Қазақстан геологиялық барлау саласы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 09:03, реферат

Краткое описание

Қазақстан геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығуға тиіс. Тиісті заңнаманы жеңілдете отырып, бұл салаға шетелдік инжинирингтік компаниялардан инвестиция тартқан жөн. Жалпы, дәстүрлі салаларға қатысты біздің оларды дамыту жөніндегі бөлек жоспарларымыз болуы керек. Әрбір келесі бесжылдықтың нақты нәтижесі экономиканың жаңа салаларын қалыптастыру болуға тиіс. Бірінші бесжылдық аясында автомобиль және авиақұрастыру, тепловоз, жолаушылар және жүк вагондары өндірісі жолға қойылды. Оларды кеңейтіп, сыртқы нарықтарға шығару керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жолдау.docx

— 123.16 Кб (Скачать документ)

 

Үшіншіден, бұл – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру қағидаты. Қарапайым адамдардың әлеуметтік көңіл-күйі біздің басты мақсатқа ілгерілеуіміздің маңызды индикаторы болуға тиіс.

 

Төртіншіден, бүкілхалықтық қолдау қағидаты маңызды мәнге ие.

 

Менің халыққа Жолдауым біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді түсіндіретін басты құжат болып табылады. Әрбір министр, әкім, кәсіпорын басшысы осы Жолдауды түсіндіру жұмысына және оған баршаны қатыстыру ісіне жетекшілік етуге тиіс. Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралардан әрбір қазақстандық хабардар болуы қажет. Бұл «Нұр Отан» партиясы қызметінің негізгі мәселелерінің біріне айналады деп сенемін.

 

Ол үшін ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің өздері Стратегиямыздың идеяларын білуге және мәнін терең ұғуға тиіс.

 

Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің бүкіл құрамының, барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы барлық осы міндеттерді орындауға бағытталуға тиіс. Жалпы, мемлекеттік органдардың құрылымы алдағы міндеттердің шешімімен үйлесім тауып, 2050 Стратегиясының мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуі керек.

 

Қымбатты отандастар!

 

Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!

 

Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.

 

Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.

 

Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.

 

Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

 

Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

 

Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.

 

Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.

 

Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

 

Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

 

Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

 

Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.

 

Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.

 

Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын.

 

Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын!

 

Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған.

 

Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар.

 

Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!

 

Қадірлі халқым!

 

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

 

Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

 

Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

 

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

 

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.

 

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

 

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

 

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

 

Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

 

Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.

 

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.

 

Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

 

Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

 

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

 

«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

 

 

 «Қазақстан-2050» стратегиясы:

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

 

 

 

Мазмұны

 

І. Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы

 

1. Қуатты да табысты  мемлекет

2. Демократияландыру мен  ырықтандырудың орнықты процесі

3. Түрлі әлеуметтік, этностық  және діни топтардың келісімі  мен татулығы

4. Ұлттық экономика. Халықаралық  еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз

5. Қоғамдық тұрақтылық  пен келісімді қамтамасыз ететін  күшті әлеуметтік саясат

6. Әлемдік қоғамдастық  таныған ел

7. Ядролық қаруды таратпау  режімін ілгерілетудегі біздің  белсенді рөліміз

8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар

 

ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері

 

1. Бірінші сын-қатер –  тарихи уақыттың жеделдеуі

2. Екінші сын-қатер –  жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

3. Үшінші сын-қатер –  жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне  төнетін қатер

4. Төртінші сын-қатер –  судың тым тапшылығы

5. Бесінші сын-қатер –  жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

6.Алтыншы сын-қатер –  табиғи ресурстардың сарқылуы

7. Жетінші сын-қатер –  Үшінші индустриялық революция

8. Сегізінші сын-қатер  – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

9. Тоғызыншы сын-қатер  – өркениетіміз құндылықтарының  дағдарысы

10. Оныншы сын-қатер –  жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

 

ІІІ. "Қазақстан-2050" стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты

 

1. Міндеттердің жаңа парадигмасы

2. Қайда бет алдық? Жаңа  саяси бағыттың мақсаттары

 

1. Жаңа бағыттың экономикалық  саясаты – пайда алу, инвестициялар  мен бәсекеге қабілеттіліктен  қайтарым алу принципіне негізделген  түгел қамтитын экономикалық  прагматизм

 

1. Түгел қамтитын экономикалық  прагматизм

2. Жаңа кадр саясаты

3. Макроэкономикалық саясатты  жаңғырту

3.1. Бюджет саясаты

3.2. Салық саясаты

3.3. Ақша-кредит саясаты

3.4. Мемлекеттік және сыртқы  қарызды басқару саясаты

 

4. Инфрақұрылымды дамыту

5. Мемлекеттік активтерді  басқару жүйесін жаңғырту

6. Табиғи ресурстарды басқарудың  жаңа жүйесі

7. Индустрияландырудың келесі  кезеңінің жоспары

8. Ауыл шаруашылығын жаңғырту

8.1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін  өңдеуде және саудада қожалықтар  мен шағын және орта бизнесті  дамыту

9. Су ресурстарына қатысты  саясат

 

2. Ұлттық экономикамыздың  жетекші күші – кәсіпкерлікті  жан-жақты қолдау

 

1. Шағын және орта бизнесті  дамыту

2. Мемлекеттік-жекеменшік  әріптестігінің жаңа үлгісі –

«Қуатты бизнес – Қуатты мемлекет»

3. Жекешелендірудің жаңа  кезеңі – мемлекет рөлінің  өзгеруі

 

3. Әлеуметтік саясаттың  жаңа принциптері – әлеуметтік  кепілдіктер мен жеке жауапкершілік

 

1. Әлеуметтік саясаттың  жаңа принциптері

1.1. Ең төменгі әлеуметтік  стандарт

1.2. Атаулы әлеуметтік қолдау

1.3. Өңірлердегі әлеуметтік  теңгерімсіздіктер проблемасын  шешу

1.4. Жұмыспен қамту және  еңбек саясатын жаңғырту

 

2. Ананы қорғау. Әйелдерге  қамқорлық

3. Баланы қорғау

4. Ұлт денсаулығы –  табысты болашағымыздың негізі

4.1. Денсаулық сақтау саласындағы  негізгі басымдықтар

4.2. Балалар денсаулығын  қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері

4.3. Медициналық білім беру  жүйесін жақсарту

4.4. Ауылда медициналық  қызмет көрсетудің сапасы

4.5. Дене шынықтыру мен  спортты дамыту

4. Білім мен кәсіби машық  – заманауи білім беру, кадрларды  даярлау мен қайта даярлау  жүйесінің негізгі бағдарлары

 

1. Білім беру саласындағы  жұмыстың басымдықтары

1.1. «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

1.2. Инженерлік білім беру  жүйесін дамыту

1.3. Білім беру саласындағы  әлеуметтік жауапкершілік жүйесін  дамыту

1.4. Білім беру әдістемелерін  жаңғырту

2. Инновациялық зерттеулерді  дамытудың жаңа саясаты

2.1. Технологиялар трансферті

2.2. Ғылым мен бизнестің  кооперациясы

2.3. Перспективалы ұлттық  кластерлерді қалыптастыратын жол  картасы

3.Жастарға үндеу

 

5. Мемлекеттілікті одан  әрі нығайту және қазақстандық  демократияны дамыту

 

1. Мемлекетті басқарудың  жаңа типі

1.1. Мемлекеттік жоспарлау  мен болжау жүйесін жетілдіру

2. Басқаруды орталықсыздандыру

2.1. Орталық пен өңірлер  арасындағы жауапкершілік пен  өкілеттіктердің ара-жігін ажырату

2.2. Жергілікті өзін-өзі  басқаруды дамыту тұжырымдамасы

2.3. Ауыл әкімдерін сайлау

3. Кәсіби мемлекеттік аппарат  қалыптастыру

З.1. Әкімшілік реформаның екінші кезеңі

4. Бизнес қауымдастық пен  мемлекеттік аппараттың өзара  іс-қимылының жаңа жүйесі

5.Тәртіпсіздікке мүлде  төзбеушілік принципін енгізу

6. Жемқорлыққа қарсы күрес

7. Құқық қорғау органдары  мен арнаулы қызметтерді реформалау

 

6. Дәйекті де болжамды  сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді  ілгерілету мен өңірлік және  жаһандық қауіпсіздікті нығайту

 

1. Сыртқы саясатты жаңғырту  басымдықтары

2. Экономикалық және сауда  дипломатиясын дамыту

3.Өңірлік қауіпсіздікті  нығайту

4.Жаһандық қауіпсіздікті  нығайтуға үлес қосу

5. Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі  мен әскери доктринаны нығайту

 

7. Жаңа қазақстандық патриотизм  – біздің көпұлтты және көпконфессиялы  қоғамымыз табысының негізі

 

1. Жаңа қазақстандық патриотизм

2. Барлық этностар азаматтарының  тең құқықтылығы

3. Қазақ тілі және тілдердің  үштұғырлылығы

4. Мәдениет, дәстүрлер және  даралық

5. Ұлттық интеллигенциясының  рөлі

6. ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы  дін

7. Болашақтағы Қазақстанды  қалай елестетемін?

8. Ұлтқа үндеу

 

Қадірлі қазақстандықтар!

Қымбатты отандастар!

 

Біз бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз.

Міне, біз 20 жыл бойы осы ұлы мерекені мақтанышпен атап өтіп келеміз.

1991 жылғы 16 желтоқсанда біз  – Қазақстан халқы – егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар  біздің күнделікті өміріміздің  бөлшегіне айналды.

Сол кездері, сапарымыздың басында бәрі басқаша болды. Енді біздің ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында ел танымастай болып өзгерді.

Біз бүгін – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз.

Біздің алғы шепті алуымыз қымбатқа түсті.

Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды.

Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр.

Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.

Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ.

Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады.

Дәл осы себептен де Тәуелсіздік күні қарсаңында, қымбатты менің отандастарым, мен сіздерге жаңа Жолдау ұсынып отырмын.

Бұл – еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдауым.

Бұл – жаңа саяси бағыт.

 

І. ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАЗАҚСТАН – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз Бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы

 

Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын қабылдадық.

Бұл 1997 жыл – кеңестік кезеңнен кейінгі бей-берекеттік түбегейлі еңсерілмеген, дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азияны және басқа да кейбір нарықтарды сансыратқан кезең болатын. Бізге де аса қиын соқты.

Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді.

1997 жыл естеріңізде ме?

Парламентте мен сөз сөйлегеннен кейін абдырау мен абыржу болды.

Көпшілік: «Бұл не – насихат па? Әлде аспаннан түскен нәрсе ме?» деп сауал қойып жатты.

Информация о работе Қазақстан геологиялық барлау саласы