Тұрғындарды қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 21:36, реферат

Краткое описание

Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне,халықтың өмірінің күрт бұзылуына,материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар.Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады.Мысалы;су басу,жер сілкінісі,ормандағы өрттер,көшкін т.б жатады.
Төтенше жағдай дегеніміз — табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.

Содержание

1.Тұрғындарды қорғау.
2.Жер сілкінісі.
3.Сел.
4.Қар көшкіні.
5.Опырмалар.
6.Қар басу.
7.Сырғыма.
8. Тау тастарының құлауы.
9.Дауыл.
10.Табиғи өрттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сұрапыл апаттар.docx

— 39.71 Кб (Скачать документ)

 Халыққа жиналатын орынды, жиналу мерзімін, көшу кезінде жаяу баратын бағыт, сондай-ақ апаттың күтілген көлеміне орай туындаған жағдайларды, оны ауыздықтау жолдарын және барысын және басқа да мәліметтер хабарланып отырады.

 Уақыт жеткілікті болған  жағдайда қауіпті аймақтағы халық  дүние-мүлкімен бірге су басу  аймағынан тыс орналасқан жақын елді-мекендерге көшіріледі.

 Кәсіпорын мен мекемелер  су қауіпі төнген жағдайда жұмыс тәртібін өзгертеді, ал кей жағдайда жұмыс мүлдем тоқтайды. Су басу ықтимал аймақта мектептер мен балалардың мектепке дейінгі мекемелері уақытша жұмысын тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге орналасқан ментеп пен балалар мекемесіне ауыстырылады. Егер төменгі қабатта тұратын және кешенді адамдар судың көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттарға көтерілуге, егер үй бір қабатты болса, шатырға шығу тиіс. Жұмыста әкімшілік нұсқауымен белгіленген тәртіпті сақтап, биік орналасқан орындарға көтерілу керек. Далада кенеттен су басқан кезде дөңеске немесе ағашқа шығып, әр тұрлі жүзу құралдарын пайдаланған жөн.

 Үйден (пәтерден) шыққан кезде өзіңізбен бірге құжаттарыңызды, құнды заттарды, аса қажетті заттарды, екі-үш тәулікке жеткілікті азық-түлік қорын алу ұсынылады.

 Судың басуынан сақтауды  қажет ететін және алу мүмкін  емес мүлікті жоғарғы қабатқа,  шатырға шығару керек. Үйден  (пәтерден) шығардың алдында электр мен газды ажырату, пешті өшіру, есікті, терезені, ғимараттағы желдеткішті және басқа да саңлауларды нығыздап жабу керек.

 Су басқан аумақтағы ададмдарды  іздеу шұғыл ұйымдастырылып осы  жұмысқа АҚ және ТЖ құрамалары, әскери бөлімдері, жүзу құралдарының экипажы мен басқа барлық қолда бар күш пен құралдар тартылады. Құтқару жұмыстары кезінде ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын бұлжытпай орындау керек. Жүзу құралдарына (қатар, қайық, желкен және т.б.) шектен тыс салмақ алуға болмайды, өйткені бұл адамдардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаған жөн.

 

Табиғи өрттер

Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты  өрттер – орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді.

 Ормандағы өртті сөндірудің  негізгі жолы суды пайдалану,  ал мүмкін болмағанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы, отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кетен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, тулақты немесе киізді пайдалану т.с.с.

 Ормандағы өрттердің 80 пайызы  халықтың еңбек немесе демалыс  орындарында өрт қауіпсіздігі  шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады.

 Орманның жоғарғы жағындағы  өртті сөндіру қиын, сондықтан  оны кедергі жасау, күйдіру  және суды пайдалану арқылы  сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің  ені ағаш биіктігінен кем болмауы  керек, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200 м өрт қанаттарының алдында кемінде 50 м болуға тиіс.

 Өрт адамдарға психологиялық  тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кішігірім өрттің өзінде адамдарды жаппай үрей билеуі адам шығынына әкелуі мүмкін. Өзін-өзі ұстап үйреген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай, басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады.

 Егер сіз орман өртін сөндіру  жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Оттан қорғайтын киім киіп, керекті жарақтарды (адамдағы мүмкіндігішне арнайы киім, противогаз, каска, түтіннен қорғайтын маска) пайдалану керек, әр топта сол аймақты жақсы білетін жол серік болғаны дұрыс. Егер түтіндеу аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, ода оған кіруге болмайды.

 Өрттен адамдарды құтқару  кезінде өте жылдам әрі тиімді  қимылдау қажет, себебі түтін, улы газ, жоғары температурадағы ыстық, ғимараттың құлауы, тез жанатын және улы газ бөлетін заттардың болуы сияқты қауіптер кез-келген жерден шығуы мүмкін. Жанған ғимарат арқылы үсті-басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жоғарылай немесе тізерлей қозғалу керек.

 Көп қабатты ғимараттарда, егер подъезден шығуға мүмкіндік болмаса, балконды, апаттық люк пен балкондағы баспалдықты, көрші подъезд арқылы, құтқаруға арналған төбенің люгін пайдаланыңыз. Құтқару жұмысына қатысатын адам, алғашқы медициналық көмекті көрсете білуге тиіс.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері.  Оқулық – Алматы: “Зият”, 2003ж.-212б.

2. Оспанова. Экология негіздері.  Алматы: 2002ж.


Информация о работе Тұрғындарды қорғау