Украина

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 20:02, реферат

Краткое описание

Географиялық орны. Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік – батысында орналасқан Украина оңтүстігінде Азов және Қара теңізбен ұласады.Қара теңізбен шекарасының жалпы ұзындығы – 1500 км-ге жетеді. Шығысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, солтүстік –батысында Беларусь Республикасымен, ал батысында Польша, Словакия, Венгрия, Румыня және Молдовамен шектеседі. Өткен ғасырларда табиғи шекаралық шептері болмаған Украина көршілес мемлекеттердің басқыншылық әрекетіне көп ұшыраған болатын. ХХ ғасырда елдің геосаяси жағдайының нығаюына көрші елдерменынтымақтас болуы әсер етті.

Содержание

Жерінің ауданы – 603,7 мың .
Халқы – 47,3 млн адам (2004 ж.) Астанасы – Киев.
Мемлекеттік құрылымы – республика.
Үкімет басшысы премьер-министр.
Заң шығарушы органы – Жоғарғы Рада.
Мемлекеттік тілі – украин тілі.
Ұлттық валютасы – гривна.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ukraina.docx

— 58.84 Кб (Скачать документ)

Украина

                                       

Туы                             Елтаңбасы

  • Жерінің ауданы – 603,7 мың .
  • Халқы – 47,3 млн адам (2004 ж.) Астанасы – Киев.                
  • Мемлекеттік  құрылымы – республика.
  • Үкімет басшысы премьер-министр.
  • Заң шығарушы органы – Жоғарғы Рада.
  • Мемлекеттік тілі – украин тілі.
  • Ұлттық валютасы – гривна.

Географиялық орны. Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік – батысында  орналасқан Украина оңтүстігінде Азов және Қара теңізбен ұласады.Қара теңізбен шекарасының жалпы ұзындығы – 1500 км-ге жетеді. Шығысы мен солтүстігінде  Ресей Федерациясымен, солтүстік  –батысында Беларусь Республикасымен, ал батысында Польша, Словакия, Венгрия, Румыня және Молдовамен шектеседі. Өткен  ғасырларда табиғи шекаралық  шептері болмаған Украина көршілес мемлекеттердің басқыншылық әрекетіне көп ұшыраған болатын. ХХ ғасырда елдің геосаяси жағдайының нығаюына көрші елдерменынтымақтас болуы әсер етті.

Украина Республикасының  экономикасы

 КСРО дәуірінен қалыптасқан өндіріс орындарының технологиясы озық үлгіде. Мәселен, ғарыш кемелері мен зымырандарды жасайды, су астында жүзетін сүңгуір қайықтар, мұхиттарда жүретін ірі кемелерді шығарады. Атом және энергетика саласы жақсы дамыған. Шикізат өндірісі, темір жол,автокөлік жолы саласы көп ілгері басқан. Әсіресе, ғылыми-зерттеу орталықтары дамыған. Патон атындағы институты темірді дәнекерлеу ісінде дүниежүзіне аты шыққан.

Ауыл шаруашылығы саласын алсақ, олар бидай егіп, астық өндіреді, мал өсіреді. Ірі қара, құс өсіру саласында озық технологияларды пайдаланады. Жалпы ет, сүт өнімімен өздерін толық қамтамасыз етумен қатар, шет елдерге де өз өнімдерін шығарып отыр. Олар тұрмысқа қажетті тауарларды өте көп өндіреді және оны да экспортқа шығарады.

Алуан түрлі өндіріс орындары елдің шығыс жағында орналасқан болса, батыс жағында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру өркен жайған.

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін меншікті өзгертіп, олар да нарық экономикасына көшкен. Алайда, көптеген өндіріс орындары мемлекет меншігінен шығарылғанымен, ұжымдық негізде қалып, бұрынғы жүйені сақтап қалған. Өзінің өнімін өндіруге мүмкіндігі жетпейді. Жағдайлары өте мүшкіл еді. Оның үстіне аурухана, мектеп, бала бақша, кітапхана және тұрғын үйлер, яғни, әлеуметтік саланың объектілері бұрынғы күйінде қалып қойған ғой. Коммуналдық шаруашылық саласының барлық қызметі үлкен қаражатты талап етеді. Сондықтан ол кезде елдің экономикасы тежеліп қалған екен. Украинада 1999-2000 жылдары коммуналдық реформа жасаймыз дегенде халық оған қарсы болды.

Сондай-ақ, елге шетелден келетін  инвестицияның да ролі зор екені  анық. Тәуелсіз 13 жылдың ішінде Украинаға 6 млрд АҚШ доллары көлеміндеинвестиция келген. Ал Қазақстан экономикасына құйылған инвестиция көлемі 30 млрд АҚШ долларын құрады! Міне, қандай айырмашылық!Қазақстанда 1993 жылдан бастап тиісті заң қабылданып, инвестиция тартуға өте қолайлы жағдай жасалды. Ал Украинада ондай заңның қабылдануы кешеуілдеп қалған. Сондықтан шетелдік инвестор келуі үшін ол өзінің салатын қаражатын кері тиісті пайдамен қайтарып алып кете ала ма, жоқ па,заң жүзінде толық сенімділігі болмаған соң, қауіптенеді. Сол секілді шағын және орта кәсіпкерлік те өз деңгейінде дами алмаған. Оның себебі кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын, жауапкершілігін айқындайтын тиісті заңдар жүйесі де жетілмеген.

Халқы

Украина халкының жалпы саны 2004 жылдың соңына қарай шамамен 47,3 млн адам болды. Елде халық санының табиғи өсуі сонғы онжылдықтарда күрт қысқарды, ал 2000 жылы ол тіпті — 0,6%-ды құрады. Туу коэффиценті (1000 адамға шаққанда) — 8‰, өлім коэффиценті - 14‰. Адамның  өмір жасының орташа ұзақтығы — 68 жыл. 1990 жылдардың орта шенінен бастап, Украинадан басқа елдерге қоныс  аударатындар саны көшіп келетіндер санынан асып түсетін болды. Қоныс  аударғандардың басым көпшілігін өздерінің  байырғы отандарына (Германия, Израиль) оралғандар құрады. Ел халкының ұлттық құрамы күрделі болғанымен, басты ұлттар: украиндар (73%) мен орыстар (22%). Украиндар саны жөнінен славян халықтары арасында орыстардан кейін 2-орын алады. Олар, негізінен, батыс, орталык және солтүсік аудандарда тұрады. Украиндардың үлесі оңтүстікке қарай азая береді. Мысалы, украиндар Донецк және Одесса облыстары тұрғындарының жартысын ғана құрайды, Қырымда олардың үлесі 25% ғана. Олардан баска ел аумағында беларустар, еврейлер, молдавандар, поляктар мен болгарлар және т.б. ұлт өкілдері тұрады. Татарлар Қырымда,гректер Азов теңізі жағалауында, ал румындар мен словактар Карпат сыртында шоғырлана орналаскан. Карпатта тау халықтары — гуцулдар,бойкалар мен лемкалар тұрады. Гуцулдар — шығу тегі әлі белгісіз халықтардын бірі, олар, негізінен, мал шаруашылығымен және ағаш дайындаумен айналысады. Гуцулдар арасында ағаштан түйін түйетін шеберлер, саз балшыктан құмыра жасаушылар, кілем тоқушылар да көп. Діни құрамы жағынан христиан дінінің православие тармағы басым, бүдан баска христиаи дінінің баска тармақтары мен ағымдары, сондай-ақ ислам, иудаизмдіндері бар. Республика бойынша халықтың орташа тығыздшы 1км2 -ге шаққанда 78,6 адамды құрайды. Ел аумағында халык біркелкі орналаспаған; шығыстағы өнеркәсіпті-ауыл шаруашылықты аудандарда, батыстағы Львов облысында 1км^2-ге 100 - 200 адамнан келеді. Полесье аумағында орналасқан Чернигов, Волынь, Житомир облыстарында, сондай-ақ далалы Херсон облысында бұл корсеткіш 40—50 адамды ғана құрайды. Украинада ірілі-ұсақты 415 қала бар. Қала халқының үлесі - 68%. Батыс Украинада урбандалу деңгейі төмен, Закарпат облысында қала халқынын үлесі бар болғаны 41% ғана. Мұнда шағын және орташа қалалар басым. Донецк алабында қала халкының үлесі өте жоғары (90%), мұнда ТМДбойынша ірі қала шоғырларының бірі - Донецк агломерациясы қалыптаскан. --Inurseitov (talk) 16:15, 2013 ж. ақпанның 27 (ALMT)

Ауыл шаруашылығы

Елдің ауыл шаруашылық құрылымында өнім көлемі жөнінен егіншілік пен мал шаруашылығы бірдей дерлік орын алады. Дегенмен соңғы жылдары мал шаруашылығының өнім көлемі қысқарып келеді.

Украинаға ауыл шаруашылығы  мамандануының зоналық сипаты тән. Өсімдік шаруашылығы дәнді және техникалық дақылдарды өсіруге маманданған. Өсімдік шаруашылығының дамуына ел аумағында дала және орманды дала зоналарының басымдығы алғышарт болады. Елдегі жыртылған жерлердің жалпы ауданы — 33 миллион 291 мың га. Астықты алқаптар жалпы егістік көлемінің жартысын алып жатыр. Бидайдыңтүсімділігі жөнінен Украина ТМД елдері арасында жетекші орындардың бірін алады, жергілікті диқандар әр гектардан орташа есеппен алғанда,республиканың сыртқы сауда балансы теріс мәнге ие. Украина импортының құрылымында 1-орында мұнай мен газ тұр; ел сырттан түсті металдар, синтетикалық каучук, ағаш сүрегі, жеңіл өнеркәсіпке қажетті шикізатты да сатып алады. Экспортқа қара металл прокаты, құбырлар, ферроқорытпалар, машина жасау өнімдері, халық тұтынатын тауарлар, химикаттар шығарылады.

Украинаның Қазақстанмен экономикалық байланыстары жедел қарқынмен  дамып келеді. Қазақстанда 50-ден  астам украиналық және бірлескенкәсіпорын жұмыс істейді. 2004 жылы Украинаның Қазақстан экспортындағы үлесі 1,4%-ды, ал импортындағы үлесі 5,7%-ды құрады. Қазақстанның 2004 жылы Украинаға экспортының жалпы көлемі шамамен 278 млн АКШ долларын құраса, 2008 жылы Украинадан 722 миллиондай АҚШ долларына әртүрлі тауарлар сатып алды.

Өнеркәсібі

Украина өнеркәсібінің басты саласы — отын-энергетика кешені, оның үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 1/4-іне жуығы тиесілі. Соған қарамастан бұл сала соңғы онжылдықта күшті күйзелуге ұшырады. Кеңес Одағының құрамында болған кезде Украина мұнай мен газды арзан бағамен көршілес Ресейден сатып алатын. Кейінгі жылдары елдің сыртқы экономикалық байланыстарының әлсіреуі энергияны кеп қажет ететін өнеркәсібі бар Украина үшін аса қолайсыз болып отыр. Сонымен қатар елдің өзінде бар мүһұнай мен газды өндіру көлемі де қыскарды. Мысалы, 1991 жылы Украина мұнайшылары 4,9 миллион тонн мұнай өндірсе, жылы бұл көрсеткіш тек 4,2 миллион тонн болды. Аталған кезенде табиғи газ өндірісі 24,3 миллиард м3-ден 20 млрд м3-ге дейін азайды. Украинаның сырттан сатып алатын мүнайының 85%-ы, газының 95%-ы Ресейдің үлесіне тиеді. Соңғы онжылдьщта мүнай мен газды тұтыну азайғанымен, шикізат тапшылығы айқын байкалуда. Сондықтан сырттан өкелінетін мұнай негізінде жұмыс істейтін елдегі 6 мұнай өндеу зауыты толық қуатында жұмыс істемейді.

Көмір өндіру көлемі де екі есеге қысқарған. Елдегі ен ірі әрі ең ежелгі (1721 жылы ашылған) Донецк алабында жоғары калориялы, кокстелетін кемір өндіріледі. Жалпы, ел бойынша көмір өндірісінде 1 миллионға жуық адам жұмыспен қамтылған. Жүздеген метр тереңдікте орналасқан шахталардағыжұмысшылардың ауыр еңбегі үкімет тарапынан ұдайы әлеуметтік-экономикалық қолдауды қажет етеді.

Өндірілетін электр энергиясының 40%-ға жуығын елде жұмыс істейтін 5 АЭС береді. Сонымен қатар жергілікті көмір қорына негізделген ірі жылу электрстансылары (Углегор, Запорожье, Кривой Рог және т.б.) жұмыс істейді. Елде 1991 жылы 298 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілсе, 2007 жылы бұл көрсеткіш 192 миллиард кВт/сағ шамасында ғана болды.

ТМД елдерінің аумақтық еңбек белінісінде Украина қара металлургия саласымен көзге түседі. Бұл сала жалпы өнеркәсіп өнімінің 1/5-нен астамын береді. Украина жыл сайын 50 миллион тоннадан астам темір кенін өндіреді, оның 20 миллион тоннаға жуығы экспортқа шығарылады. Мұндағы Кривой Рог темір кені алабы езінің қоры жөнінен ТМД елдері бойынша тек Ресейдегі Курск магнит аномалиясына (КМА) ғана жол береді. Қара металлургияның байырғы орталықтары (Кривой Рог, Мариуполь, Днепропетровск, Запорожье, Донецк) кокстелетін көмір өндіретін Донецк алабына жақын орналасқан.

Украинаның байырғы маманданған  саласының бірі—машина жасау өнеркәсібі. Соңғы онжылдықта өндірістік байланыстардың үзілуі, қаржыныңжетіспеушілігі бұл саланың да дамуын тежеп отыр. Әсіресе ауыл шаруашылығы машиналарын, соның ішінде трактор жасау 5 есеге дейін кыскарды. Өнеркәсіптік күрделі техника, электрондық есептеуіш құралдар өндірісі мүлде тоқтап қалған. Жеңіл автокөлік жасау кәсіпорындары да дағдарысқаұшыраған. Машина жасаудың орталықтары: Харьков, Киев, Донецк, Львов, Запорожье (автомобиль жасау), Днепропетровск, Луганск (теміржол және ауыр машиналар жасау), Николаев, Керчь, Херсон (кеме жасау).

Украина өнеркәсібінің маңызды  саласының бірі болып табылатын химия өнеркәсібінің дамуы, ең алдымен, шикізат көзіне байланысты болады. Бұл сала кәсіпорындары шикізат ретінде қара металлургия мен кокстеу қалдықтарын, жергілікті тұздар мен сырттан әкелінетін табиғи газ бен мұнайды пайдалана отырып, кептеген өнімдер шығарады. Әсіресе минералды тыңайтқыштар (Одесса, Винница, Горловка), күкірт қышқылы, сода, пластмасса мен химиялық талшықтар (Киев), резеңке бұйымдарын өндіру маңызды орын алады.

Саяси жағдайы

1999 жылы Президенттік сайлауы өтіп, елі Леонид Кучманы сайлады. Сол кезде Жоғарғы Рада төрағасынан бастап Парламенттің 14 депутаты Президент боламын деп сайысқа түсті. Ол таластың тигізген зияны да аз емес. Парламент спикері бастаған депутаттар сайлауға дейінгі бір жыл бойы ашық қарсылық білдіріп, заңдардың қабылдануына тосқауыл жасаған. Соған дейінгі 5 жыл, яғни, бір шақырылым бойы депутаттар Үкімет ұсынған заң жобаларының тек 60 пайызын ғана қабылдапты. Ең маңызды деген заңдары қабылданбаған. Ал біздің бір ұтқанымыз 1995 жылы Парламент таратылғаннан бастап келесі жоғарғы заң шығарушы орган қызметінекіріскенге дейінгі уақытта Қазақстан Президенті өзінің заң күші бар Жарлығымен 140-тан астам заңды қабылдады. Соның арқасында заңға келіп тіреліп, тоқырап тұрған көптеген мәселелер шешімін тапты. Араға санаулы жылдар салып, нәтижесінде Қазақстан ТМД елдерімен салыстырғанда нарық экономикасы бағытында дамуы жолында алда келе жатыр. Ал заңдары дер кезінде қабылданбаған елдерде инвестиция тарауы нашар болды, кәсіпкерлік саласының дамуы артта қалды. Әйтпесе, Украина сияқты елдердің мүмкіндігі өте мол еді. Және бұрынғы қалыптасқан байланыстары үзіліп қалды. Олардың экономикасының және бір қиындық туғызатын тұсы бар, мемлекетке қажет өздерінен 12 пайыз ғана мұнай өнімі, 15 пайыз ғана газ өндіріледі. Қалғанының барлығын Ресей, Қазақстан, Түрікменстан т.б. елдерден алады. Сондықтан мұнай мен газ үшін, әсіресе, Ресейге тәуелді. Екіншіден, Ресейден Еуропаға қарай тартылған мұнай-газ құбырлары Украина жері арқылы өтеді. Оған кедергі жасаса, Ресей өз өнімдерін шығарудың басқа бағыттарын қарастырады. Сондықтан бұлмәселенің шешілуі көрші елге тікелей байланысты.

Саяси мәселені де реттеп алу  керек. Қазір Украина НАТО-ға, Еуропалық одаққа қарай бет бұрып отыр. Ал бергі жағында Ресей. Отын, энергетика өнімдерін, әсіресе, жанар-жағармай, газды, басқа да құрал-жабдықтардың көбін Ресейден алады. Бірлескен кәсіпорындары көп. Егер саяси мәселелері реттелмесе, тығырыққа тірелуі мүмкін.

Қазақстанмен  қарым-қатынасы

1999 жылдың қыркүйегінде  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға жасаған ресми сапары екі елдің қарым-қатынасына үлкен дем берген елеулі оқиға болды. Сол кезде мемлекетаралық келісім-шарттардың саны 60-тан асты. Соларды басшылыққа ала отырып, жүзеге асыру бағытында жұмыс істедік.

1999 жылы бірінші жарты  жылдықта Қазақстан мен Украина  арасындағы сауда айналымы 50 млн  АҚШ долларын құраған болса, 2003 жылы тауарайналымы 800 млн долларға дейін жетті. Қазір екі елдің арасындағы тауар айналымы жылына 1 миллиард доллардан асып кетті. Бұл – кезіндегі және одан кейінгі атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Жалпы, Қазақстан мен Украина арасында мықты бір оң ниетті ізгі тілектестік байланыс бар.

Сонымен бірге біз 2001 жылы Қырымда, 2002 жылы Украинаның батысындағы 8 облысты қамту үшін Львовта Қазақстанның құрметті консульдығын ашылды. Сондай-ақ, шығыс жағындағы 5 облысқа арнап Запорожьеде, одан кейін оңтүстікте үш облысты қамтитын Одессада консульдық ашу мәселесі келісілді және дайын болды. Соның нәтижесінде ел мен елдің байланысы, экономикалық қарым-қатынасы арта түсті. Сонымен бірге Украинаның ғана емес, Молдованың да елшісі қызметін қоса атқару міндеттелгендіктен, Кишенеуде де Қазақстанның құрметті консульдығын ашылды.

Украинаға жанар-жағармай, газ керек. Қазақстанға Украина жағынан атом, энергетика, мұнай-газ саласынан, ауыл шаруашылыққа қажетті құрал-жабдықтар, техника түрлері қажет. Бізде өндірілмейтін тауардың көбі Украинада шығарылады. Оларда жоқ нәрсе біздерде бар. Сондықтан Біртұтас экономикалық аймақ жөніндегі келісімге қол қойылса, Ресей, Украина, Қазақстан, Беларус мемлекеттерінің аумағында осы елдердің шығарған тауарының тасымал тарифының бағасы бірдей болуы мүмкін. Мысалы, темір жолмен Атырау облысының Теңіз кенішінен Қара теңіздің жағасындағы Одесса портына дейін жеткізу үшін мұнайдың бір тоннасының бағасы 33-45 долларға дейін қымбаттайды. Мәселен, 1 тонна мұнайдың тасымалына Қазақстан жерінде 7-8 доллар, Ресейде 17-25 доллар, Украинада 9-12 доллар қосылады.

Яғни, барлық тауарлардың  мемлекетаралық сыртқы сауда айналымында көлік тарифі кедергі келтіріп тұр.

Еркін сауда аймағы болғанын қалап отырған Украина жағы егер Еуроодақ пен Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіруге кедергісін келтірмейтін болса, Біртұтас экономикалық аймаққа кіруге келісуі ықтимал.

Информация о работе Украина