Статистикалық көрсеткіш

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 10:14, доклад

Краткое описание

Көрсеткіш – қызметтің жекелеген жақтарының, экон. нысанның қайсы бір ерекшеліктерінің, процестің немесе шешімнің сандық сипаттамасы. Абс. К. (жұмыс істеушілер саны, айналым, т.б.) және салыстырмалы К. (меншікті және несие капиталының, негізгі және айналым қорларының, т.б. ара қатынасы) түрлеріне бөлінеді. К-тердің көрнекілігін қамтамасыз ету және өзара байланыстарын айқындау үшін К. жүйесі жасалады. Экон. мазмұнына қарай К-тер заттай, құндық (ақшалай) К-тер, еңбек К-тері болуы мүмкін.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Көрсеткіш.doc

— 50.50 Кб (Скачать документ)

Көрсеткіш – қызметтің жекелеген жақтарының, экон. нысанның қайсы бір ерекшеліктерінің, процестің немесе шешімнің сандық сипаттамасы. Абс. К. (жұмыс істеушілер саны, айналым, т.б.) және салыстырмалы К. (меншікті және несие капиталының, негізгі және айналым қорларының, т.б. ара қатынасы) түрлеріне бөлінеді. К-тердің көрнекілігін қамтамасыз ету және өзара байланыстарын айқындау үшін К. жүйесі жасалады. Экон. мазмұнына қарай К-тер заттай, құндық (ақшалай) К-тер, еңбек К-тері болуы мүмкін. Есептеуіштік, матем. тұрғыдан: көлемдік, орташа, шектік, өспелі (сараланбалы), индекстік К-терге ажыратылуы мүмкін. Ақпаратты автоматтандырылған өңдеу теориясы мен практикасында К-тер мынадай құрылымға бөлінеді: сандық мән (негіздеме) және оның мазмұндық белгілерінің жиынтығы, мұны индификатор деп атайды. Деректерді индификаторлармен өңдеу кезінде логик. операциялар жүргізіледі, ал негіздемелермен өңдеуде арифмет. операциялар жүргізіледі. К-тердің негізгі түрлері: айналым қаражаты айналымдылығының К-і – айналым қаражатының пайдалану тиімділігін сипаттайтын К. Оған айналым қаражатының айналу жылдамдығы, яғни авансыланған қаражат толық айналым жасайтын уақыт пен айналымның ұзақтығы жатады; базистік (базалық) К. – басқа К-термен салыстыру негізі, базасы ретінде қабылданған экон. шама. Ол талдау, экон. зерттеулер, экон. шамалардың салыстырмалы мәндерін анықтау кезінде қажет. Мыс., биылғы экономиканың жай-күйін зерделеу кезінде өткен жылғы К-тердің немесе басқа елдердегі осындай К-тердің, сондай-ақ әлемдік орташа К-тердің мәнін базистік деректер ретінде қабылдауға болады; бәсекеге жарамдылық К-і – тауардың бәсекеге жарамдылық деңгейін сандық бағалау өлшемдерінің жиынтығы. Бағалау үшін жекелеген, топтық (жиынтық), интегралдық К-тер жүйесі қолданылады. Жекелеген К. – қайсыбір тех. немесе экон. параметр шамасының қажетсіну нышаны теор. тұрғыда толық қанағаттандырылатын параметрдің шамасына пайыздық қатынасы. Топтық К. жекелеген К-терді біріктіреді және жалпы қажетсіну деңгейін сипаттайды. Интегралдық К. – тауардың бесекелесуге жарамдылығының сандық сипаттамасы. Тех. параметрлер бойынша топтық К-тің экон. параметрлер бойынша топтық К-ке қатынасы болып табылады; бухгалтерлік есеп К-і – шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік құжаттарда (актілерде, талаптарда, кассалық шығыс ордерлерінде, лимиттік карталарда, маршруттық парақтарда, есептемелерде, тізімдемелерде, баланстарда) көрсетілген мүлкінің, міндеттемелерінің, шаруашылық операцияларының құндық сипаттамасы. Ол шаруашылық жүргізуші субъектінің шаруашылық құрал-жабдығының ауыспалы айналымын, шаруашылық-қаржы қызметінің қорытындыларын сипаттайды; бюджеттік мекемелердің К-тері – мектептердің, балабақшалардың, кітапханалардың, клубтардың, мемл. бюджеттен қаржыландырылатын басқа да бейөндірістік сала мекемелерінің саны туралы деректер; жоспарлы К. – кәсіпорынды, ұйымды, құрылымдық бөлімшені жоспарлы түрде дамытудың сандық және сапалық сипаттамалары, оларда жоспарлы тапсырма көрсетіледі, ресурстармен қамтамасыз етілу, жоспарлы кезеңдегі өндіріс пен тұтыну процестерінің параметрлері, соның ішінде құндық К-тері де айқындалады; инновациялық қызмет нәтижелерінің К-і – жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен технол. процестерді енгізудің нәтижелерін сипаттайтын К-тердің жиынына кірді. Екі топқа бөлінеді: бірінші топ инновациялық өнімнің (соның ішінде экспорттық өнімнің), жаңа өнімнің (жаңадан енгізілген өнімнің), жетілдірілген өнімнің жалпы көлеміндегі үлес салмағының К-терін қамтиды. Екінші топ инновациялардың кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне ықпалын сипаттайтын К-терді қамтиды, мұндай К-тер инновациялық өнімді өткізуден алынған пайданың сомасымен, оның пайданың жалпы сомасындағы үлесімен, яғни инновациялық өнімдерді ішкі және сыртқы рыноктарда сату көлемімен, олардың жалпы сату көлеміндегі үлесімен, жаңа өткізу рыноктарына шығуымен, дәстүрлі өткізу рыноктарындағы үлесімен айқындалады. Бұған сондай-ақ, инновацияларды енгізу нәтижесінде өндіріс шығынының (еңбекақыға, материалдарға, энергияға, т.б. жұмсалған шығындардың) азаюын, қор қайтарымының артуын, т.б. сипаттайтын К-тер де жатады; макроэкономикалық К. – өндіріс пен тұтыну көлемінің, кіріс пен шығыстың, тиімділіктің, әл-ауқат деңгейінің, экспорт пен импорттың, экон. өсу қарқынының, т.б жалпы экономика бойынша жиынтықталған, жалпылама, орта есеппен алынған К-тері; қаржы К-і – кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, жалпы халық ш-нда ақша қорларының, қорланымдарының құралуы мен пайдалануына байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспарлы, есептемелік немесе есеп айырысу деректері; өндіріс К-і – басқару нысаны ретіндегі өндірістің жай-күйінің, жұмыс істеуінің және дамуының сандық немесе сапалық сипаттамасы; салыстырмалы К. – абс. К-тің базистік мәнге қатынасы түрінде немесе әр түрлі екі К-тің ара салмағы түрінде айқындалатын экон. К; сандық К. – санмен өлшенетін және заттай немесе ақшалай бірлікте (дана, салмақ, көлем, аудан, ақша өлшемімен) тұлғаланған К. Мұндай К-терге өндірілген өнімнің заттай және ақшалай өлшемдегі көлемі, өндіріс пен айналыс шығынының шамасы, тауарларды өткізуден және қызметтер көрсетуден алынған түсім, халықтың (елдің, аймақтың, отбасының) пайдасы, кірісі мен шығысы, экспорт пен импорттың заттай және ақшалай өлшемдегі көлемі, ішкі және сыртқы қарыздың, борыштың шамасы, шикізат қоры, осындай басқа да көптеген К-тер жатады; статистикалық К. – қоғамдағы әлеум.-экон. құбылыстар мен процестердің сандық-сапалық сипаттамасы. Ол мынадай белгілері бойынша топтарға бөлінеді: 1) зерделенетін К-тердің мәнділігіне қарай – зерделенетін жиынтықтардың көлемдік, сапалық, тұрпаттық ерекшеліктері; 2) құбылыстардың біріктірілу дәрежесіне қарай – жекелеген және жалпылама ерекшеліктер; 3) зерделенетін құбылыстардың сипатына қарай – құбылыстардың уақыт ішінде дамуын көрсететін уақытаралық ерекшеліктер және құбылыстың белгілі бір күнгі жай-күйін көрсететін мезеттік ерекшеліктер. Экономика саласын қайсыбір жақтан сипаттайтын К-тер салалық К-тер, жекелеген аумақтық құрылымдарды сипаттайтын К-тер аумақтық немесе аймақтық К-тер деп аталады. Статистикалық К-тер абс., салыстырмалы, орта шама, т.б. түрінде көрініс табады. Статист. ақпаратты және зерделенетін құбылыс ерекшеліктерін сипаттау үшін талдамалы К-тер – салыстырмалы және орта шамалар, түрленім мен серпіннің, байланыс тығыздығының К-тері, т.б қолданылады; табыстылық К-і – компанияның соңғы жылдық кезеңде алған бүкіл пайдасының 100 акцияға шаққандағы шамасының олардың ағымдағы бағасына қатынасы ретінде айқындалатын шартты салыстырмалы К; төлем қабілеттілігі К-і, яғни капитал құрылымының К-і – компанияға ұзақ мерзімді салым салған несиегерлер мен инвесторлар мүдделерінің қорғалуы дәрежесінің сипаттамасы. Ол кәсіпорынның ұзақ мерзімді берешекті өтеу қабілетін көрсетеді; экономикалық К. – ел, аймақ, кәсіпорын, үй қожалығы экономикасының жай-күйі, осы жай-күйдің өзгеруі туралы, экон. даму, өсу, өрлеу немесе құлдырау туралы талдау, сараптау жасап пайымдауға мүмкіндік беретін шамалар, критерийлер (өлшемдер), деңгейлер, өлшеуіштер, индикаторлар.


Информация о работе Статистикалық көрсеткіш