Векторлық графиканы өңдеу редакторы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2014 в 08:44, реферат

Краткое описание

Ғұндардың ұзак уақыт бойғы басты қарсыласы — Хань империясы (Қытай) болды. Сол кезде б.з.д. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталып, бір орталыққа біріккен Хань әулеті билікке келді. Бұл тарихи дерек Ғұндар мемлекетінің күшеюімен тұстас келді.
Өзінің шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен б.з.д. 200 жылы Қытай империясы ғұндарға қарсы соғысты өзі бастады. Алғашкы қақтығыстан кейін Мөде өз әскерлеріне кейін шегінуге бұйрык береді. Ал Хань әскері жауды қудалай, ізіне түсіп, негізгі күштерінен алыстап қол үзіп қалады. Алдыңғы шепте императордың езі де бар еді. Ғүндар шегінуін тоқтатып, тертке бөлінген атты әскер белімімен тау аңғарында қытай әскерлерін жан-жақтан қоршауға алады. Жеті күн қошауда қалған император ғұндармен келісімшарт жасауға мәжбүр болады.

Содержание

Негізгі бөлім:

1.Ғұн тайпалық бірлестігі
2.Ғұн мемлекетінің құрылыуы
3.Ғұн мемлекетінің құрылымы
4.Ғұн мемелекетінің 2-ге бөінуі
5.Ғұндардың Қазақстанға қоныс аударуы
6.”Ұлы қоныс аудару” кезеңі
7.Ғұн әскері
8.Тарихтағы ғұндар сипаттамасы, деректер
9.Қоғамдық құрылысы
10.Шаруашылығы
11.Мәдениеті

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

)fpf0cnfy nfhb[s.docx

— 36.73 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  ғылым және білім министрлігі

          Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық  Университеті

 

 

 

                    

 

Тақырыбы:   Ғұн империясы_

 

                 

 

                                                  Орындаған: Айгерім Аскарова

                                                  Тобы: 102-32

                                                  Қабылдаған: Анарбаев Қайрат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

                       Ғұн империясы

    

           Жоспары:

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім:

  

   1.Ғұн тайпалық бірлестігі

   2.Ғұн мемлекетінің  құрылыуы

   3.Ғұн мемлекетінің  құрылымы

   4.Ғұн мемелекетінің 2-ге бөінуі

   5.Ғұндардың  Қазақстанға қоныс аударуы

   6.”Ұлы қоныс аудару” кезеңі

   7.Ғұн әскері

   8.Тарихтағы  ғұндар сипаттамасы, деректер

   9.Қоғамдық құрылысы

   10.Шаруашылығы

   11.Мәдениеті

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Біздің заманымыздан бұрынғы 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұн тайпалық бірлестігі  пайда болды.

   Қытай  мен Ғұн арасындағы соғыс 300 жылға  созылған. 

Б.з.б 3ғасырдың аяғында Қытайдағы Цин әулеті Солтүстік көршілері Ғұндардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Қорғанның ұзындығы 4000шақырым, биіктігі- 10метр, әрбір 60-100метр сайын күзет мұнарасы қойылған.

    Б.з.б 209жылы  Ғұн мемлекеті құрылды. Негізін  салған- Мөде шаньюй. Территориясы: Байкал көлінен Тибет тауына  дейін, Шығыс Туркістаннан Хуанхэ  өзеніне дейін. Ғұн мемлекетінің  саяси күшейген кезі- б.з.б 2-1ғасыр Мөденің тұсында. Мөде әскери реформалар жүргізіп, қуатты елге айналдырды. Қытайдағы Хань әулетінің негізін салушы Любанды өзіне бағындырды.  Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының ойынша, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды 24 аймақ    болған,ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люанъ-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін  уәзірлер, қолбасшылар, әскербасылары, малжанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса,

 

 

ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды.

Ең жоғарғы билеушісі шаньюй-орынбасары-түмембасы-шаньюйдің ұлдары, аға-інілері ғана түмембасы бола алады.

Мәселелер ақсақалдар кеңесінде шешілген. Ақсақалдар кеңесі жылына 3 рет шақырылған. 24 тумембасыны шаньюй тағайындаған.

   Мөденің екі әйелінен туған екі так мұрагері болған еді. Тоуман екі баласының біреуі Мөдеден құтылу үшін юэчжилерге аманат ретінде жұмсайды. Мұны сезген Мөденің юэчжилер арасында жүріп калай билікті қайтарып алуға дайындалғандығын дерек көзі былайша қызықты баяндайды. Деректен ғұндардың басында юәчжилерге тәуелді болғандығын, юэчжилерге аманат ретінде тәңірқұты ұлдарын жіберіп тұрғандығы байкалады. Осындай аманатта жүріп, Мөде юэчжилерден қашып шығады. Әскер жинап, катаң тәртіп енгізіп, билікті басып алады. "Маодунь (Мөде) өз жауынгерлерін үйрете отырып, оларға өзінің "ыскыратын жебесін" (ғұндардың тесігі бар сүйектен жасалған жебелері) қайда жетсе, сол жаққа атуға бұйырды. Жүздеген ысқырған жебелер жаудың зөресін ұшырып, олардың аттарын үркітті... Ол өз қосынындағы оқ атпағандардың басын шабуға бұйырды. Сонда ғана барлық жауынгерлер онымен бірге оқ атуды үйренді. Маодунь уакыттың таянғанын түсінді". Осылайша төңкеріс жолымен б.з.д. 209 жылы Мөде тәңірқұты билік басына келеді. Ғұндардың жаулап алу соғыстары дунхулардан басталды. Мөде батыстағы юәчжи тайпаларын бағындыру үшін әскери жорықтар жасады. Ол 203—201 жылдары Саян Алтайы мен Жоғары Енисей өзеніндегі ежелгі қырғыз тайпаларын бағындырып, солтүстік шекарасын кеңейтті. Ендігі негізгі карсыластары — Қытай ментюэчжилер еді.

    Ғұндардың ұзак уақыт бойғы басты қарсыласы — Хань империясы (Қытай) болды. Сол кезде б.з.д. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталып, бір орталыққа біріккен Хань әулеті билікке келді. Бұл тарихи дерек Ғұндар мемлекетінің күшеюімен тұстас келді.

Өзінің шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен б.з.д. 200 жылы Қытай империясы ғұндарға қарсы соғысты өзі бастады. Алғашкы қақтығыстан кейін Мөде өз әскерлеріне кейін шегінуге бұйрык береді. Ал Хань әскері жауды қудалай, ізіне түсіп, негізгі күштерінен алыстап қол үзіп қалады. Алдыңғы шепте императордың езі де бар еді. Ғүндар шегінуін тоқтатып, тертке бөлінген атты әскер белімімен тау аңғарында қытай әскерлерін жан-жақтан қоршауға алады. Жеті күн қошауда қалған  император  ғұндармен келісімшарт жасауға мәжбүр болады. Ол шарт бойынша, император қытай ханшасын Мөдеге әйелдікке беріп, жыл сайын бағалы сыйлықтар (жібек мата, шарап, күріш) жіберіп тұруға уәде

 

 

етеді. Хань императоры Гаоцзудың осы "тыныштық пен туыстық" туралы шартқа кол қоюуы, оның ғұндардың күштілігін мойындағандығын көрсетеді.

Сейтіп, 40 жылға ғұн мен Хань әулеті арасында тыныштық орнайды. Меде билік жүргізген кезде ғұндар гүлдену дәуірін басынан өткізіп, кемеліне жетті. Халық саны 300 мыңға жетіп жығылды. Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықты алып жатты. Мөденің мұрагері Лаушан (Лаошань) тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің құдіреті күшейе түсті. Бүдан кейінгі ғұндардың тарихы Шығыс Түркістандағы аса бай қалалар үшін Хань империясымен күреске толы болды.

      Ғұндардың юэчжи тайпасымен күресі ғұндардың жеңісімен аяқталды. Юэчжилер тек б.з.д. 174—165 жылдары түпкілікті талқандалды. Нәтижесінде, юэчжилер Орталық Азияға  шегініп, Әмударияның жоғарғы ағысына жылжиды. Ғұндарға бағынғандардың арасында үйсіндер де бар еді. Қытай жазбаларында 36-ға жуык керші ұлыстардың бағындырылғандығы айтылған.

    Мөде б. з. д. 174 жылы қайтыс болды. Мөденің баласы Лаушан тұсында юэчжилер тасталкан болып жеңіліп, олардың бір бөлігі Жетісуды мекен етті. Жетісудағы сақтардың бір белігі юэчжилердің қысымынан Ферғананы басып өтіп, Парфия, Бактрияға жылжып, келесі бір белігі Ауғанстан Солтүстік Үндістанға (Кашмирге) өтіп кетеді. Үлкен юэчжилер Жетісуды 30—40 жыл шамасындай ғана иемдене алды. Кейін Жетісуды үйсіндер юэчжилерден тартып алды.

Ғұндардың әскери көмегінің арқасында үйсіндер осылайша Жетісуға орналасқан болатын. Батысқа қарай ығыскан юэчжилер Бактрияны өзіне бағындырады. Олардың енді бір бөлігі үйсіндермен араласты. Ғұндар мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды. Бүл, әсіресе ғұндарға тиімді еді. Б.з.д. 158 жылы шекарадағы сауда кездерін кеңейту мақсатында тәңірқұты Қытайға карсы соғыс ашты.

Б.з.д. 152 жылы ғұндармен тағы сауда жөніндегі шартқа қол жеткізеді. Шекаралық аймақтарда сауда орындары ашылады. Сонымен қатар Гобиден оңтүстікке қарай жайылымдарды қайтарып алады.

Б.з.д. 133 оқылы ғұн- қытай соғыстарының жаңа кезеңі басталды. Бұл жолы соғысты қытайлықтар бастады. Әскери қимылдар бұрынғы ғұн аумағына ауысты. Соңғы ұрыста 90 мың ғұн әскері талқандалды.

Б.з.д. 90-жылдардағы кақтығыстарда 70 мың қытай әскері ғұн әскерін жеңе алмады. Өз күшімен ғұндарды жеңе алмайтындығына көзі жеткен Қытай билеушілері енді 20 жыл үзілістен кейін басқа көшпелі тайпаларды ғұндарға қарсы айдап салуға кірісті.

 

 

Б.з.д. 71 жылы ғұндар бағындырған елдерді өз жағына тарта бастады. Солардың қатарында үйсін билеушісіне елші жіберіп, некелік байланыстар орнатады. Ғұндар да қарап қалмай, өз кезегінде үйсін күнбиіне (гуньмосына) бір қызын береді. Ал ғұндар мен қытайлыктар арасындағы текетірес одан әрі жалғаса берді. Ғұндар енді қытайлықтардың одақтасы — үйсіндерден кек алуға кіріседі. Үйсіндердегі қытай ханшасы император сарайына хат жолдап, үйсіндерге көмек беруін талап етеді.

Қытайдың 100 мың атты әскері ғұндарға қарсы аттанады.  Үйсіндердің өзі 50 мың әскер шығарады. Біріккен үйсін-қытай күштеріне қарсы тұра алмаған ғұндардың 39 мың беделді адамдары қолға түсіп, 700 мың малы жаудың қолында қалды. Бұл ғұндар үшін орны толмас ауыр соққы болды.

Б.з.д. 71 жылы үйсіндерге қарымта шабуылға шыққан ғұндарға шығыстан дунхулар, батыстан үйсіндер шабуыл жасады. Ғұндар әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Бүкіл малдарының тең жартысынан айырылады. Үштен бір бөлігі ұрыс алаңында қаза табады. Адамдарының 3/10 бөлігі аштан өледі.

Қытай әскерлері де үш бағытта шабуылдап, мыңдаған әскерді тұтқынға түсіреді. Қытайлыктар ғұндарға қарсы көршілерін айдап салуын жалғастыра берді. Ғұндардан тартып алған жерге әскери еңбек армияларын орналастырады.

Б.з.д. 59 жылы Қытай Батыс өңірді басқаратын орган құрды. Енді ғұндардың өз ішінде де іріткі басталып, билікке талас туған еді. Билікке таласудан, ішкі-сыртқы дағдарыстардан Ғұн мемлекеті ыдырап, б.з.д. 55 жылы оңтустік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік топ — Қытаймен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Ал Чжи-Чжибастаған ғұндардың солтүстік бөлігі Қытайдың қысымымен батысқа ауады.

Б.з. Ill ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Қазақстан мен Жетісуға келген ғұн тайпалары V ғасырға дейін өмір сүрген Юэбан мемлекетін кұрды. Бұрынғы солтүстік ғұндардың ұрпақтары болып саналған аталмыш мемлекет дөстүрлі тәңірқұты атағын алды.

    Б.з.б 55 жылы Ғұндар Қазақстанға 1-ші рет қоныс аударады. Келген Солтүстік ғұндар. Оңтүстік Қазақстанға келіп, Қаңлылармен көрші тұрды. Солтүстік ғұндарды бастап келген - Чжи-Чжи шаньюй.

Қаңлы билеушісі ғұндармен одақ құрды. Үйсіндерге қарсы соғысты.

Ғұндар Талас өзенінің Шығысында көшіп қонуға мүмкіндік алды.

Таластың жоғарғы ағысында 2 жыл бойы қалды, 2 қабат қорғанмен қоршады.

    Қытай  Ұлы Жібек Жолы бойымен 2 бағытта  шабуыл жасап, Солтүстік ғұндардың  қаласын қиратты, халқын түгел  қырды.

 

 

 

Қазақстанға 1-ші рет қоныс аударған, солтүстік ғұндарды жоқ қылған-Қытай.

   Біздің заманымыздың 93 жылы ғұндар Қазақстанға 2-ші рет қоныс аударды. Келген-Оңтүстік ғұндар.Оңтүстік Батыс, Орталық, Батыс Қазақстанға, Арал маңына келді. 4 ғасырға дейін өмір сүрді. Батыс Қазақстан арқылы, Оңтүстіктен Ресейге өтті, одан әрі Дунайға жетті, Венгрияға қоныстанды. Венгриядан ғұндар Батыс Еуропаға жорық жасады.

    6-7 ғасыр  аралығын тарихта “Ұлы қоныс аудару” кезеңі деп атайды. Өйткені, Қазақстанға Орталық Азиядан түрік тілдес тайпалар қоныс аударды. Қоныс аударуға түрткі болған ғұндардың Қазақстанға жылжуы. Ғұндардың келуімен, монғолойдтық нәсіл көбейді. Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе  Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: Жергілікті  сақ,  юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.

     Ғұн  әскерінің негізін-атты әскер  құраған. Тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың . Ғұндардың негізгі қаруы-садақ. Ғұндардың негізгі қаруы – садақ. Котопульт – тас атқыш, қабырға құлатқыш техниканы пайдаланған.

 

        Б.з.б 3 ғасырдың аяғында – Қытай дерегінде ғұн атауы кездеседі.

Хун, Гун, Рун – Енисей жағалауы мен Алтайды мекендеген көшпелі тайпа.

Хунну-ғұн, Дунху-Қытай

                            

 

 

                          Аммиан Марцелин дерегі:

 

1. “Ғұндар ертелі кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса, кеңесті ат үстінде отырып, өткізеді.”

 

2.” Ғұндар өте жақсы шыныққан, отқа да, суыққа да, шөлге де үйренген.”

 

 

 

     

 

                                Прийск дерегі:

 

1.” Ғұндар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім  қолында барын қанағат етеді.”

 

2. “ Прийск ғұндарды бейбіт халық ретінде сипаттаған.”

 


Информация о работе Векторлық графиканы өңдеу редакторы