Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 10:53, доклад
Қазіргі Қостанай облысы аумағында (Сарыкөл ауданы Күнтимес мекенінде) дүниеге келген. Бабасы – Абылай Қазақ Ордасының, атасы – Уәли Орта жүздің хандары болған. Әкесі – Аманқарағай округінің аға сұлтаны Шыңғыс Уәлихановтың Күнтимес қыстауында ашқан қазақ мектебінде бастауыш білім алған. Шоқан осы мектепте оқып жүріп өлең, жыр, аңыз әңгімелерді оқуға және хатқа түсіруге машықтанды. Көне шағатай тіліндегі дүниелерді тануды, арабша, парсыша оқу дағдыларын меңгерді.
Уәлиханов Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (1835-1865) – қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші.
Қазіргі Қостанай облысы аумағында (Сарыкөл ауданы Күнтимес мекенінде) дүниеге келген. Бабасы – Абылай Қазақ Ордасының, атасы – Уәли Орта жүздің хандары болған. Әкесі – Аманқарағай округінің аға сұлтаны Шыңғыс Уәлихановтың Күнтимес қыстауында ашқан қазақ мектебінде бастауыш білім алған. Шоқан осы мектепте оқып жүріп өлең, жыр, аңыз әңгімелерді оқуға және хатқа түсіруге машықтанды. Көне шағатай тіліндегі дүниелерді тануды, арабша, парсыша оқу дағдыларын меңгерді. Халық мұрасын жинауды қолға алған әкесіне көмектесе жүріп, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Едіге» жырларының нұсқаларын жазып алуға қатысты.
1847 жылы күзде әкесі Омбыға алып келіп, кадет корпусына оқуға орналастырады. Оның рухани өсуіне орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, қазақ, араб, парсы тілдерін білетін шығыстанушы Н.Костылецкий, өркениет тарихы пәнінен сабақ берген айдаудағы поляк оқымыстысы Г.Гонсевский, тарихшы А.Сулоцкий, географ Е.Старков секілді білімдар тұлғалар елеулі ықпал еткен. 14-15 жасар Уәлихановқа мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші ретінде қараған. Сирек кездесетін көне кітаптарды алып оқуға корпус басшылары тарапынан рұқсат берілгендіктен, ол Жайық, Еділ, Каспий алабын, Оңтүстік Сібір, Байкал, Алтайды зерттеген П.Палластың «Саяхатын», Еділ, Каспий, Орал өңірі тарихы мен этнографиясын жазған П.Рычковтың күнделік жазбалары мен кітаптарының қазақ даласына арналған беттерін қызыға оқып, өзі де жазуға талаптанды. Қазан университетінің профессоры И.Березиннің тапсырмасы бойынша Уәлиханов Тоқтамыстың «Хан жарлықтарына» және Қыдырғали Жалайыридың «Жамиғ ат-Тауарих» атты шығармаларына талдау жасады.
Кадет корпусын бітіргеннен кейін Дербес Сібір корпусының штабында қалдырылып, бір жылдан кейін Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Г.Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Оған ерекше тапсырмаларды орындайтын офицер міндеті жүктеледі. Бұл қызметте ол бюрократтық аппараттың, Дюгамель, Фридрихс, Кройерус, Кури сияқты шенеуніктер мен патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді көріп, оларға қарсылығын білдіріп отырған. Шоқан кейінен бұл туралы достары Ф.Достоевский, А.Майков, В.Курочкин, К.Гутковскийге жазған хаттарында ашып айтады.
1855 жылы ол генерал-губернатор
Гасфортпен бірге Жетісуға
1858-1859 жылдардағы Қашқарияға сапары
Уәлихановтың ғылым,
Осыдан кейін Петербордағы ғалымдар, Бас штаб пен Сыртқы істер министрлігі Азия мәселесі жөнінен Уәлихановты үлкен бедел тұтқан. Солардың ұсынысымен II Александр патша Уәлихановты Азия департаментіне қалдыру туралы 1860 жылы маусымның 15-інде бұйрыққа қол қойған. Петерборға келген Уәлиханов бірнеше мекемеде (Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінде, Азия департаментінде, Орыс география қоғамында) қатар жұмыс істеп, Петербор университетінде лекция тыңдаған. Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша Орталық Азия мен Шығыс Түркістанның карталарын жасаған. Оның редакциясымен «Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы», «Құлжа қаласының жобасы», «Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта», т.б. дайындалған. Орыс географиясы қоғамы мүшелеріне Шығыс Түркістан, Тянь-Шань, Жетісу тақырыбы бойынша лекция оқыған.
Аз өмірінде Уәлиханов Орталық Азия халықтарының тарихына, географиясына, фольклорына және қоғамдық-саяси құрылысына арналған көптеген құнды еңбектер қалдырған. Қазақстан географиясында Балқаш пен Алакөлдің бұрын біртұтас су айдыны болғандығы және Жоңғар қақпасынан соғатын Ебі желі туралы ғылыми деректерді алғаш келтірген. Ортағасырлық деректер мен ауыз әдебиеті үлгілері негізінде «Қазақ шежіресі» атты еңбек жазған. 1856-1858 жылдары ол Жетісуда Алматы, Қойлық, Алмалық қалаларының ескі жұртын зерттеп, көне заманның теңге ақшаларынан коллекция жасаған; Іледегі Таңбалы тас мекенін, Шолақтау мен Жоңғар қақпасындағы жартас жазуларының көшірмесін жасаған және Аягөз бен Ыстықкөл жағасындағы тас балбалдардың суретін қағазға түсірген. Ыстықкөл, Құлжа, Қашқар сапарының күнделіктері, «Көкетай ханның асы», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер» — бәрі де сол кезеңнің үздік туындылары. Ғылыми еңбектері ішінде Жетісу, Ыстықкөл, Тянь-Шань, Шығыс Түркістанға тарихи-географиялық шолу жасауға арналған «Жоңғария ескерткіштері», «Қазақтар туралы жазбалар», «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) жайы» сияқты зерттеулерінің орны ерекше. Қазақтың тарихы мен этнографиясына, қазақ даласының әлеуметтік-саяси қатынастарына арналған еңбектерінің де мәні зор («Абылай», «Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, сауыт-саймандары», «Шона батыр», «Сот реформасы туралы жазбалар», «Даладағы мұсылмандық», «Тәңірі», «Қазақтың көші-қоны», т.б.). Көптеген еңбектерінде ол тарихшы, географ, этнограф қана емес, публицист, әдебиетші, жазушы ретінде де көрінеді.
Ол А.Пушкин, М.Лермонтов, т.б. орыс
ақын-жазушыларының
Уәлихановтан қалған мұраның бір бөлігін бейнелеу өнері саласындағы еңбектері құрайды. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. Одан 150-ге тарта сурет қалған. Көбінесе акварель, майлы бояумен, ал кейде тушь, қалам, сиямен жұмыс істеген. Оның қолынан шыққан суреттердің біразы 19 ғасырдың 60-шы жылдары «Всемирная иллюстрация», «Искра», «Русский художественный лист» секілді басылымдарда жарияланған. Өзінің күнделіктерін, жолжазбаларын суретпен көркемдеп, көрнекі материалмен толықтырып отырған. Тастағы жазуларды, ондағы көне заманның суреттерін қағазға айнытпай түсіру арқылы кейінгі ұрпақтың сол жазуларды оқуына жағдай жасаған.
1958 жылы Шоқан Уәлихановтың
Информация о работе Уәлиханов Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (1835-1865)