Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 11:09, реферат
Мұнай-грек халқының «нафта» деген сөзінен шыққан «нафта» жарып шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Шынында, жер бетінде кездесетін мұнай мен газ, көздерінің терең орналасқан қабаттарымен адам баласына жұмбақ болып келді. Кейбір ойпаттарды жер қойнауын жарып шығып атқылап , кейде бұлақ болып ағып жататын «қарамай» немесе үзілмес от болып жанып тұратын таңғажайып жаратылыс құбылыстары халыққа әр заманда «құдірет күші» деп танылады.
Мұнай-грек халқының «нафта» деген сөзінен шыққан «нафта» жарып шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Шынында, жер бетінде кездесетін мұнай мен газ, көздерінің терең орналасқан қабаттарымен адам баласына жұмбақ болып келді. Кейбір ойпаттарды жер қойнауын жарып шығып атқылап , кейде бұлақ болып ағып жататын «қарамай» немесе үзілмес от болып жанып тұратын таңғажайып жаратылыс құбылыстары халыққа әр заманда «құдірет күші» деп танылады.
Ерте дәуірлерде адам баласы Терістік Италия мемлекетінде жер қойнауын жарып шығып , қайнар болып ағып жатқан мұнайды тастан жасалған ыдыстарға құйып, қараңғы мезгілдерде жарық ретінде ппайдалануды білген. Геродот өзінің шығармаларында Тигр мен Ефрат өзендерінің бойында көптеген мұнай көздерінің болғандығын, жиналған мұнайдан пайда болған асфалтті Вавилон қаласында құрылыс материалдары есебінде қолданылғалы туралы айтады.
Плутарх «Александрдың өмірі туралы» шығармасында мәңгі бақи лаулап жанып тұратын көгілдір жалын туралы әсірілеп жазған. Византия мемлекетінің жауынгерлері өздерінің дұшпандарына қарсы соғыстарда тарқатылған кендерді ағаш басына орап , оны мұнайға малып алып тұратын , жау кемелеріне лақтыру арқылы жеңіске жетіп оотырған. Бұл оқиға «Грек оты» деген атпен қалды.
Француздар Пенсильванияның терістік батыс жағын жаулар алғаннан кейін жергілікті халықтардың мұнайды дәрі – дәрмек есебінде пайдаланатынын сезіп, сол кездегі ағашпен шегенделген тайыз құдықтардың мұнайын өз еліне тасыған.
Түстік америкадағы Тринидад аралында да көптеген мұнай және газ көздері анықталды. Олардың арасындағы ең маңыздысы – 1497 жылы Колумбаның үшінші сапарында ашқан асфальткөлі. Оның көлемі 45,6гектар, ал тереңдігі мезгілге дейін анықталған емес.
«Өшпес оттың» Апшерон түбегінде және Дағыстан жерінде орын алғандығы мәлім. Отқа табынушылықты білдіретін халықтар, оның ішінде әсіресе , Индия халқы , Бақу қаласының мадалар оңындағы әрдайым жанып тұратын газ ошақтарын дәріптеп , олардың үстіне орнатып , әдейі дін ұясына айналдырған. VII ғасыр шамасында салынған дін ордаларында Грек жауынгерлерібұзып құлатты. Бірақ Персияны Аравия жаулап алғаннан соң отқа табынушылық білдіретін Персия халқы Бақу маңына қоныс аударып , құлаған ордаларды қалпына келтірді
Апшерон түбегіндегі Сурахана маңында салынған ордалардың бірі біздің заманымызға дйін бұзылмай жеткен. Бұл маңда халықтар 19-ғасырдың 70-жылдарына дейін отқа табынушылады көптеп кездестіруге болатыны тарихта қалған. Қазіргі кезде ол ордалар құлап , тек орны жатыр. Апшерон түбегінің қиыр шығысында да мұнай жер қойнауының жарықтарынан шығып, битумға айналған көптеген аумақтардың болғандығы анықталды. Битумды көптеген аумақтардың болғандығы анықталды. Битумды Персия халқы жанармай ретінде пайдалану үшін теңіз арқылы өз еліне кеме- қайықтарға тиеп жжіберіп отырған. Каспий теңізінің ішіндегі Артем аралында да мұнай көздерінің болғандығы ертеден –ақ белгілі болды. Бірақ , бұл кен байлық, теңіз ортасында болғандықтан, оны халық дұрыс пайдалана алмады. Мұнай және газ бұлақтары Кубань облысы мен Тамань түбегінде де кездескен. Жер қабаттарын өз күшімен жарып шыққандай , әдейі күшпен лаулап жанған газ көздері Түрікмен , Қазақстан , Шығыс Мексика , Қытай т.б. көптеген елдерде болғандығы тарихтан мәлім.
Мұнай және газ көздерінің пайда болуы тек қана жер қабаттарының жарықтарымен байланысты деп айтуға болмайды. Соңғы кездерде Бақу қаласының маңы т.б. жерлердегі мұнай және газ көздері балшық вулканизм құбылыстарымен байланысты екені айқындалып отыр. Мұнай мен газдың шаруашылыққа қажеттілігінен, енді олдарды іздеп табу жағына көңіл бөлінеді. Алғашқы кездерде бұл кендердің көзін тәжірибесі мол адамдар ғана табатын болады. Жергілікті халық мұндай адамдарды «ізші» деп атаған. Ол адамдар , әсіресе , Апшерон түбегін қоныстанған халық арасында көптеп кездесетін. Бірақ олар бабадан атаға , атадан балаға қалған бұл кәсіптерін елге жария ете бермей, сыр ғып ұстаған, көп жылдар бойы мұнай өндіретін құдықтар осылардың қолында болған. Құдықтар тек қана солардың сілтеуімен табылып және ар шылып қазылып келегн.
17-ғасырдың бас кезінен
Алғашқы кезде Ресей көлемінде мұнай туралы ғылым саласын жолға қойған атақты ғалым химик Д.И.Менделеев болды. Д.И.Менделеев көптеген ғылым салаларымен айналысумен қатар, мұнайдың химиялық қасиеттерін зерттеп , күрделі жаңалықтар ашты. Ол өзінің 1877 жылғы жазған « терістік Америка Штатындағы Пенсильвания және Кавказдағы мұнай өнеркәсіптері» атты еңбегінде « ... мұнай саласындағы ең басты міндет – оның жер қойнауында қалай орналасып жатқанын ғылыми жолмен тиянақты түрде зерттей білу» деді. Бұл әңгіме іс жүзінде орындалмаған жағдайда мұнай барлау , жаңа алаңдар ашып , оның қорын көбейтіп өндіру жұмыстарының қиынға соғатынын Д.И.Менделеев айқын көрсете білді. Д.И.Менделеев мұнай өндіру және одан алынатын қосымша өнімдерін , айыру кәсіпшіліктерінде кездесетін кедергілерді жете әшкерелей отырып , оларға қарсы үзілді – кесілді күрес ашты. Мұнай мәселесін өндірістік талапқа сай көтеру үшін ең алдымен Россияда орын алып келген , бір қожадан екінші қожаға мұнай сату, яғни « Откуп» деп аталатын жүйені жою керектігін дәлелдейді. Осыған байланысты 1872 ж патша үкіметі «Откуп » жүйесін жойды.
Алғашқы рет Баку маңындағы табиғи мұнай кендерінің геологиялық жағдайын 1827ж Н.И.Воскобойников жазды. Г.В.Абих 1861 ж бұл ауданның геологиялық картасын жасады. 1882 ж Россия аумағындағы мұнай, газ және басқа да кен байлықтарын ғылыми жағдайда зерттейтін Геологиялық Комитет құрылды. Патша үкіметінің бұл Комитетке бөлген қаржысы өте мардымсыз болғандықтан , оның құрамына аздаған , санаулы ғана мамандар тартылып , геологиялық зерттеу жұмыстары өте шағын көлемде жүргізілді. Осымен қатар зерттелген ұлан - байтақ Россия көлемінде геологиялық барлау жұмыстарымен айналысатын Геологиялық Комитет мүшелерінің саны 50 адамнан аса алмады. Осыған қарамастан, бұл Комитеттің жүргізген жер қойнауының зерттеу жұмыстары, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жоғары сатыда әрі жемісті болды. Жаңадан көптеген мұнай және газ алаңдары ашылып , барлау жұмыстары арнайы жоспармен сапалы түрге келе бастады. Бұл табыс негізінен Геологилық Комитеттің мүшелері әрі ұйымдастырушылары атақты геологтар И.М.Губкин, Д.В. Голубядников , Н.И.Андрусов, Н.И.Ушейкин, А.П. Карпинский, Ф.Н. Чернишев , С.Н.Никитин т.б . нақты ұйымдастыру жұмысының нәтижесі еді.
Академик И.М.Губкиннің мұнай жөніндегі ғылыми- зерттеу жұмыстары , әсіресе Қазан төңкерісінен кейін кең өріс алды. И.М.Губкин барлау жұмыстарын жоспарлы,ғылыми түрде ұйымдастырды, әсіресе , Азербайжан Республикасына ,Ухта, Еділ бойына, Түрікпен, Қазақстан, Өзбекстан , Грузия , Екінші Баку аудандарында , т.б. жерлерде мәңгі есте сақталатындай еңбек қалдырды. И.М.Губкин жер қойнауының жаратылыс заңдарын жете зерттеумен байланысты мұнай және газ алаңдарынан балшықты вулканизм құбылысымен байланыстылығын дәлелдеді. Бұл жөнінде көптеген еңбектер жазып, арнайы теориясын ойлап шығарды. Өзінің «Еділ және Каспий бассейнінің мұнайы » атты еңбегінде алғашқы рет мұнай кендері тек тұз күмбездерінің шет жағалауларында орналасқан жаңа мұнай алаңдарының ашылуы арқылы дәлелденіп , жүзеге асты. Егеменді Тәуелсіз Одақтас мемлекеттердің мұнай өнеркәсіптік тарихы академик И.М.Губкиннің есімімен тығыз байланысты. Ол мұнай саласындағы ең маңызда божаулардың қожасы, мұнай өнеркәсібінің «ақсақал қолбасшысы» болып саналады