Теңіз кен орнының геологиялық құрылысы және мұнай газдылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 18:16, практическая работа

Краткое описание

Теңіз мұнайы өзінің жоғары сапасына байланысты әлем нарығында жоғары бағаға ие. ТШО-ның көмірсутектің жеңіл молекулаларынан құралған тауарлық таза мұнайы өте «жеңіл» болып есептеледі, сол себепті мұнай өңдейтін зауыттар үшін бұл мұнайдан бензин, дизель отыны, тағы басқа өнімдер өңдеу жеңілге түседі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

прак №4.doc

— 52.00 Кб (Скачать документ)

    Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ш.Е.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік Технологиялар             және Инжиниринг университеті

                       «Мұнай және газ» институты

 

 

 

 

Тақырыбы: Теңіз кен орнының геологиялық құрылысы және мұнай газдылығы

 

 

 

                                       

                                          

 

 

                                              Орындаған: Сүгірбаева А.Б

                                                 Тексерген: Жумадилова Б.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          

                                       

                                                     Ақтау 2012

Теңіз (ағыл. Tengiz) – Қазақстанның Атырау облысындағы аса ірі мұнай  кен орны, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 км жерде орналасқан. Каспий маңы мұнайлы-газды аймағына жатады. 1979 жылы ашылды.

 

Теңіз - өте тереңде орналасқан үлкен кен орны. Тереңдігі - 3810 м, ені – 19 км, ұзындығы – 21 км. Мұнай қабатының қалыңдығы - 1,6 км.

 

Зерттелген қоры 3 млрд тоннадан артық, оның ішінде өндірілетін мұнай 1,1 млрд т, ұңғының орташа тереңдігі 5500-6000 метр. 2008 жылында 17,5 млн т мұнай өндірді.

 

Көмірсутегі кендері 3,8–5,4 км тереңдікте. Кен көлемді, құрылымы рифті. Мұнайлылығы төмен-орташа тасты-көмірлі  және девон кезеңінің шөгінділерімен байланысты.

 

Мұнайдың қанықтылық коффициенті 0,82. Бастапқы газдық фактор 487 мэ/мэ, мұнайдың бастапқы дебиті 10 мм штуцерде 500 м3/сөт. Бастапқы қабатты қысым 84,24 МПа, температура 105°С. Мұнай тығыздығы 789 кг/м3. Мұнай  күкіртті 0,7%, парафинді 3,69%, қарамайлылығы аз 1,14%, құрамында 0,13% асфальтен бар.

 

1993 жылы Қазақстан Үкіметі  «Chevron» компаниясымен біріге отырып, Теңіз мұнай кен орнын өңдеу  үшін «Тенгизшевройл» ЖШС СП  құрды. Бүгінде серіктестіктері  болып төрт компания табылады: «Қазмұнайгаз» АҚ» ҰК (20%), «ChevronOverseas» (50%), «ExxonMobil»(25%) және «LukArco»(5%).

 

Қоры 20 млрд. баррель немесе 3,1 млрд. тонна мұнаймен бағаланады.

 

Теңізде мұнайды өндіру 2009 жылы 22,5 млн. тоннаны құрады.

 

Өндіру орталығы – Құлсары кенті.

1993 жылы ҚР Үкіметі «Chevron» компаниясымен бірлесіп,«Теңізшевройл» ЖШС БК құрды. Бүгінде мынадай төрт компания әріптестері болып табылады: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (20%), «Chevron Overseas» (50%), «Exxon Mobil» (25 %), «LukArko» (5 %).

ТШО жұмыстарының негізгі бағыты көмірсутек шикізатын геологиялық барлау, өндіру және өткізу болып табылады. Үлкен Теңіз кен орны және одан сәл кішірек, бірақ үлкен қоры бар Королевское кен орны жобаның лицензиялық бөлігіне кіреді.

Өндірілетін шикізаттан ТШО өнімнің бірнеше түрін шығарады. Негізінен – тұрақтандырылған мұнай. Ілеспе газдан тауарлық құрғақ газ, пропан және бутан өндіріледі. Бұдан басқа Теңіз мұнайындағы деңгейі жоғары күкірсутектен күкірт өндіріледі.

Соңғы жылдары ТШО құрылған кезде құрылыстары басталған объектілер өз жұмыстарын бастады. Осы объектілерді іске қосу әлемдік үлгіге сай өнім өндіру, қоршаған ортаға тиетін зиянды азайту және өнім өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Тұрақтандырылған мұнай

Теңіз мұнайы өзінің жоғары сапасына байланысты әлем нарығында жоғары бағаға ие. ТШО-ның көмірсутектің жеңіл молекулаларынан құралған тауарлық таза мұнайы өте «жеңіл» болып есептеледі, сол себепті мұнай өңдейтін зауыттар үшін бұл мұнайдан бензин, дизель отыны, тағы басқа өнімдер өңдеу жеңілге түседі.

Тауарлық газдар

2000 жылға дейін (жаңа объектілер іске қосылмастан бұрын) ТШО-да өндірілетін тауарлық газ сапасы төмен болғандықтан, ол тұтынушылардың сұранысына ие бола алмады, сондықтан оларды алдын-ала зиянды қоспалардан арылтып, жағып жіберуге тура келіп отырды. Бұл атмосфераның ластануына әкеліп соқтырды.

2000 жылдан бастап ТШО-да толығымен тұтынушыларға сатылатын жоғары сапалы құрғақ газ өндіріле бастады.

2001 жылдан бастап газ шикізатын пропан және бутан газына дейін өңдей алатын жаңа объектілер салынды. ТШО газы әлемдік стандарттар талаптарының деңгейіне жеткізіліуінің нәтижесінде ол тек жергілікті ғана емес, Еуропа елдерінің сұранысына да ие бола бастады.

Күкірт

Мұнай шикізатын күкірсутегінен тазалау процессінде алынатын қосымша өнім – кәдімгі күкірт (S) бағалы шикізат өнімі болып есептеледі және әлем нарығында үлкен сұранысқа ие.

ТШО кен орнын пайдалану барысында бірнеше жылдардан бері сатуға арналып өте көп күкірт өндірілді, олар монолитті қатты блок түрінде сақталады. Әлемде үлкен сұранысқа ие бола тұра ТШО-дағы сұйық күкіртті өткізу қарқыны өндіру қарқынынан артта қалып отыр. Осы проблеманы шешу мақсатында, өткізу нарығын кеңейту мақсатында ТШО қабыршақты және түйіршекті күкірт өндіретін қондырғының құрылысына 60 млн. доллар ақша бөлді.

Қабыршақты және түйіршекті күкірт арнайы жасалған қаптарға салынады, тұтынушыға жеткізу үшін арнайы жабдықталған көліктің де қажеті жоқ, тиеуге де оңай.

2002 жылдың қарашасында қазақстандық-канадалық жоба бойынша тәулігіне 600 тонна қабыршақты күкірт шығаратын алғашқы өндірістік құрылғы іске қосылды. 2003 жылы тәулігіне 2200 тонна түйіршекті күкірт шығаратын құрылғының құрылысы аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Теңіз кен орнының геологиялық құрылысы және мұнай газдылығы