Оңтүстік африма мемлекеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2015 в 13:34, реферат

Краткое описание

Оңтүстік Африка Республикасы (африк. Republiek van Suid-Afrika; қысқаша ОАР) – Африка континентінің оңтүстік жартысындағы мемлекет. ОАР солтүстікте – Намибия, Ботсвана және Зимбабвемен, ал солтүстік-шығыста – Мозамбик және Свазиленд елдерімен шектеседі. ОАР-дың ішінде Лесото ел-анклавы орналасқан. ОАР Африканың көпұлты мемлекеттердің қатарында. Ұлттық мейрамы – 27 сәуір – Бостандық күні (1994). БҰҰ-ның (1945), Африка Бірлік Ұйымының (ОАЕ) мүшесі (1994).[1]

Содержание

1 Табиғаты
2 Тарихы
3 ОАР дамыған индустриялы-аграрлы ел
4 Тұрғындар
4.1 Нәсілдік құрамы
5 Тілдері мен елдің әртүрлі тілдердегі ресми атаулары
6 Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
7 Астаналары
8 Экономикасы
9 Жұмыс
10 Сілтемелер
11 Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

география реферат.docx

— 28.68 Кб (Скачать документ)

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

 

 

Тақырыбы:Оңтүстік Африка Республикасы

 

 

 

Орындаған:Куантканова А.

Тексерген:Исина Д.Б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013-2014оқу жылы 
Мазмұны

 

  [жасыру] 

  • 1 Табиғаты

  • 2 Тарихы

  • 3 ОАР дамыған индустриялы-аграрлы ел

  • 4 Тұрғындар

    • 4.1 Нәсілдік құрамы

  • 5 Тілдері мен елдің әртүрлі тілдердегі ресми атаулары

  • 6 Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

  • 7 Астаналары

  • 8 Экономикасы

  • 9 Жұмыс

  • 10 Сілтемелер

  • 11 Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оңтүстік Африка Республикасы (африк. Republiek van Suid-Afrika; қысқаша ОАР) – Африка континентінің оңтүстік жартысындағы мемлекет. ОАР солтүстікте – Намибия, Ботсвана және Зимбабвемен, ал солтүстік-шығыста – Мозамбик және Свазиленд елдерімен шектеседі. ОАР-дың ішінде Лесото ел-анклавы орналасқан. ОАР Африканың көпұлты мемлекеттердің қатарында. Ұлттық мейрамы – 27 сәуір – Бостандық күні (1994). БҰҰ-ның (1945), Африка Бірлік Ұйымының (ОАЕ) мүшесі (1994).[1]

ОАР – ядролық қаруды жасап, одан өз еркімен бас тартқан ел.

Табиғаты


ОАР Оңтүстік Африка таулы үстіртінің оңтүстік шетін ала орналасқан. Шығысын Айдаһар таулары (биіктігі 3482 м), Оңтүстік Африка жағалауын бойлай Кап таулары алып жатыр. Пайдалы қазбалары – алтын, уран, қалайы, марганец, хромит, хризотил-асбест, мыс. Климаты ыстық және ылғалды тропиктік, оңтүстік-шығысы субтропиктік. Жаз айларының орташа температурасы 18 – 27°С, қыс айларында 7 – 18°С. Үстірттің жылдық жауын-шашын мөлшері 150 – 750 мм. Оңтүстігінде жаз айларының орташа температурасы 13 – 21°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 650 – 700 мм; Айдаһар тауының шығыс беткейлерінде 1000 – 2000 мм, Атлант теңізі жағалауында 60 – 100 мм. Басты өзендері – Оранжевая (Вааль саласымен) және Лимпопо. Елдің шығысына қарай саванналар, Айдаһар тауларында мәңгі жасыл таулы субтропиктік бұталар, ішкі аудандарда тікенді бұталар өседі.

Тарихы


Қазіргі ОАР жерін адамдар көне тас дәуірінен бастап мекендеген. Негізгі халқы готтентоттар мен бантулар. Бірақ олардың ежелгі және орта ғасырлар тарихы жөніндегі деректер жоқтың қасы. 15 ғасырда португалдықтар, испандықтар және голландықтар жергілікті халықпен сауда қатынастарын орнатты. Еуропалықтар арасынан бұл аймақты отарлауды голландықтар мен ағылшындар бастады. Голландық Ост-Үнді компаниясы 1652 ж. Кап отарын құрды. 18 ғасырдың 70-жылдарынан бастап Голландия мен Франциядан бұл жерге көптеген келімсектер қоныстанып, жергілікті халықтарды қанау арқасында байи түсті. Олардың ұрпақтары бурлар, 19 – 20 ғасырларда африканерлер деп аталды.

Оңтүстік Африка аймағына талас 18 ғасырдың аяғында ағылшындардың пайдасына шешілді. 1806 жылы Кап отары ағылшындардың иелігіне өтті. 1838 жылы бурлар зулулардың жерін басып алып, Наталь Республикасын құрды. 1843 жылы Натальды ағылшындар өздеріне бағындырды. 19 ғасырдың жартысында бурлар екі ірі мемлекет – Трансвааль және Ерікті Қызғылт Республикаларын жариялады. Оларды Англия, Германия және Ресей мойындады. Ұлыбритания 19 ғасырдың 70-жылдары бурларды жаулауға кірісіп, нәтижесінде 1902 жылы Трансвааль мен Ерікті Қызғылт республикалары ағылшын отарына айналды. Еуропалықтардың Оңтүстік Африкаға ағылуына 19 ғасырдың 60 – 70-жылдары ашылған алмас, алтын қорлары себеп болды. Шетел компаниялары африкандықтарды қазба жұмыстарға, жол салуға пайдаланды, оларды арнайы аудандарға (резервацияларға) зорлықпен шоғырландырды. 1910 жылы Ұлыбритания отарларын біріктіріп, Оңтүстік Африка Одағын (ОАО) құрып, ол доминион құқығын алды. ОАО-да басқа жерлерде кездеспейтін нәсілшілдік және апартеид тәртібі орнатылды.

Жергілікті африкалықтардан шыққан зиялылар мен ақсүйектер өкілдері 1912 жылы қаңтарда Оңтүстік-Африкалық түземді ұлттық конгресті ұйымдастырып, ол кейін Африка Ұлттық конгресі (АҰК) болып аталды. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде ОАО-ның экономикасы алға басып, монополистік топтар құрылды. Соғыс кезінде Ұлыбританияны қолдаған ОАО немістердің бұрынғы отары болған Оңтүстік-Батыс Африканы (қазіргі Намибияны) басқарып, соғыстан кейін елде ұлт-азаттық қозғалыс басталды. 1920 жылы кәсіподақтар бірлестіктері, 1921 жылы Оңтүстік Африка коммунистік партиясы құрылды. 1924 – 1933 жылы жергілікті үкімет нәсілшілдік және апартеид тәртібін одан әрі жалғастырды.

2-дүниежүзілік соғыс жылдары  ОАО Ұлыбритания жағында соғысқа  қатысты. Соғыс кезінде ОАО-да  өндіріс салалары дамып, экономика  көтерілді. АҚШ капиталы Англия капиталын ығыстырды. 1961 жылы Оңтүстік Африка Республикасы жарияланып, ел Британ Достастығынан шықты. 1976 – 1978 жылы нәсілшілдікке қарсы ереуілдер күшейді. 1979 жылы үкімет кәсіподақтардың қызмет істеуіне рұқсат берді, қара нәсілдердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін жаңа заңдар қабылданды. 1984 жылы жаңа конституция бекітіліп, президенттік билік енгізілді. Парламентте еуропалықтар, үндістер, түрлі-түстілер палаталары құрылды. Бірақ жергілікті халық құқықсыз жағдайда қалды. Бұған қарсылық ретінде АҰК 1983 жылы Біріккен демократиялық майдан (БДМ) құрды. Елде жаппай ереуілдер басталды. 1988 жылы Бота үкіметі биліктен кетті. 1989 жылы Францияда де Клерк президент болды. 1993 жылы ОАР-дың жаңа Конституциясы қабылданды. 1994 жылы 27 сәуірде өткен сайлауда АҰК партиясы жеңіске жетіп, 9 мамырда Ұлттық Ассамблея Н.Манделаны ОАР-дың президенті етіп сайлады. 1999 жылы маусымда елде жаңа президенттік сайлау өтті.

ОАР дамыған индустриялы-аграрлы ел


Жан басына шаққандағы жылдық табыс мөлшері 7490 АҚШ доллары шамасында. Халықтың 85%-ы аграрлық салада жұмыс істейді. ОАР алтын, платина, хром, марганец, сурьма, алмас өндіруден дүние жүзінде алғашқы орындарда, уран өндіруден 2-орында. Өнеркәсібінің жетекші саласы – тау-кен өндірісі. Оңтүстік-батыс бөлігінде мұнай өндіріледі. Көмір өндірудің басты аудандары – Трансвааль, Наталь провинциялары, Қызғылт атырабы. Қара металлургияның басты орталықтары – Претория және Фандербейлпарк. Машина жасау, химия, мұнай айыру, мұнай-химия, тамақ өнеркәсіп салалары дамыған. Металл, металл өңдеу өнімдері, алтын, қымбат бағалы тастар, өнеркәсіп өнімдері, т.б. сыртқа шығарылса, механикалық аспаптар, киім, машиналар және жабдықтар, жеміс-жидектер, мұнай және мұнай өнімдері, т.б. сырттан әкелінеді.

Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, ГФР, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария.

Тұрғындар


ОАР-да 2013 жылғы сарап бойынша 48 601 098 адам тұрады. Ол әлемде 26-ы орын алады.

Өмірдің орташа ұзақтығы – ерлерде – 50 жыл, ал әйелдерде – 48 жыл

Нәсілдік құрамы


Қара нәсілдер – 79,4 % Ақтар – 9,2 % Түрлі-түсті (көбінесе мулаттар) – 8,8 % Үнділер және азиялықтар – 2,6%

ОАР-да бірінші халық санағы 1911 жылы болған. Сол кезде ақтар – 22% құраса, 1980 жылы ақтар 18%-ға дейін түсті.

15 жастан асқан тұрғындардың  сауаттылығы 2003 жыл: Ерлер – 87% Әйелдер  – 85,7%

Тілдері мен елдің әртүрлі тілдердегі ресми атаулары


Ресми тілдер саны бойынша ОАР Боливия (33 тіл) мен Үндістаннан (21 тіл) кейін 3-і орын алып жатыр. ОАР-да 11 ресми тілдер бар, олар:

(ағылшын) 
(африкаанс) 
(венда) 
(зулу) 
(коса) 
(оңтүстік ндебеле) 
(свази) 
(сесото) 
(солтүстік сото) 
(тсвана) 
(тсонга)

Кейбір оңтүстікафрикандықтар (көбініесе қара нәсілшілдер) елді Азания деп атайды.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі[


ОАР – біртұтас мемлекет. Елдің аумағы 9 провинцияларға бөлінген:

Провинция

Әкімшілік орталығы

Жер аумағы

Халық саны, 2011 жыл

Халық тығыздығы

1

Батыс Кап

Кейптаун

129 462 км² (4-і)

5 822 734 (4-і)

44,98 адам/км² (4-і)

2

Солтүстік Кап

Кимберли

372 889 км² (1-і)

1 145 861 (9-ы)

3,07 адам/км² (9-ы)

3

Шығыс Кап

Бишо

168 966 км² (2-і)

6 562 053 адам (3-і)

38,84 адам/км² (6-ы)

4

Квазулу-Натал

Питермарицбург

94 361 км² (7-і)

10 267 300 (2-і)

108,81 адам/км² (2-і)

5

Фри-Стейт

Блумфонтейн

129 825 км² (3-і)

2 745 590 (8-і)

21 адам/км² (8-і)

6

Солтүстік-Батыс

Мафикенг

104 882 км² (6-ы)

3 509 953 (7-і)

33,47 адам/км² (7-і)

7

Гаутенг

Йоханнесбург

18 178 км² (9-ы)

12 272 263 (1-і)

675,12 адам/км² (1-і)

8

Мпумаланга

Мбомбела

76 495 км² (8-ы)

4 039 939 (6-ы)

52,81 адам/км² (3-і)

9

Лимполо

Полокване

125 754 км² (5-і)

5 404 868 (5-і)

43 адам/км² (5-і)


 

1994 жылға дейін ОАР-да  федерация болатын және ол 4-ке  бөлінді: Кап провинциясы, Қызғылт  сары бос мемлекеті, Наталь провинциясы  және Трансвааль провинциясы.

Астаналары[өңдеу]


ОАР-да үш астана бар, соның біреуі Претория қаласы. Претория ОАР-дың негізгі астанасы болып саналады, өйткені бұл қалада елдің үкіметі орналасқан. Ал парламент болса, елдің басқа астанасында орналасқан: Кейптаун. Үшінші астана Блумфонтейнде – Жоғарғы Сот орналасқан. Себебі, ОАР басында конфедеративті мемлекет болған және оның атауы Оңтүстік Африка Одағы болған. Одақта үш мемлекет болған, әрқайсысында үш астана болған: британ иеліктерінде – Кейптаун, Қызғылт сары бос мемлекетінде – Блумфонтейн және Оңтүстікафрикандық республикада – Претория.

Экономикасы


ОАР – Африка континентіндегі ең дамыған ел және континентте Үшінші әлемге қосатын жалғыз ел. Елдің ЖІӨ-і 2009 жылда 505 млрд. АҚШ доллары болатын (26-ы орын). Сол жылы ЖІӨ өсімі – 5 %, ал 2008 жылы – 3% болатын. Елдің нарығы белсенді кеңейтіліп жатыр, бірақ оған қарамастан ел әлі де әлемнің ең дамығын елдерге жатпайды. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша әлемде 78-і орынға ие (МВФ мәліметтері бойынша), Дүниежізілік банк бойынша 65-і орын, ал ЦРУ бойынша 85-і орын. Елдің табиғи қоры өте мол. Телебайланысы, элект қуаты және қарсы сферасы кеңінең дамыған.

Валютасы: Оңтүстікафрикандық рэнд, 100 центке тең. 1, 2, 5, 10, 20, 50 цент және 1, 2, 5 рэнд тиындары, 10, 20, 50, 100 және 200 рэнд банкноттары бар.

Импорттары: мұнай, азық-түлік, химикалық тауарлар; экспорттары: алмас, алтын, ақ алтын, көліктер, автокөліктер және жабдықтар. Импорт (91 млн. АҚШ доллары 2008 жылы) экспорттан (86 млн. АҚШ доллары) асады.

Бизнесті жүргізу ыңғайлығы бойынша әлемде 39-ы орын алады (Forbes журналының мәліметтері бойынша).

АКТ елдері халықаралық ұйымына кіреді.

Жұмыс


ОАР-да 49 млн. адамның тек 18 млн. адамы ғана жұмыс істейді. 23% – жұмыссыз адамдар.

Жұмыс істейтіндердің 65%-ы қызмет сферасында, 26%-ы өнеркәсіп саласында, ал қалған 9%-ы ауыл шаруашылығында жұмысбасты.

 


Информация о работе Оңтүстік африма мемлекеті