Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 18:30, реферат
Марко Поло(15 қыркүйек 1254ж. — 9 қаңтар 1324ж.) — Венецияда, саудагер Нико Полоның отбасында туылған италян көпесі және саяхатшысы. Алайда кейбір деректер бойынша Марко Поло поляк делінеді, бұл жерде Поло кішкентай әріппен жазылады және бұл оның тегі емес, ұлтын білдіреді, бірақ бұл көзқарастың өтірік-шыңдығы белгісіз.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Реферат
Тақырыбы: Марко Поло
Орындаған: Мекемтас Алмас Бақытұлы
Тексерген: Тулеубаева Самал Абаевна
Астана 2012
Жалпы шолу
Марко Поло(15 қыркүйек 1254ж. — 9 қаңтар 1324ж.) — Венецияда, саудагер Нико Полоның отбасында туылған италян көпесі және саяхатшысы. Алайда кейбір деректер бойынша Марко Поло поляк делінеді, бұл жерде Поло кішкентай әріппен жазылады және бұл оның тегі емес, ұлтын білдіреді, бірақ бұл көзқарастың өтірік-шыңдығы белгісіз.
Өзінің «Алуан түрлі әлем туралы кітап» атты еңбегінде өзінің Азияға сапары туралы жазған. Марко Полоның еңбегіндегі ақпараттар күмәндік туғызсса да, бұл ақпараттар ортағасырлық: Иран, Қытай, Моңғолия, Индонезия және т.б. елдер туралы аса маңызды ақпарат көзі болып табылады. Бұл кітап 14 — 16 ғасырдағы саяхатшыларға, картографтарға, жазушыларға ірі әсерін тигізген. Сонымен қатар Үндістанға жол іздеген Христофор Колумб осы кітапты қолданған.
Марко Полоның әкесінің саяхаты
13 ғасырда Жерорта теңізінде үстемдік орнатқан венециялық және гэнуздық саудагерлер Орталық Азия, Қытай, Үндістан жерлеріне көз тігеді, ал бұл жаңа елдерді зерттеудің бастамасы болады. Сол себепті екі ірі венециялық саудагерлер Шығыс Азияға жол тартады. 1260 жылы Марконың әкесі — Николо өзінің ағасы Маффеомен, Крымда сауда үйі бар ағасы — Маркоға аттанады. Крымнан 1253 жылы Гийом де Рубрук жүріп өткен жолмен Сарай-Батуға жолға шығады. Сарай-Батуда 1 жыл болып, әрі қарай Бұхараға барады. Сол кездегі Батыйдың ағасы Берекенің әскери іс-әрекеттерінің қауіптілігіне байланысты, Николо мен Маффео Бұхарада 3 жыл қалып қалады. 3 жыл өткеннен кейін Хулагудың Ханбалықтағы ағасы және моңғол ханы Хубилайға жіберген парсы керуеніне қосылады. 1266 жылдың қысында Ханбалыққа жетеді және ағайындыларды Хубилай хан кездестіріп алады. Ағайындылардың айтуы бойынша Хубилай хан оларға алтын беріп және рим папасынан Йерусалимнен Иссус Христостын қабірінен май және христиан монархтарың жіберуін сұрайды. Сөйтіп Николо мен Маффео Ватиканға моңғол елшісімен жолға шығады, бірақ елші ауырып, жолда қалып қалады. Жолда Николо әйелінің қайтыс болғаның және 1254 жылы Марко атты баласының туылғаның естиді. 1269 жылы ағайындылар Венецияға оралып, Папа Климент IV – нің қайтыс болғаның естиді, жаңа рим папасы сайланбағандықтан, ағайындылар Хубилайдың тапсырмасың орындамақ болып 1271 жылы өзімен Марконы алып, Йерусалимге аттанады.
16 ғ. белгісіз суретшінің қиялы «Марко Поло»
Марко Полоның Қытайға саяхаты
Марко Поло 1271 жылы Қытайға аттанады. Қытайға саяхаты Месопотамия, Памир,Қашғария жерлері арқылы өтеді. 1275 жылы Поло отбасысы Қытайдың Шачжа(қазіргі Дуньхуан) қаласына жетеді, сол жылы Хубилайдын Шандудағы жазғы сарайына келеді. Полоның айтуы бойынша хан онымен тамсанып, оған әр-түрлі тапсырма берген, Венецияға қайтуға рұқсат бермей, оны 3 жыл бойы Янчжоу қаласының губернаторы етіп ұстаған. Полоның кітабы бойынша, олар хан әскерінің дамуына үлес қосып және катапультамен қамалдарды алуға үйреткен.
Кітаптағы Полоның өмірі хронологиялық ретке сүйенбеген және оның саяхат жолының табуда қиындық туғызады, бірақ кітаптағы жазбалар географиялық жақтан дәл. Ол қытайлықтар туралы әр салада жазба жазған. Марко Поло Қытайда 15 жыл болып қайтқан.
Марко Полоның Венецияға оралуы
Хубилай хан Поло отбасысың отанына жібергісі келген жоқ, бірақ хан 1291 жылы моңғол ханшайымының бірің парсылық ильхан Аргунға тұрмысқа береді. Ханшайымның қауіпсіздігің сақтау мақсатында, 14 кемені және ханның ресми өкілі ретінде Поло отбасысың Ормузға жібереді. Осының арқасында Поло Суматрада және Цейлонда болып, Иран арқылы Қара теңізге шығып 1295 жылы Венецияға оралады.
Марко Полоның 1271—1295 жылғы саяхаты
Саяхаттан кейінгі өмірі
Марко Полоның Венецияға
оралғаннан кейінгі өмірі туралы
мәліметтер аз. Кейбір деректер бойынша
Генуяға қарсы соғысқа
Тұтқыннан босағаннан кейін Венецияға оралып, сол жерде атақты венециялық отбасының қызына үйленіп, үш қыздың әкесі атанады. Оның Венецияда үйі болған.
1324 жылы ол ауыра бастап, мұра жазады, мұраның негізгі заты 1310 жылы ағасы Маффеодан мұрагерлік бойынша алған татар ханының сыйлығы — алтын пайцза. 1324 жылы Марко Поло қайтыс болып, Сан Лоренцо шіркеуінде жерленеді. 1596 жылы оның Венециядағы үйі жанып кетеді, деректер бойынша ол үйде Қытайға саяхат кезінен алып келінген заттар болған. 19 ғасырда Сан Лоренцо шіркеуі бұзылады.
Марко Полоның кітабы
Марко Полоның кітабы тарихи зерттеулердің ең атақты объектілерінің бірі. 1986 жылғы библиография еуропа тілдерінің өзіндн 2300 ғылыми жұмыстан тұрады.
Венецияға оралғалы оның саяхаттағы оқиғалары күмәндік туғызған. Күмәндіктің себебі ретінде Питер Джексон сол кездегі батыстың варварлар туралы көзқарасына қарама-қарсы, Марко Полоның Моңғол империясының қоңақжайлылығың мақтауын мысал келтіреді. Сонымен қатар Британ Музейінің қытай қорының кураторы — Франсис Вуд, өзінің кітабында Марко Полоның Қытайға саяхатына сұрақ белгісің қойып, ол тек Кіші Азия және Қара теңіз жерлеріне дейін жетіп, сол кездегі парсы саудагерлерінің ақпараттарың қолданған дейді. Мысалы, Марко Поло өзінің кітабында моңғолдарға сун империясының Санъяндағы қамалын алуға көмектескенің жазады, алайда бұл қамалды алу Марко Полоның Қытайға келуінің алдында, 1273 жылы аяқталған. Марко Полоның кітабында басқада сәйкессіздіктер бар.
Марко Полоның сауаттылғы туралы көп белгілі емес, оның жазу жаза алуы туралы белгісіз. Марко Поло кітап мазмұнның Рустичеллоға айтып берген, ал Рустичело оны венет немесе латын, мүмкін француз тілдерінде жазуы мүмкін. Кітапты жазу барысы да, кітаптағы ақпараттардың дәлділігіне де әсер етуі мүмкін, Марко кітабында саудагер ретінде оған керек емес немесе оған өзіне белгілі ақпараттарды жазбаған, ал Рустичелло өзіңе түсініксіз немесе қызық тудырмайтын жерлерді жазбауы да мүмкін. Сонымен қатар Рустичелло тек төрт кітаптың кейбіреуіне ғана қатысты болуы мүмкін, ал Полоның басқа да авторлары болуы мүмкін.
Кітап шыққалы венет немесе латын тілдернде, кейін француз тіліне аударылған. Аударма кездерінде кітап мазмұны ауыстырылған болуы мүмкін. Ең ескі кітап бөлігі — Манускрипт F.
Франсис Вуд Полоның кітапта қытай иероглифтері, кітап баспасы, фарфоры, әйелдердің аяқты бинттеу тәжірибесі, Ұлы қытай қорғаны туралы ештеңе жазбағының айтады.
Поло сол кездегі халықаралық байланыс тілі — парсы тілің, Қытайда тұрып моңғол тілің үйренген. Моңғол әкімшілігінің мүшесі ретінде, ол қытай қауымынан бөлек тұрған, күнделікті өмірді, салт-дәстүрлерді бақылай алмаған. Поло ақшаның жасалуың нақты суреттеген. Сол кезде қытай шайы атақты болған, сондықтан Полоны қызықтырмағандықтан, ол шай туралы ештеңе жазбаған, алайда қытай фарфоры туралы қысқа жазып кеткен. Әйелдердің аяқтарын бинтпен орауына келетін болсақ, Поло манускрипттердің бірінде: “қытай әйелдері өте кішкентай қадаммен жүреді”, — деп жазады.
Ал Ұлы қытай қорған қазір біз білетін күйінде Мин династиясы дәуірінде салынған. Марко Поло кезінде ол үздіксіз емес, тек кейбір жерлердегі қамалдыр сияқты болған, соңдықтан ол Полоға қызық емес болу керек.
Қорытынды
Қазіргі ғалымдар Франсис Вудтың көзқарасымен келіспейді. Кейбір ғалымдардың ойынша Марко Полоның кітабы тек саудагерлік мақсатта, яғни қай жерде қандай заттар сатылады, сол жерлерге жолдар және сол жерлердің халқы туралы деп есептейді. Соңымен қатар кітаптағы ақпараттар географиялық-топографиялық жақтан дәл десе болады. Тағыда айтып кететін нәрсе, ол Марко Полоның Моңғол империсының сарайындағы рөлің асырата айту, мүмкін бұл аудару кезіңде аудармашылардың өзгертулері шығар. Сөйтіп Марко Поло Қытайда 15 жыл болып қайтқан және саяхаты туралы «Алуан түрлі әлем туралы кітап» еңбегің жазған венециялық(кей деректерде хорват, поляк) саяхатшысы.