Мақырып өлшеу әдістері. Өлшеуді сынау және бақылау, оның шектеулі мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 20:59, лекция

Краткое описание

Дәріс мақсаты: Өлшеу әдістерін және оларды сынау, бақылау түрлерімен танысу.
Кілт сөздер: өлшеу әдісі, тікелей бағалау әдісі, өлшеммен салыстыру әдісі, дифференциалды әдіс, сәйкес келу әдісі, нөлдік әдіс, өлшеуді сынау, өлшеуді бақылау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЛЕКЦИЯ 5.doc

— 32.00 Кб (Скачать документ)

5-ТАҚЫРЫП ӨЛШЕУ ӘДІСТЕРІ. ӨЛШЕУДІ СЫНАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ, ОНЫҢ ШЕКТЕУЛІ МҮМКІНДІКТЕРІ

Дәріс мақсаты: Өлшеу  әдістерін және оларды сынау, бақылау  түрлерімен танысу.

Кілт сөздер: өлшеу әдісі, тікелей  бағалау әдісі, өлшеммен салыстыру әдісі, дифференциалды әдіс, сәйкес   келу   әдісі, нөлдік   әдіс, өлшеуді сынау, өлшеуді бақылау.

Әдебиеттер:

  1. «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы. Қазақстан Республикасы Үкіметі 2004 ж. 9 қарашадағы № 603 Қаулысы
  2. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы: ҚР Заңы – Алматы, 200
  3. Есенбаева Г. А., Какенов К. С. Стандарттау, метрология және сапаны басқару негіздері – Қарағанды КЭУК, 2004
  4. Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология. – М.: Логос, 2002
  5. Шишкин И.Ф. Теоретическая метрология. – М.: Изд-во стандартов, 1990
  6. Основные термины в области метрологии: Словарь-справочник. Юдин М.Ф., Селиванов М.Н. и др. – М.: Изд-во стандартов, 1989

 

Дәріс жоспары (1 сағат)

  1. Өлшеу әдістері
  2. Өлшеуді сынау және бақылау түрлерін жіктеу, олардың шектеулі мүмкіндіктері

1. Өлшеу әдістері

Өлшеу әдісі - бұл физикалық құбылыстарды жэне өлшеу құралдарын пайдалану тэсілдерінің жиынтығы. Өнеркәсіпте келесі өлшеу эдістері қолданылады:

-  тікелей  бағалау   әдісі,  бұл  ретге  шама  мэні  есептеу құрылғысы   бойынша   тікелей   анықталады   (қысым  манометрмен,    тоқ    сипатгамасы           амперметрмен, вольтметрмен);

-  өлшеммен салыстыру  әдісі бүл ретте өлшенетін  шама көзге   елестететін   өлшем   шамасымен  салыстырылады  (таразыдағы массаны гірмен (гирмен) салыстыру);

-  сәйкес   келу   әдісі,   бұл   ретге   өлшенетін   шама   мен көбейетін       (воспроизводимой)       өлшем        шамасы арасындагы   айырма   елшем   шкала   белгісінің   сэйкес келушілігі бойынша өлшенеді;

-  нөлдік   әдіс,   бул   ретте    шамалардың   салыстыратын аспапқа әсерінің  нәтиже беретін тиімділігі нөлге тең;

-  өлшенетін шаманы  белгілі шамамен, кебейетін шамамен  алмастыру әдісі, мысалы, өлшенетін  массаны (салмақты) жэне гір тасын  (гирді) кезекпен таразылардың  сол, бір табақшасына орналастыра  отырып, өлшеу;

-  дифференциалды әдіс, бұл ретге салыстыратын аспапқа өлшенетін шамалардьщ жэне көзге елестететін өлшем шамаларының эртүрлігігі эсерін тигізеді.

 

  1. Өлшеуді сынау және бақылау түрлерін жіктеу, олардың шектеулі мүмкіндіктері

Сынау дегеніміз  объектінің функцияларды орындау кезінде және объектілерді модельдеу кезінде әсерін тигізу нәтижесінде сынау объектісінің сандық және сапалық сипаттамаларының қасиеттерін эксперименталдық анықтау аталады.  Сынау кезінде объектінің сипаттамалық қасиеттерін эксперименталдық анықтау өлшеу, бағалау және бақылауды қолдану жолымен жүргізіледі.

Сынау объектісі өнім немесе оларды өнідру процесстері болып табылады. Өнім түріне және сынау бағдарламасына байланысты сынау объектісі бірлік бұйым немесе оның партиясы бола алады.

Сынау шарттары деп сынау  кезінде объектіге әсер ететін факторлардың жиынтығын айтады. Нақты объектілерді сынауға арналған нормативтік құжаттарда сынаудың нормалы шарттары анықталады.

Сынауларды келесі белгілері бойынша  жіктейді. Арналуына байланысты сынаулар зерттеуші, бақылаушы, салыстырмалы және анықталмалы болып бөлінеді. Жүргізу деңгейіне байланысты мемлекеттік, ведомствоаралық, ведомстволық болып бөлінеді.  Сыналатын өнімді әзірлеу кезеңдерінің түрлеріне байланысты алдына ала және қабылдаушы сынауларды бөледі. Дайын өнімді сынау түріне байланысты квалификациялық, периодтық және типтік деп бөледі.

Сынау нәтижесі деп берілген талаптарға объектінің сәйкестігін  белгілеу және объектілердің сипаттамалық қасиеттерін бағалау болып табылады. Сынау нәтижесі оның дәлдігімен сипатталады.

Бақылау – белгіленген талаптарға немесе нормаларға бұйым параметрлерінің мәндерінің сәйкестігін анықтау процесін айтады.

Бақылау бірнеше белгілер бойынша  жіктеледі:

  1. бақылау операцияларын орындағаннан кейін өнімдерді пайдалану мүмкіндігіне байланысты – бұзатын және бұзбайтын бақылау болып бөлінеді.
  2. Уақыт бойынша үлестіру сипатына байланысты  үздіксіз, периодты, өткінші болып бөлінеді.
  3. Орындаушыға байланысты - өзіндік бақылау, шебердің бақылау, ОТК бақылау (техникалық бақылау отделы) және инспекциялық бақылау болып бөлінеді.
  4. Технологиялық процесстің сатысына байланысты – кірістік, операциялық және қабылдамалы болып бөлінеді.
  5. Өндірістік процесстің жұмысына әсер ету сипатына байланысты – активтік және пассивтік бақылау болып бөлінеді.
  6. Жүргізу орнына байланысты – жылжымалы және стационарлы бақылау болады.
  7. Бақылау объектісіне байланысты – шығарылатын өнім сапасын, тауарлық құжттаманы, технологиялық процессті, технологиялық жабдықталу құралдарын, эксплуатация шарттарының сақталуын, орындаушылардың квалификациясы мен технологиялық тәртіптің сақталуын бақылау болып бөлінеді.
  8. Өлшеу санына байланысты бір реттік және көп реттік бақылау болып бөлінеді.

Жаңа техникалық қондырғылар белгілі  міндеттерді шешетін электрлік, электрондық, оптоэлектрондық, механикалық  байланыстармен блоктарға, жүйелерге, кешендерге жинақталған комплектілі бұйымдар жиынтығы болып табылады. Кез-келген техникалық қондырғылардың параметрлері, олардың жұмыс істеу режимі, физикалық шамалардың сандық мәндерінің жиынтығымен сипатталады.

 


Информация о работе Мақырып өлшеу әдістері. Өлшеуді сынау және бақылау, оның шектеулі мүмкіндіктері