Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 08:57, реферат
Генография- жердегі географиялық аймақтарда, гаплоидты ДНК-ның таралуын, тірі организмнің жер бетіне таралу ошағын, және олардың тексеруін айтады. 1928жылы ең алғаш генография жайлы түсінікті Ресей академигі генетик Александр Сергеевич Серебровский енгізген. Генографиялық тексеру адамның генофонды картогеографиялық анамнезі бойынша генетикалық гаплоид топтарының маркерлерінің үлкен аймақтарда таралуын айқын популяциялық топтардың таралуын айтады. Генотипті әр түрлі ДНК-лы классикалық маркерлерге арнайы зерттеулер жүргізеді.
Кіріспе.
Тұқым қуалайтын аурулардың генографиясы.
2. Негізгі бөлім
а) Экологиялық жағдай және адам денсаулығы.
б) Тұқым қуалаушылық және патология.
в) Тұқым қуалаушылық қасиетін зерттеу.
г) Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалаушылық аурулардың алдын алу мен емдеу.
3. Қорытынды.
4.Қолданылған әдебиеттер.
«Астана Медицина Университеті» АҚ
Тақырыбы: «Тұқым қуалайтын аурулардың геногеографиясы»
Орындаған: Шарафова А
Тексерген:
Астана- 2013
Жоспар:
Тұқым қуалайтын аурулардың генографиясы.
2. Негізгі бөлім
а) Экологиялық жағдай және адам денсаулығы.
б) Тұқым қуалаушылық және патология.
в) Тұқым қуалаушылық қасиетін зерттеу.
г) Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалаушылық аурулардың алдын алу мен емдеу.
3. Қорытынды.
4.Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе:
Генография- жердегі географиялық аймақтарда, гаплоидты ДНК-ның таралуын, тірі организмнің жер бетіне таралу ошағын, және олардың тексеруін айтады. 1928жылы ең алғаш генография жайлы түсінікті Ресей академигі генетик Александр Сергеевич Серебровский енгізген. Генографиялық тексеру адамның генофонды картогеографиялық анамнезі бойынша генетикалық гаплоид топтарының маркерлерінің үлкен аймақтарда таралуын айқын популяциялық топтардың таралуын айтады. Генотипті әр түрлі ДНК-лы классикалық маркерлерге арнайы зерттеулер жүргізеді. Оларға: мтДНК-лы, Y-хромасома, гендік-биологиялық басқа да генетикалық маркерлер жатады. 2005жылдан бастап халықаралық «Генографиялық жоспар» құрылды. Тексеріс барысында мтДНК және Y-хромасома жер шары аймақтарында халықаралық таралуын қарастырды. АҚШ-да жоспардың қаражаты 40млн доллардан жоғары болады. АҚШ және БҰҰ одақ құрып, демеуші ретінде қаражаттандырады.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ.
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі. Адамның денсаулығының төмендей, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хе nos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар. Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді. Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық. Америка ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі. Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-теи 12 ЗЖЖК-ге көтерілуі балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы — 1,4 есеге артуына әкеледі. Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7—8, Жапонияда — 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24—25 болған.
Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:
1) концерогендер (латын
тілінен аударғанда cancir — рак,
генезис — шығу тегі) қатерлі
ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта
шамамен 500 осындай заттар белгілі.
Олардың ішіндегі ең
2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;
3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras , teralos — қ ұбыжық) — жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.
Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогеидер (грек тілінен аударғанда embryo – ұрық) эмбрионалдық даму кезінде зақымдануларға әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.
Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен (“минамата”) және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.
Семей ядролық
полигонындағы сынақтардың
Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.
Жарылыс толқыны көптеген
үйлер терезесінің шынысын
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды.
Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды
профессор Б. Атшабаров басқарды.
1949 жылғы алғашқы жер
бетіндегі жарылыстан бастап
Семей және Павлодар
Семей полигонына жақын
нақ сол аудандарда жетілуіндегі
әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік
кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге
ерекше көп келеді.Мамандардың
Денсаулық үшін
зиянды органикалық
және бейорганикалық заттар.
Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді.
Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті. Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорды бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид), тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен (еріткіштер). Бұл топқа өте улы зат — диоксиндер де жатады.
ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПАТОЛОГИЯ.
Тұқым қуалау аурулары - бұл негізіңде тұқым қуалау материалының яғни мутацияның өзгеруі байқалатын патологиялық жағдайлар. Бұл аурулардың дамуында ген немесе хромосома құрылымының бұзылуы ең басты себептердің бірі болып табылады. Мұнан басқа тұқым қуалау патологияларына тұқым қуалау бейімділігі бар -мультифакторлық аурулар да жатады. Олар патологиялық процестің дамуына ықпал ететін жағдайды туғызатын сыртқы орта факторлерінің және геннің арнайы жинағының бірлескен әсері нәтижесінде пайда болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жаңа туылған нәрестелердің 5-8 пайызы осындай аурулармен туылады екен. Олардың ішінде 3 пайызы генді мутацияға, 0,8-1 пайызы хромосомды өзгерістерге, 2,5-3,5 пайызы - іштен туа біткен даму ақаулығына және 1,5 пайызы мультифакторлық ауруларға байланысты болады екен. Тұқым қуалау аурулары адамның мезгілінен бұрын өлуіне әкеліп соқтырады. Сәби өлімінің шамамен 50 пайызы осы патологияға байланысты.
Клиникалық медицинаның барлық тараулары тұқым қуалау ауруларынан тұрады. Мысалы, көру қызметі бұзылуының 70 пайызға жуығы және есіту қызметі бұзылуының 45 пайызы осы патология себептеріне байланысты. Жүйке ауруларының ішінде шамамен 350 ауру, ал дерматологияда 250 ауру генді мутацияға байланысты дамиды.
"Іштен туа біткен аурулар" деген түсінік "тұқым қуалау аурулары " деген түсініктің синонимі емес. Іштен туа болған патология бала туылғанда анықталынады. Ол мутациямен қатар ұрықты зақымдайтын құрсақішілік инфекция, жарақаттар және т.б. сыртқы ортаның қандай-да бір факторлерінің әсер етуінде туындайды. Ал тұқым қуалайтын аурулар баланың туылған сәтінде немесе тіпті балалық шақта да білінбейді. Сондай аурулардың бірі мысалы, Гентингтон хореясы 40-50 жаста басталуы мүмкін. Мұнан басқа "отбасылық аурулар " да барлық жағдайда тұқым қуалайтын болып табылмайды, өйткені бір отбасының мүшелеріне әдетте сыртқы орта факторының әсері бірдей болады, сондықтан патологиялық бұзылулар бір типті болады.
Генетикада қолданылатын "синдром" деген термин медицинада кеңінен қолданылады. Тұқым қуалайтын патологияларды кескіндеп жазу барысында оны аурудың атауы үшін мысалы, Дауна синдромы қолданады. Тұқым қуалайтын аурулардың топтастырылуы.Тұқым қуалау аурулары тұқым қуалау құрылымының өзгеру сипатына сәйкес топтастырылады. Бұзылулардың 3 негізгі типін ажыратады: хромосомды, моногенді және мультифакторлы аурулар.
1. Хромосомды синдромдар адам хромосомасының құрылымы мен санының ақаулығымен өтеді.
2. Моногенді аурулар - бұл бұзылудың себебі жеке гендердің мутациясы болып табылады. Адамдағы патологиялық жағдай ядролық, сонымен қатар митохондриялық гендердің өзгерісімен шақырылған болуы мүмкін. Моногенді аурулардың көбі Мендель заңына сәйкес тұқым қуалайды, өйткені тұқым қуалау ақпараты негізінен ДНҚ ядросында болады. Моногенді аурулар тобына: аутосомды-доминантты, аутосомды-рецессивті, Х-тіркес доминантты, Х-тіркес рецессивті және митохондриялық патологиялық жағдайлар жатады.
3. Мультифакторлы аурулар - бұл тұқым қуалауға бейімділігі бар, оның білінуі үшін тұқым қуалайтын факторлер мен сыртқы орта факторлерінің бірігіп әсер етуі қажет болатын аурулар. Тұқым қуалау бейімділігінің себебі бірнеше қалыпты гендердің генотипте қолайсыз бірігуі болып табылады. Бірақ ағзадағы патологиялық өзгерістер адамның қоршаған ортаның зақымдаушы факторлерінің әсеріне ұшыраған кезінде пайда болады. Мультифакторлы ауруларды науқастың қаңдай мүшесінің зақымдануына сәйкес, мысалы, жүйке, жүрек-тамырлар, тыныс алу, эндокринды жүйе және т.б. мүшелердің аурулары деп ажаратады.
Клиникалық ерекшеліктері
$/. Т$ұқым қуалайтын ауруларга ұқсайтын патологияның бір отбасы мүшелерінде қайталану жағдайы. Бұл, әсіресе моногенді немесе мультифакторлы ауруларға тән. Дегенмен хромосомды синдромдар әдетте отбасының тек қана бір мүшесінде білінеді.
Хромосомды аурулар.
Информация о работе Тұқым қуалайтын аурулардың геногеографиясы