалдаушыларға жүктер, жолаушылар
немесе теңдеме жүктi тасымалдау шарттарынан
туындайтын талаптар көлiк ұйымының тұрақты
жұмыс iстейтiн органы орналасқан жер бойынша
қойылады.
4. Қазақстан Республикасының және оның
меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетiн шет
мемлекеттiң бұзуынан келтiрiлген залалдарды
өтеу туралы талап қоюлар, егер Қазақстан
Республикасының халықаралық шартында
өзгеше көзделмесе, талап қоюшының тұрған
жерi бойынша берiледi.
Ескерту. 33-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.02.05 249-IV Заңымен.
34-бап. Шарттық соттылық
Тараптар өзара келiсiм
35-бап. Өзара байланысты бiрнеше iстiң соттылығы
1. Әр жерде тұратын немесе
орналасқан бiрнеше жауапкерге
талап талап қоюшының
Бiр арызға бiрiктiрiлген, әртүрлi соттардың
соттауына жататын талаптар, егер бұл
ретте осы Кодекстiң 171-бабына сәйкес жоғары
тұрған соттың судьясы бұл талаптарды
бөлу туралы ұйғарым шығармаса, мәлiмделген
талаптардың бiрi соттауына жатқызылған
жоғары тұрған сотта қаралады.
2. Дербес талабын мәлiмдеушi үшiншi тұлғаның
талабы және қай сотта сотталатындығына
қарамастан қарсы талап бастапқы талапты
қараған жердегi сотқа берiледi.
3. Қылмыстық iстен туындайтын талап, егер
ол қылмыстық iс жүргiзiлген кезде азаматтық
талап қою ретiнде мәлiмделген немесе шешiлмеген
болса, осы Кодексте белгiленген соттылығы
туралы ережелер бойынша азаматтық сот
iсiн жүргiзу тәртiбiмен қарауға берiледi.
Ескерту. 35-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.
36-бап. Iстi бiр соттың
жүргiзуiнен алып басқасына
1. Соттылық ережелерiн сақтай отырып сот жүргiзуге
қабылдаған iс, кейiннен ол басқа соттың
соттауына жатса да, мәнi бойынша шешiлуге
тиiс.
2. Егер:
1) тұрғылықты жерi бұрын белгiсiз болған
жауапкер iстi өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша
сотқа беру туралы өтiнiш жасаса;
2) бiр немесе бiрнеше судьяға қарсылық
бiлдiрiлгеннен кейiн, сондай-ақ назар аударуға
тұратын басқа мән-жайлар бойынша судьяларды
ауыстыру немесе аталған сотта iстi қарау
мүмкiн болмаса;
3) iстi аталған сотта қарау кезiнде оның
iстiң соттылық ережелерiн бұза отырып
қабылданғаны анықталса;
4) сотқа талап қойылса, сот iстi басқа соттың
қарауына бередi.
3. Iстiң сол соттың соттауына жатпайтыны
туралы тараптардың арыздарын сол сот
шешедi. Iстi басқа сотқа беру туралы мәселе
бойынша ұйғарым шығарылады. Осы баптың
екiншi бөлiгiнiң 2) және 4) тармақшаларында
көзделген жағдайларда iстi беру жоғары
тұрған сот судьясының ұйғарымымен жүзеге
асырылады. Тараптың (тараптардың) iс сол
соттың соттауына жатпайтыны туралы арызын
қанағаттандырмай қалдыру туралы сот
ұйғарымына жоғары тұрған сотқа шағымдануға
болады, оның шешiмi түпкiлiктi болып табылады
және шағымдануға, наразылық келтiруге
жатпайды. Iстi бiр соттан басқасына беру
- бұл ұйғарымға шағымдану мерзiмi өткеннен
кейiн, ал шағым берген жағдайда шағымды
қанағаттандырмай қалдыру туралы ұйғарым
шығарылғаннан кейiн жүргiзiледi.
4. Iстiң соттылығы туралы соттардың арасындағы
дауларды жоғары тұрған сот шешедi, оның
шешiмi түпкiлiктi болып табылады және шағымдануға,
наразылық келтiруге жатпайды.
4-тарау. Соттың құрамы, қарсылық бiлдiру
РҚАО-ның ескертпесi!
37-бап жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
37-бап. Соттың құрамы
1. Бiрiншi, апелляциялық сатыдағы соттарда
азаматтық iстердi соттың атынан әрекет
ететiн судья жеке-дара қарайды.
2. Iстердi кассациялық немесе қадағалау
сатысындағы
сотта қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге
асырады. Iс алқалы түрде қаралған кезде
соттың құрамына саны тақ (кем дегенде
үш) судья кiруге тиiс, олардың бiреуi төрағалық
етушi болып табылады, оның мiндетiн алқа
төрағасы не оның тапсырмасы бойынша судьялардың
бiрi атқарады.
Ескерту. 37-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
38-бап. Алқалы құрамдағы соттың мәселелердi шешу тәртiбi
1. Iстердi соттың алқалы құрамы
қараған және шешкен кезде
барлық судьялар тең
2. Төрағалық етушi ұсыныстарды енгiзедi,
өз пiкiрiн айтады және соңынан дауыс бередi.
3. Көпшiлiк шешiмiмен келiспеген судья осы
шешiмге қол қоюға мiндеттi және ерекше
пiкiрiн жазбаша түрде баяндай алады, ол
төрағалық етушiге тапсырылады және мөр
басылған конверттегi iске қоса тiркеледi.
Ерекше пiкiрмен қадағалау сатысындағы
сот осы iстi қарау кезiнде танысуға құқылы.
Судьяның ерекше пiкiрiнiң бар екендiгi туралы
iске қатысушы адамдарға хабарланбайды
және ерекше пiкiр соттың отырыс залында
жарияланбайды.
Ескерту. 38-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесi!
39-бап жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
39-бап. Судьяның iстi
қарауға қайта қатысуына жол
берiлмейтiндiгi
1. Бiрiншi сатыдағы сотта азаматтық iстi
қарауға қатысқан судья сол iстi апелляциялық,
кассациялық немесе қадағалау сатысындағы
сотта қарауға, сондай-ақ оның қатысуымен
қабылданған шешiм күшiн жойған жағдайда
бiрiншi сатыдағы сотта iстi жаңадан қарауға
қатыса алмайды.
2. Апелляциялық сатыдағы сотта iстi қарауға
қатысқан судья осы iстi бiрiншi, кассациялық
немесе қадағалау сатысындағы соттарда
қарауға қатыса алмайды.
3. Кассациялық немесе қадағалау сатысындағы
сотта iстi қарауға қатысқан судья, өзiнiң
қатысуымен қабылданған қаулы күшiн жойған
жағдайда аталған сатыларда осы iстi қарауға
қайтадан қатыса алмайды.
4. Қадағалау сатысындағы сотта iстi қарауға
қатысқан судья осы iстi бiрiншi, апелляциялық
немесе кассациялық сатылардағы соттарда
жаңадан қарауға қатыса алмайды.
Ескерту. 39-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
40-бап. Судьяға
қарсылық бiлдiру үшiн
1. Егер судья:
1) осы iстi мұның алдындағы қарау кезiнде
куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкiл, сот
отырысының хатшысы, сот орындаушысы,
сот приставы ретiнде қатысса;
2) iске қатысушы адамдардың немесе олардың
өкiлдерiнiң бiреуiнiң туысы болса;
3) iстiң нәтижесiне жеке, тiкелей немесе
жанама түрде мүдделi не оның әдiлдiгiне
негiздi күмән туғызатын өзге де мән-жайлар
болса, ол iстi қарауға қатыса алмайды және
оған қарсылық бiлдiрiлуге тиiс.
2. Iстi қарайтын соттың құрамына өзара
туыс адамдар кiре алмайды.
Ескерту. 40-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
41-бап. Прокурорға,
сарапшыға, маманға, аудармашыға,
сот отырысының хатшысына
қарсылық бiлдiру үшiн
негiздер
Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Осы Кодекстiң 40-бабының бiрiншi
бөлiгiнде аталған қарсылық
2. Сонымен қатар сарапшы немесе маман
не аудармашы, егер:
1) ол iске қатысушы адамдарға немесе олардың
өкiлдерiне қызмет жағынан немесе өзгедей
тәуелдi болса немесе тәуелдiлiкте болып
келсе;
2) ол тексеру жүргiзiп, оның материалдары
сотқа жүгiнуге негiз болса не осы азаматтық
iстi қарағанда пайдаланылса;
3) олардың бiлiктi емес екенi байқалса,
iстi қарауға қатыса алмайды.
3. Прокурордың, маманның, аудармашының,
сот отырысы хатшысының осы iстi мұның
алдында қараған кезде тиiсiнше прокурор,
маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы
ретiнде қатысуы оларға қарсылық бiлдiруге
негiз болып табылмайды. Адамның iске сарапшы
ретiнде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен
жүргiзiлген сараптамадан кейiн ол қайта
тағайындалатын жағдайларды қоспағанда,
iс бойынша сараптама жүргiзудi оған тапсыруды
болдырмайтын мән-жай болып табылмайды.
Ескерту. 41-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.07.04 N 151, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
42-бап. Қарсылықтар
бiлдiру (өздiгiнен бас тарту)
туралы мәлiмдемелер
және оларды шешудiң
тәртiбi
1. Осы Кодекстiң 40, 41-баптарында
аталған мән-жайлар болған
2. Өздiгiнен бас тарту мен қарсылық бiлдiру
iстi мәнi бойынша қарау басталғанға дейiн
дәлелденiп, мәлiмделуге тиiс. Iстi қарау
барысында өздiгiнен бас тарту (қарсылық
бiлдiру) туралы мәлiмдеме жасауға қарсы
болу (қарсылық бiлдiру) негiздерi сотқа
немесе өздiгiнен бас тартуды (қарсылық
бiлдiрудi) мәлiмдеушi адамға iстi қарау басталғаннан
кейiн белгiлi болған жағдайда ғана жол
берiледi.
3. Iстi жеке-дара қараушы судьяға мәлiмделген
қарсылық бiлдiрудi (өздiгiнен бас тартуды)
сол соттың төрағасы немесе сол соттың
басқа судьясы, олар болмаған жағдайда
- жоғары тұрған сот судьясы қарайды.
4. Iстi соттың алқалы құрамда қарауы кезiнде
судьялардың бiреуi өздiгiнен бас тартуды
(қарсылық бiлдiрудi) мәлiмдеген жағдайда
сот iске қатысушы адамдардың пiкiрiн тыңдайды
және, егер ол түсiнiктеме бергiсi келсе,
қарсылық бiлдiрiлген судьяның пiкiрiн тыңдайды
және қарсылық бiлдiру туралы мәселенi
қарсылық бiлдiрiлген судьяның қатысуынсыз
шешедi. Қарсылық бiлдiрудi жақтаған және
оған қарсы дауыстар саны тең болған кезде
судья қарсылық бiлдiрiлген болып есептеледi.
Бiрнеше судьяға немесе соттың бүкiл құрамына
мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi нақ сол
сот толық құрамында жай көпшiлiк дауыспен
шешедi.
5. Қарсылық бiлдiрудi қабылдамай тастау
немесе қанағаттандыру туралы ұйғарым
шағым беруге, наразылық келтiруге жатпайды.
Ұйғарымға келiспеушiлiк туралы дәлелдер
аппеляциялық, кассациялық шағымдарына
немесе сот актiсiн сот қадағалау тәртiбiмен
қайта қарау туралы өтiнiштерге, наразылыққа
енгiзiлуi мүмкiн.
6. Прокурордың, сарапшының, маманның,
аудармашының, сот отырысы хатшысының
өздiгiнен бас тартуы (қарсылық бiлдiруi)
туралы мәселенi iстi қарайтын сот шешедi.
7. Өздiгiнен бас тарту (қарсылық бiлдiру)
туралы мәселе соттың ұйғарымымен шешiледi.
Ескерту. 42-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238, 2006.07.04 N 151, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
43-бап. Қарсылық
бiлдiру (өздiгiнен бас тарту) туралы
мәлiмдеменi қанағаттандырудың
салдары
1. Iстi жеке-дара қараушы судья
қарсылық бiлдiрген (өздiгiнен бас тартқан) жағдайда бұл iстi сол
сотта басқа судья қарайды. Егер iс жүргiзуiнде
жатқан сотта судьяны ауыстыру мүмкiн
болмаса, жоғары тұрған сот арқылы iс басқа
бiрiншi сатыдағы сотқа берiледi.
2. Облыстық немесе оған теңестiрiлген
сотта, Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Сотында iстi қарау кезiнде судья өздiгiнен
бас тартқан не қарсылық бiлдiрген не соттың
барлық құрамы қарсылық бiлдiрген жағдайда,
iстi сол соттағы басқа судья немесе басқа
құрамдағы судьялар қарайды.
3. Егер облыстық немесе оған теңестiрiлген
сотта өздiгiнен бас тарту немесе қарсылықтар
бiлдiру қанағаттандырылғаннан кейiн не
осы Кодекстiң 39-бабында аталған себептермен
осы iстi қарау үшiн соттың жаңа құрамын
құру мүмкiн болмаса, облыстық немесе соған
теңестiрiлген сот iс бойынша тараптар
болса, ол қаралатын сот ұйғарымы үшiн
iс Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Сотына берiлуге тиiс.
Ескерту. 43-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
5-тарау. Iске қатысушы тұлғалар
44-бап. Iске қатысушы тұлғалардың құрамы
Тараптар: дау нысанасына дербес
талаптарын мәлiмдейтiн үшiншi тұлғалар,
дау нысанасына дербес
45-бап. Азаматтық iс жүргiзу құқық қабiлеттiлiгi
Азаматтық iс жүргiзу құқықтары
мен мiндеттерiне ие болу
46-бап. Азаматтық
iс жүргiзу әрекет
1. Сотта құқықтарын өз iс-әрекеттерiмен
жүзеге асыру және мiндеттерiн
орындау, iс жүргiзудi өкiлге тапсыру
қабiлеттiлiгi (азаматтық iс жүргiзу әрекет қабiлеттiлiгi) он сегiз
жасқа толған азаматтарда және ұйымдарға
толық көлемде болады.
2. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi
кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет
қабiлетi шектеулi деп танылған азаматтардың
құқықтарын, бостандықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерiн сотта олардың ата-аналары
немесе өзге де заңды өкiлдерi қорғайды,
алайда сот мұндай iстерге кәмелетке толмағандардың
немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған
азаматтардың өздерiн және прокурорды
тартуға мiндеттi.
3. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың,
сондай-ақ әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi
деп танылған азаматтардың құқықтарын,
бостандықтарын және заңмен қорғалатын
мүдделерiн сотта олардың заңды өкiлдерi,
прокурор қорғайды.
4. Заңда көзделген жағдайларда, азаматтық,
отбасылық, еңбек, кооперативтiк, әкiмшiлiк
және өзге де құқық қатынастарынан және
тапқан табысына немесе кәсiпкерлiк қызметтен
түскен кiрiстерiне билiк етуге байланысты
мәмiлелерден туындайтын iстер бойынша
он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке
толмағандардың өз құқықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерiн сотта өз басы қорғауға
құқығы бар. Кәмелетке толмағандарға көмек
көрсету үшiн кәмелетке толмағандардың
заңды өкiлдерiн мұндай iстерге қатысуға
тарту соттың қалай шешуiне байланысты.
Ескерту. 46-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
47-бап. Iске қатысушы
тұлғалардың құқықтары
мен мiндеттерi
1. Iске қатысушы тұлғалардың iс
материалдарымен танысуға, олардан
үзiндiлер жазып алуға және
көшiрмелер түсiруге; қарсылықтарын
мәлiмдеуге; дәлелдеме табыс етуге
және оларды зерттеуге
2. Iске қатысушы адамдар, орындалмауы
азаматтық сот iсiн жүргiзу туралы заңдарда
көзделген салдарларды туғызатын жағдайда,
өздерiнiң iс жүргiзу мiндеттерiн атқарады.
48-бап. Тараптар
1. Талап қоюшы мен жауапкер
азаматтық процесте тараптар
болып табылады. Өз мүдделерiн
немесе талап қойылған
2. Заңда көзделген жағдайларда заңды
тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар да
тараптар болуы мүмкiн.
3. Басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын
және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау
үшiн сотқа жүгiнуге заң бойынша құқығы
бар адамдардың өтiнiшi бойынша мүдделерi
қозғалып iс басталған адамға сот пайда
болған процесс туралы хабарлайды және
ол адам сотқа талап қоюшы ретiнде қатысады.
4. Азаматтық процесте мемлекет бiр тарап
болуы мүмкiн.
5. Тараптар iс жүргiзу құқықтарын тең пайдаланады
және бiрдей iс жүргiзу мiндетiн мойынына
алады.
49-бап. Талап қоюдың
негiздемесi мен нысанасын өзгеру,
талап қоюдан бас
тарту, талап қоюды тану,
бiтiмгершiлiк келiсiм,
дауды медиация тәртiбiмен
реттеу туралы келiсiм
Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Талап қоюшы талаптың
2. Соттың өз бастамасы бойынша талап қою
нысанасын немесе негiздемесiн өзгертуге
құқығы жоқ. Егер бұл iс-әрекет заңға қайшы
келсе немесе басқа бiреулердiң құқықтарын,бостандықтарын
және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзатын
болса, сот талап қоюшының талап қоюдан
бас тартуын, жауапкердiң талап қоюды тануын
қабылдамайды және тараптардың бiтiмгершiлiк
келiсiмiн немесе тараптардың дауды медиация
тәртiбiмен реттеу туралы келiсiмiн бекiтпейдi.
Ескерту. 49-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
50-бап. Iске бiрнеше
талап қоюшының немесе
жауапкердiң қатысуы
Талапты бiрнеше талап қоюшы
бiрлесiп қоюы немесе оның
51-бап. Тиiстi емес жауапкердi ауыстыру
1. Сот iстi дайындау үстiнде немесе
бiрiншi сатыдағы сотта оны қарау
кезiнде талап бойынша жауап
беруге тиiстi емес адамға талап
қойылып отырғанын анықтаса, iстi
тоқтатпай талап қоюшының өтiнiшi бойынша
тиiстi емес жауапкердi тиiстi жауапкермен
ауыстыра алады. Тиiстi емес жауапкердi
ауыстырғаннан кейiн iстi дайындау және
қарау басынан бастап жүргiзiледi.
2. Егер талап қоюшы тиiстi емес жауапкердi
басқа тұлғамен ауыстыруға келiспесе,
сот iстi ұсынылған талап қою бойынша қарайды.
52-бап. Даудың нысанасына
дербес талаптарын
мәлiмдейтiн үшiншi
тұлғалар
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлiмдейтiн үшiншi тұлғалар бiр немесе екi тарапқа талап қою арқылы бiрiншi сатыдағы сот шешiм шығарғанға дейiн процеске кiрiсе алады. Олар талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық мiндеттерiн атқарады.
53-бап. Даудың нысанасына
дербес талаптарды
мәлiмдемейтiн үшiншi
тұлғалар
Даудың нысанасына дербес талаптарын
мәлiмдемейтiн үшiншi тұлғалар, егер iс тараптардың
бiреуiне қатысы өздерiнiң құқықтарына
немесе мiндеттерiне әсер етуi мүмкiн болса,
iс бойынша бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi
шыққанға дейiн талап қоюшы немесе жауапкер
жағында iске кiрiсе алады. Олар сондай-ақ
тараптардың және iске қатысушы басқа
адамдардың өтiнiшiмен немесе соттың бастамасымен
iске қатысуға тартылуы мүмкiн. Дербес
талаптарын мәлiмдемейтiн үшiншi тұлғалар
тараптардың талап қоюдың негiздемесi
мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының
мөлшерiн ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ
талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау
не бiтiмгершiлiк келiсiмiн, дауды медиация
тәртiбiмен реттеу туралы келiсiмдi жасау,
қарсы талап қою, соттың шешiмiн мәжбүрлеп
орындатуды талап ету құқықтарынан басқа
iс жүргiзу құқықтарын пайдаланады және
iс жүргiзу мiндетiн мойнына алады.
Ескерту. 53-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
54-бап. Iс жүргiзу құқық мирасқорлығы
1. Даулы немесе шешiммен
2. Құқық мирасқоры процеске кiргенге дейiн
жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқоры
үшiн бұл әрекеттер құқық мирасқоры ауыстырған
тұлғаға қаншалықты мiндеттi болса, сондай
шамада мiндеттi.
55-бап. Прокурордың сот iсiн жүргiзуге қатысуы
1. Азаматтық сот iсiн жүргiзуде
заңдардың дәлме-дәл және бiр
үлгiде қолданылуына жоғары қадағалау
жүргiзу iсiн мемлекет атынан Қазақстан
Республикасының Бас прокуроры тiкелей
өзi және өзiне бағынатын прокурорлар арқылы
жүзеге асырады.
2. Прокурордың азаматтық сот iсiн жүргiзуге
қатысуы бұл заңда көзделген, прокурордың
осы iске қатысу қажеттiлiгiн сот таныған
жағдайларда, сондай-ақ прокурордың бастамасы
бойынша қозғалған, мемлекеттiң мүдделерiн
қозғайтын, жұмысқа қайтадан алу, жалақыны
өндiрiп алу, азаматты басқа тұрғын үй-жай
берместен тұрғын үйден шығару, өмiрi мен
денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу
туралы iстер бойынша мiндеттi.
Прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге
асыру мақсатында iс бойынша қорытынды
беру үшiн және азаматтардың құқықтарын,
бостандықтарын және заңды мүдделерiн,
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн,
қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi
қорғау үшiн процеске өз бастамасы бойынша
немесе соттың бастамасы бойынша қатысуға
құқылы.
Прокурордың көрсетiлген өкiлеттiктерi
соттың қарауға белгiленген барлық iстер
туралы уақтылы хабарлауы арқылы қамтамасыз
етiледi.
3. Прокурор азаматтардың құқықтарын,
бостандықтарын және заңды мүдделерiн,
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн,
қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi
қорғау туралы талап қойып, арыз берiп
сотқа жүгiнуге құқылы. Әлеуметтiк саладағы
шектелмеген адамдар тобының еңбек, тұрғын
үй және өзге де құқықтары мен бостандықтарын
қорғау туралы, сондай-ақ әрекетке қабiлетсiз
азаматтың мүдделерiн қорғау үшiн прокурор
мүдделi адамның өтiнiшiне және арызына
қарамастан талап қоюы мүмкiн.
4. Егер талап қоюшы прокурор мәлiмдеген
талапты қолдамаса, егер үшiншi тұлғалардың
құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерi
қозғалмаса, онда сот талап қоюды (арызды)
қараусыз қалдырады.
5. Талап қойған прокурор, бiтiмгершiлiк
келiсiм және дауды медиация тәртiбiмен
реттеу туралы келiсiм жасау құқығынан
басқа, талап қоюшының барлық iс жүргiзу
құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ барлық
iс жүргiзу мiндеттерiн мойнына алады. Прокурордың
басқа тұлғаның мүдделерiн қорғау үшiн
талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаны iстiң
мәнiсi бойынша қарауды талап ету құқығынан
айырмайды.
6. Сот қарайтын дауда талап қоюшы немесе
жауапкер ретiнде прокуратура органдарының
мүддесiн бiлдiретiн прокурор тараптардың
iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерiн пайдаланады.
Ескерту. 55-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi), 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
56-бап. Басқа тұлғалардың
құқықтарын, қоғамдық және
мемлекеттiк мүдделердi
қорғау үшiн
сотқа жүгiну
1. Заңмен көзделген жағдайларда мемлекеттiк
органдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдары, ұйымдар немесе жекелеген азаматтар
олардың өтiнуiмен басқа адамдардың құқықтарын,
бостандықтарын және заңмен қорғалатын
мүдделерiн, сол сияқты қоғамдық немесе
мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн талап
қойып сотқа жүгiне алады. Әрекетке қабiлетсiз
азаматтың мүддесiн қорғау үшiн мүдделi
адамның өтiнiшiне қарамастан талап қойылуы
мүмкiн.
2. Бөгде мүдделердi қорғау үшiн талап қойған
адамдар, бiтiмгершiлiк келiсiм және дауды
медиация тәртiбiмен реттеу туралы келiсiм
жасау құқығынан басқа, талап қоюшының
барлық iс жүргiзу құқықтарын пайдаланады
және барлық iс жүргiзу мiндеттерiн мойнына
алады. Аталған органдар мен адамдардың
талап қоюдан бас тартуы мүдделерiне сай
iс қозғалған адамды iстi мәнi бойынша қарауды
талап ету құқығынан айырмайды. Егер мүдделерiне
сай iс қозғалған адам мәлiмделген талапты
қолдамаса, үшiншi тұлғалардың құқықтарына
қысым жасалмаса, сот талап қоюды (арызды)
қараусыз қалдырады.
Ескерту. 56-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
57-бап. Мемлекеттiк
органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарының
iс бойынша қорытынды беру
үшiн процеске қатысуы
1. Заңмен көзделген жағдайларда
мемлекеттiк органдар мен
2. Осы бапта көрсетiлген органдар өз өкiлдерi
арқылы осы Кодекстiң 47-бабында көзделген
iске қатысушы адамдардың барлық құқықтарын
пайдаланады.
6-тарау. Сотта өкiлдiк ету
58-бап. Iстi өкiлдер арқылы жүргiзу
1. Азаматтар өз iстерiн сотта
өздерi немесе өкiлдерi арқылы жүргiзуге
құқылы. Азаматтың iске өзiнiң қатысуы
оның бұл iс бойынша өкiлi болу құқығынан
айырмайды.
2. Ұйымдардың iсiн сотта оларға заңмен,
өзге нормативтiк құқықтық актiлермен
немесе құрылтай құжаттарымен берiлген
өкiлеттiктердiң шегiнде iс-әрекет жасайтын
олардың органдары және тиiстi өкiлеттiктер
берiлген олардың өкiлдерi жүргiзедi. Заңды
тұлғалардың басшылары сотқа олардың
қызметтiк жағдайын немесе өкiлеттiктерiн
куәландыратын құжаттар бередi. Заңды
тұлғаның органы тиiстi өкiлеттiк берiлген
басқа өкiлдермен бiрге iске қатыса алады.
Сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмдерiне
не әкiмшiлiк актiсiне негiзделген iстi сотта
жүргiзуге тиiсiнше ресiмделген өкiлеттiгi
бар әрекетке қабiлеттi кез келген адам
сотта өкiл бола алады.
59-бап. Тапсырма бойынша өкiлдiк ету
Мына адамдар:
1) адвокаттар;
2) заңды тұлғалардың қызметкерлерi - осы
заңды тұлғалардың iстерi бойынша;
3) кәсiптiк одақтардың уәкiлеттi адамдары
- құқықтары мен мүдделерiн қорғауды осы
кәсiптiк одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың,
қызметшiлердiң, сондай-ақ басқа да адамдардың
iстерi бойынша;
4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы
ұйымдар мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн
қорғау құқығы берiлген ұйымдардың уәкiлеттi
адамдары;
5) заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа
адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау
құқығы берiлген ұйымдардың уәкiлеттi адамдары;
6) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы
бойынша тең қатысушылардың бiреуi;
7) iске қатысушылардың өтiнуiмен сот рұқсат
еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша
сотта өкiл бола алады.
60-бап. Сотта өкiлдер бола алмайтын тұлғалар
1. Судьялар, тергеушiлер, прокурорлар
мен өкiлдi органдардың депутаттары,
олардың процеске тиiстi ұйымдардың
уәкiлеттiк берiлген адамдары
2. Қазақстан Республикасының адвокаттық
қызмет туралы заңнамасының талаптарын
бұза отырып, заң көмегiн көрсету туралы
тапсырма алған адвокаттар сотта өкiл
бола алмайды.
3. Адам, егер мүдделерi өзi өкiл болып отырған
адамның мүдделерiне қайшы келетiн адамдарға
осы iс бойынша заң көмегiн көрсетсе немесе
бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор,
сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе
айғақшы ретiнде қатысса, сондай-ақ егер
ол iстi қарауға қатысушы лауазымды адаммен
туыстық қатынастарда болса, өкiл бола
алмайды.
Ескерту. 60-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
61-бап. Өкiлдiң өкiлеттiктерi
РҚАО-ның ескертпесi!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
1. Сотта iс жүргiзуге арналған өкiлеттiк
өкiлге, талап арызға қол қоюды, iстi аралық
сотқа берудi не медиация жүргiзу туралы
келiсiм жасасуды, талап қою талаптары
мен талап қоюды танудан толық немесе
iшiнара бас тартуды, талап қоюды тануды,
талап қоюдың нысанасын немесе негiздемесiн
өзгертудi, бiтiмгершiлiк келiсiм жасауды,
өкiлеттiктердi басқа адамға берудi (сенiмдi
басқа бiреуге аудару), соттың қаулысына
шағым берудi, соттың қаулысын мәжбүрлеп
орындатуды талап етудi, берiлген мүлiктi
немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкiлдiк
берушiнiң атынан барлық iс жүргiзу әрекеттерiн
жасауға құқық бередi.
2. Өкiлдiң осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған
iс-әрекеттердiң әрқайсысын жасауға өкiлеттiгi
өкiлдiк берушi берген сенiмхатта арнайы
көзделуi тиiс.
Ескерту. 61-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
62-бап. Өкiлдiң өкiлдiктерiн ресiмдеу
1. Өкiлдiң өкiлеттiктерi заңға
2. Кәсiптiк одақтар мен басқа ұйымдардың
уәкiлеттiк берiлген адамдары сотқа осы
iс бойынша өкiлдiктi жүзеге асыруға арналған
тапсырманы куәландыратын құжаттарды
беруi тиiс (осы Кодекстiң 59-бабының 3), 4)
және 5) тармақшалары).
3. Адвокаттың нақты iстi жүргiзуге арналған
өкiлеттiгi заң консультациясы немесе адвокаттық
кеңсе берген ордермен, ал ол өз қызметiн
заңды тұлғаны тiркемей жеке жүзеге асырған
жағдайда – адвокаттар алқасының төралқасымен
куәландырылады.
4. Заңды тұлғаның атынан сенiмхатты тиiстi
заңды тұлғаның басшысы немесе өзге уәкiлеттi
адамы бередi.
5. Осы Кодекстiң 59-бабының 6) және 7) тармақшаларында
аталған өкiлдiң өкiлеттiгi сенiмхатта немесе
сот отырысының хаттамасына кiргiзiлген
сенiм бiлдiрушiнiң сотта берген ауызша
түрдегi өтiнiшiнде көрiнiс табуы мүмкiн.
Ескерту. 62-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
63-бап. Заңды өкiлдер
1. Әрекетке қабiлетсiз
2. Хабар-ошарсыз кеткен деп белгiленген
тәртiппен танылған азамат қатысуға тиiстi
iс бойынша, оның өкiлi ретiнде хабар-ошарсыз
кеткен адамның мүлкiне қамқорлықты жүзеге
асыратын адам қатысады.
3. Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп
белгiленген тәртiппен жарияланған адамның
мұрагерi қатысуға тиiстi iс бойынша, егер
мұраны әлi ешкiм қабылдамаса, мұрагердiң
өкiлi ретiнде мұралық мүлiктi қорғау мен
басқару үшiн тағайындалған сақтаушы немесе
қамқоршы қатысады.
4. Заңды өкiлдер заңда көзделген шектеулермен
өкiлдiк етушiлердiң атынан жасау құқығы
өкiлдiк берушiге тиесiлi барлық iс жүргiзу
әрекеттерiн жасайды. Заңды өкiлдер iстi
сотта жүргiзудi басқа өкiлге тапсыра алады.
Ескерту. 63-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
7-тарау. Дәлелдемелер және дәлелдеу
64-бап. Дәлелдемелер
1. Заңмен көзделген тәртiпте
сот тараптардың талаптары мен
қарсылықтарын негiздейтiн мән-
2. Бұл нақты деректер тараптардың және
үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерiмен,
куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен,
сарапшылардың қорытындыларымен, iс жүргiзу
әрекеттерiнiң хаттамаларымен, iс жүргiзу
әрекеттерiнiң барысын және нәтижелерiн
көрсететiн сот отырыстары хаттамаларымен
және өзге де құжаттармен анықталады.
Ескерту. 64-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.07.04 N 151 Заңымен.
65-бап. Дәлелдеу мiндетi
Әр тарап өзiнiң талаптарының және қарсылықтарының негiзi ретiнде сiлтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуi тиiс.
66-бап. Дәлелдемелердi ұсыну
1. Дәлелдемелердi тараптар мен iске қатысушы
басқа да тұлғалар бередi.
2. Iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар мән-жайларды
тараптардың және iске қатысушы басқа
да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының
негiзiнде, материалдық және iс жүргiзу
құқығының қолданылуға тиiс нормаларын ескере
отырып, сот анықтайды.
3. Сот тараптарға және iске қатысушы басқа
да тұлғаларға iстi дұрыс шешу үшiн қажеттi
қосымша дәлелдемелер табыс етудi ұсынуға
құқылы.
4. Тараптар мен iске қатысушы басқа да
тұлғалар үшiн дәлелдемелердi ұсыну қиындық
келтiрген жағдайда, сот олардың өтiнiшi
бойынша дәлелдемелердi сұратып алдыруға
жәрдемдеседi.
5. Дәлелдемелердi сұратып алдыру туралы
өтiнiшiнде сол дәлелдемелер көрсетiлуге,
сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы iс үшiн
маңызы бар қандай мән-жайлар анықталатыны
немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдеменi
өз бетiнше алуға кедергi келтiретiн себептер
және оның тұрған жерi көрсетiлуге тиiс.
6. Қажет болған жағдайда сот өтiнiш берген
адамға дәлелдеменi алу үшiн сұрату бередi.
Соттың талап еткен дәлелдемесi бар тұлға
оны тiкелей сотқа жiбередi немесе сотқа
табыс ету үшiн тиiстi сұратуы бар адамның
қолына бередi. Корпоративтiк даулар бойынша
дәлелдемелердi сот қана талап етуге және
олар тiкелей сотқа жiберiлуге тиiс.
7. Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы
немесе сот белгiлеген мерзiмде беруге
мүмкiндiгi жоқ лауазымды немесе өзге тұлға
соттың сұратуын алған күннен бастап бес
күн мерзiм iшiнде себебiн көрсетiп, бұл
туралы сотқа хабарлауға мiндеттi.
8. Хабарламаған, сондай-ақ егер дәлелдеме
беру туралы соттың талабы сот дәлелсiз
деп таныған себептер бойынша орындалмаған
жағдайда, кiнәлi лауазымды немесе iске
қатыспайтын өзге де тұлғаларға әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес
әкiмшiлiк жазаға қолданылады.
9. Әкiмшiлiк жаза қолдану талап етiлген
дәлелдемесi бар адамды оны сотқа беру
мiндетiнен босатпайды. Соттың талабын
қасақана орындамаған жағдайда аталған
тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады.
10. Егер тарап сот сұратқан дәлелдеменi
өзiнде ұстап қалса және оны соттың сұратуы
бойынша ұсынбаса, ондағы мәлiметтер осы
тараптың мүдделерiне қарсы бағытталған
деп ұйғарылады және ол тарап таныған
деп есептеледi.
Ескерту. 66-бап өзгерiс
енгiзiлдi - ҚР 2008.07.05 N 58-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
67-бап. Дәлелдемелердiң қатыстылығы
Егер дәлелдеме iс үшiн маңызды мән-жайлардың бар екендiгi туралы тұжырымдары растайын, терiске шығаратын не оларға күмән келтiретiн нақты деректер болса, сот дәлелдеменi iске қатысты деп таниды.
68-бап. Дәлелдемелерге жол беру
1. Егер осы Кодексте көзделген
тәртiппен алынса, дәлелдемеге жол
беруге болады деп танылады.
2. Заң бойынша белгiлi бiр дәлелдемелермен
расталуға тиiс iстiң мән-жайлары ешқандай
басқа дәлелдемелермен расталуға тиiс
емес.
69-бап. Дәлелдемелер
ретiнде жол беруге болмайтын
нақты деректер
1. Нақты деректер, егер олар
заң талаптарын бұза отырып, iске
қатысушы тұлғалардың заңмен
кепiлдiк берiлген
1) күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секiлдi
өзге де заңсыз iс-әрекеттердi қолдана
отырып;
2) оларға түсiндiрмеудiң, толық немесе
дұрыс түсiндiрмеудiң салдарынан туындаған
iске қатысушы адамдардың өз құқықтары
мен мiндеттерiне қатысты жаңылуын пайдалана
отырып;
3) осы азаматтық iс бойынша iс жүргiзудi
жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның iс жүргiзу
iс-әрекетiн жүргiзуiне байланысты;
4) қарсылық бiлдiруге жататын адамның
iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысуына байланысты;
5) iс жүргiзу iс-әрекетiнiң тәртiбiн айтарлықтай
бұза отырып;
6) белгiсiз көзден немесе сот отырысында
анықтала алмайтын көзден;
7) дәлелдеу барысында қазiргi ғылыми бiлiмге
қайшы келетiн әдiстердi қолдана отырып
алынған болса, олар нақты деректердiң
растығына әсер етсе немесе әсер етуi мүмкiн
болса, оларды сот дәлелдемелер ретiнде
пайдалануға жол беруге болмайды деп тануға
тиiс.
2. Iс бойынша iс жүргiзу кезiнде нақты деректердi
дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол
беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды
шектеп пайдаланудың мүмкiндiгiн өз бастамашылығы
бойынша немесе iске қатысушы адамдардың
өтiнiшi бойынша сот белгiлейдi.
3. Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер
заңдық күшi жоқ деп танылады және сот
шешiмiнiң негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ
iс үшiн маңызы бар кез келген мән-жайды
дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған
тәртiп бұзушылықтармен алынған нақты
деректер тиiстi тәртiп бұзушылықтардың
және оларға жол берген адамдардың кiнәлiлiгiнiң
дәлелдемесi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
70-бап. Дәлелдемелердiң растығы
Тексеру нәтижесiнде дәлелдеменiң шындыққа сәйкес келетiнi анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледi.
71-бап. Дәлелдеуден босатудың негiздерi
1. Сот жалпыға белгiлi деп таныған
мән-жайлар дәлелдеудi қажет етпейдi.
2. Соттың бұрын қаралған азаматтық iс
бойынша заңды күшiне енген шешiмiмен белгiленген
мән-жайлар сот үшiн мiндеттi және сол адамдар
қатысатын басқа азаматтық iстердi талқылау
кезiнде қайтадан дәлелденбейдi.
3. Соттың қылмыстық iс бойынша күшiне енген
талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын
үкiмi оған қатысты соттың үкiмi болған
тұлға әрекеттерiнiң азаматтық-құқықтық
салдары туралы iстi қарайтын сот үшiн мiндеттi.
Заңды күшiне енген сот үкiмi мұндай азаматтық
iстi қараған сот үшiн, осы iс-әрекеттер
орын алды ма және оларды осы адам жасады
ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ
үкiммен белгiленген мән-жайларға және
олардың құқықтық бағасына қатысты да
мiндеттi болып табылады.
4. Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған
фактiлер азаматтық iстi талқылау кезiнде
дәлелденбейдi. Мұндай ұйғарым жалпы тәртiппен
терiске шығарылуы мүмкiн.
5. Егер тиiстi құқықтық ресiмдер шеңберiнде
керiсiнше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:
1) осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде,
кәсiпшiлiкте жалпы қабылданған зерттеу
әдiстерiнiң дұрыстығы;
2) адамның заңды бiлуi;
3) адамның өзiнiң қызметтiк және кәсiби
мiндеттерiн бiлуi;
4) олардың бар екендiгiн растайын құжатты
ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе
бiлiм алған оқу орнын немесе басқа да мекеменi
көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың
немесе бiлiмнiң болмауы дәлелдемелерсiз
анықталған мән-жайлар болып есептеледi.
72-бап. Сот тапсырмалары
1. Iстi қараушы сот iске қатысушы
адамның басқа қалада немесе
ауданда дәлелдемелер жинау
2. Iстi қараушы сот iске қатысушы адамдардың
Қазақстан Республикасының құқықтық көмек
көрсету жөнiнде келiсiмi бар басқа мемлекетте
дәлелдемелер жинау туралы өтiнiшiн қанағаттандырған
жағдайда осы келiсiмнiң ережелерiне сәйкес
сот тапсырмасын жiбередi.
3. Соттың тапсырмасы туралы ұйғарымда
қаралатын iстiң мәнi, тараптар туралы мәлiметтер
қысқаша баяндалады, анықтауға жататын
мән-жайлар, тапсырманы орындаушы сот
жинауға тиiс дәлелдемелер көрсетiледi.
Бұл ұйғарым ол жолданған сот үшiн мiндеттi
және ол алынған сәттен он күнге дейiнгi
мерзiмде орындалуға тиiс.
73-бап. Сот тапсырмасын орындау тәртiбi
1. Соттың тапсырмасын орындау
осы Кодексте белгiленген ережелер бойынша сот отырысында
жүргiзiледi. Iске қатысатын тұлғалар отырыстың
өтетiн уақыты мен орны туралы құлақтандырылады,
алайда оған келмеу тапсырманы орындауға
кедергi болып табылмайды.
2. Хаттамалар мен тапсырманы орындау
кезiнде жиналған барлық материалдар дереу
iстi қарап жатқан сотқа жiберiледi.
3. Егер iске қатысатын адамдар немесе
тапсырманы орындаушы сотқа түсiнiктеме
немесе айғақ берушi куәлер iстi қарайтын
сотқа келсе, олар жалпы тәртiпте түсiнiктеме
мен айғақ бередi.
74-бап. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету
1. Өздерi үшiн қажеттi дәлелдемелердi
ұсыну соңынан мүмкiн болмайды
немесе қиындық келтiредi деп қауiптенуге
негiзi бар iске қатысушы адамдар
соттан осы дәлелдемелердi қамтамасыз
ету туралы сұрай алады.
2. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету куәлардан
жауап алу, сараптама жүргiзу, оқиға болған
жердi қарап шығу және басқа да әдiстер
арқылы жүргiзiледi.
75-бап. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы өтiнiш
1. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету
туралы өтiнiш сотқа дәлелдемелердi қамтамасыз
ету жөнiндегi iс жүргiзу әрекеттерi жасалуға
тиiстi аумақ бойынша берiледi.
2. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы
өтiнiште қамтамасыз етiлуге қажеттi дәлелдемелер,
растау үшiн осы дәлелдемелер қажет мән-жайлар,
өтiнiш берушiнi қамтамасыз ету туралы өтiнiш
жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ
қамтамасыз етiлетiн дәлелдемелер қажет
болып отырған iс көрсетiлуге тиiс.
3. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы
өтiнiштi қарау нәтижесi бойынша сот ұйғарым
шығарады. Мұндай өтiнiштi қабылдаудан
бас тарту туралы судьяның ұйғарымына
жекеше шағым берiлуi мүмкiн.
76-бап. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету тәртiбi
1. Дәлелдемелердi қамтамасыз етудi
осы Кодексте белгiленген
2. Iстiң сотта туындауға дейiн дәлелдемелердi
қамтамасыз етудi заңдармен көзделген
3. Өтiнiш берушi және iске қатысушы басқа
тұлғалар дәлелдемелердi қамтамасыз ету
уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда
олардың келмеуi дәлелдемелердi қамтамасыз
ету туралы өтiнiштi қарауға кедергi болып
табылмайды.
4. Хаттамалар және дәлелдемелердi қамтамасыз
ету тәртiбiмен жиналған нәрсенiң бәрi iске
қатысушы тұлғаларға хабарлана отырып,
iстi қараушы сотқа берiледi.
77-бап. Дәлелдемелердi бағалау
1. Әрбiр дәлелдеме - қатыстылығы, жол
берiлуi, растығы, ал барлық жиналған
дәлелдемелер жиынтығы
2. Осы Кодекстiң 16-бабына сәйкес судья
дәлелдемелердi өзiнiң iшкi сенiмi бойынша
бағалайды.
3. Дәлелдемелердiң жиынтығы, егер iске
қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап
жоққа шығармаған барлық және әрбiр мән-жайлар
туралы ақиқатты даусыз айқындауға жол
беретiн және сенiмдi дәлелдемелер жиналса,
азаматтық iстi шешу үшiн жеткiлiктi болып
табылады.
78-бап. Тараптардың
және үшiншi тұлғалардың
түсiнiктемелерi
1. Тараптардың және үшiншi тұлғалардың
iс үшiн маңызы бар, өздерiне белгiлi
мән-жайлар туралы түсiнiктемелерi iс бойынша
жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар
тексеруге және бағалауға жатады.
2. Көрсетiлген тұлғалардың түсiнiктемелерi
ауызша және жазбаша болуы мүмкiн.
3. Тараптың талабын немесе қарсылығын
негiздейтiн фактiлердi екiншi тараптың
мойындауы ол тарапты осы фактiлердi одан
әрi дәлелдеу қажеттiгiнен босатады. Тарап
мойындаған фактi сот отырысының хаттамасына
енгiзiледi және оған фактiнi мойындаған
тарап қол қояды. Егер фактiнi тану жазбаша
өтiнiште баяндалған болса, ол iске қосып
тiгiледi.
4. Егер фактiлердi тану шындығында болған
мән-жайды жасыру мақсатымен не алдаудың,
күш қолданудың, қорқытудың немесе жаңылудың
әсерiнен жасалғандығына соттың күдiгi
болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы
ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы
фактiлер жалпы негiзде дәлелденуге тиiс.
79-бап. Куәнiң айғақтары
1. Iс үшiн маңызы бар мән-жайлар
туралы қандай да болмасын
мәлiметтер өзiне белгiлi болған
тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзiнiң хабардар болу
көзiн көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды.
2. Куә ретiнде:
1) балаларды тәрбиелеу туралы даулар
бойынша iстердi қоспағанда өзiнiң жастығына,
дене немесе психикалық кемiстiгiне орай
фактiлердi дұрыс қабылдауға және олар
туралы дұрыс айғақ беруге қабiлетсiз адамдар;
2) өкiлдiң немесе қорғаушының мiндетiн
атқаруына байланысты өздерiне белгiлi
болған мән-жайлар туралы - азаматтық iс
бойынша өкiлдер немесе қылмыстық iс бойынша
қорғаушылар;
3) шешiм немесе үкiм шығару кезiнде мәселелердi
iстiң мән-жайын кеңесу бөлмесiнде талқылау
кезiнде туындаған мәселелер туралы - судья;
3-1) аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн
атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған
мән-жайлар туралы - аралық судья немесе
төрешi;
3-2) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда,
медиацияны жүргiзуге байланысты оған
белгiлi болған мән-жайлар туралы – медиатор;
4) оларға тәубаға келу кезiнде сенiм бiлдiрген
адамдардан белгiлi болған мән-жайлар туралы
- дiн қызметшiлерi;
5) заңда көрсетiлген басқа адамдар жауап
алуға жатпайды.
3. Адам өз-өзiне, зайыбына (жұбайына) және
шеңберi заңмен белгiленетiн жақын туыстарына
қарсы сотта куәлiк айғақ беруден бас тартуға
құқылы.
4. Куәнi шақыру туралы өтiнiш жасаған адам
оның тегiн, атын, әкесiнiң атын және тұратын
жерiн немесе жұмыс орнын хабарлауға, бұл
куәдан жауап алу қажеттiлiгiн негiздеуге
мiндеттi.
Ескерту. 79-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.28 N 24 (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2 баптан қараңыз), 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
80-бап. Куәнiң мiндеттерi мен құқықтары
1. Куә ретiнде шақырылған адам
сотқа тағайындалған уақытта
келуге және шынайы айғақ
2. Науқастығының, қарттығының, мүгедектiгiнiң
немесе басқа да дәлелдi себептерiнiң салдарынан
соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы
болмаса, сот куәдан өзi барған жерiнде
жауап алуы мүмкiн.
3. Көрiнеу жалған айғақ бергенi және заңда
көзделмеген негiздер бойынша айғақ беруден
бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн куә
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 352, 353-баптарында
көзделген жауаптылықта болады.
4. Куәнiң сотқа шақырылуына байланысты
шығындарды өтеттiруге және уақытын жоғалтуына
байланысты ақшалай өтемақы алуға құқығы
бар. Шығындар мен өтемақылардың мөлшерi
Қазақстан Республикасының заңдарымен
белгiленедi.
81-бап. Жазбаша дәлелдемелер
Iс үшiн маңызы бар мән-жайлар туралы мәлiметтердi қамтитын актiлер, құжаттар, iскерлiк немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады.
82-бап. Жазбаша дәлелдемелердi жинау тәртiбi
1. Жазбаша дәлелдемелердi тараптар
және iске қатысушы басқа да
тұлғалар тапсыруы, сондай-ақ олардың
өтiнiшi бойынша сот талап етуi мүмкiн.
2. Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды
адамдар баяндаған немесе куәландырған
мәлiметтер азаматтық iс үшiн маңызы болса,
дәлелдемелер болып танылады. Құжаттарға,
соның iшiнде осы Кодекстiң 66-бабында көзделген
тәртiппен алынған, талап етiлген немесе
табыс етiлген компьютерлiк хабарламаны
қамтитын материалдар, фото және кино
түсiрiлiмдер, дыбыс және бейне жазбалар
да жатады.
3. Соттың алдында iске қатысатын немесе
қатыспайтын тұлғалардан жазбаша дәлелдемелер
талап ету туралы өтiнiш жасайтын тұлға
осы дәлелдеменi көрсетуге, оларды өз бетiнше
алуға кедергi болатын себептердi, өзi дәлелдемелердi
сол тұлғаларда деп санайтын негiздерiн
көрсетуге тиiс.
4. Соттың азаматтардан немесе заңды тұлғалардан
талап ететiн жазбаша дәлелдемелерi тiкелей
сотқа жiберiледi.
5. Сот жазбаша дәлелдеме талап ету туралы
өтiнiш берген тұлғаға соңынан сотқа табыс
ету үшiн алу құқығын беретiн сұрату бере
алады.
83-бап. Сотқа жазбаша
дәлелдемелер табыс ету
мiндеттiлiгi
1. Талап етiлген жазбаша дәлелдемелердi табыс
ету немесе оны сот белгiлеген мерзiмде
табыс ету мүмкiндiгi жоқ тұлғалар бұл туралы
себептерiн көрсете отырып, сотқа хабарлауға
мiндеттi.
2. Сот хабардар етiлмеген жағдайда, сондай-ақ
соттың жазбаша дәлелдемелерiн табыс ету
талабы сот дәлелсiз деп таныған себептер
бойынша орындалмаса, iске қатысушы тұлғалар
- он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде,
ал соттың қайталама және одан кейiнгi
талаптарын орындамаған жағдайда, жиырма
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
төлейдi. Айыппұл салу өзiнде жазбаша дәлелдеменi
ұстап отырған тұлғаны сот талап еткен
затты беру мiндетiнен босатпайды.
3. Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа
қалпында берiледi. Егер құжаттың көшiрмесi
берiлсе, сот, қажет болған жағдайда, түпнұсқаның
берiлуiн талап етуге құқылы.
Қазақстан Республикасының заңнамасында
тек электрондық құжатты ғана пайдалануға
жол берiлмейтiн жағдайларды қоспағанда,
электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған
электрондық құжаттар түпнұсқадағы жазбаша
құжаттармен бiрдей болады.
Ескерту. 83-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
84-бап. Жазбаша
дәлелдемелердi сақталып тұрған
жерiнде қарау және
зерттеу
Жазбаша дәлелдемелердi сотқа беру қиын болған ретте сот тиiсiнше куәландырылған көшiрмелердi және үзiндiлердi берудi талап ете алады немесе жазбаша дәлелдемелердi олар сақталып қойылған жерде қарай алады және зерттей алады.
85-бап. Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелердi қайтару
1. Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер,
сондай-ақ iстегi жеке хаттар оларды
табыс еткен тұлғалардың
2. Жазбаша дәлелдемелер соттың шешiмi
заңды күшiне енгенге дейiн, егер сот мүмкiн
деп тапса, оларды табыс еткен тұлғаларға
қайтарылуы мүмкiн.
86-бап. Заттай дәлелдемелер
Егер заттар өзiнiң сыртқы түрiмен, қасиеттерiмен немесе өзге де белгiлерiмен iс үшiн маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негiз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады.
87-бап. Заттай дәлелдемелердi сақтау және қарау
1. Заттай дәлелдемелер iсте сақталады немесе айрықша тiзiлiм бойынша соттың
заттай дәлелдемелер сақтау камерасына
өткiзiледi. Сот заттай дәлелдемелердi өзгерiссiз
қалпында сақтауға шара қабылдайды.
2. Сотқа әкелу мүмкiн емес заттар тұрған
жерiнде сақталады. Оларды сот қарап, хаттамада
егжей-тегжейлi сипаттауға, ал қажет болған
жағдайда суретке түсiруге және мөрмен
бекiтiлуге тиiс. Заттай дәлелдемелердi
қарау хаттамасы iске қосып тiгiледi.
3. Заттай дәлелдемелердi сақтау жөнiндегi
шығындар осы Кодекстiң 110-бабына сәйкес
тараптар арасында бөлiнуi мүмкiн.
88-бап. Тез бүлiнетiн заттай дәлелдемелердi қарау
1. Тез бүлiнетiн заттай
2. Мұндай заттай дәлелдемелердi қарап, зерттеу орны мен уақыты
туралы iске қатысушы адамдар, егер олар
заттай дәлелдемелердi тұрған жерiнде
қарау кезiнде келе алса, хабарланады.
Хабарланған iске қатысушы адамдардың
келмеуi заттай дәлелдемелердi қарап, зерттеуге
кедергi келтiрмейдi. Қарап шығу және зерттеу
деректерi хаттамаға енгiзiледi.
3. Тез бүлiнетiн заттай дәлелдемелердi
қарап шығу, оның нәтижелерiн жазу осы
Кодекстiң 87-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде
көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
89-бап. Заттай дәлелдемелерге билiк ету
1. Осы Кодекстiң 88-бабының бiрiншi
бөлiгiнде көзделгендерден
2. Заң бойынша азаматтардың иелiгiнде
бола алмайтын заттар тиiстi ұйымдарға
берiледi.
3. Заттай дәлелдемелер оларды сот қарап
шығып зерттегеннен кейiн, егер олар алынған
тұлғалар өтiнiш жасаса және мұндай өтiнiштi
қанағаттандыру iстi дұрыс шешу үшiн кедергi
келтiрмесе, iс жүргiзу аяқталғанға дейiн
оларға қайтарылуы мүмкiн.
4. Заттай дәлелдемелерге билiк ету мәселелерi
бойынша сот ұйғарым шығарады.
Ескерту. 55-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
90-бап. Дәлелдеу процесiндегi
ғылыми-техникалық
құралдар
1. Iс бойынша дәлелдеу
2. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану
кезiнде жәрдем көрсету үшiн сот маман
шақыруы мүмкiн.
3. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға,
егер олар:
1) заңда тiкелей көзделсе немесе оның
нормалары мен принциптерiне қайшы келмесе;
2) ғылымилығы жарамды болса;
3) iс бойынша iс жүргiзудiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз
ететiн болса;
4) қауiпсiз болса, жол беруге болады деп
танылады.
4. Ғылыми-техникалық құралдарды жасырын
қолданудың нәтижесi, мұндай қолдануға
заңмен жол берiлетiн жағдайларды қоспағанда,
дәлелдеме ретiнде пайдаланылмайды.
5. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану
тарап ұсынған анықтамамен белгiленедi
немесе ғылыми-техникалық құралдардың
деректерi, оларды пайдаланудың шарттары
мен тәртiбi, бұл құралдар қолданылған
объектiлер және оларды пайдаланудың нәтижелерi
көрсетiле отырып, сот жүргiзген тиiстi
iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасында не сот
отырысының хаттамасында көрсетiледi.
6. Ғылыми-техникалық құралдардың көмегiмен
алынған құжаттар мен басқа да материалдарды
зерттеу, сақтау және оларға билiк ету
осы Кодекстiң 87 және 89-баптарында көзделген
тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 90-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
91-бап. Сараптама тағайындау
1. Сараптама сарапшы арнаулы
ғылыми бiлiм негiзiнде
2. Iсте ревизия, тексеру актiлерiнiң, ведомстволық
инспекциялар қорытындыларының, сондай-ақ
мамандардың жазбаша консультацияларының,
бағалаушылар есептерiнiң болуы сарапшының
қорытындысын ауыстырмайды және сол мәселелер
бойынша сот сараптамасын тағайындау
мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
3. Сот сараптаманы тараптың өтiнiшi бойынша
және өз бастамасы бойынша тағайындайды.
4. Сарапшы ретiнде арнайы ғылыми бiлiмi
бар iске мүдделi емес адам шақырылуы мүмкiн.
Сот сараптамасын жүргiзу:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiне;
2) лицензия негiзiнде сот-сараптама қызметiн
жүзеге асыратын адамдарға;
3) заң талаптарына сәйкес бiр жолғы тәртiппен
өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкiн.
5. Iске қатысушы тұлғалар соттан сараптама
iсiн жүргiзудi арнайы қажеттi ғылыми бiлiмi
бар нақты адамға тапсыру туралы сұрай
алады.
6. Сараптама жүргiзу iске қатысушылар
ұсынған тұлғалардың бiрiне тапсырылуы
мүмкiн. Соттың сараптама жүргiзу тапсырылған
адамды шақырту талабы аталған адам жұмыс
iстейтiн ұйымның басшысы үшiн мiндеттi.
7. Iске қатысушы әрбiр адам сарапшының
алдына қойылуы тиiс мәселелердi сотқа
қоюға құқылы. Сарапшы қорытынды беруге
тиiс мәселелердiң түпкiлiктi шеңберiн сот
айқындайды.Ұсынылған мәселелердi қабылдамауды
сот дәлелдеуге мiндеттi. Соттың сараптама
тағайындау туралы ұйғарымына шағым жасалуы
және наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
8. Егер тарап сараптама жүргiзуге қатысудан
жалтарса немесе оны өткiзуге кедергi келтiрсе
(сараптамаға келмесе, сарапшыларға зерттеу
үшiн қажеттi материалдар бермесе, сотқа
беруге мүмкiндiк болмайтын немесе қиындық
келтiретiн өзiне тиiстi объектiлердi зерттеуге
мүмкiндiк бермесе), ал iстiң мән-жайлары
бойынша мұндай тараптың қатысуынсыз
сараптама жүргiзу мүмкiн болмаса, сот
қай тараптың сараптамадан жалтарғанына,
сондай-ақ ол үшiн оның қаншалықты маңызы
барлығына қарай анықтау үшiн сараптама
тағайындалған фактiнi анықталған немесе
жоққа шығарылған деп тануға құқылы.
9. Сараптаманың тағайындалуы туралы сот ұйғарым
шығарады.
10. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымда:
соттың атауы, сараптаманы тағайындау
уақыты, орны; қаралатын iс бойынша тараптардың
атауы; сараптаманың түрi; сараптама тағайындау
үшiн негiздер; сараптамаға жiберiлетiн
объектiлер және олардың шығу тегi туралы
ақпарат, сондай-ақ көрсетiлген объектiлердi
зерттеу барысында толық немесе iшiнара
жою; олардың сыртқы түрiн немесе негiзгi
қасиеттерiн өзгерту мүмкiндiгiне рұқсат;
сот сараптамасы органының атауы және
(немесе) сот сараптамасын жүргiзу тапсырылған
адамның тегi көрсетiледi. Соттың сараптама
тағайындау туралы ұйғарымы ол жiберiлген
және өз құзыретiне кiретiн органдардың
немесе адамдардың орындауы үшiн мiндеттi.
Ескерту. 91-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.11.06 N 251-II, 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
91-1-бап. Үлгiлердi алу
1. Судья, егер үлгiлердi зерттеудiң
iс үшiн маңызы бар болса, оларды,
оның iшiнде тiрi адамның, мәйiттiң, жануардың,
заттың, нәрсенiң қасиеттерiн
2. Үлгiлерге материалдардың, заттардың,
шикiзаттардың, дайын өнiмнiң сынамалары
да жатады.
3. Үлгiлердi алу туралы дәлелдi ұйғарым
шығарылады, онда: үлгiлердi алатын адам;
үлгiлер алынуы тиiс адам (ұйым); нақты қандай
үлгiлер және қандай санда алынуы тиiс
екенi; адам үлгiлердi алу үшiн қашан және
кiмге келуi тиiс екенi; үлгiлер алынғаннан
кейiн олардың қашан және кiмге табыс етiлуi
тиiс екенi көрсетiлуi қажет.
4. Үлгiлердi судьяның жеке өзi алуы, ал
қажет болса, егер бұл әрекет үлгiлер алынатын
жынысы басқа адамды жалаңаштап шешiндiрумен
байланысты болмаса және ерекше кәсiби
дағдыны талап етпесе, дәрiгердiң немесе
басқа маманның қатысуымен алуы мүмкiн.
Өзге жағдайларда үлгiлердi судьяның тапсырмасы
бойынша дәрiгер немесе басқа маман алуы
мүмкiн.
5. Үлгiлердi алу құқығы судьяда, сарапшыда,
дәрiгерде немесе басқа маманда болады.
6. Yлгiлердi алу сараптамалық зерттеудiң
бiр бөлiгi болып табылатын жағдайларда,
оны сарапшы жүргiзуi мүмкiн.
7. Yлгiлер тараптардан, сондай-ақ үшiншi
тұлғалардан алынуы мүмкiн.
8. Судья адамды өзiне шақырады, оны, қолхат
ала отырып, үлгiлердi алғаны туралы ұйғарыммен
таныстырады, оған және осы iс жүргiзу әрекеттерiне
қатысушы өзге де адамдарға олардың құқықтары
мен мiндеттерiн түсiндiредi.
9. Судьяның жеке өзi немесе маманның қатысуымен
қажеттi әрекеттердi жүргiзедi, үлгiлердi
алады, оларды орайды және мөр басады.
10. Yлгiлердi алу нәтижелерi iс жүргiзу әрекеттерiнiң
(сот отырысының) хаттамасында тiркеледi,
онда жүргiзiлу ретiн сақтай отырып, үлгiлердi
алу үшiн жасалған әрекеттер, бұл ретте
қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа
да әдiстер мен рәсiмдер, сондай-ақ үлгiлердiң
өздерi жазылады.
Ескерту. Кодекс
91-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.07.04 N 151 Заңымен.
91-2-бап. Дәрiгердiң
немесе басқа маманның,
сондай-ақ сарапшының
үлгiлердi алуы
1. Судья өзiнен үлгiлер алынуға
тиiс адамды, сондай-ақ тиiстi тапсырмасы
бар ұйғарымды дәрiгерге
2. Дәрiгер немесе басқа маман судьяның
тапсырмасы бойынша қажеттi әрекеттердi
жүргiзедi және үлгiлердi алады. Yлгiлер
оралады және мөр басылады, одан кейiн
дәрiгер немесе басқа маман жасаған ресми
құжатпен бiрге судьяға жiберiледi.
3. Сарапшы зерттеу процесiнде сынақ үлгiлер
дайындауы мүмкiн, бұл туралы ол қорытындыда
хабарлайды.
4. Судья мұндай үлгiлердi дайындау кезiнде
қатысуға құқылы, оны өзi жасайтын хаттамада
көрсетедi.
5. Сарапшы зерттеу жүргiзгеннен кейiн
үлгiлердi оралған және мөр басылған түрде
өзiнiң қорытындысына қоса тiркейдi.
6. Егер үлгiлердi судьяның тапсырмасы
бойынша маман немесе сарапшы алған болса,
онда ол ресми құжат жасап, оған iс жүргiзу
әрекетiне барлық қатысушылар қол қояды
және iс материалдарына қоса тiркеу үшiн
судьяға берiледi.
7. Алынған үлгiлер оралған және мөр басылған
түрде хаттамаға қоса тiркеледi.
Ескерту. Кодекс
91-2-баппен толықтырылды - ҚР 2006.07.04 N 151 Заңымен.
91-3-бап. Үлгiлердi
алу кезiнде тұлғаның құқықтарын
қорғау
Үлгiлердi алу әдiстерi мен ғылыми-техникалық
құралдары адамның өмiрi мен денсаулығы
үшiн қауiпсiз болуы тиiс. Қатты
ауыру сезiнуiн тудыратын
Ескерту. Кодекс
91-3-баппен толықтырылды - ҚР 2006.07.04 N 151 Заңымен.
92-бап. Сарапшының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сарапшының: сараптама нысанасына
қатысты iс материалдарымен танысуға;
қорытынды беру үшiн қажеттi қосымша
материалдарды өзiне беру
2. Сарапшы: соттан бөлек, iске қатысушы
адамдармен сараптама жүргiзуге байланысты
мәселелер бойынша келiссөздер жүргiзуге;
сараптамалық зерттеу үшiн материалдарды
дербес жинауға; егер сараптама тағайындаған
соттың бұған арнайы рұқсаты болмаса,
объектiлердi толық немесе iшiнара жоюға,
олардың сыртқы түрiн немесе негiзгi қасиеттерiн
өзгертуге әкеп соғуы мүмкiн зерттеулер
жүргiзуге құқылы емес.
3. Сарапшы: соттың шақыртуы бойынша келуге;
өзiне ұсынылған объектiлерге жан-жақты,
толық және объективтi зерттеу жүргiзуге;
өзiнiң алдына қойылған мәселелер бойынша
негiзделген жазбаша қорытынды беруге;
осы Кодекстiң 97-бабында көзделген жағдайларда,
қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды
берудiң мүмкiн еместiгi туралы дәлелдi
жазбаша хабарлама жасауға және оны сотқа
жiберуге; жүргiзiлген зерттеуге және берiлген
қорытындыға байланысты мәселелер бойынша
айғақтар беруге; зерттелiп жатқан объектiлердiң
сақталуын қамтамасыз етуге; iстiң мән-жайы
туралы мәлiметтердi және сараптама жүргiзуге
байланысты өзiне белгiлi болған өзге де
мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
4. Сарапшы көрiнеу жалған қорытынды бергенi
үшiн заңда көзделген қылмыстық жауаптылықта
болады.
5. Сот сараптамасы органының қызметкерi
болып табылатын сарапшы өз қызметiнiң
сипатына қарай өзiнiң құқықтарымен және
мiндеттерiмен танысқан және көрiнеу жалған
қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық
туралы ескертiлген деп есептеледi.
Ескерту. 92-бап жаңа
редакцияда - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
93-бап. Сараптама жүргiзу тәртiбi
1. Сараптама сотта немесе
2. Сараптамалық зерттеу объектiлерiнiң
дұрыстығына және жол берiлгендiгiне сот
кепiлдiк бередi.
3. Сараптамалық зерттеу объектiлерi, егер
олардың көлемдерi және қасиеттерi мүмкiндiк
берсе, сарапшыға буып-түйiлген және мөрмен
бекiтiлген күйiнде берiледi. Қалған жағдайларда
сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны
зерттеу объектiлерi орналасқан жерге
жеткiзудi, оларға кедергiсiз кол жеткiзудi
және зерттеу жүргiзу үшiн қажеттi жағдайларды
қамтамасыз етуге тиiс.
4. iске қатысушы адамдар сараптама жүргiзу
кезiнде, осындай қатысу соттан тыс сараптама
жүргiзу кезiнде сарапшылардың қалыпты
жұмысына кедергi келтiретiн жағдайларды
қоспағанда, қатысуға құқылы. Сот iске
қатысушы адамдардың сараптама жүргiзу
кезiнде қатысуы туралы өтiнiштi қанағаттандырған
жағдайда, аталған адамдарға сараптама
жүргiзiлетiн орын мен уақыт туралы хабарланады.
Хабарландырылған адамдардың келмеуi
сараптама жүргiзуге кедергi келтiрiлмейдi.
5. Соттан тыс сараптама жүргiзу кезiнде
iске қатысушы адамдар қатысқан жағдайда,
сот приставының мiндеттi түрде қатысуын
сот айқындайды.
6. Сараптама жүргiзу сот сараптамасы органына
тапсырылған кезде, сот сараптама тағайындау
туралы ұйғарымды және қажеттi материалдарды
оның басшысына жiбередi. Сараптаманы сот
сараптамасы органының ұйғарымда көрсетiлген
қызметкерi жүргiзедi. Егер сараптама тағайындау
туралы ұйғарымда нақты сарапшы көрсетiлмесе,
оны таңдауды сот сараптамасы органының
басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптама
тағайындаған сотқа хабарлайды.
7. Сот сараптамасы органының басшысы:
осы сот сараптамасы органында қажеттi
арнаулы ғылыми бiлiмi бар сарапшы болмаса,
осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық
базасы мен жағдайы нақты сараптама мiндеттерiн
шешуге мүмкiндiк бермесе; сарапшының алдына
қойылған мәселелер оның құзыретiнiң шегiнен
тыс болса; сараптама жүргiзуге арналған
материалдар осы Кодексте көзделген талаптар
бұзыла отырып ұсынылса, дәлелдердi көрсете
отырып, сотқа сараптама тағайындау туралы
ұйғарымды орындамастан, оны жүргiзу үшiн
ұсынылған объектiлердi қайтаруға; сот
алдында осы сот сараптамасы органында
жұмыс iстемейтiн адамдарды, егер олардың
арнаулы ғылыми бiлiмi қорытынды беру үшiн
қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының
құрамына енгiзу туралы өтiнiш жасауға
құқылы.
Сот сараптамасы органы басшысының заңда
көзделген өзге құқықтары да бар.
8. Сот сараптамасы органының басшысы:
сот сараптамасын жүргiзу үшiн қажеттi
объектiлердi оны тағайындау туралы ұйғарымсыз
талап етiп алдыруға; оны жүргiзуге осы
мекемеде жұмыс iстемейтiн адамдарды соттың
келiсiмiнсiз дербес тартуға; сарапшыға
нақты сараптама бойынша қорытындылардың
мазмұнын алдын ала шешетiн нұсқаулар
беруге құқылы емес.
9. Сот сараптамасы органының басшысы:
сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымды
және зерттеу объектiлерiн алысымен, заңның
талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы
органының нақты сот сарапшысына немесе
сот сарапшылары комиссиясына жүргiзудi
тапсыруға; сот сарапшысының тәуелсiздiгi
принципiн бұзбастан сот сараптамасын
жүргiзу мерзiмiнiң сақталуына, жүргiзiлiп
жатқан зерттеулердiң жан-жақтылығына,
толықтығы мен объективтiлiгiне, сот сараптамасы
объектiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге
бақылауды қамтамасыз етуге; сот сараптамасын
жүргiзудi ұйымдастыруға байланысты өзiне
белгiлi болған мәлiметтердi жария етпеуге
мiндеттi.
10. Егер сараптама жүргiзудi сот сараптамасы
органының қызметкерi болып табылмайтын
адамға тапсыру ұйғарылса, сот оны тағайындау
туралы ұйғарым шығарылғанға дейiн оның
жеке басына және сарапшыдан бас тартуға
осы Кодекстiң 41-бабында көзделген негiздердiң
жоқ екендiгiне көз жеткiзуге тиiс.
11. Сот сараптама тағайындау туралы ұйғарым
шығарады, оны сарапшыға тапсырады, оған
осы Кодекстiң 92-бабында көзделген құқықтары
мен мiндеттерiн түсiндiредi және көрiнеу
жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық
жауаптылық туралы ескертедi. Сот осы iс-әрекеттердiң
орындалуы жөнiнде сараптама тағайындау
туралы ұйғарымға белгi қояды, ол сарапшының
қолымен куәландырылады. Сарапшы жасаған
мәлiмдеме және оның өтiнiшi дәл осылайша
бекiтiледi. Сот сарапшының өтiнiшiн қабылдамау
туралы дәлелдi ұйғарым шығарады.
12. Сараптама жүргiзуге байланысты шығыстарды
өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегiне ақы
төлеу осы Кодекстiң 108-бабының ережелерi
бойынша жүргiзiледi.
Ескерту. 93-бап жаңа
редакцияда - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
94-бап. Жеке және комиссиялық сараптама
1. Сараптама жүргiзудi сарапшы жеке
не сарапшылар комиссиясы
2. Комиссиялық сараптама күрделi сараптамалық
зерттеулер жүргiзу қажет болған жағдайларда
тағайындалады және оны бiр мамандықтағы
кемiнде екi сарапшы жүргiзедi.
3. Комиссиялық сот сараптамасы жүргiзiлген
кезде сот сарапшыларының әрқайсысы сот-сараптамалық
зерттеудi толық көлемiнде тәуелсiз және
дербес жүргiзедi. Сараптамалық комиссияның
мүшелерi алынған нәтижелердi бiрлесiп
талдайды және ортақ пiкiрге келе отырып,
қорытындыға қол қояды не қорытынды берудiң
мүмкiн еместiгi туралы хабарламаға қол
қояды. Сарапшылар арасында келiспеушiлiк
болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе
сарапшылардың бiр бөлiгi жеке қорытынды
бередi не пiкiрi комиссияның басқа мүшелерiнiң
қорытындысымен сәйкес келмейтiн сарапшы
пiкiрiн қорытындыда жеке тұжырымдайды.
4. Соттың комиссиялық сараптама жүргiзу
туралы ұйғарымы сот сараптамасы органының
басшысы үшiн мiндеттi болып табылады. Сот
сараптамасы органының басшысы табыс
етiлген материалдар бойынша комиссиялық
сараптама жүргiзу туралы өз бетiнше шешiм
қабылдауға және оны жүргiзудi ұйымдастыруға
құқылы.
Ескерту. 94-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
95-бап. Кешендi сараптама
1. Кешендi сараптама iс үшiн маңызы
бар мән-жайларды анықтау үшiн
әртүрлi бiлiм саласының негiзiнде
зерттеулер жүргiзу қажет
2. Кешендi сараптаманың қорытындысында
әрбiр сарапшының қандай зерттеудi, оны
қандай көлемде жүргiзгенi және оның қандай
қорытындыға келгенi көрсетiлуге тиiс.
Әрбiр сарапшы қорытындының осы зерттеулер
мазмұндалған бөлiгiне қол қояды.
3. Әрбiр сарапшы жүргiзген зерттеулер
нәтижелерiнiң негiзiнде олар анықтау үшiн
сараптама тағайындалған мән-жайлар туралы
ортақ қорытынды (қорытындылар) тұжырымдайды.
Ортақ қорытындыны (қорытындыларды) алынған
нәтижелердi бағалауға құзыретi бар сарапшылар
ғана тұжырымдайды және оған қол қояды.
Егер комиссияның түпкiлiктi қорытындысына
немесе оның бiр бөлiгiнде сарапшылардың
бiрi (жекелеген сарапшылар) анықтаған
фактiлер негiз болса, онда бұл туралы қорытындыда
көрсетiлуге тиiс.
4. Сарапшылар арасында келiспеушiлiктер
болған жағдайда зерттеулердiң нәтижелерi
осы Кодекстiң 94-бабының үшiншi бөлiгiне
сәйкес ресiмделедi.
5. Сот сараптамасы органына тапсырылған
кешендi сараптама жүргiзудi ұйымдастыру
оның басшысына жүктеледi. Сот сараптамасы
органының басшысы сондай-ақ табыс етiлген
материалдар бойынша кешендi сараптама
жүргiзу туралы өз бетiнше шешiм қабылдауға
және оны жүргiзудi ұйымдастыруға құқылы.
96-бап. Сарапшының қорытындысы
1. Сарапшының қорытындысы - сот
немесе тараптар сарапшының
2. Сарапшы (сарапшылар) қажеттi зерттеулер
жүргiзгеннен кейiн оның нәтижелерiн ескере
отырып, өз атынан қорытынды жасайды, оны
өз (өздерiнiң) қол қоюымен және жеке мөрiмен
куәландырып, сараптама тағайындаған
сотқа жiбередi. Сараптаманы сот сараптамасы
органы жүргiзген жағдайда сарапшының
(сарапшылардың) қолы аталған органның
мөрiмен расталады.
3. Сарапшының қорытындысында: оның ресiмделген
күнi, сараптаманың жүргiзiлген мерзiмдерi
және орны; сот сараптамасын жүргiзудiң
негiздерi; сот туралы мәлiметтер, сараптама
жүргiзу тапсырылған сот сараптамасы органы
және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы
мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi,
мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы,
ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын
қызметi); көрiнеу жалған қорытынды бергенi
үшiн қылмыстық жауаптылық туралы өзiнiң
ескертiлгенi туралы сарапшының қолымен
куәландырылған белгi; сарапшының (сарапшылардың)
алдына қойылған мәселелер: сараптама
жүргiзу кезiнде процеске қатысқан қатысушылар
және олар берген түсiндiрмелер туралы
мәлiметтер; зерттеу объектiлерi; пайдаланылған
әдiстемелер көрсетiле отырып, зерттеулердiң
мазмұны мен нәтижелерi; жүргiзiлген зерттеулердiң
нәтижелерiн бағалау, сарапшының (сарапшылардың)
алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың
негiздемесi мен тұжырымы көрсетiлуге тиiс.
4. Егер осы Кодекстiң 97-бабында көрсетiлген
мән-жайлар зерттеу барысында анықталса,
қорытындыда қойылған сұрақтардың бәрiне
немесе олардың кейбiреуiне жауап берудiң
мүмкiн еместiгiнiң негiздемесi қамтылуға
тиiс.
5. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген
тәртiппен куәландырылған, сарапшының
қорытындысын көрнекiлейтiн материалдар
(фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер
және басқа да материалдар) қорытындыға
қоса берiледi және оның құрамдас бөлiгi
болып табылады. Сондай-ақ қорытындыға
зерттеуден кейiн қалған объектiлер, оның
iшiнде үлгiлер қоса берiлуге тиiс.
6. Осы Кодекстiң 98-1-бабында көзделген
тәртiппен жүргiзiлген жауап алу барысында
сарапшының берген айғақтары ол бұрын
берген қорытындыны түсiндiру, толықтыру
не нақтылау бөлiгiнде ғана дәлелдемелер
болып табылады.
7. Сарапшының қорытындысы сот үшiн мiндеттi
болып табылмайды, алайда оның қорытындымен
келiспеуi дәлелдi болуға тиiс.
Ескерту. 96-бап жаңа
редакцияда - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
97-бап. Қорытынды берудiң
мүмкiн еместегi туралы
хабарлама
Егер сарапшының зерттеу жүргiзгенге дейiн оның алдына қойылған мәселелер өзiнiң арнайы бiлiмдерiнiң шегiнен тыс екенiне не оған ұсынылған материалдар қорытынды беру үшiн жарамсыз немесе жеткiлiксiз екенiне және олардың толықтырылуы мүмкiн емес екенiне, не ғылым мен сараптама практикасының жай-күйi қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкiндiк бермейтiнiне көзi жетсе, ол қорытынды берудiң мүмкiн еместегi туралы дәлелдi хабарлама жазып, оны сотқа жiбередi.
98-бап. Қосымша және қайталама сараптама
1. Қосымша сараптама қорытынды
жеткiлiктi түрде айқын немесе
толық болмаған, сондай-ақ алдыңғы зерттеуге
байланысты қосымша мәселелердi шешу қажеттiлiгi
туындаған кезде тағайындалады.
2. Қосымша сараптама жүргiзу сол сарапшының
өзiне немесе басқа сарапшыға тапсырылуы
мүмкiн.
3. Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы
қорытындысы жеткiлiктi түрде негiзделмеген
не оның қорытындылары күмән тудырған,
не сараптама жүргiзудiң iс жүргiзу нормалары
елеулi бұзылған кезде дәл сол объектiлердi
зерттеу және дәл сол мәселелердi шешу
үшiн тағайындалады.
4. Қайталама сараптама тағайындау туралы
ұйғарымда алдыңғы сараптаманың нәтижелерiне
келiспеудiң дәлелдерi келтiрiлуге тиiс.
5. Қайталама сараптама жүргiзу сарапшылар
комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы
жүргiзген сарапшылар қайталама сараптама
жүргiзiлген кезде қатысып, комиссияға
түсiнiктемелер бере алады, алайда олар
сараптамалық зерттеуге және қорытынды
жасауға қатыспайды.
6. Қосымша және қайталама сараптама жүргiзу
тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға)
алдыңғы сараптамалардың қорытындылары
табыс етiлуге тиiс.
7. Егер екiншi немесе ретi бойынша келесi
сараптама бiрнеше негiздер бойынша тағайындалып,
олардың бiрi - қосымша, ал басқалары қайталама
сараптамаға жататын болса, мұндай сараптама
қайталама сараптама жүргiзу ережелерi
бойынша жүргiзiледi.
Ескерту. 98-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
98-1-бап. Сарапшыдан жауап алу
1. Сарапшыдан жауап алу, егер
сарапшының қорытындысы
2. Сарапшыдан тiрi адамдарға қатысты сот-психиатриялық,
сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргiзуге
байланысты оған белгiлi болған, оның қорытындысына
қатысты емес мән-жайлар бойынша жауап
алуға болмайды.
3. Өтiнiшi бойынша сараптама тағайындалған
тарап сарапшыдан бiрiншi болып жауап алады.
4. Егер сараптама тараптар арасындағы
келiсiм бойынша немесе соттың бастамасы
бойынша жүргiзiлсе, сарапшыға бiрiншi болып
талапкер, содан кейiн жауапкер сұрақтар
қояды.
5. Сот жауап алудың кез келген сәтiнде
сарапшыға сұрақ қоюға құқылы.
Ескерту. Кодекс
98-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
99-бап. Маманды iс
жүргiзу әрекеттерiне
қатыстыруға тарту
1. Сот ғылыми-техникалық
Сот тараптың өтiнiшi бойынша да мамандарды
тартуға құқылы. Iске қатысатын адамдар
арнаулы бiлiмi бар нақты адамды маман ретiнде
тарту туралы сотқа өтiнiш жасай алады.
2. Маманды тағайындау сот ұйғарымымен
ресiмделедi.
3. Маман ретiнде шақырылған адамның: өзiнiң
шақырылуы мақсатын бiлуге; егер арналуы
бiлiмi мен дағдысы болмаса, iс бойынша iс
жүргiзуге қатысудан бас тартуға; соттың
рұқсатымен iс жүргiзу әрекетiне қатысушыларға
сұрақтар беруге; iс жүргiзу әрекетiне қатысушылардың
назарын дәлелдемелердi жинауға, зерттеуге
және бағалауға жәрдем көрсету кезiнде,
ғылыми-техникалық құралдарды қолдану,
сараптама тағайындау үшiн материалдарды
дайындау кезiнде өзiнiң iс-әрекетiне байланысты
мән-жайларға аударуға; өзi қатысқан iс
жүргiзу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ
сот отырысы хаттамасының тиiстi бөлiгiмен
танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген
әрекеттердiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлуiнiң
толымдығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға
енгiзiлуге тиiстi мәлiмдемелер мен ескертпелер
жасауға; соттың iс-әрекетiне шағым жасауға;
өзiнiң iс жүргiзу әрекеттерiне қатысуға
байланысты өзiне келтiрiлген шығындарға
өтем және iс бойынша iс жүргiзуге қатысу
оның қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiне
кiрмейтiн болса, орындалған жұмыс үшiн
сыйақы алуға құқығы бар.
4. Маман болып тағайындалған адам: соттың
шақыруы бойынша келуге; арнаулы бiлiмдi,
дағдылар мен ғылыми-техникалық құралдарды
пайдалана отырып, iс жүргiзу әрекеттерiн
жүргiзуге және сот iсiн қарауға қатысуға;
консультациялар беруге, өзi орындаған
әрекеттер бойынша түсiнiктемелер беруге
мiндеттi.
Ескерту. 99-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.07.04 N 151 Заңымен.
8-тарау. Сот шығындары
100-бап. Сот шығындары ұғымы және олардың құрамы
Сот шығындары мемлекеттiк баж бен iс жүргiзуге байланысты шығындардан тұрады.
101-бап. Мемлекеттiк баж
Мемлекеттiк бажды төлеудiң
тәртiбi мен мөлшерi Қазақстан Республикасының
Ескерту. 101-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.12.24 N 276 Заңымен .
102-бап. Талап қою бағасы
1. Талап қою бағасы:
1) ақша қаражатын өндiрiп алу туралы талап
қоюларда - өндiрiлетiн сомамен;
2) мүлiктi талап ету туралы талап қоюларда
- талап ету кезiнде мүлiктiң тұрған жерiнде
нарық бағасы бойынша анықталатын, табылған
мүлiктiң құнымен;
3) алименттер өндiрiп алу туралы талап
қоюларда - бiр жыл iшiндегi төлемдердiң
жиынтығымен;
4) мерзiмдi төлемдер мен оларды беру туралы
талап қоюларда - барлық төлемдер мен берулердiң
жиынтығымен, бiрақ үш жылдан аспайтын
жиынтығымен;
5) мерзiмсiз және өмiр бойы төлемдер мен
берулер туралы талап қоюларда - үш жыл
iшiндегi төлемдер мен берулердiң жиынтығымен;
6) төлемдердi немесе берулердi азайту
немесе көбейту туралы талап қоюларда
- өтiнушi азайтуға немесе көбейтуге үмiт
артатын жалпы сомамен, бiрақ бiр жылдан
аспайтын сомамен;
7) төлемдер мен берулердi тоқтату туралы
талап қоюларда - қалған төлемдер мен берулердiң
жиынтығымен, бiрақ бiр жылдан аспайтын
жиынтығымен;
8) мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартын мерзiмiнен
бұрын бұзу туралы талап қоюларда - шарттың
(келiсiм-шарттың) қолданылуының қалған
мерзiмiнде мүлiктi пайдаланғаны үшiн төленетiн
төлемдердiң жиынтығымен, бiрақ үш жылдан
аспайтын жиынтығымен;
9) азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесiлi
құрылыстарға меншiк құқығы туралы талап
қоюларда - талап қою жасалған күнгi құрылыс
тұрған жердегi нарық бағасы бойынша белгiленген
құрылыс құнымен айқындалады, бiрақ ол
түгендеу бағасынан кем болмауға, немесе
ол болмаған кезде - сақтандыру шарты бойынша
бағалаудан төмен болмауға, ал ұйымдарға
тиесiлi құрылыстар үшiн құрылыстың баланстық
бағасынан төмен болмауға тиiс бағасымен;
10) бiрнеше дербес талаптардан тұратын
талап қоюларда - барлық талаптардың ортақ
сомасымен айқындалады.
2. Талап қоюдың бағасын талап қоюшы көрсетедi.
Көрсетiлген бағаның табылған мүлiктiң
шын мәнiндегi бағасына анық сәйкес келмеген
жағдайда талап қою бағасын талап арызын
қабылдау кезiнде судья айқындайды.
103-бап. Мемлекеттiк бажды қосымша төлеу
1. Талап қою кезiнде оның
2. Iстi қарау кезiнде талап қою мөлшерi
ұлғайған жағдайда, баждың жетiспейтiн
сомасын талап қоюшы талаптың көбейген
бағасына сәйкес қосымша төлейдi.
104-бап. Мемлекеттiк баж төлеуден босату
1. Мемлекеттiк баж төлеуден босату
Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген
негiздер бойынша жүзеге асырылады.
2. <*>
3. Осы Кодекстiң 55, 56-баптарында аталған
адамдар өздерi қойған талаптан бас тартқан
жағдайда мүддесiнде осы талап қойылған
талапкер, егер ол талапты қарауды талап
етсе және мемлекеттiк бажды төлеуден
босатылмаса, жалпы тәртiппен мемлекеттiк
бажды төлеуге мiндеттi.
Ескерту. 104-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.12.24 N 276, 2004.12.13 N 11 (күшiне ену тәртiбiн
2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
105-бап. <*>
Ескерту. 105-бап алып тасталды - ҚР 2004.12.13 N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
106-бап. Мемлекеттiк бажды қайтару
Мемлекеттiк бажды қайтару
тәртiбi Қазақстан Республикасының
Салық кодексiнде айқындалады.
Ескерту. 106-бап жаңа
редакцияда - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен
107-бап. Iс бойынша
iс жүргiзуге байланысты
Iс бойынша iс жүргiзуге байланысты
1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға
төленуге тиiстi сомалар;
2) сол жерде қарау жүргiзiлуге байланысты
шығындар;
3) заттай дәлелдемелердi сақтауға байланысты
шағындар;
4) жауапкердi iздестiру жөнiндегi шығындар;
5) iс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға
байланысты шығындар;
6) тараптарға хабарлау және оларды сотқа
шақыру жөнiндегi шығындар;
7) тараптар мен үшiншi тұлғалардың жолақысы
және олардың сотқа келуiне байланысты
шеккен тұрғын жайды жалға алу жөнiндегi
шығындар;
8) өкiлдердiң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi
шығындар;
9) соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдарын
және қаулыларын орындауға байланысты
шығындар;
10) сот қажет деп таныған өзге де шығындар
жатады.
108-бап. Куәларға,
сарапшыларға, мамандарға және
аудармашыларға төленуге
тиiстi сомалар
1. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға
және аудармашыларға сотқа
2. Куә ретiнде сотқа шақырылған жұмыс
iстейтiн адамдарға сотқа келуге байланысты
олардың болмаған уақыты үшiн жұмыс iстейтiн
жерi бойынша орташа жалақысы сақталады.
Еңбек қатынастарында тұрмаған куәлар
өздерiн әдеттегi айналысып жүрген iстерiнен
алаңдатқаны үшiн iс жүзiндегi уақыт шығындары
ескерiлiп және заңда белгiленген бiр айлық
жалақының ең төменгi мөлшерi негiзге алына
отырып, өтемақы алады.
3. Сарапшылар мен мамандар, егер бұл жұмыс
олардың қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiне
кiрмейтiн болса, соттың тапсырмасы бойынша
өздерi орындаған жұмыс үшiн сыйақы алады.
Сыйақының мөлшерiн тараптармен келiсiм
бойынша сот анықтайды.
4. Сот сараптамасы органдары жүргiзген
сараптаманың ақысын төлеу Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге
асырылады.
5. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға
сомаларды, сондай-ақ сот сараптамасы
органы жүргiзген сараптамаға ақыны тиiстi
өтiнiш берген тарап төлейдi. Егер аталған
өтiнiштi екi тарап берсе немесе куәнi шақырту,
сараптаманы тағайындау, маманды тарту
соттың бастамасы бойынша жүргiзiлсе, талап
етiлiп отырған соманы тараптар тең бөлiп
төлейдi.
6. Егер бұл жұмыс сарапшылар мен мамандардың
қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмесе,
соттың тапсырмасы бойынша iстеген жұмыстары
үшiн оларға төленуге тиесiлi сомаларды
тиiстi өтiнiш жасаған тарап сот депозитiне
алдын ала төлеп қояды. Сыйақының мөлшерiн
тараптармен келiсiм бойынша сот белгiлейдi.
7. Сот сараптамасы органы сараптама жүргiзгенi
үшiн төленуге тиiс сомаларды тиiстi өтiнiш
жасаған тарап, не өзiне сот осындай мiндеттеме
жүктеген тарап алдын ала төлеу нысанында
тиiстi бюджетке енгiзедi.
8. Бiр немесе екi тарап шығындарды төлеуден
босатылған жағдайда сарапшылар мен мамандарға
тиесiлi сомаларды төлеу республикалық
бюджеттiң есебiнен жүргiзiледi.
Ескерту. 108-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
109-бап. Куәларға,
сарапшыларға, мамандарға және
аудармашыларға тиесiлi
сомаларды төлеу
1. Куәларға, сарапшыларға және
мамандарға тиесiлi сомаларды олар
өз мiндеттерiн орындағаннан
2. Аудармашыларға тиесiлi сомаларды төлеу
республикалық бюджеттiң есебiнен жүргiзiледi.
Сыйақының мөлшерiн тиiстi еңбекке ақы
төлеудiң қолданылып жүрген нормаларын
негiзге ала отырып сот белгiлейдi.
Ескерту. 109-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
110-бап. Сот шығындарын
тараптардың арасында бөлу
1. Пайдасына шешiм шығарылған
тарапқа, бұл тарап сот шығындарын
2. <*>
3. Егер жоғары сатыдағы сот iстi жаңадан
қарауға берместен шығарылған шешiмдi
өзгертсе немесе жаңа шешiм шығарса, ол
тиiсiнше сот шығыстарын бөлудi де өзгертедi.
Ескерту. 110-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.
111-бап. Өкiлдiң
көмегiне ақы төлеу жөнiндегi
шығындарды өтеу
1. Пайдасына шешiм шығарылған
тарапқа сот процеске қатысушы
өкiлдiң көмегiне ақы төлеу жөн
2. Егер адвокат заң көмегiн тарапқа судьяның
(соттың) ұйғарымы негiзiнде тегiн көрсетсе,
сот осы бапта көрсетiлген шығыстарды
заң көмегiн тегiн көрсеткен адвокаттың
пайдасына өндiрiп бередi.
Ескерту. 111-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
112-бап. Уақыт ысырабынан
келтiрiлген залалдарды
өндiрiп алу
Көрiнеу терiс пиғылымен
113-бап. Талап қоюдан
бас тарту, бiтiмгершiлiк келiсiмi
немесе дауды медиация
тәртiбiмен реттеу туралы
келiсiм кезiнде сот
шығындарын бөлу
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Талап қоюшы талап қоюдан
бас тартқан кезде оның
2. Егер тараптар бiтiмгершiлiк келiсiмiн
немесе дауды медиация тәртiбiмен реттеу
туралы келiсiмдi жасау кезiнде сот шығындары
мен өкiлдiң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi
шығындарды бөлу тәртiбiн көздемесе, сот
бұл мәселелердi осы Кодекстiң 111, 115-баптарында
жазылған ережелерге лайықтап шешедi.
Ескерту. 113-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
114-бап. Азаматтарға тегiн заң көмегiн көрсету
1. Iстi сотта қарауға дайындау
кезiнде судья немесе iстi қарау кезiнде
сот азаматтың мүлiктiк жағдайын негiзге
ала отырып, оны заң көмегiне ақы төлеуден
және өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды
өтеуден толық немесе iшiнара босатуға
және оларды бюджет қаражатының есебiне
жатқызуға құқылы. Судья (сот) адамды оның
өтiнiшi бойынша заң көмегiне ақы төлеуден
және өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды
өтеуден толық немесе iшiнара босатуға
және оларды заңда көзделген мынадай жағдайларда:
1) асыраушының өлiмiмен, мертiгуiмен немесе
өзге де жұмыспен байланысты бүлiнген
денсаулықтан келтiрiлген зиянның орнын
толтыру туралы дауларды қарау кезiнде;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
оларға теңестiрiлгендер, мерзiмдi қызметтiң
әскери қызметшiлерi, I және II топтағы мүгедектер,
жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын
талап қоюшылар мен жауапкерлер үшiн кәсiпкерлiк
қызметке байланысты емес дауларды қарау
кезiнде бюджет қаражатының есебiне жатқызуға
мiндеттi.
2. Адвокат көрсеткен заң көмегiне ақы
төлеу және өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды
өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен және мөлшерде жүзеге
асырылады.
3. Азаматтың заң көмегiне ақы төлеуден
және өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды
өтеуден босату туралы өтiнiшiне заң көмегiн
тегiн алуға құқығын растайтын құжаттар
мен басқа да дәлелдемелер қоса тiркелуге
тиiс.
4. Өтiнiштi қарау нәтижесi бойынша азаматты
заң көмегiне ақы төлеуден және өкiлдiк
етуге байланысты шығыстарды өтеуден
толық немесе iшiнара босату туралы не
өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы
судья немесе сот дәлелденген ұйғарым
шығарады.
5. Азаматты заң көмегiне ақы төлеуден
және өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды
өтеуден толық немесе iшiнара босату туралы
соттың немесе судьяның ұйғарымы сот белгiлеген
мерзiмде адвокаттың сотқа қатысуын қамтамасыз
етуге мiндеттi адвокаттардың кәсiби ұйымына
дереу жiберiледi.
Ескерту. 114-бап жаңа
редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
115-бап. Тараптарға сот шығындарын өтеу
1. Осы Кодексте көзделген
2. Мүлiктi тыйым салудан босату туралы
талап қою қанағаттандырылған жағдайда
талап қоюшыға ол жұмсаған сот шығындары
республикалық бюджеттiң қаражатынан
өтеледi.
116-бап. Сот шығындарын мемлекетке өтеу
1. Төлеуден талап қоюшы
2. Талап қоюдан бас тартылған жағдайда
iс бойынша iс жүргiзуге байланысты шығындар
сот шығындарын төлеуден босатылмаған
талап қоюшыдан мемлекет кiрiсiне өндiрiлiп
алынады.
3. Егер талап қою iшiнара қанағаттандырылса,
ал жауапкер сот шығындарын төлеуден босатылса,
iс бойынша iс жүргiзiлуге байланысты шығындар
мемлекеттiң кiрiсiне сот шығыстарын өтеуден
босатылмаған талап қоюшыдан талап қою
талаптарының қанағаттандырылудан бас
тартылған бөлiгiне бара-бар өндiрiлiп алынады.
4. Егер екi тарап та сот шығындарын төлеуден
босатылса, iс бойынша iс жүргiзуге байланысты
шығындар республикалық бюджеттiң есебiне
жатқызылады.
5. Өзiне тиесiлi төлемдердi төлеуден жалтарған
адамға iздеу жарияланған жағдайда iздеудi
жүргiзу жөнiндегi шығындар сол адамнан
мемлекет кiрiсiне өндiрiлiп алынады.
117-бап. Сот шығындарына
байланысты мәселелер
жөнiндегi ұйғарымдарға
шағым беру және
наразылық келтiру
Сот шығындарына байланысты мәселелер жөнiндегi ұйғарымға жекеше шағым берiлуi және наразылық келтiрiлуi мүмкiн.
9-тарау. Сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiргенi
үшiн мәжбүрлеу
және жауаптылық шаралары
Ескерту. 9-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
118-бап. Сотқа құрметтемеушiлiк
бiлдiргенi үшiн мәжбүрлеу
шаралары
1. Соттың iске қатысушы тұлғаларға,
процестiң басқа да
2. Сот мәжбүрлеу шаралары ретiнде ерiксiз
келтiрудi, сот залынан шығарып жiберудi
қолданады.
119-бап. Ерiксiз келтiру
1. Ерiксiз келтiру – бұл жауапкердi,
куәнi, сарапшыны, маманды және аудармашыны
олар сотқа келуден дәлелдi себептерсiз
жалтарған жағдайда, сотқа мәжбүрлеп әкелу.
2. Ерiксiз келтiрудi сот ұйғарымы бойынша
сот приставтары немесе iшкi iстер органдары
жүзеге асырады.
120-бап. Сот залынан шығарып жiберу
Сот отырысында тәртiп бұзушыларға сот осы Кодекстiң 179-бабында көзделген жағдайларда және тәртiппен сот залынан шығарып жiберудi қолданады.
121-бап. Сотқа құрметтемеушiлiк
бiлдiргенi үшiн
жауаптылық шаралары
1. Сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiргенi
үшiн жауаптылық шараларын сот барлық
адамдардың сот алдында теңдiгiнiң конституциялық
принципiн және сот төрелiгi мiндеттерiн
iске асыру мақсатында қолданады.
2. Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы кодексiнiң 513-бабында көзделген
iс-әрекеттердi (әрекетсiздiктi) жасағаны
үшiн бұған кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң
648-бабының 1-1-бөлiгiнде көзделген тәртiппен
әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады.
3. Егер сот отырысында тәртiп бұзушының
iс-әрекеттерiнде қылмыс белгiлерi болса,
сот тәртiп бұзушыға қатысты қылмыстық
iс қозғау мәселесiн шешу үшiн материалдарды
прокурорға жiбередi.
122-бап. Сотқа құрметтемеушiлiк
бiлдiргенi үшiн мәжбүрлеу
және жауаптылық шараларын
қолдану. Оларға
шағымдану және наразылық
беру тәртiбi
1. Заңға қарсы жасалған iс-әрекет
(әрекетсiздiк) үшiн бiр ғана мәжбүрлеу
шарасы және (немесе) бiр ғана жауаптылық түрi қолданылады.
2. Соттың мәжбүрлеу шараларын қолдану
туралы ұйғарымына (қаулысына) жеке шағым
берiлуi және наразылық келтiрiлуi мүмкiн.
10-тарау. Iс жүргiзу мерзiмдерi
123-бап. Iс жүргiзу әрекеттерiн жасау мерзiмдерi
1. Iс жүргiзу әрекеттерi заңда белгiленген
мерзiмдерде жасалады.
2. Егер iс жүргiзу әрекеттерiн жасауға
арналған мерзiм заңда белгiленбеген жағдайда,
оны сот тағайындайды.
124-бап. Iс жүргiзу мерзiмдерiн есептеу
1. Iс жүргiзу әрекеттерiн жасауға арналған мерзiмдер сөзсiз болуға
тиiс оқиға көрсетiле отырып, дәлме-дәл
күнтiзбелiк күнмен немесе жылдармен, айлармен
немесе күндермен есептелетiн уақыт кезеңiмен
белгiленедi. Соңғы жағдайда әрекет бүкiл
кезеңнiң iшiнде жасалуы мүмкiн.
2. Кезеңмен есептелетiн iс жүргiзу мерзiмiнiң
ағымы оның басталуы белгiленген күнтiзбелiк
күннен немесе оқиға болған күннен кейiнгi
күнi басталады.
125-бап. Iс жүргiзу мерзiмдерiнiң аяқталуы
1. Жылдармен есептелетiн мерзiм
сол мерзiмiнiң соңғы жылының тиiстi
айында және күнiнде бiтедi. Айлармен есептелетiн
мерзiм сол мерзiмiнiң соңғы айының тиiстi
ай мен күнiнде бiтедi. Егер айлармен есептелетiн
мерзiмнiң соңы тиiстi күнi жоқ айға сәйкес
келсе, мерзiм осы айдың соңғы күнiнде бiтедi.
Күндермен есептелетiн мерзiм белгiленген
кезеңнiң соңғы күнi бiтедi. Мерзiмнiң соңғы
күнi демалыс күнiне тап келген жағдайда
мерзiмнiң аяқталатын күнi одан кейiнгi
жұмыс күнi болып есептеледi.
2. Жасалуына мерзiм белгiленген iс жүргiзу
әрекетi мерзiмнiң соңғы күнiне жиырма төрт
сағат қалғанға дейiн орындалуы мүмкiн.
Егер шағым, құжаттар не ақша сомалары
мерзiмнiң соңғы күнiне жиырма төрт сағат
қалғанға дейiн почтаға, телеграфқа тапсырса
немесе байланыстың өзге де құралдары
бойынша берiлсе, мерзiм өтiп кеткен болып
есептелмейдi.
3. Егер iс жүргiзу әрекетi тiкелей сотта
немесе басқа ұйымда жасалуы тиiс болса;
белгiленген ереже бойынша бұл ұйымдарда
жұмыс аяқталатын немесе тиiстi операциялар
тоқтатылатын сағатта мерзiм бiтедi.
126-бап. Iс жүргiзу мерзiмдерiн өткiзiп алу салдары
1. Iс жүргiзу әрекеттерiн жасау
құқығы заңда белгiленген
2. Iс жүргiзу мерзiмдерiнiң бiтуi iс жүргiзу
мiндеттерiн орындаудан босатпайды.
127-бап. Iс жүргiзу мерзiмдерiн тоқтата тұру
1. Барлық аяқталмаған iс жүргiзу мерзiмдерiнiң
ағымы iс жүргiзудi тоқтата тұрумен тоқтатыла
тұрады. Мерзiмдердi тоқтата тұру iс жүргiзудi
тоқтата тұру үшiн негiз болған мән-жайлар
туындаған уақыттан басталады.
2. Iс жүргiзу қайта басталған күннен бастап
iс жүргiзу мерзiмдерiнiң ағымы жалғасады.
128-бап. Iс жүргiзу мерзiмдерiн
ұзарту және
қалпына келтiру
1. Сот тағайындаған мерзiмдердi
сот ұзарта алады.
2. Егер заңмен белгiленген мерзiмдердi
өткiзiп алу себептерiн сот дәлелдi деп
таныса, сот оларды қалпына келтiруi мүмкiн.
Егер мерзiмдi қалпына келтiру туралы арыз
шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан
кешiктiрiлмей берiлсе, сот апелляциялық
шағым беру мерзiмiн қалпына келтiруi мүмкiн.
3. Өткiзiлiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру
туралы өтiнiш iс жүргiзу әрекеттерiн жасауға
тиiстi болатын сотқа берiледi. Сот бұл өтiнiштi
мәселенiң қаралатын орны мен уақыты хабарланатын
iске қатысушы адамдардың қатысуымен қарайды,
алайда олардың келмей қалуы соттың алдына
қойылған мәселенi шешу үшiн кедергi болып
табылмайды.
4. Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш
берумен қатар ол бойынша мерзiмi өткiзiлiп
алынған қажеттi iс жүргiзу әрекеттерi жасалуға
(құқық қорғау туралы талап қойылуға, шағым
берiлуге, құжаттар табыс етiлуге және
т.б.) тиiс.
РҚАО-ның ескертпесi!
128-бапты 4-1-тармақпен толықтыру
көзделген - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
5. Соттың өткiзiлiп алынған iс жүргiзу мерзiмiн
ұзартудан және қалпына келтiруден бас
тарту туралы ұйғарымына жеке шағым берiлуi
және наразылық келтiрiлуi мүмкiн.
Ескерту. 128-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
11-тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары
129-бап. Соттың хабарлаулары мен шақырулары
1. Сотқа қатысушы адамдар, олардың
өкiлдерi, сондай-ақ куәлар, сарапшылар,
мамандар және аудармашылар
РҚАО-ның ескертпесi!
2-тармақ жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
2. Қажет болған жағдайда, iске қатысушы
адамдар, сондай-ақ куәлар, сарапшылар,
мамандар және аудармашылар хабарландырылуы
немесе тапсырылғаны туралы хабарлай
отырып, тапсырыстық хат, телефонаграмма
немесе жеделхат арқылы, сондай-ақ хабарлау
мен шақырудың жасалуын қамтамасыз ететiн
өзге де байланыс құралдарын пайдалану
арқылы хабарландырылуы немесе шақырылуы
мүмкiн.
3. Хабарлаулар мен шақырулар хабарландырылған
немесе шақырылған адамның сотқа уақтылы
келуi және iске даярлануы үшiн жеткiлiктi
мерзiмi болуы есептеле отырып жолдануға
тиiс.
РҚАО-ның ескертпесi!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
4. Хабарлау немесе шақыру хабарландырылатын
немесе шақырылатын адамға тарап немесе
iске қатысатын басқа да адам көрсеткен
мекен-жай бойынша жолданады. Егер сотқа
хабарланған мекен-жайда азамат iс жүзiнде
тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру
оның жұмыс орнына жолдануы мүмкiн. Ұйымға
арналған хабарлау немесе шақыру оның
орналасқан жерiне жiберiледi.
130-бап. Шақыру
қағазының немесе өзге де хабарлаудың,
шақырудың мазмұны
1. Шақыру қағазында немесе өзге
де хабарлауда, шақыруда мыналар
болуға тиiс:
1) сотқа хабарланатын немесе шақырылатын
адамды көрсету (тегi, аты, әкесiнiң аты
және олар жолданатын адамның тұрғылықты
жерi не ұйымның атауы мен орналасқан жерi);
2) соттың атауы мен нақты мекен-жайы;
3) келетiн жерi мен уақыты;
4) адресатқа хабарлау немесе оны шақыру
жүргiзiлетiн iстiң атауы;
5) адресат кiм ретiнде хабарланып немесе
шақырылып отырғандығын көрсету;
6) iске қатысушы тұлғаларға iс бойынша
оларда бар барлық дәлелдемелердi табыс
етудi ұсыну;
7) адресаттың болмауына байланысты шақыру
қағазын немесе өзге де хабарламаны, шақыруды
алған адамның оны алғашқы мүмкiндiк болған
кезде адресатқа тапсыруға мiндеттiлiгiн
көрсету;
8) хабарланатын немесе шақырылатын адамның
сотқа келмей қалу салдарын және оның
келмеу себебiн сотқа хабарлауға мiндеттi
екенiн көрсету;
9) шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды,
шақыруды жiберушi адамның қолы. Хабарлау
немесе шақыру туралы телефонограмма
жiберген адам оны кiмге және қай уақытта
бергендiгiн көрсете отырып өзiнiң қол қоюымен
куәландыруы тиiс.
2. Шақыру қағазымен бiрге судья жауапкерге
талап арыздың көшiрмесi мен арызға қоса
берiлген құжаттардың көшiрмесiн жiбередi.
Талап қоюшыға жiберетiн шақыру қағазымен
бiрге судья жауапкердiң жазбаша түсiнiктемелерiнiң
көшiрмесiн және оған қоса, егер олар сотқа
түскен болса, оларға қоса тiркелген құжаттардың
көшiрмесiн жiбередi.
РҚАО-ның ескертпесi!
130-бапты 3-тармақпен толықтыру
көзделген - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
131-бап. Шақыру қағазын жеткiзу
1. Шақыру қағаздары хабардар
етiлiп, тапсырысты хатпен почта арқылы
жеткiзiледi немесе мұны судья тапсырған
адамдар жеткiзедi. Шақыру қағазын адресатқа
тапсыру уақыты шақыру қағазының сотқа
қайтарылуға тиiстi түбiршегiнде белгiленедi.
2. Сот iске қатысушы адамның келiсiмiмен
оның қолына хабарланатын немесе iс бойынша
шақырылатын адамға тапсыру үшiн шақыру
қағазын беруi мүмкiн.
3. Шақыру қағазын жеткiзу тапсырылған
адам оны тапсырған күнi көрсетiлген және
адресаттың шақыру қағазын алғандығы
жөнiнде қолы қойылған шақыру қағазының
түбiршегiн сотқа қайтаруға мiндеттi.
132-бап. Шақыру қағазын тапсыру
1. Шақыру қағазы жiберiлген
2. Егер шақыру қағазын жеткiзушi адам iс
бойынша хабарланатын немесе шақырылатын
азаматты тұрғылықты жерiнен немесе жұмысынан
таба алмаса, онда шақыру қағазы олардың
келiсiмiмен - онымен бiрге тұратын отбасының
ересек мүшелерiнiң бiрiне, ал олар болмаған
жағдайда тұрғын үй-пайдалану ұйымына,
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына немесе
адресаттың тұрғылықты жерi бойынша тиiстi
атқарушы органға немесе оның жұмыс орнындағы
әкiмшiлiкке тапсырылады. Бұл жағдайларда
шақыру қағазын қабылдап алған адам шақыру
қағазының түбiршегiне өзiнiң тегiн, атын,
әкесiнiң атын, сондай-ақ адресатқа қатыстылығын
немесе атқаратын қызметiн көрсетуге мiндеттi.
Шақыру қағазын қабылдап алған адам мүмкiндiгiнше
кiдiртпей шақыру қағазын адресатқа тапсыруға
мiндеттi.
3. Адресат уақытша болмаған жағдайда,
шақыру қағазын жеткiзушi адам шақыру қағазының
түбiршегiне адресаттың қайда кеткендiгiн
және оның қашан қайтып келуi мүмкiн екендiгiн
белгiлейдi. Бұл мәлiметтердi - тұрғын үй-пайдалану
ұйымы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы
немесе адресаттың тұрғылықты жерi бойынша
тиiстi атқарушы орган немесе оның жұмыс
орны бойынша әкiмшiлiк, ал оларда бұл мәлiметтер
болмаған жағдайда онымен бiрге тұратын
отбасының ересек мүшелерiнiң бiрi растауға
және куәландыруға тиiс.
133-бап. Шақыру
қағазын немесе өзге
шақыруды қабылдаудан
бас тартудың салдары
1. Адресат шақыру қағазын немесе өзге
хабарлауды, шақыруды қабылдаудан бас
тартқан жағдайда оны жеткiзушi немесе
табыс етушi адам сотқа қайтарылатын шақыру
қағазына немесе хабарлауға, шақыруға
тиiстi белгi соғады. Адресаттың шақыру
қағазын немесе хабарлауды, шақыруды қабылдаудан
бас тартуы туралы белгiнi тұрғын үй-пайдалану
ұйымы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы
немесе шақырылған адамның тұрғылықты
жерi бойынша тиiстi атқарушы орган немесе
оның жұмыс орны бойынша әкiмшiлiк куәландырады.
2. Шақырылған адамның шақыру қағазынан
немесе өзге де хабарлаудан, шақырудан
бас тартуы iстi қарауға немесе жасалған
жекелеген iс жүргiзу әрекеттерiн жасауға
кедергi болмайды.
РҚАО-ның ескертпесi!
134-бап жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
134-бап. Iс бойынша
iс жүргiзу кезiнде
мекен-жайдың ауысуы
Iске қатысатын адамдар мен олардың өкiлдерi iс бойынша iс жүргiзген уақытта сотқа өз мекен-жайының ауысқаны туралы хабарлауға мiндеттi. Мұндай хабарлау болмаған жағдайда шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау, шақыру сотқа белгiлi соңғы мекен-жай бойынша жiберiледi және адресат бұл мекен-жай бойынша ендiгi жерде тұрмаса да жеткiзiлдi деп есептеледi.
135-бап. Жауапкер
болған жердiң белгiсiздiгi және
оны iздестiру
1. Жауапкердiң iс жүзiнде болған
жерi белгiсiз болған жағдайда
тұрғын үй-пайдалану ұйымының, жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органының, немесе
жауапкердiң соңғы белгiлi тұрғылықты
жерi бойынша тиiстi атқарушы органның немесе оның соңғы
белгiлi жұмыс орны бойынша әкiмшiлiктiң
шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды,
шақыруды алғанын куәландыратын жазбамен
олар сотқа келiп түскеннен кейiн сот iстi
қарауға кiрiседi.
2. Мемлекет мүдделерiне орай, сондай-ақ
алименттердi өндiрiп алу, асыраушысының
жарақат алуымен немесе денсаулықтың
өзгедей зақымдануымен немесе қайтыс
болуымен келтiрiлген зиянды өтеу туралы
талап қою бойынша жауапкердiң болған
жерi белгiсiз болған жағдайда сот жауапкердi
iшкi iстер органдары немесе қаржы полициясы
арқылы iздестiру жариялауға мiндеттi. Соттың
жауапкердi iздестiрудi жариялауы iстi қарауға
кедергi болмайды.
Iздестiру шаралары барысында жауапкердiң
жүрген жерi анықталған кезде оған сотқа
шақыру туралы соттың шақыру қағазы табыс
етiледi.
3. Жауапкердi iздестiру жөнiндегi шығындарды
өндiрiп алу iшкi iстер органының немесе
қаржы полициясының мәлiмдеуi бойынша
сот бұйрығын беру жолымен жүргiзiледi.
Ескерту. 135-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
12-тарау. Заңды
тұлғалар, заңды тұлға құрмай
кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыратын
азаматтар болып табылатын
тараптардың мүлiктiк
дауларды сотқа дейiнгi реттеуi
Ескерту. 12-тарау алып тасталды - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
2-бөлiм. Бiрiншi сатыдағы сотта iс жүргiзу
1-бөлiмше. Бұйрық арқылы iс жүргiзу
13-тарау. Бұйрық арқылы iс жүргiзу
139-бап. Сот бұйрығының негiзiнде берешектi өндiрiп алу
1. Сот бұйрығы өндiрiп алушының
ақшалай сомаларды өндiрiп алу
немесе мүлiктi борышкердi немесе өндiрiп
алушыны олардың түсiндiрмелерiн тыңдау
үшiн шақырмай-ақ және сотта iс қарамай-ақ,
даусыз талаптар бойынша борышкерден
талап ету туралы арызы бойынша шығарылған
судьяның актiсi болып табылады.
2. Сот бұйрығының мазмұны осы Кодекстiң
146-бабымен белгiленедi.
3. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күшi
болады. Ол бойынша өндiрiп алу бұйрық берiлгеннен
кейiн және сот шешiмдерiн атқару үшiн белгiленген тәртiпте
Ескерту. 139-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2000.07.05 N 75 Заңымен .
140-бап. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар
Сот бұйрығы:
1) егер талап нотариатта куәландырылған
мәмiлеге негiзделсе;
2) егер талап жазбаша мәмiлеге негiзделсе
және оны жауапкер таныса;
3) егер талап төленбеген вексельге, акцептiң
болмауына және нотариус жасаған акцептiң
күнi белгiленбеуiне бiлдiрiлген наразылыққа
негiзделсе;
4) егер әкелiктiң белгiленуiне немесе үшiншi
тұлғаларды тарту қажеттiгiне қатысы жоқ,
кәмелетке толмаған балалар үшiн алименттердi
өндiрiп алу туралы талап мәлiмделген болса;
5) егер азаматтардан және заңды тұлғалардан
салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер бойынша
бересiнi өндiрiп алу туралы талап мәлiмделген
болса;
6) егер қызметкерге аударылған, бiрақ
төленбеген жалақы мен өзге де төлемдердi
өндiрiп алу туралы талап мәлiмделген болса;
7) егер жауапкердi немесе борышкердi iздестiру
жөнiндегi шығындарды өндiрiп алу туралы
талаптарды iшкi iстер органдары немесе
қаржы полициясы мәлiмдеген болса;
7-1) егер Қазақстан Республикасының заң
актiлерiне сәйкес лизинг нысанасын даусыз
талап ету туралы талап мәлiмделген болса;
8) алып тасталды;
9) алып тасталды;
10) егер кепiл берушi-борышкерге кепiлге
салынған затынан өндiрiп алу туралы ломбардтың
талабы мәлiмдеген болса;
11) егер кондоминиум объектiсiнiң ортақ
мүлкiн күтiп-ұстауға арналған мiндеттi
шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жайлардың
(пәтерлердiң) меншiк иелерiнен берешектi
өндiрiп алу туралы талап мәлiмделген болса,
шығарылады.
Ескерту. 140-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2000.07.05 N 75, 2001.03.01 N 162, 2001.07.11 N 238, 2004.03.10 N 532, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
141-бап. Сот бұйрығын
шығару туралы арыздың
нысаны мен мазмұны
1. Сот бұйрығын шығару туралы
арыз осы Кодекстiң 3-тарауында
белгiленген соттылықтың жалпы
ережелерi бойынша сотқа берiледi.
2. Арыз жазбаша нысанда берiледi. Арызда:
1) арыз берiлетiн соттың атауы;
2) өндiрiп алушының аты, оның туған күнi,
айы, жылы, тұрғылықты жерi немесе тұрған
жерi, заңды тұлғаның реквизиттерi;
3) борышкердiң аты, оның туған күнi, айы,
жылы, тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi,
заңды тұлғаның реквизиттерi;
4) өндiрiп алушының талаптары және ол негiзделген
мән-жайлар;
5) мәлiм етiлген талаптарды растайын қоса
тiркелетiн құжаттардың тiзбесi көрсетiлуге
тиiс.
3. Мүлiк талап етiлген жағдайда арызда
осы мүлiктiң құны көрсетiлуге тиiс.
4. Арызға өндiрiп алушы немесе оның өкiлi
қол қояды. Өкiл беретiн арызға оның өкiлеттiгiн
куәландыратын құжат қоса тiркелуге тиiс.
Ескерту. 141-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2000.07.05 N 75, 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
142-бап. Мемлекеттiк баж
1. <*>
2. Арызды қабылдаудан бас тартылған жағдайда
өндiрiп алушы енгiзген мемлекеттiк баж
қайтарылады.
3. Сот бұйрығының күшi жойылған жағдайда
өндiрiп алушы енгiзген мемлекеттiк баж
қайтарылмайды.
4. Өндiрiп алушы борышкерге талап қою бойынша
iс жүргiзу тәртiбiмен талап қойған жағдайда
ол баждың төленуге тиiстi шотына есептеледi.
Ескерту. 142-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.12.24 N 276 Заңымен .
143-бап. Сот бұйрығын
шығару туралы арызды
қабылдаудан бас
тарту және қайтару негiздерi
1. Судья сот бұйрығын шығару
туралы арызды осу Кодекстiң 153,
154-баптарында көзделген
1) мәлiм етiлген талап осы Кодекстiң 140-бабымен
көзделмесе;
2) борышкер Қазақстан Республикасы соттарының
юрисдикциясы шегiнен тыс болса;
3) мәлiм етiлген талапты растайын құжаттар
табыс етiлмесе;
4) табыс етiлген құжаттар негiзiнде шешу
мүмкiн емес құқық туралы даулардың болуы
көзделсе;
5) арыздың нысаны мен мазмұны осы Кодекстiң
141-бабының талаптарына сай келмесе;
6) арызға мемлекеттiк баж төленбесе, қайтарады.
2. Судья сотқа арыз түскен күннен бастап
үш күн мерзiм iшiнде өтiнiштi қабылдаудан
бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
3. Арыз берушiнiң талап қою бойынша iс жүргiзу
тәртiбiмен осы талап бойынша талап арызды
қою мүмкiндiгiне өтiнiштi қабылдаудан бас
тарту кедергi келтiрмейдi.
144-бап. Арыздағы кемшiлiктердi жою
1. Судья сот бұйрығын шығару
туралы арызды қабылдауға және,
егер арыз осы Кодекстiң 141-бабының
талаптарына сай келмесе
2. Егер өндiрiп алушы судьяның нұсқауларына
сәйкес ол белгiлеген мерзiмде кемшiлiктердi
жойса, мемлекеттiк бажды төлесе, арыз
оны сотқа алғаш тапсырған күнi берiлген
деп есептеледi. Олай болмаған жағдайда
судья осы Кодекстiң 143-бабының екiншi бөлiгiне
сәйкес арызды қабылдаудан бас тарту туралы
ұйғарым шығарады.
145-бап. Сот бұйрығын шығарудың тәртiбi мен мерзiмi
Мәлiм етiлген талаптың мәнi бойынша сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн iшiнде судья сот бұйрығын шығарады.
146-бап. Сот бұйрығының мазмұны
РҚАО-ның ескертпесi!
1-тармаққа өзгерiс енгiзу көзделген
- ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
1. Сот бұйрығында:
1) жүргiзiлетiн iстiң нөмiрi және бұйрықтың
шығарылған күнi;
2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның
тегi және аты-жөнi;
3) өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң
аты (eгep ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетiлген болса), туған күнi, айы, жылы,
оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi,
оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi
туралы мәлiметтер мен салық төлеушiнiң
тiркеу нөмiрi немесе, егер өндiрiп алушы
заңды тұлға болып табылса, оның атауы,
нақты тұрған жерi не бiрыңғай Мемлекеттiк
тiркелiмнен мәлiметтер, банк реквизиттерi
мен сәйкестендiру нөмiрi;
4) борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты
(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетiлген болса), туған күнi, айы, жылы,
оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi,
оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi
туралы мәлiметтер, оның жұмыс орны туралы
мәлiметтер мен жұмыс орнының банк реквизиттерi
(eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда
көрсетiлген болса), оның банк реквизиттерi
мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (eгep сот
бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген
болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға
болып табылса, оның атауы, нақты тұрған
жерi не бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмнен
мәлiметтер (eгep сот бұйрығын шығару туралы
арызда көрсетiлген болса), банк реквизиттерi
мен сәйкестендiру нөмiрi;
5) талапты қанағаттандыруға негiз болған
заң
6) өндiрiп алынуға жататын ақша соммаларының
мөлшерi немесе оның құны көрсетiле отырып,
талап етiлуге жататын мүлiктiң белгiленуi;
7) егер оны өндiрiп алу заңмен немесе шартпен
көзделсе, тұрақсыздық айыбының мөлшерi;
РҚАО-ның ескертпесi!
8) тармақшаға өзгерiс енгiзу
көзделген - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
8) борышкерден өндiрiп алушының пайдасына
немесе жергiлiктi бюджетке өндiрiп алынуға
жататын мемлекеттiк баждың сомасы;
9) сот бұйрығына шағым берудiң мерзiмi
мен тәртiбi көрсетiледi.
2. Кәмелетке толмаған балаларға алимент
өндiрiп алу туралы сот бұйрығында осы
баптың 1) - 5), 8) тармақшаларында көзделген
мәлiметтерден басқа, борышкердiң туған
күнi мен туған жерi, оның жұмыс орны, оларды
күтiп-бағуға алимент алып берiлетiн әрбiр
баланың аты мен туған күнi, борышкерден
ай сайын өндiрiп алынатын төлемдердiң
мөлшерi және оны өндiрiп алудың мерзiмi
көрсетiледi.
3. Сот бұйрығына судья қол қояды.
Ескерту. 146-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2000.07.05 N 75, 2006.06.22 N 147, 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап күшiне
енедi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
147-бап. Борышкерге
сот бұйрығының көшiрмесiн
1. Сот бұйрық шығарғаннан кейiн
судья тапсыру туралы хабарлай
отырып, оның көшiрмесiн дереу
борышкерге жiбередi.
2. Борышкер сот бұйрығының көшiрмесiн
алған күннен бастап он күн мерзiмде байланыстың
кез келген құралдарын пайдалана отырып,
мәлiмделген талапқа келiспеген қарсылығын
бұйрық шығарған сотқа жiберуге құқылы.
148-бап. Сот бұйрығының күшiн жою
1. Егер борышкерден белгiленген
мерзiмде мәлiм етiлген
1-1. Егер борышкер болмаған жағдайда, құқықтары
мен мiндеттерi сот бұйрығымен қозғалған
тұлғадан шығарылған сот бұйрығының заң
талаптарына сәйкес келмейтiндiгi туралы
арыз келiп түссе, судья сот бұйрығының
күшiн жояды.
2. Сот бұйрығының күшiн жою туралы қаулы
шағымдануға немесе наразылық келтiруге
жатпайды.
Ескерту. 148-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
149-бап. Өндiрiп алушыға сот бұйрығын беру
1. Егер белгiленген мерзiмде
борышкерден сотқа қарсылық
2. Өндiрiп алушының өтiнуi бойынша сот бұйрығы
тiкелей соттың орындауы үшiн жiберiлуi
мүмкiн.
РҚАО-ның ескертпесi!
3-тармаққа өзгерiс енгiзу көзделген
- ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
3. Жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiнде борышкерден
мемлекеттiк бажды өндiрiп алу үшiн соттың
мөрiмен куәландырылған сот бұйрығының
жеке данасы тiкелей соттың орындауы үшiн
жiберiледi.
4. Өндiрiп алушыға берiлген сот бұйрығының
көшiрмесi сот жүргiзетiн iсте қалады.
2-бөлiмше. Талап қою бойынша iс жүргiзу
14-тарау. Талап қою
150-бап. Талап арыздың нысаны мен мазмұны
РҚАО-ның ескертпесi!
1-тармаққа өзгерiс енгiзу көзделген
- ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
1. Талап арыз сотқа жазбаша нысанда не
электрондық құжат нысанында берiледi.
2. Арызда:
1) арыз берiлетiн соттың атауы;
РҚАО-ның ескертпесi!
2) тармақшаға өзгерiс енгiзу
көзделген - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
2) талап қоюшының атауы, оның туған күнi,
айы, жылы, тұрғылықты жерi, тұрғылықты
жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер
немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның
тұрған жерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi
мен банктiк реквизиттерi, сондай-ақ, егер
арызды оның өкiлi берсе, өкiлдiң атауы мен
мекен-жайы;
РҚАО-ның ескертпесi!
3) тармақша жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
3) жауапкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты
(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетiлген болса), туған күнi, айы, жылы,
оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi,
ал егер жауапкер заңды тұлға болып табылса,
онда оның атауы, орналасқан жерi, сондай-ақ
егер талап қоюшыға бұл деректер белгiлi
болса, қосымша салық төлеушiнiң тiркеу
нөмiрi;
4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын
немесе заңды мүдделерiн және оның талап
қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупiнiң
мәнi;
5) талап қоюшы өзiнiң талаптарын негiздейтiн
мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер;
6) егер талап қою бағалауға жатса, талап
қоюдың бағасы;
7)
8) арызға қоса тiркелетiн құжаттардың
тiзбесi көрсетiлуге тиiс.
3. Арызда дауды шешу үшiн маңызы бар өзге
де мәлiметтер көрсетiлуi, сондай-ақ талапкердiң
өтiнiшi баяндалуы мүмкiн.
4. Прокурор мемлекеттiк немесе қоғамдық
мүдделер үшiн беретiн өтiнiшiнде мемлекеттiк
немесе қоғамдық мүдденiң неден тұратынын,
қандай құқықтың бұзылғанын негiздеу,
сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерге сiлтеме болуға тиiс.
Прокурор азаматтардың мүдделерi үшiн
өтiнiш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың
өзiнiң талап қоюы мүмкiн еместiгiнiң себептерiн
негiздеу болуға тиiс; арызға, әрекетке
қабiлетсiз адамның мүдделерi үшiн арыз
беретiн жағдайларды қоспағанда, азаматтың
сотқа талап қоюмен жүгiнуге келiсiмiн растайын
құжат қоса тiркелуге тиiс.
5. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға
қол қоюға және оны ұсынуға өкiлеттiгi болған
кезде оның өкiлi қол қояды.
Арыз электрондық құжат нысанында берiлген
кезде ол талап қоюшының электрондық цифрлық
қолтаңбасымен куәландырылады. Өкiлеттiгi
болған кезде талап арыз өкiлдiң электрондық
цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Ескерту. 150-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238, 2006.06.22 N 147, 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап күшiне
енедi), 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
151-бап. Талап арызға қоса тiркелетiн құжаттар
1. Талап арызға:
1) жауапкерлер мен үшiншi тұлғалардың
санына қарай талап арыздың көшiрмесi;
2) мемлекеттiк баж төлеудi растайын құжат;
3) өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын сенiмхат немесе өзге
де құжат;
4) талапкер өз талаптарын негiздейтiн
мән-жайларды растайтын құжаттар, егер
көшiрмелер оларда болмаса, жауапкерлер
мен үшiншi тұлғалар үшiн бұл құжаттардың
көшiрмелерi;
5)
6) оны дауға салған жағдайда нормативтiк
құқықтық актiнiң мәтiнi;
7) талапкердiң мерзiмдi кейiнге қалдыру,
ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату
немесе олардың мөлшерiн азайту туралы,
талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелдемелердi
талап ету туралы өтiнiшi және, егер олар
талап арызда жазылмаған болса, басқалар
да қоса тiркеледi.
2. Электрондық құжат нысанында берiлетiн
талап арызға осы баптың бiрiншi бөлiгiнде
көрсетiлген құжаттардың электрондық
нысандағы көшiрмелерi қоса берiледi.
Бұл ретте, «электрондық үкiметтiң» төлем
шлюзi арқылы төлемдi жүзеге асыруды куәландыратын
электрондық құжат мемлекеттiк баждың
төленгендiгiн растайтын құжат болып табылады.
Ескерту. 151-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен , 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
152-бап. Талап арызды қабылдау
1. Судья талап арыз түскен
күннен бастап бес күн
2. Талап арызды қабылдай отырып, судья
азаматтық iс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
153-бап. Талап арызды қабылдаудан бас тарту
1. Судья талап арызды
1) арыз азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен
қарауға және шешуге жатпаса;
2) сол тараптардың арасындағы дау бойынша,
сол нысана туралы және сол негiздер бойынша
шығарылған соттың заңды күшiне енген
шешiмi немесе талап қоюшының талап қоюдан
бас тартуына байланысты iс бойынша сот
iсiн жүргiзудi тоқтату туралы немесе тараптардың
бiтiмгершiлiк келiсiмiн немесе дауды медиация
тәртiбiмен реттеу туралы келiсiмдi бекiту
туралы сот ұйғарымы болса, бас тартады.
2. Судья арызды қабылдаудан бас тарту
туралы дәлелдi ұйғарым шығарады, онда,
егер iс азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен
қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының
қандай органға жүгiнуi жөн екендiгiн көрсетедi.
3. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы
ұйғарым ол сотқа түскен кезден бастап
бес күн мерзiмде шығарылуы және арыз берушiге
арызға қоса тiркелген барлық құжаттармен
бiрге табыс етiлуге немесе жiберiлуге тиiс.
4. Арызды қабылдаудан бас тарту өтiнiш
берушiнiң сол жауапкерге сол нысана және
сол негiздер бойынша талап қоюмен сотқа
қайтадан жүгiнуiне кедергi келтiредi.
5. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы
судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық
берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 153-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
154-бап. Талап арызды қайтару
1. Судья талап арызды, егер:
1) талап қоюшы iстердiң осы санаты үшiн
дауды сотқа дейiн
алдын ала шешу заңдармен белгiленген
тәртiбiн сақтамаса және осы тәртiптi қолдану
мүмкiндiгi жойылмаса;
2) iс осы соттың соттауына жатпаса;
3) арызды әрекетке қабiлетсiз адам берсе;
4) арызға оған қол қоюға өкiлеттiгi жоқ
адам қол қойса;
5) осы немесе басқа бiр соттың iс жүргiзуiнде
сол тараптар арасында, сол нысана туралы
және сол негiздер бойынша дау жөнiнде
iс бар болса;
6) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 242-бабы
3-тармағының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген
жағдайды қоспағанда, коммуналдық мүлiктi
басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлiкке
құқықты мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органның осы
затты қабылдаған күнiнен бастап бiр жыл
өткенге дейiн жылжымайтын затқа коммуналдық
меншiктi тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнсе;
7) бұл туралы талап қоюшы мәлiмдесе, қайтарып
жiбередi.
2. Судья арызды қайтару туралы дәлелдi
ұйғарым шығарады, онда арыз берушiге,
егер iс осы соттың соттауына жатпайтын
болса, қандай сотқа жүгiну не iстi қозғауға
кедергi келтiретiн мән-жайларды қалай
жою қажет екендiгiн көрсетедi. Талап арызды
қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен
күннен бастап бес күн мерзiмде шығарылуға
және арызға қоса тiркелген барлық құжаттармен
арыз берушiге тапсырылуға және жiберiлуге
тиiс.
3. Егер талап қоюшы жол берiлген бұзушылықты
жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының
сол жауапкерге, сол нысана туралы және
сол негiздер бойынша талап қоюмен сотқа
қайтадан жүгiнуiне кедергi келтiрмейдi.
4. Арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына
жеке шағым, наразылық берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 154-баптың
бiрiншi тармағы 3-тармақшасына түсiнiктеме
берiлдi - ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 2000.11.01.
N 19/2 қаулысымен.
Ескерту. 154-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
155-бап. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру
1. Судья талап арыз осы Кодекстiң
150-бабының талаптарына және 151-бабының
1) - 3) тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайда
арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым
шығарып, бұл туралы талап арызды берген
тұлғаға хабарлайды және оған кемшiлiктердi
түзету үшiн мерзiм бередi.
2. Егер талап қоюшы судьяның нұсқауларына
сәйкес және ол белгiлеген мерзiмде ұйғарымда
аталған талаптарды орындаса, талап арыз
оны сотқа алғашқы тапсырған күнi берiлген
болып есептеледi. Олай болмаған жағдайда
арыз берiлмеген болып есептеледi және
судьяның ұйғарымымен оған қоса тiркелген
барлық құжаттармен бiрге талап қоюшыға
қайтарылады.
3. Егер талап қоюшы жол берiлген бұзушылықтарды
жойса, арызды қайтару талап қоюшының
сол жауапкерге, сол нысана туралы және
сол негiздер бойынша талап қоюмен сотқа
қайтадан жүгiнуiне кедергi келтiрмейдi.
4. Арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына
жеке шағым, наразылық берiлуi мүмкiн.
156-бап. Қарсы талап қою
Жауапкер бiрiншi сатыдағы сот
шешiм шығарғанға дейiн
157-бап. Қарсы талап қоюды қабылдау шарттары
Судья қарсы талап қоюды, егер:
1) қарсы талап алғашқы талапты есепке
алуға бағытталса;
2) қарсы талап қоюды қанағаттандыру алғашқы
талап қоюдың
толық немесе қанағаттандыру бөлiгiнде
болдырмаса;
3) қарсы және алғашқы талап қоюлардың
арасында өзара байланыс болса және оларды
бiрлесiп қарау дауларды неғұрлым жылдам
және дұрыс қарауға әкелсе, қабылдайды.
15-тарау. Талап қоюды қамтамасыз ету
158-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету үшiн негiздер
Аралық сотта немесе төрелiкте
iс қарау тараптарының iсiне қатысатын
адамдардың арызы бойынша
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
жағдайларда, қаржы ұйымына, сондай-ақ
бас ұйым ретiнде банк конгломератына
кiретiн және қаржы ұйымы болып табылмайтын
ұйымға және (немесе) оның мүлкiне қатысты
олар қайта құрылымдау жүргiзген кезiнде
талап қоюды қамтамасыз ету шараларын
қолдануға жол берiлмейдi.
Ескерту. 158-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.28 N 24 (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2 баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
159-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
1. Талап қоюды қамтамасыз ету
жөнiндегi шаралар:
1) жауапкерге тиесiлi және оның өзiнде
немесе басқа адамдарда болатын мүлiкке
тыйым салу (банктiң корреспонденттiк шотындағы
ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың
ашық сауда-саттық әдiсiмен сауда жүйелерiнде
жасасқан репо операциялары бойынша нысана
болып табылатын мүлiкке тыйым салуды
қоспағанда).
Шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасының
аумағындағы корреспонденттiк шотындағы
ақшаға тыйым салуға Қазақстан Республикасының
және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетiн
шет мемлекеттiң бұзуынан келтiрiлген залалдарды
өтеу туралы талап қоюлар бойынша жол
берiледi.
Жауапкерге тиесiлi және банктегi ақшаға
тыйым салу түрiндегi талап қоюды қамтамасыз
ету туралы ұйғарымда тыйым салынатын
ақша сомасы көрсетiлуге тиiс. Тыйым салынатын
ақша сомасын iс материалдарын негiзге
ала отырып, сот айқындайды;
2) жауапкерге белгiлi бiр әрекеттердi жасауға
тыйым салу;
3) басқа адамдардың мүлiктi жауапкерге
беруiне немесе оған қатысты өзге де мiндеттемелердi
орындауына тыйым салу;
4) мүлiктi тыйым салудан босату туралы
талап қойылған жағдайда мүлiктi өткiзудi
тоқтата тұру;
5) мемлекеттiк органның, ұйымның немесе
лауазымды адамның (Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң немесе қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды
жүзеге асыратын мемлекеттiк органның
қаржы нарығындағы қызметтi жүзеге асыруға
арналған лицензиялардың қолданылуын
тоқтата тұру және (немесе) одан айыру,
қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргiзу
жөнiндегi актiлерiн, сондай-ақ олардың
жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) дауға
салынатын актiсiнiң қолданылуын тоқтата
тұру;
6) борышкер сот тәртiбiмен дауға салатын
атқарушылық құжат бойынша өндiрiп алуды
тоқтата тұру болуы мүмкiн.
2. Қажет болған жағдайларда сот осы Кодекстiң
158-бабында аталған мақсаттарға сай келетiн
талап қоюды қамтамасыз ету жөнiндегi өзге
де шараларды қабылдауы мүмкiн. Соттың
талап қоюды қамтамасыз етудiң бiрнеше
шараларын қабылдауы мүмкiн. Осы баптың
бiрiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақшаларында
аталған тыйым салулар бұзылған жағдайда
кiнәлi адамдар әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
Оның үстiне, талап қоюшы сот тәртiбiмен
осы адамдардан талап қоюды қамтамасыз
ету туралы ұйғарымды орындамаудан келтiрiлген
залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
3. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
талап қоюшының мәлiмдеген талаптарына
шамалас болуға тиiс.
Ескерту. 159-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.07.09 N 482, 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 58-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.02.05 249-IV Заңдарымен.
160-бап. Талап қоюды
қамтамасыз ету туралы
арызды қарау
Талап қоюды қамтамасыз ету
туралы арызды судья
Ескерту. 160-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.28 N 24 (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2 баптан қараңыз) Заңымен.
161-бап. Талап қоюды
қамтамасыз ету туралы
ұйғарымды орындау
Талап қоюды қамтамасыз ету
туралы ұйғарым сот шешiмдерiн
орындау үшiн белгiленген
162-бап. Талап қоюды
қамтамасыз етудiң бiр түрiн
екiншi түрiмен ауыстыру
1. Аралық сотта немесе төрелiкте
iс қарау тараптарының iсiне қатысушы
адамның арызы бойынша талап қоюды қамтамасыз
етудiң бiр түрiн екiншi түрiмен ауыстыруға
жол берiледi. Талап қоюды қамтамасыз етудiң
бiр түрiн екiншiсiмен ауыстыру туралы мәселеге
iске қатысатын адамдарға арызды қараудың
уақыты мен орны туралы хабарлай отырып,
сот рұқсат бередi, алайда олардың келмей
қалуы осы мәселенi мәнi бойынша қарауға
кедергi келтiрмейдi. Талап қоюдың бiр түрiн
екiншi түрiмен ауыстыру туралы судья ұйғарым
шығарады.
2. Ақшалай соманы өндiрiп алу туралы талап
қоюды қамтамасыз еткен жағдайда жауапкер
талап қоюды қамтамасыз етуге сот қабылданған
шаралардың орнына соттың депозиттiк шотына
талап қоюшы талап ететiн соманы енгiзуге
құқылы.
Ескерту. 162-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.28 N 24 (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2 баптан қараңыз) Заңымен.
163-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудiң күшiн жою
1. Талап қоюды қамтамасыз етудiң
күшiн сол сот тараптардың
2. Талап қоюға қарсылық бiлдiрiлген жағдайда
талап қоюды қамтамасыз етуде қабылданған
шаралар шешiм заңды күшiне енгенге дейiн
сақталады. Алайда, сот шешiммен бiр мезгiлде
немесе өзiнiң қаулысынан кейiн талап қоюды
қамтамасыз етудiң күшiн жою туралы ұйғарым
шығаруы мүмкiн. Талап қою қанағаттандырылған
жағдайда оны қамтамасыз ету жөнiндегi
шаралар өз күшiн сот шешiмi орындалғанға
дейiн сақтайды.
3. Қаржы ұйымын немесе бас ұйым ретiнде
банк конгломератына кiретiн және қаржы
ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта
құрылымдау туралы iстi қарайтын мамандандырылған
қаржылық сот, қаржы ұйымын немесе бас
ұйым ретiнде банк конгломератына кiретiн
және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды
қайта құрылымдау туралы шешiм қабылдаған
жағдайда қаржы ұйымына немесе бас ұйым
ретiнде банк конгломератына кiретiн және
қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға
және (немесе) оның мүлкiне қатысты қайта
құрылымдау жүргiзу туралы шешiм қабылдағанға
дейiн соттар қабылдаған талап-арызын
қоюды қамтамасыз етудiң күшiн жоюға мiндеттi.
Ескерту. 163-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
164-бап. Талап қоюды
қамтамасыз ету мәселелерi
жөнiндегi ұйғарымдарға
шағымдану
1. Талап қоюды қамтамасыз ету
мәселелерi жөнiндегi барлық ұйғарымға
жеке шағым берiлуi және наразылық
келтiрiлуi мүмкiн.
2. Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы
ұйғарым шағым берген адамдарға хабарламай
шығарылса, шағым беру мерзiмi оған бұл ұйғарым
белгiлi болған күннен бастап есептеледi.
3. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға
жеке шағым беру бұл ұйғарымның орындалуын
тоқтатпайды.
4. Талап қоюды қамтамасыз етудiң күшiн
жою туралы немесе талап қоюды қамтамасыз
етудiң бiр түрiн екiншi түрiне ауыстыру
туралы ұйғарымға жеке шағым беру немесе
наразылық келтiру ұйғарымның орындалуын
тоқтата тұрады.
165-бап. Талап қоюды
қамтамасыз етумен
келтiрiлген залалдарды
жауапкерге өтеу
Сот талап қоюды қамтамасыз
етуге жол бере отырып, талап
қоюшыдан жауапкер үшiн мүмкiн
болатын залалдарды қамтамасыз
етудi талап етуi мүмкiн. Жауапкер
талап қоюда бас тартылған
шешiм заңды күшiне енгеннен
кейiн талап қоюшыға оның
16-тарау. Iстi сотта қарауға әзiрлеу
166-бап. Iстi әзiрлеудiң мiндеттерi
1. Арызды қабылданғаннан және
азаматтық iстi қозғағаннан кейiн судья
оны уақытылы және дұрыс шешудi қамтамасыз
ету мақсатымен сотта iс қарауға iстi әзiрлейдi
.
2. Сотта iс қарауға iстi әзiрлеудiң әрбiр
iс бойынша мiндеттi мiндеттерi мыналар:
1) iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар мән-жайларды
айқындау;
2) тараптардың құқықтық қатынастарын
және басшылыққа алынуға тиiстi заңды анықтау;
3) iске қатысатын адамдардың құрамы мен
процестiң басқа да қатысушылары туралы
мәселенi шешу;
4) әрбiр тарап өз пайымдауларын негiздеу
үшiн ұсынуға тиiс дәлелдемелердi анықтау.
РҚАО-ның ескертпесi!
167-бап жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
167-бап. Iстi сотта қарауға әзiрлеу мерзiмдерi
Азаматтық iстердi сотта қарауға әзiрлеу, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, арыз қабылданған күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс. Алименттердi өндiрiп алу туралы, мертiгуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы iстерден басқа, айрықша күрделi iстер бойынша ерекше жағдайларда, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша бұл мерзiм судьяның дәлелдi ұйғарымы бойынша бiр айға дейiн ұзартылуы мүмкiн.
168-бап. Iстi сотта қарауға әзiрлеу туралы ұйғарым
Судья iстi сотта қарауға әзiрлеу туралы ұйғарым шығарады және жүргiзiлуге тиiстi әрекеттердi көрсетедi.
169-бап. Арыздың
көшiрмелерiн және оған қоса
тiркелген құжаттарды
жауапкерге жiберу
1. Судья жауапкерге талап
2. Жауапкердiң пiкiрi мен дәлелдемелердi
бермеуi iстегi бар дәлелдемелер бойынша
iстi қарауға кедергi келтiрмейдi.
Ескерту. 169-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
169-1-бап. Талап арызға пiкiр
1. Жауапкер сотқа талап қоюға
қатысты қарсылықты растайтын
құжаттарды, сондай-ақ пiкiрдiң және
оған қоса тiркелген
2. Пiкiр – сотқа, көшiрмелерi iске қатысатын
тұлғаларға олардың сот отырысы басталғанға
дейiн танысуына мүмкiндiк берудi қамтамасыз
ететiн, сот белгiлеген мерзiмде ұсынылады.
3. Талап арызға жазбаша пiкiрдi iске қатысатын
өзге тұғалар да ұсынуға құқылы.
4. Пiкiрде:
1) талап қоюшының атауы, оның тұрған немесе
тұрғылықты жерi;
2) жауапкердiң атауы, оның тұрған жерi;
егер жауапкер азамат болып табылса, оның
тұрғылықты жерi;
3) заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық
актiлерге, сондай-ақ қарсылықты негiздейтiн
дәлелдемелерге сiлтеме жасай отырып,
мәлiмделген талаптардың мәнi бойынша
қарсылықтар;
4) пiкiрге қоса тiркелген құжаттардың тiзбесi
көрсетiледi.
Пiкiрде iстi дұрыс және уақтылы шешу үшiн
қажеттi телефондардың, факстердiң нөмiрлерi,
электрондық почтаның мекен-жайлары және
өзге де мәлiметтер көрсетiлуi мүмкiн.
5. Пiкiрге жауапкер немесе оның өкiлi қол
қояды. Өкiл қол қойған пiкiрге оның өкiлеттiгiн
растайтын сенiмхат немесе өзге де құжат
қоса тiркеледi.
Ескерту. Кодекс 169-1-баппен
толықтырылды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
170-бап. Судьяның iстi
сотта қарауға әзiрлеу
жөнiндегi iс-әрекеттерi
Iстiң мән-жайларын ескере
1) талап қоюшыдан ол мәлiмдеген талаптардың
мәнi бойынша жауап алады, одан жауапкердiң
тарапынан мүмкiн болатын қарсылықтарды анықтап
алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер
берудi ұсынады, талап қоюшыға оның iс жүргiзу
құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
2) қажет болған жағдайларда жауапкердi
шақырып алады, одан iстiң мән-жайлары бойынша
жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар
бар екенiн және бұл қарсылықтардың қандай
дәлелдемелермен расталуы мүмкiн екенiн
анықтайды; айрықша күрделi iстер жөнiнде
жауапкерге iс бойынша жазбаша түсiнiк
берудi ұсынады, жауапкерге оның iс жүргiзу
құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
3) iске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердiң
дербес талаптарсыз үшiншi тұлғалардың
кiруi туралы мәселенi шешедi, сондай-ақ
тиiстi емес жауапкердi ауыстыру туралы
мәселенi шешедi;
4) тараптарға дауды шешу үшiн олардың
аралық сотқа жүгiну не дауды медиация
тәртiбiмен шешу құқықтарын және мұндай
әрекеттiң салдарларын түсiндiредi;
5) оның нәтижесiне мүдделi азаматтар мен
ұйымдарға iстi қараудың уақыты мен орны
туралы хабарлайды;
6) куәларды сот отырысына шақыру туралы
мәселенi шешедi;
7) тараптардың өтiнiшi бойынша және өз
бастамасы бойынша сараптама тағайындайды,
сондай-ақ iске маманды, аудармашыны қатысуға
тарту туралы мәселенi шешедi;
8) тараптардың өтiнiшi бойынша ұйымдардан
немесе азаматтардан дәлелдемелер талап
етедi;
9) кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда
iске қатысатын адамдары хабарландыра
отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелердi
сол жерде тексерудi жүргiзедi;
10) сот тапсырмаларын жiбередi;
11) талап қоюды қамтамасыз ету туралы
мәселенi шешедi;
12) талапкердiң өтiнiшi бойынша оның берген
арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады;
13) өзге де қажеттi iс жүргiзу әрекеттерiн
жасайды.
Ескерту. 170-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
171-бап. Бiрнеше
талап қою талаптарын
және ажырату
1. Егер талаптарды ажыратып
қарау неғұрлым дұрыс болса, судья
талап қоюшы бiрiктiрген
2. Бiрнеше талап қоюшы талаптар қойған
немесе талаптар бiрнеше жауапкерге қойылған
кезде судья, егер талаптарды ажыратып
қарауды неғұрлым дұрыс деп тапса, бiр
немесе бiрнеше талапты жеке iс жүргiзуге
бөлуге құқылы.
3. Судья осы соттың iс жүргiзуiнде дәл сол
тараптар қатысатын бiртектес, не бiр талап
қоюшының әртүрлi жауапкерге немесе әр
түрлi талап қоюшылардың бiр жауапкерге
қойған талабы бойынша бiрнеше iс бар екенiн
белгiлеп, егер мұндай бiрiктiрудi дұрыс
деп тапса, бұл iстердi бiрiктiрiп қарау үшiн
бiр iске бiрiктiруге құқылы.
172-бап. Iс бойынша
iс жүргiзудi тоқтата тұру,
тоқтату және iстi
сотта қарауға әзiрлеген
кезде арызды қараусыз
қалдыру
1. Осы Кодекстiң 242, 243-баптарында, 247-бабының
1) - 5) тармақшаларында және 249-бабының
1) - 5), 8), 9) тармақшаларында көзделген
мән-жайлар болған жағдайда
2. Тараптарға мұндай iс жүргiзу әрекеттерiнiң
салдарлары түсiндiрiледi.
173-бап. Iстi сотта iс қарауға тағайындау
Судья iстi дайын болды деп тани отырып, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады, тараптарға және процестiң басқа да қатысушыларына iстi қараудың орны мен уақыты туралы хабарлайды.
17-тарау. Сотта iс қарау
174-бап. Азаматтық
iстердi қараудың және шешудiң
мерзiмдерi
1. Азаматтық iстер iстi сот талқылауына әзiрлеу аяқталған
күннен сәттен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде
қаралып, шешiледi. Жұмысын қалпына келтiру
туралы, алимент өндiрiп алу туралы және
мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарының, лауазымды адамдардың,
мемлекеттiк қызметшiлердiң шешiмдерiн,
әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) даулау туралы
iстер бiр айға дейiнгi мерзiмде қаралып,
шешiледi.
2. Азаматтық iстердiң жекелеген санаттары
үшiн заңдарда өзге мерзiмдер белгiленуi
мүмкiн.
Ескерту. 174-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.12.30 N 111 (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
175-бап. Сот отырысы
Азаматтық iстi қарау iске қатысушы адамдарды мiндеттi түрде хабардар ете отырып, сот отырысында жүргiзiледi.
176-бап. Сот отырысында төрағалық етушi
1. Төрағалық етушiнiң мiндетiн
судья атқарады. Төрағалық етушi
iстiң барлық мән-жайының
2. Процеске қатысушылардың қайсыбiрi төрағалық
етушiнiң iс-әрекетiне қарсылық бiлдiрген
жағдайда бұл қарсылық бiлдiрулер сот отырысының
хаттамасына енгiзiледi. Төрағалық етушi
өзiнiң iс-әрекеттерiне қатысты түсiнiктеме
бередi.
3. Төрағалық етушi сот отырысында тиiстi
тәртiптiң қамтамасыз етiлуiне қажеттi шаралар
қолданады. Оның өкiмi процеске қатысушылардың
барлығы үшiн, сондай-ақ сот отырысы залында
қатысып отырған азаматтар үшiн мiндеттi.
177-бап. Сотта iс
қараудың тiкелей және
ауызша жүргiзiлуi
1. Iстi қарау кезiнде сот iс бойынша
дәлелдемелердi тiкелей зерттеуге: тараптардың
және iске қатысушы басқа да
адамдардың түсiнiктерiн, куәлардың
айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын,
мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарының қорытындыларын
тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай
дәлелдемелердi қарап шағуға, дыбыс жазбаларын
тыңдауға және бейне жазбаларды, кино-,
фотоматериалдарды көруге, ақпаратты
қайта құрудың өзге де құралдарының материалдарымен
танысуға мiндеттi. Қажет болған жағдайларда
iс бойынша дәлелдемелердi зерттеген кезде
сот маманның консультациялары мен түсiндiрмелерiн
тыңдайды.
2. Iстi қарау ауызша жүргiзiледi. Iстi қарау
процесiнде судья ауысқан жағдайда iстi
қарау басынан бастап жүргiзiлуге тиiс.
178-бап. Сот отырысындағы тәртiп
1. Судья сот отырысы залына
кiрген кезде залдағы барлық
қатысушылар орындарынан
2. Процеске қатысушылар судьяға түрегеп
тұрып жүгiнедi және өздерiнiң айғақтары
мен түсiнiктемелерiн айтады. Осы ереженi
орындамауға төрағалық етушiнiң рұқсатымен
ғана жол берiлуi мүмкiн.
3. Процеске қатысушылар, сондай-ақ сот
отырысы залындағы барлық азаматтар белгiленген
тәртiптi сақтауға мiндеттi.
179-бап. Сот отырысында
тәртiп бұзушыларға
қолданылатын шаралар
1. Iстi қарау кезiнде тәртiп бұзған
адамға төрағалық етушi соттың атынан ескерту жасайды.
2. Тәртiптi қайталап бұзған кезде iске
қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сотта
iс қараудың барлық уақытына немесе оның
бiр бөлiгiне сот отырысы залынан шығарылып
жiберiлуi мүмкiн. Соңғы жағдайда төрағалық
етушi отырыс залына қайта жiберiлген адамды
ол жоқ кезде жасалған iс жүргiзу әрекеттерiмен
таныстырады.
3. Iске қатыспайтын және iстi қарау кезiнде
қатысушы азаматтар тәртiптi қайталап бұзғаны
үшiн төрағалық етушiнiң өкiмiмен отырыс
залынан шығарылып жiберiледi.
4. Алынып тасталды
- ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
5. Алынып тасталды
- ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
6. Iстi қарау барысында оған қатысушы азаматтар
жаппай тәртiп бұзған кезде сот iске қатыспайтын
азаматтардың барлығын сот отырысы залынан
шығарып, iстi жабық отырыста қарауы немесе
iстi қарауды кейiнге қалдыруы мүмкiн.
Ескерту. 179-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.06.29 N 270, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
180-бап. Сот отырысын ашу
1. Iстi талқылау үшiн белгiленген
уақытта төрағалық етушi сот отырысын
ашады және қандай азаматтық iс
қаралуға тиiс екенiн жария
етедi.
2. Сот аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланған жағдайда
төрағалық етушi ол туралы хабарлайды.
Ескерту. 180-бап жаңа
редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
181-бап. Процеске қатысушылардың келуiн тексеру
1. Сот отырысының хатшысы осы iс бойынша шақырылған
адамдардан кiмнiң келгенiн, келмеген адамдарға
хабар берiлген-берiлмегенiн және олардың
келмеу себептерi туралы қандай мәлiметтердiң
бар екенiн сотқа баяндайды.
2. Төрағалық етушi келгендердiң кiм екенiн
анықтайды, сондай-ақ лауазымды адамдар
мен өкiлдердiң өкiлеттiктерiн тексередi.
182-бап. Аудармашыға
оның мiндеттерiн түсiндiру
1. Төрағалық етушi аудармашыға - оның
сот жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмейтiн
адамдардың түсiндiрмелерiн, айғақтарын, мәлiмдемелерiн, ал бұл адамдарға iске
қатысушы адамдар мен куәлардың түсiндiрмелерiнiң,
айғақтарының, мәлiмдемелерiнiң, жария
етiлетiн және iсте бар құжаттардың, дыбыс
жазбалардың, сарапшылар қорытындыларының,
мамандар консультацияларының, сондай-ақ
судья өкiмдерiнiң, сот қаулылары мен шешiмдерiнiң
мазмұнын аудару мiндетiн түсiндiредi.
2. Төрағалық етушi аудармашыға көрiнеу
дұрыс аударма жасамағаны үшiн Қазақстан
Республикасының Қылмыстық
183-бап. Куәларды сот отырысы залынан шығару
Келген куәлар сот отырысы
залынан шығарылады. Төрағалық етушi
жауап алынған куәлардың жауап
алынбаған куәлармен
184-бап. Сот құрамын
жария ету және қарсылық
бiлдiру құқығын түсiндiру
1. Төрағалық етушi сот құрамын
жария етедi, прокурор, сарапшы, маман,
сот отырысының хатшысы
2. Қарсылық бiлдiру үшiн негiздер, мәлiмденген қарсылықты
шешу тәртiбi және осындай мәлiмдеулердi
қанағаттандыру салдарлары осы Кодекстiң
40-43-баптарымен айқындалады.
Ескерту. 184-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
185-бап. Iске қатысушы
адамдарға олардың құқықтары
мен мiндеттерiн түсiндiру
Төрағалық етушi iске қатысушы
адамдарға және өкiлдерге
Ескерту. 185-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
186-бап. Соттың iске қатысушы адамдардың
өтiнiштерiн шешуi
Iске қатысушы адамдардың және
өкiлдердiң iстi қарауға байланысты
мәселелер жөнiндегi өтiнiштерi iске
қатысушы басқа адамдардың
187-бап. Iске қатысушы
адамдар мен өкiлдердiң
сот отырысына келмеу
салдарлары
1. Iске қатысушы адамдар келмеу
себептерi туралы сотқа хабарлауға
және бұл себептердiң дәлелдi екендiгiне
дәлелдемелердi ұсынуға мiндеттi.
2. Iске қатысушы адамдардың бiреуi сот отырысына
келмеген жағдайда, оларға хабарланғаны
жөнiнде мәлiметтер жоқ болса, iстi қарау
кейiнге қалдырылады.
3. Егер iске қатысушы адамдар сот отырысының
уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабарланса,
олардың келмеу себептерi дәлелдi деп танылған
жағдайда сот iстi қарауды кейiнге қалдырады.
4. Сот отырысының уақыты мен орны туралы
тиiсiнше хабарланған iске қатысушы адамдардың
қайсыбiрi келмеген жағдайда, егер олардың
келмеу себептерi дәлелсiз деп танылса,
сот iстi қарауға құқылы. Сот отырысының
уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабарланған
жауапкер болмаған жағдайда, сырттай iс
жүргiзу тәртiбiмен, егер келмеу себептерi
туралы мәлiметтер жоқ болса не сот оның
келмеу себептерiн дәлелсiз деп тапса,
не жауапкер iс бойынша iс жүргiзудi қасақана
созып отыр деп таныса, сот iстi қарауға
құқылы.
5. Тараптар соттан iстi олардың қатысуынсыз
қарау және оларға шешiмнiң көшiрмесiн жiберу
туралы жазбаша өтiнуге құқылы. Егер бұл
iстiң мән-жайлары бойынша қажет болса,
сот тараптардың сот отырысына қатысуын
мiндеттi деп тани алады.
6. Сот отырысының уақыты мен орны туралы
хабарланған iске қатысушы адам өкiлiнiң
келмеуi iстi қарауға кедергi бола алмайды.
Iске қатысатын адамның өтiнiшi бойынша
сот оның өкiлi дәлелдi себептермен келмеуiне
байланысты iстi қарауды кейiнге қалдыра
алады.
188-бап. Сот отырысына
куәнiң, сарапшының, маманның,
аудармашының келмеу
салдарлары
1. Сот отырысына куә, сарапшы
немесе маман келмеген
2. Сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда,
егер аудармашыны ауыстыру мүмкiндiгi болмаса,
сот iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы
ұйғарым шығарады.
3. Егер шақырылған куә, сарапшы, маман
немесе аудармашы сот отырысына сот дәлелдi
емес деп таныған себептер бойынша келмесе,
олар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес
әкiмшiлiк жазаға тартылуы мүмкiн. Осы Кодекстiң
119-бабына сәйкес олар сондай-ақ мәжбүрлеп
келтiрiлуi де мүмкiн.
4. Сотта айғақ беруден бас тартқаны немесе
жалтарғаны үшiн куә осы Кодекстiң 17-бабында
көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 353-бабына
сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.
Ескерту. 188-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
189-бап. Iстi қарауды кейiнге қалдыру
1. Осы Кодексте көзделген
2. Iс кейiнге қалдырылған кезде iстiң жаңа
сот отырысында шешiлуiн қамтамасыз етуге
мүмкiндiк беретiн уақыт ескерiле отырып,
жаңа сот отырысының күнi белгiленедi, бұл
жөнiнде келген адамдарға қол қойдырылып
хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға
жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот
отырысының уақыты мен орны туралы шақыру
қағазы (хабар) жiберiледi.
190-бап. Iстi қарау кейiнге
қалдырылған кезде
куәлардан жауап
алу
Егер сот отырысына тараптар
қатысып отырса, iстi қарау кейiнге
қалдырылған кезде сот келген
куәлардан жауап алуға құқылы.
Бұл куәларды жаңа сот
191-бап. Сарапшы
мен маманға олардың құқықтары
мен мiндеттерiн түсiндiру
Төрағалық етушi сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi, сарапшыға көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауапкершiлiк туралы ескертедi, ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тiркеледi.
192-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың басталуы
Iстi мәнi бойынша қарау төрағалық
етушiнiң талап қоюшының өз талаптарын қолдайтын-қолдамайтыны,
жауапкер талап қоюшының талаптарын мойындайтын-мойындамайтыны
және тараптардың iстi бiтiмгершiлiк келiсiмiмен
аяқтауды немесе iстi аралық сотқа қарауға
берудi не дауды медиация тәртiбiмен шешудi
қалайтын-қаламайтыны туралы мәселелердi
анықтауынан басталады.
Ескерту. 192-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
193-бап. Талап қоюшының
талап қоюдан бас тартуы,
жауапкердiң талап
қоюды мойындауы, тараптардың
бiтiмгершiлiк келiсiмi
және дауды медиация
тәртiбiмен реттеу
туралы келiсiм
Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Талап қоюшының талап қоюдан
бас тартуы туралы арызы, жауапкердiң
талап қоюды мойындауы немесе
тараптардың бiтiмгершiлiк
2. Талап қоюдан бас тарту қабылданғанға
не талап қою мойындалғанға немесе тараптардың
бiтiмгершiлiк келiсiмi, дауды медиация тәртiбiмен
реттеу туралы келiсiм, дауды медиация
тәртiбiмен реттеу туралы келiсiм бекiтiлгенге
дейiн сот талап қоюшыға, жауапкерге немесе
тараптарға тиiстi iс жүргiзу әрекеттерiнiң
салдарын түсiндiредi.
3. Талап қоюдан бас тартуды қабылдау,
тараптардың бiтiмгершiлiк келiсiмiн немесе
дауды медиация тәртiбiмен реттеу туралы
келiсiмдi бекiту туралы сот ұйғарым шығарады,
сол арқылы осымен бiр мезгiлде iс бойынша
iс жүргiзу тоқтатылады. Ұйғарымда тараптардың
сот бекiтетiн бiтiмгершiлiк келiсiмiнiң немесе
дауды медиация тәртiбiмен реттеу туралы
келiсiмнiң шарттары көрсетiлуге тиiс.
4. Жауапкер талап қоюды мойындағанда
және оны қабылдаған кезде сот мәлiмденген
талаптарды қанағаттандыру туралы шешiм
шығарады.
5. Сот талап қоюшының талап қоюдан бас
тартуын, талап қоюды мойындауын қабылдамаған,
бiтiмгершiлiк келiсiмiн немесе тараптардың
дауды медиация тәртiбiмен реттеу туралы
келiсiмiн бекiтпеген жағдайда, сот бұл
туралы ұйғарым шығарады және iстi мәнi
бойынша қарауды жалғастырады.
Ескерту. 193-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
194-бап. Iске қатысушы адамдардың түсiнiктемелерi
1. Сот талап қоюшының және
оның тарапынан қатысатын
2. Iске қатысушы адамдардың жазбаша түсiндiрмелерiн,
сондай-ақ сот осы Кодекстiң 73 және 76-баптарында
көзделген тәртiппен алған түсiндiрмелердi
төрағалық етушi жария етедi.
195-бап. Дәлелдемелердi
зерттеу тәртiбiн белгiлеу
Сот iске қатысушы адамдардың
түсiнiктемелерiн тыңдап және
196-бап. Жауап беруден
бас тартқаны үшiн және
көрiнеу жалған жауап
бергенi үшiн
жауапкершiлiк жөнiнде
куәға ескерту
1. Куәдан жауап алынғанға дейiн
төрағалық етушi куәнiң жеке басын
анықтайды, оның мiндеттерi мен құқықтарын
түсiндiредi және оған айғақтар беруден бас тартқаны үшiн және
көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық
жауаптылық туралы ескертедi. Куәға, сондай-ақ
өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және жақын
туыстарына қарсы айғақтар беруден, ал
дiни қызметшiлерге тәубе үстiнде өздерiне
iшкi сырын сенiп ашқан адамдарға да қарсы
айғақтар беруден бас тартуға құқылы екенi
түсiндiрiледi. Куә мынадай мазмұнда ант
бередi: "Сотқа iс бойынша өзiме белгiлi
болған барлық мән-жайды, тек қана шындықты,
барлық шындықты айтуға және шындықтан
басқа ешнәрсе айтпауға ант етемiн.".
Куәдан оған өз мiндеттерi мен жауаптылығының
түсiндiрiлгенi туралы қолхат алынады. Қолхат
сот
отырысының хаттамасына тiркеледi.
2. Он алты жасқа толмаған куәға судья
оған iс бойынша мәлiм нәрсенiң бәрiн шынайы
айтып беру мiндетiн түсiндiредi, бiрақ оған
жауап беруден бас тартқаны үшiн және көрiнеу
жалған жауап бергенi үшiн қылмыстық жауапкершiлiк
жөнiнде ескертiлмейдi.
Ескерту. 196-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.06.29 N 270 Заңымен.
197-бап. Куәдан жауап алу тәртiбi
1. Әрбiр куәдан жауап жеке-жеке
алынады. Әлi айғақ бермеген куәлар
iстi қарау кезiнде сот отырысы
залында бола алмайды.
2. Төрағалық етушi куәнiң iске қатысушы
адамдарға қатысын анықтайды және iс бойынша
оған өзiне мәлiм нәрсенiң бәрiн сотқа хабарлауды ұсынады.
3. Бұдан кейiн куәға сұрақтар қойылуы
мүмкiн. Бiрiншi болып арызы бойынша куә
мен оның өкiлi шақырылған адам, содан соң
iске қатысушы басқа адамдар мен өкiлдер
сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың
кез келген сәтiнде оған сұрақ қоюға құқылы.
4. Қажет болған жағдайда сот осы немесе
келесi отырыста куәдан екiншi рет жауап
ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы
қайшылықтарды айқындау үшiн куәлар арасында
беттестiру жүргiзедi.
5. Егер сот оған ертерек кетуге рұқсат
бермесе, жауап алынған куә iстi қарау аяқталғанға
дейiн сот отырысы залында қалады.
198-бап. Куәнiң жазбаша материалдарды пайдалануы
1. Жауап әлдеқандай цифрлармен
немесе есте сақтау қиын басқа
деректермен байланысты болған
жағдайларда, куә жауап беру кезiнде жазбаша
материалдарды пайдалана алады. Бұл материалдар
сотқа және iске қатысушы адамдарға көрсетiледi
және соттың ұйғарымы бойынша iске қоса
тiркелуi мүмкiн.
2. Куәға оның айғақтарына қатысты оның
қолында бар құжаттарды оқуына рұқсат
етiледi. Бұл құжаттар сотқа көрсетiледi
және оның ұйғарымы бойынша iске қоса тiркелуi
мүмкiн.
199-бап. Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу
1. Он төрт жасқа толмаған
куәдан жауап алу, ал соттың
қалауы бойынша он төрт жас
пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алу
да сотқа шақырылатын педагогтың қатысуымен
жасалады. Қажет болған жағдайда кәмелетке
толмаған куәнiң заңды өкiлдерi де шақырылады.
Аталған адамдар төрағалық етушiнiң рұқсатымен
куәға сұрақ қоя алады, сондай-ақ куәнiң
жеке басына және оның берген айғақтарының
мазмұнына қатысты өз пiкiрiн айта алады.
2. Iстiң мән-жайын анықтау үшiн қажет болатын
ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған
куәдан жауап алынған уақытта сот ұйғарымы
бойынша сот отырысы залынан iске қатысушы
қандай да бiр адам шығарылуы мүмкiн. Бұл
адам сот отырысы залына қайта келгенде
оған кәмелетке толмаған куәнiң айғақтарының
мазмұны хабарланып, куәға сұрақтар қою
мүмкiндiгi берiлуге тиiс.
3. Он алты жасқа толмаған куә сот бұл куәнi
сот отырысы залында болуы қажет деп таныған
жағдайларды қоспағанда, куә одан жауап
алу аяқталған соң сот отырысы залынан
шығарылады.
200-бап. Куәнiң жауаптарын жария ету
Куәлардың осы Кодекстiң 73, 74,
190-баптарында көзделген
201-бап. Құжаттарды зерттеу
Осы Кодекстiң 73, 74, 75, 76-баптарында және 170-бабының 9) тармақшасында көзделген тәртiппен жасалған құжаттар немесе оларды қарау хаттамалары сот отырысында жария етiледi және - iске қатысушы адамдарға, өкiлдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетiледi. Осыдан соң iске қатысушы адамдар түсiнiктемелер бере алады.
202-бап. Азаматтардың
жеке хат алысуын және
телеграфтық хабарларын
жария ету және зерттеу
Азаматтардың жеке хат алысу
және жеке телеграфтық хабар
беру құпиясын қорғау
203-бап. Заттай дәлелдемелердi зерттеу
1. Заттай дәлелдемелердi сот қарайды
және олар - iске қатысушы адамдарға,
өкiлдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға
және куәларға көрсетiледi. Заттай дәлелдемелер
көрсетiлген адамдар қарап шығуға байланысты
қандай да бiр мән-жайларға сот назарын
аудара алады. Бұл арыздар сот отырысының
хаттамасына енгiзiледi.
2. Осы Кодекстiң 73, 76, 88, 89-баптарында және
170-бабының
9) тармақшасында көзделген тәртiппен жасалған
заттай дәлелдемелердi қарау хаттамалары
сот отырысында жария етiледi, осыдан соң
iске қатысушы адамдар түсiнiктемелер бере
алады.
204-бап. Орналасқан жерiнде қарау
1. Сотқа ұсынылуы қиын немесе
жеткiзуге болмайтын құжаттар
мен заттай дәлелдемелер олар
орналасқан жерде қаралады
2. Қарау уақыты мен орны туралы iске қатысушы
адамдарға, олардың өкiлдерiне хабарланады,
алайда олардың келмеуi қарауды жүргiзуге
кедергi келтiрмейдi. Қажет болған жағдайларда
сарапшылар, мамандар және куәлар шақырылады.
3. Қарау нәтижелерi сот отырысының хаттамасына
енгiзiледi. Хаттамаға қарау кезiнде жасалған
немесе тексерiлген жоспарлар, тәсiмдер,
сызбалар, есептеулер, құжаттардың көшiрмелерi,
сондай-ақ қарау кезiнде жасалған құжаттардың
және заттай дәлелдемелердiң фотосуреттерi,
бейнежазбалар мен киноматериалдар қоса
тiркеледi.
205-бап. Дыбыс жазбаларын
жария ету, бейнежазбаларды,
киноматериалдарды
көрсету және оларды зерттеу
1. Жеке сипаттағы дыбыс
2. Қажет болған жағдайда дыбыс жазбасын
жария ету және бейнежазбаны, киноматериалдарды
көрсету толығымен немесе олардың әлдеқандай
бөлiктерi қайталануы мүмкiн.
3. Дыбыс және бейнежазбалардағы, киноматериалдардағы
мәлiметтердi анықтау мақсатында сот маманды
iске тартуы, сондай-ақ сараптама тағайындауы
мүмкiн.
206-бап. Сарапшы қорытындысын зерттеу
1. Сарапшы қорытындысы сот
2. Арызы бойынша сараптама тағайындалған
адам және оның өкiлi бiрiншi болып, ал содан
соң - iске қатысушы басқа адамдар мен өкiлдер
сұрақтар қояды. Сот тағайындаған сараптама
жүргiзу тапсырылған сарапшыға бiрiншi
болып талап қоюшы мен оның өкiлi сұрақ
қояды. Сот сарапшыға одан жауап алудың
кез келген сәтiнде сұрақтар қоюға құқылы.
3. Осы Кодекстiң 98-бабының бiрiншi бөлiгiнде
көзделген жағдайларда сот қосымша сараптама
тағайындай алады.
4. Осы Кодекстiң 98-бабының үшiншi бөлiгiнде
көзделген жағдайларда сот қайталама
сараптама тағайындай алады.
5. Қосымша сараптама тағайындау және
жүргiзу осы Кодекстiң 98-бабының екiншi
және алтыншы бөлiктерiнде, қайталама сараптама
- осы Кодекстiң 98-бабының төртiншi, бесiншi,
алтыншы бөлiктерiнде көзделген тәртiппен
жүзеге асырылады.
207-бап. Маманның консультациясы (түсiндiрмесi)
1. Арнайы зерттеулер жүргiзу
талап етiлмейтiн жағдайларда маман coтқa ауызша немесе жазбаша нысанда
консультация (түсiндiрме) бередi.
Маманның жазбаша нысанда берiлген консультациясы
сот отырысының (тиiстi iс жүргiзу әрекетiнiң)
хаттамасына қосымша түрiнде тiркеледi
және сот отырысында жария етiледi. Ауызша
консультация тiкелей сот отырысының (ic
жүргiзу әрекетiнiң) хаттамасына енгiзiледi.
2. Консультацияны түсiндiру және толықтыру
мақсатында маманға сұрақтар қойылуы
мүмкiн. Арызы бойынша маманды тартқан
адам және оның өкiлi бiрiншi болып, ал содан
соң iске қатысушы басқа адамдар және өкiлдер
сұрақтар қояды. Сот шақырған маманға
бiрiншi болып талап қоюшы және оның өкiлi
сұрақ қояды. Сот маманға кез келген сәтте
сұрақ қоюға құқылы.
Ескерту. 207-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.07.04 N 151 Заңымен.
208-бап. Дәлелдеменiң жалғандығын мәлiмдеу
1. Iстегi дәлелдеменiң жалған екенi
мәлiмделген жағдайда осы
2. Дәлелдеменiң жалғандығы туралы мәлiмдеудi
тексеру үшiн сот сараптама тағайындай
алады, сондай-ақ тараптарға өзге дәлелдемелер
берудi ұсына алады.
3. Егер ұсынған дәлелдемесi жалған деп
танылған адамның iс-әрекетiнде қылмыс
белгiлерi болса, судья материалдарды бұл
жөнiнде прокурорға хабарлай отырып, қылмыстық
iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн тиiстi
анықтау немесе алдын ала тергеу органына
жiбередi.
209-бап. Мемлекеттiк
органдар мен жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарының
қорытындысы
Осы Кодекстiң 57-бабының негiзiнде
сот iске қатысуға жiберген
210-бап. Iстi мәнi бойынша қарауды аяқтау
Барлық дәлелдемелер
211-бап. Сот жарыссөздерi
1. Сот жарыссөздерi iске қатысушы адамдар мен өкiлдердiң сөздерiнен
тұрады.
2. Алдымен талап қоюшы және оның өкiлi,
ал содан соң - жауапкер мен оның өкiлi сөз
сөйлейдi. Басталып кеткен процесте даудың
нысанасы бойынша дербес талаптар қойған
үшiншi тұлға мен оның өкiлi тараптар мен
олардың өкiлдерiнен кейiн сөз сөйлейдi.
Даудың нысанасы бойынша өз бетiнше талаптар
қоймаған үшiншi тұлға мен оның өкiлi талап
қоюшыдан немесе үшiншi тұлға iске өзi қатысатын
жақтағы жауапкерден кейiн сөз сөйлейдi.
3. Прокурор, мемлекеттiк органдардың және
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының,
ұйымдардың өкiлдерi және басқа адамдардың
құқықтарын, бостандықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа
жүгiнген азаматтар сот жарыссөздерiнде
соңынан сөз сөйлейдi.
212-бап. Репликалар
Жарыссөзге қатысушылардың
барлығы сөз сөйлеп болған
соң олар сөздерiнде
213-бап. Прокурордың қорытындысы
Iс бойынша тарап болып табылмайтын және осы Кодекстiң 55-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен процеске қатысушы прокурор сот жарыссөздерiнен кейiн жалпы iстiң мәнi бойынша қорытынды бередi.
214-бап. Iстi мәнi бойынша қарауды қайта жалғастыру
1. Егер олар бұл мән-жайлар мен дәлелдемелердi
iстiң мәнi бойынша қарау аяқталмай тұрып
өз мәлiмдемелерiнде көрсетпесе, сот жарыссөздерiне
қатысушылар өз сөздерiнде сот анықтамаған
мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында
зерттелмеген дәлелдемелерге сiлтеме
жасауға құқығы жоқ.
2. Егер сот сот жарыссөздерi кезiнде немесе
одан кейiн iс үшiн маңызы бар жаңа мән-жайларды
анықтау немесе жаңа дәлелдемелердi зерттеу
қажет деп тапса, ол iстi мәнi бойынша қарауды
қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады.
Iстi мәнi бойынша қарау аяқталғаннан кейiн
сот жарыссөзi жалпы тәртiппен жүргiзiледi.
215-бап. Соттың шешiм шығару үшiн кетуi
Сот жарыссөздерiнен кейiн, ал осы Кодекстiң 213-бабында көзделген жағдайда прокурор iс бойынша қорытынды бергеннен кейiн сот шешiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi, төрағалық етушi, бұл туралы сот отырысы залында отырғандарға хабарлайды.
РҚАО-ның ескертпесi!
216-бап жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
216-бап. Шешiмдi жариялау
1. Сот шешiмге қол қойылғаннан
кейiн сот отырысы залына
2. Шешiмнiң шығарылған кезде судья iске
қатысушы адамдарға және өкiлдерге шешiммен
қашан танысуға және оның көшiрмесiн алуға
болатынын жариялауға мiндеттi.
3. Осы баптың 1 және 2-бөлiктерiнде көзделген
әрекеттер аяқталғаннан кейiн төрағалық
етушi сот отырысын жабық деп жариялайды.
18-тарау. Сот шешiмi және оны атқару тәртiбi
217-бап. Шешiм шығару
1. Iстi мәнi бойынша шешетiн бiрiншi
сатыдағы сот қаулысы шешiм нысанында
шығарылады.
2. Шешiм кеңесу бөлмесiнде шығарылады.
Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол
берiлмейдi. Жұмыс уақытының аяқталуына қарай, сондай-ақ
жұмыс күнi iшiнде сот (судья) кеңесу бөлмесiнен
шығып демалу үшiн үзiлiс жариялауға құқылы.
218-бап. Шешiмнiң заңдылығы және негiздiлiгi
1. Сот шешiмi заңды және негiздi
болуға тиiс.
2. Сот шешiмдi сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге
ғана негiздейдi.
219-бап. Шешiм шығарған
кезде шешiлетiн мәселелер
1. Шешiм шығарған кезде сот
дәлелдемелерге баға бередi, iс
үшiн маңызы бар қандай мән-
2. Сот iстi талап қоюшы талаптардың шегiнде
шешедi. Алайда талап қоюшының келiсуiмен
сот, егер бұл талап қоюшының құқықтарын,
бостандықтарын және заңмен қорғалатын
мүдделерiн қорғау үшiн қажет деп таныса,
сондай-ақ көзделген басқа да жағдайларда,
талап қоюшы мәлiмдеген талаптардың шегiнен
шығуы мүмкiн.
3. Сот iс үшiн маңызы бар жаңа мән-жайларды
анықтауды немесе дәлелдемелердi қосымша
зерттеудi қажет деп тапса, iстi мәнi бойынша
қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым
шығарады. Сот iстi мәнi бойынша қарау аяқталғаннан
кейiн сот жарыссөздерiн, ал осы Кодекстiң
213-бабында көзделген жағдайда прокурордың
қорытындысын да қайта тыңдайды.
РҚАО-ның ескертпесi!
220-бапты алып тастау көзделген
- ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
220-бап. Шешiмнiң түрлерi мен құрылымы
1. Iстi мәнi бойынша шешкен кезде
сот қысқаша (қысқартылған) шешiм шығарады,
ол кiрiспе, дәлелдеу және қарар бөлiктерiнен
тұрады.
2. Шешiм заңды күшiне енгенге дейiн тараптардың
жасаған жазбаша өтiнiшi бойынша не өз қалауы бойынша сот кiрiспе, сипаттама, дәлелдеу
және қарар бөлiктерiнен тұратын шешiм
шығарады.
Ескерту. 220-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
221-бап. Шешiмнiң мазмұны
1. Шешiм Қазақстан
2. Шешiм кiрiспе, сипаттау, дәлелдеу және
қарар бөлiктерiнен тұрады.
3. Шешiмнiң кiрiспе бөлiгiнде шешiмнiң шығарылған
күнi мен орны; шешiм шығарған соттың атауы;
соттың құрамы; сот отырысының хатшысы;
тараптар; iске қатысушы басқа адамдар
және өкiлдер; даудың нысанасы немесе мәлiмделген
талап көрсетiледi.
4. Шешiмнiң сипаттау бөлiгi талап қоюшының
талаптарын, жауапкердiң наразылығын және
iске қатысушы басқа адамдардың түсiнiктемелерiн
қамтуға тиiс.
5. Шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде iстiң сот
анықтаған мән-жайлары, құқықтар мен мiндеттер
туралы соттың қорытындылары негiзделген
дәлелдемелерi; сот қабылдамай тастаған
белгiлi бiр дәлелдемелердiң негiздерi, және
сот басшылыққа алған заңдар көрсетiледi.
Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда
дәлелдеу бөлiгiнде талап қоюдың танылғаны
және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетiлуi
мүмкiн.
6. Шешiмнiң қарар бөлiгi талап қоюды қанағаттандыру
туралы немесе талап қоюдан толық немесе
оның бiр бөлiгiнен бас тарту туралы сот
қорытындысын, сот шығындарының бөлiнуiн,
шешiмге шағым беру мерзiмдерi мен тәртiбiн
көрсетудi, сондай-ақ өзге де қорытындыларды
қамтуға тиiс.
7. Сот шешiмдi орындаудың белгiлi бiр тәртiбi
мен мерзiмiн белгiлеген немесе шешiмдi
дереу орындауға жiберген немесе оның
орындалуын қамтамасыз етуге шаралар
қолданған жағдайда, бұл туралы шешiмде
көрсетiледi.
8. Судья шешiмдi жазбаша түрде жазады және
оған қол қояды. Шешiмге түзету судьялардың
қол қоюының алдында айтылуға тиiс.
Ескерту. 221-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
222-бап. Мемлекеттiк
органдардың, жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарының,
ұйымдардың және
лауазымды адамдардың
әрекеттерi
(әрекетсiздiктерi)
мен шешiмдерiн заңсыз деп
тану туралы шешiм
1. Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың
және лауазымды адамдардың
2. Соттың нормативтiк құқықтық актiнi заңсыз
деп тану туралы шешiмi немесе ол туралы
хабарлама нормативтiк құқықтық акт жарияланған
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға
тиiс.
223-бап. Ақша сомаларын өндiрiп алу туралы шешiм
Сот ақша сомаларын өндiрiп алу туралы шешiм шығарған кезде шешiмнiң қарар бөлiгiнде өндiрiлетiн ақша сомасының мөлшерiн және валюта түрiн цифрмен және сөздермен көрсетедi.
224-бап. Атқару
құжатының немесе өзге
күшi жойылды деп
тану туралы шешiм
Өндiрiп алу даусыз (акцептсiз) тәртiппен, оның iшiнде нотариустың атқарушы жазбасының негiзiнде жүргiзiлетiн атқару құжатының немесе өзге құжаттың күшi жойылды деп тану туралы дау бойынша талап арызды қанағаттандыру кезiнде шешiмнiң қарар бөлiгiнде атқарылуға тиiстi емес құжаттың атауы, нөмiрi, күнi және есептен шығарылуға жатпайтын сома көрсетiледi.
225-бап. Шартты жасасу немесе өзгерту туралы шешiм
Шарт жасасу немесе өзгерту кезiнде туындаған дау бойынша қарар бөлiгiнде шарттың әрбiр даулы жағдайы бойынша шешiм көрсетiледi, ал шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы дау бойынша шарттың түрi және тараптар шарт жасасуға мiндеттi талаптар көрсетiледi.
226-бап. Мүлiктi немесе
оның құнын алып беру
туралы шешiм
Мүлiк заттай алып берген кезде сот шешiмде оның дербес - белгiлi бiр белгiлерiн және, егер шешiмдi орындау кезiнде алып берiлетiн мүлiк болмай қалса, жауапкерден өндiрiлуге тиiс мүлiктiң құнын көрсетедi.
227-бап. Жауапкердi
белгiлi бiр әрекеттер жасауға
мiндеттейтiн шешiм
1. Жауапкердi мүлiк немесе ақша
сомаларын берумен байланысты
емес белгiлi бiр әрекеттер жасауға
мiндеттейтiн шешiм шығарған
2. Егер аталған әрекеттердi тек жауапкер
жасай алатын болса, сот шешiмде шешiм орындалуға
тиiс мерзiмдi белгiлейдi.
228-бап. Бiрнеше талап
қоюшының пайдасына немесе
бiрнеше жауапкерге
қарсы шешiм
1. Бiрнеше талапкердiң пайдасына
шешiм шығарғанда сот шешiмнiң
олардың әрқайсысына қандай
2. Бiрнеше жауапкерге қарсы шешiм шығарғанда
сот әр жауапкердiң шешiмнiң қандай үлесiн
орындауға тиiс екенiн көрсетедi немесе
олардың жауаптылығының ортақ болатынын
көрсетедi.
РҚАО-ның ескертпесi!
229-бап жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
229-бап. Дәлелдi шешiм жасау
Шешiм iс қаралғаннан кейiн дереу шығарылады. Айрықша күрделi iстер бойынша дәлелдi шешiм жасау бес күннен аспайтын мерзiмге кейiн қалдырылуы мүмкiн, бiрақ қысқаша (қысқартылған) шешiмдi сот iстi қарау аяқталған отырыстың өзiнде жариялауға тиiс. Жарияланған шешiмге судья қол қойып, ол iске қоса тiркелуге тиiс.
230-бап. Шешiмдегi қате
жазулар мен айқын
қателердi түзету
1. Iс жөнiнде шешiм
2. Сот өз бастамашылығымен немесе iске
қатысушы адамдардың
арызы бойынша шешiмде жiберiлген қате
жазулар мен айқын арифметикалық қателердi түзете
алады. Түзетулер енгiзу туралы мәселе
сот отырысында шешiледi. Iске қатысушы
адамдарға сот отырысының уақыты мен орны
туралы хабарланады, алайда олардың келмеуi
түзетулер енгiзу туралы мәселенi қаруға
кедергi болмайды.
3. Шешiмге түзетулер енгiзу туралы мәселе
жөнiндегi сот ұйғарымына жеке шағым жасалуы
немесе наразылық келтiрiлуi мүмкiн.
231-бап. Қосымша шешiм
1. Iс бойынша шешiмге қаулы
қабылдаған сот iске қатысушы
адамдардың өтiнiшi бойынша немесе өз бастамашылығымен мынадай жағдайларда:
1) iске қатысушы адамдар дәлелдемелер
ұсынған және түсiнiктемелер берген қандай
да бiр талап бойынша шешiм шығарылмаса;
2) егер сот құқық туралы мәселенi шеше
отырып, алып берiлген соманың, берiлуге
тиiстi мүлiктiң мөлшерiн немесе жауапкер
жасауға тиiстi әрекеттердi көрсетпесе;
3) егер сот шығындары туралы мәселенi
сот шешпесе;
4) егер сот шешiмiнiң орындалуын қайта
бұрып атқару туралы мәселенi сот шешпесе,
қосымша шешiм шығара алады.
2. Қосымша шешiм шығару туралы мәселе
шешiм орындалатын мерзiмнiң шегiнде қойылуы
мүмкiн. Мәселе сот отырысында қаралғаннан
кейiн сот қосымша шешiм шығарады және
оған шағым жасалуы немесе наразылық келтiрiлуi
мүмкiн. Iске қатысушы адамдарға сот отырысының
уақыты және орны туралы хабарланады,
алайда олардың келмеуi қосымша шешiм шығару
туралы мәселенi қарауға кедергi болмайды.
3. Қосымша шешiм шығарудан бас тарту туралы
соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық
берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 231-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
232-бап. Шешiмдi түсiндiру
1. Шешiм түсiнiксiз болған
2. Шешiмдi түсiндiру туралы мәселе сот отырысында
шешiледi. Iске қатысушы адамдарға, сондай-ақ
қарау нысанасы оның түсiндiру туралы өтiнiшi
болған жағдайларда сот орындаушысына
сот отырысының уақыты мен орны хабарланады,
алайда олардың келмеуi шешiмдi түсiндiру
туралы мәселенi қарауға кедергi болмайды.
3. Соттың шешiмдi түсiндiру туралы ұйғарымына
жеке шағым, наразылық берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 232-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.06.22 N 147 Заңымен.
233-бап. Шешiмдi орындау
мерзiмiн кейiнге қалдыру
және мерзiмiн ұзарту,
шешiмдi орындаудың әдiсi
мен тәртiбiн өзгерту
1. Iстi қараған сот iске қатысушы
адамдардың арызы бойынша
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған
арыздар сот отырысында қаралады. Iске
қатысушы адамдарға отырыстың уақыты
мен орны туралы хабарланады, бiрақ олардың
келмеуi соттың алдына қойылған мәселенi
шешуiне кедергi болмайды.
3. Шешiмдi орындау мерзiмiн кейiнге қалдыру
немесе мерзiмiн ұзарту туралы, оны орындаудың
әдiсi мен тәртiбiн өзгерту туралы мәселе
жөнiндегi сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық
берiлуi мүмкiн.
234-бап. Алып берiлген ақша сомаларын индекстеу
1. Сот мүдделi адамның арызы
бойынша сот актiсiмен
2. Алып берiлген сомаларды индекстеу туралы
арыз сот отырысында қаралады. Iске қатысушы
адамдарға отырыстың уақыты мен орны туралы
хабарланады, алайда олардың келмеуi соттың
алдына қойған мәселенi шешуiне кедергi
болмайды.
3. Алып берiлген ақша сомаларын индекстеу
туралы сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық
берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 234-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
235-бап. Сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi
1. Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмдерi,
егер оларға шағым немесе
1-1. Мамандандырылған қаржылық соттың
қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретiнде
банк конгломератына кiретiн және қаржы
ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды
қайта құрылымдауды жүргiзу туралы шешiмдерi
олар қабылданған күннен бастап заңды
күшiне енедi және дереу орындалуға жатады.
1-2. Шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды
Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып
жiберу туралы сот шешiмi оны қабылдаған
күнiнен бастап заңды күшiне енедi.
2. Алынып тасталды
- ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесi!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
3. Аппеляциялық және кассациялық тәртiппен
шағым немесе наразылық берiлген жағдайда,
егер шешiмнiң күшi жойылмаған болса, кассациялық
сатыдағы сот қаулы шығарған күнi заңды
күшiне енедi.
4. Шешiм заңды күшiне енгенде тараптар
және iске қатысушы басқа да адамдар, сондай-ақ
олардың құқық мирасқорлары сотта бұрынғы
негiздер бойынша бұрынғы талап қою талаптарымен
қайтадан арыздана алмайды, сондай-ақ
сот анықтаған фактiлер мен құқықтық қатынастарды
басқа процесте даулай алмайды.
5. Егер жауапкерден мезгiл-мезгiл төлем
өндiрiп алу шешiмi заңды күшiне енгеннен
кейiн төлемдердiң мөлшерiн айқындауға
немесе олардың ұзақтығына әсер ететiн
мән-жайлар өзгерсе, тараптардың әрқайсысы
жаңа талап қою арқылы төлемдердiң мөлшерi
мен мерзiмдерiн өзгертудi талап етуге
құқылы.
Ескерту. 235-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2011.03.01 N 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
236-бап. Шешiмдi орындау
1. Шешiм, дереу орындалатын
2. Сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн
атқару парағы жазылады, ол өндiрiп алушыға
берiледi не оның жазбаша өтiнiшi бойынша
сот оны аумағы бойынша атқарушылық iс
жүргiзудiң тиiстi органына орындау үшiн
жiбередi. қараңыз.U101039
Мүлiк тәркiленген, мемлекет кiрiсiне өндiрiп
алынған, сондай-ақ қылмыспен келтiрiлген
залал өндiрiп алынған, алимент өндiрiп
алынған, тарабы мемлекет болып табылатын
мертiгуден немесе денсаулыққа өзге де
зақым келуден, асыраушысынан айрылуынан
келтiрiлген зиянның орны толтырылған
жағдайларда сот өз бастамасымен атқару
құжатын аумағы бойынша тиiстi атқарушылық
iс жүргiзу органына орындауға жолдайды.
3. Соттың дереу орындалуға тиiстi шешiмi
бойынша атқару парағы жазылып, шешiм шығарылғаннан
кейiн дереу орындауға жiберiледi.(2012.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi)
РҚАО-ның ескертпесi!
4-тармаққа өзгерiс енгiзу көзделген
- ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
4. Атқару парақтарын (бұдан әрi - атқару
құжаттарын) бiрiншi сатыдағы сот шешiм
заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған
соттан қайтқан күннен бастап үш тәулiк
iшiнде жазады және оларда:
атқару құжатын берген соттың атауы;
iстiң нөмiрi және шешiм шығарылған күн;
шешiмнiң қарар бөлiгi (сөзбе-сөз);
шешiмнiң күшiне енген уақыты;
атқару құжаты берiлген күн;
өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң
аты (егер ол жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетiлген болса), туған күнi,
айы, жылы, оның тұрғылықты жерi немесе
тұрған жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша
тiркелгенi туралы мәлiметтер мен салық
төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, немесе, егер өндiрiп
алушы заңды тұлға болып табылса, оның
атауы, нақты тұрған жерi не бiрыңғай Мемлекеттiк
тiркелiмнен мәлiметтер, банк реквизиттерi
мен сәйкестендiру нөмiрi;
борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты
(eгep ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетiлген болса), туған күнi, айы, жылы,
оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi,
оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi
туралы мәлiметтер, оның жұмыс орны мен
жұмыс орнының банк реквизиттерi туралы
мәлiметтер (eгep iстiң материалдарында бар
болса), оның банк реквизиттерi мен салық
төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (eгep iстiң материалдарында
бар болса) немесе, егер борышкер заңды
тұлға болып табылса, оның атауы, нақты
тұрған жерi не бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмнен
мәлiметтер (егер iстiң материалдарында
бар болса), банк реквизиттерi мен сәйкестендiру
нөмiрi көрсетiлуге тиiс.
Атқару парағының нысанын атқару құжаттарының
орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi
орган бекiтедi. қараңыз.U101039
5. Соттың әрбiр шешiмi бойынша бiр атқару
парағы берiледi. Егер сот талап қоюды қамтамасыз
ету жөнiнде шаралар қабылдаса, атқару
құжатына талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде
қабылданған шаралар туралы құжаттардың
көшiрмелерi, егер оның iшiнде талапты қамтамасыз
ету үшiн тыйым салынған мүлiктiң тұрған
жерi және оның сақталуына жауапты тұлғалар
туралы мәлiметтердi қамтитын құжаттардың
көшiрмелерi iс материалдарында бар болса,
қоса тiркеледi. Егер атқару әртүрлi орындарда
жүргiзiлетiн болса не егер шешiм бiрнеше
талап қоюшының пайдасына немесе бiрнеше
жауапкерге қарсы шығарылған болса, сот
өндiрiп алушылардың өтiнiшi бойынша атқару
орнын дәл көрсетiп не осы атқару құжаты
бойынша атқарылуға тиiс шешiмнiң сол бөлiгiн
көрсете отырып, бiрнеше атқару құжатын
жазады. Сот атқару парағына сот актiсiнiң
көшiрмесiн не соттың мөрiмен куәландырылған
оның үзiндi көшiрмесiн қоса тiркейдi.
6. Атқарушылық iс жүргiзу органдары сот
шешiмi орындалған жағдайда он жұмыс күнi
iшiнде шешiм шығарған сотты бұл туралы
хабардар етуге, не орындаудың белгiленген
iс жүргiзу мерзiмi өткен соң орындалмаудың
себептерi туралы жазбаша ақпарат беруге
тиiс.
Ескерту. 236-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238, 2003.05.05 N 409, 2006.06.22 N 147, 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап күшiне
енедi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
237-бап. Дереу орындауға жататын шешiмдер
Мынадай:
1) алимент алып беру туралы;
2) қызметкерге жалақы, бiрақ үш айдан аспайтын
уақытқа алып беру туралы;
3) жұмысқа қайта орналастыру туралы;
4) мертiгуден немесе денсаулықты өзгедей
зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысынан
айрылуынан келген зиянды, бiрақ үш айдан
аспайтын уақытқа өтеу туралы;
5) ереуiлдi заңсыз деп тану туралы;
6) қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретiнде
банк конгломератына кiретiн және қаржы
ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды
қайта құрылымдау туралы шешiмдер дереу
орындалуға тиiс.
Ескерту. 237-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.05.15 N 253 , 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
238-бап. Соттың шешiмдi дереу орындауға жiберу құқығы
1. Егер айрықша жағдайлардың
салдарынан шешiмдi орындаудағы кiдiрiс
өндiрiп алушыны елеулi зиянға
әкеп соғуы мүмкiн болса
2. Шешiм дереу орындауға жiберiлген кезде
сот талап қоюшыдан сот шешiмiнiң күшi жойылған
жағдайда шешiмнiң керi орындалуын қамтамасыз
етудi талап ете алады.
3. Шешiмдi дереу орындау туралы мәселе,
шешiмi шығарылған кезде шешiлмесе, сот
отырысында қаралады. Iске қатысушы адамдарға
отырыстың уақыты мен орны хабарланады,
алайда олардың келмеуi сот шешiмiн дереу
орындау туралы мәселенi шешуге кедергi
болмайды.
4. Шешiмдi дереу орындау туралы мәселе
жөнiндегi сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық
берiлуi мүмкiн. Шешiмдi дереу орындау туралы
ұйғарымға жеке шағым, наразылық беру
бұл ұйғарымдардың орындалуын тоқтата
тұрады.
239-бап. Шешiмнiң
орындалуын қамтамасыз ету
Сот дереу орындауға
Сот бұл iс-әрекеттердi сот қаулыларын
орындауға құқығы бар органға атқару парағын
орындау үшiн жiбергенге дейiн жүргiзедi. қараңыз.U101039
240-бап. Сот шешiмiнiң
орындалуын кейiнге қалдыру және
мерзiмiн ұзарту, оны
орындау әдiсi мен тәртiбiн
өзгерту, бiтiмгершiлiк
келiсiмдi бекiту
Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Шешiмге қаулы қабылдаған немесе
iс бойынша бұйрық шығарған сот, сондай-ақ
сот қаулысын орындау орны бойынша сот
сот орындаушысының өтiнiшi бойынша немесе
атқару iсiн жүргiзудегi тараптардың арызы
бойынша орындау iс әрекетiн жүргiзудi қиындататын
немесе мүмкiн емес ететiн мән-жайлар болған
кезде сот қаулысының орындалуын кейiнге
қалдыруы немесе мерзiмiн ұзартуы, оны
орындау әдiсi мен тәртiбiн өзгертуi, сондай-ақ
атқарушылық iс жүргiзу тараптарының арызы
бойынша бiтiмгершiлiк келiсiмдi бекiтуi мүмкiн.
2. Сот орындаушысының өтiнiшi немесе атқару
iсiн жүргiзудегi тараптардың арызы сот
отырысында қаралады. Iске қатысушы тұлғаларға
отырыс өтетiн уақыт және орын хабарланады,
алайда олардың келмеуi соттың алдына
қойған мәселенi шешуiне кедергi болмайды.
3. Орындауды кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн
ұзарту туралы, сондай-ақ оның орындалу
әдiсi мен тәртiбiнiң өзгеруi туралы мәселе
бойынша соттың ұйғарымына жеке шағым
жасалуы немесе наразылық келтiрiлуi мүмкiн.
4. Осы баптың ережелерi бойынша кейiнге
қалдыру, мерзiмiн ұзарту немесе тараптардың
сот бекiткен бiтiмгершiлiк келiсiм немесе
дауды медиация тәртiбiмен реттеу туралы
келiсiм әдiсiн өзгерту жүргiзiлуi мүмкiн.
Ескерту. 240-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
240-1-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару
Заңды күшiне енiп, толық немесе
iшiнара орындалған сот
Ескерту. Кодекс
240-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
240-2-бап. Сот шешiмiнiң
орындалуын қайта бұрып
атқару туралы мәселенi
қарау
1. Күшi жойылған шешiмдi орындау
орын алған iс бойынша жаңа
шешiм шығарған сот
2. Егер сот iстi жаңадан қараған кезде күшi жойылған шешiм бойынша
орындауды қайта бұрып атқару мәселесiн
шешпесе, жауапкердiң шешiмнiң орындалуын
қайта бұрып атқару туралы арызы iске қатысушы
адамдарды, ал қажет болған жағдайда күшi
жойылған шешiмдi орындаған органды да
хабарландыра отырып, соттың бөлек отырысында
қаралады. Аталған адамдар шешiмнiң орындалуын
қайта бұрып атқару туралы арызды қараудың
орны мен уақыты туралы хабарландырылады,
алайда олардың сот отырысына келмей қалуы
орындауды қайта бұрып атқару туралы мәселенi
шешу үшiн кедергi болмайды.
3. Шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару
туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына
жеке шағым немесе наразылық келтiрiлуi
мүмкiн.
Ескерту. Кодекс
240-2-баппен толықтырылды - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
240-3-бап. Апелляциялық,
кассациялық немесе қадағалау
сатысы сотының шешiмнiң
орындалуын қайта
бұрып атқару туралы
мәселенi шешуi
Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Апелляциялық, кассациялық немесе
қадағалау сатысындағы сот
Ескерту. 240-3-баппен
толықтырылды - ҚР 2001.07.11 N 238, өзгерту енгiзiлдi
- ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
240-4-бап. Сот орындаушысының ұсынуларын қарау
1. Судья сот орындаушысының
ұсынуын сотқа келiп түскен
күннен бастап он күн iшiнде
шешедi. Сот борышкердi және өндiрiп алушыны сот орындаушысының
ұсынуы келiп түскенi туралы хабардар етедi,
сот отырысының өткiзiлетiн уақыты мен
орнын хабарлайды. Сот отырысының өткiзiлетiн
уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабардар
етiлген борышкердiң немесе өндiрiп алушының
келмей қалуы iстi қарауға кедергi болмайды.
Судья сот орындаушысының ұсынуын қарап,
ұйғарым шығарады.
Сот ұйғарымының көшiрмесi борышкер мен
өндiрiп алушыға үш күн мерзiмде жiберiледi.
2. Соттың ұйғарымына осы Кодексте белгiленген
тәртiппен шағым жасалуы немесе наразылық
бiлдiрiлуi мүмкiн.
Ескерту. Кодекс
240-4-баппен толықтырылды - ҚР 2006.06.22 N 147 Заңымен, жаңа редакцияда
- ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
240-5-бап. Сот орындаушысының шешiмдi орындау
кезiндегi
әрекетiне (әрекетсiздiгiне)
шағым жасау
1. Өндiрiп алушы немесе борышкер
сот орындаушысының атқарушылық
iс жүргiзу процесiндегi әрекетiне
(әрекетсiздiгiне) не осындай iс-әрекеттер
жасаудан бас тартуына шағым жасауы мүмкiн. Шағым iс-әрекет
жасалған (iс-әрекет жасаудан бас тартылған)
күннен бастап немесе сот орындаушысының
iс-әрекет жасау уақыты, орны туралы хабардар
етiлмеген өндiрiп алушыға немесе борышкерге
ол туралы белгiлi болған күннен бастап
он күн iшiнде сот орындаушысы қызмет көрсететiн
учаскедегi аудандық сотқа берiледi.
Жоғары тұрған органдарға және жоғары
тұрған лауазымды тұлғаға бағыныштылық
тәртiбiмен алдын ала жүгiну сотқа шағымды
беру мен оны соттың қарауға қабылдауы
үшiн мiндеттi шарт болып табылмайды.
2. Сот шағымды он күн мерзiмде қарайды.
Сот өндiрiп алушыны, борышкердi және сот
орындаушысын сот отырысының уақыты мен
орны туралы хабардар етедi, алайда олардың
келмей қалуы шағымды шешу үшiн кедергi
болып табылмайды.
3. Сот шағымды негiздi деп тауып, сот орындаушысы
iс-әрекетiнiң күшiн жою немесе оны жарамсыз
деп тану туралы не сот орындаушысының
жiберiлген қателiктi толық көлемде жоюға
мiндеттiлiгi туралы не өндiрiп алушының
немесе борышкердiң бұзылған құқықтары
мен бостандықтарын өзгеше тәсiлмен қалпына
келтiру туралы шешiм шығарады.
Егер аталған iс-әрекеттердi тек қана сот
орындаушысы жасай алатын болса, сот шешiмде
мерзiм белгiлеуi мүмкiн, шешiм сол мерзiм
iшiнде орындалуға тиiс.
4. Сот, егер шағым жасалған әрекет (әрекетсiздiк)
сот орындаушысының өкiлеттiгi шегiнде
заңға сәйкес жасалғанын және өндiрiп алушы
мен борышкердiң құқықтарының, бостандықтарының
және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылмағанын
анықтаса, шағымды қанағаттандырудан
бас тартады.
Соттың шағымды қанағаттандырудан бас
тарту туралы шешiмiне осы Кодексте белгiленген
тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
5. Егер сот шешiмде өзгеше мерзiм белгiлемесе,
шешiмнiң орындалғаны туралы сотқа, өндiрiп
алушыға немесе борышкерге сот шешiмiн
алған күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей
хабарлануға тиiс.
Ескерту. Кодекс
240-5-баппен толықтырылды - ҚР 2006.06.22 N 147 Заңымен.
240-6-бап. Шешiмдi орындаған
кезде басқа тұлғалардың
құқықтарын қорғау
1. Сот орындаушысы мүлiкке тыйым салу
iсiн жүргiзу кезiнде мүлiктiң борышкерге
немесе басқа тұлғаларға тиесiлi болуына
қарамастан тыйым салудың күшiн жоюға
негiз болып табылатын заң бұзушылыққа
жол берген жағдайда, сот борышкердiң немесе
басқа тұлғалардың мүлiкке тыйым салудың
күшiн жою туралы өтiнiшiн осы Кодекстiң
240-5-бабында көзделген тәртiппен қарайды.
Осындай өтiнiш тыйым салынған мүлiктi сатқанға
дейiн берiлуi мүмкiн.
Сот өндiрiп алу қолданылған мүлiктiң тиесiлiгiне
байланысты азаматтық құқық туралы басқа
тұлғалар мәлiмдеген дауды талап қою бойынша
iс жүргiзу ережелерi бойынша қарайды.
2. Мүлiктiң меншiк иелерi немесе мүлiкке
шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару,
тұрақты жер пайдалану құқығымен не заңнамалық
актiлерде немесе шартта көзделген өзге
де негiз бойынша иелiк ететiн тұлғалар
мүлiктi тыйым салудан босату туралы талаптар
қоя алады.
3. Мүлiктi тыйым салудан босату туралы
талаптар борышкерге және өндiрiп алушыға
қойылады.
4. Егер мүлiкке тыйым салу мүлiктi тәркiлеуге
байланысты жүргiзiлсе, сотталған адам
және республикалық меншiкке айналдырылған
(түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау
және оны одан әрi пайдалану бойынша жұмысты
ұйымдастыруға уәкiлеттi тиiстi орган жауапкер
ретiнде тартылады. Талап қою талаптары
негiздi деп танылған жағдайда, егер тәркiленуге
тиiс мүлiк республикалық меншiкке айналдырылған
(түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау
және оны одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмысты
ұйымдастыруға уәкiлеттi органда тұрған
болса және ол оны сауда ұйымдарына, басқа
ұйымдарға сату, қайта өңдеу үшiн не өтеусiз
берген болса, онда ол мүлiк заттай түрде
қайтарылуға тиiс. Бұл жағдайда республикалық
меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi
есепке алу, сақтау, бағалау және оны одан
әрi пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыруға
уәкiлеттi органнан басқа аталған ұйымдар
iске қатысуға тартылады және оларға мүлiктi
қайтару жөнiнде мiндет жүктеледi.
Егер мүлiктi тәркiлеуге байланысты тыйым
салу жүргiзiлген мүлiк сатылған немесе
қайта өңдеуге жiберiлген болса, мүлiктi
сатудан түскен сома талапкерге өтеледi.
5. Судья осы баптың бiрiншi бөлiгiндегi аталған
мүдделi тұлғалардың өтiнiшiне қарамастан,
мән-жайды белгiлеп, мүлiкке тыйым салудың
күшiн жоюға мiндеттi.
Ескерту. Кодекс
240-6-баппен толықтырылды - ҚР 2006.06.22 N 147 Заңымен.
240-7-бап. Сот орындаушысының қаулысын санкциялау
1. Заңмен белгiленген
2. Санкциялауға жататын атқарушылық әрекеттердi
жүргiзу туралы қаулыны сот орындаушысы
сотқа ұсынады. Қаулыға санкцияланатын
iс-әрекеттердi қабылдаудың негiздiлiгiн
растайтын атқарушылық iс жүргiзу материалдары
қоса тiркеледi.
3. Сот орындаушысының қаулысын сотқа
материалдар түскен күнi сот қарауға тиiс.
4. Сот орындаушысының қаулысын және оған
қоса тiркелген атқарушылық iс жүргiзу
материалдарын қарап, сот атқарушылық
әрекеттердi жасауға санкция бередi немесе
санкция беруден бас тартады.
Санкция беру сот орындаушысының қаулысына
судьяның қолымен расталатын «Санкциялаймын»
деген сот мөртаңбасын қою арқылы жүзеге
асырылады.
Санкция беруден бас тартқан жағдайда
судья атқарушылық әрекеттердi жүргiзуге
санкция беруден бас тарту туралы дәлел
келтiрiлген ұйғарым шығарады.
5. Соттың ұйғарымына осы Кодексте белгiленген
тәртiппен шағымдануға немесе наразылық
бiлдiруге болады.
Ескерту. Кодекс 240-7-баппен
толықтырылды - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
241-бап. Iске қатысушы
адамдарға сот шешiмiнiң
көшiрмелерiн жiберу
және беру
Iске қатысушы, сот отырысына келмеген тараптар мен басқа да адамдарға түпкiлiктi нысандағы шешiм шығарылған күннен бастап бес күннен кешiктiрiлмей шешiмнiң көшiрмелерi жiберiледi немесе берiледi.
18-1-тарау. Аралық сот шешiмiн орындау
Ескерту. Кодекс 18-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2004.12.28 N 24 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2 баптан қараңыз) Заңымен.
241-1-бап. Аралық
соттың шешiмiн мәжбүрлеп
1. Егер аралық соттың шешiмi онда
белгiленген мерзiмде ерiктi түрде
орындалмаған жағдайда, аралық соттың
шешiмi өз пайдасына шығарылған
тарап (өндiрiп алушы) осы бапта көзделген ережелер
бойынша аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп
орындату туралы арызбен аралық сот дауды
қарайтын жердегi сотқа жүгiнуге құқылы.
2. Атқару парағын беру туралы арызға мыналар
қоса тiркеледi:
1) аралық сот шешiмiнiң түпнұсқасы немесе
көшiрмесi. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық
сот шешiмiнiң көшiрмесiн осы аралық соттың
төрағасы растайды, нақты дауды шешу үшiн
аралық сот шешiмiнiң көшiрмесi нотариатта
куәландырылуға тиiс;
2) заңда белгiленген тәртiппен жасалған
аралық келiсiмнiң түпнұсқасы немесе нотариат
растаған көшiрмесi.
3. Атқару парағын беру туралы арыз аралық
соттың шешiмiн ерiктi түрде орындауға арналған
мерзiм аяқталған күннен бастап үш жылдан
кешiктiрiлмей берiлуi мүмкiн.
4. Белгiленген мерзiмiн өткiзiп алған не
оған қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген
атқару парағын беру туралы арызды сот
қарамай керi қайтарады, бұл туралы ұйғарым
шығарылады, оған осы Кодексте белгiленген
тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
5. Егер сот аталған мерзiмдi өткiзiп алу
себептерiн дәлелдi деп тапса, атқару парағын
беру туралы арызды беру мерзiмiн қалпына
келтiруге құқылы.
6. Судья атқару парағын беру туралы арызды
сотқа арыз түскен күннен бастап он бес
күн iшiнде жеке-дара қарайды.
7. Өндiрiп алушының аралық соттың шешiмiн
мәжбүрлеп орындату туралы түскен арызы,
сондай-ақ оны соттың отырысында қарау
орны мен уақыты туралы сот борышкердi
хабардар етедi. Оның арызын қарау орны
мен уақыты туралы өндiрiп алушы да хабардар
етiледi. Егер борышкерден сот отырысына
келуi мүмкiн болмауының дәлелдi себептерi
көрсетiлiп, арызды қарауды кейiнге қалдыру
туралы өтiнiш түспесе, борышкердiң немесе
өндiрiп алушының сот отырысына келмей
қалуы арызды қарауға кедергi болмайды.
8. Сот аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп
орындатуға арналған атқару парағын беру
туралы арызды қараған кезде аралық соттың
шешiмiн мәнi бойынша қайта қарауға құқылы
емес.
9. Сот арызды қарау нәтижелерi бойынша
атқару парағын беру туралы не оны беруден
бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Атқару парағын беру туралы соттың ұйғарымы
дереу орындалуға тиiс.
241-2-бап. Атқару парағын беру
1. Сот аралық соттың шешiмiн
мәжбүрлеп орындатуға арналған
атқару парағын беру туралы
ұйғарым шығарған кезде атқару
парағы осы Кодекстiң 236-бабының ережелерi бойынша
берiледi.
2. Аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға
арналған атқару парағын беру туралы арыз
бойынша шығарылған соттың ұйғарымына
осы Кодексте сот актiлерiне шағым жасау
үшiн көзделген тәртiппен шағым жасалуы
мүмкiн.
241-3-бап. Атқару парағын беруден бас тарту
Сот, егер:
1) аралық соттың шешiмi өзiне қарсы қабылданған
тарап сотқа:
аралық келiсiмнiң жарамсыз болып табылатындығының
аралық соттың шешiмi аралық келiсiмде
көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн
дау бойынша қабылданғанының немесе аралық
келiсiмнiң шегiнен шығатын мәселелер жөнiндегi
қаулылардан тұратындығының, сондай-ақ
даудың аралық соттың ведомстволық қарауында
еместiгiнiң дәлелдемелерiн табыс еткен
жағдайда, аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп
орындатуға арналған атқару парағын беруден
бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Егер
аралық соттың аралық келiсiмде қамтылатын
мәселелер жөнiндегi қаулылары мұндай
келiсiмде қамтылмайтындардан бөлiнiп шығарылуы
мүмкiн болса, онда аралық соттың аралық
келiсiмде қамтылатын мәселелер жөнiндегi
қаулылардан тұратын шешiмiнiң сол бөлiгiн
мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын
беруден бас тартуға болмайды;
аралық соттың құрамы немесе аралық сотта
iс қарау Қазақстан Республикасының аралық
сотта iс қарау туралы заңнамасының
аралық соттың шешiмi өзiне қарсы қабылданған
тарап аралық судьялардың сайлануы (тағайындалуы)
туралы немесе аралық сот отырысының уақыты
мен орны туралы тиiстi түрде хабардар
етiлмегенiнiң не аралық сотқа басқа да
себептермен өз түсiндiрмелерiн бере алмағанының
тараптардың бiрiнiң аралық келiсiм жасау
кезiнде әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке
қабiлетi шектеулi екендiгiнiң
соттың немесе аралық соттың сол тараптардың
арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы
және сол негiздер бойынша заңды күшiне
енген шешiмiнiң не талапкердiң талап қоюдан
бас тартуына байланысты iс бойынша iс
жүргiзудi тоқтату туралы соттың немесе
аралық соттың ұйғарымы болғандығының
соттың шешiм шығаруы сот үкiмiмен белгiленген
қылмыс жасау нәтижесiнде мүмкiн болғандығының
дәлелдемелерiн табыс еткен жағдайларда,
аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға
арналған атқару парағын беруден бас тарту
туралы ұйғарым шығарады;
2) сот:
дау Қазақстан Республикасының заңнамасына
немесе осы дау бойынша аралық келiсiмдi
тараптар бағындырған басқа құқыққа сәйкес
аралық сотта iс қараудың нысанасы бола
алмайтынын;
аралық соттың шешiмi осы баптың 1), 2) тармақшаларында
белгiленген талаптар мен Қазақстан Республикасының
жариялылық тәртiбiне қайшы келетiнiн анықтаса,
аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға
арналған атқару парағын беруден бас тарту
туралы ұйғарым шығарады.
19-тарау. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру
242-бап. Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру мiндетi
Сот:
1) егер даулы құқық қатынасы құқық мирасқорлығына
жол беретiн болса, iсте тарап болып табылатын
азамат қайтыс болғанда немесе заңды тұлға
қайта құрылған, таратылған;
2) тарап әрекет қабiлеттiлiгiнен айырылған;
3) жауапкер Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерiнiң жауынгерлiк iс-қимылдарға қатысушы
бөлiмдерiнде, басқа әскерлерi мен әскери
құрамаларында болған немесе Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерiнiң жауынгерлiк
iс-қимылдарға қатысушы бөлiмдерiнде, басқа
әскерлерi және әскери құрамаларында жүрген
талап қоюшылардың өтiнiшi болған;
4) азаматтық, қылмыстық немесе әкiмшiлiк
сот iсiн жүргiзуде қаралып жатқан басқа
iстiң шешiлуiне дейiн бұл iстi қараудың мүмкiндiгi
болмаған;
5) егер ол осы iс бойынша қолданылуға тиiстi
заң немесе басқа нормативтiк құқықтық
актi адамның және азаматтың Конституцияда
бекiтiлген құқықтары мен бостандықтарына
қысым жасайтындығын байқаған және осы
актiнiң конституцияға сай еместiгiн тану
туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесiне өтiнiш жасаған, сондай-ақ Конституциялық
Кеңес басқа соттың бастамашылығымен
осы iс бойынша қолданылуға тиiстi нормативтiк
құқықтық актiнiң конституциялылығын тексерiп
жатқандығы белгiлi болған;
6) құқықтық көмек көрсету жөнiндегi тапсырмамен
шет мемлекеттiң сотына өтiнiш жасаған;
РҚАО-ның ескертпесi!
7) тармақша жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
7) тараптар медиацияны жүргiзу туралы
келiсiм жасаған жағдайда iс бойынша iс
жүргiзудi тоқтата тұруға мiндеттi.
Ескерту. 242-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238, 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
243-бап. Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру құқығы
Сот:
1) тарап Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерiнде, басқа әскерлерiнде және әскери
құрамаларында шақыру бойынша әскери
қызметте болған немесе ол басқа да мемлекеттiк
мiндеттi орындауға тартылған;
РҚАО-ның ескертпесi!
2) тармақша жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
2) тарап iстi қарау мерзiмiнен асатын мерзiмде
қызметтiк iссапарда болған;
РҚАО-ның ескертпесi!
3) тармақша жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
3) тарап емдеу мекемесiнде болған немесе
оның сотқа келуiне кедергi жасайтын сырқаты
болған және ол медициналық мекеменiң
құжатымен расталған;
4) жауапкер осы Кодекстiң 135-бабында көзделген
жағдайларда iздеуде болған;
5) сот сараптама тағайындаған;
6) қаралып жатқан iс бойынша құқықтық
көмек көрсету жөнiнде сотқа тапсырылған
өтiнiштi;
7) қорғаншылық және қамқоршылық орган
бала асырап алу iсi жөнiнде асырап алушылардың
тұрмыс жағдайын зерттеудi белгiленген
жағдайларда iске қатысушы адамдардың
өтiнiшi бойынша немесе өз бастамашылығымен
iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұра алады.
244-бап. Iс жүргiзудi тоқтата тұру мерзiмдерi
Iс бойынша iс жүргiзу:
1) Осы Кодекстiң 242-бабының 1) және 2) тармақшаларында
көзделген жағдайларда - шығып қалған
адамның құқықтық мирасқоры анықталғанға
дейiн немесе әрекетке қабiлетсiз адамға
өкiл тағайындалғанға дейiн;
2) Осы Кодекстiң 242-бабының 3) тармақшасында
және 243-бабында көзделген жағдайларда
- тарап Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерiнiң құрамында болуын тоқтатқанға
дейiн, ол мемлекеттiк мiндеттi орындауды
аяқтағанға дейiн, қызметтiк iссапардан
оралғанға дейiн, емдеу мекемесiнен шыққанға
немесе сырқатынан айыққанға дейiн, жауапкер
iздестiрiлiп болғанға дейiн немесе сарапшының
қорытындысы немесе қорғаншылық және
қамқоршылық органның қорытындысы сотқа
табыс етiлгенге дейiн;
3) осы Кодекстiң 242-бабының 4) тармақшасында
көзделген жағдайларда - сот шешiмi, үкiмi,
немесе соттың қаулысы шығарылғанға дейiн;
4) осы кодекстiң 242-бабының 5) тармақшасында
көзделген жағдайларда - Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесiнiң шешiмi күшiне
енгенге дейiн;
5) осы Кодекстiң 242-бабының 6) тармақшасында,
243-бабының 6) тармақшасында көзделген
жағдайларда - сот құқықтық көмек көрсету
туралы тапсырманы орындағанға дейiн;
6) осы Кодекстiң 242-бабының 7) тармақшасында
көзделген жағдайларда – медиация тоқтатылғанға
дейiн тоқтатыла тұрады.
Ескерту. 244-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238, 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
245-бап. Соттың iс
жүргiзудi тоқтата тұру туралы
ұйғарымына шағымдану
немесе наразылық келтiру
Соттың iс бойынша iс жүргiзудi
тоқтата тұру туралы
246-бап. Iс жүргiзудi қайта бастау
Iстi тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейiн iске қатысушы адамдардың арызы бойынша немесе соттың бастамашылығымен iс жүргiзу қайта басталады. Iс жүргiзу қайта басталған кезде сот iске қатысушы адамдарға азаматтық сот iсiн жүргiзудiң жалпы ережелерi бойынша хабарлайды.
20-тарау. Iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту
247-бап. Iс бойынша
iс жүргiзудi қысқартудың
негiздемелерi
Сот, егер:
1) iс азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен
қарауға жатпаса;
2) сол тараптардың арасындағы сол мәселе
туралы дау бойынша және сол негiздер бойынша
шығарылған, заңды күшiне енген сот шешiмi
немесе талап қоюшының өз талабынан бас
тартуына немесе тараптардың бiтiмгершiлiк
келiсiмiн, тараптардың дауды медиация
тәртiбiмен реттеу туралы келiсiмiн орнықтыруына
байланысты iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту
туралы соттың ұйғарымы болса;
3) талап қоюшы өз талабынан бас тартса
және бас тартуды сот қабылдаса;
4) тараптар бiтiмгершiлiк келiсiмiн жасаса
және оны сот бекiтсе;
4-1) тараптар дауды медиация тәртiбiмен
реттеу туралы келiсiм жасаса және оны
сот бекiтсе;
5) iс бойынша тараптардың бiрi болып табылатын
азамат қайтыс болғаннан кейiн даулы құқықтық
қатынас құқық мирасқорлығына жол бермесе;
6) iс бойынша тарап ретiнде әрекет жасайтын
ұйым қызметi тоқтатылуына және құқық
мирасқорлары болмауына байланысты таратылса,
iс бойынша iс жүргiзудi қысқартады.
Ескерту. 248-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
248-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi қысқартудың
тәртiбi мен салдары
1. Iс бойынша iс жүргiзу сот
ұйғарымымен қысқартылады.
2. Iс бойынша iс жүргiзу қысқартылған жағдайда
сол тараптар арасындағы, сол мәселе туралы
дау бойынша және сол негiздер бойынша екiншi рет сотқа жүгiнуге жол берiлмейдi.
3. Осы Кодекстiң 247-бабының 1), 2) тармақшаларында
көзделген негiздер бойынша iс бойынша
iс жүргiзудi қысқарта отырып, сот ұйғарымда
мемлекеттiк баждың қайтарылатыны туралы
және талапты қамтамасыз ету жөнiнде қолданылған
шаралардың күшi жойылғаны туралы көрсетедi.
4. Соттың iс жүргiзудi қысқарту туралы
ұйғарымына жеке шағым, наразылық берiлуi
мүмкiн.
21-тарау. Арызды қараусыз қалдыру
249-бап. Арызды қараусыз қалдырудың негiздемелерi
Сот, егер:
1) талап қоюшы осы санаттағы iстер үшiн
заңда белгiленген дауды алдын ала сотқа
дейiн шешудiң мiндеттi тәртiбiн сақтамаса
және осы тәртiпте қолданудың мүмкiндiгi
жоғалмаса;
2) арызды әрекетке қабiлетсiз адам берсе;
3) арызға қол қойған және оны берген адамның
арызға қол қоюға және оны беруге өкiлеттiгi
жоқ болса;
4) осы немесе басқа соттың iс жүргiзуiнде
осы тараптар арасындағы, сол мәселе туралы
дау бойынша және сол негiздер бойынша
бұрын қозғалған iс бар болса;
5) eгep заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе,
тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес
аралық соттың немесе халықаралық коммерциялық
төрелiктiң шешiмiне беру туралы келiсiм
жасалса және жауапкерден iстi мәнi бойынша
қарау басталғанға дейiн дауды сотта шешуге
қарсылық бiлдiрiлсе;
6) өздерiнiң қатысуынсыз iстi қарауды өтiнбеген
тараптар екiншi шақыру бойынша сотқа келмесе;
7) өзiнiң қатысуынсыз iстi қарауды өтiнбеген
талап қоюшы екiншi шақыру бойынша сотқа
келмесе, ал жауапкер iстi мәнi бойынша
қарауды талап етпесе;
8) өзiнiң мүддесiне сай iс қозғалған адам
мәлiмделген талапты қолдамаса;
9) талап-арызды қайтарып алу туралы өтiнiш
берiлсе, ал жауапкер iстi мәнi бойынша қарауды
талап етпесе;
10) көрсетушiге арналған күшi жойылған
бағалы қағаздар және ордерлi бағалы қағаздар
бойынша құқықты қалпына келтiру туралы
iстер жөнiндегi өтiнiш жарияланымнан бастап
үш ай мерзiм аяқталғанға дейiн берiлсе,
арызды қараусыз қалдырады.
Ескерту. 249-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.28 N 24 (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2 баптан қараңыз), 2010.02.05 249-IV Заңдарымен.
250-бап. Арызды
қараусыз қалдырудың тәртiбi
мен салдары
1. Iс бойынша iс жүргiзу арызды
қараусыз қалдырған жағдайда
соттың ұйғарымымен аяқталады. Бұл ұйғарымда сот осы Кодекстiң
249-бабында аталған iстi қарауға кедергi
келтiретiн мән-жайларды қалай жоюды көрсетуге
мiндеттi. Осы Кодекстiң 249-бабының 1) және
2) тармақшаларында көзделген негiздер
бойынша арызды қараусыз қалдыра отырып,
сот ұйғарымда мемлекеттiк бажды қайтаруды
және талапты қамтамасыз ету жөнiнде қолданылған
шаралардың тоқтатылатындығын көрсетедi.
2. Соттың арызды қараусыз қалдыру жөнiндегi
ұйғарымына жеке шағым берiлуi немесе наразылық
келтiрiлуi мүмкiн.
3. Арызды қараусыз қалдыруға негiз болған
мән-жайлар жойылғаннан кейiн мүдделi адам
жалпы тәртiп бойынша сотқа тағы да арыз
беруге құқылы.
4. Талап қоюшының не жауапкердiң өтiнiшiмен
осы Кодекстiң 249-бабының 6) және 7) тармақшаларында
көрсетiлген негiздер бойынша, егер тараптар
өздерiнiң сот отырысында болмауының дәлелдi
себептерiн растайын дәлелдемелер ұсынса,
сот арызды қараусыз қалдыру жөнiндегi
өз ұйғарымының күшiн жояды.
5. Соттың осындай өтiнiштi қанағаттандырудан
бас тартқан ұйғарымына жеке шағым берiлуi
мүмкiн.
22-тарау. Сот ұйғарымы
251-бап. Сот ұйғарымы және оны шығарудың тәртiбi
1. Iс мәнi бойынша шешiлмейтiн
бiрiншi сатыдағы сот актiсi ұйғарым
түрiнде шығарылады.
2. Ұйғарымды осы Кодекстiң 217-бабында көзделген
тәртiппен дербес iс жүргiзу құжаты түрiнде сот
шығарады.
3. Күрделi емес мәселелердi шешкен кезде
сот отырыс залынан шықпай-ақ ұйғарым
шығара алады. Мұндай ұйғарым сот отырысының
хаттамасына енгiзiледi.
4. Ұйғарым шығарылғаннан кейiн дереу жарияланады.
252-бап. Ұйғарымның мазмұны
1. Ұйғарымда:
1) ұйғарымның шығарылған күнi мен орны;
2) ұйғарым шығарған соттың атауы, сот
отырысындағы судьяның және хатшының
тегi, аты-жөнi;
3) iске қатысушы адамдар, даудың нысанасы
немесе мәлiмделген талап;
4) ұйғарым шығарылған мәселе;
5) соттың өз қорытындыларын шығару себептерi
және сот басшылыққа алып сiлтеме жасаған
заңдар;
6) соттың қаулысы;
7) егер ұйғарым бойынша шағымдануға болатын
болса, шағым берудiң тәртiбi мен мерзiмi
көрсетiлуге тиiс.
2. Сот отырысы залында сот шығаратын ұйғарымда
осы баптың 4)-6) тармақшыларында аталған
мәлiметтер болуға тиiс.
Ескерту. 252-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
253-бап. Соттың жеке ұйғарымдары
1. Сот отырысында заңдылық
2. Қабылданған шаралар туралы хабарламау заңға сәйкес
әкiмшiлiк жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Әкiмшiлiк жаза қолдану тиiстi адамдарды
соттың жеке ұйғарымы бойынша қабылданған
шаралар туралы хабарлау мiндетiнен босатпайды.
3. Егер iстi қарау кезiнде сот тараптардың,
процеске басқа қатысушылардың, лауазымды
немесе өзге де адамдардың әрекетiнен
қылмыс белгiлерiн тапса, ол туралы прокурорға
хабарлайды.
4. Мүдделерiне қатысы бар жеке ұйғарымға
адамдар осы Кодекстiң 344-бабының төртiншi
бөлiгiнде көзделген тәртiппен шағым бере
алады.
Ескерту. 253-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.
254-бап. Iске қатысушы
адамдарға сот ұйғарымының
көшiрмесiн жiберу
Iске қатысушы, сот отырысына
келмеген тараптар мен басқа
адамдарға iс бойынша iс жүргiзудiң
тоқтатыла тұруы немесе
23-тарау. Хаттамалар
255-бап. Хаттама жүргiзудiң мiндеттiлiгi
Бiрiншi сатыдағы соттың әрбiр сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбiр жеке iс жүргiзу әрекетi туралы хаттама жасалады.
256-бап. Хаттаманың мазмұны
1. Сот отырысының немесе
2. Сот отырысының хаттамасында:
1) сот отырысының жылы, айы, күнi және
орны;
2) сот отырысы басталған және аяқталған
уақыт;
3) iстi қарайтын соттың атауы, сот отырысы
судьясының, хатшысының тегi мен аты-жөнi;
4) iстiң атауы;
4-1) соттың аудио-, бейнежазба құралдарын
және (немесе) стенографиялауды қолдануы
туралы мәлiметтер;
5) iске қатысушы адамдардың, өкiлдердiң,
куәлердiң, сарапшылардың, мамандардың,
аудармашылардың келгенi туралы мәлiметтер;
6) iске қатысушы адамдарға, өкiлдерге,
сондай-ақ аудармашыға, сарапшылар мен
мамандарға олардың iс жүргiзу құқықтары
мен мiндеттерiнiң түсiндiрiлгенi туралы
мәлiметтер;
7) төрағалық етушiнiң өкiмдерi және сот
отырысы залында соттың шығарған ұйғарымы;
8) iске қатысушы адамдардың және өкiлдердiң
арыздары, өтiнiштерi және түсiнiктемелерi;
9) куәлардың айғақтары, сарапшылардың
өз қорытындыларын ауызша түсiндiрулерi,
мамандардың түсiндiрмелерi;
10) құжаттардың жария етiлуi туралы мәлiметтер,
заттай дәлелдемелердi қараудың, дыбысжазбаларды
тыңдаудың, бейнежазбаларды, киноматериалдарды
көрудiң деректерi;
11) осы Кодекстiң 57-бабы негiзiнде iске қатысушы
мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарының қорытындылары туралы
мәлiметтер;
12) сот отырысы залында болған сұрақтар
мен жауаптардың мазмұны;
13) сот жарыссөздерiнiң мазмұны;
13-1) осы Кодекстiң 55-бабы негiзiнде iске
қатысқан прокурордың қорытындысы;
14) шешiм мен ұйғарымдардың мазмұны жария
етiлгенi және түсiндiрiлгенi, оларға шағым
беру тәртiбi мен мерзiмi түсiндiрiлгенi туралы
мәлiметтер;
15) iске қатысушы адамдарға хаттамамен
танысу және оған ескертулер беру құқықтарының
түсiндiрiлгенi туралы мәлiметтер;
16) хаттаманың жасалған күнi көрсетiледi.
Ескерту. 256-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
257-бап. Хаттама жасау
1. Хаттаманы сот отырысының хатшысы жасайды.
2. Әрбiр сот отырысы бойынша немесе жеке
iс жүргiзу әрекетi бойынша жеке хаттама
жасалады.
РҚАО-ның ескертпесi!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
3. Хаттама қолмен, мәшинкемен, компьютермен
немесе электрондық (цифрлық дыбыс-, бейнежазбаны
қоса алғанда) тәсiлмен жазылып, дайындалуы
мүмкiн. Сот отырысында осы құралдарды
кезде пайдаланған алынған стенограмма,
аудио-, бейнежазба материалдары cот отырысының
хаттамасына қоса тiркеледi және iспен
бiрге сақталады.
4. Iске қатысушы адамдар мен өкiлдер хаттаманың
қандай да бiр бөлiгiн жария ету туралы,
өздерi iс үшiн елеулi деп есептейтiн мән-жайлар
жөнiндегi мәлiметтердi хаттамаға енгiзу
туралы өтiнiш жасауға құқылы.
5. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейiн
үш күннен кешiктiрiлмей, ал жеке iс жүргiзу
әрекетi туралы хаттама ол жасалғаннан
кейiнгi келесi күннен кешiктiрiлмей дайындалып,
оған қол қойылуға тиiс. Күрделi iстер бойынша
сот отырысының хаттамасын дайындау және
оған қол қою бұдан да ұзақ мерзiмде, бiрақ
сот отырысы аяқталғаннан кейiн он күннен
кешiктiрiлмей жүзеге асырылуы мүмкiн.
6. Хаттамаға төрағалық етушi және хатшы
қол қояды. Барлық өзгерiстер, түзетулер,
толықтырулар хаттамада айтылуға және
олардың қол қоюымен куәландырылуға тиiс.
7. Сот iске қатысушы адамдардың немесе
олардың өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша сот
отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысының
электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған
электрондық құжат нысанындағы хаттаманы
ұсынуға мiндеттi.
Ескерту. 257-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
258-бап. Хаттамаға ескертпелер
Iске қатысушы адамдар немесе олардың
өкiлдерi сот отырысының хаттамасы дайындалған
және оған қол қойылған күннен бастап
бес күн iшiнде онымен танысуға, хаттамада
жiберiлген қателiктердi немесе жасалған
iс-әрекеттердiң және олардың нәтижелерiн тiркеудiң (көрсетудiң)
толық еместiгiн көрсете отырып, бес күн
iшiнде оған жазбаша түрде немесе электрондық
цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық
құжат нысанында ескертпелер беруге құқылы.
Ескерту. 258-бап жаңа
редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесi!
259-бап жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
259-бап. Хаттамаға жасалған ескертпелердi қарау
1. Хаттамаға жасалған
2. Төрағалық етушi берiлген ескертпелермен
келiспеген жағдайда хаттамаға ескертпелер
берген адамға хабарлана отырып, олар
сот отырысында қаралады. Ескертпелердi
қарау нәтижесiнде төрағалық етушi олардың
дұрыстығын куәландыру туралы не олардың
толық немесе iшiнара қабылданбауы туралы
ұйғарым шығарады. Ескертпелер барлық
жағдайда iске қоса тiркеледi.
3. Хаттамаға жасалған ескертпелер олардың
берiлген күнiнен бастап бес күн iшiнде
қаралуға тиiс.
4. Iс бойынша төрағалық етушi әлдебiр объективтi
себептермен хаттамаға жасалған ескертпелердi
қарай алмаған жағдайда, олар iстiң материалдарына
қоса тiркеледi.
24-тарау. Сырттай iс жүргiзу және сырттай шешiм шығару
260-бап. Сырттай iс жүргiзу негiздемелерi
1. Отырыстың өткiзiлетiн орны
мен уақыты тиiстi түрде хабарланған, келмей
қалуының дәлелдi себептерiн хабарламаған
және iстi өзi жоқта қарауды сұрамаған жауапкер
сот отырысына келмей қалған жағдайда,
егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса,
iс сырттай iс жүргiзу тәртiбiмен қаралуы
мүмкiн.
2. Iске бiрнеше жауапкер қатысқан кезде
сот отырысына барлық жауапкерлер келмей
қалған жағдайда iс сырттай iс жүргiзу тәртiбiмен
қаралуы мүмкiн.
3. Егер сот отырысына келген талап қоюшы
жауапкер жоқта iстi сырттай жүргiзу тәртiбiмен
қарауға келiспесе, сот iстiң қаралуын кейiнге
қалдырады және жауапкерге жаңа сот отырысының
өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы хабарлама
жiбередi. Тиiстi түрде хабарланған жауапкер
тағы да келмей қалған жағдайда сот iстi
сырттай iс жүргiзу тәртiбiмен қарайды.
4. Сот iстi сырттай iс жүргiзу тәртiбiмен
қарау туралы ұйғарым шығарады.
5. Талап қоюшы iстiң нысанасын немесе талаптың
негiздемесiн өзгерткен жағдайда сот iстi
соттың сол отырысында сырттай iс жүргiзу
тәртiбiмен қарауға құқылы емес.
261-бап. Сырттай iс жүргiзу тәртiбi
Сот сырттай iс жүргiзу тәртiбiмен iстi қарау кезiнде iске қатысушы адамдар берген дәлелдемелердi зерттейдi, олардың дәлелдерiн ескередi және сырттай шешiм деп аталатын шешiм шығарады.
262-бап. Сырттай шешiмнiң мазмұны
1. Сырттай шешiмнiң мазмұны осы
Кодекстiң 221-бабының ережелерiнде
2. Сырттай дәлелдi шешiм шығаруды кейiнге
қалдыруға жол берiлмейдi.
3. Сырттай шешiмнiң қарар бөлiгiнде жауапкердiң
бұл шешiмнiң күшiн жою туралы өтiнiш беруiнiң мерзiмi мен тәртiбi көрсетiлуге
тиiс.
263-бап. Сырттай
шешiмнiң көшiрмесiн жiберу
1. Сырттай шешiмнiң көшiрмесi жауапкерге
оның шығарылған күнiнен бастап үш күннен
кешiктiрiлмей, оның тапсырылғаны туралы
хабарланатын етiп жiберiледi.
2. Сырттай шешiмнiң көшiрмесi сот отырысына
қатыспаған талапкерге ол шығарылған
күннен бастап үш күннен кешiктiрiлмей,
оның тапсырылғаны туралы хабарланатын
етiп жiберiледi.
264-бап. Сырттай шешiмге шағым жасау
1. Жауапкер сырттай шешiм шығарған сотқа өзi шешiмнiң көшiрмесiн
алған кезден бастап бес күн iшiнде бұл
шешiмнiң күшiн жою туралы арыз беруге құқылы.
2. Сырттай шешiмге тараптар бұл шешiмнiң
күшiн жою туралы арыз беру мерзiмi өткен
соң, ал арыз берiлген жағдайда - бiрiншi
сатыдағы сот арызды қанағаттандырудан
бас тарту туралы ұйғарым шығарған кезден
бастап он бес күн iшiнде апелляциялық
тәртiппен шағым беруi немесе прокурор
наразылық келтiруi мүмкiн.
Ескерту. 264-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.
265-бап. Сырттай
шешiмнiң күшiн жою туралы
арыздың мазмұны
1. Сырттай шешiмнiң күшiн жою
туралы арызда:
1) сырттай шешiм шығарған соттың атауы;
2) арыз берген тараптың атауы;
3) жауапкердiң сот отырысына дәлелдi себептермен келмей қалуын куәландыратын
мән-жайлар туралы мәлiметтер және бұл
мән-жайларды растайтын дәлелдемелер,
сондай-ақ шешiмнiң мазмұнына әсер етуi
мүмкiн дәлелдемелер;
4) арыз берушi тараптың өтiнiшi;
5) арызға қоса тiркелетiн материалдардың
тiзбесi болуға тиiс.
2. Сырттай шешiмнiң күшiн жою туралы арызға
тарап немесе өкiлеттiгi болған жағдайда
оның өкiлi қол қойып, ол iске қатысушы адамдардың
саны бойынша көшiрмелермен бiрге сотқа
табыс етiледi.
3. <*>
Ескерту. 265-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.12.24 N 276 Заңымен .
266-бап. Соттың
арыз қабылданғаннан кейiнгi
iс-әрекеттерi
Сот iске қатысушы адамдарға
сырттай шешiмнiң күшiн жою
267-бап. Арызды қарау
Сырттай шешiмнiң күшiн жою туралы арызды сот оның сотқа келiп түскен кезiнен бастап он күн iшiнде сот отырысында қарайды. Сот отырысы өткiзiлетiн уақыт пен орын туралы хабарланған iске қатысушы адамдардың келмей қалуы арыздың қаралуына кедергi болмайды.
268-бап. Соттың өкiлеттiгi
Сот сырттай шешiмнiң күшiн жою туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы немесе сырттай шығарылған шешiмнiң күшiн жою және iстi мәнi бойынша соттың сол құрамында немесе өзге құрамында қайта қарау туралы ұйғарым шығарады.
269-бап. Сырттай
шешiмнiң күшiн жоюдың
Егер жауапкердiң сот
270-бап. Iстiң қайта қаралуы
Сырттай шешiмнiң күшi жойылған
жағдайда сот iстi мәнi бойынша қайта
қарайды. Сот отырысының өткiзiлетiн
уақыты мен орны туралы тиiстi
түрде хабарланған жауапкер
271-бап. Сырттай шешiмнiң заңды күшi
Сырттай шешiм осы Кодекстiң 235-бабының ережелерi бойынша күшiне енедi.
3-бөлiмше. Ерекше талап қоюмен iс жүргiзу
25-тарау. Сайлауға,
референдумдарға қатысушы
мен қоғамдық бiрлестiктердiң
сайлау құқықтарын
қорғау туралы арыздар
бойынша iс жүргiзу
272-бап. Арыз беру
Мемлекеттiк органның, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешiмiмен, әрекетiмен (немесе әрекетсiздiгiмен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азамат, қоғамдық бiрлестiк, сайлау комиссиясының мүшесi осы Кодекстiң 3-тарауы мен басқа да заңдарда белгiленген соттылыққа жататын iс бойынша арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
273-бап. Арызды қарау
1. Сайлауға әзiрлiк және оны
өткiзу кезеңiнде, сондай-ақ дауыс
беру күнiнен бастап бiр ай iшiнде
түскен арыз оның берiлген күнiнен бастап бес күн мерзiмде, ал
дауыс беру күнiнен бес күн бұрын, дауыс
беру күнi және сайлау қорытындылары жарияланғанға
дейiн түскен арыз дереу қаралуға тиiс.
Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмдерiндегi
түзетулер қажеттiгi туралы сайлау комиссиясының
шешiмiне шағым жасау туралы арыз келiп
түскен күнi қаралуға тиiс. <*>
2. Арызды сот арыз берушiнiң, тиiстi сайлау
комиссиясы немесе мемлекеттiк орган,
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы өкiлiнiң
қатысуымен қарайды. Сот отырысының өткiзiлетiн
уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабарланған
аталған адамдардың сотқа келмеуi iстiң
қаралуы мен шешiлуiне кедергi болмайды.
Ескерту. 273-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.07.09 N 583 Заңымен, 2005.07.08 N 67-III Заңымен (Заңның қолданысқа
енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз).
274-бап. Соттың шешiмi және оның орындалуы
1. Арыз негiздi деп танылған сот
шешiмi бұзылған сайлау құқығын
қалпына келтiру үшiн негiз
2. Сот шешiмi дереу заңды күшiне енедi және
ол апелляциялық, кассациялық шағымдануға
жатпайды. Ол тиiстi мемлекеттiк органға,
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына немесе
сайлау комиссиясының төрағасына жiберiледi.
Сот шешiмiнiң орындалмауына кiнәлi лауазымды
адамдар заңда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкте
болады.
Ескерту. 274-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238, 2004.07.09 N 583, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
25-1-тарау. Жергiлiктi
атқарушы органдардың
алқаби ретiнде қылмыстық
сот iсiн жүргiзуге қатысу құқықтарын
бұзатын шешiмдерiне,
әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) дау айту
жөнiндегi арыздар
бойынша iс жүргiзу
Ескерту. Кодекс 25-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.01.16 N 122 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
274-1-бап. Арыз беру
1. Жергiлiктi атқарушы органның
шешiмiмен, әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен)
алқаби ретiнде қылмыстық сот
iсiн жүргiзуге қатысу үшiн iрiктеу
рәсiмiне қатысуда азаматтың
2. Арызды Қазақстан Республикасының алқабилер
туралы заңнамасына сәйкес, алқабиге кандидаттардың
алдын ала тiзiмiмен азаматтарды таныстыру
мерзiмi аяқталған кезден бастап жетi күн
мерзiм iшiнде сотқа беруге болады.
274-2-бап. Арызды қарау
1. Осы Кодекстiң 274-1-бабында белгiленген
мерзiмдерде келiп түскен арыз
- екi күн мерзiмде, ал осы мерзiм
аяқталатын күнi келiп түскен арыз
дереу қаралуға тиiс.
2. Сот арыз иесiнiң, тиiстi жергiлiктi атқарушы
орган өкiлiнiң қатысуымен қарайды. Сот
отырысының уақыты мен орны туралы тиiсiнше
хабардар етiлген, аталған адамдардың
сотқа келмей қалуы iстi қарау және шешу
үшiн кедергi болып табылмайды.
274-3-бап. Арыз бойынша сот шешiмi және оның орындалуы
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге
алқаби ретiнде қатысу үшiн iрiктеу
рәсiмiне қатысуға азаматтың
2. Сот шешiмi тиiстi жергiлiктi атқарушы
органға жiберiледi. Сот шешiмiнiң орындалмауына
кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленген
жауаптылықта болады.
26-тарау. Әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы iстердi
қарауға уәкiлеттi
органдардың (лауазымды адамдардың)
қаулыларына дау айту
туралы iстер бойынша iс жүргiзу
Ескерту. 26-тараудың атауына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.
275-бап. Шағым беру
1. Қазақстан Республикасының
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан зардап
шеккен адам да сотта әкiмшiлiк жаза қолдану
туралы қаулыға дау айтуға құқылы.
3.
4. Шағымда осы Кодекстiң 150-бабында көзделген
мәлiметтер, сондай-ақ нақты алғанда қандай
қаулыға шағым жасалып отырғаны туралы
деректер, оның шығарылған, азаматқа көшiрмесi
тапсырылған немесе хабарланған күнi көрсетiлуге
тиiс.
5. Сотқа шағым беру әкiмшiлiк жаза қолдану
туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрады.
6. Мүдделi адамдардың жоғары тұрған органдарға
немесе жоғары тұрған лауазымды адамға
бағыныштылық тәртiбiмен алдын ала жүгiнуi
сотқа шағым беру және соттың оны мәнi
бойынша қарауы мен шешуi үшiн мiндеттi
шарт болып табылмайды.
7. Шағым беру мерзiмiнiң өткiзiлiп алуы,
әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң, сондай-ақ
қаулының орындалу мерзiмiнiң өтуi соттың
шағымды қарауға қабылдаудан бас тартуына
негiз болып табылмайды. Мерзiмдер мен
олардың iстi дұрыс шешу үшiн маңызын сот
шағымның мазмұнына қарамастан тексередi.
Ескерту. 275-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.
275-1-бап. Әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы iс
жөнiндегi қаулыға
сотқа шағымдану мен
наразылық келтiрудiң
тәртiбi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарауға уәкiлеттi жоғары тұрған органның
(лауазымды адамның) қаулысына осы баптың
бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiмдерде
аталған адамдар сотқа шағым бере алады.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
қаулыға шағым жоғары тұрған органға (лауазымды
адамға) және сотқа бiр мезгiлде түссе,
онда шағымды сот қарайды.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
қаулыға прокурор қаулының көшiрмесiн
алған күннен бастап он күн iшiнде сотқа
наразылық келтiруi мүмкiн.
Ескерту. Кодекс
275-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
276-бап. Шағымды қарау
1. Сот шағымды он күн мерзiмде
қарайды.
2. Сот прокурорға, шағым берген адамға, сондай-ақ iс әрекетiне
шағым жасалып отырған әкiмшiлiк органға
немесе лауазымды адамға сот отырысының
өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы хабарлайды,
алайда олардың келмей қалуы iстiң қаралуы
мен шешiлуiне кедергi болмайды.
3. Iстi қараған кезде сот әкiмшiлiк жаза
қолдану туралы қаулының заңдылығы мен
негiздiлiгiн тексередi, ол заң негiзiнде
жүргiзiлiп отыр ма және оны соған уәкiлеттi
орган немесе лауазымды адам жүргiзiп отыр
ма, адамды әкiмшiлiк жауапқа немесе оған
жүктелген мiндеттi орындауға тартудың
белгiленген тәртiбi сақталды ма, азамат
заңдарға бұл үшiн тиiстi жауаптылық белгiленген
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасады ма, ол
осы құқық бұзушылық жасауға кiнәлi ме
дегендi анықтайды.
Ескерту. 276-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238, 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
277-бап. Соттың шешiмi
1. Сот азаматты әкiмшiлiк құқық
бұзушылық құрамы немесе
2. Сот жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың
сипатын, құқық бұзушының кiм екенiн, оның
кiнәсiнiң деңгейiн, мүлiктiк жағдайын, жауапкершiлiктi
жұмсартатын өзге де мән-жайларды ескере
отырып, жазалау шарасын өзгертуге құқылы.
Соттың әкiмшiлiк жазаны күшейтуiне жол
берiлмейдi.
3. Егер сот әкiмшiлiк органның, лауазымды
адамның әкiмшiлiк жаза қолдану жөнiндегi
iс-әрекетi заңды және негiзделген деп тапса,
сот қаулыны өзгертпей қалдырады, ал арызды
қанағаттандырмайды.
4. Егер сот әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iс жөнiндегi қаулыны әкiмшiлiк орган немесе
лауазымды адам өз құзыретiн бұза отырып
шығарғанын анықтаса, сот қаулының күшiн
жояды, ал әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iстi, егер әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмi
өтiп кетпеген болса, жоғары тұрған органның,
лауазымды адамның қарауына жiбередi немесе,
егер әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмi өтiп
кетсе, iс бойынша iс жүргiзудi қысқартады.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды
адамның) қаулысына жасалған шағым (наразылық)
бойынша шығарылған заңды күшiне енген
және енбеген сот ұйғарымдарына шағымдану
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс
белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
Ескерту. 277-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
27-тарау. Мемлекеттiк
өкiмет, жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарының, қоғамдық
бiрлестiктердiң, ұйымдардың, лауазымды
адамдар мен мемлекеттiк
қызметшiлердiң шешiмдерi мен
әрекеттерiне (немесе
әрекетсiздiгiне) дау айту туралы iс
бойынша iс жүргiзу
278-бап. Арыз беру
1. Азамат және заңды тұлға
мемлекеттiк органның, жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органының, қоғамдық бiрлестiктiң,
ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттiк
қызметшiнiң шешiмiне, әрекетiне (немесе әрекетсiздiгiне) тiкелей
сотта дау айтуға құқылы. Жоғары тұрған
органдар мен ұйымдарға, лауазымды адамға
алдын ала жүгiну сотқа арыз беруге және
соттың оны мәнi бойынша қарауға қабылдауына
және шешуiне мiндеттi шарт болып табылмайды.
2. Арыз сотқа осы кодекстiң 3-тарауында
белгiленген соттылық ережелерi бойынша
берiледi. Аудандық соттардың сотта iс қарауына
жатқызылған арыздарды азаматтың тұрғылықты
жерiндегi сотқа не әрекетiне дау айтылып
отырған мемлекеттiк органның, жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органының, қоғамдық бiрлестiктiң,
ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттiк
қызметшiнiң орналасқан жерiндегi сотқа
берiледi.
3. Арыз берушiнiң мемлекеттiк құпия болып
табылатын мәлiметтер туралы хабардар
болуының негiзi бойынша Қазақстан Республикасынан
шетелге кетуiне рұқсат беруден бас тартуға
тиiстi аудандық және кету туралы өтiнiштi
қанағаттандырмау жөнiнде шешiм қабылданған
жердегi соған теңестiрiлген сотта дау
айтылады.
4. <*>
Ескерту. 278-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
279-бап. Мемлекеттiк
органдардың, жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарының,
қоғамдық
бiрлестiктердiң, ұйымдардың,
лауазымды
адамдардың, мемлекеттiк
қызметшiлердiң сот
арқылы дау айтуға
жататын шешiмдерi, әрекетi
(немесе әрекетсiздiгi)
1. Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық
бiрлестiктердiң, ұйымдардың, лауазымды
адамдардың, мемлекеттiк қызметшiлердiң сотта дау айтылатын шешiмдерiне, әрекеттерiне
(немесе әрекетсiздiгiне) нәтижесiнде:
1) азаматтың және заңды тұлғалардың құқықтары,
бостандықтары және заңмен қорғалатын
мүдделерi бұзылған;
2) азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын,
сондай-ақ заңды тұлғаның құқықтары мен
заңмен қорғалатын мүдделерiн жүзеге асыруына
кедергi жасалған;
3) азаматқа немесе заңды тұлғаға әлдебiр
мiндет заңсыз жүктелген немесе олар заңсыз
жауапқа тартылған алқалық және жеке-дара
шешiмдер мен әрекеттер (әрекетсiздiк) жатады.
2. Осы тарауға сәйкес мемлекеттiк органдардың,
қоғамдық бiрлестiктер мен лауазымды адамдардың
мынадай шешiмдерi мен әрекеттерiне:
1) тексерiлуi Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатқызылған
нормативтiк құқықтық актiлерге;
2) оларға қатысты заң сотқа шағымданудың
өзгеше тәртiбiн көздейтiн жеке-дара және
нормативтiк құқықтық актiлерге сотта
дау айтуға болмайды.
Ескерту. 279-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.
280-бап. Сотқа арыз
берiп жүгiнуге арналған
1. Азамат және заңды тұлға
өз құқықтарының, бостандықтарының
және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылғаны
туралы өздерiне мәлiм болған күннен бастап
үш ай iшiнде сотқа арызбен жүгiнуге құқылы.
2. Арыз берiп жүгiнуге арналған үш айлық
мерзiмдi өткiзiп алу соттың арызды қабылдаудан
бас тартуына негiз болып табылмайды. Мерзiмнiң
өткiзiлiп алу себептерi сот отырысында
арызды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады
және арыздың қанағаттандырылуынан бас
тарту негiздемелерiнiң бiрi болуы мүмкiн.
Ескерту. 280-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
281-бап. Арызды қарау
1. Арызды сот бiр ай мерзiм
iшiнде прокурордың, азаматтың, заңды
тұлға өкiлiнiң шешiмдерi мен әрекеттерiне дау айтылып отырған
мемлекеттiк орган, жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органы, қоғамдық бiрлестiк, ұйым басшысының,
лауазымды адамның немесе мемлекеттiк
қызметшiнiң қатысуымен қарайды.
2. Сот отырысының өткiзiлетiн орны мен
уақыты туралы тиiстi түрде хабарланған
жоғарыда аталған адамдардың қайсыбiрiнiң
сот отырысына келмей қалуы арыздың қаралуына
кедергi болмайды. Алайда сот аталған адамдардың
сот отырысына келуiн мiндеттi деп табуы
мүмкiн.
Ескерту. 281-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238, 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
282-бап. Соттың шешiмi және оның орындалуы
1. Сот арызды орынды деп танып,
тиiстi мемлекеттiк органның, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының,
қоғамдық бiрлестiктiң, ұйымның, лауазымды
адамның немесе мемлекеттiк қызметшiнiң
азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары
мен бостандықтарын, және заңмен қорғалатын
мүдделерiн бұзуға жол берiлген бұрмалаушылықты
толық көлемiнде жоюға мiндеттiлiгi туралы
шешiм шығарады.
2. Егер сот дау айтылған шешiмдер мен әрекеттер
заңдарға сәйкес, мемлекеттiк органның,
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының, қоғамдық
бiрлестiктiң, ұйымның, лауазымды адамның
немесе мемлекеттiк қызметшiнiң өкiлеттiгi
шегiнде шығарылып жасалғанын және азаматтың
және заңды тұлғаның құқықтары, бостандықтары
және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылмағанын
анықтаса, арызды қанағаттандырудан бас
тартады.
3. Соттың шешiмi жол берiлген заң бұзушылықтарды
жою үшiн шешiмдерi мен әрекеттерiне дау
айтылған мемлекеттiк органның, жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органының, қоғамдық бiрлестiктiң,
ұйымның басшысына, лауазымды адамға,
мемлекеттiк қызметшiге не бағыныштылығы
бойынша жоғары тұрған органға, ұйымға
немесе лауазымды адамға сот шешiмi заңды
күшiне енгеннен кейiн үш күн iшiнде жiберiледi.
4. Шешiмнiң орындалғаны туралы сотқа ,
азаматқа немесе заңды тұлғаға сот шешiмi
алынған күннен бастап бiр ай мерзiмнен
кешiктiрiлмей хабарлануға тиiс. Сот шешiмiнiң
орындалмағаны үшiн кiнәлi лауазымды адамдар
заңда көзделген жауаптылықта болады.
Ескерту. 282-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
28-тарау. Нормативтiк
құқықтық актiлердiң
орай даулар туралы
iс бойынша iс жүргiзу
Ескерту. 28-тараудың атауына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
283-бап. Арыз беру
1. Өздерiне нормативтiк құқықтық
актiнiң күшi қолданылатын, мемлекеттiк
органның немесе лауазымды
2. Тексерiлуi Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесiнiң құзыретiне жатқызылған нормативтiк
құқықтық актiлердiң заңдылығына дау айту
туралы арыздар сотта қаралуға тиiстi емес.
3. Арыз осы Кодекстiң 3-тарауында белгiленген
сотта қаралуға жататын iс бойынша берiледi.
4. Азаматтың және заңды тұлғаның арызы
осы кодекстiң 150-бабында көзделген талаптарға
сай келуге және онда нормативтiк құқықтық
актiнi қабылдаған мемлекеттiк органның
атауы немесе лауазымды адам, оның қабылданған
күнi туралы қосымша деректер болып, осы
акт немесе оның жекелеген ережелерi арқылы
азаматтың және заңды тұлғаның нақты қандай
құқықтары, бостандықтары және заңмен
қорғалатын мүдделерi бұзылып отырғаны,
дау туғызып отырған актiнiң Қазақстан
Республикасы Конституциясының қандай
баптарына, заңдардың, Қазақстан Республикасы
Президентi жарлықтарының қандай ережелерiне
қайшы келетiндiгi көрсетiлуге тиiс.
5. Арызға дау айтылып отырған актiнiң немесе
оның бiр бөлiгiнiң көшiрмесi қоса тiркелiп,
нормативтiк құқықтық актiнi қандай бұқаралық
ақпарат органы және оны қашан жарияланғаны
көрсетiледi.
6. Сотқа арыз беру нормативтiк құқықтық
актiнiң қолданылуын тоқтатпайды.
Ескерту. 283-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
284-бап. Арызды қарау
1. Сотқа арызбен жүгiнген
2. Iс арыз берiлген күннен бастап он күн
мерзiмде азаматтың немесе заңды тұлға
өкiлiнiң, прокурордың, нормативтiк құқықтық
актiнi қабылдаған мемлекеттiк орган немесе
лауазымды адам өкiлiнiң мiндеттi түрде
қатысуымен қаралады. Алайда iстiң мән-жайларына
байланысты сот iстi сот отырысына келмеген
кейбiр мүдделi адамдар болмаған жағдайда
да тыңдай алады.
3. Сот отырысында сот нормативтiк құқықтық
актiнi қабылдаған мемлекеттiк органның
немесе лауазымды адамның құзыреттiлiгiн,
бүкiл нормативтiк құқықтық актiнiң немесе
оның жекелеген бөлiгiнiң Қазақстан Республикасының
4. Нормативтiк құқықтық актiнi заңға қайшы
деп тану туралы арызды қараған кезде
аталған актiнi қабылдауға негiз болған
мән-жайларды дәлелдеу мiндеттi актiнi қабылдаған
мемлекеттiк органға немесе лауазымды
адамға жүктеледi.
Ескерту. 284-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
285-бап. Соттың арыз бойынша шешiмi
1. Арызды негiзсiз деп тани
келiп, сот оны қанағаттандырудан
бас тарту жөнiнде шешiм
2. Арыз негiздi болған жағдайда сот өз
шешiмiнде нормативтiк құқықтық актiнi толық
немесе оның жекелеген бөлiктерiн акт қабылданған
кезден бастап жарамсыз деп таниды, бұл
туралы шешiмнiң қарар бөлiгiнде көрсетiледi.
3. Арыз қанағаттандырылған жағдайда сот
шешiмнiң қарар бөлiгiнде бұқаралық ақпарат
құралдарының редакциясы, егер жарамсыз
деп танылған нормативтiк құқықтық акт
бұрын сол бұқаралық ақпарат құралында
жарияланса, сот шешiмi туралы сот белгiлеген
мерзiмде хабарлама жариялауға мiндеттi
екенiн көрсетедi.
4. Нормативтiк құқықтық актi тұтастай
немесе оның жекелеген бөлiгiн жарамсыз
деп таныған сот шешiмi осы актiнi қабылдаған
мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам
үшiн, дау айтылған нормативтiк құқықтық
актiнiң күшi құқықтары мен бостандықтарына
қолданылған азамат және белгiсiз адамдар
тобы үшiн мiндеттi болып есептеледi. Оның
преюдициялық күшi бар және нормативтiк
құқықтық актiнiң заңдылығы туралы басқа
азаматтар оның сот тексеруiнiң объектiсi
болмайтын бөлiгiнде ғана қайтадан дауласа
алады.
29-тарау. ПРОКУРОРДЫҢ
ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ
АКТIЛЕРI МЕН IС-ӘРЕКЕТТЕРIН
ЗАҢСЫЗ ДЕП ТАНУ
ТУРАЛЫ ЖYГIНУI
Ескерту. 29-тараудың атауына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
286-бап. Наразылықтың
қабылданбауына байланысты
прокурордың жүгiнуi
1. Заңға сәйкес келмейтiн
2. Прокурордың сотқа жүгiнуi наразылық
келтiрiлген актiнiң күшiн сот қарағанға
дейiн тоқтата тұрады.
Ескерту. 286-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен .
287-бап. Прокурордың арызын сотта қарау
1. Сот прокурордың арызын он
күн мерзiмде қарайды.
2. Прокурордың арызы оның қатысуымен және наразылықты
қабылдамау туралы шешiм шығарған органның,
лауазымды адамның немесе оның өкiлiнiң
қатысуымен қаралады.
3. Сот отырысына наразылықты қабылдамау
туралы шешiм шығарған орган басшысының,
лауазымды адамның немесе оның өкiлiнiң
келмеуi прокурордың арызын қарауға кедергi
бола алмайды, алайда сот бұл адамның келуi
мiндеттi деп тануы мүмкiн.
288-бап. Прокурордың арызы бойынша соттың шешiмi
1. Сот прокурор арызының негiздi
екендiгiн анықтай отырып, өтiнiштi
қанағаттандыру және нормативтiк құқықтық
актiнi, жеке қолданылатын құқықтық актiнi
немесе iс-әрекеттi заңсыз деп тану туралы
шешiм шығарады.
2. Егер сот наразылық келтiрiлген актiнi
немесе iс-әрекеттi заңға және органның
немесе лауазымды тұлғаның өкiлеттiгiне
сәйкес деп таныса, ол арызды қанағаттандырудан
бас тарту туралы шешiм шығарады.
Ескерту. 288-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.
4-бөлiмше. Ерекше iс жүргiзу
30-тарау. Жалпы ережелер
289-бап. Сот ерекше
iс жүргiзу тәртiбiмен
қарайтын iстер
1. Сот ерекше iс жүргiзу тәртiбiмен
қарайтын iстерге:
1) заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау
туралы;
2) азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану
туралы және азаматты қайтыс болды деп
жариялау туралы;
3) азаматты әрекетке қабiлетi шектеулi
немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы;
3-1) кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм
беру ұйымдарына немесе ерекше режимде
ұстайтын ұйымдарға жiберу туралы;
4) азаматты психиатриялық стационарға
мәжбүрлеп жатқызу туралы;
4-1) қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретiнде
банк конгломератына кiретiн және қаржы
ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды
қайта құрылымдау туралы;
5) заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң
банкроттығы туралы;
5-1) заңды тұлғаларды оңалту туралы;
5-2) заңды тұлғаларды жеделдетiлген оңалту
туралы;
6) жылжымалы затты иесiз деп тану және
жылжымайтын мүлiкке коммуналдық меншiк
құқығын тану туралы;
7) азаматтық хал актiлерi жазуларының
дұрыс еместiгiн анықтау туралы;
8) нотариаттық әрекеттерге немесе оларды
жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша;
9) бағалы қағаздар көрсетушi адамның жоғалған
бағалы қағаздар және ордерлiк бағалы
қағаздар (шақырту iсiн жүргiзу) бойынша
құқықтарын қалпына келтiру туралы;
10) бала асырап алу туралы;
11) Қазақстан Республикасының және (немесе)
басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi
немесе террористiк қызметтi жүзеге асыратын
шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк
немесе террористiк ұйым деп тану туралы,
соның iшiнде оның өз атауын өзгерткенiн
анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды
экстремистiк деп тану туралы;
11-1) шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды
Қазақстан Республикасының заңнамасын
бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының
шегiнен шығарып жiберу туралы;
12) Қазақстан Республикасының аумағында
таратылатын, Қазақстан Республикасының
заңнамалық актiлерiне қайшы келетiн ақпараты
бар шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының
өнiмiн заңсыз деп тану туралы iстер жатады.
2. Заңда ерекше iс жүргiзу тәртiбiмен басқа
да iстердi қарау көзделуi мүмкiн.
Ескерту. 289-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238, 2005.02.23 N 33, 2005.07.08 N 67-III (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.10 N 178-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2010.04.08 № 266-IV, 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi), 2011.03.01 N 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
290-бап. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi қарау тәртiбi
1. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi осы
Кодекстiң 31-38-тарауларында белгiленген
алыныстармен және толықтырулармен қоса
талап қою ережелерi бойынша соттар қарайды.
Ерекше жүргiзiлетiн iстердi сот арыз берушi
мен мүдделi адамдардың қатысуымен қарайды.
2. Егер iстi ерекше iс жүргiзу тәртiбiмен
қарау кезiнде соттың қарауына жататын
құқық туралы дау туындаса, сот iстi талап
қою тәртiбiмен қарау туралы ұйғарым шығарады.
Iс талап қою тәртiбiмен оның қозғалу орны
бойынша қаралады. Арыз берушi мен басқа
да мүдделi адамдарға осы Кодекстiң 150,
151-баптарында көзделген талаптарды сот
белгiлеген мерзiмде орындау қажет екендiгi
түсiндiрiледi. Мүдделi адамдардың қарсылықтары
болған жағдайда сот iстi аумақтық сотта
қарау ережелерi бойынша басқа соттың
қарауына беруi мүмкiн.
3. Сот ұйғарымы белгiленген мерзiмде орындалмаған
жағдайда арыз қаралмай қалдырылады, ал
мүдделi адамдарға олардың жалпы негiздерде
талап қою құқығы түсiндiрiледi.
31-тарау. Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау
291-бап. Заңдық
маңызы бар фактiлердi анықтау
туралы iстер
1. Сот азаматтардың немесе
2. Сот мынадай фактiлердi:
1) адамдардың туыстық қатынастарын;
2) адамның бiреудiң асырауында болуы;
3) тууды, бала асырап алуды, некелесудi,
ажырасуды және қайтыс болуды тiркеу;
4) құқық белгiлейтiн құжаттардың (әскери
құжаттарды, паспорттарды, жеке куәлiктердi
және азаматтық хал актiлерiн жазу органдары
беретiн куәлiктердi қоспағанда) құжатта
көрсетiлген аты, әкесiнiң аты немесе тегi
осы адамның паспортында немесе жеке куәлiгiнде,
немесе туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген
атқа, әкесiнiң атына немесе тегiне сәйкес
келмейтiн адамдiкi екендiгi;
5) мүлiктi меншiк, шаруашылық жүргiзу және
оралымды басқару құқықтарымен иелену,
пайдалану және (немесе) оған билiк ету;
6) жазатайым жағдай;
7) азаматтық хал актiлерiн жазу органдары
қайтыс болу
оқиғасын тiркеуден бас тартқан жағдайда
адамның белгiлi бiр уақытта белгiлi бiр
мән-жайларда қайтыс болуы;
8) мұрагерлiктi қабылдау және мұрагерлiктiң
ашылу орны;
9) егер заңдарда оларды анықтаудың өзгеше тәртiбi
көзделмесе, басқа да заңдық маңызы бар
фактiлердi анықтау туралы iстердi қарайды.
292-бап. Заңдық
маңызы бар фактiлердi анықтауға
қажеттi шарттар
Сот арыз берушiнiң осы фактiлердi куәландыратын тиiстi құжаттарды өзге тәртiппен алуы мүмкiн болмаған жағдайда, не жоғалған құжаттарды қалпына келтiруi мүмкiн емес болған кезiнде ғана заңдық маңызы бар фактiлердi анықтайды.
293-бап. Арыз беру
Заңдық маңызы бар фактiлердi
анықтау туралы iстер бойынша
арыз арыз берушiнiң
294-бап. Арыздың мазмұны
Арызда арыз берiшiнiң қандай фактiнi және қандай мақсатпен анықтау қажет екендiгi көрсетiлуге тиiс, сондай-ақ арыз берушiнiң тиiстi құжаттарды алуы мүмкiн еместiгiн не жоғалған құжаттарды қалпына келтiру мүмкiн еместiгiн растайтын дәлелдемелер келтiрiлуге тиiс.
295-бап. Соттың арыз бойынша шешiмi
Соттың шешiмi фактiнi растайтын
құжат болып табылады, ал мемлекеттiк
органдар тiркеуге тиiстi фактiге
қатысты алғанда оны тiркеу
немесе ресiмдеу үшiн негiз
32-тарау. Азаматты
хабар-ошарсыз кеттi деп
тану
немесе азаматты қайтыс
болды деп жариялау
296-бап. Арыз беру
1. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi
деп тану туралы немесе
2. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану
немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау
туралы iс оның отбасы мүшелерiнiң, прокурордың,
қоғамдық бiрлестiктердiң, қамқоршы және
қорғаншы орган мен басқа да мүдделi адамдардың
арызы бойынша басталуы мүмкiн.
297-бап. Арыздың мазмұны
Арызда оны берушiге азаматты
хабар-ошарсыз кеттi деп тану немесе
оны қайтыс болды деп жариялау
қандай мақсат үшiн қажет
298-бап. Судьяның
арыз қабылдағаннан кейiнгi
iс-әрекеттерi
1. Судья iстi соттың қарауына әзiрлеу
кезiнде қандай адамдардың жоқ адам туралы
мәлiмет бере алатынын анықтайды, сондай-ақ
жоқ адам туралы соңғы мәлiм болған тұрғылықты
жерi және жұмыс орны бойынша тиiстi ұйымдардан
ол туралы бар мәлiметтердi сұрайды.
2. Судья арыз қабылдағаннан кейiн iс қозғалғаны
туралы арыз берушiнiң есебiнен жергiлiктi
газетте жарияланым беру туралы ұйғарым
шығарады. Жарияланымда мыналар болуға
тиiс:
1) азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану
немесе қайтыс болған деп жариялау туралы
арыз келiп түскен соттың атауы;
2) арыз берушiнiң атауы және оның тұрғылықты
жерi (егер арыз заңды тұлғалардан келiп
түссе, орналасқан жерi);
3) жоқ адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған
жерi мен соңғы жұмыс орны;
4) азаматтың жүрген жерiн бiлетiн адамдарға
жарияланым берiлген күннен бастап үш
ай мерзiмде сотқа ол туралы хабарлауды
ұсыну.
3. Арызды қабылдағаннан кейiн судья қамқоршы
және қорғаншы органға жоғалып кеткен
азаматтың мүлкiн күзету мен басқару үшiн
қамқоршы тағайындауды ұсына алады.
299-бап. Прокурордың қатысуы мiндеттiлiгi
Азаматты хабар-ошарсыз
300-бап. Сот шешiмдерiнiң салдары
1. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп таныған сот
шешiмi қамқоршы және қорғаншы органның
хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкi орналасқан
жерде осы мүлiкке қамқоршы тағайындауға
негiз болып табылады.
2. Азаматты қайтыс болды деп жариялаған
сот шешiмi азаматтық хал актiлерiн жазу
органының азаматтың қайтыс болуы туралы
жазуды азаматтық хал актiлерiн жазу кiтабына
енгiзуге негiз болып табылады.
301-бап. Хабар-ошарсыз
кеттi деп танылған немесе
қайтыс болды деп
жарияланған азаматтың келу
немесе жүрген жерiн
анықтау салдары
Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған
немесе қайтыс болды деп
33-тарау. Азаматты
әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi
немесе әрекетке қабiлетсiз
деп тану
302-бап. Арыз беру
1. Азаматты спирттi iшiмдiктерге
немесе есiрткi заттарға, психотроптық
заттарға немесе солар
2. Психикалық науқастану немесе психиканың
бұзылуы, ақылының кемiстiгi немесе психикасының
өзге де сырқатты хал-жайы салдарынан
азаматты әрекетке қабiлетсiз деп тану
туралы iс сотта онымен бiрге тұратынына
қарамастан отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстарының
(ата-анасының, балаларының, аға-iнiлерiнiң,
апа-қарындастарының), прокурордың, қамқоршы
және қорғаншы органның, психиатриялық
(психоневрологиялық) емдеу мекемесiнiң
арызы бойынша қозғалуы мүмкiн.
3. Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi
немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы
iс қамқоршы белгiлеу (тағайындау) жолымен
әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi, әрекетке
қабiлетсiз адамның да, осы баптың бiрiншi
және екiншi бөлiктерiнде аталған адамдардың
да мүдделерiн қорғау мақсатында қозғалады.
4. Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi
немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы
арыз сол азамат тұратын жердегi, ал егер
адам психиатриялық (психоневрологиялық)
емдеу мекемесiне жатқызылса, сол мекеме
орналасқан жердегi сотқа берiледi.
303-бап. Арыздың мазмұны
1. Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi
шектеулi деп тану туралы арызда
спирттi iшiмдiктерге немесе есiрткi
заттарға, психотроптық заттарға
немесе солар тақылеттестерге
құнығып кеткен адамның өз
отбасына материалдық жағынан ауыр жағдай жасайтындығын
куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиiс.
2. Азаматты әрекетке қабiлетсiз деп тану
туралы арызда өз әрекеттерiнiң нақты сипаты
мен маңызын түсiнбеуi немесе не iстегенiн
бiлмеуi салдарынан азаматтың психикалық
ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының
кемiстiгi немесе психикасының өзге де
сырқатты хал-жайы болуын куәландыратын
мән-жайлар жазылуға тиiс.
304-бап. Судьяның ресми өкiл-адвокат тағайындауы
1. Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi
шектеулi деп тану туралы арыз қабылданғаннан кейiн
судья процесте қозғалған iс бойынша азаматтың
мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн ресми
өкiл-адвокат тағайындайды.
2. Ресми өкiл-адвокаттың заңды өкiл өкiлеттiгi
болады. Заңға сәйкес мұндай адвокаттың
заң көмегi тегiн көрсетiледi.
Ескерту. 304-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
305-бап. Азаматтың
психикалық хал-жайын анықтау
үшiн сараптама тағайындау
1. Судья азаматтың психикалық ауруы немесе психикасының
бұзылуы, ақылының кемiстiгi немесе психикасының
өзге де сырқатты хал-жайы туралы деректер
жеткiлiктi болған жағдайда iстi соттың
қарауына әзiрлеу тәртiбiмен оның психикалық
жай-күйiн анықтау үшiн сот-психикалық
сараптама тағайындайды.
2. Әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы
iс қозғалған адам сараптамадан өтуден
көрiнеу жалтарған жағдайда сот психиатрдың
қатысуымен өтетiн сот отырысында азаматты
сот-психиатриялық сараптама мәжбүрлеп
жiберу туралы ұйғарым шығара алады.
3. Сот психиатриялық сараптаманы психиатриялық
стационарларда жүргiзудiң тәртiбi Қазақстан
Республикасының сот сараптамасы туралы заңнамасында
белгiленген.
Ескерту. 305-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
306-бап. Арызды қарау
1. Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi
шектеулi деп тану туралы iстi сот,
егер азаматтың денсаулық
2. Азаматты әрекетке қабiлетсiз деп тану
туралы iстi сот қамқоршы және қорғаншы
орган өкiлiнiң және прокурордың мiндеттi
түрде қатысуымен қарайды. Әрекетке қабiлетсiз
деп тану туралы iсi қаралып жатқан азамат,
егер денсаулық жағдайы мүмкiндiк берсе,
сот отырысына шақырылуы мүмкiн.
3. Азаматты әрекетке қабiлетсiз деп тану
туралы iстi қарауға байланысты сот шығындарын
төлеуден арыз берушi босатылады.
4. Арыз берген отбасы мүшелерiнiң, жақын
туыстардың, азаматты әрекетке қабiлетсiз
деп көрiнеу негiзсiз таныту мақсатымен
терiс пиғылды әрекет жасағанын анықтаған
сот олардан барлық сот шығындарын өндiрiп
алады.
Ескерту. 306-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
307-бап. Арыз бойынша соттың шешiмi
1. Егер азаматты әрекет
2. Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi
деп таныған сот шешiмi қамқоршы және қорғаншы
органның әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi
азаматқа қорғаншы
3. Азаматты әрекетке қабiлетсiз деп таныған
сот шешiмi қамқоршы және қорғаншы органның
әрекетке қабiлетсiз азаматқа қамқоршы
4. Қамқоршы және қорғаншы орган әрекет
қабiлеттiлiгi шектеулi немесе әрекетке
қабiлетсiз азаматқа тиiсiнше қорғаншы
немесе қамқоршы тағайындалғаны туралы
сотқа он күн мерзiм iшiнде хабарлауға тиiс.
308-бап. Азаматты әрекетке қабiлеттi деп тану
1. Қазақстан Республикасы
2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi 26-бабының
үшiншi тармағында көзделген жағдайларда
сот қамқоршының, психиатриялық емдеу
мекемесiнiң, отбасы мүшесiнiң, прокурордың,
психиатриялық (психоневрологиялық) мекеменiң,
қамқоршы және қорғаншы органының арызы
бойынша сот-психиатриялық сараптаманың
тиiстi қорытындысы негiзiнде сауыққан
немесе денсаулығы едәуiр жақсарған адамды
әрекетке қабiлеттi деп тану туралы шешiм
шығарады. Сот шешiмiнiң негiзiнде азаматқа
белгiленген қамқоршылық күшiн жояды.
33-1-тарау. Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жiберу туралы iстер бойынша iс жүргiзу
Ескерту. Кодекс 33-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 N 354-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
308-1-бап. Кәмелетке
толмаған баланы арнаулы бiлiм беру
ұйымына және ерекше
режимде ұстайтын ұйымға
орналастыру
1. Кәмелетке толмаған баланы
арнаулы бiлiм беру ұйымына немесе ерекше режимде
ұстайтын бiлiм беру ұйымына орналастыру
туралы өтiнiштi баланың тұрғылықты (болатын)
жерi бойынша кәмелетке толмағандардың
iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық
сотқа қорғаншылық және қамқоршылық органы
не iшкi iстер органы бередi.
2. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы
бiлiм беру ұйымына немесе ерекше режимде
ұстайтын бiлiм беру ұйымына орналастыру
туралы өтiнiште мән-жайлар баяндалуға
және арнаулы бiлiм беру ұйымына немесе
ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымына
жiберу үшiн заңмен көзделген негiздердiң
бар екендiгi туралы және кәмелетке толмаған
баланың оны көрсетiлген бiлiм беру ұйымдарында
ұстауға және оқытуға кедергi келтiретiн
ауруының жоқ екендiгi туралы куәландыратын
құжаттар ұсынылуға тиiс.
308-2-бап. Кәмелетке
толмаған баланы арнаулы бiлiм беру
ұйымына немесе ерекше
режимде ұстайтын ұйымға
орналастыру туралы
өтiнiштi қарау
1. Сотқа кәмелетке толмаған
бала, оның заңды өкiлдерi, қорғаншылық
және қамқоршылық органдарының өкiлдерi, сондай-ақ
соттың қалауы бойынша өзге де адамдар
шақырылады.
2. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы
бiлiм беру ұйымына немесе ерекше режимде
ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтiнiштi
қарауға прокурордың қатысуы мiндеттi
болып табылады.
3. Өтiнiш берушi кәмелетке толмаған баланы
арнаулы бiлiм беру ұйымына немесе ерекше
режимде ұстайтын ұйымға жiберу туралы
iстi қарауға байланысты сот шығындарын
төлеуден босатылады.
308-3-бап. Кәмелетке
толмаған баланы арнаулы бiлiм беру
ұйымына немесе ерекше
режимде ұстайтын ұйымға
орналастыру туралы
өтiнiш бойынша сот шешiмi
1. Судья кәмелетке толмаған баланы
арнаулы бiлiм беру ұйымына немесе ерекше
режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтiнiштi мәнi бойынша қарап, шешiм
шығарады, ол бойынша өтiнiш қабылданбайды
не қанағаттандырылады.
2. Өтiнiштi қанағаттандыру туралы шешiм
кәмелетке толмаған баланы арнаулы бiлiм
беру ұйымына не ерекше режимде ұстайтын
бiлiм беру ұйымына орналастыру үшiн негiз
болып табылады.
3. Кәмелетке толмаған баланың арнаулы
бiлiм беру ұйымына немесе ерекше режимде
ұстайтын бiлiм беру ұйымына келу мерзiмi
шешiм заңды күшiне енген күннен бастап
есептеледi.
34-тарау. Азаматты
психиатриялық стационарға мәжбүрлеп
жатқызу туралы iстер
бойынша iс жүргiзу
309-бап. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу
1. Азаматты ауруханаға мәжбүрлеп
жатқызу туралы арызды
2. Психиатриялық стационарға мәжбүрлеу тәртiбiмен жатқызу үшiн заңда көзделген
негiздер көрсетiлуге тиiстi арызға психиатр
дәрiгерлер комиссиясының психиатриялық
стационарға болу қажеттiгi туралы дәлелдi
қорытындысы қоса тiркеледi.
310-бап. Арыз беру мерзiмi
1. Азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы
арыз психиатр-дәрiгерлер комиссиясы азаматты
психиатриялық стационарға жатқызу қажеттiгi
туралы қорытынды шығарған кезден бастап
72 сағат iшiнде берiледi.
2. Iстi қозғай отырып, судья сонымен қатар
азаматтың психиатриялық стационарда
болу уақытын арызды сотта қарауға қажеттi
мерзiмге ұзартады.
311-бап. Арызды қарау
1. Азаматты мәжбүрлеу тәртiбiмен
психиатриялық стационарға
2. Iстiң қозғалуына бастамашы болған психиатриялық
мекеме өкiлiнiң және ауруханаға жатқызу
туралы мәселесi шешiлiп жатқан адамның
өкiлiнiң арызды қарауға қатысуы мiндеттi.
312-бап. Арыз бойынша сот шешiмi
1. Судья арызды мәнi бойынша
қарай келiп, шешiм шығарады, онда
арыз қабылдамай тасталады не
қанағаттандырылады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешiм
азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызуға
және заңда белгiленген мерзiмде оны психиатриялық стационарда одан әрi ұстауға негiз болып
табылады.
34-1-тарау. Қаржы
ұйымдарын және бас ұйым
конгломератына кiретiн
және қаржы ұйымдары болып табылмайтын
ұйымдарды қайта құрылымдау
туралы iстердi қарау
Ескерту. 34-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Ескерту. 34-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
312-1-бап. Қаржы ұйымдарын
және бас ұйым ретiнде банк
конгломератына кiретiн
және қаржы ұйымдары
болып табылмайтын
ұйымдарды қайта құрылымдау
туралы iстердi қарау
Қаржы ұйымдарын және бас
ұйым ретiнде банк
Осы тараудың ережелерi бас ұйым ретiнде
банк конгломератына кiретiн және қаржы
ұйымы болып табылмайтын ұйымның қайта
құрылымдауды жүргiзуiне қолданылады.
Ескерту. 312-1-бап жаңа
редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
312-2-бап. Қайта құрылымдау туралы өтiнiш беру
1. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы
өтiнiштi қаржы ұйымы мамандандырылған
қаржылық сотқа бередi.
2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау үшiн
заңмен көзделген негiздеме көрсетiлуге
тиiс қайта құрылымдау туралы өтiнiшке:
1) қаржы ұйымы директорлар кеңесiнiң қайта
құрылымдауды жүргiзу туралы шешiмi;
2) қаржы ұйымының қаржы ұйымын қайта құрылымдау
мәселелерi бойынша қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөнiндегi уәкiлеттi органмен жазбаша келiсiмi;
3) мынадай ақпарат:
қайта құрылымдауды жүргiзудiң тәртiбi
мен мерзiмi;
қайта құрылымданатын активтер мен мiндеттемелердiң
тiзбесi;
қайта құрылымдау шеңберiнде жүргiзiлетiн
iс-шаралар;
активтер мен мiндеттемелердi қайта құрылымдаудан
алынатын болжамды қаржылық нәтижелер;
қызметте қолданылатын шектеулер қамтылған
қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарының
жобасы қоса тiркеледi.
312-3-бап. Өтiнiштi қарау
Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы өтiнiштi оны қабылдаған күннен бастап бес күн iшiнде қарайды.
312-4-бап. Соттың өтiнiш бойынша шешiмi
1. Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау
туралы өтiнiштi қарап, қаржы ұйымын қайта
құрылымдауды жүргiзу туралы шешiм шығарады, онда:
1) қаржы ұйымының атауы;
2) қаржы ұйымын қайта құрылымдаудың мерзiмi
және қайта құрылымдауды жүргiзуге, кредиторлар
жиналысын шақыруға және өткiзуге жауапты
лауазымды адамдар белгiленген қаржы ұйымын
қайта
құрылымдауды жүргiзу туралы нұсқау қамтылуға
тиiс.
2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргiзу
туралы сот шешiмi заңды күшiне енген кезден
бастап:
1) мыналарды:
қайта құрылымдау көзделетiн мiндеттемелер
бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы
соттардың, төрелiк және аралық соттардың
бұрын қабылдаған шешiмдерiнiң
қайта құрылымдауды жүргiзу туралы соттың
шешiмi күшiне енгенге дейiн және қаржы
ұйымын қайта құрылымдау кезеңiнде мәлiмделген
кредиторлардың алдындағы мiндеттемелерiн
қайта құрылымдау көзделетiн қаржы ұйымы
кредиторлары талаптарының орындалуы
тоқтатыла тұрады;
2) қаржы ұйымының мүлкiн өндiрiп алуға
жол берiлмейдi.
3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргiзу
туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн мамандандырылған
қаржылық сот қаржы ұйымына, қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөнiндегi уәкiлеттi органға және атқарушылық
iс жүргiзетiн аумақтық органдарға жiбередi.
312-5-бап. Қайта құрылымдау жоспарын соттың бекiтуi
Қаржы ұйымын қайта
312-6-бап. Соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешiмi
1. Соттың қаржы ұйымын қайта құрылымдауды
тоқтату туралы шешiмi қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның
өтiнiшiмен:
1) қайта құрылымдауды жүргiзу туралы сот
шешiмiмен көзделген қаржы ұйымын қайта
құрылымдау мерзiмiнiң өтiп кетуi;
2) қайта құрылымдау жоспарында көзделген
шаралар кешенiнiң жүзеге асырылуы;
3) қаржы ұйымын қайта құрылымдау:
қаржы ұйымын қайта құрылымдау қаржы
ұйымы қызметiнiң қаржылық нәтижелерiн
жақсартуға алып келмейтiнiне жеткiлiктi
негiздердiң болуы;
Қазақстан Республикасының заңдарында
қайта құрылымдау жоспарында көзделген
iс-шаралардың орындалмауы;
қайта құрылымдау кезеңiнде уәкiлеттi
орган қабылдаған нұсқамалардың орындалмауы
жағдайында мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы
негiздерi бойынша қабылданады.
Қайта құрылымдау жоспарында көзделген
шаралар кешенiн жүзеге асыру, орындалуына
орай, қайта құрылымданған мiндеттемелер
бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы
соттардың, төрелiк және аралық соттардың
бұрын қабылданған шешiмдерi бойынша мiндеттемелердiң
тоқтатылуына әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi тармағында көрсетiлген
қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның
өтiнiшiн сот оны қабылдаған күннен бастап
бес күн iшiнде қарайды.
35-тарау. Дара кәсiпкерлер
мен заңды тұлғалардың
Ескерту. 35-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
313-бап. Дара кәсiпкерлер
мен заңды тұлғалардың
банкроттығы, заңды
тұлғаларды жеделдетiлген
оңалту және оңалту
туралы iстердi қарау
Сот дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетiлген оңалту және оңалту туралы iстердi банкроттық туралы заңнамада белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.
36-тарау. Жылжымалы
мүлiктi иесiз деп тану және
жылжымайтын мүлiкке
коммуналдық меншiк
құқығын тану
314-бап. Арыз беру
1. Қазақстан Республикасының
2. Жылжымайтын мүлiкке коммуналдық меншiк
құқығын тану туралы арызды коммуналдық
мүлiктi басқаруға уәкiлеттi орган сол мүлiк
орналасқан жердегi сотқа бередi.
3. Егер коммуналдық мүлiктi басқаруға
құқық уәкiлеттiгi берiлген орган жылжымайтын
мүлiкке құқықты мемлекеттiк тiркеудi жүзеге
асыратын органның осы мүлiктi есепке алған
күнiнен бастап бiр жыл өткенге дейiн сотқа
арызбен жүгiнсе, Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексiнiң 242-бабы 3-тармағының
екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайды қоспағанда,
сот жылжымайтын мүлiкке коммуналдық меншiк
құқығын тану туралы арызды керi қайтарады.
Ескерту. 314-бапқа
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
315-бап. Арыздың мазмұны
1. Жылжымалы мүлiктi иесiз деп
тану туралы арызда қандай
мүлiктiң иесiз деп тануға
2. Коммуналдық мүлiктi басқаруға құқық
уәкiлеттiгi берiлген органның жылжымайтын
мүлiкке коммуналдық меншiк құқығын тану
туралы арызында қандай мүлiктiң иесiз
деп танылатыны, оның иесiз мүлiк ретiнде
қай уақытта есепке қойылғаны көрсетiлуге,
сондай-ақ осы мүлiкке меншiк құқығын сақтау
ниетiн көздемей, меншiк иесiнiң осы мүлiктi
тастап кеткенiн куәландыратын дәлелдемелер
келтiрiлуге тиiс.
316-бап. Арызды қарау
Жылжымалы мүлiктi иесiз деп
тану туралы немесе
317-бап. Арыз бойынша сот шешiмi
1. Жылжымалы мүлiк иесiнiң
2. Жылжымайтын мүлiк иесiнiң болмауын не
оның меншiк құқығын сақтау ниетiн көздемей
тастап кеткенiн және белгiленген тәртiппен
есепке алынғандығын таныған соң сот жылжымайтын
мүлiктi иесiз деп тану және коммуналдық
меншiк құқығын тану туралы шешiм шығарады.
36-1 тарау. ҰЛ (ҚЫЗ)
АСЫРАП АЛУ ТУРАЛЫ ӨТIНIШТЕР
БОЙЫНША IС
ЖҮРГIЗУ
Ескерту. Кодекс 36-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.
317-1-бап. Өтiнiш беру
Жасы кәмелетке толмаған
ұл немесе қыз асырап алу (бұдан
әрi - бала асырап алу) туралы өтiнiштi
бала асырап алғысы келетiн
азаматтар баланың тұрғылықты (жүрген)
жерiндегi кәмелетке толмағандардың
iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауда<span
class="dash041e_0431_044b_
Информация о работе Қазақстан республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі