Туризм классификациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 21:28, реферат

Краткое описание

Туризм – демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.
Туризм тарихы ертеден басталады. Ол ХІХ ғасырдың аяғында пайда болып, осы қалпында қалыптасты. Қоғамдық қарым – қатынас пен техника және технологияның қарқынды дамуы кезеңінде ХХ ғасырдың 2-ші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгін де туризм ірі капиталдарды, негізгі қаражаттарды және еңбек ресурсының ауқымды бөлігін іске қосқан, әлемдік өнімнің 11 пайызына дейін орын алып отырған ірі әлемдік сала. Бұл жаһандау деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша және ірі бизнес болып саналады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Туризм классификациясы.
2. Белсенді туризм классификациясы.
3. Жаяу жорықтардың классификациясы.
4. Экскурсияның классификациясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 52.99 Кб (Скачать документ)

Велосипед туризмі - ұзақ қашықтықтағы, көптеген километрге (1100км дейін ) созылатын,арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық (көліктік) құрал велосипед болып табылатын,жорық кезіндегі өзіндік кедергілері бар (жолсыз жерлер, орман-тоғайлар,жыралар т.б.) туристік топ құрамының шағын болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыру жұмыстарының жиынтығы. Велосипед туризмі,өзіндік туризмнің түрі – велосипедпен болатын саяхаттар мен спорттық жорықтар.Велосипедпен кез келген жолды өтуге болады,соқпақ жолдар мен қарапайым тегіс жерлерді өтеді,онымен терең орлар арқылы да,құмды жерлерді де,тасты тау жолдарын да,өзенді де кесіп өтуге болады. Күніне қозғалыс қарқынына ,ауа райына,жол жағдайы мен оны жеңіп өтуіне байланысты велотуристер 40-тан 120 км дейін (арттан соққан жел кезінде 45-тен 140 км дейін) жолды жүріп өтеді. Саяхатта велотурист жүкті өзі алып жүрмейді,ол барлық жүкті велосипедке тиейді .Экологиялық жағынан велосипед таза көлік түрі. Сонымен, туризм жіктелуінің ғылыми және тәжіребиелік маңызы бар, ол білгенінді реттеуге және дүниежүзілік туризм қозғалысын терең біліп-түсінуге әсерін тигізеді.

 

Белсенді туризм классификациясы


Белсенді туризмнің біз  ойламағанда түрлері бар екен. Белсенді туризм классификациясына жақынырақ келетін болсақ, келесідей болады:

1). Белсенді туризмнің  жердегі түрі:

  • Жаяу туризм немесе треккинг;
  • Спелеотуризм (үңгір ішіндегі саяхат);
  • Спелестология (қолмен жасалған жер асты жерлермен саяхат);
  • Велотуризм;
  • Маунтинбайкинг.

2). Таудағы туризм:

  • Альпинизм (техникалық және физикалық дайындықты қажет етеді);
  • Таулы шаңғы және сноуборд.

3). Судағы туризм:

  • Виндсерфинг (парустық тақтада жүзу);
  • Судағы шаңғы;
  • Вейкбординг;
  • Кайтинг;
  • Каякинг;
  • Рафтинг.

Судағы туризмнің соңғы  екі түрі өте экстремальді және қауіпті, себебі бұлар таудағы өзендерде болады.

4). Экзотикалық туризм:

  • Ғарыштағы туризм;
  • Джайлоо-туризм;
  • Солтүстік және Оңтүстік полюстегі туризм және басқа да экстремальды орындарда.

 

Жаяу жорықтардың  классификациясы

Маршруттың қиындық дәрежесі жол  бойында кездесетін кедергілерге, аймақтың географиялық көрсеткішіне, маршруттың автономдылығына байланысты болып  келеді. Осыған байланысты жорықтар бөлінеді:

- демалыс күндерінің жорықтары;

- 1-3 дәрежелі қиындықтағы - балалар  мен жастар туризмінде;

- 1-ден 6-ға дейін дәрежелі  жорықтар. 1-ші дәреже оңай, 6-шы  дәреже ең қиын, және арнайы  физикалық дайындықты қажетсінеді,  осыған байланысты арнайы құрал-жабдықтар  да қолданылады.

- жорықтың қиындық дәрежесін  өту үшін, қатысушылар алдындағы  жорықтық қиындық дәрежесін өтуден  тәжірибесі болуы керек, ал  басқарушы дәл осы дәрежеден  өткен және алдындағы қиындық  дәрежелері бойынша тәжірибесі  болуы керек. 1-ші дәрежеден өту  үшін демалыс күндеріндегі жорықтардан  тәжірибесі болуы қажет. Жорықтың  қияындығын анықтау барысында  міндетті жорықтың ұзықтылығы  мен қашықтығы есепке алына  бермейді.

Экскурсияның классификациясы

Экскурсияларды топқа бөлу жаңа экскурсия дайындаған процесінде үлкен  мағынасы бар. Экскурсияларды жүйелеу  көптеген экскурсия саласының жұмысшыларының, зерттеушілерінің көп уақыт ішінде зерттеген. Бірінші бұл мәселе туралы өткен ғасырдың 20-жылдары көрсетілген. Экскурсия ісі дамыған сайын  әр түрлі жүйелер ұсынылған. Бірақ 1970 жылдары ғана келесі жүйеге тоқталды:

1. Мазмұны бойынша;

2. Қатысушылардың құрамына, санына  қарай;

3. Өткізген орнына қарай;

4. Жылжу тәсіліне қарай;

5. Экскурсияның ұзақтылығына қарай;

6. Өткізу түріне қарай.

1) Мазмұны бойынша экскурсиялар 2 шағын топқа бөлінеді:

1. Шолу экскурсиялар. Шолу экскурсиялар көп тақырыпты қамтиды. Бұндай экскурсиялар көпжоспарлы деп аталады. Оларда тарихи және қазіргі мәліметтер қолданылады. Бұндай экскурсия көптеген түрлі объектілерді – тарихи-мәдени ескерткіштер, ғимараттар ме нқұрылыстарды, табиғи объектілерді, кәсіп және ауыл шаруашылық орындарын көрсету арқылы құрастырылады. Шолу экскурсияларда оқиғалар ірі жоспармен баяндалады. Ол қала, мемлекет, аудан туралы жалпы түсінік береді. Шолу экскурсияның ерекшеліктері бар: кез келген қалада олар бір-бірімен құрылымы жағынан ұқсас болады, қаланың тарихы, кәсіпорынның тарихы, сипаттамасы, ғылымы, мәдениеті сияқты тақырыпшалардан тұрады.

2.Тақырыптық экскурсия. Тақырыптық экскурсия бір тақырыпқа ғана арналады. Тақырыптық экскурсия бірнеше топтарға бөлінеді:

1) Тарихи экскурсия – мазмұны бойынша бірнеше кіші топқа бөлінеді:

а) тарихи-өлкетану;

ә) археологиялық;

б) этнографиялық;

в) тарихи-өмірбаяндық;

г) тарихи мұражайларға бару;

ғ) тарихи шайқастар болған жерге  бару.

2)Өндірістік экскурсиялар бірнеше топқа бөлінеді:

а) тарихи өндірістік;

ә) экoномикалық өндірістік;

б) техникалық кәсіптік.

3) Өнерге байланысты экскурсиялар бірнеше топқа бөлінеді:

а) тарихи-театралдық;

ә) тарихи-музыкалық;

б) халықтың қол өнері;

в) көрме залдарына экскурсия ұйымдастыру.

4) Әдебиет экскурсиялары келесі топтарға бөлінеді:

а) әдеби-өмірбаяндық;

ә) тарихи-әдебиеттік;

б) көркем-әдебиеттік.

 Қатысушылар құрамына, санына  қарай. Қатысушылардың құрамына  байланысты келесі бөлімдерге  бөлінеді:

1. Жеке;

2. Жергілікті халық үшін;

3. Шетелдік туристер үшін;

4. Ересек адамдар үшін;

5. Мектеп оқушыларына.

Әр топтың өз ерекшеліктерін ескере отырып, экскурсия мазмұнына жүргізілу  техникасы мен тәсілінің ұзақтылығына өзгерістер енгізіледі. 3) Өткізген орнына қарай экскурсияларкелесі түрлерге бөлінеді:

1. Қалалық;

2. Қала маңы;

3. Өндірістік;

4. Мұражайлық;

5. Комплексті.

Жылжу тәсіліне қарай келесі түрлерге бөлінеді:

1. Жаяу;

2. Әр түрлі транспортты қолдану  арқылы жүргізу. 

Экскурсияның ұзақтылығына қарай 1 академиялық сағаттан 1 тәулікке дейін болады. Қысқа мерзімді турлар (3-4 тәулікке дейін) демалыс күнгі маршруттар деп аталады және солардың барысында бірнеше экскурсиялар жүргізілуі мүмкін.

Өткізу түріне қарай келесі түрлерге бөлінеді:

1. Экскурсия-серуендеу;

2. Экскурсия-лекция;

3. Экскурсия-музыкалдық;

4. Жарнама экскурсиясы.

Сонымен, дұрыс жүйеленген экскурсия  экскурсоводтың клиенттермен жұмысын жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Заңдылықты пайдалана отырып дайындалған экскурсия нақты топтың сұраныстарын іске асыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Қазіргі туризм классификациясы бәрінен бұрын территориялық туристтік шаруашылық пен қозғалыстың дамуын жоспарлау үшін қажет. Бұл классификациясынң мәні туризмнің жеке түрін бөліп көрсету. Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалған. Оны тәжіребиеде туризмнің нақты бір түрін бөлудің мүмкін еместігін түсіндіреді.

  Туризмнін классификациясын бірнеше түрге бөлінеді: белсенді туризм, жаяу жорықтардың тризмі, экскурциялық туризм классификациялары.

Белсенді туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды.

Жаяу туризм – күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар.

Экскурсия (лат. excursіo – сапар) – ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т.б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар немесе жорық. Экскурсияның мазмұны зерттеу нысанына (табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар болған орын, т.б.) байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

Джонова З. З. «Маңғыстау аймағында  – тузимді дамыту жолдары» Оқу  құралы.

Интернет. Уикипедия http://kk.wikipedia.org

                                    http://freepapers.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе ……………………………………………………………………………..3

Туризм классификациясы………………………………………………………...5

 Белсенді туризм классификациясы…………………………………………….11

Жаяу жорықтардың классификациясы…………………………………………13

Экскурсияның классификациясы……………………………………………….14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Туризм классификациясы