Туризмдегі жарнама ұғымы мен тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2015 в 06:47, реферат

Краткое описание

Нарықтық қатынастар кешегі Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан еңбек заңдылықтарын өзгертті. Енді жұмысты жоспармен емес, іскерлікпен атқару мәселесі бірінші орынға шықты. Жалпы іскерлік байланыстың түрлері көп. Олар: конференциялар, көрмелер, семинарлар, презентациялар, пресс-конференциялар, сұхбаттар, дөңгелек столдар, іскерлік дастарханы, және ойындар, келіссөздер, т.с.с. Осылардың бәрінен де өтімдісі – жарнама.
Жарнаманы анықтаудың екі жолы бар: біріншісі – тар мағынадағы жарнама деп, тек ақысы төленген, бір бағыттағы жеке және біреу арқылы белгілі бір тауарды мақтап насихаттайтын жолауды айтамыз. Екіншісі, кең мағынадағы жарнама деп, өндірушінің (сатушының) немесе олардың өкілдерінің мүмкіндігі бар тұтынушыларға (сатып алушыға) кез-келген жолдамасын айтамыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жарнаманың пайда болуы мен тарихи кезеңдері.docx

— 31.77 Кб (Скачать документ)

Дәл осылай етіп дәуірлерге бөлуді мен “Маркетинг негіздері” деген орыс тіліндегі әбебиеттен оқып-білгенім арқылы жасадым. Негізгі мәліметтерді осы кітаптан алғаныммен, басқа да оқу құралдарынан алынған мәліметтерді қосып, өзімше топшылаулар жасадым. Айтар болсам, “Маркетинг негіздерінде” дәуірлеуді баспа станогы шығуынан бастайды. Мен бұған қосылғым келмеді. Сөйтіп, жарнаманың бірінші дәуірі деп сол баспа станогы шыққанға дейінгі жазбаша жарнамалар кезеңін атадым. Соның нәтижесінде жарнамалардың даму, яғни эволюция-лық дәуірлерін өз сараптауым бойынша бөлдім. Қорытып айтқанда жарнамалардың дамуы 6 кезеңнен тұрады.

Қалай десек те, қандай бір шығармашылық жұмыстардағы сияқты жарнаманы да бүкіл халыққа түсінікті болатындай етіп жасау мүмкін емес екені бәрімізге мәлім. Мысалы, біздің журналистикада аудитория таңдау мәселесі өз алдына бір сала ретінде айтылады, түсіндіріледі, оқытылады. Осы принцип бойынша жарнаманы да оның бағытталған аудиторияларын ескере отырып жасау қажет екені даусыз. Сол себепті, жарнаманың объектісі болатын тауарлардың сұраныс объектілерін сараптай келе, олардың жасалу жолдарын да реттеп отыру керек. Бұл орайда “Егер жарнама сіздің көңіліңізден шықпаса, онда ол басқа адамға арналған” деген қанатты сөз бар екенін айту керек. Бұның пайда болуының себебі жоқ емес. Зерттеп қарайтын болсақ, “көңіліңізден шықпасаң деген тіркес оқырманды кінәлап тұрған жоқ. Жай ғана ескертіп алып, түсінікпен жөн сілтеген сияқты “ол басқа адамға арналған” деу арқылы бір жәйтті аңғартып тұр. Онысы – әркім қажетіне қарай қабылдауына болады дегенді ұқтырып тұрғандай. Осыдан барып, жарнама қашан да белгілі бір ортаға арналып шығарылады деген қорытындыға келеміз.

                                                

                                          Жарнама ұғымына түсінік

 

 

Жарнама (жар + нама; жар – “Жария етті, мәлімдеді; хабар таратты, жариялады” нама – араб-парсы, “жазылған хат, шығарылған бәйіт, дастан”– қазақ мәдениетінде кең қолданылған ұғым, дефинициясы айқын термин. Жарнама терминіне төмендегідей анықтамалар беріледі:

“Жарнама” - спектакль, концерт, жиналыс, лекция, спорттық жарыстар, ойын-сауықтар туралы хабарлама.

Энциклопедиялық, лексикологиялық, мағлұматнамалық, терминологиялық еңбектерде берілген анықтамалардан шығатын қорытынды – “Жарнама – спектакль, концерт немесе көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар, ойын-сауықтар туралы хабарландырудың бір түрі”

1990 жылдың бас кезіне  дейін қазақ қоғамында, қазақ  мәдениетінде жарнама осындай  мағынада түсіндіріліп келді.

Жоғарыда көрсетілген анықтамалардан шығатын қорытынды – осы уақытқа дейін жарнама дегеніміз: мәдени шаралар туралы хабарландырулар, шақырулар, плакаттар дегенді ғана білдіретін. Басқаша айтқанда, бұл терминнің қолданылу аясы, мазмұны тар болды. Екіншіден, оның қоғамдық қызметі, қоғамдық-саяси рөлі мүлдем болған жоқ.

Орыс мәдениетінде “реклама” сөзіне бірнеше анықтамалар беріледі:

“Реклама (франц. Reclame, от лат. reclamer – выкрикивать) – разнообразные мероприятия, имеющие целью оповещение о чем-либо, например, о товарах, зрелищах ( театральная реклама, кинореклама) услугах, оказываемых каким-либо предприятием и т.д.”.

Үлкен энциклопедиялық сөздікте “Торговая рекламаң ұғымына жеке анықтама берілген: “ торговая реклама – это популяризация товаров с целью их продажи, создания спроса на них, ознакомления потребителей с качеством, особенностями и местом продаже товаров, разъяснения способов их потребления”.

Шет тілдер сөздігінде де жарнама терминіне байланысты мынадай анықтама беріледі: “Реклама (франц. Reclame, от лат. reclamer – выкрикивать) – 1) информация о товарах, различных видах услуг и т.п. с целью оповещения потребителей и создания спроса на эти товары, услуги и т.д.; 2) распространение сведений о ком-, о чем-либо с целью создания популярности”

Шетел ғалымдары да жарнама терминіне де әртүрлі анықтамалар береді, олардың көпшілігі маркетинг тұрғысынан айтылған.

Мысалы, АІШ-тағы Солтүстік Университетінің профессоры, атақты маркетолог Филип Котлер, жарнамаға мынадай анықтама береді: “Реклама представляет собой неличные формы коммуникаций, осуществляемые через посредство платных средств распространения информации, с четко указанным источником финансированияң.

Бұрынғы кеңес өкіметі кезінде, еңбек қарым-қатынастары қоғамдық меншікке, мемлекеттік меншікке тәуелді болған кезінде жарнама сыртқы экономикалық байланыстың, сыртқы сауданың атрибуты, көрінісі болды. Жарнама ішкі экономикалық байланыста қоғамдық - әлеуметтік роль атқара алған жоқ. Орыс тіл білімінде “Реклама – неотъемлемая часть деятельности советской внешней торговли” деп есептелінді.

Қазіргі уақытта жарнама ұғымының қамтитын мазмұны, көлемі ұлғайды. Жарнама ісі нарықтық экономиканың дамуына байланысты күн сайын біздің өмірімізді кеңінен қамтып, берік орын алуда.

Сөйтіп, жарнама ұғымына нарықтық қарым-қатынастардың бүгінгі жағдайының көзқарасымен қарағанда мынадай анықтама беруге болады: жарнама – терминдік ұғымдық көлемі кеңейген жаңа мазмұндағы қоғамдық-әлеуметтік термин; нарықтық қоғамның бір бөлігі, ұсыныстар мен ойларды, тауарларды, қызмет көрсетулерді насихаттайтын, әрбір өндірістің, ұйымның тиімді қызмет етуіне ыықпал жасайтын, бәсекелестікті дамытатын форма; бұл оның экстролингвистикалық сипатына қатысты анықтама.

 

 

 


Информация о работе Туризмдегі жарнама ұғымы мен тарихы