Нидерланды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 17:46, контрольная работа

Краткое описание

5 ғасырдан бастап франк мемлекетінің құрамына еніп, ол ыдырағаннан кейін елде бірқатар ұсақ иеліктер (Голландия, Гелдерн, тағы басқа графтықтар) құрылды. 11 – 16 ғасырларда Нидерланд жерлері (Голландия, Зеландия, Фрисландия, тағы басқа) Бельгия, Люксембург, Франция,Испанияның құрамында болды. 16 ғасырдағы Нидерланд революциясының (1566 – 1609) нәтижесінде испан үстемдігінен азаттық алған жерлерде Біріккен провинциялар Республикасы құрылды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

НИДЕРЛАНДЫ.pptx

— 692.45 Кб (Скачать документ)

НИДЕРЛАНДЫ

Астанасы – Амстердам қаласы (үкімет резиденциясы Гаагақаласында орналасқан). Әкімшілік жағынан 12 провинцияға бөлінеді. Ақша бірлігі – еуро (2002). Ұлттық мейрамы – Патшайым күні (патшайым Беатрикстің таққа отырған және оның анасы Юлиананың туған күні) – 30 сәуір. Нидерланд БҰҰ-ға (1945), Еуроодаққа (1957), НАТО-ға (1949) мүше.

Жер көлемі 41,2 мың кв.км

Халқы 16,5 млн адам

5 ғасырдан бастап франк мемлекетінің құрамына еніп, ол ыдырағаннан кейін елде бірқатар ұсақ иеліктер (Голландия, Гелдерн, тағы басқа графтықтар) құрылды. 11 – 16 ғасырларда Нидерланд жерлері (Голландия, Зеландия, Фрисландия, тағы басқа) Бельгия, Люксембург, Франция,Испанияның құрамында болды. 16 ғасырдағы Нидерланд революциясының (1566 – 1609) нәтижесінде испан үстемдігінен азаттық алған жерлерде Біріккен провинциялар Республикасы құрылды.

Мемлекет  басшысы  Баетрикс

Үкімет  басшысы премьер-министр  Балкененде

17 ғасырда Нидерланд сауда-саттық пен теңіз саудасы жақсы дамыған алдыңғы қатарлы еур. державаға айналды. Оңтүстік-Шығыс Азияда Индонезия, Америкада Гвиана, Кіші Антиль аралдары, Африкада Кап жерлері Нидерландының отарына айналды. 1810 – 13 ж. елді Наполеон басып алды. 1815 ж. Бельгиямен біріктіріліп, Нидерланд корольдігі (1830 жылға дейін) құрылды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары Нидерландыны немістер басып алды. Соғыстан соң Нидерланд отарлық империясы ыдырай бастады. Нидерландыда 70-тен астам саяси партиялар тіркелген. 1989 жылдан бастап өкімет билігін христиан-демокр. партия мен Еңбек партиясынан құрылған коалицалық үкімет жүргізіп келеді.

Халқы 16,2 млн. (2004). Тұрғындарының 96%-ы голландықтар. Ресми тілі – нидерланд (голланд) тілі. Халқының 50%-ға жуығы – католиктер, 40%-ға жуығы – протестанттар. Нидерланд – король (патшайым) басқаратын конституциялық монархия. Жоғары заң шығарушы органы екі палатадан (бірінші және екінші) тұратын Бас Штаттар.

Елде 1992 жылдан бастап екі  азаматтық беріле бастады.

Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы әйелдерде 81, ерлерде 

76 жасты көрсетеді.

.

 

Нидерланд – экспортқа бейімделген жоғары өнімді ауыл шаруашылығы бар, дамыған өнеркәсіпті ел. Экономикасында сыртқа капитал шығару, сыртқы сауда, теңіз транспорты маңызды орын алады. Өнеркәсіптің жетекші салалары: мұнай өңдеу (органикалық химия өнімдерін өндіру), мұнай-химия, машина жасау, кеме және ұшақ, газ және химия өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер жасау, металлургия мен металл өңдеу, электротехника, дәмдік тағамдар шығару.  Нидерланд – дүние жүзіндегі сүт пен сүт өнімдерін сыртқа ең көп шығаратын мемлекеттердің бірі Жылыжайда көкөніс пен жеміс-жидек , гүлдер мен гүл түйнектерін (жылына 2 млрд-тан астам қызғалдақ түйнектерін шет елдерге сатады) өсіру жақсы дамыған. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары – бидай, картоп, қант қызылшасы. Балық аулау, шетелдік туризм де қазынаға елеулі пайда келтіреді. Ұлттық жиынтық өнімнің жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 18560 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері – Еуроодақ елдері.

Самым известным кинорежиссёром Нидерландов является Паул Верхувен, снявший нидерландские фильмы «Турецкие наслаждения» и «Чёрная книга», а также голливудские блокбастеры «Робот-полицейский», «Вспомнить всё» и «Основной инстинкт». Среди актёров наиболее известен Рутгер Хауэр а среди актрис Сильвия Кристель и Фамке Янссен. С Нидерландами обычно ассоциируются ветряные мельницы, тюльпаны, деревянные ботинки и глиняная посуда из Делфта

 

Prezentacii.com


Информация о работе Нидерланды