Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2013 в 13:43, реферат
Атыраудың табиғи жүйесіне жаны ашымай, болашақты ойлаңқырамай игерудің салдарынан табиғаттағы тепе-теңдікті және дамудың тұрақты ырғақтылығын үнемді сақтамау, бұларды ондаған жылдар бойы бұзу аймақтағы экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырады. Ұзақ жылдар жылдар бойы табиғатты қорғауға, халықты экологиялық зардаптан сақтауға жете назар аудармай келгені мәлім.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Атырау мұнайы және оның құрамы.
Топырақтың мұнаймен ластануы.
Ластанған топырақты қайта қалпына келтіру.
ІІІ. Қортынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қортынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Атыраудың табиғи жүйесіне жаны ашымай, болашақты ойлаңқырамай игерудің салдарынан табиғаттағы тепе-теңдікті және дамудың тұрақты ырғақтылығын үнемді сақтамау, бұларды ондаған жылдар бойы бұзу аймақтағы экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырады. Ұзақ жылдар жылдар бойы табиғатты қорғауға, халықты экологиялық зардаптан сақтауға жете назар аудармай келгені мәлім. 1998 жылы ауаға ұшқан зиянды заттардың мөлшері 22,3 мың тоннаға өскені немесе 1980 жылғыға қарағанда 33,9 пайызға көбейгені осының айқын дәлелі бола алады. 1998 жылғы деректер бойынша облыстың ауа кеңістігінің су айдарында және топырақ бетіне тасылатын зиянды өндірістік заттарды жан басына шаққанда, әр жанға 404 кг улы-зиянды заттардан келеді. Саралап көрсетсек, алалмыш зиянды заттардың 7%-і Атырау мұнай өңдеу зауыты, 53%-і «Теңізшевройл» бірлестігі, 28%-і «Ембімұнайгаз» және де 12%-і «Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестігінің үлесіне тиеді, яғни өнім өндіру көлемі ұлғайған сайын бүкіл қоршаған орта, сондай-ақ, су, топырақ беті және ауаның ластануы жеделдей түсуде. Төңіректі қорғау шаралары мүлде сылбыр жүзеге асуда.
Атырау өңірі табиғатты экологиялық жағынан ежелден қолайсыз, батпақты, тұзды топырақ болып келеді. Оның үстіне кейінгі кезде құрамында күкіртті сутегі газы 25% мөлшерде. Теңіз кен орнының ашылуы, оның өндіріске берілуі, Теңіз газ өңдеу зауытының іске қосылуын экологиялық жағдайды қиындата түсірді.
Өндіріс дамыған жерде
экологиялық проблемалар қатар
жүреді. Экономикалық өсу-өрлеу территорияларында
соңғы кезеңге дейін
Бүгінгі таңда қалыптасып
отырған экологиялық
Атырау мұнайы және оның құрамы.
Мұнай – ашық сары, жасыл және қоңыр қошқыл, кейде қара түсті болып келетін, өзіне тән иісі бар, ультракүлгін сәуле жарығын шығаратын сұйықтық. Оның түсі, құрамындағы элементтерге байланысты. Мұнайдың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы жатады. Салмағына қарай мұнай ауыр және жеңіл болып екіге бөлінеді. Жеңіл мұнай қатарына тығыздығы – 0,9 г/см3-ден төмен мұнайлар жатады. Мұнайдың тығыздығы жоғарлаған сайын қайнау температурасы арта бастайды. Электр тогын нашар өткізеді.
Мұнай суда ерімейді, бірақ кейбір органикалық – бензин, хлороформ, эфир сияқты еріткіштерде ериді. Мұнайдың жылу бөлгіштік қабілетін 10400-11000 ккал/кг шамасында, ең жоғары жылу беретін отын қатарына жатады.
Мұнай тектес табиғи газдар жер қойнауында өз алдына жеке-жеке таза кен, газ кендері, болмаса, мұнай ішінде еріп, тұтас мұнай – газ горизонттарын құрастырып немесе тікелей мұнай бетінде шоғырланып орналасқан.
Каспий теңізінде мұнай және газ өндіру өндірісі 150 жылдан бері жүргізіледі. Мамандардың жобалауы бойынша өндірілетін мұнайдың жалпы қоры 200 млрд баррель көлеміндей деп болжанады. Ең ірі көмірсутектердің қоры Қазақстан шельфінде орналасқан. Мұнай мен газды өндіру және өңдеу көлемінің біздің облыс аймағында ұлғаюы да, жергілікті экологиялық проблемалар қатарын көбейтуде.
Топырақтың мұнаймен ластануы.
Мұнай және газ адамзат
Мұнай кен
орындарының технологиялық
Топырақ мұнай қалдықтарымен
аз мөлшерде ластанған
Қоршаған ортаның мұнай және мұнай өнімдерімен ластауы – ең күрделі мәселелердің бірі. Топыраққа түскен мұнай гравитациялық күштердің әсерінен төмен қарай сіңеді де, сыртқы және капиллярлық күштердің әсерінен кеңінен таралады.
Топырақтың мұнай қалдықтарымен және әр түрлі химиялық реагенттермен, өндіріс қалдықтарымен, радиоуклидтермен ластануы, лоардың техногенезді бұзылуы, эрозия, дефляция, топрақтың тұздануы- техногенез өршуінің тікелей жолдары болып табылады.
Қатты ластанған аймақтарда
Қазақстанда мұнай
Мұнай қалдықтарының топырақ құрамына әсерін білу мақсатында мұнай қалдықтарымен ластанған топырақты зерттеуге химиялық және физика-химиялық талдаулар пайдаланылды. Зерттеулер Қызылорда облысында орналасқан Құмкөл мұнай кен орнында жүргізіледі. Талдауға кен орынның әр тереңдіктегі топырағы алынды. Химиялық талдау мәліметтері бойынша кен орынның топырақ құрамында гумус мөлшері аз, сілтілі, сіңіргіш қабілеті төмен, сульфат, хлорид және негіздермен тұздалғаны анықталынды. Толық мәліметтерді келесі еңбектерден көруге болады. Топырақ құрамында гумус мөлшерінің аз болуы, құрылымсыздық, сіңіру қабілетінің төмен болуы, сонымен қатар карбонаттылық пен тұздалуы топырақты техногенді әсерлерге тұрақсыз етеді.
Мұнай қалдықтарымен ластанған топырақ үлгілерінде, әсіресе жоғарғы қабаттарында алифаттық және парафинді көмірсутектердің сіңіру жолақтары анық байқалады, сонымен қатар карбонилдік топ, жай эфирлі байланыстардың жолақтары кездеседі. Топырақ құрамындағы мұнай көмірсутектері химиялық және фотототығу үрдісіне қатысады, яғни әртүрлі факторлардың әсерінен (ультракүлгін сәулелердің, температураның өзгеруінен және т.б.) өзінің химиялық құрамы мен қасиетін өзгертеді, нәтижесінде ұшқыш, зиянды және химиялық белсенді заттар түзеді.
Құмкөл мұнай кен орнындағы ластанған топырақтың беткі қабаты бульдозермен ысырылып тасталынған. Бұл кен орны қоршаған ортаға, өсімдіктер дүниесіне көптеген зиян тигізуде. Мұнай кен орындарында мұнаймен ластанған топырақтың беткі қабатын бульдозермен полигон аймағын ысырып тастау механикалық тазарту әдісіне жатпайды, керісінше топырақ жамылғысының, ондағы биоценоз функциялану негізінің толық жойылуына мүмкіндік туғызады.
Қортындылай келгенде, кен орнының
топырақ жамылғысының мұнай
Кен орнында топырақты қайта
қалпына келтіру үшін
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Атырау энциклопедиясы. Алматы, Атамұра – 2000, 19-бет
2. Г. М. Нұрсұлтанов, К. Н. Абайұлданов. «Мұнай және газды өндіріп өңдеу», Алматы «Өлке» 1999, 375-бет.
3. М. Д. Диаров. «Экология и нефтегазовый комплекс» Том – 1. Алматы – 2003, с-387.
4. Разумихин Н.В. Реализация продовольственной программы СССР и охрана окружающей среды, 1986.
5. Ленин В.И. Полное собрание сочинений, т. 42, с. 150.
6. Маркс К., Энгельс Ф. Полн. собр. соч., т. 23, с.191.
7. "ХХ век: последние 10 лет". Москва: А/О Издательская группа "Прогресс", 1992.
8. "Химия и общество". Москва: Мир, 1995.
9. Бакач Тибор. Охрана окружающей среды, 1980.
10. “Экология и жизнь”. Весна 1(9) 1999.
11. Небел Б. Наука об окружающей среде: Как устроен мир: В 2 т. - М: Мир, 1993.