Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2015 в 22:27, реферат
Пайдалы қазбалар мемлекеттiң экономикасын дамытудың материалдық негiзі болып табылады. Пайдалы қазбаларға бай жер қойнауы мемлекеттiң табиғи артықшылығы болып табылады және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшiн қызмет етуге тиіс. Минералдық-шикiзат секторындағы қазiргi заманғы әлемдiк беталыстар көп көлемде өндіруге байланысты тиімді пайдалы қазбалар қорларының жаппай таусылуымен, кен орындарын барлау және игеру жұмыстарын жүргізу үшін тым күрделі тау-кен-геологиялық жағдайлармен, олардың тиісті қымбаттауымен сипатталады.
1. Мұнай, оның құрамы және тауарлық қасиеттері
2. Көмірсутекті газ
3. Табиғи газ, физикалық-химиялық қасиеттері
4. Газды конденсаттың түзілу жағдайлары
Қорытынды
Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды — 92-ден 98 %-ке дейін. Табиғи газдың құрамына ауырырақ көмірсутектер - метанның гомологтары кіре алады.:
этан (C2H6),
пропан (C3H8),
бутан (C4H10).
Сондай-ақ басқа да көмірсутек емес заттар да кездесіп жатады:
сутек (H2),
күкіртсутек (H2S),
көміртек диоксиді (СО2),
азот (N2),
гелий (Не).
Табиғи газды өңдеудің бірінші сатысы әрқашанда синтез - газ алу болып табылады, оны әрі қарай өңдеу арқылы одан әртүрлі пайдалы химиялық өнімдерді алуға болады. Синтез-газ - органикалық синтездің бағалы жартылай өнімі. Ол таза Н2 мен СО, аммиак, метанол, диметил эфирі, сірке қышқылы, спирттер мен альдегидтердің өндірісінде, Фишер-Тропш процестерінде, сонымен қатар, қара және түрлі түсті металлургияның қалпына келтіргіш газы ретінде, металл өңдеуде, экологиялық газ өндірісін залалсыздандыруда және басқа көп жүкті процестерде кеңінен қолданылады.
Табиғи газдың химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрғысынан сан түрлі болып келетін, әртүрлі геологиялық және геохимиялық жағдайларда ұшырасатын газ жатындарының жалпылама атауы. Олар бірнеше түрлерге жіктеледі:
Газ конденсаттары – жер қойнауына тән термодинамикалық жағдайларда газ немесе бу түрінде кездесетін, мұнай көмірсутектерінің тез қайнайтын сұйықтүрлері мен газ күйіндегі түрлерінің өзара астаса отырып еруі нәтижесінде түзілетін табиғи жүйе. Суынуы мен қысым мөлшерінің атмосфералық қысымға шейін төмендеуі нәтижесінде бұл жүйелер сұйықтарға яки конденсаттарға айналады.
Конденсат (лат. condensatus – тығыздалған, қоюланған) – 1) газдың немесе будың конденсациясы нәтижесінде түзілетін сұйықтық; 2) мұнай химиясында – газды конденсаттың тез қайнайтын (300°С-қа дейінгі температурада), көмірсутектерден тұратын бөлігі.
Мұнай геологиясында: жер бетіне тән термодинамикалық жағдайда сұйық түрінде ұшырасатын газ қоймалжындарының түрі; 300°С шамасында қыздырған жағдайда К.-тар толығымен қайнай бастайды; шайырлы-шайыртасты заттарды кіріктірмейді. К.-тардың көпшілігінің құрамында метанды көмірсутектер молынан ұшырасады, алайда бүл тапжылмайтын заңдылық емес.
Конденсат – белгілі температура-қысымдық
жағдайда газда еріген күйінде болатын
және қысымы конденсациялану қысымынан
төмендегенде сұйық фазаға айналатын,
негізінен жеңіл көмірсутегінен тұратын
табиғи қоспа. Конденсат кіретін газдың
құрамына негізгі сипаттамалары С 5 + ең жоғарғы көмірсутектердің әлеуметтік
мөлшері, конденсаттың қалыпты жағдайдағы
тығыздығы және конденсация басталатын
қысым болып табылады.
Конденсат шикі және тұрақты заттарға
бөлінеді. Шикі конденсат - берілген қысым
мен температурада тікелей өндірістік
айырғыш қондырғылардан алынатын сұйықтық.
Ол құрамында әр мөлшерде еріген газ көмірсутектері
бар қалыпты жағдайда (0,1 Мпа, 20 С) сұйық
көмірсутектері.
Тұрақты конденсат дегеніміз құрамында
3-4%-тен аспайтын еріген пропан-бутан фракциясы
бар С + 5 көмірсутектерінен тұратын көмірсутекті
конденсат.
Тұрақты конденсат шикі конденсатты газсыздандыру
арқылы алынады.
Тұрақты конденсаттың потенциялық мөлшері
С 5 көмірсутектердің 1 см көлемдегі
не 1 грамм салмақтағы 1 м3 құрғақ, демек, С 5 көмірсутектерінен ажыратылған,
газға қатынасымен анықталады.
Мұнай, газ және конденсаттың құрамы -
оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын
негізгі көрсеткіштердің бірі. Ол шикізатты
кешенді пайдалануды қамтамасыз ететін,
өндіру технологиясын, тасымалдау және
өңдеу тәсілдерін ескеретін мемлекеттік
және салалық қалыптар (стандарттар) талаптарымен
және техникалық шарттармен қадағаланады.
Мұнай мен газдағы құрамдастардың өндірістік
құндылығы іске жарату мөлшері және оларды
өндіру мен пайдалану тиімділігін техникалық-экономикалық
тұрғыдан есептік талдау негізінде анықталады.
Қорытынды
Қазіргі уақытта Қазақстанның мұнай-газ саласының алдында бірқатар технологиялық сипаттағы міндеттер тұр. Қазақстандық мұнайдың физика-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері технологияларды таңдау қажеттілігін алдын ала анықтайды, оның көмегімен шикізатты кешенді тиімді пайдалануға қол жеткізуге болады.
Қазіргі кезде қабаттардың мұнай беруінің, қойма мұнайын түзуінің және ілеспе газды жағудың төменгі деңгейі өзекті мәселе болып қалуда. Мұнайлы нысандарды барлау кезінде теңіз ортасының қарқынды ластануы, флораның және теңіз фаунасының құрып кетуі мүмкін.
Өткізілген зерттеулердің тақырыбын талдау өндіріс кезінде технологиялық үдерістерді басқару жүйесін ұйымдастыру, мұнай-газ өнеркәсібін кешенді дамытуды экономикалық бағалау, жаңа көмір сутегі шикізатының кен орындарын барлау және бар қорларын нақтылау салаларына тиесілі екендігін көрсетеді.
Бұл ретте іс жүзінде зерттеулермен мұнай және газ іздеу әдістерін жетілдіру проблемалары, қабаттардың мұнай беруін арттыру проблемалары, кен орындарын дайындау және пайдалануға беруге байланысты мәселелер, мұнайды жинау мен дайындаудың технологиялары, сондай-ақ экология проблемалары сияқты бағыттар қамтылмаған.
Ғылыми ізденістердің болмауы тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың төменгі деңгейдегі проблемасымен толығады. Жобалық және конструкторлық бюролардың (институттардың) болмауы технологияларды өндіріске беру процесін тежейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Мұнай, оның құрамы және тауарлық қасиеттері